Әзілхан Нұршайықовтың шығармашылық мұрасы
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1. Ә. Нұршайықов шығармаларының теориялық сипаттамасы
1.1. Ә. Нұршайықов романдарының ерекшеліктері
1.2 Ә. Нұршайықовтың Махабат қызық мол жылдар романы
1.3. Ә. Нұршайықовтың Махабат қызық мол жылдар романындағы лиризм
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Қазақ елі өз тәуелсіздігін алғалы дамыған елу
елдің қатарынан көрінуді мақсат етіп, жаһандық кеңістікке бет бұруда
болашақ ұлттың ұрпағына сапалы білім беру мен жан-жақты, саналы
тәрбиелеудің әлеуетін аша түсуге, жетілдіруге ғылыми-педагогикалық тұрғыдан
күрделі міндеттер жүктейді.
Еліміздің Білім туралы заңында: Білім беру жүйесінің міндеті –
ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері
негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға
бағытталған білім алу үшін жағдайлар жасау – деп, ұлт зиялыларының құнды
мұраларын білім беру мен тәрбие ісіне пайдалануға бағыт береді.
Жастарды жеке тұлға ретінде қалыптастыруда ұлт субьектілерінің
педагогикалық идеяларын оқу-тәрбие үдерісіне пайдаланудың көкейкесті
мәселелері Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасында, Қазақстан
Республикасының Білім беруді 2015 жылға дейін дамытудың мемлекеттік
бағдарламасында, Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасында,
Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің кешенді
бағдарламасында жан-жақты зерделенген.
Ұлттық құндылығымызға негіз болып табылатын тарихи тұлғаларымыздың
тағылымдық мұраларын жастар тәрбиесіне пайдалану қажеттігіне түрткі болар
ойларды біз басшылыққа аламыз. Тәлім-тәрбиелік идеяларға бай, оқырмандарын
өз туындылары арқылы тәрбиелеуге ықпалды жазушылар қатарында Әзілхан
Нұршайықовтың да өзіндік орны ерекше. Осы тұрғыда оның шығармаларына шынайы
баға берген елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың ...Кездесуде маған Махаббат,
қызық мол жылдарды, Халиманы сыйға тарттыңыз. Біріншісін бұрын да оқыған
едім, екіншісін қолыма алған бойда бас көтермей оқып шықтым. Тәлім-тағылымы
мол, керемет шығарма екен. Дәл қазіргі заманда жастар көбірек оқитын хикая.
Сіздің шығармаларыңыз – ел қазынасы. Өміріңіз – үлгі! деген пікірі жазушы
өмірі мен шығармашылығының бүгінгі күнгі жас ұрпақтың тәрбиесіне ықпалы мен
құндылығын баса көрсетеді.
Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов шығармашылығындағы тәлім-тәрбиелік
идеялар өмірді, адамды сүюден бастау алып, жастарды ұлтжандылыққа, Отанды
қорғау, ерлік пен батырлықты дәріптеуге, еңбексүйгіштік дағдыларын
қалыптастыруға, адамгершілік асыл қасиеттерді насихаттауға, сана-сезімді
жетілдіріп, ұлттық рухты көтеруге бағытталған.
Зерттеудің мақсаты: Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік
идеялар мен лиризмді ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеп, оқу-тәрбие
үдерісіне ендірудің тиімді жолдарын анықтау.
Зерттеу нысаны: Әзілхан Нұршайықовтың шығармашылық мұрасы.
Зерттеудің міндеттері:
1. Тарихи-салыстырмалы және ретроспективті талдау негізінде Әзілхан
Нұршайықов мұрасындағы тәлім-тәрбиелік идеялардың қалыптасуына ықпал еткен
факторлар мен тарихи-әлеуметтік кезеңдерді анықтау.
2. Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы педагогикалық идеяларды жүйелеп,
мазмұндық-құрылымдық сипаттамасын беру және жазушы мұрасының тәрбиелік
әлеуетін айқындау.
3. Тәлімгер-жазушы шығармаларын зерттеу барысында анықталған
әдіснамалық тұғырлар мен ұстанымдар негізінде сараптау арқылы тәрбие
бағыттарының мәні мен мазмұнын ашып көрсету.
4. Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларының
бүгінгі таңда ұлттық тәрбиедегі рөлін айқындап, оқу-тәрбие үдерісіне
ендірудің ұсыныстарын дайындау.
Зерттеу көздері: Әзілхан Нұршайықовтың жеке мұрағаты, Қазақстан
Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаттың № 2209 қоры, жазушының өмірі
мен шығармашылық жолын зерттеуге арналған ғалымдардың зерттеу жұмыстары,
педагогика тарихы мен теориясына, әдістемеге, әдебиеттану ғылымына
байланысты материалдар, зерттеу тақырыбына қатысты ресми құжаттар:
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы, Қазақстан Республикасының
Білім беруді 2015 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, Мәдени
мұра мемлекеттік бағдарламасы, Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие
тұжырымдамасы, сондай-ақ, тарихи-педагогикалық тұрғыдан зерттелген
диссертациялық жұмыстар және Әзілхан Нұршайықовтың көркем шығармалары мен
естеліктері, деректі жазбалары.
Зерттеудің құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды мен қолданылған
әдебиеттер тізімі.

Әзілхан Нұршайықовтың тәлім-тәрбиелік идеяларға толы шығармаларды
өмірге әкелер жазушы болып қалыптасуының үлкен кезеңі – журналистік кезең.
Оған журналистік өте бала күнінен машықтанған, бейімделген мамандық десе
болғандай. Ал, майданда қаламы одан әрі шыңдалып, 100-қазақ атқыштар
бригадасында қазақ тілінде шығатын әскери газетте елуден аса патриоттық
өлеңдері, біршама мақалалары басылған, сондай-ақ республикалық бірнеше
газет, Семей облыстық газеті арқылы республика көлеміне кеңінен танылған
еді. Облыстық газеттің сол кездегі редакторы Сағат Жұмағазиев ара-тұра
майданға хат жазып, Әзілханға әр түрлі тапсырмалар беріп тұрған және ол
қиын жағдайға қарамастан мүлтіксіз орындалған.
Төртінші кезең – Әзілхан Нұршайықовтың шығармашылығы толысып,
оқырмандарын тапқан, айтар ойы мен жазатын тақырыптары айқындалған,
кемелденген жазушылық кезеңі. Әзілхан Нұршайықовтың жазушылық әлеуеті және
оның шығармаларындағы көркемдік ерекшеліктер туралы М. Дүйсенов, Т.
Кәкішев, З. Қабдолов, С. Қирабаев, М. Әлімбаев, Р. Тұрысбек, т.б. белгілі
әдебиеттанушы ғалымдар мен көптеген замандастары мақалалар жазды,
пікірлерін білдірді.
Ә. Нұршайықовтың жазушылық кеңістігіндегі қамтыған тақырыптары адамзат
үшін әрқашан өзекті мәселе: достық, махаббат, адамгершілік, тазалық пен
адалдық төңірегінде болды. Сонымен қатар, Ұлы Отан Соғысына қатысқан
бұрынғы жауынгер, қазіргі ардагер Отанды сүю, ерлік пен батырлықты үлгі ету
мәселесін де басты қағида еткен. Сондай-ақ, еңбек адамдарының ауыр тірлік
жолындағы жан аямас ерлігі мен өзіне қойған қатаң талабын – еңбекқорлығын
да өз очерктерінде оқырмандарына шебер де сенімді жеткізе білді.
Оның қаламгер ретінде халқына қалдырған көлемді туындыларының бірегейі
саналатын еңбектері: Махаббат жыры, Махаббат, қызық мол жылдар, Ақиқат
пен аңыз, Автопортрет, Өмір өрнектері, Қаламгер және оның достары,
Халима, Боздақтар, Мәңгілік махаббат жыры, балаларға арналған
Батырдың өмірі, Алтын соқпақ және т.б.
Тәлімгер-жазушы өз заманының саяси-әлеуметтік мәселелеріне де салауатты
үн қосудан қалыс қалмады. Өзінің шығармашылығындағы тәлім-тәрбиелік
идеяларды заманның тарихи-саяси, идеологиялық ықпалдарымен ғана тудырмады,
оған өмірлік тәжірибесін, халқының тәлімі мен мәдениетін арқау етіп,
адамзатқа мәңгілік тақырыптарды шығармашылық нысанына айналдырды. Жазушы
болып қалыптасуына ықпал еткен, өзі өмір сүрген қоғамдардағы тарихи-
әлеуметтік факторлары қорытындылай жинақтап, 2-суретте қарастырдық.
Педагогика ғылымының тарихына сай нысандарды зерттегенде, өзіндік
әдіснамалық тұғырларға жүгінетініміз анық. Тұғыр – қойылған зерттеу
міндеттерін шешудің негізгі жолы, ол осы шешімдердің бағыты мен
стратегиясын айқындайды.
Тарихи-педагогика ғылымындағы тұлғалардың педагогикалық көзқарастары
мен идеяларына ғылыми зерттеу жасауды теориялық жағынан қарастырған
ғалымдар мен осы тақырыпқа бізден бұрын барған ғалымдардың тәжірибесіне
сүйене отырып, біз Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың
шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды теориялық тұрғыдан зерттеп,
зерделеу мақсатында біз төмендегі әдіснамалық тұғырларды іріктеп алдық.
Жазушы шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялардың педагогикалық-
әдіснамалық тұғырлар бойынша талдау – бірінші тұлғалық тұғырда: жас кезінен
халық ауыз әдебиетін жаттап өсуі, еліктеп өлең жазуы; педагогикалық оқу
орнында оқуы – оның алғашқы педагогикалық көзқарастарының пайда болуына
ықпал етуі; соғыста жауынгер-тілші ретінде танылуы; зеңбірекші майдангер
ретінде ерлік жасауы; соғыстан соң мұғалімдік мамандыққа оқуы; газетте
журналист, басшы, кейіннен халыққа танымал жазушы болуы; әже педагогикасы
туралы ойлары; туған жерден байланыс үзбеуі – рухани әлеуметтік ортада
жігіт, отбасында әке, әулетте ата ретінде өз рөлі бар тұлға деңгейінде
зерделенді.
Іс-әрекеттік тұғыр бойынша: адал пионер ретінде қоғамда белсенді
әрекеті; республикалық басылым беттерінде мақалаларының жарық көруі;
майданда журналистік қабілетін танытуы; әскери тәртіпті өміріне үлгі етуі
қарастырылды.
Жүйелілік тұғырда: мектеп жасынан бастап күні бүгінге дейін
шығармашылығын дамытуы; ауызша баяндайтын әңгімелерінің шағын әңгімеден,
повестке, романға айналып отыруы (Қызыл көрпе әңгімесінің Есеновтың
тағдырына, кейіннен Махаббат, қызық мол жылдарға ұласуы); журналистік
очерктері еңбек адамдарының ерлігіне, жазушылық еңбектері: адамды сүю,
махаббат, ерлік пен батырлық, отаншылдық, достық тақырыптарына арналуы
қамтылды.
Ақпараттық-инновациялық тұғыр бойынша: журналист ретінде халыққа
ақпарат жеткізу қызметін лайықты атқаруы; соғыс кезінен бастап, тарихи
оқиғалар мен ерекше күндердегі ұмытылмас деректерді күнделікке жазуы;
зерттеуде мұрағат деректерін көп пайдаланғандығы; оқырмандарымен тығыз
байланысы. Кездесулер мен сұхбаттардағы толық жауаптары; жаңа идеяларға,
қоғамдық-әлеуметтік қозғалыстарға теледидар, газеттерде үн қосуы
мысалдармен талданды.
Көпсубъектілік (диалогты) тұғырда: Мәншүк Мәметовамен Майдан
жазбаларынан – Невель түбінде, Сәбит Мұқановпен Екі естелік
әңгімелері, Мәлік Ғабдуллинмен Тоғыз толғау, М. Әуезовпен Ұмытылмас
бейне, Б.Момышұлымен Ақиқат пен аңыз сұхбаттары және М.Иманжанов, З.
Қабдолов, С. Қирабаев, М. Әлімбаевпен хаттары, естеліктері Қаламгер және
оның достары, Өмір өрнектері еңбектері арқылы зерделенді.
Аксиологиялық тұғыр бойынша: шығармадағы басты идеяларға негіз болған
құндылықтар: еңбекқорлық, достыққа адалдық, рухани тазалық, ерлік пен
батырлық, адамды сүю, салауаттылық, жан тазалығы – пәктік, т.б. тәрбие
бағыттарына бөлінді. Осы құндылықтар шығармаларында толық қарастырылуымен
сипатталады.
Креативті тұғырда: Жас жазушы қандай болу керек?; жазушы
шығармашылығы туралы; өнер туралы; талант ұғымы; шығармашылық пен
шеберлікті шыңдау; ой еңбегі туралы педагогикалық-психологиялық
тұжырымды ойлары бар. Әдебиетке: роман-диалог, прозалық поэма сияқты
жаңа жанрлар енгізуі қарастырылды.
Мәдениеттанушылық тұғыр бойынша: орыс классикасы мен әлемдік
классиканы тереңдей оқуы; И. Бунин, М. Шолохов, П. Павленко, А. Якобсонның
шығармаларын қазақшаға аударуы ескерілді.
Этнопедагогикалық тұғырда: тұлға ретінде өз өмірімен үлгі болуы;
әкесінің атын шығаруы. Шығармаларында да, ауызша пікірлерінде де қыз бала
тәрбиесіне қойылатын ұлттық талаптарды нақтылай жүруі; сабақтастық, ұлттық
тағылым; ата педагогикасының көрнекті өкілі ретіндегі ақыл-кеңестері
сараланды.
Антропологиялық тұғыр бойынша: адамзатқа тән махаббат пен батырлықты
үлгі етуі; әйел тақырыбында гендерлік тұрғыдағы салыстырмалы ойлары;
отбасында үйлесімді өмір сүруге салауаттылықты үлгі етуі нақты мысалдармен
іріктелді.
Біз әдіснамалық тұғырлар арқылы Әзілхан Нұршайықов шығармашылығындағы
тәлім-тәрбие идеяларына талдау жасадық. Жалпыдан жалқыға өту (дедукция)
заңдылығына орай, енді әдіснамалық ұстанымдармен шығармашылыққа талдау
жасап, тәлім-тәрбиелік идеяларды нақтылауға мүмкіндігін қарастырамыз.
Әдіснамалық тұғырлардың әдіснамалық ұстанымдарға қарағанда аясы кең,
сондықтан да ұстанымдар тұғырлардан нақтыланып шығады. Шығармаларды
талдаудың нақтырақ жолын (ұстанымдар арқылы талдау) ашып көрсетеміз.
Ұстаным – оқу-тәрбие жұмыстарының ұйымдастырылған әдістері мен
түрлерін, педагогикалық теориялар мен концепциялардың мазмұнын айқындаудан
шығатын негізгі ереже. Әдіснамалық ұстанымы ұғымы теория мен практикаға
қойылған мақсаттың жетістігіне бағытталған іс-әрекеттің жетекші қалпы,
білім беру саласындағы стратегиялық шешімдердің ұжымдық негіздемесі, білім
берудің стратегиялық шешімдері бағасының көп қырлылығы мен баламалылығы деп
сипаттама береді.
Біз жазушы Әзілхан Нұршайықовтың шығармашылық мұрасындағы тәлім-
тәрбиелік идеялар мен ой-пікірлерін талдауға тарихи-педагогикалық
зерттеулердің әдіснамасы арқылы тақырыбымыздың мазмұнына сай ұстанымдар
таңдаймыз. Ол жоғарыдағы ғалымдардың пікірімен өзара үндеседі, сонымен
қатар өзіндік ерекшелігі де бар. Біз басшылыққа алатын ұстанымдар:
тарихилық, халықтық, сабақтастық, шынайылық.
Жазушы шығармашылығындағы тағылымдық идеяларды тарихилық ұстаным арқылы
талдар болсақ, Әзілхан Нұршайықов шығармашылығы кеңестік дәуір кезеңі мен
тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу және даму кезеңдерін қамтиды. Оның
шығармаларында осы тарихи кезеңдердің барлық мәдени-рухани, әлеуметтік-
саяси құбылыстары мен оқиғалары баяндалады.
Халықтық ұстаным бойынша: жазушының халықтан шыққан тұлғалардың
бойындағы адами қасиеттерін дәріптеудегі ұлтқа тән ерекшелік пен олардың
халық үшін жасаған ерлік істері, белсенді қызметін үлгі-өнеге етуін, т.б.
көптеген мысалдар келтіруге болады.

Әзілхан Нұршайықов шығармашылығындағы махаббат тақырыбының алар орны
ерекше. Оның ең алғашқы романы достық пен махаббатқа, жастық пен жалынға,
адалдық пен тазалыққа негізделген бұл шығарма шыққан уақытта бірден
көпшілік тарапынан аса қызығушылықпен қабылданды. Бұл шығарма үшін жазушыға
халықтан, оның ішінде әсіресе, жастардан мыңдаған хат келген. Қолдан қолға
тимей оқылып, жазушымен осы роман төңірегінде ой бөліскен жастар оның өз
өмірлеріне ықпалы бар шығарма екендігін бірінен соң бірі қайталап айтады.
Оқу орындарында кітап оқушылар конференциялары ұйымдастырылып, жастардың
сан пікірлері ортаға салынды. Мұның өзі – қазақ оқырмандарына серпіліс
әкелген шығарма болғандығының айғағы.
Романы туралы құнды пікірлер білдіргендер көптеп саналады. Солардың
педагогикаға қатысты бірнешеуінің пікіріне шолу жасасақ, әдебиеттанушы-
педагог Т. Кәкішев: Студенттер қауымына арналған тағы бір кітап дүниеге
келді. Студенттер жайлы кітап жиі жазыла бермейді. Ал студент жастарды
адалдыққа, достыққа, еңбекшілдікке тәрбиелейтін жақсы кітаптар керек-ақ.
Әзілхан Нұршайықовтың Махаббат, қызық мол жылдар романы міне, осы
мәселеге арналған-дейді. Профессор Ә. Табылдиевтің: Автордың айтайын деп
отырған негізгі идеясы – достық, махаббат, адамгершілік, отаншылдық.
Кітаптың өзінің алдына қойған жастарға өнеге көрсету, тәрбие беру жайындағы
өз міндетін ойдағыдай орындап шыққан. Мұны мен жай кітап емес, жастардың
тәрбиеші кітабы, ақылшы романы деп бағалаймын деген пікірінің біздің
зерттеу тақырыбымызда маңызы ерекше.
Романның негізгі тақырыбы – жастар және махаббат. Басты себебі,
махаббат мәселесіне жастардың немқұрайлы қарамайтындығы болса, сол арқылы
жазушы махаббатқа адал болу мен тұрақтылыққа шақырады, шығарма негізінде
тәрбиелейді. Сондай-ақ, осы идеялар Махаббат жыры, Ботагөз, Әсем,
Мәңгілік махаббат жыры, т.б. шығармаларында көрініс табуымен ғана емес,
әлі күнге ақпарат құралдарында автор арқылы насихатталуымен құнды.
Махаббат қызық мол жылдар романы – ғашықтық тақырыбындағы сүбелі
туынды, сарбелі туынды, сырбаз дүние. Кітап оқиғасы Ұлы Отан соғысы
жылдарынан кейінгі ұрпақтардың жүрегін әлі күнге дейін толқытып келеді.
Роман кейіпкерлері өмірдің қиын жолдарынан өтіп, күрделі драмалық жайларды
бастарынан кешірген, өздерінің гуманистік асыл мұраттарын дақ түсірмей
кіршіксіз сақтай білген адал жандар
Әзілхан Нұршайықовтың бұл романына негіз болған Қазыл көрпе атты
ауызша айтылатын аясы кеңітіліп, алғашқыда Махаббат жыры повесі 1964 жылы
жеке кітап болып жарық көрген. Махаббат қызық мол жылдар тұңғыш рет 1970
жылы роман болып жарияланды.
Жастық шағы махаббаттың шырынына шынайы қаныққан Абайдың осынау жыр
шумағын Нұршайықовтың білдей бір романына тақырып қылып алуы, ол нағыз
махаббат машақатын түсіне білген қаламгердің іс – әрекеті. Сұңғыла сезімнің
сұлулығын тани білген, танып ғана қоймай сол сезімнің сорақылығын да
басынан өткерген Әзілхан Нұршайықов, өзінің әзиз өмірін шығармасына арқау
қылғаны оның нағыз шебер жазушы екенін тағы бір аңғарта түсіргендей...
Оқыдым, бірнеше қайтара оқыдым. Білесіздер ме?! Оқи бергім келеді. Жалыққан
емеспін. Қайта қазіргі заманның қабырғаңды қайыстыратын қанішер
қылықтарынан жалыққан кезде, оқығым келеді. Неге дейсіздер ғой?! Ол кітап
бейне періште қанатының қауырсынымен жазылғандай бойында пәктік тұнып
тұрады.
Меңтай. Меңтай өзгені қайдам, мен үшін ажарлы аппақ кейпіне, үстіндегі қара
бедерлері бар ақ шыт көйлегі көркем жарасып, етегі жел екпінімен баяу
қимылдап, ауырлау портфелін екі қолымен алдына ұстап тұрған қарапайым, жүзі
бедерлі, шашы қою қара, сүйріктей білектері жіңішке, керемет бір қиялымдағы
ару елестейді, кенет. Мен елестетпегем оны, Нұршайықов елестеткен,
елестеткен емес, көрген, дәл сол Меңтай аруға ғашық болған. Осы секілді
шығармадағы әрбір кейіпкерді оқыған жан өз қиял суретімен келістіріп мүсін
жасап алатыны даусыз. Бұл шығарманың ұлылығы да сол, ешқандай тілге еркін
аударылуға да келмейді. Олай тұжырымдауымның себебі, шығармада
стилистикалық реңк айқын байқалады. Ал стилистикалық реңкі қанық шығарманың
міндетті түрде окказионал екенін байқаймыз. Ашып айтсақ, Махаббат, қызық
мол жылдар романы тек қазақ үшін ғана әспетті әсермен қалатыны анық. Тек
қазақ тілінде ғана, шығарманың жан дүниесіне кіріп, кейіпкермен тұстасып
өмір сүре аласың. Мәселен, шығарманың тақырыбын орысша аударғанда Годы
любви деп ғана аударылып қойған. Анығына келсек, өз кезегінде бұл тақырып
шығарманы мүлдем ашып тұрған жоқ.
Мұндай көркем шығарманы көсегесін көгертіп жазып, халыққа кереметтей әсер
қалдыру үшін шамасы қаламгерге шалқыма шабытпен, темірдей төзім қажет
болар. Ал мұндай шығарманы туғызу Нұршайықов сияқты қазақ қаламгерінің
маңдайына бұйырған бақ болар. Дегенмен бұл автордың аса бір дарынға ие
екендігі секілді.
Махаббаттың мәңгілік тақырып екені рас болса, шығарманың да мәңгілік
жасамағы заңдылық. Демек, Нұршайықовтың қазақ әдебиетінде алтын әріптермен
қалатыны да бұлжымайтын заңдылық, аксиома...
Әзілхан Нұршайықовтың өмірбаяндық романы Өткелдер, Асулар деген 2
кітаптан тұрады. Автор аталған романды Ғабит Мүсіреповтің
90 жылдығына арнап жазады және осы естеліктің дүниеге келуіне қайта құру
заманының шарапаты себеп болғанын да жасырмайды.
Ә. Нұршайықов өмірбаяндық романға Өнер баспасының директоры Сұлтан
Оразалиновтың қазақ халқының ұлы жазушысы Ғабит Мүсірепов туралы естелік
жазып беру жайындағы өтініш хатын оқығаннан кейін кіріскенін атап өтеді.
Ғабит жайында не білетінін сарапқа салады. Өз өмірінде, өз жүрегінде ұлы
жазушының қандай із қалдырғандығын саралайды. Өзіне жолдаған оның хаттарын
құрастырады, бірге түскен суретіне үңіледі. Ол туралы өз дәптеріне жазған
жазуларына көз жүгіртеді. Осы романды қалай бастағандығын баяндайды:
... бірден бастай алмадым. Бір күнім босқа кетті. Өйткені естелікке ең
алдымен лайықты тақырып тауып алу керек. Айтатын ойыңның бәрі сол
тақырыптан тарап, содан өрбуі қажет. Ал мен үстелге отырғанда бірнеше
тақырып кемеліп келіп, қаламымның ұшына ілінді. Олар: Асқар таудың аясы,
Ұлттық мақтаныш, Ана тілінің асқары, Парасат нұры, Ұлы ұстаз,
Маңғаз аға және Майталман шебер. Осының қайсысына жіп тағарымды білмей
қиналдым. Бұлардан да оңтайлы тақырып табамын ба деп және дәмелендім. Тіпті
болмаған соң, тақырыбын кейін қоярмын деп, орнын ашып тастадым да, бұл
естелікті бастауға бел будым [2, 8].
Көркем шығарманың табиғатына әсер ететін негізгі факторлар саясат,
қоғам, идеология, тарихи жағдайлар өзгергенде, көркем туындылардың келбеті
де өзгеріске түсетіні белгілі. Әсіресе, мұндай факторлық әсердің ерекше
күштілігін Кеңес өкіметі орнап, Коммунистік партия билеген кешегі
социалистік қоғамдағы әдебиеттерден көреміз. Мұнда тұтас дәуірге татитын
ұлы өзгерістердің қалай орнағанын, қалыптасып өркендеуін, нәтижесінің мәнін
ашып көрсететін шығармалар жазылған.
Егер сол кездегі Тар жол, тайғақ кешу, Өмір мектебі, Орындалған
арман, Көз көргенде негізгі кейіпкерлер автордың өзі болса, Аспандағы
айқас, Халқым үшін т.б. автор өзге тұлғалар ғұмырын бейнелейді. Мұның
өзі соңғы мемуар кейіпкерлерінің жалпы ерекшелігін белгілейтін де фактор.
Осыдан автобиографияның мазмұнына материал беруші де, дәуір идеологиясын
ғұмырнаманы өзгеріске келтіруші екені байқалмайды. Олай болса мемуар
сипаттауына да азды-көпті болсын өзгертудің еніп отыруы (кейіпкерлері,
объект нысанасы, адам психикасы, адам санасы т.т.) мүмкін жайлар.
Қазіргі қазақ әдебиетінде көркем ғұмырнамалық романдар (Тар жол,
тайғақ кешу, Өмір мектебі, Көз көрген, Орындалған арман, Ұстаздың
оралуы, Қыран қазасы қияда т.б.), повестік (Ұшқан ұя), очерктік
(Халқым үшін, Аспандағы айқас), әңгімелік (Менің өмірбаяным),
новеллалық (Офицер күнделігі, Мәңгілік өмір, Айналайын), поэзиялық
туындылар (Менің өмірім, Алғашқы адым, Жолда) т.б. мемуаристиканың
қазақ әдебиетінде орныққан түрі. Көлемі және түрі жағынан қазақ
ғұмырнамалық шығармаларының мазмұндық ауқымы да, тақырыбы да алуан. Зерттеу
объектісіне келу де, ғұмырнамалық мотивтің берілуі де әр түрлі. Мәселен
Өмір мектебі желісі ғұмырнамаға құрылған. Мұндағы естелік суреттеулер –
ғұмырнаманы ашу ретіндегі тәсілдер. Ал, Тар жол, тайғақ кешу қоғам
өмірінің cан түрлі тартыстарын суреттеу жағдайында басталып, ғұмырнамалық
жайды ішкі мазмұнына қарай орайластырады. Кей шығармаларда ғұмырнамалық
шығарма соңына дейін бұлтарыссыз, өзге тәсілсіз бір қалыппен қозғалады.
– Балалық шақтан баяндай келетін шығармалар автобиографиялық –
ғұмырнамалық болады. Ал ғұмырнамалық детальдары аз және кейіпкер өмірдің
есейген сәтінің бір мезеттік сәттерін (мейлі көп жылдар болса да) үзік-үзік
оқиғаларын қамтитын мемуарлар-мемуар естеліктер боп қарастырылуы жөн [3,
56].
Мемуар түрінің осындай ғұмырнамалық түрлері жиі кездеседі. Ал, балалық
шағы баяндалғаннан бастап, соңғы белестерді жазушының ұсынуы – еркіндегі
іс. Мәселен, С. Мұқановтың өмірінің есею жылдарын ұсынуы – мемуарды тіпті
таяу мерзімге дейін жазуға болатынын көрсетеді. Бірақ,
С. Мұқанов мемуарлық шығармасын одан әрі созбады. Мұндай жағдай
Л.Н. Толстойда да болған. Ол жөнінде Л.Д. Опульская былай дейді: Кейіннен
Есею жылдары тұралы толғана отырып, Толстой өзі қолданған автографияның
сарынына көңлі толмайтындығын байқап, ойға алған романын жалғастырмауға
ниет етеді
Әдебиетші Наталья Банк Нить времени еңбегінде Күнделікке байланысты
әдебиеттерді мынадай жүйеде:
1) Көркем әдебиетке қатысы жоқ, таза күнделіктер,
2) Күнделіктерден өсіп шыққан көркем, көркем-деректі әдебиет,
3) Күнделіктің әлем әдебиетіне ықпалын қарастырады [4, 28]. Бұл да
қызықты бір сәт. Өйткені, күнделік те ғұмырнамалық әдебиеттің ішкі жанрына
жатады. Ол – таза күнделіктің мемуар жанрына кіруі. Өз күнделігі, өзгенің
күнделігі.
Словарь литературоведческих терминов кітабында жалпы мемуар құрамында
құрастырылғандықтан да болса керек, түрлі мемуар жазбалары дараланып
жатпайды, сондықтан, күнделіктер кесек-кесек қалпында алынады.
Естелікті үш бөлімге (естелік, биографиялық естелік, жол жазба
естеліктері) бөлу де нақтылы емес. Бұлай қарау жалпының қарарына соның
құрамындағыны да теңгермелеу болмақшы.
С. Моминскийдің Мемуарлық – автобиографиялық жанр туралы ойында
мемуарлық – автобиографиялық жанрының түбегейлі қасиеттері мен туу
заңдылықтары өте терең жататынын, мемуар құрамы біршама келісімді
болатынын Мемуарларда, әдетте бірнеше жанр түрлері араласып келіп отырады:
естеліктер, жазбалар, күнделіктер, өмірбаяндық [5, 26], – дегендей жүйеде
келтірген. Бұл топшалауды әзірге салыстырмалы дұрыстық деп қарауға болады.
Түрлі мемуарлық хат – жазба деректерді, көрген – түйгенін, жол суретін тез
сәулелендіріп тастайтын ескерткішті жазбалар, ғылыми және естелік іспетті
мақалалар, еңбектер т.б. мемуарлық әдебиеттен тыс қарайтын мәселелер емес.
Асылы мемуарлық шығарма қандай жағдайда туады? Ол көбіне қоғамда
дүрбелең уақыт өтіп, соның соңынан уақыт-жағдайды таразылаудан келіп туады.
Өзін Ұлы трагикпін дейтін А. Григорьевтің Естелік жазбаларын Әдеби
жәдігерліктер (Литературные памятники) сериясы бойынша басылымға
дайындаған профессор Б.Ф. Егоров былай деп жазады: Көрініп тұрғандай,
уақыттың өзі мемуар жазатындай кез емес болатын: әдетте, естеліктер,
құжаттар, хаттар жинағын жасау мен оқуға деген жалпы құлшыныс әлдебір
дәуірдің саябырсыған кезінде, біршама тұрақты жағдайда туындайды. Ресейде
мұндай: дәуір аздап ертерек, Николай режимінің кұлдыраған және
1 Николайдың өлімінен кейінгі алғашқы жылдарына дөп келген еді. Яғни
50-жылдардың орталары болатын: бұл кезде әдебиет оқырмандарға Герценның
Өткендер мен ойларының негізгі бөлігін және С.Т. Аксаковтың Отбасы
хроникасын, сондай-ақ балалық шақ пен албырт шақ туралы көптеген
автобиографиялық повестерді берді. Алайда, Григорьевтің мемуарлары құрылып
жатқан 1862-1864 жылдарға қорытынды жасау мен сабыр мен талдау жүргізуін
жайлы уақыт емес болатын: басыбайлы шаруалар жойыла бастаған, елдегі
революциялық ахуал зұлымдықпен басып – жаншылған, поляк көтерілісі бой
алған және онан талқандалған, әлеуметтік-саяси салада қарқынды журналдық
күрес, экономикалық, философиялық, әдеби шиеленіс орын алған кез еді. Әр
күні күтпеген кездейсоқ оқиғалар тізбегінен, естелікке мұрша жоқ еді [6,
256].
Ә. Нұршайықовтың Мен және менің замандастарым ғұмырнамалық романының
негізгі композициялық діңгегі автордың өзі әңгімелейтін естеліктер болса,
олардың берілу формаларының өзі біркелкі емес. Автордың бірыңғай баяндаудан
гөрі формалық түрлендіруге басымырақ мән бергені көрініп тұр. Айтылып
отырған әңгімені растап, бекіте түсу үшін түрлі құжаттарды, баспасөз
беттеріне жариялағандарды сыналап кіргізіп отыру – мемуар жанрына тән
шығармашылық дәстүр. Бірақ бұлжымастай көрінетін міндетті үрдіс емес.
Мұндай құжаттарды көлденең тартпай-ақ жазылған мемуарлық шығармалар қазақ
әдебиетінде де кездеседі. Автор алдыңғы айтылған шығармашылық дәстүрді
пайдалануға көбірек ден қойған деуге болады [7, 99].
Бұл дилогияның анықтамасына естелік-мемуар деген атау өзінен-өзі
сұранып тұр, шығарма табиғатына байланысты солай деп жіктегеніміз қолайлы
деп ойлаймыз. Туындының жазылу формасындағы өзгешеліктің қандай көркемдік-
идеялық мәні бар деген сұрақққа келетін болсақ, осы соны форма арқылы
автордың ең алдымен оқырманды өзіне тарту жағына күш салғаны байқалады.
Белгілі бір тұлға жайында (айталық, бұл арада Ғабит Мүсірепов) әнгімелей
отырып, жазушы көбінесе сюжеттік желілерді өз төңірегіне қарай құрады, одан
қалса, қойын дәптеріне жазып алған әртүрлі әңгімелерді тізбелеп, жайып
салудан да тартына қоймайды [7, 156].
Ә. Нұршайықовтың Мен және менің замандастарым ғұмырнамалық
романындағы шығармашылық маңызды факторлардың бірі – автордың жазушылық
лабораториясының ашылуы. Ұсынылып отырған кітаптың қалай өмірге келгенін
әңгімелеп берумен шектеліп қалмай, айтып келе жатқан әңгімесін шығарманың
кез келген тұсынан автор өзінің жазушылық лабораториясына қарай икемдеп
бұрып алуға бейім. Мұндай үрдіс екі кітаптың да өн бойынан анық бой
көрсетіп, атойлап отырады. Әсіресе өзінің күнделік сипатындағы жазбаларына
оралып соға береді.
Мен және менің замандастарым өмірбаяндық романының авторы
Ә. Нұршайықов өзінің шығармашылық өмірінің жарқын жақтарынан гөрі көлеңкелі
тұстарын, ағалары мен әріптестерінен көрген қорлықтары мен қиянаттарын
басымырақ суреттеп кеткен. Және осы бағытта айтылатын әңгімелердің оқылуы
қызық, автор тарапынан жасалатын тұжырымдар да субъективизм нышандары
байқалғанымен, оқырманға ой салып, пікір түйетіндей деңгейде.
Өткен оқиғаларды дәлдікпен тірілте білуде мұндай жазбалардың атқаратын
міндеті ерекше болатындығы көрінеді. Қазақ жазушыларының ішінен қойын
кітапшаларының жәрдемі жайлы көбірек айтатындар –
Ә. Нұршайықов пен М. Мағауин. Көп жылдар журналист болып қызмет атқарған Ә.
Нұршайықовтың мұндай кітапшаларының саны үш жүзден асып жығылады екен.
Олардың басым бөлігінің тікелей әдебиетке қатысы жоқ журналистік
қолжазбалар болса, М. Мағауинның Алтын дәптері – тек қана әдебиет пен
әдебиеттану ғылымының мәселелеріне арналған таза шығармашылық жоспарлар [8,
126].
Қазіргі қазақ әдебиетінде, әсіресе лирикалық прозада кездесетін бір
мәнде белгі – қаһарманның туған жер , ұшқан ұя туралы аса ықыласты көңіл –
күйін бейнелейді, сюжеттік жүйеде кейіпкердің елге келу эпизодтары мен ой
әлеміндегі бұрынғы көріністердің қабаттас орналасуы, кешегі күн мен бүгінгі
таңның саластырмалы сипат алуы. Бұл сәтті адамның рухани өміріне бастау –
бұлақ болған әлеуметтік – ұждандық өлшемдерге нормалармен баға беруі,
болашақ адамгершілік ізденістеріне күнәсіз балалық шақтағы жарқын мұраттар
сәулесінен нұр алуы десе де болады. Кейіпкер іштей ар, парыз, мақсат
талқысына түседі. Содан тазарып, алдағы күндердегі тіршілік күресіне жаңа
қуат, соны ынтамен аттанады дей келіп, Балалық шақтан санада жатталған
таныс ауыл көріністері Оралуда кейіпкер жан дүниесінің қабылдауы арқылы
тіршілік қамы үстіндегі қарбаластарымен, күнделікті дағды – машығымен
баяулық пен біршама баяндылық танытатын типтік детальдар ретінде
бейнеленеді. Белгісіз сағыныш, мұң мұнарымен орнаған жігіт сезіміндегі
психологиялық дәлдік, кейіпкердің өзіне - өзі сұрау қойып, жауап алатын
сыршыл табиғатына тән биязы үннен жарасымды бірлік табады деп шығарма
сюжеті мен кейіпкер характерін психологиялық тұрғыдан талдауға жасаған
көркемдік ізденістеріне терең үңіледі.
Соғыстан қайтқан әскер Ерболдың студенттік өмірі баяндалады
1. Ерболдың соғыстан қайтып студенттер қатарына қосылуы
2. Ербол мен Меңтайдың махаббаты
3. Отбасылық өмірі
4. Меңтайдың күтпеген жерден өмірден озуы

Көркемдегіш амал мен тәсілдердің қай-қайсысы болса да ақын не жазушы
тілінде әсерлі шұрайлы тіл ерекшеліктерін танытуға, яғни әр сөздің қиюын
тауып мағынасын құбылта жеткізу мақсатында сондай-ақ, ойдың айқындығын
нақты көрсету үшін де қолданылады.
Қалыптасқан ұғым бойынша, лирика дегеніміз- ақынның ойы мен сезімінің
ұштасып, ұласып келіп, тұтас көрінуі. Лириканың пәні де, бейнелер ойлары да
бейнелеп көрсетері де ақынның өз көңіл-күйі. Лирика өлеңде,-дейді
белгілі сыншы Н.А.Добролюбов лирикаға байланысты тұжырымдамасында, -ақын
өзінің табиғаттағы немесе өмірдегі белгілі бір құбылыстан алған тікелей
сезім-түйсігін айтып береді. Бірақ мұндағы басты нәрсе- сол түйсіктің өзі
де, оны ақынның енжар қабылдауын да емес, ақынның сол сыртқы әсерге іштей
ұйып, құлай ықылас қоюында. Әдеміліктің, көктем таңының саф мөлдір ауасын
жұтудың, кешкілікте қол ұстасып сауық-сайран құрудың рахатын, тағы-
тағыларды сезу әркімнің-ақ қолынан келер; ал осы әсерлердің бәрін жан-
жүрегіне сол қалпы құйып алып, басқаларға да дәл өзіндей әсер етерлік етіп
айтып беру көп адамның қолынан келе қоймайды.
Бұл үшін, әрине ең алдымен талант керек, содан кейін талғам керек.
Әсершілдік, әсіре қызылшылдық және шын жүректен тереңнен толқып,
тебіренуде бар. Құбылыстың сыртқы қабын, бояуын ғана көру жеткіліксіз, оның
ішкі мәнін де танып, ұға білу қажет. Нағыз ақын құбылысты, фактіні өзінің
ой елегіне, сезім сүзгісінен , жан-жүйесінен, бүкіл болмыс дүниесінен
өткізеді. Олай болса лирикалық өлеңде ақынның сезімі мен түйсігі ғана емес,
түйсігі мен танымы да бой көрсетеді. Біз оның дарын қуатын да, ой-өрісін
де, интеллект дүниесін де, мақсат-мүддесін де шығармасы арқылы танимыз,
бағалаймыз. [2. 25]
Жазба әдебиетіміздегі сыршыл поэзияның, яғни әдеби мағынасындағы нағыз
лириканың болмыс-табиғаты туралы кемел пікір танымды түсінікті төл
әдебиеттануымызда алғаш негіздеген-Ахмет ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz