Шығарма тілінің көркемдігін анықтау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1.Жароков - эпик
ақын ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..5
1.1 Т. Жароковтың әдебиетте алатын
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Т.Жароковтың эпикалық туындылары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.3 Өлеңдерінің құрылысы мен
талдануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .26
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 28

Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Көрнекті қазақ ақыны Тайыр Жароков
болатын. Ақынның алғашқы өлеңдері “Аэроплан”, “Күлімдейді күміс күн де”
1927 — 1928 жылы жарияланды. Бірінші өлеңдер жинағы 1932 жылы “Жұлдыз
жарығы” деген атпен басылып шықты. Әр жылдарда “Нефстан”, “Мотор жыры”,
“Күн тіл қатты” (1934), “Мұз тұтқыны” (1935), “Тасқын” (1937, 1949),
“Нарын” (1935), “Тастағы жазу” (1940), ”Бақыт жырлары”, “Жапанды орман
жаңғыртты” (1949), “Қырда туған құрыш” (1954, 1955, 1956), “Жыр қанаты”
(1956), “Құмдағы дауыл” (1958), “Тау жырлайды” (1962), “Теңіз баласы”
(1963), “Тасқынға тосқын” (1965), т.б. кітаптары жарық көрді. Ақынның
таңдамалы шығармаларының 1958 — 1959 жылы екі томдығы, 1972 — 1975 жылы
төрт томдығы және 1951 — 1978 жылы бір томдығы басылды. Жароков, әсіресе,
саяси-әлеуметтік лириканың шебері. Ақын поэзиясына өмір жаңалықтарын дер
кезінде көре біліп, оны публицистикалық леппен, романтикалық сезіммен
шабыттана жырлау тән. “Күн тіл қатты” поэмасында кеңес ұшқыштарының 1934
жылы 22 км биіктікке көтеріліп, дүниежүзілік рекорд жасаған ерлігін
романтикалық қуатпен шаттана жырлады. “Тасқын” поэмасында 1921 жылы
Алматыда болған су тасқынын суреттей отырып, қарапайым жастардың бейнесін
типтік дәрежеде жасай білді. Ақын бұл тақырыпқа кейін қайта оралып,
“Тасқынға тосқын” (1965) поэмасын жазды. Бұл шығармалар тек Жароков
шығармашылығының ғана емес, қазақ поэзиясының елеулі табысы ретінде
бағаланды. 1940 жылы жазылған “Нарын” поэмасында ақын тарихи өлкенің өткені
мен бүгінгісін салыстыра отырып жыр төгеді. “Қырда туған құрыш” поэмасы
Қазақстан Магниткасы — Теміртауға арналған. Ақын қазақ өлеңі өрнегіне
өзіндік өзгерістер әкеліп, жаңашыл ақын атанады. Жароков аудармашылық
өнермен де айналысты.
Тақырыптың өзектілігі: Әдебиет пәні-оқушыны тұлға ретінде
тәрбиелейтін, олардың азаматтық көзқарастарын, дүние танымдарын, ой
еркіндігін қалыптастыратын бірден-бір пән. Ақын-жазушылардың
шығармашылықтарын оқытуда, сол кездегі тарихи, әлеуметтік жағдайға,
қоғамның дамуына тоқталмай кету мүмкін емес. ХХ ғасырдың 70 жылдары
әдебиетке келіп талайларды мойындатқан Тайыр Жароков шығармашылығын оқытуға
бір кездері баса көптеп көңіл бөлінді.
Кеңес одағы кезеңінде өмір сүрген белгілі қаламгердің көптеген
туындыларында сол заманның сұрқия саясатына, ондағы көзбояушылық пен
жалғандыққа деген қарсылықты байқауға болады.
Қазіргі қазақ әдебиетінің алдында көркем сөз алыптарының дәстүрлі
мектебі болды. солардың тәжірибесін, өнегесін игерген бүгінгі қазақ
әдебиетінің қол жеткізген сапалы жетістіктері аз емес. Әсіресе осы кездегі
поэма жанрының дамуын зерттеу, поэтика мәселесін қарастыру-аса маңызды
проблема.
Соңғы жылдары ұлттық әдебиетімізге өзіндік үнімен, суреткерлік
қолтаңбасымен, соны ізденістерімен жаңа сипаттар әкелген қаламгерлер тобына
эпик ақын Тайыр да жатқызылады. Оның көлемді толымды шығармаларына үңілу
мен зерттеу жалпы әдебиеттің дамуындағы кейбір жайларға тоқталуға мүмкіндік
береді.
Дереккөздер: Тайыр Жароков шығармалары, газет-журналдар, Тайыр
Жароков туралы естеліктер
Зерттеудің мақсаты: Тайыр Жароков шығармашылығының әлеуметтік қырын
ашу, оның жазылу ерекшелігін, тілін айқындау, ақынның стильдік даралығын
таныту.
Зерттеудің міндеттері: Осы мақсаттардан келіп, мынадай міндеттер
шығады:
- Эпик ақын Тайырдың шығармашылығының сюжеттік желісінің қыр-сырын
ашу;
- композициялық құрылымын белгілеу;
- ақын шығармашылығының стильдік бедерін айқындау;
- Шығарма тілінің көркемдігін анықтау;
- Шығармадағы тілдік ерекшеліктерге тоқтала отырып, олардың саяси-
әлеуметтік мәнін ашу;
Зерттеу әдістері: Курстық жұмыс салыстырмалы, типологиялық әдіс арқылы
жазылды Зерттеу
жұмыстың құрылымы: кіріспеден, негізгі тараудан, қорытынды мен қолданылған
әдебиеттерден тұрады.

1 Жароков - эпик ақын
1.1 Т. Жароковтың әдебиетте алатын орны
Жароков Тайыр 1908 жылы 26 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының Орда
ауданына қарайтын Жетібай ауылында, Нарын құмының етегіндегі Темірбек деген
жерде дүниге келген. 1920-1923 жылдары өз ауылындағы орысша-қазақша
мектепте оқып, соның үш класын бітіреді. 1923–1927 жылдары Орынбор
қаласындағы Қазақтың Халық ағарту институтында (Кино) оқиды. 1928 жылдың
күзінде Алматы қаласындағы Қазақ педагогика институтына оқуға түсіп, 1931
жылы соның тіл-әдебиет факультетін бітіріп шығады. 1932-1933 жылдары
Қазақстан Жазушылары ұйымдастыру комитетінің хатшысы, Қазақ мемлекет
баспасының көркем әдебиет бөлімінде редактор болып істейді. 1934-1936
жылдары Леиинград қаласындағы тарих, философия және тіл-әдебиет
институтының аспирантурасында оқиды. 1936-1938 жылдары Қазақ әдебиеті
газетінің редакторының орынбасары болған. 1938 жылдан 1942 жылдың сәуіріне
дейін Жамбыл Жабаевтың әдеби хатшысы болып істеген. 1942 жылы Совет Армиясы
қатарына шақырылып, содан 1945 жылдың аяғына дейін әскери қызметте болады.
1946–1965 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақстан мемлекеттік
көркем әдебиет баспасында әртүрлі жауапты қызметтер атқарған [1, 56].
Тайыр Жароковтың көп жылдарғы жемісті
әдеби еңбегін мемлекет жоғары бағалап, бірнеше орден, медальдармен
марапаттады. Қайтыс болғаннан кейін, ақын есімін мәңгі есте қалдыру туралы
үкімет қаулысы шығып, бірнеше елді мекенге, мектептерге, Алматы қаласындағы
ең үлкен көшеге ақын есімі берілді. 1972-1975 жылдары Жазушы баспасы
ақынның төрт томдық таңдамалы шығармаларын жарыққа шығарды. Тайыр
Жароковтың шығармалары орыс және ТМД халықтары (өзбек, тәжік) сондай-ақ,
ағылшын, неміс, поляк тілдеріне аударылып, шет елдерде де кең тараған.
Тайыр Жароковтың шығармалары туралы
жазылған ғылыми еңбектер де аз емес. Оның шығармашылық жолы жайлы Қазақ
совет әдебиеті тарихының очеркі (Алматы, 1949), Қазақ совет әдебиеті
тарихының очеркі (Алматы, 1958), Очерк истории казахской советекои
литературы (Алма-Ата, 1958), Очерк истории казахской советской
литературы (Москва, 1960), Қазақ совет әдебиетінің тарихы (Алматы,
1967), Казахская советская литература (Алма-Ата, 1971) сияқты ұжымдық
зерттеулерде арнаулы тараулар берілген. М.
Қаратаев, Т. Нұртазин, С.Қирабаевтар жазған Қазақ совет әдебиеті (Алматы,
1971) атты жоғарғы мектепке арналған оқулыққа кірген. С.Сеитов Ақын
сапары (Алматы, 1958) атты шығармашылық очерк жазған. Тайыр Жароков
әдебиетке өткен ғасырдың 20 жылдарының аяғында, 30 жылдарының басында
келді. Алғашқы Күлімдеді күміс күн де атты өлеңі 1927 жылғы Ақындар
шашуы атты жинақта (құрастырған Сәбит Мұқанов) жарияланған. 1928 жылы
Жаңа әдебиет (Қазіргі Жұлдыз) журналының бірінші санында Аэроплан
атты өлеңі жарық көреді. 30-жылдардың басында алғашқы кітаптары шықты:
Жұлдыз жарығы өлеңдер жинағы, (1932) Коммунизм таңында Поэма, (1933)
Нефтьстан Поэма, (1933) Мотор жыры өлеңдер жинағы, (1934) Өмір
сөйлейді өлеңдер жинағы, (1934) Күн тіл қатты Поэма, (1934) Мұз
тұтқыны Поэма, (1935). Осылай баспа бетінде жиі көрінген ол, ақын ретінде
жұртшылыққа кеңінен танылды. Анығына келсек, идеялық-көркемдік тұрғыдан
ақынның ол тұстағы көпшілік шығармалары оқырманның эстетикалық биік
талғамын өтей алған жоқ. Ақын туындыларының ішінен көпшіліктің жақсы
қабылдаған шығармалары –Бес жылдықтың балғасы (1931), Миллион толқын
(1931-1936) еді. Көркемдік дәрежесі биік бұл өлеңдер сол жылдарға қазақ
поэзиясының елеулі жетістіктері қатарынан орын алды. Қазақ әдебиетінің
тарихын зерттеуші ғалымдар Тайыр Жароковтің бұл өлеңдерін жоғары бағалады.

Тайыр Жароков–диапазоны (ауқымы) кең ақын. Ол туған елі – Қазақстанмен
қатар, сол тұстағы бүкіл Кеңестер одағын мекендеген көптеген ұлттардың
жарқын өміріне жақсы өлеңдерін арнады. Кавказға саяхат, Дон, Украина,
Баку, Мақашқала,Грузин қызы, Кавказ шыңы т.б. өлеңдерінде орыс,
украин, грузин, әзірбайжан т.б. елдердің ұл, қыздарының биік тұлғасын, сұлу
келбетін тануға ұмтылды. Мұндай өлеңдерден кеңес жерін мекендеген туысқан
халықтардың тұрмысы туралы ақынның терең ой-сезімдерінің шын шабыты қанат
қаққанын көреміз [1, 57].
Тайыр Жароков – шын мәніндегі патриот ақын. 1941–1945 жылдары ол
өзінің қара басының жеке өмірімен де, жүрегінен жарып шыққан буырқанған
отты, жігерлі өлеңдерімен де Отан сүйгіштігін көрсетті, перзенттік сезімін
жырлады. Ел басына күн туып, соғыс өрті бұрқ ете қалған алғашқы мезгілде-
ақ,ол майданға аттануға бірден тілек білдірді. Әскерге алынды да, кейін
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен, Қазақстан
республикалық әскери коммисариатының бұйрығымен майданнан елге оралып,
Алматы облысы, Қаскелең аудандық әскери комиссары болып істеді.
Елге оралған Тайыр Жароков те Ж.Жабаев,
С.Мұқанов, Ә.Тәжібаев, А.Тоқмағамбетов, Ғ.Орманов сияқты ақындармен бірге
өзінің жауынгер жырларымен жауды талқандау ісіне көркемдік үлес қосты.
Соғыс жылдарындағы ақын өлеңдерінің бәрі де халықты жауынгерлік рухта
тәрбиелеуге бағытталды. Ақын өлеңдері бастан-аяқ кеңес халқының басқыншы
фашистерді талқандап жеңетін биік сеніміне толы болды. Онда фашизмнің
зұлымдық, опасыздық әрекеттері әшкерленді.
Шаптың ба бізге атылып,
Күннің көзін қара бұлт
Жаба алмайды, қылма, үміт,
Сен шөкім бұлт, біз – күнбіз,
Құр үмітті тез ұмыт! –деген жолдардағы туған елін, халқын күнге,
басқыншы дұшпанды қауқарсыз шөкім бұлтқа теңеу өлеңнің бейнелік бітімін
биіктетіп тұрғанын көреміз.Ақын өлеңдерінде жаумен майданда ерен ерлік
көрсеткен жауынгер тұлғасын бейнелеудің тың  құралдарын да таба білді.
Мысалы: Киемін сұр шинельді өлеңіндегі Марат, Ол туғанда өлеңіндегі
Таймас т.б. Зоя туралы жыр атты белгілі поэмасында фашистерге қырғидай
тиген батыр қыз Зояның әдеби тұласын сомдады.
Достыққа құштарлық–жеке адам бойындағы да,тұтас
ел, ұлт, халық
бойындағы да асыл қасиеттердің бірі дейтін болсақ, достық туралы
Тайыр Жароков қаламынан шыққан жақсы өлеңдер өте көп. Бұл ретте
оның қазақтардың украин (Днепр дәптерінен, Тарас Маңғыстауда), грузин
(Грузин қызы, Грузия), өзбек (Дутар мен домбыра, Хош келіпсіз),
башқұрт (Ақ Еділ, Ақманай, Түймазы), қарақалпақ (Қыз кет-кен),
қырғыз (Жыр сапары, Қырғыз– менің өз елім, Қос алмадай, т.б.)
халықтармен жарастықты жарқын достығына арналған өлең-жырларын бөліп атау
орынды. Ақын аталған халықтардың жақсы қасиеттерін биік шабытпен толғай
отырып, олармен өз халқының достығына үлкен мақтаныш сезіммен қарайды.
Мәселен, украин туралы жырларында украин халқының даңқты перзснттері Богдан
Хмельницкийді, Тарас Шевченконы өз халқының туған перзенттеріндей шын
пейілмен сүйген ақынның сезімін танымау мүмкін емес.
Қазақ поэзиясында табиғат туралы көп өлең жазған ақындардың бірі-
Тайыр Жароков. Ол әдебиетке келген алғашқы жылдардан бастап өмірінің соңына
дейін айналадағы табиғат көріністерін үздіксіз жырлап өткен ақын. Түн
(Қырмандағы түн, Нарын түні, Алматы түні), таң (Таң шапағы), күн
(Күн шықты), тау (Қордай тауы туралы аңыз, Қалба құзы, Кавказға
саяхат, Тау қызы, Қақса бұлбұл таңдайын, Ақын көзі қадалса,
Ұйқыдағы тау, Кавказ жырлары), теңіз (Қара теңіз, Каспий), өзен
(Дон, Днепр, Орыстың ұлы өзені, Қусақ өзенінде), көл (Есік көл)
туралы ақынның өлеңдері қазақтың табиғат лирикасының көркемдік
жетістіктерінің қатарына қосылады. Т.Жароков табиғат суреттерін беруде
едәуір шеберлік танытты. Кас-пии атты өлеңінде ақын теңіздің буырқанған
келбетін оқырманның көз алдына алып келеді. Түн мезгіліндегі асқар таудың
ұйықтап жатқан қас батырдың айбынды келбетіндегі жанды бейнесі ой-сезімге
әсер етіп, оқырман қиялына қанат бітіреді.
Жылдың төрт мезгіліне арнап өлең жазу дәстүрін қазақ поэзиясында Абай
Құнанбаевтың қалыптастырғаны баршаға аян. Табиғаттың айтулы кезеңдерін
бейнелеудегі ұлы Абай дәстүрі кейін қазақ поэзиясында үзілмей, жалғаса
түсті. Жалғасқанда қайталау емес, қайта жаңара, құлпыра, байи түсу
бағытындағы дәстүр жалғастығы болды. Тайыр Жароков осы дәстүрді сәтті
жалғастырушылардың қатарында болды.Ол жыл мезгілдеріне арнап бірнеше өлең
жазды (Көктем, Жаз, Күз, Қыс, Күз көрінісі, Қаңтар, Тұңғыш
жаз, Қысқы ымыртта, Суретші күз, Ақ кіреуке орнатып, Қыр бораны,
Шаруа күз, Себеле, себеле!, Қанатты керуен, Көктемгі
найзағай,т.б.).Оларда ақын өзіне дейінгі поэзияда бар ескі сүрлеуден
шығып, табиғатты суреттеуде жаңа өрнектер, тың бояулар да таба
білді.Мысалы, қыс туралы өлеңіндегі:
Қаңтардың айы сұлу, аспаны ашық,
Айнадай айналамды ақ қар басып,
Жондарды жарқыратып алыпты орап,
Қойғандай құмшекерді жерге шашып.
Не деген тамаша еді қаңтар айы,
Жұтқанда таза ауаны қан тарайды.
Қарасаң күнге шыңы шағылысқан
Күміске жалатқандай тау торабы –
деген шумақтардағы жердегі қарды құмшекерге балау, яки ақ қарға
оранған тау кейпін күміске жалатқан бейнеде алуы– ақынның өзіндік тың сөз
қолданыстары. Алматы қысын суреттеген  бір өлеңінде, Алматы қысының
еліміздің өңге өлкелеріндегі қысқа ұқсамайтын, өзіндік ерекше бейнесін дәл
суреттейді.Сондай-ақ,Қыр қысы атты өлеңінде де тың көркемдік бояулар
кездеседі.Қазақ даласындағы ақ қарды таудай болып үйілген ақ мақтаға теңеу,
сол тау болып үйілген қарды айға ұшқан кеңестік ракетаның бұлттан саумалап
жолдаған сәлемі ретінде тану да ақын тапқан поэтикалық тың бояулар [2, 45].
Ұлы Отан соғысының отты жылдары!
Фашизм қара індетінің әлемді отқа шарпып,жер-жаһан елдеріне қасірет әкеле
бастаған уағы.Кеңестер елін де жау еңсеріп,Ленинград блокадасы өмір мен
өлім таразысын теңселтті.Рухын сындырмай,үмітін өшірмей ,арыстанша алысқан
совет адамдарының жүрегіне ұлы Жамбыл жыры жалын құйды.
...- Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің.
Нева өзені сүйкімді,
Бұлағымдай көремін.
Уа,қаһарман өренім,
Мақтанышым,беделім.
Сырда тұрып аңғардым,
Құтырған жау өлерін ...
Сұрапыл соғыстың сол жылдарында кеңес халқын қаһармандыққа шақырған
ұлы жырау Жамбылдың қасында өзге де ақындармен қатар орда бұзар отыз
жастағы қылшылдаған семсердей, сері ақын Тайыр Жароков та хатшылық қызмет
атқарды. Бұл тарлан ақын Тайырдың 1923-1927 жылдарда Орынбордағы қазақтың
халық ағарту институтында,одан ҚАЗ.ПИ-де оқып,1931-1935 жылдарда
Ленинградтың тарих,философия және әдебиет институтының аспирантурасын
бітіріп,шығармашылығын өрлетіп,1938 жылдан бері абыз ата Жамбылдың жанында
жүрген жалынды кезі-тін.Ұлы жыраудың әйгілі Ленинградтық өренім жырын
ақынның айтуымен тиянақтап, хатқа тұңғыш түсірген Тайыр оның Павел
Кузнецовтың тәржімалауында Правда газетінде жариялауына себепкер болды.
Осы жылдарда кемеңгер ақынның қасында жүріп Тайыр өзінің де шығармашылығын
қалдырмай,шыңдап,жырларына жаңа бір леп,бояулар кіріктірді. Аталған
кезеңдерде ақын Пушкиннің Граф Нулин, Қоштасу,Лермонтовтың Тасқын ,
...Жоқ мен Байрон емеспін, өзге жанмын..., Маяковскийдің Бар
дауысыммен,Байронның Ньюстед абаттығынан аттанарда жырларын тәржімалап,
Низамидің Ләйлә- Мәжнүн дастанынынан үзінділер аудара бастады.
Енді Александр Сергеевич Пушкиннің Қоштасуын-Тайырдың аудармасында
оқып көрелік:
... Жүзіңді сенің нұрлы арқырғы рет,
Ойлаймын құшудың бір сәтін тілеп.
Оятып арманымды жан түбінен,
Қаймығып,қайғырып та,жүдеңкіреп.
Ғашығын еске алғысы келді жүрек ...
Зымырап жасымыз да өтті,өзгерді,
Бәрі өзгерді,өзгертті ол біздерді.
Міне,енді ,күңгірт тарттық сұр қабырдай,
Ақының салқындықтың лебін сезді,
Сен үшін досың да өшті болған ізгі ...
Тайыр ақынды алғаш көрген жылдарының әсерін академик Қажым Жұмалдиев
өзінің Замечательные люди атты орысша шыққан кітабында былай деп
білдіріпті:- ..- Тайыр Жароков мне понравился сразу.В нем чувствовались
привержинностиь к искусству,самобытность,веселый нрав.Шутливость и
игривость его были безобидны.От него веяло доброжелательностью.В нем
бурлило молодые силы.Отличала его честность,чистота,я бы сказал,детская
чистота.... Академиктің Тайыр хақындағы бұл пікірі айдай анық,шыққан
күндей ақиқат еді.Тайыр Жароковтың аса білімдарлығы, адами мәдениетінің
жоғарылығы,ең бастысы-бұлақ суындай адалдығы өз ортасын ғана емес,өзге де
бауырлас жұрттар әдебиетшілері мен оқырмандарын таң қалдыратын.Бұл
қасиеттеріне қоса, Тайыр ақынның қазақтың әдебиеті мен
мәдениетінен,тарихынан ғана емес,барша әлемдік,адамзаттық рухани
жәдігерлерден жан-жақты хабардарлығы,орыс тілінде аса сауатты жазып,сөйлей
алатын ерекше шешендігі бірден көзге шалынатын.Сондықтан да,сол кездегі
Мұхтар Әуезов пен Сәбит Мұқанов бастаған алыптар тобы Тайырды Жамбылдай жыр
абызының қасына хатшы серігі етіп бекіткен.
Тарлан ақын Тайыр Жароковтың қазақ әдебиетінің классикалық үлгіде
қалыптасуына қосқан өзіндік үлесінің Һәм ықпалының мол болғандығын оның
Қазақстан Жазушылары Одағының хатшысы,Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет
баспасының редакторы, Қазақ әдебиеті газеті бас редакторының орынбасары
болған жылдарындағы сүбелі еңбектері куә.Ақынның осы дәуірдегі және одан
кейінгі жылдардағы Нефтьстан, Мотор жыры, Күн тіл қатты , Мұз
тұтқыны, Тасқын, Отан дауысы, Нарын секілді кесек туындылары
қазақтың кәсіби тұрғыдан кемелдене бастаған әдебиетінің ірге тасын қалады
десек,ақиқаттан алыс кетпеспіз.Ақынның әйгілі Мұз тұтқыны қаһарман
челюскиншілердің ерлік рухтарын,оларды құтқаруға барған жандардың жанкешті
қадамдарын жырлап,адамдық асқақ сезімдерді сыр етсе,өмірді көтеріңкі
леппен,романтикалық қуатпен жырлаған Мотор үні , Миллион толқын ,
Күн тіл қатты поэмалары оқырманын жасампаз еңбекке,рух беріктігі мен
отаншылдыққа шақырды.Ол өзінің Тасқын поэмасында Қайсар мен Жамал сынды
кейіпкерлерінің іс-әрекеттері арқылы туған өлкенің игілігіне қажымай еңбек
жасап, халықтың асыл мұраттарын ту етудің өнегесін жырына қосты.
Ақын поэзиясының өрлеу кезеңі ретінде өткен ғасырдың алпысыншы
жылдарын атасақ ләзім.Бұл мерзім жалғыз Тайыр Жароков шығармашылығында ғана
емес,жалпы кеңестік,оның ішінде қазақ совет әдебиетінің осы жылдарындағы
ренесанстық мезгіл болатын.
Ақынның аталған дәуірдегі әдеби сыннан жақсы бағасын алған Соғыстан соң,
Жеткіншек , Жапанды орман жаңғыртты , Қырда туған құрыш Тау
жырлайды , Теңіз баласы секілді поэтикалық кітаптары Тайырдың
кемелденген қаламгерлікке аяқ басқанын,қаламының шеберлікке нық ауысқанын
аңғартты. Өмірінің соңғы жылында жазған Тасқынға-тосқын поэмасымен Тайыр
Жароков инженер-геолог кейіпкері Арманның тіршіліктің ұстаным-әрекеттері
арқылы қазақ азаматының мұқалмас рухын,терең білімдарлығын жырлады. Оның
бейнесі негізінде қазақ ұлтының кемелдене бастаған болмысы мен қандай да
қиындыққа төтеп берер қайратын,жасампаздыққа бейім жанын оқырманына өнеге
етіп ұсына алды. Бұған дәлел ретінде ақынның бірнеше жырларын зерделеп
көрелік!
- Алатаудан жел соқты таң сәрі еді,
Сол самалды жаным бір аңсап еді.
Қартаймасқа жаралған жаны сұлу,
Жүрек тәтті жел лебін тамсар еді.
Қызыққаннан тау көркін қанша жұтса,
Сұлулығын қай ғашық таусар еді.
Көппен жалғыз сырласқан тау сері еді,
Оған сұр бұлт тамшысын сәл себеді.
Тау қойынында сыңсыған қыз-қарағай,
Секілді бір сексен қыз сәукелелі.
Ақын көзі қадалса тау шыңына,
Оның-дағы болған-ды сан себебі...
немесе,
- Көрсең көзің тоя ма,
Алматыда түн қызық.
Тұрғандай сәл ауада,
Бір ғажайып үн жүзіп.
Сымдай тартқан арықта,
Сыңғыр-сыңғыр су күліп.
Сыйласқан бір қалыпта,
Сұлулары сырды ұғып.
Жапырағына жұптаған,
Жұпар ауа жұттырып.
Ақ қайыңдар ұйықтаған,
Аяғынан тік тұрып...
Қазақ әдебиетінде өзінің өшпес орынын,еңбектерін қалдырған талантты
ақын Тайыр Жароков Руставелидің, Пушкиннің, Шевченконың, Лермонтовтың,
Некрасовтың, Маяковскидің, Сурковтың,
Алигердің туындыларын қазақша сөйлетті. Көркем аударма саласындағы бұл
еңбектеріне Тайыр ақынның әлемдік әдебиетті жетік білетіні және орыс
тілінің құнар-қасиеттерін барынша игергені септігін тигізді.Тайыр
тәржімасындағы өзге әдебиеттер өкілдерінің еңбектері түпнұсқалардан онша
алшақ кеткен жоқ.Көркем аудармаға тән болуы тиіс төлтумаға телтумалық
жақындықтан Тайыр тәржімалаған шығармалар жаңылған жоқ.Өйткені,әлемдік
әдебиеттің қай жұлдызына да аудармашы ретіндегі Тайырдың деңгейлестігі мен
дарындылығы таразының екі басындай-тын.Бұл пікірлерді өз уағында Мұхтар
Әуезов те,Сәбит Мұқанов та,өзге де алыптар айтты.
Қазақ әдебиетінің дамуына сіңірген еңбегіне сай Тайыр Жароков екі рет
Еңбек Қызыл Ту, бір рет Құрмет белгісі ордендерімен марапатталды.Бұндай
наградалар ол заманда екінің бірінің пешенесіне жай ғана,бейнет пен
зейнетсіз бұйра салмайтын.Тарлан талант Тайыр шын мәніндегі үлкен
дарынның,табиғат молынан сыйлаған азаматтықтың,адамгершіліктің адамы еді.
Әлбетте,бұндай қасиеттер шын мәніндегі тәңір дарын сыйлаған суреткерде ғана
болары анық. [3.40]

1.2 Т.Жароковтың эпикалық туындылары
Қазақ поэзиясының даму жолында белгілі асу болған отызыншы, қырқыншы,
елуінші жылдарда Тайыр Жароков туындыларының орны ерекше. Алғашқы өлеңдері
мен соған жалғаса туған поэмалары сол кездегі ел өміріндегі ұлы
өзгерістердің айнасы болды. Сәкен Сейфуллинге ілесе ақын байырғы қазақ
өлеңіне замананың, жада тірліктің қарқынына сай жаңаша ырғақ, екпін әкеліп,
өлеңнің ішкі қуатын ширықтыра түсті.
Миллион толқын,
Толқын миллион
Толқындата қимылда!
Солқылдата соғылсын,
Бесжылдықтың балғасы. 
Осы бір заманында халық аузында жатталып кеткен екпінді ырғақ, отты
жолдар кешегі кең сахнадағы көшпенді өмірдің мимырт баяу тірлігін дүр
сілкініп оянған қазақ халқының жаңаша серпілісі, сергек екпіні болатын.
Өлеңнің ғасырлар бойы қалыптасқан әуенінен ауысып мезгіліне сай жаңа ырғақ,
екпін табу тек аса үлкен таланттардың, нағыз ақындық жандардың ғана қолынан
келеді. Жаңа заманның, өзгерген заманның жырын ескі әуенмен жырлаған
ақындар да аз емес. Бірақ, мазмұнына түрі сай келмеген, әуені мен сөзінің
арасы алшақ жатқан мұндай жырлар поэзиямызға жаңалық әкелмегені былай
тұрсын, өлең болып ұзақ өмір де сүре алмады. Тайыр ақынның заманы да өзге
болды. Ол Ұлы Октябрьден кейін қазақ даласына енген үлкен революциялық
өзгеріс заманы еді. Ғасырлар бойы қалыптасқан рулық-патриархалдық қоғам
күйреп, ескі салт-сана сындырылып, баяу тыныс алған кең сахараға дүбірлеген
ұлы өндірістің үні келген заман еді. Ен даланы еркін жайлап, баяу өмір
кешкен көшпенді халық мешеу тіршіліктен оқыс желпінін, Қарағанды,
Қарсақбай, Түрксиб деген ұранды сөздерге үн қосып, XX ғасырдың
өндірісті тіршілігіне бет бұрған-ды. Бұл кезде мәдениетіміз де қайта түлеп,
қауырт өскен шағы болатын. Қазақ елінде театр туды, өнердің жаңа сан-саласы
дүниеге келді. Кешегі қараңғы халық жаппай білімге ұмтылды. Осындай
халықтың қайта түлеген шағында жаңа поэзия, жаңа жыр керек болды. Сол
кезеңде тарихи аренаға шығарған Тайыр Жароков сияқты ақындарымыз заманның
тынысын, дәуірдің жүрек лүпілін ақындық жанымен сезініп жаңаша жырлады.
Поэзиямызға мазмұнын, жаңа түр, соны ырғақ әкелді. Бұл күндері құлағымыз
үйреніп, етене болып кеткен Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқанов, Тайыр Жароков,
Әбділда Тәжібаев поэзияларының бастау кездегі жаңалығын елей бермейтін
сияқтымыз. Өйткені, осы жaңa леп кейінгі поэзиямыздың қан тамырына тарап,
әбден сіңісті болып кетті.
Тайыр Жароков — дәуір туғызған ақын. Оның бар шығармаларына көз жүгіртсек,
кешегі еліміз өткен әр кезеңге ақынның бір белгі соқпай қалмағанын көреміз.
Отызыншы жылдардың бас кезі ұлы құрылыстардың, ұлы ерліктің жылдары
болатын. Ол кезде атақты Магнитогорск, Днепрогэс сияқты алып құрылыстар,
Челюскин сапары, Чкаловтың Солтүстік полюс арқылы Америкаға ұшуы сияқты
ерлік істер бүкіл совет халқына үлкен бір рухани серпіліс берген-ді. Бұл
біздің совет әдебиетінің де үлкен серпілісі болды. Тайыр Жароковтың
отызыншы жылдардағы поэзиясы осы дәуірмен толық үндес Бесжылдықтың
балғасы, Миллион толқын сол кездегі құрылыстардың ұлы дүбірі болса, Күн
тіл қатты атты поэмасы совет халқының асқан ерлігінің гимні болатын. Бұлар
қазақ өлеңіне жаңаша қуатты серпін, сергек саз берген поэзиямыздың алғашқы
қарлығаштарының бірі еді. Қашан да дауысы дәуірмен үндес қолы заманының қан
тамырының лүпілін сезіп отырды. Сезімтал да сергек ақын өзі өмір сүрген
кезіндегі ұлы өзгерістердің ешқайсысын қалт жіберген емес. Октябрь қазақ
даласында ұлы мәдени революция жасады. Соның нәтижесінде қазақтың жаңа
ұлттық интеллигенциясы қаулап өсті. Бұл күллі халық өміріндегі үлкен тарихи
өзгеріс болатын. Қазақ өміріне кірген осы тарихи жаңа құбылысты ең алдымен
поэзия тіліне түсірген ақын — Жароков. Ол алғашқы қазақ интеллигенциясы
туралы өзінің атақты Тасқын поэмасын жазды. Бұл поэма заманында күллі
қазақ поэзиясы үшін үлкен де және соны тың құбылыс болды. Өйткені кеше ғана
эпос пен жырдан, ауыз әдебиетінен нәр алып, жазба тілге көшкен қазақ
поэзиясы үшін интеллигенция тақырыбын игеру оңай шаруа емес-ті. Мұндай
тақырып жазба поэзиясының кемелденіп, мағынасы тереңдеп, ой-өрісі кеңіп, не
бір нәзік психологиялық жан құбылысын еркін игерген кезінде ғана мүмкін
нәрсе. Осы бір қазақ өлеңінің түріне тимей, тың жатқан тақырыпқа қалам
тартуы ақынның үлкен ерлігі. Әрине, бүгінде қазақ поэзиясы интеллигенция
тақырыбын еркін игерді деп айтуымызға болады. Бұл салада қызғылықты да
елеулі шығармалар аз емес. Бүгінгі биігімізден осыдан қырық жыл бұрынғы
алғашқы қадамымызға көз салсақ, сол Тасқынның кейбір олпы-солпысын көруге
де болатын шығар. Барша ақындарымыздың қырық жылдық талпынысы мен ізденісі
қазақ өлеңін бүгінде ілгеріге де әкетті. Бірақ осы бір қиын да қызғылықты
заманымызға аса қажет тақырыптың алғаш бетін ашқан Тасқын бізге балауса
жастық шағымыздай әлі де ыстық, қымбат. Халқымыздың үлкен жазушысы Сәбит
Мұқанов, Тайыр Жароков поэзиясынан Маяковскийге ұқсастық табатын. Ол өлең
формасы жағынан ұқсастық емес, өмірге ақындық белсенділік жағынан ұқсастық
болатын. Шынында да, Жароковтың бар творчествосы ақынның өз тұсындағы өмір
құбылысына, халық тірлігіне, социализм құру жолындағы күреске, әлемдегі
адам баласын тебіренткен де қинаған оқиғаларға ақындық ыстық шабытпен
араласып, бар талантын халқының қажетіне жұмсағанының айғағы. Кешегі Ұлы
Отан соғысы жылдары ақынның пафосқа толы күмбірлеген күшті дауысы майдан
жауынгерлерінің құлағына келіп тұрды. Ұлы Отан соғысынан кейін де Тайыр
Жароковтың қаламы шабандап, дауысы бәсеңсіп көрген емес. Оның Құмдағы
дауыл, Жапанды орман жаңғыртты атты поэмалары, жүздеген өлеңдері ел
өміріндегі елеулі өзгерістерді суреттеп қана қойған жоқ, кезіндегі қазақ
поэзиясына жаңа леп беріп, оның еңсесін көтерген елеулі үлкен туындылары
болып қалды [8.15] . Құмдағы дауыл,
негізінен алғанда, реалистік туынды.Халық басынан өткен сол бір дауылды да
қаһарлы мезгілді ақын үлкен шыншылдықпен, әсерлі сыршылдықпен суреттеп
берді.Поэманың азамат соғысы оқиғаларын суреттейтін тұстарында сюжеттік
тартыс мейілінше шиеленісе түскен.Әсіресе, қанқұйлы жаудың шектен шыққан
жауыздығы қатты әшкере болады. Оған деген халықтың өшпенділігінде шек жоқ.
Поэманың соңғы тарауында ақын қанды оқиғаны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақын Ақылбек Шаяхметтің өмір жолы
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ АНТОНИМДАР МЕН СИНОНИМ СӨЗДЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Ұлттық публицистика дәстүрі
Орыс тiлiндегi Ә.Нұрпейiсовтың «Қан мен тер» романындағы табиғат көрінісінің берілуі
Көркем проза шығармалары тіліндегі теңеудің стильдік қызметі
Тіл дамыту жұмысының баланың ақыл ойының дамуына әсері
Көркем шығарма тілі – мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамыту құралы
Көркем образ жасаудағы кейіпкер тілі туралы
М. Мақатаев өлеңдеріндегі лексикалық анафора мен эпифора
Оралхан Бөкейдің монологтары
Пәндер