Кәсіпорынды банкетке дайындау


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АҚТАУ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ КОЛЛЕДЖІ
Курстық жұмыс
Тақырыбы: 50 адамға кафедегі «Жаңа жыл» банкетінің сервисін ұйымдастырылуы
Мамандығы: 1226000 тамақтандыру кәсіпорындары өнімдерінің технологиясы және өндірісті ұйымдастыру
Пәні: Тамақтандыру кәсіпорындарында қызмет көрсетуді ұйымдастыру
Орындаған: Жидебаева А. Курс-4, топ ТТ14-01
Тексерген: Бажикова Б. О. арнайы пән оқытушысы
Бағасы:
Күні:
Ақтау - 2017ж .
3. 2. Даяшылардың қызмет көтсетуі және еңбек қауіпсіздігінің талапта
Рын сақтау . . .
Кіріспе
Өзіме таңдаған бұл курстық жұмысымның тақырыбы 50 орынды кафедегі «Жаңа жыл» сервировкасын ұйымдастырылуы. Жұмысты орындау барысында мен аталған банкеттегі мерекелік шараны қалай ұйымдастыруға және өткізуге болатынын жан-жақты қарастыратын боламын. Менің алдыма қойған негізгі мақсатым, бұл- банкетті өткізудегі және ұйымдастырудағы технологияны толық оқып және соны пайдалана отырып осы білімімді банкеттің есебіне қолдану.
Соның нәтежиесінде білімді шыңдап және тәжірбиемді арттыру болашақта жоғарғы маман иесі болуыма септігін тигізеді деген оймен, осы курстық жұмысты жақсы нәтижемен тапсырып, алдағы болашаққа нық сеніммен қадам басамын. Қоғамдық тамақтандыру әртүрлі бағытта дамуда. Ұлтық кухняның мейрамханаларының көптеп ашылуы, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының жаңа түрлері, қазіргі кезде қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын есеп айырысудың автоматтандырылған жүйелерімен жабдықтауда, жаңа мамандықтар пайда болуда, заманауи қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары әдемі, жағымды уақыт өткізетін орын болып келеді.
Адам баласы үшін жаңа жыл мерекесінің алатын орны ерекше деп ойлаймын, сондықтанда оны ерекше, есте қалатындай етіп атап өткенді қалайды және бұл жылдан жыл сайын қайталанып отырады. Мерекелеу дастархан басында бас қосумен аталып өтеді. Келген қонақтарға тәтті тағамдар, сусындар, арнайы жасалған мерекелік тортты кесумен басталып, музыкалық бағдарламаға сай билеу арқылы жалғасады. Әркім шақырған қонақтарын әртүрлі басытқылармен, тағамдармен, сусындармен және мерекелік көңіл күй сыйлап таң қалдырғанды қалайды. Сондықтанда көпшілік қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының қызметіне ұсыныс береді. Заманауи қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын әр түрлілігіне қарай, тапсырыс берушінің қалауына лайықты, оның бюджетіне және өткізілетін шараның тақырыбына сәйкес келетіндей таңдап алуға болады.
Халықтың әрдайым тағамдардарға деген сұраныс қанағатын қамтамасыз етуде "Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары" қоғам өмірінде әрдайым маңызды рөлді атқарады. Қазіргі мегаполис шартында қоғамдық тамақтандыру қызмет көрсетулеріне қызығушылық артып отыр. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары қонақтарға барлық қызмет көрсету түрлерін ұсынуға мүмкіншіліктері бар.
Қоғамдық тамақтандыру дегеніміз - қызмет көрсетудің әр алуан формаларын және ұсынылатын өнімнің үлкен ассортиментін сипаттайтын тамақтандыру кәсіпорындарынан құралады. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары:
1. Кулинарлық өнім өндірісін ұйымдастыру үшін.
2. Кәсіпорында дайындалған кулинарлық өнімді жүзеге асыру үшін.
3. Кулинарлық өнімнің тұтынушыларына қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін тағайындалған .
Бұл 3 қызмет бір кәсіпорынның шегінде жүзеге асады. Қоғамдық тамақтан-дыру кәсіпорынның 5 типін көрсетуге болады:
1. Мейрамхана
2. Бар
3. Дәмхана
4. Асхана
5. Тез тамақтану орындары
Кәсіпорын типтері бір-бірінен қызмет көрсету ерекшеліктерінен жүзеге асырылатын кулинарлық өнім ассортиментімен тұтынушыларға ұсынылатын қызмет көрсету номенклатурасымен ерекшеленеді.
1 . Мейрамхана - нормативтік құжаттарда күрделі дайындалған тағамдардың өте кең ассортиментімен шарап-арақ, табак және кондитерлік бұйымдармен үл-кен ассортиментімен бар болуымен анықталады және мейрамхана демалуды және ойын-сауықты ұйымдастыруды, үйлесімділігі бар жоғары қызмет көрсету деңгейін қамтамасыз ету қажет.
2 . Бар - бұл бар стойкасын иеленетін қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны. Ол ар-қылы аралас алкогольсіз және алкогольді, салқын және ыстық тағамдар, десерт, кондитерлік бұйымдар сатып алынатын тауарлар жүзеге асырылады. Барды оның класына сәйкес келушілердің демалу және ойын-сауығын ұйымдас-тыратын қызмет көрсету нақты деңгейін қамтамасыз ету қажет.
3. Дәмхана - мейрамханамен салыстырғанда шектеулі кулинарлық өнімнің ас-сортиментін кондитерлік бұйымның және ішімдіктің шектеулі санын ұсына отырып келушілердің тамақтандыруын, демалуын ұйымдастыратын кәсіпорын.
4. Асхана - апта күндері, әр алуан болып келетін жалпы қол жеткізерлік және кулинарлық өнімнің дәстүрлі ассортиментін өндіретін және жүзеге асыратын қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны.
5 . Тез тамақтану орындары - келушілерге тез қызмет көрсетуді ұйымдас-тыруды арналған шикізаттың нақты бір түрінен күрделі емес дайындалған та-ғамның шектеулі ассортиментін ұсынатын қоғамдық тамақтандыру.
Кәсіпорын типін анықтау барысында жүзеге асыру ассортиментімен, қатар келесі факторлар ескеріледі:
- Кәсіпорын техникалық жабдықтаушы, оның материалдық базасы, қон-дырғылар, орналасудың құрамы, интерьердің архитектуралық шешімі;
- Кәсіпорында қолданылатын қызмет көрсету әдісі және формасы;
- Персоналдың біліктілігі;
- Қызмет көрсету деңгейі және сапасы;
- Ұсынылатын қызмет көрсету номенклатурасы;
Мейрамхана, барлар қызмет көрсету деңгейін, материалды - техникалық жабдықтау, ұсынылатын қызмет көрсету номенклатурасы бойынша 3 классқа бөлінеді.
- Люкс
- Жоғары
- Бірінші
Дәмхана, асхана және тез тамақтану орындары бөлінбейді. Қоғамдық тамақ-тандыру кәсіпорындарында қызмет көрсеудің әдістері қолданылады:
1. Даяшы және бармендер мен қызмет көрсету.
2. Өзіндік қызмет көрсету.
3. Аралас әдіс.
Қызмет көрсету әдісі - дегеніміз қоғамдық тамақтандыру өнімдерін тұтынушыларға жүзеге асыру амалы. Мейрамхана және барларда міндетті түрле даяшы және бармен қызмет көрсетеді. Асханада өзіндік қызмет көрсету әдісі қолданылады . Дәмхана мен тез тамақтану орындарында әртүрлі әдістер қолданылады. Ол осы басшысының таңдауымен және сол жерде жүзеге асыратын бағалық саясатпен жүзеге асырады .
1 тарау. Жаңа жылдық банкетті өткізудің сервисін ұйымдастыру
1. 1. Банкеттің сипаттамасы
"Жаңа жыл" мерекесі әр елде әр түрлі тойланғанымен, оны барлығы бірдей асыға күтеді. Тіпті, желтоқсан айының алғашқы күндерінен бастап ауылда не қалада болсын қысқы мерекенің ажары байқала бастайды. Жаңа жыл тұңғыш рет Месопотамияда тойланған. Ғалымдардың айтуынша, адам баласы алғашқы жаңа жылды біздің заманымыздан бұрынғы үшінші мыңжылдықта атап өткен. Жаңа жылды тойлау межесі Тигр мен Евфрат өзендеріне су толып, егін шаруашылығының басталған кезіне тура келеді. Уақыт өте келе, мереке Бабыл тұтқындары арқылы гректерге, ал гректерден Еуропаға тарай бастаған.
Рим императоры Юлий Цезарь жаңа күнтізбе енгізген кезде, Жаңа Жылдың алғашқы күні 1 қаңтар болып есептелінген. Римдіктер Жаңа Жылды сәтті өткізу үшін бірінші күнді қуанышқа толы етіп қарсы алатын болған.
Кәсіби мереке күні «Сaspi Bitym» ұжымы дастархан жайып, жиналып бір-бірінің ыстық ықыласты тілектерін тыңдайды.
Жаңа жыл мерекесін кафеде атап өтіп, банкет ұйымдастырады
Банкет - белгілі бір адам немесе оқиғаға байланысты жасалған салтанатты таңертеңгілік, түскі немесе кешкі ас. Жиындарды халықаралық көрмелердің ашылуы немесе жабылуы кезінде, симпозиумдардың басталуы кезінде, ұлттық мерекелерде ұйымдастырады.
Кафе - мейрамханалармен салыстфырғанда тағамдар мен сусындар ассортименттерінің кем болуымен сипатталатын кәсіпорын. Металдан, фарфордан, жартылай фарфордан, шыныдан жасалған ыдыс-аяқтар, тот басылмайтын болаттан жасалған құрал-аспаптар, мата және қағаз майлықтар қолданылады. Мәзір компьютерде теріліп, картон қабығымен қапталады. Кафелерде қызмет көрсету әдістері берілген (1-кесте)
1-кесте
Банкет төртке жіктелінеді :
- күндізгі(Таңертеңгілік жұмыс асы, Шампан бокалы, Шарап бокалы және Таңертеңгілік ас) ;
- кешкі- (Түскі ас, Буфет-түскі ас, Кешкі ас, А ля фуршет, Коктейль, Шай, Жур фикс, Кәуап (Барбекю) ) ;
- үстелге отырғызылумен жүргізілетін- (Таңертеңгілік, Түскі және Кешкі) ;
- үстелге отырғызылмаумен жүргізілетін- (Фуршет, Коктейль, Жур фикс, Барбекю) .
Банкет өткізуге дайындық барысы тапсырыс қабылдаудан, банкетті өткізуге дайындықтан және қызмет көрсетуден тұрады.
Даяшылармен толық емес қызмет көрсетілетін банкеттер көбінесе жанұялық салтанатты тойларда, үйлену тойларында, достармен кездескенде, мерейтойларда ұйымдастырылады. Үстелдің төр орындары сыйлы қонақтар мен банкет иесіне арналып, қалғандар өздері қалауынша отырып жайғасады. Бір даяшы 10-15 қонаққа қызмет көрсетеді. Үстелдерді гүлдермен әшекелейді.
Салқын басытқыларды үстелге қызмет көрсетіле басталғанға 30-60 минут қалғанда қоя бастайды. Метрдотель адам саны мен үстел санына байланысты қай тағамның қай ыдыста, қандай мөлшерде, және бір үстелге қанша қойылатынын анықтап, даяшыларға хабарлайды.
Басытқыларды үстелге бірнеше қатарлап қояды. Әр ыдысқа тағам салғанға құрал-аспаптар қойылады. Үстелге алкогольді және алкогольсіз сусындар біркелкі қойылады. Метал пробкалармен бөтелкелерді алдын-ала ашқан жөн. Ыстық тағамдарды жіберудің алдында үзіліс жасалынып, қонақтар билей немесе әңгімелесей алады. Бұл уақытта даяшылар қолданылған ыдыс - аяқтарды тазаға ауыстырып, үстел үстін реттейді. Екінші ыстық тағамдарды міндетті түрде бөлек тәрелкелерде әр қонақ алдына әкеледі. Банкет ыстық сусындардың жіберілуімен аяқталады.
Бұл банкетте қызмет көрсету ұзақтылығы 3-4 сағатқа созылады. Мейрамханада банкетті өткізудің тиімділігі бұл той иесінің жұмысын: қонақтар сиятын бөлмені табу, жиhазды жеткізу, асханалық майлықтар, асханалық құралдар, ыдыс-аяқтарды жеткізу, қажетті азық-түліктерді сатып алу, олардан дастарханға қойылатын әр түрлі басытқы және тағамдарды дайындау, қонақ-тарға қызмет көрсету, соңында ыдыс-аяқтарды жинастыру, жуу, бөлмені таза-лауды жеңілдетеді. Ал мейрамхана осылардың бәрін сапалы атқарып қоймай және тапсырыс берушінің тілегін қанағаттандыра алады. Сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында банкетті өткізгенде ойын, жарыс кірістірілген ойын-сауық бағдарламасы болады.
1. 2. Мерекеге қатысушылардың құрамы
Банкетке Маңғыстау облысындағы «Caspi Bitym» зауытының ұжымы қатысады. Банкетке жас шамалар 25-60 жас аралығындағы әріптестер келеді. Келушілер саны 50 адамды құрағандықтан, оның ішінде 2-3 жоғардағы бастық төрағалар, және олардың арнайы орынбасарлары, және қарапайым жұмысшыларда келеді. Ол шақырылған қонақтардың ұлттық құрамын, ұлттық талғамдарын және басым көпшілігі жергілікті тұрғындар екенін ескеріп барлықтары қанағаттанатындай ортақ басытқы, тағам, сусын түрлерін мәзірге енгізді. Мерейтойға шақырылған қонақтардың басым бөлігі Ақтау қаласынан, сондықтан оларға ыңғайлы болу үшін Ақтау қаласындағы кафеде өткізуге шешім қабылдады. Ұжымдастар ұжымдаса келе банкет үшін 315 мың теңге жұмсауды қажет деп санады.
1. 3. Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарын таңдау, банкетті ұйымдастыруға тапсырыс беру
«Aspava» кафесі Ақтау қаласының 11 шағын ауданында қаланың қақ ортасынан бой көтерген керемет жерде Жаңа жыл мерекесі тойланады. Кафе «бірінші» класты арнайы кәсіпорын болып есептеліп, қала және облыстағы ең жақсы кафелердің ішіндегі жетекші кафе болып саналады. Кафе көрікті дизайнымен ерекшеленген, және түрік асханасыменде ерекшелене алады. Кафенің сауда залын және тұтынушыға арналған бөлмелерін ерекше безендіру элементтері, соның ішінде бағаналар беті айна тектес ұсақ плиталармен безендірілген. Кафе ішінде музыкалық теледидарлар, бірінші және екінші қабатты залдары өте керемет заманауи диванмен жабдықталған, екінші қабаты өте керемет айналы тереземен жасалып, терезе әсем қаланың көркін тамашалауға мүмкіндік береді. Терезеден қаланың керемет жері «Мәңгілік алау», «Қашаған Күржіманұлы», «Ардагерлер алаңы» деген секілді қала келбетін қарап, әсем әуенмен жанды тынықтыруға септігін тігізгері анық.
Пабтың ішкі интерьері өзінің жайлылығымен қуантады. Жаппай көпшілік кеші болсын немесе Жаңа жыл тойын тойлауда болсын-бәрі қонақтар өздерін еркін, жайлы сезінуі үшін жасалған. Кафе бөлмелерінде заманауи стильге сәйкес келетін стандарт жиhаздармен жабдықталған. Сауда залында үлкен ортасында айналмалы дөңгелек шынысы бар, 10-орындыққа есептелген ағаш дөңгелек үстелдері және үлкен плазмалы телевизорлары бар. Кәсіпорын желдеткіш желісімен жабдықталған. Күшті музыкалық жабдықтармен, сахнамен, билеу алаңымен жабдықталған. Бір сөзбен айтқанда ерекше күнді ерекшелендіре алады.
Мейрамхананың төмендегідей ыдыстары және құрал-саймандары бар:
-даттанбайтын темірден ыдастар мен құрал-саймандар;
- фарфорлы және фаянсты ыдыстар;
-шыны ыдыстар;
Үстел жапқыштар:
-ақ және түрлі түсті үстел жапқыштар, жеке қолданатын мата майлықтар;
- қызмет көрстушілерге (даяшы) үшін сүлгі және қолорамал.
Баспаханалық әдіспен мәзірі және прейскуранты жазылған. Мейрамхана тұтынушыларға әртүрлі фирмалық тағамдардың, өнімдердің және дайындалуы күрделі сусындардың, өндірісте дайындалған кондитерлік өнімдердің кең ассортиментін, жемістерді, арақ-шарап, темекі өнімдерін, жеміс және минералды сусындарды ұсынады.
Тұтынушыларға метродатель және даяшылар қызмет көрсетеді. Осыларын ескере отырып мерейтойды өткізу үшін осы жерге тапсырыс беру орынды.
Кез-келген банкетті ұйымдастыру тапсырысты қабылдаудан және рәсімдеуден, қызмет көрсетуге дайындаудан және қызмет көрсетуден тұрады. Тапсырыстың дұрыс болуы, алдын-ала ойластырылуы, банкеттің өткізілуі шарттары мен тәртібі ең алдымен банкетті ұйымдастырушы (тапсырушы беруші) мен мейрамхана администрациясының келісім жүргізуіне тәуелді. Егер тапсырысты метрдотель немесе қызмет көрсетудің басшысы қабылдаса, онда банкет жоғары деңгейде өтетіні сөзсіз.
Тапсырысты қабылдамай тұрып метрдотель тапсырыс берушіні мейрамхана залымен, үстелдердің қалай орналасқанымен таныстырады. Сосын мына жағдайлар шешіледі, сыйлы қонақтарға арналған орындар немесе әрбір үстелге келушілердің жайғасуы, аперативтің қажеттілігі, үстелді безендіру үшін гүлдің керектігі, музыкалық бағдарлама, би алаңдары және т. б. Сонымен қатар, тапсырыс беруші мейрамхана ережелерімен, қызмет көрсету тәртібімен және жоғалған, сынған заттардың орнын толтыру жөніндегі ережелермен танысады.
Тапсырысты қабылдау барысында банкеттің өткізілу күні, басталу уақыты, өткізілетін жері, келетін қонақтар саны, мәзір жобасы, тапсырыс бағасы сияқты сұрақтар шешіледі. Тапсырыс берушімен үстелді орналастыру тәртібі, қонақтарды отырғызу жолы, залдың безендірілуі пысықталынып алынады. Белгіленген форма бойынша тапсырысты арнайы кітапшаға тіркейді. Келісілген шарттан кейін тапсырыс беруші кассаға тапсырыстың жалпы құнынан 50% кем емес аванс төлейді және төлегені жайлы түбіртек алады.
Одан кейін той басталуына екі күн қалғанда метрдотель тапсырыс берушімен бірге тапсырыс шотын толтырады. Одан кейін той басталуына екі күн қалғанда метрдотель тапсырыс берушімен бірге тапсырыс шотын толтырады.
Тапсырыс шоты 5 данадан толтырылып, мейрамхана басшысымен қол қойылып, кассаға беріледі. Кассир қалған ақшаны алып, тапсырыс шотына қолын қояды, «төленді» деген мөр басады. Тапсырыс шотының бірінші данасы тапсырыс берушіге, екінші данасы кассада қалады, ал үшінші, төртінші, бесіншісі бас даяшыда, асхана мен буфетке жауапты адамдарға беріледі.
Кассир тапсырыс шотын кассалық машинада басып, тапсырыс қабылдаған адамға (даяшылар бригадиріне) береді. Даяшылар бригадирі түбіртекті (чекті) алғандығын қол қою арқылы растайды. Ыстық тағамдарды, кондитерлік және басқа да тағамдарды, яғни тапсырысты азайтқан жағдайда (тапсырыс беруші) тапсырыс берушіге ақшасы қайтарылады. Мұндай жағдайда шығын-кассалық ордер құрылады.
Метрдотель тапсырыс тізімінен кейбір тағамдарды алып тастайды. Тапсырыс беруші қалауы бойынша осы соммаға басқа тағам түрі босатылуы мүмкін, ол да тапсырыс шотына тіркеледі.
Қызмет көрсету кезінде жасалған қосымша тапсырысты даяшы типтік бланк шоттарын пайдалана отырып жазады. Тапсырыс шотына түзетулер енгізілмейді.
Егер мейрамхана тапсырысты қабылдап, бірақ белгілі бір себептер бойынша тапсырысты орындай алмай жатса, онда мейрамхана тойды жақын маңда орналасқан басқа кәсіпорында өткізуді қамтамасыз етуге міндетті. Белгіленген тәртіп бойынша мейрамхана музыкалық қызмет көрсетеді.
Тапсырыс берушінің міндеті мен құқығы:
- Тапсырыс беруші тойға бір күн қалғанда барлығынан бас тартуына болады. Егер банкеттің барлық қатысушылары келе алмаса, онда тапсырыс беруші той басталуына төрт сағат қалғанда келмеген қонақтардың ақшасын қайтарып ала алады.
- Қайтарылатын өнімдер актқа 3 дана болып тіркеледі. Оған мейрамхана басшысы қол қояды. Екінші данасын тапсырыс беруші алады.
- Тапсырыс шотқа енгізілген, бірақ үстелге қойылмаған ыстық және тәтті тағамдар, кондитерлік өнімдер, сусындар актқа кірмейді.
- Актта жазылған өнімдерді тапсырыс беруші өзінің қалауы бойынша жұмсайды.
- Мейрамханаға тапсырыс беруші басқа жерлерден сусындар мен өнімдер әкелуіне құқы жоқ және басқа адамдарды тағам дайындауға шақыруына мүлдем тиым салынады.
- Тапсырыс беруші қоғамдық тамақтанудың кәсіпорынында той біткенге дейін жүруі керек.
- Тапсырыс беруші сынған приборлар мен ыдыстардың орнын толтыруға міндетті. Бұған да шот ашылып, белгіленген тәртіп бойынша кассаға төленеді
2 тарау «Кәсіпорынды банкетке дайындау»
2. 1. Ас мәзірін құрастыру
Кафе мәзірі-бұл ұлттық Түрік тағамдарының ассортименті, олардың дәмін татқанда-татпағанда арманда. Кез-келген қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының ең негізгі ішкі жарнамасы ол - мәзір (меню), жұмыс кезінде сатылымда болатын тіскебасарлар, тағамдар, сусындар (шыққан жері мен баға-сы көрсетіледі) тізімі.
«Меню» сөзі француз тілінен аударғанда «menu» - тағамдар мен сусындардың таңғы, түскі, кешкі асқа арналған тізімі. Ол асханамен мейрамханада құрылады да, тағамдар тізімі не басқа қызмет көрсету түрі («меню»-бланк, карта, тағамдар аты жазылған қағаз беті) дегенді білдіреді.
Мәзірде сол күнге арналған әр түрлі тағамдардың, тіскебасар, кулинарлық өнімдердің, сусындардың тізімі көрсетіледі.
Кафе, барлардағы мәзірде тағамдардың, тіскебасарлардың және басқа өнімдердің қол жетімді тиісінше бағасы көрсетіледі. Басқа кәсіпорындарда мәзірде тағам атынан бөлек оның қалай жасалатыны да көрсетіледі.
Банкеттің мәзірі тапсырыс берушінің қалауы бойынша алдын-ала құрастырылады. Ол төмендегі жағадайларға байланысты болады:
- дәстүрге;
-тапсыры берушінің қаржы жағдайына;
-кәсіпорынның мүмкіндіктеріне.
Мәзірді кәсіпорын меңгерушісі, метродательмен құрастырылып калькуляторға тағамның сату бағасын анықтау үшін беріледі. Мәзір кәсіпорын директорымен бекітіледі.
Банкеттің сипатына қарай мәзір құрылады. Аталған банкеттің сипаттына тән ерекшеліктері:
-салтанатты, қуанышты оқиға;
-әр ұлт өкілдерінің қатысуы.
Осыған байланысты дастархан мәзіріне мереклік тағамдарды, әр ұлт өкілдерінің кухня ерекшеліктерін ескеріп, ортақ тағамдарды енгізу қажет.
Осы банкеттің мәзіріне төмендегі тағамдар кіреді:
4-салқын басытқылар, 1-ыстық басытқы, 2-ыстық екінші тағам: балық және ет,
десерт, ыстық сусын, ішімдіксіз сусындар, ішімдік сусындар.
Жоспар-мәзірге басытқылар мен тағамдардың тек ассортиментін жазып қоймай, олардың порция санында жазадым(2-кесте) .
... жалғасы2-кесте
Жоспар-мәзір
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz