Тəрбиенің жалпы заңдылықтары мен принциптері



Жалпы заңдылықтардың ықпал аймағы тəрбие процесінің барша жүйесіне əсер етеді əрі оның аса маңызды бірліктері арасындағы байланыстарды танытады. Бірақ тəрбие процесі, біз білетіндей, педагогикалық процестің құрамды бөлігі болуымен осы процесс заңдылықтарына тəуелді келуі табиғи құбылыс. Бұл процесте даму жəне қалыптасу заңдылықтары əрекетке түседі. Бұдан шығатын қорытынды - тəрбие процесі аса күрделі де көп түрлі сипатқа ие. Тəрбие практикасы үшін өте қажет нəрсе: тəрбие процесінің тиімділігі (өнімділігі) мен тəрбие сапасын анықтайтын оның сипаттары жəне шарт –жағдайлары арасындағы байланыстардың қалай түзілетінін түбегейлі білу.
Тəрбие тиімділігі келесі жағдаяттарға тəуелді:-қалыптасқан тəрбиелік қарым-қатынастарға; балаға деген ықпал оның қоршаған ортаға, тəрбиешіге, тəрбиелік əсерлерге қатынасына орай жасалады. Егер бұл қатынастар ұнамды болса, проблема тумайды. Ал егер бұл қатынас керағар сипатта болса, тəрбие процесі тежеледі, одан келетін нəтиже болымсыз сипат алады. Сондықтан келеңсіз қатынасты əрекеттер алдымен жойылып, көзделген мақсатқа қарай қадам аттау орынды. Бастаудан тəрбиеші көзқарастары мен талаптарын оңды қабылдаған тəрбиеленуші оларға икемдесіп үйренеді əрі сенеді, орынды талап кейпінде қабылдайды. Ал егер тəрбиеленуші өз тəрбиешісінің талаптарын дұрыс деп таппай, одан күмəнданса, процесс бағытының қай арнаға түсіп, дамитыны белгісіз. Гуманистік тəрбие өсиеті: жақсы тəрбиелегіңіз келсе, баланы бауырмалдықпен өзіңізге жақындатасыз.
- мақсат жəне оған жетуге бағытталған іс-əрекеттер арасындағы сəйкестік. Егер іс-əрекет, тəрбие жұмыстарының ұйымдасуы алға тартылған мақсатқа орайласпаса, тəрбие процесі табысты болмайды. Керісінше, ұйымдастырылған істер мақсатқа тура келсе, қолданылған əдістер, формалар мен құрал-жабдықтар көзделген міндеттер денгейінде болса, тəрбие процесінің тиімділігі де сəтті шығады.
- практика мен тəрбиелік ықпалдар сəйкестігіне. Тəрбие процесіне тəн құбылыс: тəрбиеленуші өз тəрбиешісі айтқанының бəрін практикада

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Тəрбиенің жалпы заңдылықтары мен принциптері

1. Тəрбиенің жалпы заңдылықтары
2. Тəрбие принциптері

Тəрбиенің жалпы заңдылықтары
Жалпы заңдылықтардың ықпал аймағы тəрбие процесінің барша жүйесіне
əсер етеді əрі оның аса маңызды бірліктері арасындағы байланыстарды
танытады. Бірақ тəрбие процесі, біз білетіндей, педагогикалық процестің
құрамды бөлігі болуымен осы процесс заңдылықтарына тəуелді келуі табиғи
құбылыс. Бұл процесте даму жəне қалыптасу заңдылықтары əрекетке түседі.
Бұдан шығатын қорытынды - тəрбие процесі аса күрделі де көп түрлі сипатқа
ие. Тəрбие практикасы үшін өте қажет нəрсе: тəрбие процесінің тиімділігі
(өнімділігі) мен тəрбие сапасын анықтайтын оның сипаттары жəне шарт
–жағдайлары арасындағы байланыстардың қалай түзілетінін түбегейлі білу.
Тəрбие тиімділігі келесі жағдаяттарға тəуелді:-қалыптасқан тəрбиелік
қарым-қатынастарға; балаға деген ықпал оның қоршаған ортаға, тəрбиешіге,
тəрбиелік əсерлерге қатынасына орай жасалады. Егер бұл қатынастар ұнамды
болса, проблема тумайды. Ал егер бұл қатынас керағар сипатта болса, тəрбие
процесі тежеледі, одан келетін нəтиже болымсыз сипат алады. Сондықтан
келеңсіз қатынасты əрекеттер алдымен жойылып, көзделген мақсатқа қарай
қадам аттау орынды. Бастаудан тəрбиеші көзқарастары мен талаптарын оңды
қабылдаған тəрбиеленуші оларға икемдесіп үйренеді əрі сенеді, орынды талап
кейпінде қабылдайды. Ал егер тəрбиеленуші өз тəрбиешісінің талаптарын дұрыс
деп таппай, одан күмəнданса, процесс бағытының қай арнаға түсіп, дамитыны
белгісіз. Гуманистік тəрбие өсиеті: жақсы тəрбиелегіңіз келсе, баланы
бауырмалдықпен өзіңізге жақындатасыз.
- мақсат жəне оған жетуге бағытталған іс-əрекеттер арасындағы сəйкестік.
Егер іс-əрекет, тəрбие жұмыстарының ұйымдасуы алға тартылған мақсатқа
орайласпаса, тəрбие процесі табысты болмайды. Керісінше, ұйымдастырылған
істер мақсатқа тура келсе, қолданылған əдістер, формалар мен құрал-
жабдықтар көзделген міндеттер денгейінде болса, тəрбие процесінің
тиімділігі де сəтті шығады.
- практика мен тəрбиелік ықпалдар сəйкестігіне. Тəрбие процесіне тəн
құбылыс: тəрбиеленуші өз тəрбиешісі айтқанының бəрін практикада тексеруге
құштар. Егер осыдан бала өмір мен алған білімінің, сөзбен істің өзара сай
болмағанын сезсе, түңіліске тап болады. Қалыптасқан тұрмыстық, өмір
жағдайларын əсте ақырын əрі бірізділікпен бірте-бірте ауыстырып бару жөн.
Жылтың, мезеттік табыс қуалау көп ұзамастан тəрбие мен өмір сəйкестігін
шұғыл жойып салады.
- объектив жəне субъектив жағдаяттардың бірлікті əрекетке түсуіне.
Субъектив жағдаяттар құрамы: тəрбиешілер мен тəрбиенушілер, олар
арасындағы ықпалдастық, қалыптасқан қарым-қатынастар, психологиялық климат
жəне т.б., ал объектив жағдаяттар: тəрбиені іске асыруға қажет шаралар-
экономикалық, материалды-техникалық, əлеуметтік, санитар-гигиеналық жəне
т.б., əрқандай нақты тəрбиеге байланысты аталған жағдаяттардың өзара ұштаса
күрделі бірігімге келуі тəрбие процесіне қайталанбас, өзіндік сипат береді.
Сөйтсе де, тиімді тəрбиені қамтамасыз ету үшін оған қолайлы жағдайлар
түзілуі қажет.
- тəрбие мен өзіндік тəрбие қарқындылығына. Өзіндік тəрбие - өз тұлғасын
жетілдіруге бағытталған оқушы іс-əрекеті. Өзіндік тəрбие процесінде бала өз
тəрбие процесінің субъекті ретінде танылады. əрқандай өзіндік тəрбие нақты
оқушы өмірінің мазмұнымен, оның қызығулары жəне жасына сай қатынастарымен
тікелей байланысты. Өзіндік тəрбие сырттай тəрбиемен сабақтас əрі оның
нəтижесі. Тəрбиеленушінің өзін өзі бағалай білуі, өзінің ұнамды қылықтары
мен келеңсіздіктерін тануы, жеке өмірлік жоспарын іске асыруға кедергі
болар жəйттерді ерік күшін қосып жеңе білуі - өзіндік тəрбиенің табыс
кепілдері. Ал оқушының өзін жетілдіре білуінен, яғни өзіндік тəрбиеден
мұндай кепілдіктер дамып, ұлғая түседі.
- тəрбиеге қосарлана жүретін даму мен оқу процестерінің тиімділігіне.
Белгілі болғандай, егер екі процесс өзара байланысты іске қосылса, онда
олардың бірінің тиімділігі көтеріледі не кемиді де, екіншісіне өз ықпалын
тигізеді. Осыдан тəрбие даму қарқындылығын асырып, ал даму ұтымды тəрбиеге
жол ашады. Егер осы байланыс бұзылса, күрделі кедергілер туындайды да, олар
өз кезегінде тұлғаның дамуына да, оқуына да, тəрбиесіне де жайсыз жағдайлар
жасайды.
- педагогтың тəрбиелік əрекеттерінің сапасына. Біліктілігі кем, көлемі
тұрғысынан жетімсіз не мерзімінен кешіктірілген педагог істері тəрбие
қызметінің төмен нəтижесіне себепкер болады.
- тəрбиеленушінің жан аймағына жасалған ықпалдардың қарқындылығына.
жан аймағы дегеніміз тұлғаның сеп-түрткілер, қажеттер, көңіл-күй, сана-
сезім жүйесі. Тəрбие процесінде сыртқы ықпалдар оқушының іштей табыстарына,
яғни сапа-қасиеттерінің ұнамды дамуына, ауысады. Ал, егер осы ықпалдар ойға
алынғандай күшті болса, бала қажеттеріне орайлас келіп, оның
белсенділігінің көтерілуіне жəрдем беретін болса, тұлғаның жеке сеп-
түрткілері мен мақсаттарының идеалды күйден практикалық нəтижеге ауысуы
анағұрлым жеңіл əрі жылдам өтеді.
- педагогикалық ықпалдар мен тəрбиеленушілер мүмкіндіктері арасындағы
үйлесімге. Тəрбие процесінде дамудың біркелкі болмау заңы көрініс береді,
себебі тəрбиеленуші мүмкіндіктері тəрбиеші талаптарына əрқашан сай келе
бермейді. Осыдан кейбір теориялық білімдерге байланысты мəселе, сұрақтарды
еркін де жеңіл шеше білетін оқушы практикалық тапсырыстарды орындауда,
қарапайым еңбек операцияларымен кезіккенде, дене шынықтыру жаттығуларын
көрсетуде ебедейсіздік байқатып, едəуір қиналып қалды.
Сонымен, тəрбие заңдылықтары тəрбие процесінің жағдаяттары, шарттары
мен нəтижелері арасындағы басты байланыстарды бейнелейді. Тəрбие
тəжірибесінде нəтиженің қалыптасқан қатынастарға тəуелділігі, мақсат пен іс-
əрекет, практика мен тəрбиелік ықпалдар, субъектив жəне объектив
жағдаяттардың байланысы, əсері, тəрбие жəне өзіндік тəрбие қарқындылығы
жəне т.б. өз дəлелін өмір барысында тауып отыр.

Тəрбие принциптері
Тəрбие процесінің принциптері (тəрбие принциптері) бұл тəрбие
процесінің мазмұнына, əдістеріне, ұйымдастыру жолдарына қойылатын негізгі
талаптарды айғақтайтын жалпы бастау тұжырымдары. Олар тəрбие процесінің
анайылығын аңдатып, педагогтарға нақты педагогикалық міндеттерді шешуде
бағыт-бағдар береді.
Тəрбие процесіне арқау болар принциптер өз алдына жүйеге бірігеді.
Осы жүйедегі гуманистік педагогика принциптері келесідей:
- тұлғалық бағыт принципі;
- тəрбиенің жеке тұлғалық жəне қоғамдық бағыттарының бірлігі принципі;
- тəрбиенің өмір, еңбекпен байланыстылық принципі;
- тəрбиеде ұнамды өнегені пайдалану принципі;
- тəрбиелік ықпалдар бірлігі принципі.
Тұлғалық бағыт принципі. Тəрбие процесінде тұлғалық бағыт принципі
тəрбиеленушілердің жас ерекшеліктері мен даралығын, əсіресе жалпы жəне жеке
адами қасиет - сапалары мен мүмкіндіктерін ескеру негізінде іске асырылады.
Адами қасиет сапалар мəні: тұлғаның өмірлік бағыт-бағдары, тіршілік
жоспары, құндылықты бағамдары, қалыптасқан жандүниелік ұстамдары, іс-
əрекеті мен мінезіндегі басымды сеп-түрткілер. Тұлғаның осы аталған жетекші
сапаларынан бөлектене қарастырылатын жас не даралық ерекшеліктер (мінез,
темперамент, ерік жəне.т.б.) жоғары дəрежелі кісілік қадір-қасиеттерді
қалыптастыруға бағышталған тəрбиені қамтамасыз ете алмайды, жас деңгейін,
даралық ерекшеліктерді білу маңызды, солай да болса, жоғарыда аталған
сапалардың жетекшілік ролін тану ғана баланың жас мүмкіндіктері мен жеке
ептіліктерін дұрыс пайдаланудың көзін ашады.
Тұлғалық бағыт принципінің тəрбиеші алдына қоятын талаптары:
1) тəрбиеленушілердің жеке темпераменттік ерекшеліктерін, мінез
бітістерін, көзқарастарын, талғамдарын, əдеттерін үздіксіз зерттеп, жете
білу; 2) тəрбие процесін диагностикалаумен бірге баланың ойлау қабілеті,
сеп-түрткілер, ұстанымдары, өмірлік бағыты, өмір мен еңбекке деген
көзқарасы, құндылықты бағамдары, тіршілік жоспарлары секілді тұлғалық
сапалардың нақты қалыптасу деңгейін түбегейлі тану; 3) əр оқушыны тұлғаның
ілгерілей дамуын қамтамасыз етуші күш-қуатына сəйкес əрі біртіндеп
күрделеніп баратын тəрбиелік істерге ұдайы қатыстырып бару; 4) мақсатты
іске асыруға кедергі болар себептерді өз уақытында анықтау əрі аластау, ал
егер бұл мүмкін болмаса, жаңа жағдайлар мен шарттарға тəуелді тəрбие
бағытына дер мезетінде өзгерістер енгізу; 5) барынша тұлғаның өз
белсенділігін арқау ету; 6) тəрбиені тұлғаның өзіндік тəрбиесімен
ұштастыру, оқушыға өзіндік тəрбие мақсаттарын, əдістері мен формаларын
таңдауға жəрдем беру; 7) оқушыда дербестік, ынталылық, өзіндік іс-əрекет
қабілеттерін дамыту, тек басшылықпен шектелмей, табысқа жеткізер іс-
əрекеттерді ұтымды ұйымдастыру жəне бағыттай білу.
Осы талаптардың бірлікті орындалуы мектеп тəжірибесінде бұрыннан
танымал жас ерекшеліктері мен даралық ескеру принциптерінің қарабайырлығын
жояды, тəрбиешіні процестің үстірт белгілеріне шегеленбей, тереңде жатқан
мəн-мағыналық байланыстарға назар аударуға бағыттайды, осы процесте
көрінетін тəрбие заңдылықтары мен себеп-салдарлы қатынастарды тануға
жетекшілік етеді.
Тəрбиенің жеке тұлғалық жəне қоғамдық бағыттарының бірлігі принципі.
Озат ойлы педагогтар тəрбиені өсиет пен өнеге, сендіру жəне зорлау
жəрдемімен адамдарды нəзік шақтан іс-əрекетке қосып, игерілген ережелерді
тұрмыста қолдануға үйретуші қоғамдық құрылым (Г. Сент-Джон) ретінде
таныған. əр дəуірде бұл принцип мəні ауысып барған: бірде жеке тұлғалық
бағыт басымдау болып, кейде қоғамдық, мемлекеттік бағыттар жетекшілік
еткен. Алайда, тəрбиенің басты міндеті - адамды белсенді қоғамдық əрі рахат
жеке өмірге дайындау - қай заманда да сақталып қала береді.
Бұл принцип бойынша педагогтың барша қызметі өсіп келе жатқан əулет
тəрбиесін мемлекеттің тəрбиелік стратегиясына сəйкес орындауға жəне
əлеуметтік үйлесімге келген тұлғаны қалыптастыруға бағытталуы тиіс.
Мемлекет қызметіндегі тұлға ретінде тəрбиеші тəрбие саласындағы мемлекеттік
тапсырысты орындайды. Егер мемлекет жəне қоғам мүдделері сəйкес келсе,
азаматтардың жеке мүдделерімен үйлесімді болса, онда тəрбие принциптері де
тəрбие мақсаттары мен міндеттерінің саласында өзіне тиісті орын алады. Ал
бұл жағдай керісінше болса, принцип іске аспай қалады, себебі тəрбиешінің
тəрбие істері қорына толыққанды тəрбие үшін қажет нақты деректер түспейді.
Бұл принципті іске асыру барысында əсіре ұрандаудан, желікпе
үндеулерден, бөспе сөзділіктен аулақ болған абзал, себебі тəрбие ең алдымен
құнды əрекет-қылық жəне қарым-қатынас тəжірибесін жинақтауға мүмкіндік
беретін пайдалы іс-əрекет, қызмет процесінде жүзеге келеді. Алайда, оқушы
араласқан нақты іс-əрекет (ойын, еңбек, қоғамдық істер, оқу, спорттық жəне
т.б.) тəрбиелік мəнге ие болуы үшін, оның субъекті - балада сол əрекетке
деген қоғамдық құнды сеп-түрткілерді қалыптастыру қажет. Егер олар жоғары
ізгілікті, қоғамдық мəн-мағынасымен елеулі болып келсе, əрекет-қылықтар
нəтижесінде орындалатын қызмет те үлкен тəрбиелік ықпалға ие болады. Əр
тұлғаның əлеуметтік сапаларын орнықтыруда оқушылардың қоғамдық пайдалы
еңбегі олардың мақсатты бағытталған сана-сезімін қалыптастыру істерімен
ұштасуы қажет. Баланы қандай да іс-əрекетке ойыстыруға қолданылған сөз,
ауызекі нұсқау, нақты тұрмыстық пайдалы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тəрбиенің жалпы заңдылықтары мен принциптері жайлы
Тəрбиенің жалпы заңдылықтары мен принциптері туралы түсінік
Мектеп оқушыларына тәрбие берудің жалпы сипаты мен ерекшеліктері
Тұтас педагогика ұғымы
Балабақшадағы және мектепке дайындайтын топтағы мұғалімінің балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысы
Педагогика және оның тарихы
Педагогика нысаны, пəні жəне қызметтері
Педагогикалық процесс
Педагогикалық зерттеулердің ұйымдастырудағы, мазмұны, принциптері мен технологиясы
Қазіргі кезеңдегі жалпы білім беру орта мектептердегі экономика негіздерін оқытуың мазмұны мен ерекшеліктері
Пәндер