Сымсыз желі


Сымсыз желі.

Ақпарат алмасу, деректер жинау және оны сақтау процесстері ақпараттық техналогиялық заманнның негізгі қайнар көзі болып табылады. Ақпарат алмасу негізінде технологиялық дамулар ұдайы жылжу үстінде. Ал, ақпарат алмасу үшін ең алдымен ақпарат алу көзі мен ақпарат тарату көзінің болуы маңызды роль атқарады. Ал, технологиялық дамулар осы негізде дамиды. Ақпараттық техниканың дамыған заманда бұл процестің маңызы үлкен.

Қазіргі ақпараттық технологияның дамыған уақытында, алынған ақпараттарды тарату немсе оны қабылдау негізгі іс - әрекеттердің бірі болып есептеледі. Сондықтан ақпарт алмасу кезінде түрлі іс - әрекеттер қолданылып, түрлі жолмен ақпарат алмасып отырады. Технологиялық құралдар ішінде ақпарат алмасуды тиімді қамтамасыз ететін компьютерлік желі болып табылады. Ал, копьютерлік желі дегеніміз не? Оның қызметі қандай? Компьютерлік желі дегеніміз - бір-бімен арнайы коммуникациалық құралдармен және компьютерлік жабдықталған компьютер және терминалдардың байланысы. Түсінік ретінде: ақпарат тарату жылдамдығын, протокол түрлерін, құралдар арасындағы қашықтықты және тағы басқаларды айта кетсек болады.

Қарапайым компьютерлік желі кемінде екі компьютерден тұрады. Бұл жағдайда ақпарат алмасу екі құралдың бірігіп жұмыс жасауына қолайлылық туғызады. Барлық желілер (күрделілігіне қарамастан) осы принцп бойынша жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта осы қызметтеріне байланысты компьютерлік желілер екі үлкен топтарға бөлінеді. Олар:

- Ғаламдық желі;

- Жергілікті желі;

Ғаламдық желі (wide area network, WAN) көлемі үлкен географиалық обылыстарды, көбіне тұтас бір мемлекетті немесе үлкен континентті қамтиды. Ол ақпарат алмасушы машиналардың бірігуін қамтамасыз етеді, яғни бірігуді қамтамасыз етеді. Ғаламдық желіде қысқа ақпараттар қысқа бума деп аталады. Көбіне бұндай машиналарды хост (тұтынушының жеке компьютері) деп атайды. Міндеті: бір хосттан екінші хосқа ақпарат тасымалдау. Көбіне бұл ғаламдық желіге телефон станциалары мен Internet жатады. Internet барлық компьютерлермен байланысқа шығуға мүмкіндік береді. Негізінен Internet вертуалды бірігуге жол ашаып, сонымен қатар өзіндік ақпарат аймағына ие бола алады.

Internet негізгі ұяшығы - жергілікті желіге жатады, яғни Internet тек алыс

ара қашықтықта орналасқан компьютерлерді байланыстырып қоймай,

сонымен қатар жақын ара қашықтықтағы компьютерлерді де байланыстырады.

Негізінен ғаламдық желі ара қашықтығы үлкен компьютерлерде ақпарат алмастыратыруға қолайлы. Сондықтан оны ғалам аралық байланыс деп те атайды.

Көпшілік жағдайда ғаламдық желінің байланысы екі маңызды құралдан тұрады: байланыс сымы және қосалқы элементтерден тұрады. Байланыс сымы сонымен қатар арна немесе магистрал деп аталады, яғни ақпаратты бір компьютерден екінші компьютерге жеткізеді. Ал, қосалқы элеметтерге мамандырылған компьютерлер жатады, себебі олар үш немесе оданда көп

компьютерлердің байланысы кіреді. Егер ақпарат желі арқылы кіретін болса, қабылдаушы құрылғы қосылушы құрылғыны қабылдауы тиіс, себебі қабылдаушы құрылғы қосылушы құрылғының жаллғастыратын іс-әрекетін білуі қажет. Қазіргі уақытта мұндай іс - әрекеттерді желіге бағыттаушылар деп атайды (router), алайда терминалогияға байланысты осы жағдайда нақты бір тұжырым қойылмаған екендігін қабылдаушының білуі қажет.

Желіге бағыттаушылардың көпшілігі хост арқылы байланысады. Байланыс жолдары және бағыттаушылар желі аралықты құрайды.

Желі аралықтың тағы бір бастапқы біртұтас мағынасы бағыттауш және жолдардың жиынтығы болып келеді.

Ғаламдық желілердің көпшілігі өзара сымдармен немесе телефон желісімен, сонымен қатар бірнеше бағыттаушының бірігуінен тұрады. Егер екі немесе оданда көп бағыттаушы өзара байланыспайтын болса, онда басқа бағыттаушыны қолдануға тура келеді, себебі бағыттаушысыз жұмыс жасау мүмкін емес. Желі аралық бірнеше принцптерге сүйене отырып жұмыс жасайды. Олар желі аралықтың өтпелі сақтамасы арқылы (store - and - forward) немесе желі аралықтың бақылаушымен бума арқылы байланысы (packet - switched) . Ғаламдық желілердің көпшілігінде желі аралық міндетті түрде болады. Көпшілік жағдайда көлем өзгерту жағынан олар ұяшық деп аталады.

Барлық ғаламдық желілердің барлығы коммутациалық буманы қолдана бермейді. Әрбір желіге бағыттаушы антеннамен жабдықталады, сол антеннаның көмегімен ақпаратты қабылдап және тарата алады. Барлық желіге бағыттаушылар жерсеріктен хабарлама ала алады, сонымен қатар көршілес бағыттаушының жерсеріктен ақпарат алып жатқандығын анықтай алады. Ғаламдық желілердің ішінде жолсерікті желі үлкен аймақта ақпарат тасусы ретінде белгілі және де үлкен аймақтарда ақпарат тасуға тиімді.

Жергілікті желі - ақпараттардың белгілі бір мекеменің ішінде немесе бірнеше километрге созылатын қашықтықта тасымалдауға болатын желінің түрі. Оларды көбіне мекемелерде компьютерлерді біріктіру мақсатында, яғни ақпарат алмасуда немесе мекемелерде ортақ құралдарды пайдалану мақсатында (ортақ принтерді пайдалану секілді) пайдаланады. Жергілікті желіде ақпарат алмасу ғаламдыққа қарағанда жылдамырақ жүріп отырады. Ғаламдық желіден үш айырмашылығы бойынша ерекшеленеді: көлеміне жағынан, ақпаратты тарату технологиясымен және топологиялық жағынан. Көп қолданылымдағы жергілікті желілер топололгиялық құрылымға ие болуы мүмкін. Желіде жалпы сымда әр уақытта бір компьютер ақпарат алмасудық негізгі құрылымына айналуы мүмкін. Себебі ақпарат алмасу кезінде тек екі компьютер ақпарат алмаса алда. Үш немесе оданда көп компьютердің арасында ақпарат алмасу, бірдей уақытта жүруі мүмкін емес. Ал, қалған компьютерлер бұл уақытта ақпарат беруді тоқтата тұруы керек. Егер екі компьютер ақпаратты бір уақытта таратқысы келсе, онда қақтығыс туындап, арнайы механизм керек етеді. Бұл механизм орталықтандырылған немесе жекелеген болуы мүмкін. Мысалы IEEE 802. 3 секілді, негізінен бұл стандарттар Enternet деп аталады. Жергілікті желіге мысал ретінде: Enternet, сымсыз желі және тағы басқалары мысал ретінде келтіруімізге болады. Enternet негізінен орталықтандырылған, үлкен толқындағы, 10 Мбит/с -тан 10 - Гбит -қа дейінгі жылдамдықпен ақпарат тасымалдау мүмкіншілігіне ие. Enternet ақпарат алмасды кез - келген уақытта тасымалдай алады. Кейде екі Enternet бір бумаға түскен жағдайда әр компьютер кездейсоқ таңдауға дейін күте тұрады. Одан кейін қайта ақпаратты жүктеуді бастайды.

Жергілікті желінің екінші ианымал түрінің бірі сақина тәріздес ақпарат тасымалдау аймағы. Сақина тәріздес аймақта ақпарат тізбектеліп беріледі, айырмашылығы Enternet секілді бірін - бірі күтпейді. Әдетте әрбір құрылғы ақпарат толығымен тартып біткенше тізбекке кіріп үлгереді. IEEE 802. 5 (маркерлік сақина) стандарттары әдетте танымал жергілікті желінің сақинасы ретінде танымал. Бұл сақина 4 және 16 Мбит/с жұмыс істейді. Сонымен қатар сақиналық желі FDDI болады, яғни оптикалық талшық ретінде.

Жергілікті желінің кемшілігі оның ақпарат тарату аймағының кішілігі, яғни ақпарат тарату аймағының кішілі алдын ала мәлім болады. Жергілікті желіде көбіне ақпарат алмасу кезінде бір сымға бірнеші компьютердің

жалғанады, яғни ақпарат осы әдіспен тасымалданады. Мұнда, бірнеше компьютер бір сымға жалғанғанымен ақпарат алмасу кезектесіп жүреді.

Осындай байланыстың тағы бір түрі тізбектес байланыс. Мұнда ақпарат алмасу мына тәсілмен жүреді:

Ақпарат алмассу кезектесіп жүріп отырады. Сақиналықтан айырмашылығы осында. Ақпарат таратушу орталықтандыврылған немесе орталықтандырылмаған болуы мүмкін. Егер орталықтандырылған болса, арнаға деген байланыс арбитр арқылы болуы тиіс. Мұндай жағдайда арбитр керекті шешімді қабылдап отырады. Егер реттелген жағдайда әрбір компьютер шешімді өзі қабылдайды. Мұндай жағдайда желіні сымсыз дейімізге де болады, себебі қызметі жағынан ұқсас келеді.

Енді сымсыз желі деген не? Оның қызметіне тоқталайық, яғни жергілікті желінің ішінде сымсыз желіге толығырақ тоқталамыз. Себебі жергілікті желінің ішінде қазіргі таңда ең танымал желінің бірі. Сымсыз желінің құрылымы: антеналардан Сымсыз желідегі ақпараттар радиотолқындар арқылы тасымалданады. Ақпараттың радиотолқындар арқылы байланысуы, ақпараттың вакумдық ортада да тасымалдана алуына жол ашады. Яғни, ақпарат тарату аймағының ұлғайуына жол ашады. Ең алдымен сымсыз желі шығынды үнемдеуге мүмкіндік беріп, ақпарат таратуды жеңілдетеді. Шамамен сымсыз желідегі ақпарат 100 - 300 метрде тасымалдана алады. Сымсыз желінің жұмыс ісиеу принцпі, мына түрде жүреді: А станциясы В станциясына ақпарат беру үстінде, яғни бұл А станциясының ақпарат беру аймағы. Осе мезгілде С станциясы В станциясына ақпарат беруге талпынады, алайда С станциясы В станциясын таба алмайды. Себебі В станциясы бос емес. А станциясы В станциясына ақпарат беріп болғаннан кейін С станциясына В станциясының табылғандығы жөнінде хабарлама келіп, ол дереу В станциясына ақпарат беруін бастайды. Енді С станциясы В станциясына ақпарат беру үстінде, яғни бұл аймақ С сианциясының ақпарат беру аймағы деп аталады.

А - станциясының ақпарат С - станция ақпарат беру аймағы

беру аймағы

Осы прицп бойынша жұмыс жасайды. Ақпарат алмасу тек екі компьютер арасындағана болып, үшінші компьютерге ақпарат беруге рұқсат етілмейді. Себебі бір компьютер бір ақпарат алмасу аймағымен ғана байланысы болады. Бір мезгілде бірнеше ақпаратты қабылдауға жады жетпейді.

Ал сымсыз желілер ақпарат тарту қашықтығына қарай бірнеше топтарға бөлінеді. Сымсыз желі қазіргі таңда үш түрі бар:

- Өзара байланысты сымсыз желі;

- Жергілікті сымсыз желі;

- ғаламдық сымсыз желі;

Өзара байланысты сымсыз желінің түсінігі екі компьютер немесе екі ақпарат алмасушы құрылғы өзара байланысты болады. Біз барлық компьютердің бірнеше бөлшектерден тұратындығын білеміз, олар: пернетақта, жүйелі блог, тышқан, клавиатура, принтер және тағы басқалары. Осы құрылғылардың барлығы жүйілі блогқа белгілі бір сымдар арқылы жалғанғаны белгілі. Ал, жаңа технологиялық компьютерлерде бұл көптеген қиыншылықтар туғызатыны белгілі. Сондықтан қосалқы бөлшектерді орнату үшін, артық шығын шығаруға тура келеді. Осыған байланысты бірнеше ірі компаниялардың бірігуімен Bluetooth дүниеге келді. Bluetooth дүниеге келуінің негізгі мақсаты кез - келген ұйымды артық шығындармен қоса компьютерді артық сымдардан босату еді. Бұл жоба жүзеге асты, себебі Bluetooth арқылы компьютерге оның қосалқы бөлшектерін қосуға болады. Мысалы: компьютерге түрлі - түсті камераны, сканерді гарнитураны және тағы басқаларды енгізуге болады. Енді компьютерден алшақ емес кез - келген түрлі - түсті құрылғыларды сымсыз желі арқылы қосуға болады. Енді керекті сымдарды немесе қажетті дарйверлерді компьютерге жалғап жатудың керегі жоқ, тек оны қосса болғаны ол жұмыс істей бастайды.

Bluetooth негізі пикожеліден (piconet) тұрады. Олар бірнеше сымдардың бір сымға бағынуынан тұрады. Рдиустерінің ара қашықтығы м шамасында. Үлкенірек бөлменің ішінде бірнеше пикожелінің болуы мүмкін. Сонымен қатар олар өзара белгілі бір көпірлер арқылы бір - бірімен байланыста бола алады.

Бірнеше пико желінең бірігуі созылыңқы желіге (scatternet) желіні тудырады. Сонымен қатар бір бастапқы желі өзінің құрамында 255 бос тұрған сымдарды ендіре алады. Бұл бас желінің белгілі бір тәртіпке келтірген энергияны тұтыну түрінің құралы. Тағыда бұдан басқа екі түрі бар. Олар тоқтатылған және тексерілген.

Bluetooth жұмысын жақсарту үшін белгілі бір стандарттар арқылы жұмыс істейді. Bluetooth стандарты өзіне бірнеше топтарға бөлінген протоколдарды енгізеді. 802 стандарттары аясында жұмыс істемейді, ол тек IEEE стандартымен жұмыс істейді. Мұның себебі Bluetooth - ды сәл де болса 802 модельіне жақындату. Бұл стандарт негізінде жан - жақты жұмыс

істеуге жол ашады. Негізінен бастапқы кезде Bluetooth тек компьютерді артық сымдардан босату болса, дами келе көптеген мүмкіндіктерге жол ашты. Сондықтан мұндай жаңалық стандарттардың пайдасын арттыра түседі, себебі стандарттардың көмегімен сымсыз желілер көптеген мүмкіндіктерге қол жеткізеді. Мүмкіндіктерді тереңдете түсу үшін сымсыз желіні деңгей жақындатпай, сонымен қатар электрикалық дыбыс жағынан жақындатты. Сонымен қатар Hewlett - Packart компаниясы сымсыз желінің жаңа түрі инфрқызыл сәулелермен жұмыс істейтін сымсыз желінің түрін жарыққа шыарды. Қанша көптеген сымсыз желінің түрлері пайда болғанымен Bluetooth қолданысы жағынан алда келеді.

Ең алғашқы Bluetooth 1994 жылы Ericsson компаниясы ойлап тапты. Тағыда басқа төрт компанияның бірігуі арқылы (IBM, Intel, Nokia және

Toshiba) сымсыз желінің жаңа стандарттары ойлап шығарылды. Жалпы сымсыз желінің бұл түрі қарапайым тәсілдерінің бірі. Себебі ақпарат алмасу аймағының шағындығы болады. Осы компаниялардың тұжырымдауы бойынша арнаға тікелей ақпаратты жеткізу керектігін айтады. Егер болмаса ақпаратты сымды желі арқылы тасымалдауды ұсынады.

Интеграцияға. Егер ақпаратқа 802. 11 стандартына бағынбай желіге тікелей өтуге тура келсе, басқа бағыттаушыны қолданады.

Индентификациалау. Сымсыз желі желіге оңай қосыла алатындықтан, кез - келген станция арқылы өту мүмкіндігін пайдалану арқылы басқа станция аймағына түсіпкеткен жағдайда.

Дейдентификациялау. Егер станция ақпарат беру аймағынан шығатын жағдайда дейдентификация беруі қажет.

Ақпаратты жеркізі. 802. 11 стандарттары арқы жүзеге асырылып осы негізде жұмыс істейді.

802. 11 ұяшығында бірнеше деген параметрлер ұсынылады, ол парамертлер тексеріледі және кейде өзгертіледі. Олар дыбыстың жиілігіне, ақпараттыберу жылдамдығына, сандық ақпараттарға жатады.

Сымсыз желілер 802. 11 стандарты бойынша көп қолданысқа ие болып жатыр.

Келесі осы бағыттағы сымсыз желінің тағы бір толықтыруы - ол жергілікті сымсыз желі. Мысал ретінде бір бөлмен немесе бір мекеме ішіндегі компьютелердің сымсыз желі арқылы байланысуы. Бұл сымсыз желінің түрінде әрбір компьютер радиомодеммен, антеннамен жабдықталып басқа компьютерлермен осы құрылғылар арқылы байланысады. Кейде

барлығына ортақ бір аннтена болуы мүмкін. Осы антена арқылы барлық компьютермен байланысу мүмкіншілігіне ие болады. Сымсыз желінің бұл түрі арнайы маркировкаға ие ол атпен ие. Міне дәл осы стандарт күннен күнге қолданысқа көп ие болып отыр.

Стандарттың бұл түрі негізінен жергілікті және қалалық желілерге арналып дайындалған. IEEE 802. 11 тобы тоғыз талапты анықтап берді, бұл талаптар арқылы сымсыз желі сымды желіден көптеген айырмашылықтарға ие болу керек екендігі айтылған. IEEE 802. 11 стандартының қызметі:

Қызметі
Тасымалдаушы
Қолдаушы аймақ
Қызметі: Ассосация
Тасымалдаушы: Системаны анықтау
Қолдаушы аймақ: MSDU жеткізуі
Қызметі: Аутентификация
Тасымалдаушы: Станция
Қолдаушы аймақ: Жергілікті желі немесе қауіпсіздік
Қызметі: MSDU жеткізуішісі
Тасымалдаушы: Станция
Қолдаушы аймақ: MSDU жеткізуі
Қызметі: Интеграциялау
Тасымалдаушы: Системаны анықтау
Қолдаушы аймақ: MSDU жеткізуі
Қызметі: Конфиденциал
Тасымалдаушы: Станция
Қолдаушы аймақ: Жергілікті желі немесе қауіпсіздік
Қызметі: Аутентификация болдырмау
Тасымалдаушы: Станция
Қолдаушы аймақ: Жергілікті желі немесе қауіпсіздік
Қызметі: Ассосация қайталау
Тасымалдаушы: Системаны анықтау
Қолдаушы аймақ: MSDU жеткізуі
Қызметі: Ассосация күйреуі
Тасымалдаушы: Системаны анықтау
Қолдаушы аймақ: MSDU жеткізуі
Қызметі: Анықтау
Тасымалдаушы: Системаны анықтау
Қолдаушы аймақ: MSDU жеткізуі

Бұл стандарт екі негізде жұмыс атқарады:

  • базалық станциямен;
  • базалық станциясыз;

Базалық станцияда ақпарат тасымалдауды базалық станция жүзеге асырып, оны 802. 11 терминалогиясының нүклелік ақпарат ретінде қабылдайды. Ал, екінші жағдайда компьютер әдетте бір - бірімен байланысады. Бұл режим әдетте арнайы желі желі деп аталады. Қарапайым мысал ретінде бірнеше адамның бірнеше сымсыз желіні құрып, оған өздерінің ноудбуктарын қосқан жағдайда.

Барлық стандарттар секілді IEEE 802, 802. 11 төменгі екі деңгейде жұмыс істейді. Олар ISO/OSI нұсқасымен қатар физикалық және арналар нұсқасымен жұмыс істейді.

802. 11 стандарты екі жабдықтау түрін анықтайды. Олар клиент және байланыстық шек. Клиент ( Network Interface Card, NIC) - жұмыс станциясы немесе компьютер желісін тұтынушының мәселесі. Байланыстық шек (Access point, AP) - сымсыз желі мен сымды желі арасындағы жалғастырушы көпір. Байланыстық шек көбіне өзінің құрамында тасымалдаушы құралдары болады. Бұл құралдар сымжы желінің интерфейстерімен (802. 3), сонымен қатар пограммалық қамсыздандырумен, ақапратты өңдеумен айналысады. Сымсыз желінің станциясы ретінде ISA, PCI немесе PC Card желілік карта 802. 11 стандартымен, немесе нақтыланған шешіммен, мысал ретінде смтетік гарнитурасы, яғни 802. 11 стандарты жатады.

802. 11 стандарты екі жұмыс тәртібін анықтайды - «Ad - hoc» және тұтынушы/ сервер (немесе инфроқұрылым құрлысын - infrastructure mode) .

Физикалық деңгейде екі көп қолданылымдағы радиожиілікті ақпарат тарату аймағының бірі - инфро қызылаймақ. Радиожиілікті әдіс мына жұмыс тәртібі бойынша жұмыс істейді. Олар: ISM 2, 4 ГГц таралу аймағындағы және қарапайым жағдайда 83 МГц - тен 2, 400 ГГц дейін және 2, 483 ГГц аса. Үлкен қолданылымдағы аймақ технологиялық белгілері, радиостанциялық әдіспен сапалылығын арттырады, сонымен қатар өткізу сапасын арттыруды қамтамасыз ету.

802. 11 стандарты арнаға тікелей қосылу мүмкіндігімен жұмыс істейді (Direct Sequence Spread Spectrum, DSSS) және ақпарат тасу аймағы (Frequency Hopping SpreadSpectrum, FHSS) бұл әдістемеле кардинальді түрде ерекшеленіп отырады және бір - бірімен сәйкес келмейді.

Егер желілік карта 802. 11 ақпарат тарату үшін кез - келген таңдау бойынша арнаны таңдайтын болса, онда әрбір бір -екі қайталамадан кейін ақпарат сол аймаққа қайта оралады.

Бұл стандарттың басты мақсаты компьютер ақпарат таратпас бұрын ең алдымен арнаны тыңдап алуы қажет болатын. Егер тапқан жағдайда ғана осы арнамен ақпарат алмаса алтындығы белгі. Мыне осы қиындықты шешу мақсатында құрылған стандарттардың түрі.

Осыған дейін сымсыз желі кемінде 1 Мбит/с немесе 2 Мбит/с жұмыс істейтін. Осыған байланысты тұтынушылардан арыздар түсе бастады. Осыған орай 802. 11а стандарты пайда болыд. Дәл осындай жиілікпен 54 Мбит/с 802. 11b қолданысқа жіберілді бұл базалық стандарттарда да 802. 11 стандарты қолданылады. Алайда, ол 1 Мбит/с жиілікпен жұмыс істейді. Осы ұйым тағы да жұмысты жеңілдету үшін тағы да бір стандартты өңдеп шығарды, ол: 802. 11g стандарты. Бұл стандартта 802. 11 а стандартының жұмыс принцпі қолданылады.

802. 11 счтандарты қазіргі кезде ұлғайып бірнеше деген түрлерге ие болға. Оның ең соңғы шығарылымы 802. 11g біраз өңделгенімен 802. 11а стандартымен 802. 11 b негізінде жұмыс ісейді.

Барлық сымсыз желілірдегі секілді физикалық деңгей МАС деңдейдегідей с IEEE 802. 11 сенімді. Бір айырмашылығы шу, қатты дабылдар көптеген ақпараттардық жоғалып кетуіне әкеп соғады. IEEE 802. 11 стандарты негізінде сымсыз желі өте үлкен жылдамдықпен жұмыс істейді ( жуықтап

алғанда 11 Мбит/ с) . Бұл стандарттың жаңаланған екі түрі бар. Олар: 802. 11а

және 802. 11b сандарттары болады.

802. 11а спецификациясы 5 ГГц ақпарат тасу аймағынада жұмыс істей алады. 802. 11а стандарты 6, 9, 12, 18, 24, 36, 48, 54 Мбит/с ақпарат алмасу аймағының жылдамдығын анықтайды.

IEEE 802. 11b түрімен белгілі. Жаңаланған стандартты Enternet тікелей қосуға немесе жанама түрде пайдалануға болады. IEEE 802. 11b стандартының басты ерекшеліктері екі түрлі құрылғыларды біріктіре алатындығында, әрине егер ол екі құрылғы осы стандартқа жауап беретін болса. Бұл стандартта екі бір - біріне мүлдем ұқсамайтын екі құрылғы 2. 3 ГГц жиіліктегі ақпарат алмасуды қамтамасыздандыра алады.

802. 11 стандартының қауіпсіздігіне тоқталып кететін болсақ. 802. 11 стандартдарты ақпарат берудің хаттамасын ұсынады, ол нагізінен WEP (Wired Equivalent Privacy) көмегімен жұмыс істейді, себебі сымсыз желінің қызметін сымды желі секілді қауіпсіз ету үшін. 802. 11 сымсыз желінің стандарттары орталық ақпарат тарату аймағынан белгілі бір жасырын кодпен белгілі арнайы қорғауларға ие болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иерархиялық желілер
Сымсыз желілер түсінігі
Сымсыз желі туралы
Сымсыз желілердің қауіпсіздік қатері мен қауіп төнуі, қауіпсіздік хаттамалары
Желі сипатын бағалау
Сымсыз желілерді кеңейту технологиялары
Сымсыз байланыс желілері
«Сымсыз технологиялар»
Сымсыз желі құрылғылары
Сымсыз байланыс технологияларының кемшіліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz