Психология ғылымының, оның салалары мен тармақтарының ғылымдар жүйесіндегі орны


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ:

І. Кіріспе . . . 3-5

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Психология пәні, зерттеу нысаны және қазіргі таңдағы мақсат-

міндеттері . . . 6-9

2. 2. Психология-көптеген салалар мен тармақтарға бөлінетін өрісі кең ғылыми пән . . . 10-14

2. 3. Психология ғылымының, оның салалары мен тармақтарының ғылымдар жүйесіндегі орны . . . 15-18

ІІІ. Тәжірибелік бөлім

3. 1. Психология ғылымының салалары мен тармақтары бойынша негізгі мектеп оқушыларын диагностикалық зерттеу

әдістемелері . . . 19-24

ІҮ. Қорытынды . . . 25-27

ҮІ. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 28-29

І. Кіріспе

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: « 2020 жылға қарай 12 жылдық білім беруге көшеміз »- деп атап көрсетілген. [16, 3]

ХХІ ғасырда еліміздің болашағын алға қарай жетелеуші ұрпаққа білім беруді қамтамасыз ететін жалпы және орта білім беру саласына түбегейлі өзгеріс, яғни 12 жылдық жалпы және орта білім беру жүйесін енгізу - баса назар аударарлық мәселе. Біздің қоғамымыздың саяси және әлеуметтік-экономикалық құрылымындағы қайта құрулар алдыңғы қатарға халыққа білім беру жүйесіне қойылатын жаңа талаптарды тудырды.

12 жылдық оқытуға көшуге байланысты орын алған қоғамдағы әлеуметтік келеңсіздіктер рухани-психологиялық, әлеуметтік салада да елеулі дағдарыстарға соқтырып отыр.

Бұрыннан қалыптасқан адамгершілік қарым-қатынас, әдептілік, имандылық бағытындағы кейбір дәстүрлер бұзыла бастады. Соның салдарынан жеткіншектер мен жасөспірімдер, ересектер мен балалар арасындағы дөрекілік пен тәртіпсіздік, стресстік жағдайларға жиі ұшырау, балалардың физиологиялық-психологиялық және рухани жұтаңдығы, аталған жұтаңдықты түзету үшін мұғалімдердің психологиялық білімдерінің әлсіздігі, адамның жеке басындағы психологиялық кемшіліктер, тұлғаның өзіне өзіндік бағаның төмендеуі көбейіп келеді.

Қоғамның әлеуметтік күйінің басты көрсеткіші, оның болашағы - балалардың психикасы мен мінез-құлқында ауытқушылықтар мен олқылықтар көптеп көрініс беруде. Аталған мәселелер курстық жұмыстың өзектілігін көрсетеді.

Болашағымызды рухани жұтаңдықтан, азғындықтан құтқару үшін психология ғылымының көпқырлы салаларының білімдерін жүйелі пайдалануүшін өз деңгейінде ұйымдастырылған психологиялық қызмет пен оның жеке адамның психологиялық тұрғыдан жәрдем беретін әдістері өте қажет. Сондықтан, біз курстық жұмысымызды « Психология ғылымының қазіргі таңдағы салалары мен тармақтары »деп атадық.

Курстық жұмыстың зерттеу нысаны -негізгі мектеп оқушылары.

Зерттеу жұмысының зерттеу пәні -негізгі мектептегі оқу-тәрбие үдерісі.

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты -психология ғылымының сан түрлі салалары мен тармақтарының әдіснамалық, ғылыми-теориялық негіздерін толық ашу, оқу-тәрбие үдерісіне кеңінен енгізуге ықпал жасау, негізгі мектеп мұғалімдеріне психология салаларының білімдерін тиімді қолдану жайлы әдістемелік көмек беру.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

1. Психология ғылымының салалары мен тармақтарын ғылыми теориялық тұрғыдан зерттеп, жеке-жеке сипаттама беру;

  1. Қазақстан, Ресей мен Шетелдегі психология ғылымының салалары мен тармақтарын зерттеудегі ғалымдардың көзқарастарына талдау жасау;
  2. Негізгі мектептің оқу-тәрбие үдерісінде болатын психологиялық қиыншылықтарды психология ғылымының салалары арқылы түзету жұмыстарының аса қажеттілігіне талдау жасау;

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері:

Психология ғылымының көпқырлы салалары мен тармақтары туралы философиялық ілім, диалектикалық таным теориясы, жеке тұлғаны психологиялық дамытудағы жеке тұлғалық қатынас туралы философиялық қағидалар, дидактикалық тұжырымдамалар, коррекциялық жұмыстар жүргізудегі тұлғалық-бағдарлық теориясы, оқушылардың белсенді оқу әрекетін ұйымдастыру теориясы, құндылық теориясы, ғылым мен практиканы ықпалдастыру теориясы.

Зерттеу көздері: Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы; Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы; Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты; Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қаулысы; Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» мақаласы; Қазақстан Республикасы «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын-алу туралы» Заңы; психологияның салалары мен тармақтары жайлы педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік, әдістемелік еңбектер.

Зерттеу әдістері: педагогика-психологиялық, әлеуметтік, әдістемелік әдебиеттерді зерттеу, анализ-синтез, нормативті-құқықтық және басқа да құжаттардың мазмұнымен танысу, тәжірибелер, диагностикалық және коррекциялық зерттеу әдістері, бақылау, сауалнама, мектеп құжаттарын зерттеу, математикалық-статистикалық зерттеу әдістері, алынған мәліметтерді талдау, тестілер, проективті техника.

Зерттеу болжамы : егер негізгі мектептің оқу-тәрбие үрдісінде мұғалімдер психология ғылымының салалары мен тармақтары бойынша білімдерін функционалды жүйелі қолданса, онда жеткіншектердің психикасы мен тұлғалық қасиеттері мәдени-рухани тұрғыдан дамып, қоғам талаптарына сай бәсекеге қабілетті азаматтар жетіледі.

Күтілетін нәтиже: негізгі мектеп мұғалімдері оқу-тәрбие үдерісінде психология ғылымының салалары мен тармақтары бойынша алған білімдерін жүйелі пайдаланып, қоғам қойып отырған талаптарға сәйкес жеткіншектердің функционалды сауаттылығын арттырып, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу.

Зерттеу жұмысының қ ұрылымы. Курстық жұмыс кіріспе, негізгі, тәжірибелік және қорытынды бөлімнен тұрады.

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Психология пәні, зерттеу нысаны және қазіргі таңдағы мақсат-міндеттері

Әрбір ғылымның өзіне тән зерттеу нысаны болады. Психология ғылымының зерттеу обьектісін (пәнді) бірден түсіну қиын, әрі ол-күрделі мәселе. Өйткені, психикалық құбылыстар зерттеуші адамның дүниетанымдық көзқарасына байланысты. Психологияның зерттейтін нысаны тіршілік пен өмірдің басқа құбылыстарынан ерекше. Заттар мен құбылыстар туралы адамның елесі, қабылдауы, тілегі сол заттардың өзінен ерекше болып жасалады. Сөйтіп, бірте-бірте олар адамның психикасы болып аталады. Оған психикалық әрекеттер, қасиеттер, процестер, күйлер (көңілге байланысты) тағы басқалар жатады. Мұндай процестер көзге көрінбейді. Сонымен бірге олар сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардан да ерекшеленеді. Бұл құбылыстар адамның ішкі жан дүниесіне тән.

Психология, психика деген түсініктер гректің «псюхе» - жан деген сөзінен шығады. «Логия»-ілім. Бұл ғылымның өзіндік таңбасы ( псю деп аталатын грек әрпі) . Сонымен, психология-жан туралы ілім. Ол құбылыстарды жүйелі түрде топтастырып, болмыс пен фактілерді салыстыра отырып зерттейді. Қабылдау, ес, ойлау, ерік, сезім деп аталатын тағы басқа психикалық процестер адамның ішкі жан дүниесі мен бейнелеу қасиетінің, күллі жан дүниесінің тіршілігі немесе оның сыры деп аталады. Осы орайда, біз психологияның жантану жайындағы ғылым екеніне көз жеткіземіз. Психологияның осындай анықтамасына қосымша ретінде оның үш түрлі ерекшелігі бар. Бірінші ерекшелігі-психология адамтану жайындағы ғылымдар арасында жетекші орынға ие. Мұндай ерекшелік қазіргі кезде қарқынды дамып отырған ғылыми пәннің өресі мен алдына қойған мақсат-мүддесімен байланысты. Екінші-адамның психологиялық дара өзгешеліктерін, психикалық процестердің анық-танығын айқындау үшін ХІХ ғасырдың орта кезінен бергі тәжірибелік зерттеулердің кеңінен қолданылуы. Осы ретте, психология эксперименттік ғылым деп те аталады. Үшіншісі - психологияны өзге сабақтас ғылыми пәндерден ерекшелеп тұратын жайт -бұл пәндердің дербестігі. Пәннің дербестігі адам жан дүниесінің сырларын зерттеуде ең алдымен оның заңдылықтарын жете білуді, әрбір адамның жеке басына тән ерекшеліктері мен сыр-сипаттарын даралап іздестіруді қажет етеді. Әрбір адам- өзінше бір дара дүние. Оның жан сарайына үңіліп, жүрек сырына терең бойлау, ондағы құпия жайттарды ұғыну - пән дербестігінің бір қыры. [1, 8]

Адамдар күнделікті қарым-қатынас нәтижесінде бірін-бірі бақылап, бір-бірінің мінез-құлқын, істеген ісін, қылығын, еңбек әрекетін біледі, ішкі сырларын аңғарады. Олардың сыртқы құбылыстарға бейімделуін, түрлі әсерлерге тітіркеніп, реакциялануын байқайды. Сөйтіп, бір-бірінің мінез-құлық ерекшеліктерінің өзіндік сипаттарын түсінеді. Адам психикасының сан қырлы сырларын ғылыми тұрғыда зерттеп, олардың арасындағы айырма сипаттарын, бір-біріне тигізер ықпалын, қасиет-сапаларын, жан-күйін өмір тәжірибесіне сүйене отырып ажыратады. Мұндай ерекшеліктер ұрпақтан-ұрпаққа тіл, халықтың өнер туындылары, жасаған заттық бұйымдары арқылы мұра ретінде беріліп отырады. Халық аузындағы «Сан рет естігеннен бір рет көрген артық», «Көре-көре көсем болады, сөйлей-сөйлей шешен болады», «Көз жеткізбегенді, сөз жеткізеді» деген мақал-мәтелдердің бәрі де адамның әрқилы психикалық процестер мен жан жүйесінің қызметі, сыры жайында айтылған.

Адамның өмірден көріп-білгені, естігені, өз тәжірибесінен жинақтағаны ғылымға дейінгі психологиялық білімін, түсінігін жасады. Мұндай түсініктер адамдардың табиғатпен қатынасында, айналасындағы нәрселерді танып, пайымдап, бағдарлай білуінде ерекше маңызды. Дегенмен, бастапқы түсініктер жүйесіз әрі тайыз болғандықтан, оларға сүйене отырып, адамдар арасында белгілі жүйеде тәлім-тәрбие, емдеу, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу жеткіліксіз еді. Өйткені, олар адамның психикасы мен жан дүниесі туралы тұрақты әрі дәйекті ғылыми мәліметтер бере алмайды. Ал ғылыми білім, заттар мен құбылыстар жайындағы ақиқатты танып білу, олардың сыр-сипатын түсіну мәселелері себеп-салдар принциптерін ашып көрсету нәтижесінде ғана жүзеге аспақ.

Жалпы психология-психика дамуының жалпы заңдылықтарын, оны зерттеу әдістерін, теориялық принциптерін және оның ғылыми ұғымдарының қалыптасу жүйесін зерттейді. Басқаша айтқанда, бұл ғылым-теориялықжәне эксперименттік психологиядеп те аталады. Жалпы психология-адамның танымы мен практикалық іс-әрекеттерін, түйсіну мен қабылдауын, ес пен қиялын, ойлау мен сөйлеуін, ерік-жігері мен сезім күйлерін, адамның өзін-өзі меңгеруінің жалпы заңдылықтарын қарастырады. Адамның жеке басындағы өзіндік психологиялық ерекшеліктері болып саналатын мінезі мен темпераментін, мінездегі жетекші ниет-тілектерді, қабілеті мен өнерді таңдай білуін т. б. ерекшеліктерін зерттейді. [5, 12]

Жалпы психология ғылымын зерттеу нәтижелері бұл пәннің барлық салалары мен тармақтарын дамытып отырудың ірге тасы болып есептеледі. Сондықтан бұл пәнді оқып меңгеруде мынадай негізгі үш мәселені бөліп қарастырамыз: а) психикалық процестер, ә) психикалық кейіп, б) психикалық қасиеттер немесе адамның дара психологиялық ерекшеліктері. [5, 14]

а) Психикалық процестерге, әдетте, адамның таным процестерін жатқызады. Олар - түйсіну, қабылдау (тітіркеніштердің сезім мүшелеріне тікелей әсері), ес, қайта жаңғырту процесі, қиял мен ойлау.

ә) Психологиялық кейіп көңіл-күй мен аффекттерді, зейін (шоғырлануы мен шаршауы) және ерік (сенімділік пен сенімсіздік, күмәндану) сияқты т. б. жайттарды бейнелейді.

б) Психикалық қасиеттер әрбір адамның жеке басына тән психологиялық өзгешеліктері болып табылатын темперамент, мінез, қабілет арқылы дараланады. Қоғамдық-әлеуметтік жағдайда өмір сүретін адамдардың бүкіл болмысы мен жан дүниесінің сыры олардың даралық қасиеттері болып табылатын темперамент көрінісінен, мінез-құлық ерекшеліктерінен және қабілет бейімділігінен айқын байқалып тұрады.

Материалистік ілім психикалық процестер мен ерекшеліктерді органикалық дүниенің белгілі бір даму сатысында пайда болған қасиеті деп санап, оларды бейнелеудің жоғары формасы ретінде түсіндіреді. Психиканы айналадағы обьективтік шындықтың біздің жоғары сатыда жетілген жүйке жүйемізде бейнеленуі деп таниды. Жануарлар дүниесімен салыстырғанда, адам дүниені бейнелеудің ең жоғары сатысы-санаға ие болады. Сана-тек адамға ғана тән қасиет. Адамның болмысы бейнелеудің ең жоғары сатысы - сана дәрежесіне көтерілуі, бір жағынан алғанда, оның жақсы жетілген жүйке жүйесінің қызметіне байланысты болса, екінші жағынан, адамның қоғамдағы қызметі мен еңбек тәжірибесіне байланысты.

Психика, сана-материяның ең жоғары түрде дамыған жемісі және әрекеті. Адамның обьективтік дүниені бейнелеп танып білуі сезімнен тікелей абстрактылы ойға қарай дамиды, ал ойлаудың нәтижелері өмір тәжірибесі мен қоғамдық іс-әрекет арқылы тексеріледі. Осының нәтижесінде анықталған ақиқат болмыс пен оқиғаның бейнелері біздің ақыл-ойымыз бен санамызға әсер етіп, білім қорымыз бен танымымызды жетілдіреді. Сөйтіп, адамның дүниетанымы тікелей сезімдік танып білуден абстрактылы ойға, одан әрі қоғамдық тәжірибеге ұштасып жатады. Адамның таным әрекетінің бұл жолы материалистік бейнелеу теориясы деп аталады. Ал психика мен психологиялық қасиеттердің бәрі - адамның осы дүниетанымының санада із қалдырып, белгілі фактіге айналуы. Психиканы және оның жоғары түрде дамыған сатысы - сананы, адамның дара ерекшеліктерін зерттеу мәселелері - психология ғылымының басты міндеттерінің бірі.

Қазiргi кезеңде психология ғылымы алдында тұрған теориялық жəне сан қилылығына орай үлкен қарқынмен дамуда. Психологияның негiзгi мiндетi психикалық iс-əрекеттi оның даму барысымен байланыстыра зерттеу. Соңғы он жылдықтарда психологиялық зерттеулер аймағы бiршама кеңейiп, жаңа ғылыми бағыттармен салалар дүниеге келдi. Психология ғылымының түсiнiктер қоры өзгердi, жаңа болжамдар мен тұжырымдар үздiксiз өрiстеуде, психология бұрын кезiкпеген эмпирикалық деректермен толығуда. Б. Ф. Ломов "Психологияның методологиялық жəне теориялықпроблемалары" атты еңбегiнде қазiргi заман ғылы-мының жағдайын сипаттай келе, "бүгiнгi күнде психологияның əдiснамалық проблемалары мен оның жалпы теориясын бұдан дабылай тереңдетiп зерттеудiң қажеттiгi күрт жоғарылады", - деп жазады. Психологияның зерттейтiн құбылыстар əлемi ұланғайыр. Оның iшiне күрделiлiгi əр деңгейдегi адам қалпы мен қасиеттерi, процестерi, яғни сезiм мүшелерiне əсер етушi объектiнiң қарапайым жеке белгiлерiнен бастап, жеке адам мотивтерiнiң тайталасы кiредi.

Жантану ғылымы үшiн ең маңызды мəселелердiң бiрi-зерттелушi құбылыстардың мəн-мағынасын ашып беру. Осыған байланысты əдiснамалық мəселелер туындайды.

Психикалық құбылыстардың мəнiн тануда Б. Ф. Ломов өзiнiң еңбегiнде психология ғылымының тiрек категорияларын, олардың жүйелi өзара байланысын, жалпылығын, сонымен бiрге бұл категориялардың өзiндiк дербестiкте екенiн айқындап берген. Ғалым психологияның келесi тiрек категорияларын атайды: бейнелеу категориясы, iс-əрекет категориясы, жеке адам категориясы, тiл-қатынас категориясы, сондай-ақ жалпылық мағынасына орай категория санына жататын түсiнiктер-"əлеуметтiк" жəне "биологиялық". Адамның əлеуметтiк жəне табиғат қасиеттерiнiң объектив байланыстарын, оның дамуындағы биологиялық жəне əлеуметтiк себеп-салдарлық қатынастарды айқындау ғылым мiндеттерiнiң ең бiр қиыны.

Алғашқы он жылдықтарда психологияның теориялық (дүниетанымдық) тарапы басымдау болды. Ал қазiргi кезеңде оның қоғамдағы рөлi көп өзгерiске ұшырады. Ол ендi бiлiм жүйесiндегi, өндiрiстегi, мемлекеттiк басқару, медицина, спорт жəне т. б. кəсiбi

практикалық қызметтiң ерекше саласына айналып барады. Психология ғылымының практикалық мiндеттердi шешуге араласуынан оның теориясының даму жағдайлары дабiршама өзгердi. Шешiмi психологиялық бiлiктiлiктi қажет еткен мiндеттер адамдық фактор маңызының жоғарылауынан қоғам өмiрiнiң барша тарапында əр қилы формада пайда

болуда. "Адамдық фактор" дегенiмiз əрбiр азамат тұлғаға тəн болып, олардың нақты iс-əрекетiнде көрiнiс беретiн əлеуметтiк-психологиялық, психологиялық жəне психо-физиологиялық қасиеттердiң кең ауқымы.

Бiз бұл жерде осы күнгi қоғамдық тəжiрибенiң психология алдына қойған талаптарының бəрiн талдау мiндетiн алмай (өйткенi, адам араласқан жердiң бəрiнде мың сан мiндет), бала психикасының дамуына байланысты психологияның маңызын қысқаатап өтпекпiз. Халықты бiлiмдендiру жүйесiнiң барша бөлiктерiнде (мектепке дейiнгi, орта,

жалпы бiлiм берушi, орта арнаулы, жоғары мектеп) психологиямен сабақтас проблемалар шексiз. Психикалық құбылыстардың жүйесiн түгелiмен қарапайым түйсiктен бастап, жеке адам психикалық қасиеттерiне дейiн - оларды басқарушы объектив заңдылықтарды ашуүшiн зерттеу, оқу мен тəрбиенiң теориялық негiзiн, қоғамдық мiндеттерiн, ұйымдастыру

формаларын анықтап белгiлеуде орасан маңызға ие.

Психология ғылымының қолданбалық мəнiн қоғам түсiнiп, қабылдауынан халыққа бiлiм беру мекемелерiнде кең психологиялық қызмет тармақтарын iске қосу идеясы өз қолдауын тапты. Қазiргi күнде бұл қызмет қалыптасып, дамуда, ол келешекте ғылым мен оның нəтижелерiн практикаға ендiруде дəнекер жүйе болуы кəмiл.

2. 2. Психология-көптеген салалар мен тармақтарға бөлінетін өрісі кең ғылыми пән

Қазіргі кезеңдегі психология-қалыптасудың әр түрлі сатысында тұрған және тәжірибенің түрлі салаларымен байланысқан ғылыми пәндердің тармақталған жүйесін білдіреді. Әдетте, психология салаларын жіктеудің негізгі принципі деп әрекеттегі психиканың даму принципін айтады. Сондықтан психология салаларын жіктеудің негізі ретінде адамның іс-әрекетінің сан алуан түрлерін пайдаланады. [21, 36]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны
Жалпы психологияның мән-мағынасы және оның барша ғылымдар жүйесіндегі орны
Қазіргі замандағы психологияның даму жолдары
Писхология мән-мағынасы және оның барша ғылымдар
Психологияның ғылымдар жүйесіңцегі орыны
Қазіргі заман психологиясының міндеттері
Психология ғылымының салалары
Психология ғылымының Ресейде дамуы
Психология ғылымының зерттеу әдістері мен салаларын анықтау әдістер
Психологияның құрылысы және зерттеу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz