Балалар әдебиетінің үлгілері
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе Университеті Кафедра: Филология және аударма
Курстық жұмыс
Пәні: Қазіргі қазақ әдебиеті
Тақырыбы: Б.Соқпақбаевтың Балаларға арналған шығармалары
Орындаған: Қтмә 3-курс студенті
Жетписбаева А.Е
Тексерген: Боранбаева А.М
Ақтөбе 2015
Мазмұны
I.Кіріспе II.Бердібек Соқпақбаев - балалар әдебиетінің атасы
2.1. Балалар әдебиетінің үлгілері 2.2.Б.Соқпақбаевтың балалар әдебиетіне қосқан үлесі
2.3.Б.Соқпақбаевтың Балаларға арналған шығармаларының көркемдік ерекшелігі 2.4. Б.Соқпақбаевтың балаларға арналған шығармаларының тақырыбы мен идеясы
III.Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі. Қазақ балалар әдебиеті -- өз даму кезеңінде өзіндік тарихы бар сала. Балаларға арналған әдебиет ұлт тарихында сонау ауыз әдебиетінен бастау алып, қазіргі кезеңге дейін өзінің тілдік, стильдік жағынан, мазмұны мен құрылымы жағынан үлкен белеске көтерілді.
Көркем әдебиеттердегі баланың, яғни кейіпкердің тілдік ерекшелігі мен сөз қолданысы, эстетикалық таным деңгейіне сай символдық таңбалардың қалыптасуының өзіндік ерекшелігі де бар. Осы орайда, жекелеген ақын-жазушылардың тілдік тұлғасын қарастырған зерттеу еңбектері болғанымен белгілі бір кезеңге тән балалар тақырыбына жазылған шығармалардағы кейіпкердің тілдік ерекшелігін, ой-танымы мен болмыс-бітімін салыстыра отырып, оны антропоцентристік аспектіде, жас ерекшелік психологиясына сай бала танымын этностың танымдық дүниесімен тығыз байланыстыра зерттеу осы кезге дейін қазақ тіл біліміндегі когнитивтік лингвистикада арнайы қарастырылмағаны белгілі. Осыған байланысты таным - мәдениет - тіл үштігінің принциптері негізінде, балалар шығармаларындағы кейіпкерлердің танымдық ерекшелігін тілдік фактілер арқылы когнитивтік құрылым тұрғысында ғылыми талдау қай кезде болса өзекті мәселе болып табылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.
Зерттеудің негізгі мақсаты -- қазіргі антропоцентристік бағыттың ғылыми теориялық қағидаларына сәйкес балалар әдебиетіндегі кейіпкердің дүниетанымы мен болмысын, тілдік қолданысын этностың ұлттық танымымен байланысты концепт ретінде тұжырымдау, сондай-ақ, балалар шығармалары ономастикалық кеңістігіндегі жалқы есімдер мен тілдік көріктеуіш тәсілдерді, бала психологиясының когнитивтік құрылымын анықтау. Бұл мәселелерді анықтау үшін мынадай міндеттер қойылды:
-- балалар әдебиеті кейіпкерлерінің тілінде көрініс табатын ономастикалық атауларды анықтап жүйелеу, инвентарлау;
-- шығармалардың ономастикалық кеңістігіндегі антропонимдік жүйе мен кейіпкерлердің лақап есімдерінің қолдану жиілігін айқындау;
-- көркем шығармалардағы баланың тілдік тұлғасының қалыптасуына ықпал ететін прецеденттік есімдерді көрсету;
-- жоғарыда көрсетілген ономастикалық кеңістік, прецеденттік есімдер негізінде М.Гумеровтың, Б.Соқпақбаевтың, М.Қабанбаевтың шығармаларының этнотанымдық жүйесін айқындау;
-- балалар әдебиетіндегі кейіпкерлердің тілдік құралдарды - фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, диалект сөздер, өзге де көріктеуіш тәсілдерді қолдану аясында кейіпкердің тілдік тұлғасын анықтау;
-- М.Гумеровтың, Б.Соқпақбаевтың, М.Қабанбаевтың шығармаларының ұлттық мазмұны негізінде көркем тілінің концептуалдық құрылымын анықтау;
-- балалар әдебиеті кейіпкерлерінің санасындағы эстетикалық танымға сәйкес символдық ұғымдардың қалыптасуын нақты дәйектеу;
-- М.Гумеровтың, Б.Соқпақбаевтың, М.Қабанбаевтың шығармаларындағы кейіпкердің сөйлеу мәдениетіне тілдік тұлға тұрғысынан сипаттама беру;
-- шығармада қолданылған онимдерді қазақ тілінің ономастикалық концептосферасындағы құрылымдармен сәйкестендіре қарастыру;
-- балалар тақырыбына арналған шығармалар тілінің бала танымының психолингвистикалық ерекшелігін айқындаудағы мәнін ашу.
Зерттеу жұмысының нысаны ретінде тіл біліміндегі лингвокогнитивтік, психолингвистикалық зерттеудің жаңа бағыттарында анықталған танымға сәйкес балалар әдебиеті кейіпкерлерінің тілдік тұлғасы алынды.
Зерттеу жұмысының дереккөздері. М.Гумеровтың, Б.Соқпақбаевтың, М.Қабанбаевтың шығармалары.
Зерттеудің негізгі әдістері мен тәсілдері. Зерттеу жұмысының мақсаты мен тақырып ерекшелігіне байланысты сипаттама, салыстырмалы талдау мен жинақтау, концептілік талдау, жүйелеу және оны түсіндіру әдістері қолданылды.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні.
Зерттеу барысында қол жеткен нәтижелер мен тұжырымдар, талдау жасалған тілдік деректер қазақ тіл біліміндегі когнитивтік лингвистиканы өз деңгейінде толықтыруға үлес қосып, лингвомәдени, этнолингвистикалық бағытта арнаулы курстарда талдау жүргізуге септігін тигізеді. Сондай-ақ зерттеу нәтижелерін психолингвистика, этнолингвистика, когнитивтік лингвистика, көркем мәтінді лингвистикалық талдау пәндерінен қосымша дәріс оқуға да септігі тиеді.
Зерттеу жұмысының әдістанымдық негізі. Қазақ тіліндегі балалар әдебиетінің тілін антропоцентристік парадигмада сөз ету, оған жан-жақты когнитивтік аспектіде талдау жүргізу барысында ресейлік когнитолог ғалымдар В.А.Маслова, Е.С.Кубрякова, А.Бабушкин т.б. және қазақ тіл біліміндегі Ә.Қайдар, Т.Жанұзақов, Е.Жанпейісов, Р.Сыздық, Н.Уалиев, Е.Керімбаев, Ж.Манкеева, Қ.Рысберген, Б.Тілеубердиев т.б. ғалымдардың зерттеу еңбектері, теориялық тұжырымдары басшылыққа алынды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері:
-- зерттеу жұмысында балалар әдебиетіндегі кейіпкер тілінің ерекшелігі мен тілдік тұлғасы анықталып, жалқы есімдердің лингвомәдениеттанымдық, этнолингвистикалық, лингвокогнитивтік ерекшеліктері көрсетілді;
-- балалар әдебиеті кейіпкерлеріне лақап есімдердің берілуінде ұлттың мәдени болмысы мен ойлау жүйесі, қоршаған дүниені қабылдаудағы ұлттық менталдық танымның ерекшелігі анықталды;
-- Б.Соқпақбаевтың, М.Гумеровтың, М.Қабанбаевтың балаларға арналған шығармаларындағы кейіпкер қолданысына тән тілдік көріктеуіш құралдарына талдау жүргізілді;
-- концепт ұғымы кешенді құрылым деп танылып, балалар әдебиетіндегі кейіпкер дүниетанымын нақтылайтын концептінің типтері анықталды;
-- бала санасындағы қалыптасатын символдық белгілердің лингвомәдени мазмұны сипатталды;
-- баланың дүниетанымдық ерекшелігін анықтау мақсатында кейіпкердің тіліне психолингвистикалық тұрғыда талдау жасалды;
-- көркем шығармадағы баланың сөйлеу мәдениетін анықтау мақсатында жұмыста алғаш рет синэргетика термині қолданылып, бала санасына әсер етуші энергетикалық қуаты бар сөздер анықталды.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
-- Б.Соқпақбаев, М.Гумеров, М.Қабанбаевтың балаларға арналған шығармаларындағы тілдік бірліктердің семантикасы ұлттың мәдени болмысы мен ойлау жүйесі, қоршаған дүниені қабылдаудағы ұлттық менталдық танымға байланысты қалыптасады;
-- баланың ғалам бейнесі жас ерекшелігіне, танымдық тәжірибесіне, психофизиологиялық қасиеттеріне байланысты ересек адамның ғалам бейнесінен өзгеше болып келетінін зерттеу нысаны айқын көрсетеді;
-- баланың тілдік тұлғасы ұлттық құндылықтар жүйесін белсенді қабылдайтын өсу, қалыптасу процесіндегі тілдік тұлға;
-- жасөспірімдердің танымдық деңгейі, қоршаған дүниені қабылдау, лексикалық қордың ортақтығына байланысты балалардың ұжымдық тілдік тұлғасы қалыптасады;
-- балалар тілінің қолданысындағы жалқы есімдер ономастикалық атаулардың когнитивтік аспектіде зерттелуіне тілдік дерек бола алады;
-- тіл білімінің когнитивтік саласында лақап есімдер концептқұраушы таңба ретінде танылады;
-- баланың тілдік тұлғасын қалыптастырушы негізгі сыртқы факторлардың бірі прецеденттік есімдер болып табылады;
-- шығармадағы фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер, теңеулер, диалект сөздер, авторлық қолданыстар, ұғымдық мәні тектес концептуалдық өрістер өзіндік жүйе құрайды;
-- концептілік құрылымдар арқылы бала ұғымындағы символдық таңбалар лингвомәдени мазмұнға ие болады;
-- балалар әдебиетіндегі бала санасына ықпал жасаушы синэргетикалық тілдік бірліктердің психолингвистикалық мазмұнын сипаттау арқылы ұлт мәдениетінің тілдегі көрінісі анықталады.
Жұмыстың талқылануы мен жариялануы. Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері мен мазмұны бойынша Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де өткен ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы, 2005); Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен Қазақ және орыс тілдері шет тілдік кеңестікте: оқытудың қазіргі технологиялары атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Алматы, 2005); ҚазҰАУ-да өткен Мемлекеттік тілде маман даярлау "Жаңа мақсат, жаңа жүйе" атты республикалық конференцияда (Алматы, 2006); А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Тілтаным журналында (Алматы, 2007); Қазақстан Республикасы Ұлттық академиясының Хабарларында (Алматы, 2007) және А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жанындағы Лингвистикалық жұма атты ғылыми-әдістемелік семинарда (2008, маусым) баяндамалар жасалды. Зерттеу жұмысы бойынша республикалық ғылыми басылымдар мен жинақтарда 7 мақала жарияланды.
Зерттеу жұмысының құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
НЕГІЗГІ Бөлім
Жұмыстың кіріспесінде тақырыптың өзектілігі негізделіп, зерттеу нысаны, мақсат-міндеттері, қолданылған әдіс-тәсілдер, жұмыстың ғылыми жаңалығы мен нәтижелері, теориялық маңыздылығы мен практикалық құндылығы, қорғауға ұсынылатын тұжырымдар жинақталып баяндалды. Әр тараудың соңында және қорытындыда тұжырымдар беріледі.
Бірінші тарау Поэтонимдердің көркем мәтіндегі терминдік, функционалдық сипаттамасы деп аталады.
Қазіргі қазақ тіл білімі өзінің дамуында жаңа бағытты басынан өткеріп отыр. Тілді психолингвистикалық, когнитивтік тұрғыдан қарастыру арқылы тілші ғалымдар тілдік бірліктердің антропоцентристік сипатын ашуға мүмкіндік алды. Бұл орайда ономаст ғалым Б.Тілеубердиев Когнитивтік лингвистика жалқы есімдерді зерттеуде жаңа бағыттарға жол ашады, бұл дегеніміз бұған дейінгі этнолингвистикалық, дәстүрлі, жүйелі-құрылымдық, лингвомәдениеттанымдық, әлеуметтік лингвистикалық парадигмаларды жоққа шығармайды, қайта керісінше ономастикалық процестерді жаңа тұрғыдан көрсету мен ұғынуға ұмтылыс жасайды (1.21). Осыған орай, біздің мақсатымыз қазақ балалар әдебиетінің ономастикалық кеңістігіндегі жалқы есімдерді тану, ондағы бала санасы арқылы дүниені тану мен қабылдаудың мәнін ашу болып табылады. 2.2. Балалар әдебиеті кейіпкерлерінің тіліндегі көріктеуіш тәсілдер.
Қазіргі кезде лингвостилистикалық зерттеулерді жазушының таза тілдік ерекшеліктері, яғни стильдік, сөз қолдану, көріктеу құралдарын қолдану ерекшеліктері т.б. сипатта қарастырумен ғана шектеуге болмайды. Мысалы, көркем мәтіндегі тұрақты тіркестер сөздің эмоциялық - экспрессиялық мәнін арттырады. Мұндай тұрақты тіркестер арқылы жазушы шығармаларында ұлттық болмыс пен танымның белгісі айқын аңғарылады. Мысалы: Жоламан тез-тез адымдап, үй орнындай жерге топтала өскен доланаға таянғанда, Кәрішалдың даусы пышақ кесті тына қалды [М.Ғ.] деген сөйлемдердегі тұрақты тіркестер арқылы ақпаратты ықшам, бейнелі түрде берудің өзіндік қолтаңбасын көрсетеді.
Тұрақты тіркестердің бұл қырының жарқын көрінісін сөз шеберлерінің тезінен өтіп, шығармашылық көрігінде шыңдалған көркем туындылардан кездестіруге болады. Б.Соқпақбаев та, М.Гумеров те мұндай тәсілдерді өте сәтті қолдана білген. Мысалы: Шал да, Мұқамеди де, әйелдері де, тіпті кішкентай Садық та мал емес, ең бір аяулы жақын адамдары өлгендей көздерінің жасы көл болып, еңіреп жүр [Б.С.] деген сөйлемдерден екі қаламгердің кейіпкер психологиясы мен танымын тұрақты тіркестер арқылы шебер суреттеуін айқын аңғарамыз.
Фразеологизмдер арқылы кейіпкер тілінің сөз байлығын, әсіресе, балалар тілінің тілдік қолданыс ерекшелігін дәл беруде М.Қабанбаевтың стильдік ұстанымы, баланың өскен ортасына тән сөз саптау мәнерін ерекше талғаммен беруі қаламгердің шеберлігін танытады. Мысалы: Бүйтіп қиюым келіспей, ыза боп тұрғанда шаңдатып шапқылап жүргені шат-шәлекейімді шығарды [М.Қ.] т.б.
Тілдегі дағдылы қолданыстан тыс құбылысты және көркем шығармадағы қолданысына қатысты авторлық шығармашылық, стиль табиғатын тануға көмектесетін, негіз болатын ерекше мәнді бір заңдылық бар. Ол - окказионализм құбылысы. Б.Соқпақбаев, М.Қабанбаев, М.Гумеровтың шығармаларына талдау жасай отырып, қаламгерлердің осы дәстүрді шебер пайдалана білгеніне айқын көзіміз жетті. Мысалы: Біз жайлауға келгелі табаны трактордай бір ай шамасы уақыт өтті [Б.С.]. Отқа тақау үлкен қара табаға жабылған тәрелкенің астынан құймақтардың құлағы қылтияды [М.Ғ.]. Түс ауа шулы үлкен қала жастанып жатқан сүңғі шыңдардың басына бұлт байланып, күннің қалпағы кисайып сала берді [М.Қ.] т.б мысалдардағы трактордай бір ай, құймақтың құлағы қылтиды т.б. авторлық қолданыстардың сәтті пайдаланылғанын байқаймыз.
Көркем әдебиетте көп қолданылатын тілдің көріктеуіш тәсілдерінің бірі - мақал-мәтелдер. Балалар әдебиетіндегі кейіпкер тілінде де мазмұн мен ойды беруде қолданылған мақал-мәтелдердің қызметі ерекше. Бұл турасында зерттеуші Ш.Қарсыбекова: Мақал-мәтелдер - қазақ этносына тән дүниетаным мен сананың айқын айғағы, халық даналығы мен философиялық толғанысының, эстетикалық танымы мен тағлым-тәлімінің, өркениеті мен мәдениетінің - барша болмысының айғағы деген пайымдау айтады [2.3]. Мұндай құбылысты қаламгер шығармаларындағы: Шыбыным, әйтеуір ешкімге тимей, ұрынбай, жайыңа жүр. Тек жүрсең, тоқ жүресің дейді атам қазақ ... . Біреудің ала жібін аттаушы болма. Мешкей деген жақсы ат емес [Б.С.] т.б. сөйлемдерде берілген мақал-мәтелдер арқылы айтылар ойды нақты жеткізуді мақсат еткен.
Мұндай орнымен үйлесімді қолданылған мақал-мәтелдер көріктеуіш құрал ретінде мәтін тілін жандандыра әсерлендіруге қызмет етіп, белгілі бір құбылыстың негізін дәл бейнелеуде өзіндік ерекшеліктермен жұмсалады. Мысалы М.Гумеров шығармасындағы: Жаңыл ұлына: -- Е, жындымысың? - деп елеусіз жымың қағып, -- Сезікті секірер деген. Ел құлағы елу деген емес пе. Жұрт кеңседегі шешім жайынан әп-сәтте хабарланып та үлгеріпті [М.Ғ.] тәрізді мақал-мәтелдерде атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық этникалық көзқарас пен салт санасы нақты берілсе, М.Қабанбаевтың шығармаларындағы: Тілімді алсаң, қарадан қашық, ақ атаулыға асық жүр. Ақ атаулы аспанға түсіп бара жатса, жылқыдайын жалыңды, түйедейін шудаңды төсе, қарғам! [М.Қ.] деген сөйлемдердегі қарадан қашық, ақ атаулыға асық жүр бояты тәрізді мақал-мәтелдерден халықтың бағзы замандардан келе жатқан этносқа тән өмір тәжірибесінің көрінісін байқауға болады.
Көркем әдебиет тілі туралы сөз болғанда, әдетте оны құрайтын екі компонентті ескермесе болмайды. Олардың бірі - авторлық баяндаудағы тіл де, екіншісі - кейіпкер тілі. Шыңырау әңгімесінде кейіпкер тілінің ерекшелігі автордың тілі арқылы өте сәтті берілген. Мысалы, Алма шолақ шалады деп, Рахат пен інісін онда жібергісі келмей, қолынан жетектеп алды да, әйелдерді бастап үйге кірді [М.Ғ.] т.б берілген тілдік бірліктерді автор халықтың сөз байлығы арасынан таңдап, екшеп алып, мақсатты түрде айтар ойдың мазмұнын аша алатын лексикалық қор ретінде пайдаланып отыр.
Мысалы Пысық болдым, мінеки әңгімесіндегі: Бала -- Шалтай жездем тізесімен оюлы киізді егей түсіп, жылжып барып, Түйе атаның мұздатқышта көп тұрып қалған тұшпара секілді быт-шыт құлағына айқайлап жатыр [М.Қ.] деген сөйлемдерден қаламгердің сөз қолдану шеберлігі мен айтылар ойдың бала танымына қатыстылығын талғампаздықпен бейнелегенін байқаймыз.
Көркем шығармада кейіпкер табиғатын, болмысын ашуға маңызды көріктеуіш құралдарының бірі - диалог. Бұл жазушының когнитивтік танымы мен талғамына, шеберлігіне байланысты. Мысалы, Үш күн, үш түн әңгімесінде бала психологиясындағы қымсыну, сөзге сараңдықтың белгілерін былай береді:
-Немене, поездан қалып қойдың ба?
-Иә.
-- Түу-у, ашықауыз-ай, Мына аязда вагонда отырсаң болмады ма? - Билетің бар ма?
-- Жоқ.
-- Түу-у! ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz