Көз шарасының аурулары



Әртүрлі авторлардың мағұлмат-деректеріне сүйенсек, көз шарасының аурулары барлық көз ауруларының. 0,5-0,8% құрайды. Жалпы жергілікті себептерден көз шарасында әртүрлі патологиялық құбылыстардың дамуы мүмкін. Көз алмасының орнынан аз да болса ығысуы, оның қозғалыстардағы кедергі, көз саңлауының өзгеруі көз шарасының ауруларының басты белгілері болады.
Көз алмасының ығысуы ілгері шығыңқы бадырақ көз (экзофталъм) немесе, керсінше, артқа ығысып, тереңдеу орналасуы, шүңкірек көз (энофтальм) түрлерінде байқалады. Сонымен қатар көз алмасының жанына ығысуда кездеседі.
Қабынулық бөліністен, ісіктерден, қан құйылудан, бөгде заттардың, шараның кабырғасының сүйектерінің ішке қарай шығыңқылығынан (сүйектің біркелкі қалыңдауы, яғни гиперостоз, мукоцелле немесе сүйек сынықтарынын) көздің шарасының ішіндегілерінің ұлғаю салдарынан симпатикалық нерв жүйесінін, тонусының жоғарылауына, диэнцефальдық өзгерістерге байланысты экзофтальм пайда болады.
Қабырға сүйектері сынып, олардың сынықтарының ажырасуынан көз шарасының, көлемінің ұлғаюына, шаралық майлы дененің семуіне, симпатикалық нерв жүйесінің, жартылай немесе толық сал болуына байланысты энофтальм пайда болады. Симпатикалық нерв жүйесінің мойын бөлігі зақымданған жағдайда энофтальммен бірге көз санлауының тарылуы, қарашықтың тарылуты (миоз) және көз алмасының қысымының төмендеуі (гипотония), яғни бір сөзбен айтқанда Горнер синдромы пайда болады.
Бадырақ немесе шүңірек көздер сәл-пәл немесе өте айқыш байқалуы мүмкін. Оларды экзофтальмометр аспабының көмегімен анықтайды (29 сурет).
Көз алмасының жанына ығысуы және оның қозғалысыңдағы кедергілерде көз шарасының патологаясының жиі, бірақта тұрақсыздау

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
КӨЗ ШАРАСЫНЫҢ АУРУЛАРЫ

Әртүрлі авторлардың мағұлмат-деректеріне сүйенсек, көз шарасының
аурулары барлық көз ауруларының. 0,5-0,8% құрайды. Жалпы жергілікті
себептерден көз шарасында әртүрлі патологиялық құбылыстардың дамуы мүмкін.
Көз алмасының орнынан аз да болса ығысуы, оның қозғалыстардағы кедергі, көз
саңлауының өзгеруі көз шарасының ауруларының басты белгілері болады.
Көз алмасының ығысуы ілгері шығыңқы бадырақ көз (экзофталъм) немесе,
керсінше, артқа ығысып, тереңдеу орналасуы, шүңкірек көз (энофтальм)
түрлерінде байқалады. Сонымен қатар көз алмасының жанына ығысуда
кездеседі.
Қабынулық бөліністен, ісіктерден, қан құйылудан, бөгде заттардың,
шараның кабырғасының сүйектерінің ішке қарай шығыңқылығынан (сүйектің
біркелкі қалыңдауы, яғни гиперостоз, мукоцелле немесе сүйек сынықтарынын)
көздің шарасының ішіндегілерінің ұлғаю салдарынан симпатикалық нерв
жүйесінін, тонусының жоғарылауына, диэнцефальдық өзгерістерге байланысты
экзофтальм пайда болады.
Қабырға сүйектері сынып, олардың сынықтарының ажырасуынан көз
шарасының, көлемінің ұлғаюына, шаралық майлы дененің семуіне, симпатикалық
нерв жүйесінің, жартылай немесе толық сал болуына байланысты энофтальм
пайда болады. Симпатикалық нерв жүйесінің мойын бөлігі зақымданған
жағдайда энофтальммен бірге көз санлауының тарылуы, қарашықтың тарылуты
(миоз) және көз алмасының қысымының төмендеуі (гипотония), яғни бір сөзбен
айтқанда Горнер синдромы пайда болады.
Бадырақ немесе шүңірек көздер сәл-пәл немесе өте айқыш байқалуы
мүмкін. Оларды экзофтальмометр аспабының көмегімен анықтайды (29 сурет).
Көз алмасының жанына ығысуы және оның қозғалысыңдағы кедергілерде көз
шарасының патологаясының жиі, бірақта тұрақсыздау белгілері болып саналады.
Олар әдетте көз шарасының бүйірінде орналасқан құбылыстар пайда болады және
де көз алмасының қозғалысында ығысуға қарсы бағытта кедергі байқалады. Көз
алмасының қозғалысының кедергіге ұшырауы шамалы ғана байқалудан мүлдем
қозғалмауға дейін болуы мүмкін.
Көз алмасының ығысуына қосарланып (диплопия) көріну де қабаттаса жүреді.
Офталъмологаялық жұмыста көбіне көз шарасының қабынуы және ісіктері жиі
кездеседі.

КӨЗ ШАРАСЫНЫҢ ҚАБЫНУЛАРЫ

Көз шарасындағы қабыну құбылыстары өте ауыр да қатерлі аурулардың
қатарына жатады. Дәрігерлердің алдында кейде көру мүшесін сақтаумен бірге
аурулардың өмірін де сақтап қалу міндеті тұрады.
Остеопериотит дегеніміз сүйек пен оның қабығына қабынуы болып
табылады. Бұл құбылысты клиникада, әдетте, сүйектің қабынуы (периостит)
деп белгілейді. Дегенмен оның көпшілігінде құбылыс сүйектің қабығы мен
қоса көз шарасының, қабырғалық сүйектерін де қамтиды. Ол көз шарасының
барлық жерінде дамиды және жерінді қабыну түрінде ал, кейде абсцесске
айналуы да болады.
Қабыну ошақтары көз шарасының алдынғы бөліктерінде орналасса ол
жайылған немесе шектелген тығыз домбығумен білінеді, сипағанда ауырады.
Ісік бірте-бірте көрші маңайға жайылады. Тері қызарады, ісінеді, әсіресе
таңертең, басқа жеріне қарағанда немесе екінші көз шарасының сәйкес жеріне
қарағанда қызулырақ сезіледі. Сондай-ақ қабақтық дәнекер ткані ісінеді,
көз алмасында беткейлік қызару байқалады.
Ауру к жедел 2-3 күнде немесе баяу бірнеше аптада дамуы мүмкін. Содан
соң құбылыс сипатына байланыста қабыну ошағы сорылып, дәнекер таканмен
ауысады (ұйыма белінісгі түрінде), немесе абцесс болса босап ыдырап
жарылады да ірің сыртқы шығады немесе шаранын майлы денесіне енеді. Іріңнің
тері арқылы сыртқа жарылуы сүйектің ашылып қалуымен қосталады, шірік
сүйектің бөліктері сау сүйек тканінен бөлінеді (секвестрленеді), жылаңкөз
тесік пайда болады. Жыланкөз тесік шірік
Сүйек бөліктері шығып болғаннан кейін жабылады. Содан кейін жыланкөздің
шолын бойлай сүйекпен біріккен тыртық пайда болады. Ірінді құбылыстарда
сырқаттың көңіл-күйін нашарлауы, дененің қызуының көтерітуі, СОЭ-нің өсуі,
лейкоициттердің көбеюі сияқты жалпы өзгерістер де байқалады.
Егер остеопериостит көз шарасының терең түбінде дамыса, онда оны
анықтау қиын болады. Бұндай жағдайда қабыну құбылысына көз алмасының,
ығысуы мен экзофтальм, көз алмасының, қозғалысындағы кедергі және дәнекер
тканның күшті ісінуі (хемоз) тән болады. Қабыну ошағының орналасуы
байланысты қабақтардың терісінің қасаң кабықтың, сезгіштігінің бұзылуы,
көздің көру қызметінің төмендеуі мүмкін.
Ауруды стафилококктер, стрептококктер, сиректе туберкулездік
микобактериялар мен спирохеттер қоздырады. Остеопериоститтердің ең жиі
себептері мұнұрын қуыстарының қабынуы болады, ал олардың, себетері жедел
жұқпалы аурулар (грипп, баспа (ангина), қызылша (корь), скарлатина, бет
терісіндегі сыздауықтар т.б.) болады. Бұлардың басқа дакриоциститтер де,
тістердің қариестері де, жарақдттар да көз шарасының перюститтерінің
себептері бола алады.
Туберкулезден және мерезден пайда болған остеопериоститтерге көз
шарасының алдыңғы бөлігінде орналасу тән болады. Туберкулез периститтері
әдетте көз шарасының төменгі сыртқы бөлігінде, ал мерезден пайда болғандары
оның жоғары сыртқы бөлігінде орналасады. Мерездік
остеопериоститтерге өзінен-өзі пайда болатын түнгі ауру сезімі қосарлана
жүреді, ал туберкулездік периоститтер болса ауырмайды.
Е м д е у. Аурулардың алғашқы келіп көрінуінен бастап олардың
мұрын және оның қосымша қуыстарын, тамақ және тістерін тексеру
керек, егер оларда қабыну құбылыстары байқалса, оларды емдеу керк.
Шаранық алдыңғы бөлігінде орналасқан периоститтерде УВЧ және
диатермиямен қыздыру, қабыну ошақтың маңына антибиотиктердің
ертінділерін күнделікті енгізу сияқты емдермен шектелуге болады.
Іріңді және тереңде орналасқан остеопериоститтерде антибиотиктердің
(пенициллин ж.б.) ертінділерін 500000-1000000 ЕД тәулігіне бұлшықеттер
аралық енгізу керек немесе тетрациклин, сульфаниламидтерді 1г әрбір 4
сағаттан ішуге береді.
Мерездік және туберкулездік периоститтерде арнайы, ерекше өздеріне тән
емдеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӨЗ ШАРАСЫНЫҢ ҚАБЫНУЛЫ АУРУЛАРЫ
Көз алмасы
Қазіргі офтальмологияның дәлелді медицина тұрғысынан өзекті мәселелері
Көз құрылысы
Малдардың улануы
Көз қосымшалары
Бас сүйек жарақаттың хирургиялық анатомиясы
Бас сүйек, ми, көз жарақат кезіндегі алғашқы жәрдем және диагностикасы
Сүйекті жемістілерді өсіру технологиясы. Сүйекті жемістілердің негізгі ауруларына сипаттама
Көру жолдары
Пәндер