Мінез құрылымындағы қасиеттер


Мазмұны:
I Кіріспе . . . 3-4
II Негізгі бөлім
Мінез процесі және оның физиологиялық негізі . . . 5-7
Бастауыш сынып оқушыларының мінезінің құрылымы мен
қасиеттері . . . 8-16
Төменгі сынып оқушыларының мінез саласындағы
даралық ерекшеліктері . . . 17-21
12 жылдық білім беру жағдайында бастауыш сынып оқушыларының мінезін диагностикалық зерттеу әдістері . . . 22-27
III Тәжірибелік бөлім
Кіші мектеп оқушыларының мінез бітістері мен типтерін диагностикалық анықтау әдістері . . .
IV Қорытынды бөлім . . . 37-41
Жоспары:
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
2. 1. Мінез процесі және оның физиологиялық негізі
2. 2. Бастауыш сынып оқушыларының мінезінің құрылымы
мен қасиеттері
2. 3. Төменгі сынып оқушыларының мінез саласындағы даралық ерекшеліктері
2. 4. 12 жылдық білім беру жағдайында бастауыш сынып оқушыларының мінезін диагностикалық зерттеу әдістері
III Тәжірибелік бөлім
3. 1. Кіші мектеп оқушыларының мінез бітістері мен типтерін диагностикалық анықтау әдістері
IV Қорытынды бөлім
І. Кіріспе
Білім берудің жаңа бағыттарының басты ерекшелігі- оқытудың нәтижесін алдын-ала болжап, мұғалімдердің қызығулары мен ізденімпаздығы негізінде білімі мен біліктерін жетілдіріп, оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері мен шығармашылық қабілетін дамытуға және рухани толысуға ұмтылысын қалыптастыруды бағдар тұтуы. Бұл бағдарлар әрине, білім беру саласындағы мөлшерлік-нұсқаулық құжаттардың мақсат-міндеттерінде көрініс тапқан.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында « Бастауыш жалпы білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары баланың жеке басын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң талпынысы мен алғырлығын: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған » делінген.
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасында « Бастауыш мектептің негізгі мақсаты-баланың тұлғалық қалыптасуын, оның қабілеттерінің тұтастай дамуын қамтамасыз ету » деп айтылған.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында « Бастауыш мектептің негізгі міндеті-баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту » деп көрсетілген.
Кіші мектеп оқушысы тұлғалық ерекшеліктерінің құрамына ең алдымен мінез-құлық қасиеттері, типтері енеді. Оны қалыптастырып, дамыту үшін мұғалімдер кәсіби қызметінде диагностикалық зерттеу әдістемелерін оқу-тәрбие үдерісінде жүргізіп, нәтижелерін есепке алуы қажет. Сол себепті, біз курстық жұмысымызды аталған негізгі мәселеге арнап «Бастауыш сынып оқушыларының мінезін анықтау мен диагностикалық зерттеу әдістемелері» деп атадық.
Тақырыптың көкейтестілігі. Қазіргі кезде көптеген мұғалімдер барлық оқушыларға оқу-тәрбие үдерісінде бірдей талаптар қойып, оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттеріне мән бере бермейді. Соның нәтижесінде оқушылардың оқу сапасы төмендеп, оқуға деген қызығушылығы, ынта-ықыласы төмендейді. Нәтижесінде жағымсыз мінез-құлықты, қиын балалар, агрессия пайда болады. Міне, сол себепті де бастауыш сынып мұғалімдері балалардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеруі қажет.
Курстық жұмыстың зерттеу обьектісі - бастауыш сынып оқушылары
Зерттеу пәні -бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үдерісі, мұғалімдердің психодиагностикалық қызметі.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты -мектеп оқушыларының мінез-құлық белгілерін, түрлерін, типтерін ғылыми-теориялық негіздеу және мінезді анықтаудың диагностикалық зерттеу әдістемелерін, қорытындыларын шығару жолдарын мектеп мұғалімдеріне ұсыну, насихаттау.
Күтілетін нәтиже:
- Мектеп оқушыларының мінезі, мінез акцентуациясы сипаттамасы, түрлері, типтерінің ғылыми негіздемесі;
- мінез -құлық типтері мен түрлерін анықтау диагностикалық әдістемелері;
- мұғалімдердің кәсіби сапалы диагностикалық қызметі.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы; Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы; Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту бағдарламасы; Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінің 2006-2011 жылдарға арналған кешенді тәрбие жұмысының бағдарламасы; Қазақстан Республикасы «кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын-алу туралы» Заңы; Қазақстан Республикасы Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы; бастауыш сынып оқушыларының психологиясы, мінез-құлық, оларды диагностикалау әдістері жайлы педагогикалық, психологиялық, әдістемелік еңбектер.
Зерттеу әдістері: диагностикалық зерттеу әдістері, педагогика-психологиялық, әлеуметтік, әдістемелік әдебиеттерді зерттеу, анализ-синтез, нормативті-құқықтық және басқа да құжаттардың мазмұнымен танысу, , бақылау, сауалнама, мектеп құжаттарын зерттеу, математикалық-статистикалық зерттеу әдістері, алынған мәліметтерді талдау, тестілер.
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Мінез процесі және оның физиологиялық негізі
Мектеп оқушыларының тұлғалық ерекшеліктерінің құрамына мінез-құлық енеді.
Әр адам сыртқы дүниенің сансыз тітіркендіргіштеріне өз әлінше түрліше жауап қайтарып отырады. Бұл жауап реакциялары оның сыртқы дүниемен қалайша қатынас жасайтынын көрсетумен қатар, біртіндеп, беки келе, сол адамның үйреншікті әдетіне, мінез-құлқының мәнеріне айналады. Сөйтіп, әр адамда әр түрлі мінез бітістерінің болуы оның сыртқы ортамен түрліше қарым-қатынас жасауының нәтижесі болып табылады.
Адамның сыртқы ортамен байланысуы үшін жасайтын осындай қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды.
Әрбір адам басқа адамдардан өзінің даралық өзгешелігімен ерекшеленеді. Бұл орайда, адамдар мінез ерекшеліктеріне орай ажыратылады. « Мінез» деген психологиялық қасиеттің төркіні гректің «характер» деген сөзінен шыққан. Мәнісі - із қалдыру. Психологияда бұл- дербестік мағынасы бар адамға байланысты ұғым. (1, 102)
Мінез- әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. (1, 102)
Мінездің қасиеттері мен ерекшеліктері әркімде әрқилы жағдайда байқалып, адамның сол жағдайларға қатынасын білдіреді. Мінез ерекшеліктері- адамның даралық өзіндік психикалық қасиеттері. Дегенмен, адам бойындағы ерекшеліктердің бәрі бірдей, мысалы, естудің нәзіктігі, көздің көргіштігі, есте сақтаудың шапшаңдығы, ақыл- ойдың тереңдігі мінез ерекшеліктеріне жатпайды.
Адам мінезінің көріністері әрбір жеке жағдайда, оның оқиғаларға қатысуынан аңғарылады. Адамның іс-әрекет сапасы сол іске деген қатынасымен қатар ерік- жігеріне, көңіл- күйіне, зейініне, ақыл- ойына да байланысты болады. Соның нәтижесінде адамның әр алуан психикалық процестері оның іс- әрекет түрлеріне ықпал етіп, адамның ақыл- ойын, көңіл- күйін, эмоциясын, ерік- жігер қасиеттерінің ерекшеліктерін айқын аңғартады.
Адам мінезінің даралық ерекшелік екендігін ғылым тарихында тұңғыш рет сипаттап жазған- ертедегі грек философы Теофраст ( б. з. д. 4-3 ғ) . Бірақ, ол мінезді адамның адамгершілік сапасына тән қасиет дейді. Лабрюйер де ( 18ғ) «Теофраст мінездері» деген еңбегінде мінезді осы мағынада қолданған. Алғашқы кезде мінез адамның әлеуметтік- адамгершілік ерекшеліктерін білдірген. Бұл- әрине, темпераментке кері анықтама. Өйткені, темперамент- адам туа пайда болатын генотипті организм қасиеті. Осы көзқарасқа орай, мінез- адамның туа пайда болатын фенотипті ерекшелігі.
Он тоғызыншы ғасырда француз ғалымы А. Бен мінезді тек психологиялық ерекшелік, дара адамның ақыл- ойы мен сезімінің және ерік ерекшеліктерінің қасиеті деп санады. Т. Рибо мінезді сезім мен ерік ерекшелігі десе, ал орыс медигі әрі педагог П. Ф. Лесгафт ерік қасиеті деді.
И. Кант мінезді темпераментпен салыстыра отырып, оны адамда жүре пайда болатын қасиет деп анықтады. Сондай-ақ, ол адамның даралық қасиеттеріндегі туа пайда болатын ерекшеліктер мен жүре пайда болатын ерекшеліктерді бөліп көрсетеді. Т. Рибо мінезді адамда туа пайда болатын икемделу десе, ал Малапер, Фулье т. б. мінездің пайда болумен қатар жүре пайда болатын ерекшеліктері де бар дейді. Полан мінездің барлық сипаттары адамның тіршілік жағдайымен байланысты деген пікір айтады. Сонымен, мінез жөніндегі осындай екі түрлі көзқарас қазірге дейін өзара талас- тартыс туғызып келеді.
Ұлттық мінез. Ұлттық мінез адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі мен ірі топтары болып саналатын этностың, ұлттың, халықтың өмір тіршілігі мен әлеуметтік жағдайының тұтастығы арқылы танылады. Әрбір халық пен ұлттың, этностың өзіндік мінез- құлықтарының ерекшеліктері болатындығы- тарихи шындық және объективті фактор. Қазақ халқының түркі тектес өзге халықтардан ерекшеленіп тұратын өзіндік сипат- қасиеттері бар. Ыбырай Алтынсарин еңбектерінде өз халқының мінез- құлқына тән бірсыпыра қасиеттерді атап көрсеткен-ді. Оның анықтауынша, қазақ халқына қарапайымдылық пен кішіпейілділік, ашық- жарқын көңіл мен кеңпейілділік, өзге нәсілді адамдарға деген достық және сыйластық көзқарас, қонақжайлылық пен пайымшылдық сияқты қасиеттер тән. Сондай-ақ, олардың бойында өзге де мінез- құлық сипаттары бар. Бұл орайда, қазақтардың өз жері мен Отанына, туған еліне деген шексіз сүйіспеншілігі, мал шаруашылығымен айналысуға икемділігі, меймандостығы мен балажандығы, өмірдің қиыншылықтары мен әділетсіз істерге төзімділігі, сөз өнерін ардақтауы, шешендік қабілеті, еңбексүйгіштігі мен шыдамдылығы олардың жалпы ұлттыққасиеттері болып табылады. Әрбір ұлт пен ұлысқа, этнос пен тайпаға тән қасиеттердің жай- жаспары - әлеуметтік психология саласы - этникалық психологияның зерттейтін төл пәні.
Адамның мінез- құлқының өзгеріп отыруына әлеуметтік жағдайдың үнемі ықпал етіп, оның жаңа сапаларын қалыптастырып отыратындығы ғылыми тұрғыдан анықталған тарихи шындық және объективтік фактор.
Мінездің физиологиялық негізі. Динамикалық стереотип және мінез. Адам мінезіндегі әрбір ерекшелік белгілі жағдайларға сәйкес көрініс береді. Мұндай ерекшеліктердің өзіндік физиологиялық механизмі бар. Сондай механизмдердің бірі- динамикалық стереотип- жүйке жүйесінің таптаурын болып қалыптасатын қызметі. Бұл- жоғары жүйке қызметіндегішартты рефлекстердің жасалу жүйесі. Ол үнемі болып отыратын шартты тітіркендіргіштердің жүйелі түрдегі қызметіне байланысты. Динамикалық стереотип осы тітіркендіргіштерге белгілі бір жағдайға байланысты реакциялар беріп, әсерленіп отырады. Бұл құбылыстың мәні нақты жағдайдың өзгеруіне сәйкес орталық жүйке жүйесінде әрқилы қалып пайда болуында.
Адам мінезінің физиологиялық негізін ашып көрсетуде ерекше орын алатын жайт- жоғары жүйке қызметінің типтеріндегі ауыспалы құбылыс. (3, 303) Осы орайда, И. П. Павлов қандай сигнал жүйесінің басым екендігіне қарай адам мінезінің типтерін мынадай үш түрге бөледі: 1. Ойшыл тип-бұл, негізінен, сөзбен байланысты екінші сигнал жүйесі рефлекторлық қызметінің басымдылығы. 2. Көркем тип- бірінші сигналдық шартты рефлекстің басымдылығы. 3. Орташа тип- мұнда екі сигнал жүйесінің бір де бірі басымдық басымдық көрсете алмайды. Адамдардың көпшілігі осы орташа типке жатады. Адам мінезінде бұлардан басқа ерекшеліктерінің пайда болуына әсер етіп отыратын арнайы типтердің болуы ықтимал. Темпераменттеріне сәйкес әр түрлі типтегі адамдардың еңбексүйгіштігі мен әрекетшілдігі де түрліше болып келеді.
2. 2. Бастауыш сынып оқушыларының мінезінің құрылымы мен қасиеттері
Мектеп оқушыларының мінезінің құрылымы әрқилы қасиеттер жиынтығынан тұрады. Дегенмен, кейбір мінез ерекшеліктері бір- біріне тәуелді, өзара байланысты болып келеді. Міне, мінездегі осындай әр түрлі қасиеттерден құрылған біртұтас бірлікті мінез құрылымы дейді. (1, 105) Ал, мінездегі өзара байланысты психикалық қасиеттердің жүйесі симптомкомплекс не факторлар деп те аталады.
Мінездегі қасиеттер жүйесі. Психология ғылымында мінез топтастырылып, оның қасиеттері мынадай төрт түрлі жүйеге бөлініп қарастырылады. Ондай қасиеттер адамның әр алуан нәрселерге қатынас ерекшеліктерін көрсетеді. 1. Мінездің еңбекке байланысты қасиеттері: еңбексүйгіштік, адалдық, еңбекке жауапкешілікпен қарау, жаулқаулық, немқұрайдылық т. б. 2. Ұжымға, адамдарға қатысты қасиеттер: қайырымдылық, сергектік, талап қоюшылық, асқақтық, менсінбеушілік. 3. Өзіне- өзінің қатынасы: өркөкіректік, даңғойлық, тәкаппарлық, мақтаншақтық, өзімшілдік, қарапайымдылық, кішіпейілділік. 4. Заттарға қатынасы: ұқыптылық, салдыр- салақтық, заттарды ұстап- тұтуы мен ұқыпсыздығы т. б. (1, 105)
Мінез құрылымындағы қасиеттер. Мұндай ерекшеліктер адамның азаматтық қасиеттерін көрсететін негізгі және өзекті сипаттар болып табылады. Олар- адамның қоғамдық қарым- қатынасы және әлеуметтік- типтік ерекшеліктері. Ал мінез құрылымының қасиеттеріне мынадай крекшеліктер жатады: 1. Мінездің тереңдігі. Бұл қасиет адамның қоғам талаптарына орай көпшілікке, ұжымға, еңбекке деген қатынасын білдіреді. 2. Адамның жеке басының ерекшелігі, белсенділігі. Бұл қасиет- мінездің күші. Осыған орай адам жақсы, мықты, тұрақты және нашар мінезді болып бөлінеді. 3. Мінездің тұрақтылығының, ауытқымалығы мен бейімделгіштігінің ерекше мәні бар. Мұндай адамдар әрқилы қиыншылықтарға ұшырағанда табандылық, төзімділік пен бейімделгіштік көрсетіп, мінезінің күшін аңғартады.
Нәсілдік және мінез. Әрбір тарихи кезеңдегі психологтар мінездің әрбір адамда түрліше болуы олардың нәсілдік тегіне байланысты, оның көп қасиеттері нәсіліне ұқсап туа пайда болады деген көзқарасты қуаттап, оның темперамент қасиеттерінен айырмашылығы жоқ дейді ( Э. Кречмер, У. Шелдон) . Шындығында да, организмде туа пайда болатын нәсілдік қасиеттің адам мінезіндегі қасиеттерге әсер ететіні сөзсіз. Дегенмен, мінез қасиеттері нәсілдік биологиялық заңдылықтар емес, қоғамдық заңдылықтар арқылы анықталады.
Мінездің нәсілдік тұрғыдан қарастырылуы егіздерді зерттеу нәтижелері арқылы теріске шығарылады. Өйткені, бір тұқымнан тараған егіз балалардың нәсілдік ерекшеліктері бірдей. Ал темпераменті жөніне олар бірінен- бірі бөлек Үлкейіп, есейген сайын мінез ерекшеліктері де өзгере береді. Адам туа өтірікші не жалқау болып тумайды. Ол әлеуметтік ортаға, өмірдегі жағдайға қарай өзгереді. Мінездің өмір тіршілігіне тәуелді екендігі оның физиологиялық негізі- жоғары жүйке жүйесіндегі шартты рефлекстердің қызметіне байланысы арқылы да дәлелденеді.
Мінездің қалыптасу заңдылықтары. Мінездің жекелеген қасиеттері адамзаттың сыртқы ортамен және өзге адамдармен қарым- қатынасынан байқалады. Ал оның азаматтық қарым- қатынасы қоғамдық қатынастар негізінде қалыптасады. Адамның өз материалдық мұқтаждықтарын қамтамасыз етуі, жұмыссыздығы не болашаққа сенімі мен сенімсіздігі, әлеуметтік теңсіздік- мұның бәрі де адам мінезінде терең із қалдырады. Сөйтіп, әрбір адамның мінез- құлқының сипатына әсер етеді.
Мінездің өзіндік ерекшеліктері отбасында қалыптасып, дамиды. Үйде дара болып өскен немесе жасы бойынша түрлі кезеңдегі балалардың мінез ерекшеліктері де қилы- қилы. Отбасында керіс- жанжал, дау- дамай жиі болып тұрса, балалардың мінез- құлықтарының қалыптасуына кері әсері тиеді. Сондай- ақ, балабақшада тәрбиеленген бүлдіршіндердің өзара қарым- қатынастары да олардың мінез- құлқының кейбір ерекшеліктері мен қасиеттерінің қалыптасуына сөзсіз әсер етеді.
Мінез және темперамент. Мінез бен темпераменттің өзара байланысы олардың физиологиялық негізі арқылы анықталады. Жүйке жүйесінің типтері адамның іс- әрекеттерінен, мінез ерекшеліктерінен анық байқалады. Мысвлы, сангвиник адам басқалармен қарым- қатынаста әңгімені бірінші болып бастайды, ал флегматик мұндайда өзін- өзі тежеп, әңгімені тыңдауға ықыласты болады. Сангвиниктер бөтен адамдармен әңгімелесіп, тез танысып кетеді де, бұрынғы таныстарын шапшаң ұмытады. Ал флегматик адам мұндайда өте баяу, самарқау болады. Адам мінезіндегі осындай көріністер оның динамикалық ерекшелігі немесе қозғалғыштық қасиеті деп те аталады. Мұндай ерекшеліктер темперамент қасиеттеріне негізделеді. (14, 79)
Мінездегі темпераменттің рөлі басқаша жағдайларда да көрінеді. Осы ерекшеліктерден біз жүйке жүйесінің типтері шартты рефлекстердің жасалу- жасалмауына қалайша әсер ететінін байқаймыз. Ал шартты рефллекстер жүйесі мінездің физиологиялықнегізі екендігі мәлім. Сөйтіп темпераменттер адам мінезінің ұнамды қасиеттері мен ұнамсыз жақтарының дамуына да ықпал етіп отырады. Мысалы, сыртқы жағдайдың қолайсыздығы арқылы холерикке қарағанда меланхоликті оп- оңай қорқақ етуге болады. Ал қолайлы жағдайда керісінше холерикті меланхоликке қарағанда батыр ету оңайырақ.
Мінез бен іс-әрекет. Әлеуметтік жағдай мен тәлім- тәрбие ісі және олардың өзара ұштастығы адамның психикалық ерекшеліктеріне, мінез қасиеттерінің дамып, қалыптасуына әр алуан әрекеттері арқылы әсер етеді. Түрлі іс- әрекеттердің жүзеге асуы адам мінезіндегі қылықтар мен икемділіктерге байланысты. Өйткені, адам қимыл үстінде түрлі қиыншылықтарға ұшырап, оларды қалайда жеңіп шығудың тәсілдерін іздестіреді. Бұл жайттар адам мінезіндегі ұнамды қасиеттерді дамытып, тұрақтандырады.
Мінездің ұнамды қасиеттері автоматталған әрекет- дағдыға айналады. Дағдылар әрқилы істерге жаттығу, төселу нәтижесінде қалыптасады. Мұндай дағдылар адам мінезіндегі саналы әрекеттер мен белгілі істерді орындауға бағытталған мақсатты көрсетеді. Сөйтіп, ол өзінің еңбек әрекетінің жемісін сезіп, өз көзімен көреді, оған қанағаттанады, бойындағы күш- қуаты мен қабілетіне деген сенімі артады. Мысалы, сабаққа ұқыпты оқушы емтихандарды ойдағыдай тапсырады. Оқыған пәндерін жүйелі меңгереді. Жолында кездескен кедергілерді жеңіп, елеулі табыстарға қол жеткізеді. Осындай әрекеттер бара- бара адам мінезіндегі ұнамды қасиет болып қалыптасады да, оның қайрат- жігерін шыңдайды.
Типтік мінездің кейбіреулері:
1) Отансүйгіштік кісінің бойындағы күш- қуатын, білімі мен тәжірибесін халық мүддесіне оның игілігіне яғни адамның кір жуып- кіндік кескенжеріне білдіретін перзенттік борышы- оның кісілігін танытатын ерекше асқақ сезім. Әр заман ғұламалары адамның осынау қасиетін қастерлеп, сөздерінің небір дәмді, ой түйіндерін осыған бағыштаған. Мәселен, М. Әуезов: «Алтын анам, Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенің іркер күшім жоқ» десе, В. А. Сухомлинский: « Отан өз бесігің өз үйің . . . өз бесігіңді ұмыта көрме», Баубек Бұлқышев: « Адал адам Отанын сүйеді. Адал ақ жүрекке Отан анасындай . Отанның дегенін істеу- қуаныш, мақтаныш» деген ғой. Тағы да ақыл- ой заңғарларын тыңдап көрейікші: «Адам жүрексіз өмір сүре алмайтын болса, Отансыз да өмір сүре алмайды» (К. Г. Паустовский), «Отансыз бақыт жоқ, кім- кімнің де тамыр жаяр топырағы туған жері» (И. С. Тургенев)
Отан, отаншылдық қасиет туралы тебіренгендегі қаздауысты Қазыбек бидің: «Алтын ұяң- Отан қымбат . . . туып өскен елің қымбат, кіндік кескен жерің қымбат» деп келетін аталы сөздерін де қалай еске алмассың! «Қазақстан- біреулердің қазақтарға таратуы емес, олардың тарихи отаны» (Н. Назарбаев), олай болса, осы жерді жан- тәнімен сүйетіндер де, оны көздің қарашығындай қорғап сақтайтын да алдымен қазақ халқы. Біздің ата- бабаларымыз сонау Алтайдан Атырауға, Еділ мен Жайыққа дейінгі ұланғайыр мол жерді талай ғасырлар бойына басқыншы жаудан қалай қорғап, тәуелсіздігімен бостандық жолында шыбын жанын пида еткені белгілі. Сондықтан да біздер халқымыздың хас батырлары Қабанбай мен Бөгенбайды, Исатай мен Махамбетті, Кенесары мен Наурызбайды, Қасымхан мен Абылайханды қадір тұтып, қастерлейміз, олардың халқы үшін қалтқысыз қызмет еткенін үлгі- өнеге етіп, осындай ата- бабаларымыздың болғанын мақтан етеміз. Туған жерді, атамекенді сүю жеткіліксіз, оны қажет болған жағдайда қорғай білуіміз де қажет. Өйткені кез- келген егеменді мемлекет сияқты, Қазақстан өзінің қорғаныс қабілетін сақтауды маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі әрі оның бүкіл халқының ісі деп санайды. « . . . Біздің басты мақсатымыз- Қазақстанның егемендігі мен территориялық тұтастығын сақтау» (Н. Назарбаев) . Өз қарулы күшіміздің болуы, оның алдыңғы санында ер азаматтардың, әсіресе, қазақ жастарының тұруы, бір кісідей ынтымақтықпен топтасуы- ата заңымызда көрсетілгендей қасиетті борыш, перзенттік парыз екендігін еш уақытта да естен шығаруға болмайды. Отаншылдық- атамекенге деген сүйіспеншіліктің негізгі мазмұны, имандылық пен кісіліктің басты белгісі, басты өлшемі.
2) Мақсаткерлік (мақсатқа талпынушылық) - бұл адамның өз мінез- құлқын көздеген мақсатына алаңсыз бағыштауы, мұны өзінің ұстаған бағыт- бағдар позициясына, танымы мен сеніміне, асыл арманына бағындыра алуы. Алдағы мақсатынан ауытқу, бос белбеулікке салыну- ар- намыс пен ожданға сиыспайтын қасиет. Мақсаткерлік- тек бір іспен өнебойы шұғылдану, онымен ылғи да әуре болып жүру емес. Бұл соны қайткенде де орындап шығуға мықтап берілу, бір істі нәтижелі етіп тындыру. Мұндай кісі өзіне жүктелген тапсырманы да мүлтіксіз, сапалы етіп орындап шығуды жан- жақты ойластырады осы жолда творчестволық белсенділік көрсетеді, әрбір ісін түпкі көздеген мақсатымен байланыстырып отырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz