Әдебиет - сөз өнері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1. Проза жанрының даму негіздері
1.1 З. Қабдолов шығармалырының айшығы
1.2 З. Қабдолов прозасы
2. З. Қабдолов прозасындағы көркемдік стиль
2.1 Көркемдік стильдің бейнеленуі
2.2 Прозадағы көркемдік стильдің көрінісі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қазақ прозасының бүгінгі тағдыр талайы жөнінде үміт те, күдік те,
толғаным да даулы-даусыз пікірлер де мол. Бұл тек бізде ғана емес, әлем
әдебиетінде қалыптасқан ерекше жағдай.

Тақырыптың өзектілігі: Қоғам дамуына сай әдебиетте үнемі өрістеп
отырады. Сондықтанда қазақ әдебиеті халқымыздың рухани мәдениетінің бір
бөлігі ретінде үнемі жүйелі де жан-жақты зерттеуді қажет етеді.
Бүгінгі әдеби процестегі көкейкесті мәселелердің бірі-адамның өзін-өзі
танып білуі. Жеке адам концепциясы өзекті, басты ешқашан сарқылмайтын
проблема. Адамның жан дүниесін танытудың бұрынғы таптаурын еріксіз
ескіруде. Қазіргі жазушыларымыз адам жан дүниесін диалектикалық
қайшылықтармен жеткізудің соны тәсілдерін табуға ұмтылуының сыры осында.
Қазіргі қазақ әдебиетінің алдында көркем сөз алыптарының дәстүрлі
мектебі болды. солардың тәжірибесін, өнегесін игерген бүгінгі қазақ
әдебиетінің қол жеткізген сапалы жетістіктері аз емес. Әсіресе осы кездегі
проза жанрының дамуын зерттеу, поэтика мәселесін қарастыру-аса маңызды
проблема.
Әдебиет негізінен шартты, абстрактілі категория. Мұнда көзбен көріп,
қолмен ұстап бағалайтын ештеңе жоқ. Бұл жағынан әдебиетке, дәлірегінде
көркем әдебиетке қатысты барлық баға, байламға төрелік етіп, төбе би үш
қызметін атқаратын адамның ақыл-парасаты мен жүрек қуаты ғана. Мұның өзі де
шартты ұғым. өйткені кейбір классикалық туынды ретінде қабылданған
шығармаға да ұнамды, ұнамсыз, жақсылығы мен жамандығы жөнінде пікір айтылып
жататындығы, сол пікірдің басында анау-мынау емес, аузы дуалы, сөзі өтімді
кесек тұлғалардың да жүретіні бар. Бірақ бұдан әлгі шығарма авторының атақ
– абыроайына пәлендей нұқсан келіп жатқаны болмайды.

Ұшқын және Жалын романдарының, Адам, Сыр атты жинақтарына
енген әңгіме-очерктері мен Қазақтың М.Әуезов атындағы академиялық және
бірнеше облыстық театрлардың сахналарында қойылған Сөнбейтін от
драмасының авторы. Менің Әуезовым романы үшін 1998 жылы Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді. Өмірінің соңына дейін Қазақ
мемлекеттік ұлттық университеті жанындағы филология ғылымдары докторы
дәрежесін тағайындау жөніндегі тұрақты диссертациялық кеңестің төрағасы
қызметін атқарған. Тұңғыш көлемді шығармасы Өмір ұшқыны 1956 жылы қазақ,
1958 жылы Искра жизни повесі орыс тілінде жарық көрген. 1964 жылы Адам
атты әңгімелер мен очерктер жинағы шыққан. 1967 жылы республикалық байқауда
Сөнбейтін от пьесасы сыйлық алған. Мұхтар аға документалды
кинофильмінің сценарийін жазған. Мұнайшылар өмірінен жазылған Жалын
романы 1970-1971 жылдары қазақ, орыс тілдерінде жарық көрген. Бұл роман
жұмысшылар табы туралы ең үздік туындылар жөнінде КСРО Жазушылар одағы
жариялаған бүкілодақтық байқауда арнаулы сыйлық алған. 1964-2002 жылдары
әдебиеттану ғылымы мен теориясын зерттеу, орта және жоғары оқу орындарына
арналған оқулықтар жазу ісінде де жемісті еңбек еткен. Оның Арна зерттеу-
сын-эссесі, Жанр сыры, Сөз өнері монографиялары, Жебе әдеби
толғаныстар мен талдаулары, Көзқарас талдаулар мен толғаныстары, Әдебиет
теориясының негіздері атты еңбектері студенттер мен мұғалімдердің және
жазушы-журналистердің қажет кітаптарына айналды. Қазақ прозасы негізінен
көптеген даму жолдарынан өтіп-ақ келеді. Оның соңғы буындағы өкілдері
қазіргі таңда қазақ прозасының артуына да өз көмектерін беріп келеді.
Курстық жұмыстың мақсаты- негізінен қазақ прозасының дамуы мен З.
Қабдолов прозасындағы көркемдік стильдің ерекшеліктерін айқындау мен оның
даму бағыттарын қарастыру болып табылады.

Курстық жұмыстың міндеттері:

- берілген тақырыпты теориялық талдау

- проза жанрындағы көркемдік стильді айқындау;

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, негізгі 2 тараудан, қорытынды
мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1. Проза жанрының даму негіздері
1.1 З. Қабдолов шығармаларының айшығы
Ұлы Отан соғысы басталып, әкесі майданға аттанған Зейнолла Доссор
кентіндегі орта мектепті бітірісімен 1943-1945 жылдары әкесінің ізін басып,
өндірісте жұмыс істеді. Мұнайлы Ембі шындығы, еңбекші қауым тұрмысы 3.
Қабдолов шығармашылығына негізгі арқау, өзекті тақырып болды.
1945 жылдың жазында 3. Қабдолов Алматыға келіп, инженер болу
мақсатымен Тау-кен институтына түседі. Бала кезден баурап алған сөз өнері
– көркем әдебиет құпиялары қатты қызықтырған 3. Қабдолов өз қалауымен
қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барып, профессор
М. Әуезовтің дәрістерін үзбестен, құмартып тыңдап жүреді. Сол жылдың
аяғына қарай ұлы жазушының кеңесімен бір жола университетке ауысып,
филология факультетінің толық курсын 1950 жылы үздік дипломмен бітіріп, осы
әйгілі білім ордасына ұстаздық қызметке қалдырылады.
Зейнолла Қабдолов ұстаздық қызметіне қоса, бірнеше жыл жауапты
басшылық жұмыстарда да болады. Жұлдыз журналының жауапты хатшысы, бас
редакторы (1950-1957), Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің сектор
меңгерушісі (1957-1959), Қазақ әдебиеті газетінің бас редакторы және
Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы (1959-1961) қызметтерін
атқарады.
З.Қабдолов ғылыми-педагогикалық жұмыстарынан қол үзген жоқ, бұл
міндеттерді өзінің университеттегі оқытушылығымен бірге алып жүрді.
Сөйтіп, ол туған әдебиетіміздің тарихы мен теориялық мәселелерін зерттей
келе, филология ғылымдары-ның кандидаты (Қазіргі қазақ әңгімесі, 1961)
және филология ғылымдарының докторы (Қазак әдебиетінің теориялық
проблемалары, 1970) дәрежелерін алу үшін диссер-тациялар қорғады. Жиырма
бес жыл табан аудармастан қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі (1975-
2000) болды.
Зейнолла Қабдоловтың әдеби талпыныстары мектеп қабырғасында басталады
да, университеттегі студенттік жылдары одан әрі ұласады. Жас қаламгердің
әралуан тақырыпқа жазған өлең-жырлары, әңгіме-очерктері шәкірт кезінің
өзінде-ақ газет-журнал беттерінде жиі жарияланып тұрды, таңдаулылары әр-
түрлі жинақтарға енді. Жайық қызы, Туған ел сияқты лирикалық
өлеңдері әнге айналып, қалың көпшілікке кеңінен тарады.
З. Қабдолов ғылыми-зерттеу ісімен ерте айналысты: университеттің
үшінші курсында жазған Абайдың лирикасы атты зерттеуі КСРО Жоғары білім
беру министрлігінің Мақтау грамотасымен марапатталған.
1947 жылы З. Қабдолов дарынды жас әдебиетші ретінде КСРО Жазушылар
одағының мүшелігіне қабылданды.
Елуінші жылдардың алғашқы жартысында З. Қабдолов әдеби сын саласында
(юмор мен сатира, ұнамды кейіпкер, көркем әңгіме, т.б. тақырыптар жайлы)
бірсыпыра күрделі еңбектері басылды; орта мектептің 9, 10-сыныптарына
арналған Қазақ әдебиеті оқулықтарын жазуға қатысты; Үлкен Кеңес
энциклопедиясында көне дәуірден осы дәуірге дейінгі қазақ әдебиетінің
тарихы жайлы көлемді мақала жариялады; А.Пушкинмен Н.Гогольдің
Күнперзенттері, Н.Хикметтің Елеусіз қалған есіл ер сияқты классикалық
пьесалары да республикалық, облыстық театрларда З. Қабдоловтың
аудармасымен қойылды.
З. Қабдоловтың көркем шығармаларындағы басты тақырып -заман шындығы,
басты кейіпкер - замандас бейнесі. Оның есімін оқушы қауымға кеңінен
танытқан шығарма Өмір ұшқыны (1956) повесі. Повестің қаһармандары
негізінен жастар - университет сту-денттері.
Табиғи, таза, суретті, нәрлі тіл автордың жазу мәнерін, машығын
өзінен басқа ешбір қаламгерге ұқсатпай, бірден даралап көрсететін жаңа
нұсқалы стиль, адамдардың арақатынасына жылы шырай қосып, көмкеретін
әдемі юмор, күллі шығарманың өн бойында желі тартып отырған сұлу лиризм
3. Қабдоловтың қаламгер ретіндегі даралық сипатын айқындады. Повесть 1958
жылы орыс тілінде Мәскеуде жарияланып, одақ оқырмандарына белгілі болды.
1963 жылы Жұлдыз журналында (№7-11) жарияланған Жалын романы кейін
қазақ (1970, 1974, 1983), орыс (1971, 1976, 1982) және вьетнам тілінде
(1980) жеке кітап болып шықты.
З. Қабдолов еңбектерінің ішінде қазірге дейін төрт рет басылым көрген
Сөз өнері атты зерттеуінің орны бөлек. Сөз өнері - жоғары оқу
орындарының студенттері әлі де үзбей пайдаланатын бірден-бір оқу кұралы.
Еңбекте көркем әдебиет табиғаты тарихи және теориялық тұрғылардан жан-жақты
сараланады. Әдебиет теориясын қалыптастырудағы эстетикалық ой-пікірлердің
әдіснамалық мән-маңызы зерделенеді. Әбу Насыр әл-Фараби тәрізді
ғұламалардың терең танымдық идеяларын З.Қабдолов қазақ оқырмандары үшін
арнайы таратып бағалайды.
Кітапта көркем өнер мен әдебиеттің әлеуметтік табиғаты, әдеби тектер
мен жанрлар, өлең құрылымы, мазмұн мен пішін, даралау мен жинақтау, керкем-
әдеби тілдің ерекшеліктері сияқты әдебиеттану ғылымындағы өзекті мәселелер
оқулық талаптарына сай деңгейде сөз болады.
З. Қабдоловтың Менің Әуезовім романында ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің
әдеби бейнесі үздік шеберлікпен сомдалды. Роман-эссесінде Мұхтар Әуезовтің
тарихи тұлғасын жаңа бір бағытта, өзгеше бір төселген шеберлікпен төгілген
көркемдік алымда ашқан еді. Оған осы романы үшін 1998 жылы Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді. Оқымысты назарын аударатын
тағы бір күрделі мәселе-көркем тіл мен өлең құрылымы. Тілдегі бейнелілікті
зерделеуде ой мен сезімнің бедерлілік табиғатын З. Қабдолов көркем
әдебиеттегі ең басты талант өлшеміне балады. Шығарманың тілдік қолданыс
ерекшелігі жанр, жағдай, суреттелетін дәуір, кәсіби ыңғай, кейіпкерлердің
болмысы мен ой, қиял желісі, әрекет өрісімен сабақтастығы назарда ұсталды.
Сан алуан лексика, семантикалық деңгейлердің суреткерге тән мәдени-
эстетикалық мұрат, талант даралығымен тамырластығы да ешқашан ұмытылмайды.
З. Қабдолов ағымдағы әдеби үдеріске байланысты ой-пікірлерінде де,
іргелі суреткерлер жайлы ықшам зерттеу, мақалаларында, Абай, Махамбет,
Жамбыл, М. Әуезов, Б. Майлин, Ш. Айтматов, Ә. Нүрпейісов, Т. Ахтанов, Қ.
Ысқақов және т.б. белгілі тұлғалар хақындағы ғылыми-сын эсселерінің бәрінде
дерлік мәтін ауқымында - оқырман, дәрісханада-тыңдаушы көкейін тап басатын
өзекті ахуалды дәл танытуымен ерекшеленіп тұрады.
Ғалымның қаламынан туған Жанр сыры (1964), Жебе (1971), Арна
(1988), Әуезовтің әсемдік әлемі (1977), Менің Әуезовім (1977),
Көзқарас (1999) атты еңбектердің студент, магистрант, аспиранттар
қауымына берері мол.
З. Қабдолов Жанр сыры арқылы қазақ әдебиеттануында әңгіме тәрізді
шағын эпикалық туындылардың ішкі құрылымы, ұлттық қасиеттері, стильдік
өрнегі туралы алғаш ой толғағандардың бірі. Ол сондай-ақ Абай лирикасы мен
эстетикалық әлемі, ақын өлеңде-ріндегі философиялық тереңдік пен шынайылық
туралы әсем де нанымды байламдар айтқан.
З. Қабдолов шебер аудармашы да болды. А. Пушкин мен Н. Гогольдің
жекелеген шығармаларын, Л. Кассиль, В. Добровольский, В. Закруткин
романдарын нақышына келтіре аударды. А. Островскийдің Ұшынған ақша
пьесасы театр сахналарына З. Қабдоловтың тәржімесі арқылы қойылды.
З. Қабдолов орта мектептің жоғары сыныптарына арналған Қазіргі қазақ
әдебиеті окулығына жазған тарауларын әрдайым жаңартып отырды.
Университетте Әдебиеттануға кіріспе, Әдебиет теориясы пәндерінен
филологтар мен журналистер үшін ұзақ жылдар бойы дәрістер оқыды, арнайы
курстар жүргізді, аспиранттарға ғылыми жетекшілік етті. Зейнолла
Қабдоловтың алдынан ондаған, жүздеген шәкірттер өтті. З.Қабдоловтан дәріс
тындау бақыты бұйырған көп талапкер кейіннен көрнекті жазушы, ғылым адамы,
қоғам қайраткері болды. Олардың барлығы да Зейнолла Қабдоловты ризашылықпен
еске алады. Академик Зейнолла Қабдолов өзі де ұлы ұстазы Мұхтар Әуезовке
ғұмыр бойы шәкірттік парызын өтеген еді.
Ғалым-ұстаздың күллі шығармашылығын ой елегінен өткізіп, оның
қаламынан қалған әрбір туындының қыр-сырын түбегейлі қарастыратып, танып-
талдайтын Халықаралық ғылыми-теориялық конференциялар өтіп тұрады.
Асылы, жазушының оқырман жүрегіне жол табуы оңай емес және ол қай
тақырыпқа қалам тартқанына да байланысты емес. Міне дәл осы тұста,
қаламгердің таланты, дарын күші, суреткерлік шеберлігі алдыңғы қатарға
шығады. Академик-жазушы Зейнолла Қабдолов алдымен осы қасиеттері арқылы
оқырман жүрегіне жол тапты. Жазушының күллі шығармалары тұтаса келгенде,
немесе осы шығармалардың көркемдік ерекшеліктерін жинақтай айтқанда
Зейнолла Қабдолов қазақ әдебиетіндегі парасатты прозаның, осы аядағы алғаш
рет шынайы көріне алған қаламгерлік шеберліктің жаңа өлшемін межеледі.
Қазақ сөзінің қадір-қасиетін, көркемдік қуатын суреткерлік мақсатта қалайша
құбылтуға, құлпыртуға болатындығын аңғартты, шығармашылық процесте әрбір
сөйлемді, сөз тіркесін қалайша ұтымды, ұтқыр пайдаланудың жолдарын жаңаша
зерделеді.

1.2 З. Қабдолов прозасы
Шарпып өткен жалындай ХХ ғасырдың бас кезіндегі репрессиядан бірен-
саран аман қалған, арынан жаны садаға Мұхтар Әуезов, Бисембай Кенжебаев,
Есмағамбет Ысмайылов сияқты қазақ зиялыларының көзін көрген, тәлім-
тәрбиесін алған жаңа бір лек соғыстан кейінгі жылдары әдебиетке келіп
қосылса, сол әдебиет майданының алғы шебінде тыңнан түрен салған белгілі
қазақ әдебиетінің зерттеушісі, оның теориялық негіздерін ғұлама ғалым Ахмет
Байтұрсыновтан кейін біраз жылдарға ілгерілетуші, қазақ сөз зергерлерінің
бірі – әрі ойшыл, әрі шешен академик Зейнолла Қабдолов тұрады.
З.Қабдолов шығармашылығы мен ғұмырнамасына жіті көз салсаңыз, оның сан
қырлы, сан саналы жан екендігіне әрі сөзден терме теріп, ою ойған логикалық
пайымы мен парасаты биік тұлға болғандығына көзіңіз әбден жетеді. Алғаш
әдебиет есігін өлеңмен ашқан академик өзінің өсу жолында әдебиетпен өзін
ғана байытып қоймай, әдебиетті Сөз өнерімен Қабдоловша байытқан жан.
Зекең бірден диссертация қорғап, ғылымның шен-шекпеніне ұмтылмаған.
Қаламдарын арларына суарып отырған ақын-жазушылар ауылына өңмендей кірмей,
өлең жазып келіп есігін қаққан. Ұлылар ауылын іздей жүріп жас қаламгер
әртүрлі салада қалам тербеп, публицистикалық шығармадан роман-повестерге
дейінгі сатылы шығармашылық өсуде өз шама-шарқын байқап көргені де бар.
Адам бейнесі дегеннің образ жасаудың не екенін, көркем шығарманың күшті
құдіретін, жүрекке жылы тиер жылы әуезін сырттай орағытып, сын айтатын
жалған ғалымдардай емес, өзі сол сөзден бейнелі ою-өрнек салған. Қараңғы
түнекте шам алып жүрген кеншідей әр сөздің тамырын түртпектеп тауып, көңіл
үлдірігіне тәптіштеп жинаған жан. Сөз құдіреті, Қабдоловша айтсақ, үлкен
тасқын құдірет, өнердің ішінде ең қадірлісі де – көркем әдебиет. Сөз өнері
сурет пен музыка секілді жалпыға бірдей жетімді деу қиын: сөз бояу немесе
дыбыс емес. Әр ұлттың өзгеден ерекше өз тілі бар. Әдеби шығарма сол тілде
ғана туады, есесіне, әдебиетің тілі музыка тілінен гөрі нақты, театр
тілінен гөрі затты. Ұстаз-ғалым еңбектерінің өсу, күрделену сатыларына
ғылыми тұрғыдан саралай, салмақтай көз сүріндірсеңіз, белгілі бір
тұтастықты, әдебиеттану мен ғылымдағы байыптылық – қарапайымдылықты,
теориялық тұтас организмді танисыз. Оның еңбектері жас шәкірттерді баулуда,
олардың бойына тіл арқылы рух мәдениетін дарытуда, сөздің өзге өнерден
ерекше құдіретін жеткізуде айрықша орын алады. Оқытушы-ғалым бұл фәниден де
өзі соққан сөз сарайындай қарапайымдылықтың, сырбаз, әсем мінездің
символындай болып өтті. Сөз зергері әдебиетті әр қырынан терең зерттей
отырып, Батыс пен Шығыс, орыс пен неміс басқа да дүниежүзі ғұламаларымен
қатар қазақ ақын-жырауларының, жазушыларының шығармаларын қатар қойды.
Шоқтығы биік тұстарын жауһар тастай жарқырата көрсетті. Жансебіл еңбегінің
арқасында ол сөз өнеріне тұздықты сөзбен дәм келтірді, өзінің сөз
қолданысында ерекше стильге ие болды. Мәселен, орыс сыншысы В.Белинскийдің
Поэзияны біреу су десе, біреу от дейді, не болмаса К.Фединнің: Сөз –
әдебиеттің құрылыс материалы, О.Бальзактың Өнер атаулының ең қиыны және
күрделісі сияқты сөз тіркестері З.Қабдолов қолданысында ерекше түрге еніп,
тотықұстай құлпырып шыға келді. Ғалым ағамыз: Жә, сонымен, әдебиет
дегеніміз не: от па, су ма? Шынында да, поэзияны біреу су десе, біреу от
дейді (Белинский). Әрине, су да емес, от та емес. Әдебиет – өнер. Өнердің
түрі көп емес пе: кескін өнері (живопись), мүсін өнері (скульптура), сәулет
өнері (архитектура), тағы басқа ал әдебиет қандай өнер? Әдебиет – сөз
өнері.
Қандай ғажап қисынды сөз! Жалпы, ғылыми мақала түгілі, көпшілікке
арналған публицистикалық шығармалар жазған кезде сөз басын артық сөзбен
былғап, адамды жалықтырар таптаурын тіркестермен оқырман бойындағы әу
бастағы қызығушылығын бірден қашырып жібереміз. Ал Қабдоловтың Сөз өнерін
қолыңа алысымен-ақ қызықты, тартымды сөз қолданысы тұнығына тартып, мөлдір
судан балық аулағандай әсер береді. Өзіне бірден баурап әкететіндігі
соншалық, тіпті арналы ағысқа түскен қайықтай бас еркіңнен айырылып сөз
ауанымен бірге ілесе жөнелесің. Бұдан басқа да Сөз өнеріндегі қазақ
ақындарының шығармалары ұлттық нақышта, ұлттық бедерде, жаңаша түр-сипатқа
ие болып, арналы ағыспен бірге ағады.
Тілтанушы, әдебиетші мұғалімдер мектептегі жас буынды оқытуда
тәжірибелерінің аздығымен қатар, сөзден сөйлем құрауда тапшылыққа ұрынып
жататындығы жасырын емес. Өлеңді жай оқу ғана емес, оның астарына үңілу,
ішкі терең сырларына қанықтыру – тәрбие мен білімді зердеге мықтап
орнықтырудағы басты әдіс екені белгілі. Осы орайда жалаң мәтіндемемен
тыңдаушы зейінін шаршатып жібермей, негізгі тақырып төңірегіндегі өмірден
немесе өнерден алынған ұқсас жағдаяттарды оқытушылар зердесіне түрткі
ретінде пайдалану көп жағдайда бойымызда жетіспейді. Ал академик
З.Қабдоловтың ақын-жазушылар шығармаларының тігісін жатқызып, жігін айырып,
кестелеп жеткізудегі үлгі тәсілі өзгеден ерекше, сіңімді де қонымды. Жай
қарағанда бәріміз білетін Абай өлеңдері түсінікті сияқты. Ал, шын мәнінде,
белгілі бір тақырыпқа Қабдоловша үңіліп, Қабдоловша ой толқыту сұлулыққа
құмар жас ұрпақ ойын елең еткізері сөзсіз. Мәселен, академик-жазушы
теориялық мәселелерді айта келе:
Жас жүрек жайып саусағын,
Ұмтылған шығар айға алыс, – деген Абай өлеңіне тоқталған кезде, япыр-
ау, жүректе саусақ бола ма, ол саусағын қалай жаяды деп таңырқап,
тамсанады. Одан әрі бала қиялын шарықтатып әкетіп, албырттық асау қанын
тасытқан бұла күш арқылы әлгі жасты биік-биік шырқауларға шығарады. Тұнық
та мөлдір махаббат сезімін шәкірт бойына ұялатуда, міне, мұндай формада
түсіндіру, жеткізу нағыз ұстаздың ұстазының ғана қолынан келмек. Сондай-ақ:
Күлімсіреп аспан тұр,
Жерге ойлатып әр нені, – деген қарапайым мағынасындағы образ, суретті
сөздің астарын ғалым аспан жай тұрған жоқ, езу тартып күлімсіреп тұр, жер
жай жатқан жоқ, әлгі жадырап жайнап күлген аспанның қылығына елтіп,
біртүрлі ойланып жатыр деп түсіндіреді, сөйтіп, қарапайым екі жолға жан
бітіреді. Бұдан артық сөз құдіретін қалай жеткізуге болар екен?!
Әдебиетті танып-білудің ғасырлық тарихына үңілсек, қай заманда да
көркем дүниенің адамға, оның ішінде қоғамға, әсіресе келер ұрпақтың тірегі,
жас буынға ықпалының негізгісі деп оның эстетикалық әсерін айтамыз.
Эстетикалық әсердің бояуының қанық болуы қаламгер қиялы мен қарымына
байланысты. Әлбетте, сол шығарма мен оқушы, түптеп келгенде, әдебиет пен
қоғам арасындағы негізгі байланысты, яғни эстетикалық әсерді суреткер
қандай жолмен қамтамасыз етеді, міне, мәселе – осында... Ал академик-ғалым
осы ара-жікті пайымдауда эстетикалық әсер, шын мәнінде, рухани байлықтың
негізі діңгегі екенін көрсететіндей, түгендей бір Образ және образдылық
деген тарау арнап, оның өзін қыздың жиған жүгіндей ғып текшелеп берген.
Ғалымның айтуынша, образдылық – жазушы қолмен ойына келген жеріне қоя
салатын техникалық құрал-жабдық, не болмаса, технологиялық құбылыс емес.
Біз көрген, біз сезінген қоғамда болып жатқан адамдар өмірінен өрбіген
тұрмыстағы құбылыс. Жеке адамның өзін қоршаған ортаға, болмысқа, сан алуан
оқиғаларға беретін эстетикалық бағасы.
Бүгінгі жас буын бойында образды ойлау, табиғат тылсымының терең
тамырына үңіле білу, табиғатша күліп, табиғатша жылау сияқты қасиеттердің
аз кездесуі, біріншіден, табиғатпен адамзат арасының алшақтауы болса,
екіншіден, ұстаздың шәкіртке дұрыс ұғындыра алмауынан. Сондықтан да болар,
ойлаудың қабілеті тарылып, қолданар аясының төмендеп келе жатқаны. Академик-
жазушы мұндай суреткерлікке, образдылыққа тек жазушы ғана емес, кез келген
көкірегі ояу, көзі ашық адамның де ие болатынын, тек олардың сөзбен беруде,
не болмаса, жазуда жеткізе алмай қиыншылыққа ұшырап жататын тұстарын нақты
мысалдармен дәйектеп, ұтымды келтіреді.
Ғалым суреткер іс жүзінде өмір шындығын өз дүниетанымы тұрғысынан
белгілі бір уақыт пен кеңістікке, әлеуметтік орта мен дәуірге сай талғап,
тануы, таңдап, іріктеуі және жинақтауы, сол арқылы өзі жасап отырған көркем
бейнені сомдауы, тұлғаландыруы десе, мінезді адамның ішкі болмысы,
белгілі қоғамдық жағдай қалыптастырған қоғамдық құлқы, барлық психологиялық
ерекшеліктерінің жиынтығы деп бағалайды. Шын мәнінде, күнделікті
құмырсқаның илеуіндей жүріп жатқан қыз-қыз тұрмыс-тіршілік шынайы көркем
бейне жасаса, ал жеке адам бойындағы бас бермес мінез даралығы – еш уақытта
қайталанбайтын құбылыс. Ол тек қоғамдағы көркем бейнемен байланыс арқылы
ғана ашылып, танылады. Мәселен, оқушы бойындағы танымның әртүрлі болуы да,
міне, осыдан. Ата-анасының құрсағында-ақ сәби мінезі қалыптасатынын
ескерсек, шәкірт мінез-құлқындағы ерекшелік, қайталанбас қасиеттері сөз
мәнін жеткізуде ұстаздың негізгі теориялық ұстанымы болуы қажет. Өйткені
жас буынның танымдық әсері жас ерекшелігіне қарай өзгеріп отырады. Соған
сәйкес, оның мінез-құлқында да өзгеріс болуы мүмкін. Ал образдық бейнені
қабылдау жас ерекшелігіне сай жүретіні сөзсіз. Міне, осы тұстан келіп,
академик-жазушы айтқан образды ғылыми жағынан әлдеқайда негізді, логикалық
жағынан әлдеқайда қисынды етіп жеткізсек, адам бойындағы танымның да күн
шуағындай жадырап, құлпыра түсері, оның бойға сіңуінің әлдеқайда көбірек
болатындығы келіп шығады.
Академик З.Қабдолов жазған Сөз өнерінің жан-жақтылығы оның танымдық
қасиетімен ғана өлшенбейді, қалыпқа құйған қорғасындай сөз құдіретінің
тұтас бітімі, атқаратын қызметі тек қана жеке адамдармен шектелмейді, ол
қоғамға, тұтас бір дәуірге әсер етеді. Міне, бұл тұрғыдан алғанда академик
З.Қабдолов әдебиеттің теориясын оның практикасымен байланыстыру, сондай-ақ
теориялық талғамдарды жазушылық шеберлік мәселесімен, қажет жағдайда
қаламгерлік өнердің қиын иірімдерімен ұштастыра, көркем шығарманың
психологиясымен байланыстыра жүйелеу мақсатын қойған. Ғалым одан әрі
әдебиет теориясын үңги отырып, дәуір мен әдебиет арасындағы қондырмалық
байланысқа тоқталады. Әдебиеттің қондырмалық сипатын дәлелдейді. Ұлттық
сипатты осы жерден келіп іздейді.
Ұлттық сипаттың төмендеуі тұтас бір қоғамға мәңгүрттікті алып келеді.
Бүгінгі таңда сөз қадіріне жетпей, сөздің күш-қуатының кемуі үлкеннің
кішіге құрметінің, кішінің үлкеннің алдындағы ізеттілік пен сөз қадірінің
мәнін түсінбеуге әкеліп ұрындыруда. Бұл болашақта қоғамның басқа бір
формада дамуына әсер етуі мүмкін. Сондықтан да жоғарыда ұлы ұстаз, ұлы
ғалым айтқан қағидаларға жай атүсті нәрсе деп қарауға болмайды.
Біз өмір сүріп жатқан ғасыр –тастан тамақ, судан сүт жасайтын
нанотехнологиялық, атомдық ғасыр. Мұндай ғаламдық аласапыран кезінде ұлт
мәдениетінің жойылып, жойылмаса да бұрынғыға қарағанда тым арзандап кетуі –
осы әдебиет құралы тіл мәдениетімен тікелей байланысты. Сондықтан да
академик З.Қабдолов айтқан сөз өнерінің тасқын күшін ұрпақ бойына дарытып,
жаһандануға қарсы қояр ең бірінші қаруымыз екенін ұмытпағанымыз жөн. Бұл
орайда елінің ертеңіне алаңдап, құлқыны мен қара басы емес, қараша қазағым
– болашағым дейтін қолына қалам алған қауымның Әдебиет – ардың ісі деген
ғұлама ғалымның қағидалы сөздерін үнемі еске алып отырғаны абзал. Сондай-ақ
жас ұрпақ бойына білім нәрін себуші ұстаздардың Қабдоловша әдебиет
құбылыстарын тарих тұрғысынан елеп-екшегендері, оларға даму тұрғысынан баға
бергендері жөн.
Ғалым қалдырған өшпес еңбек Сөз өнерінің соңғы жағында әдеби дамудың
мағынасы мен мәні, яғни әдеби үрдістің не екені айқындалады. Мұнда
жанрлардың әлі де нақты анықтамаға ие бола алмай келе жатқанын, жанрлар
арасындағы проблемалық мәселелер қарастырылады. Қабдолов жанр деп –
әдебиеттің тегін, ал түрлерін жанрлық түр деп қарайтын қағиданы ұстанады.
Ғылыми талдау, ғылыми ізденіс кезінде жанр тегі мен түрлерін терең
зерделеп қарастыруға болар. Бірақ оқушы бойына әдебиет нәрін беруде жылуы
жоқ сөздерге құрылған терминдердің тигізер пайдасы шамалы. Алғаш шағын
әңгіме, эпостық шығармалардан басталатын әдебиет сабақтарында ұлттық пен
қатар танымдық сипатқа баса назар аударсаңыз, ұтқаныңыз. Басқа жанрлар
З.Қабдолов теориясымен одан әрі өз ауанымен өрбиді. Өйткені жас буын
жанрлық мәселелерді бірден қабылдамауы мүмкін. Ал оны әдеби үрдіс ретінде
даму тенденциясын барынша жан-жақты талдап, нақты тарихи түр деп
қарастырып берсе, бұл, ең алдымен, жас буынның бойындағы білім құнарлылығын
арттыруға септігін тигізеді. Көркем әдебиет бүгін ғана пайда бола қалған
жоқ. Оның өзіндік тарихи теориясы, суреткерлер қолымен жинақталған бай
тәжірибесі, ешкімге бағынбаған объективті заңдылықтары бар. Міне, мұны
бірден жас буын санасына қондыра салу, оның ерекшелігін қалыптастыру мүмкін
емес және мүмкін болмайды. Оған сатылы білім, сатылы әдіс қажет. Бұл жолда
тағы да академик З.Қабдоловтың Әдебиет теориясының негіздеріне келіп
соғамыз.
Әлемдік әдебиет даму мектебінің негізгі қазығы – азаматтық болмыс,
ғылыми көрегендік, биік парасат, философиялық тереңдік алынған объектіні
дәлдікпен дәлелді беру сияқты сипаттар болса, Қабдолов лекцияларында оның
бәрі қамтылған. Ұлы ұстаз лекцияларын әр жыл сайын жаңартып, түзеп, әр
сөйлемін қайта қарап, саф алтындай қалыпқа түскен құйма сөйлемдерін Сөз
өнері кітабына хаттап кетті. Ғұлама өмірінің соңғы күніне дейін сөзден оқ
жонып, оны жетілдірумен болды. Ол қалдырып кеткен теңдессіз мұра талай
оқушы бойына дарып, талай буынға нәр берері сөзсіз. Бұл орайда бүгінгі
ұстаздар қауымының алдында тұрған үлкен міндет бар. Ол – ғасыр үнімен
үндес, сырымен сырлас З.Қабдолов шығармашылығын одан әрі терең зерттеп,
қабдоловтану ілімін дамыту арқылы оның танымдық, тағылымдық тұстарын шәкірт
бойына ұялата білу.
Суреткер жазушы Зейнолла Қабдоловтың қаламынан проза жанрында бірнеше
құнды туындылар дүниеге келді. Жетпісінші жылдары жарық көрген Біз
жанбасақ... роман-дилогиясы қазақ әдебиетінің алтын қорынан орын алған
көркем шығарма десек, артық айтпаймыз. Заманауи тақырыпқа қалам тербеген
суреткер аталған шығармасында көркемдік бітімі мүлдем бөлек бірнеше тың
кейіпкерлерді қазақ әдебиетіне алып келді. Сондықтан да бұл роман-дилогияны
кезінде қазақ оқырмандары жылы қабылдап, жоғары бағалады.
Қазақ прозасындағы сол тұста жақсы көріне бастаған интеллектуальды
бағыттағы соңғы, жаңа тынысты шығармалардың көш басында осынау роман тұрды.
Әдебиет сыны романның осы құндылығын баса көрсетіп, жарыса жазды. Сардар,
Қабен, Тайман сынды жаңа кейіпкерлер көркемдік жинақтау биігінен табылған,
қаламгердің суреткерлік дарынын айрықша жарқыратып көрсеткен типтік
бейнелер ретінде әдебиет төріне көтерілді. Тура осы арнада, өзінің
суреткерлік қолтаңбасынан көз жазбаған қаламгер араға уақыт салып, Әуезов
бейнесін де әдебиетімізге алып келді. Менің Әуезовім роман-эссесі де
тұлға және заман тақырыбын тереңнен тартып бейнелеген, тарихи шындықты
үлкен ауқымда көркемдік тұрғыдан жинақтап бере алған бірегей туынды ретінде
оқырман жүрегіне жол тапты. Мемлекеттік сыйлыққа ие болған бұл роман да
З.Қабдоловтың көркем прозадағы көп жылғы шығармашылық ізденістерінің бір
белесі ретінде әдебиет тарихында қалды.
Саңлақ суреткер, ғұлама ғалым, әлемдік әдебиеттің классигі Мұхтар
Әуезовтің жеке тағдырынан бастау алатын оқиғалар тереңдей келе ұлы тұлғаның
тұтас өмір жолымен, қаламгерлік жолымен, сол заманның тарихи шындығымен
сабақтасады, қатар ашылады. Әуезовтің күллі кісілік болмысы, жан дүниесі,
жеке басының трагедиясы нақты оқиғалар арнасында суреттеледі. Жазушы
Зейнолла Қабдоловтың көп жылдар бойында іштей дайындалып, ойына алған, осы
мақсатта деректер жинастырып, жүрек түкпірінде сақтап жүрген, жанына жақын
тақырыбы қазақтың алдаспан ақыны Махамбет бейнесін сомдау болатын.
Менің Әуезовім роман-эссесінен кейінгі күрделі туындысы – Махамбет
бейнесін сомдауды қолға алған қаламгер бұл романын толық аяқтап үлгермеді.
Оу бастан Махамбет тағдыр кешкен тұтас дәуірді толықтай қамтып, сол
кезеңнің тарихи шындығы мен тарихи тұлғаларын қатар ала отырып, бүгінгі
заман биігінен ой толғағысы келген қаламгердің аяқ алысы, қалам сілтесі
бірден сезіледі. Ой ауқымын кеңге салған суреткерлік, көркемдік
жинақтаудың эпикалық биігіне қол артқан автордың қалам сілтесінен болашақ
туындының терең тынысы, көп қырлы болмысы бірден көзге түседі.
Бұл туындының алғашқы тараулары З.Қабдоловтың өзі дүниеден өткеннен
кейін жарық көрген бес томдық таңдамалы шығармаларының бесінші бөлімінде
Мұз үстінде от жаққан атты тақырыппен жарық көрді. Болашақ романның
алғашқы беттеріндегі оқиғалардан-ақ оқырманға терең әсер тастайтын Арыстан
еді-ау Исатай, Қаһарман ақынның тағдыры мен тағылымы, Айбын мен айдын,
Ақын өлімі (роман эскиздері) деп аталатын атаулар бір-бірімен іштей
сабақтасып, тұтас дүниенің енді көтеріле бастаған қабырғаларын көзге
елестетеді.
Ақын өлімі тарауында тұтаса бастаған басты идея, тартысқа толы сюжет
шырғалаңдары қылаң бергендей. Махамбет қазасына байланысты өрбитін оқиғалар
суретінің алғашқы арналарын Зекең өзіне тән құнарлы тілмен, суреткерлікпен,
өзіне тән стильде қағазға түсіріп үлгірген екен. Өте әсерлі, тартымды
оқылады.
Жазушы бірден Бөкей ордасына байланысты тарихи оқиғаларға баға беріп,
тарихи ретроспектива аясында бірнеше шегіністер жасайды. Еділ–Жайық арасын
бейбіт жайлаған қалың қазақтың тарихи тағдыры қалайша замана көшінде сан
қайтара сынға түскені де жазушы жинақтауларында суреткерлікпен көрініс
табады. Жазушы ой ауқымын кеңге салады. Тарихи деректер шығарма тініне
әдемі кірігіп, болашақ Махамбет тұлғасына барар жолды саралай түседі.
Жәңгір туатын жылы патша ағзамның жарлығымен Бөкей сұлтанның қашаннан
бергі арманы орындалып, Еділ, Жайық – екі өзен арасы түгелімен Бөкей
Нұралыұлына мәңгі-бақи меншіктеліп берілді. Бұл бұған дейін ешбір қазаққа
жасалмаған мырзалық еді.
Еділ, Жайық арасын бұдан бұрын жоңғарлар таптап, қалмақтар жайлап, бұларды
патша жасауылдары – казактар қуып шыққан соң, көп уақыт бос жатқан қызыл
шағыл боз дала болатын. Сол дала енді күтпеген жерден Бөкей сұлтанға
берілді. Бұған жұрт таңқалды:
– Япырмай, тас сараң патша қалай қиып беріп жүр? – десті. Оны
біреулер түзетіп:
– Бос жатқан жер, ұстап тұратын адам керек, неге бермесін! – деді.
– Жоқ-ау, қазаққа қалай қиды деймін ғой.
– Бөкей де жарты қазақ, жарты орыс емес пе? Берген содан соң. Қалай орыс
болады Бөкей? Көк көз ғой, орыстан несі кем?
Солай екен-ау! Солай болғанда қандай? Биыл туған ұлы Жәһәнгердің де көзі
көкпеңбек. Бұл да орыс, әкесінен аумайды, аузынан түскендей...
Бұлардың бәрі қаңқу. Өсек.
Тумыстан асыл жаралған ақылды, парасатты Бөкей не істеп жүргенін өзі
біледі. Хан тұқымы, төлеңгіт емес, төре Бөкей сонау Шыңғыстан бергі ата-
бабаларының орыстан шылбыры үзілмей келе жатқан тағдыр үрдісін бұл да бұза
алмады. Қазақтар орыссыз өз алдына дербес ел бола алмайды деп білетін. Ойда
– орыс, қырда – қытай. Шылбырдың бұрышын қара қытай ұстаған жөн бе, әлде
қазақтың көзі үйренген сары орысы дұрыс па?
Әрине, отаршылар аяққа тұсау салмақ түгіл шідер салса да, қытайдан орыс
дұрыс деп білді.
Әрине, Бөкейдің мойнына ілінген үзбелі түйме жай түйме емес, оның
өзіне, өзі басқаратын халыққа салынған отаршылдықтың қыл бұрауы да еді. Бұл
бұғалыққа көнбеуге Бөкей ханның да, оның қай заманда да құлдықтан, азап пен
бейнеттен арылмаған бодан халқының ешқандай лажы жоқ еді.
Осылайша тарихи шындықты ой елегінен өткізген қаламгер Махамбет
бейнесіне барардың алдында Әбілхайыр, Бөкей сұлтан Нұралыұлы, Жәңгір хан
сияқты тарихи тұлғалардың тағдырына да соғып өтеді. Болашақта Махамбет,
Исатай бастаған ұлт-азаттық көтерілістің әлеуметтік себептеріне, тарихи
тамырларына ой, парасат көзімен үңіледі.
Жалпы, романда көп сөз болатын тарихи мекен Қараой, Қараойдағы Махамбет
тағдыры, ақын ойын тұйыққа тірейтін шытырман түстің күдігі, осы тұстағы
жазушы суреттемелері бүкіл романның идеялық жүгін ұстап тұрған бел
омыртқадай көрінеді. Яғни Түс, Шер деп аталатын тараулардағы сөз
болатын оқиғалар сарыны, кең тынысты авторлық баяндаулар болашақ романның
көп қатпарлы, көп кезеңдерді қамтитын күрделі шығарма ретінде
жоспарланғанын анық аңғартып тұр.
Қазақ тағдырының ең бір күрделі, алмағайып кезеңін Жәңгір хан, Өтеміс,
Исатай, Махамбеттей тарихи тұлғалар арқылы бейнелеуді мұрат тұтқан
қаламгердің осынау шығармасының аяқталған нұсқасының қолымызда қалмағаны,
әрине, өкінтеді. Солай бола тұра, Махамбет тұлғасына, Махамбет тағдырына
арналған барлық шығармалардың ішінде З.Қабдоловтың осынау романының соңғы
жылдары жарық көрген туындылардың арасында дара, шоқтығы биік көрінетіні
сөзсіз.
Жалпы, осы орайда кішкене шегініс жасасақ, тұтас қазақ әдебиетінде Махамбет
тұлғасына қалам тартқан қазақ қаламгерлері аз болған жоқ. Барлық жанрда,
үлкенді-кішілі туындыларда Махамбет тағдыры шығарма өзегіне айналды.
Алдымен қазақ поэзиясындағы Ы.Шөрековтің Исатай-Махамбет дастаны,
Ж.Молдағалиевтің Кек, Ж.Нәжімеденовтің Жаңғырық, Ә.Кекілбаевтың
Махамбет, М.Шахановтың Нарынқұм трагедиясы,  Ф.Оңғарсынованың Алмас
қылыш немесе Махамбетпен қалай кездестім, М.Неталиевтің Арыстан еді-ау
Исатай поэмалары, Қ.Бекхожиннің Махамбет қабірінің басындағы тебіреніс
атты толғауы, ақындар Х.Ерғалиев, О.Сүлейменов, М.Мақатаев, Қ.Мырза-Әлі,
Ж.Әбдіраш, Т.Медетбек, Р.Ниязбеков, И.Оразбаев, Ұ.Есдәулет, т.б. әр жылдары
жарық көрген туындылары Махамбет тұлғасын әр қырынан сомдауға арналды. 
Бұлардың арасында жаңа жанрлық форма – өлең-роман да ұшырасады.
Айталық, Арыс баспасынан жарыққа шыққан ақын Р.Ниязбековтің Махамбет
майданы атты туындысын осы қатарға жатқызуға болады. Екі жүз өлеңнен
тұтастырылған поэзиялық шығарма Махамбет тағдырының барлық кезеңдерін
қамтып қана қоймай, сол тарихи тұстағы қоғамдық-әлеуметтік сахнаға шыққан
қазаққа белгілі тұлғалардың барлығының халық санасындағы орны да
айшықталады. Өлең-романның басты құндылығы – бүгінгі заман рухымен терең
сабақтасып жатқандығы. Бұл қатарға сонымен бірге, І.Жансүгіровтің Исатай-
Махамбет, Б.Аманшиннің Жақия, Ғ.Слановтың Махамбет, М.Ақынжановтың
Исатай-Махамбет, соңғы кезеңде жарық көрген С.Жүнісовтің, Ә.Таразидің,
И.Оразбаевтың Махамбет атты туындыларын, т.б. қаламгерлердің драмалық
шығармаларын қосуға болады.  Әсіресе, І.Жансүгіровтің отызыншы жылдары
дүниеге келген Исатай-Махамбет атты трагедиясы сол тұстағы әдебиетіміздің
шоқтықты туындыларының бірі болды десек, қателеспейміз. Бұл драмалық
шығарма сол заманның талабына сай жазылса да ішкі көркемдік қуаты, тілі,
жазылу стилі тұрғысынан ақынның сәтті шығармаларының бірі болды. Әсіресе,
Исатай батырдың қан майданда мерт болатын тұстарын бейнелейтін сахна
көріністері, соғыстың тұтас суреті, осы арадағы Махамбет аузымен айтылатын
астарлы толғаулар, қазақ елі мен жерінің тағдырына қатысты сол кездің
өзінде көтерілген өткір ойлардың шығарма ішіне енуі Ілияс Жансүгіровтің
қайталанбас қалам қуатын танытты.
Ал енді проза жанрында тарлан қаламгерлер Тәкен Әлімқұловтың атақты
Қараой әңгімесі, Әнуар Әлімжановтың Махамбеттің жебесі атты романы,
кейінірек дүниеге келген Берқайыр Аманшиннің Махамбеттің тағдыры,
Қажығали Мұханбетқалиевтің Бас жұтқан бас, Ә.Сарайдың Исатай-Махамбет,
Нәбиден Әбуталиевтің Қайран Нарын, Марат Мәжитовтың Барлыбай түбіндегі
ән, тағы басқа да қаламгерлердің прозалық туындылары алдымен ойға оралады.

Бұл туындылар несімен қымбат, несімен қадірлі? Авторлары қандай көркемдік
ізденістерге қол жеткізе алды? Махамбеттің күрделі тұлғасын көркемдік
тұрғыдан жинақтауда, сол тұстағы қазақ басына түскен бодандық, патшалық
Ресей империясының қазақ даласында жүргізген отарлау саясатының қанқұйлы
көрінісі, сонымен бірге, ел ішіндегі, ағайын арасындағы зұлымдық пен
сатқындық үстемдік құрған заман шындығын шынайы жеткізуде қай қаламгер
қандай суреткерлік әдіс-тәсілдерге қол артқан екен. Соған бір сәт назар
тоқтатсақ, алдымен, Махамбеттің өмірі мен заманы туралы көркем
шығармалардың ішінде Тәкен Әлімқұловтың Қараой атты туындысы айрықша дара
тұрады. Бұл туынды көтеретін, арқау ететін көп қатпарлы әлеуметтік-қоғамдық
шындық, осы арнадағы суреттелетін оқиғалар ағымының ауқымдылығы тұрғысынан
келсек, осы шығарманың бір өзі Махамбет тағдырының барлық кезеңін қамтып
өтеді. Қараой – жер атауы. Махамбетке жасалған соңғы қастандықтың да осы
жерде өткендігіне автор айрықша мән береді. Сондықтан да осы қасіретке
бастаған қаралы оқиға тарихы жазушы суреттеуінің басты көркемдік нысанасына
алынған. Әңгімеде Махамбет өмірінің соңғы сәттері сөз болады. Ең бастысы,
мұнда қайсар ақынның ешкімге бас имеген асыл рухы асқақ көрінеді. Ешқашан,
керек болса хан, сұлтан алдында да төмендемеген, аласармаған ол көп
тобырдың қолы жетпес биікте қалады.
Елінен айырылып, жерінен ауып, қос қыраны – екі ұлын қатар жоғалтса да
ақынның қанаты қайырылып, жігері құм болып жасығанын көрмейміз. Махамбет те
ет пен сүйектен жаратылған жұмыр басты пенде, қаншама ауыр күрсініп,
арыстан ұлдарын жоқтап, іштен жыламсыраса да, бірақ оның тауы шағылған,
сағы сынған жанның кейпінен алыс. Тек қана көз алдында бақилық болған
біртуар балаларын ойлап, есіне алғанда жүрегі елжіреп, көкірегі сары
сағынышқа толады.
Әсіресе, балаларының Өтемістен туғандар түгел атқа қонып, жасақты
қолға айнала алмағаны орны толмас өкініштей өзекті өртейді. Махамбет жапан
далада жалғыз қалғанда жүрегіне жебедей қадалатын жалғыз жан жарасы осы
ғана. Әйтпесе батыр рухы, ақын ар-намысы бір сәтке де аласармайды, өзінің
биік тұғырында қалады. Осы идеяны автор иін қандыра бейнелеп, әсерлі
жеткізеді. Бұл арада ақынның көңіл-күйінің кейбір толқымалы сәтін көрсету
мақсатында жазушы оның өз өлеңдерінде көрініс тапқан сырларға сүйенетіні
рас. Табиғат көріністерін де жазушы ақын өлеңдеріндегі оның жан шындығын
білдіретін осындай сазға сай сипаттайды. Алайда, оның елінің еркіндігі,
халықтың бостандығы, қара қазан, сары баланың қамы үшін ереуіл атқа
мініп, егеулі найза қолға алған, асыл мұрат үшін жанын отқа байлаған
қаһарман рухы әңгімеде жарқырап көрініс табады.
Ең ауыр трагедия – ақын қазасының суреттелетін тұстарында қаламгер
сұңғыла шеберлік танытады, әңгіменің құнарлы тіл өрнегін дәл табады. Оқиға
мүмкіндігінше сығымдалып, қысқа қайырылады, кейіпкерлердің іс-әрекетін,
қимыл-қозғалысын, ой-пиғылын жазушы қысқа-қысқа диалогтар, ой ағымы арқылы
жеткізеді. Әсіресе, кейіпкердің мінез-құлқын аз сөзбен өте дәл жеткізетін
психологиялық талдау тәсілін ұтымды қолданған.
Ал енді, суреткер жазушы Зейнолла Қабдолов өз романының барлық
тарауларында дерлік Махамбет тұлғасына, оның болмыс-бітіміне, қайсар
мінезіне қайта-қайта айналып соғып отырады. Романның ішінде ерекше көзге
түсетін бір ерекшелік – Махамбет, Исатай тағдыр кешкен табиғи орта,
атамекен суреті кең ауқымда суреттеледі. Табиғат көріністеріне автор
айырықша мән береді.
Тайсойған да аумаған Нарын, Ойыл мен Жем арасын тұтастыра жалғап,
көсіле көлбеген жалпақ шағыл. Бұл да шағыл болғанда сусып төгіліп жатқан
жалаңаш құм емес, қызғылт топырағы сұрғұлт шүйгінмен, кей тұстары жасыл
шалғынмен қымталған көгілдір қоңырлықтар мен кең қолтықтар, белес-белес
белдер, қырқа-қыраттар, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдебиет танытқыш кітабы
Әдебиеттанудың негізгі салаларын сипаттау
Әдебиет теориясы пәнінен лекциялар тезисі
Көркем шығарманың пішіні
Тарихи поэтика пәнінің зерттеу нысаны
Қазақ әдебиеттану ғылымындағы эстетика мен теория мәселелері
Ахмет Байтұрсынов және әдебиеттану терминдері
Тарихи поэтиканың әдебиет теориясы және әлем әдебиеті тарихынан арақатынасы
Зейнолла Қабдолов және Махамбет тұлғасы
Қазіргі қазақ әдебиетін оқыту әдістемесімен Ахмет еңбегінің сабақтастығы
Пәндер