Ойлау процесінің формалары мен тәсілдері


Кіріспе
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында білім беру жүйесінің міндеттері ретінде «жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту . . . , жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту қажет» деп айтылады [11, 5 ] .
Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандартында «Бастауыш сатыдағы оқыту мен тәрбиелеу оқу, жазу, есептеудің тиянақты дағдыларын, қарапайым тілдік қарым-қатынас тәжірибесін, шығармашылықпен өзін-өзі көрсетуді, мінез-құлық мәдениетін, жеке гигиена және салауатты өмір салтының негіздерін қалыптастыруға бағдарланған» делінген [12, 7] .
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: « . . . бастауыш сатыдағы оқу мен тәрбие оң уәжді қалыптастыруға және оқу қызметін білуге, оқу, жазу, санаудың берік дағдыларын үйренуге, тілдік қарым-қатынастың қарапайым тәжірибесіне, өзін-өзі шығармашылық тұрғыдан таныта білуге, . . . база жасайды» [13, 8] .
Білім беру саласындағы мөлшерлік-нұсқаулық құжаттарда болашақ ұрпақтың өзіндік, дербес ойлауын, шығармашылық қасиеттерін қалыптастыру мен дамытуды бастауыш сатыдан іске асыруды құптайды. Кез келген мәліметке, дерекке жан-жақты тоқталу, құбылысты, затты, оқиғаны түрліше шешім арқылы қабылдау негіздері бастауыш сыныптарда қаланады. Бұл қасиеттер өз кезегінде ғылыми ойлаудың негіздерімен тығыз байланысты.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Ата-бабаларымыздың «Тарих алдында басымызды иеміз, болашаққа қарай ұмтыламыз» секілді нақыл сөзінде де біздің зерттеу мәселеміздің негізі жатыр. Осы күнге дейін білім беру мен тәрбиелеу бойынша жинақталған тәжірибелер бүгінгі күнде де өз құндылығын жоймайды, бірақ қоғамда болып жатқан қазіргі жаңаша өзгерістер оқу-тәрбие процесін жаңаша бағыт алуын көздейді. Мұның арқасында біз өркениетті елдер қатарына қосыла алатындай қоғам бола аламыз. Бәсекелес елдер қатарына қосылмақ үшін тарихымызды ұмытпай, бәлкі оған жаңаша мағлұматтар қосылғанын қамтамасыз етуіміз керек.
Осы пікірлерді іске асыру ойлау процесінің жаңаруы нәтижесінде жүзеге асады. Бұл бағытта бастауыш сынып оқушыларының ойлау процесін жаңартудың жолдары алуан түрлі. Бүгінгі күнде ойлау процесі, ғылыми тұрғыдан ойлау, оны қалыптастыру мәселелері көптеген философтар, психологтар, педагогтар, физиологтардың зерттеу назарын тартуда. Зерттеу тақырыбымыздың мәнін ашу үшін алдымен философия, психология және педагогика сияқты ғылымдарда белгіленген негізгі көзқарастарды пайдалануды қажет етеді. Ойлау процесінің теориялық құрылымын білмей тұрып, мұғалім сабақты ұйымдастыруда белгілі дағдыларды қалыптастыруға бағытталған оның әдістемесін белгілей алмайды.
Біздің зерттеу жұмысымыз үшін психологиялық тұрғыдан ойлау процесі туралы Л. С. Выготский, П. Я. Гальперин, А. В. Запорожец, Л. М. Леонтьев, Б. Г. Ананьев, А. Р. Лурия, С. Л. Рубинштейн, Д. Н. Узнадзе еңбектері өте маңызды. Сонымен қатар, философиялық тұрғыдан А. Г. Спиркин, Д. П. Горский көзқарастарына сүйендік. Физиологиялық тұрғыдан М. Н. Сеченов, И. П. Павловтардың зерттеулері де елеулі орынға ие болды.
Ал, тікелей сыни тұрғыдан ойлау мәселесі көптеген ғалымдар мен практиктердің жұмыстарында көрініс тапқан (Ж. Пиаже, Дж. Дьюи, А. Тягло, Т. С. Воропай, С. Тулмин, С. Мирсеитова, С. Бахишева, т. б. ) .
Ойлау қабілетінің бастауышта оқыту мен тәрбие процесінде дамуын зерттеу мәселесі В. В. Давыдов, Ш. А. Амонашвили, Л. В. Занков еңбектерінде қарастырылады.
Психологиялық зертеулерде тікелей ойлау процесінің түрлері бойынша жүргізілген жұмыстарда да бейнеленген (Г. Э. Белицкая, И. Л. Зиновьева, Е. В. Конева, Л. Г. Петрова және т. б. )
Оқыту мен тәрбиелеу тәжірибесінде жүргізілген зерттеулер нәтижесінде жалпы білім беретін мектептерде мұғалімдер оқушылардың ойлау процесінің түрлері, типтері, ерекшеліктері мәселелеріне аса көңіл бөлмейтіндігі анықталды. Олар назарын белгілі пән бойынша білім беруге ғана аударады. Бастауыш сынып мұғалімдері балалардың ойлау процесін диагностикалық зерттеу әдістемелері арқылы анықтау, қорытындыларын оқу-тәрбие үдерісінде ескеру мәселесі өз деңгейінде жүргізілмейді. Нәтижесінде оқушылардың оқу сапасы төмендеп, кіші мектептегі оқу пәндеріне қызығушылығы төмендейді. Төменгі сыныптарда ойлау процесінің негіздеріне мән беріледі, алайда оны қалыптастырудың арнайы құрылымдық қасиеттері мен әдіс-тәсілдері жүйелі түрде пайдаланыла бермейді. Кейде бастауыш сынып мұғалімдері балалардың ойлау процесін қалыптастыру мақсатында шығармашылық жұмыстарды шектен тыс орындатып, соңында балалардың танымы «ғылыми ойлау» емес, «қарапайым ойлау» түрінде қалуы мүмкін. Көрсетілген өзекті мәселелердің шешімін табу үшін зерттеу жұмысымызды «Ойлаудың сезімдік таныммен және тілмен байланысы» деп атадық.
Курстық жұмыстың мақсаты -негізгі сынып оқушыларының ақыл-ой өзгешеліктері мен түрлерін ғылыми тұрғыдан негіздеу және ойлау процесін диагностикалық зерттеу әдістері арқылы айқындап, қорытындыларын оқу үдерісінде кешенді ескеру әдістемесін ұсыну.
Зерттеу міндеттері:
- Төменгі және негізгі сынып жасындағы балалардың ойлау процесі өзгешеліктерін педагогикалық-психологиялық тұрғыдан негіздеу;
- негізгі сынып оқушыларының ақыл-ой өзгешеліктерін диагностикалық зерттеу әдістемелерінің жүйесін құру;
- оқу-тәрбие үдерісінде негізгі мектеп оқушыларының ақыл-ой өзгешіліктерін диагностикалық әдіс қорытындыларын есепке алу жолдарын анықтау;
- зерттеу мәселесі бойынша әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар жасау
Зерттеу нысаны
-негізгі мектеп оқушыларының ойлау процесі.
Зерттеу пәні
-мектеп оқушыларының ойлауын диагностикалық зерттеу әдістері.
Зерттеудің ғылыми болжамы:
егер негізгі мектеп оқушыларының ойлау өзгешеліктері жайлы ғылыми теориялық мәселелер айқындалып, процесті анықтау мен дамытудың диагностикалық зерттеу әдістері тиімді қолданылса, қорытындылары бойынша коррекциялық жаттығулар жүргізілсе, онда оқушылардың рухани және дене мүмкіндіктері дамып, шығармашылық ойлау қабілетінің даму жүйесінің негізі қаланады.
Зерттеудің
әдіснамалық және теориялық негіздерін
таным, білім, оқушының және оның ақыл-ой іс-әрекеті, ойлау туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық теориялар мен тұжырымдамалар, дидактикалық тұжырымдамалар, диагностикалық зерттеу жұмыстарын жүргізудегі тұлғалық-бағдарлық теориясы, білім сапасын арттыру теориялары, ғылым мен практиканы ықпалдастыру теориясы құрайды.
Зерттеудің көздері:
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы; Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы; Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қаулысы; Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» мақаласы; жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасы, жетекші психолог, педагог, әдіскерлердің ғылыми, әдістемелік зерттеу нәтижелері, зерттеліп отырған өзекті мәселеге қатысты отандық, Ресейлік, шетелдік ғалымдардың еңбектері
Зерттеудің әдістері.
Теориялық тұрғыдан философиялық, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді талдау; диагностикалық зерттеу әдістемелері; коррекциялық жұмыстар, оқушылар мен мұғалімдер арасында сауалнама жүргізу; тәжірибе эксперимент жұмыстарын және олардың нәтижесіне баға беру; материалды сандық және сапалық тұрғыда сұрыптау, қорытындылау.
ІІ. Негізгі бөлім
- Күрделі таным - ойлау процесінің ғылыми теориялық негіздері
Қоғам шығармашылықтың өзі өнім екенін түсініп келеді. Жаңа технологияларды іс-жүзіне енгізу өндірістік және әлеуметтік өмірге жаңа мазмұн кіргізетін, болашаққа қатысты жаңа міндеттер қойып, шеше білетін шығармашылық ақыл-ой қабілеті бар адамды қажет етеді. Мемлекеттің даму барысында ақыл-ой және шығармашылық әлеуметтің рөлі орасан зор. Шығармашылық қабілетті дамыту күрделі таным процесі ойлау қызметін жетілдірумен тығыз байланысты. Баланың ойлау қабілетін дамыту мәселесі, мектеп тәжірибесінде үлкен орын алады.
Сонымен ойлау дегеніміз мәселені шешудегі толғану процесі. Ойлану-дамушы құбылыс және ол адам басында үнемі жұмыс күйінде кездеседі. Ойланудың негізгі қызметі-жұмбақ мәселелерді шешу. [6, 179] Мәселелердің шешілуі адам басында реттелініп отырады. Ой процесі көзге көрінбейтіндіктен оның дәл өзін зерттеу мүмкін емес.
Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, ес процестері жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті, әсіресе, түрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.
Ойлау дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. [1, 147 ]
Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ойлау сезімдік мағлұматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе. Елестерде жалпылағыш элементтер мол болғанмен, оның таным мүмкіндігі ойлаудан әлдеқайда төмен. Ойлаудың қамтитын шеңбері өте кең.
Адамның ойы әрқашанда сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі. Ойлау мен сөйлеу бірдей нәрсе деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес. Ой-сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғары формасы, сөз-ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал. [1, 148] Ойдың сөз арқылы бейнеленуі арқасында адам өзінен бұрынғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қала алды, ойды өмірді онан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланды.
Сөз бен ойдың бірлестігі алғашқы адамдардың психикасында да үлкен орын алған. Сөзбен ойлаудың арқасында ғана олар бірінің білмегенін екіншісі біліп, ақыл-ойын молайта түскен. Тіл мен ойдың бір-бірімен тығыз байланыста болатындығын халық өте ерте кездің өзінде-ақ байқаған. Мәселен, халқымыздың «Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түсімде» деген мақалы адамның басындағы ойы тілінен көрінетіндігін, ал тілдің өзі адам психологиясын байқататын тамаша құрал екендігін жақсы көрсетеді. Сөйтіп, ойдың дамуы адамның нақтылы іс-әрекетімен шарттас болумен қатар, оның сөйлеу мәдениетін меңгере білуімен де, сөз өнеріне жетілуімен де тығыз байланысты. Ойлау-аса күрделі психикалық процесс. Оны зерттеумен бірнеше ғылым айналысады. Бұлардың ішінде логика мен психологияның орны ерекше. Осы екі ғылымның ойды зерттеудегі әдіс-тәсілдерінде өзіндік айырмашылықтар бар. Мәселен, психология түрлі жас мөлшеріндегі адам ойының пайда болу, даму, қалыптасу жолын яғни жеке адамның ойлау ерекшеліктерінің заңдылықтарын қарастырса логика- бүкіл адамзатқа ортақ ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, ой формаларының табиғатын зерттейді. Кей жағдайда бұл екеуі бірін-бірі толықтырып ой мәдениетінің арта түсуіне көп пайдасын тигізеді. [Қосымша А]
Адам сыртқы дүние құбылыстарының сырын көбірек білген сайын оның ойлауы да жетіле түседі, қазір ойлаудың практикалық әрекетпен байланысқан сан-салалы түрлері пайда болды. Адам өз ойлауының ақиқаттығын, яғни шындығы мен құдіреттілігін, өмірге жарасымдылығын практика жүзінде дәлелдеуге тиіс. Ой амалдары мен логикалық операциялар, оларды орындаудың белгілі ережелері мен жүйесінің пайда болуы-адам ойлауының зор табысқа жетуінің, тарихи дамуының нәтижесі. Ойлау заңдылықтары мен ережелері сансыз қайталаудың және тәжірибеде тексерілудің нәтижесінде адам санасында бекіп, зор шындыққа айналды.
Ойлау адамның сыртқы дүниемен карым-қатынас жасау процесінде туындап отырады. Адам ойлауының мазмұнын билейтін-объективтік шындық. Адамға алдына мақсат койып, оны шешуге ұмтылдыратын оның қажеттері.
Ойлау - өзіндік қарама қарсы қайшылықтарға толы процесс. Бұл оның дамуының және іске асуының қозғаушы күштері болып табылады. [21, 207] Ойлаудың пайда болуында жаңа, белгісіз нәрселерге зер салып, қызығудың да маңызы зор. Әлде де белгісіз, түсініксіз нәрсені білуге деген ынтызарлық, түрлі сұрақтарға жауап іздеп, ой-әрекетімен шұғылдануға адамды итермелейді. Ойлау - сұраққа жауап қайтарудан, мәселені шешуден, оның мән-мағынасына түсіне білуден жақсы байқалады. Затты не құбылысты тұспалдап айтатын жұмбақтардан, айтыс өнерінен ой процесінің небір көріністерін байқауға болады.
Адам әркез өзінің алдына мақсат, міндет қоя білуі қажет. Бұларды басқа адам да қоюы мүмкін, өмір тәжірибесі мен білімі жеткілікті кісі алда тұрған міндетті тез аңғарады да, мәселе коя біледі, ой процесінің бағытын айқындайды. Бұдан соң мәселені шешу, яғни ойдың негізгі кезеңі басталады. Бұл адам психологиясына ерекше әсер ететін өзекті, аса мәнді кезең болып есептеледі. Ойдың кейде шындықтан ауытқитын кездері де болады. Бұл адамды шындықтағы құбылыстар жөнінде қате көзқарасқа, теріс пікірлерге де алып келеді. Қоғамдық тәжірибенің адам танымының тарихи дамуының барысында ғана бұлар біртіндеп, түзетіліп отырады. Түйсік пен кабылдауға қарағанда ойлауда қателесуге мүмкіндік бар, әйтсе де, ойлау құбылыстарының мәнін екі жақтан (теория мен тәжірибе) бірдей қарастырылып, тереңірек біліп отыратындыктан, қабылдау мен елестерге карағанда әлдеқайда жоғары тұрады. Сөйтіп, ойлау сырткы дүниені мида бейнелеудің ең жоғары формасы.
Ғылыми техникалық прогресс «ойлайтын» машиналарды дүниеге келтірді. Қазіргі есептегіш машиналар (оларды ойлайтын машиналар деп те атайды) өз жұмысының нәтижесін бағалай алады, программаланған нәрселерді үйрене де, оны жақсарта алуға да шамасы келеді. Машиналар белгілі ережелерге сәйкес мәтінді бір тілден екінші тілге аударады, сөйлеп тұрған сөзді машина тіліне, яғни кодқа айналдырады. Мәселен, осындай машина дойбы да ойнайды. Ол адамды ұтып та кетуі мүмкін. Бірақ оны үйрену қабілеті жөнінен машина адамнан аса алмайды. Машинаға қарағанда адамның оқып үйренуі әлдеқайда жеңіл. Адам өзін машинаға ұтқызбас үшін өз өнерін жетілдіріп отыруы тиіс. Машинаға тәңірдей табынатын кейбір адамдар: "алдағы жерде берін машина істейді, ол қолын қусырып, әзір асқа ие болып қарап отырады", -дегенді айтады. Бұл-сөз енжар, әрекетсіз адамның сөзі. Машинаның алдына арнайы міндет қойып оған бағдарлама беретін - адам. Осы міндетті қоя білу үшін адамға мол білім қажет. Машинадан «ақыл» үйренуге болмайды, онда «ақыл» жоқ. Есептегіш машинаның құндылығы - адамның оны дұрыс пайдалана білуіне байланысты. Бұл үшін адамға өз ойлауын үнемі жетілдіріп отыру қажет. Екінші жағынан, машина да адамның ойлау қабілетінің дами түсуіне, оның психикасының шыныға түсуіне жағдай жасайды. Әрқашанда идеяның иесі болумен бірге, машинаға тәуелді болып қалмау жағын да қарастырып отыру - адамның алдында тұрған ең басты міндет. Сөйтіп, есептегіш машиналар қанша «ақылды» болғанымен адам ойлауына пара-пар келе алмайды, адам ойлауы, оның барлық психологиялық қасиеттері өз қасиеттерін мәңгі-бақи сақтап қалады.
Ойлау- аса күрделі психикалық процесс. Оны зерттеумен бірнеше ғалым айналысады. Бұлардың ішінде логика мен психологияның орны ерекше. Осы екі ғылымның ойды зерттеудегі әдіс-тәсілдерінде де өзіндік айырмашылықтар бар. Мәселен, психология түрлі жас мөлшеріндегі адам ойының пайда болу, даму, қалыптасу жолын, яғни жеке адамның ойлау ерекшеліктерінің, заңдылықтарын қарастырса, логика- бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекетінің заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, дәлел, ой формаларының табиғатын зерттейді. Кей жағдайда бұл екеуі бірін-бірі толықтырып, ой мәдениетінің арта түсуіне көп пайдасын тигізеді.
Ойлаудың физиологиялық негіздері И. П. Павловтың бірінші және екінші сигнал жүйесі жөніндегі іліміне байланысты түсіндіріледі. [7, 185] Ойлау-ми қыртысының күрделі формадағы анализдік-синтездік қызметінің нәтижесі, мұнда екінші сигнал жүйесінің уақытша жүйке байланыстары жетекші рөл атақарады. Екінші сигнал жүйесінде жүйке қызметінің өз алдына дербес заңдары бар деуге болмайды. Сигнал жүйелерінің мидағы заңдылықтары бірдей. Бірақ, олардың айырмашылықтары мынада: егер бірінші сигнал жүйесіндегі реакциялар нақтылы құбылыстарға байланысты туса, екінші сигнал жүйесі оларды жалпылап отырады.
- Ойлау процесінің формалары мен тәсілдері
Ойлау әрқашан анализ және синтез процестерінен басталады [7, 189 ]
Ойлау - түйсік пен қабылдаудағы анализ бен синтездің жаңа мазмұнға ие болған түрі . Анализ дегеніміз ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу. Синтезде ой арқылы заттың құбылыстық барлық элементтері біріктіріледі. Анализ мен синтез - бірімен-бірі тығыз байланысты, бірінсіз-бірі болмайтын құбылыс. Бұл екеуі - бірінен-бірі ешқашан ажырамайтын ой процесінің негізгі компоненттерінің бірі. Кез келген сұраққа жауап табу, қандай болмасын бір мәселені шеше алу, анализ бен синтездің түрлі қиысуларын қажет етеді. Мәселен, мылтықты жеке бөліктерге ажыратсақ бұл - анализ (талдау) болады да, кейіннен осы бөліктерді белгілі тәртіппен құрастырсақ синтез (топтастыру) болады. Балаларды оқу, жазу, есептеу және т. б. дағдылардың қалыптасу жолы да осы анализ, синтез операцияларының принциптеріне негізделген. Адам ойлауына анализ бен синтездің дәрежесі түрлі жағдайларға байланысты (жас, білім, тәжірибе және т. б. ) әр қилы көрініп отырады. Мәселен, бөбектің қағазды екіге бөлуі де, Эйнштейннің салыстырмалы теориясы да анализге жатады. Бірақ бірінен екіншісінің айырмашылығы жер мен көктей. Бөбектің қағазды екіге бөлуінде анализ практикалық амал ретінде көрінсе, Эйнштейннің салыстырмалы теориясында анализ теориялық ой тәсілі ретінде көрінеді.
Анализ бен синтездің негізінде салыстыру деп аталатын ой операциясы пайда болады. Салыстыруда заттардың ұқсастық, айырмашылық, қасиеттері айқындалады. Бұл операция салыстыратын заттардың бір түрлі белгілерін көрсетумен қабат басқа белгілеріндегі айырмашылықтарын да айырып көрсетеді. Мәселен, заттарды оның түсіне, түріне, құрылысына атқаратын қызметіне қарай салыстыруға болады. Ойлау операциясының күрделі түрі - абстракция мен жалпылау. [Қосымша Ә ]
Шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракция дейді. Мәселен, квадрат, трапеция, параллелограм деген сөздерді «төрт бұрыш» деген сөзбен белгілесек соңғысы абстракция болады. Сондай-ақ бор, қар, қант секілді заттардың ортақ қасиеті ретінде «ақшыл» деген сөзді алсақ бұл да абстракциялық ұғымға жатады.
Абстракцияға қарама-қарсы процесті нақтылау деп атайды. Нақтылау - абстракциялық ұғымды соған сәйкескелетін жеке ұғымдармен түсіндіру яғни жеке заттар мен нәрселер туралы ой. Мәселен, жылқы деген жалпы ұғымды құлын, тай, құнан, дөнен, айғыр, бие деп бөлетін болсақ, мұңдағы жылқының жеке түрлері нақтылауға мысал бола алады. Нақтылау абстракцияға қарағанда ұғымды көрнекі етіп түсіндіруге мүмкіндік береді. Жеке мысал, көрнекті құрал- нақтылаудың түрлі формалары.
Жалпылау дегеніміз бір текті заттардың, құбылыстардың ортақ қасиеттерін оймен біріктіру. Жалпылау үшін заттардың ерекше маңызды белгілерін таба білу крек. Мәселен, алма, өрік, мейіз, алмұрт және т. б. ұқсас белгілері жиналып келіп «жеміс» деген жалпы ұғымды береді. Жалпылау тәсілі бізге сыртқы дүние заттарының мәнді белгілерін ажырата алуға жәрдем береді, өйткені «…. ең қарапайым, қорытынды жасалуы, ұғымдардың бастапқы және ең қарапайым пайда болуы - дүниенің барған сайын неғұрлым терең объективтік байланысын адамның тануы деген сөз».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz