Х. Ерғалиев поэтикасы
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1. Х. Ерғалиев поэтикасының ерекшеліктері
2. Х. Ерғалиев поэтикасындағы күрделі теңеулер
3. Х. Ерғалиев поэтикасындағы айшықты теңеулерді талдау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Хамит Ерғалиев қазақ поэзиясына — жаңа
заманның, бүгінгі күннің жыршысы болып келді. Ол өткен кездің батырлары мен
ғашықтарын емес, біздің замандастарымызды, күнде көріп көзіміз үйренген,
кәдімгі қарапайым адамдарды жырлады. Ақынның кейіпкерлері сапына
колхозшыдан бастап, мелиоратор, механизатор, экскаваторшы, әр саладағы
инженерлер сияқты өлеңге илікпейтін мамандықтың адамдары қосылды. Шынын
айту керек, біздің поэзия мұндай мамандық иелерінің күнделік тіршілігіне
кіре алмай көбіне сыртынан мадақтайтын. Олардың іс-қимылына ескі поэтикалық
арсеналдан балама,теңеу іздейтін.
Хамит Ерғалиев — 20-дан астам кітаптың авторы. Ақын шығармашылығының
тақырыбы әр алуан. Ол қазақ халқының өткен өмірін, Октябрь революциясынан
кейінгі азат заманның, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы майдан мен тылдың
бірлігін, жауынгерлердің ерлігі мен тыл адамдарының еңбегін, соғыстан
кейінгі коммунизмге қарыштай қадам басқан бүкіл халықтық қозғалысты
жырлады. "Әке сыры" (1947) поэмасында ақын совет адамдарының Ұлы Отан
соғысы жылдарындағы ересен ерлігін, халықтардың бейбітшілік жолындагы
жанқиярлық күресін жырлады. "Үлкен жолдың үстінде" (1949) поэмасында
социалистік өмірді жаңа қарқынмен орнатып жатқан жұмысшы табының қажырлы
еңбегін суреттеді. Хамит Ерғалиевтің бұл поэмасында Мойынты-Шу темір жол
құрылысындағы еңбек адамдарының ерлік істері, рухани өскендігі бейнеленген.
"Біздің ауылдың қызы" (1950), "Сенің өзенің" (1953) поэмаларында қуаңшылық
жайлаған шөл даланы суландырған, жасыл орман өсіріп, сол даланы гүл-бақшаға
айналдырған адамдардың еңбегі суреттелген. Бүл төрт поэма да— эпикалық
екпінмен жазылған, қазақ поэзиясында белгілі орын алған көркем туындылар.
"Оралдағы отты кун" (1956) поэмасында азамат соғысында аты аңызға айналған
Чапаевты, оның майдандас серіктерін жырлады. "Аңыз ата" (1965) поэмасын
украин халқының ұлы ақыны Тарас Шевченкоға арнады. Ал "Құрманғазы"(1962)
поэмасында қазақ халқының ұлы композиторы Қ.Сағырбаевтың, "Күй дастан"
(1970) поэмасында академик композитор А.Жұбановтың бейнесін жасады.
"Жылдар, жылдар" (1966) дастанында коммунистік дәуірді жырлады. X.Ерғалиев
көркем очерк, публицистикалық мақалалар арқылы заманымыздың көкейкесті
мөселелеріне үн қосып отырады. Таңдамалы прозалық шығармалары "Шындық
шырқайды" деген атпен 1966 жылы жеке кітап болып шықты. Ақын аударма
саласында да еңбек етеді. Д.Байронның, В.Шекспирдің, П.Неруданың,
Н.Хикметтің, А.Пушкиннің, М.Лермонтовтың, А.Некрасовтың, В.Маяковскийдің,
Д.Бедныйдың, А.Сурковтың, Р.Ғамзатовтың таңдаулы шығармаларын қазақ тіліне
аударды. Қырғыздың "Манас", қарақалпақтың "Қырыққыз" эпостарын қазақ тіліне
аударушылардың бірі болды. Ерғалиевтың негізгі шығармалары орыс тіліне,
басқа да туысқан халықтар мен шетел тілдеріне (чех, венгр) аударылды.
Тақырыптың өзектілігі: Қазақ әдебиетінің 70 – 80 жылдардағы қазақ
прозасына өзінің тосын тақырыптарымен келген талантты да талапты Хамит
қазақ әдебиетінің озық дәстүрлерін жаңашылдықпен жалғастырып, қазақ
әдебиетін мазмұн, түр, тақырып жағынан ерекше байытты. Осы кезеңдегі
өзінің замандастарының ортасында келе жатқан, ешкімге ұқсамас өзіндік мәнер
машығымен дараланған Хамиттың творчествасын айтуымызға болады. Төленнің
даралық қасиетінің өзі сол аз жазғандығымен , аз жазса да жеріне жеткізіп
саз жазатындығымен бағалы. Содан да болар көптеген сыншы әдебиетшілердің
Хамиттың кейбір жекелеген шығармаларына бірді – екілі пікірлері болмаса,
арнайы зерттеу объектісіне айналмаған.
Еңбекте жазушының көркемдік ерекшеліктері, психикалық талдау тәсілдері
шығармаларды талдау барысында көптеген сыншылардың, жазушылардың ойлы
пікірлері айтылады.

Аристотельдің “Поэтикасы” — күллі көркемөнер туралы тұңғыш философиялық-
эстетикалық трактат. Сонымен қатар “Поэтика” өз кезіндегі әжептәуір жүйеге
түскен бірден-бір әдебиет теориясы екені де даусыз. Мұнда поэзияның тегі,
мәні, мазмұны, пішіні, әдеби шығарманың композициясы кең әрі келелі сөз
болады. Көркем шығарманың көп-көп жайларын, әсіресе характер, әрекет,
байланыс, шешім, шиеленіс, хабар, түйін, метафора, гипербола, фабула,
аналогия т. б. жайларын талдап-тексеруі күні бүгінге дейін өзінің маңызын
жойған жоқ. Аристотель еңбегінің ең құнды жері тарихта тұн,-ғыш рет дүрыс
және дәл эстетикалық принцип ұсынып, өнердін, қоғамдық маңызын анықтап,
ашуында деп білу керек. Әрине, қазіргі өнер мен әдебиеттіқ келелі
мәселелерінің бәріне, әсіресе әлі күнге даулы қалыпта түрған проблемаларға
бір ғана Аристотельден жауап іздеу ағат. Бірақ “Поэтика” грек әдебиеті мен
өнерінің классикалық дәуірінен қалған бірден-бір жүйелі байыпталған поэзия
теориясы екенін жоққа шығаруға болмайды.
БІр нәрсені білу артық емес: поэтика деген сөз біздің бүгінгі теориялық
түсінігімізде көркем творчество немесе сөз өнері туралы ғылым болса,
Аристотель поэтиканы сол әдеби творчествоның, яки сөз өнерінің өзі деп
түсінген. Демек, Аристотельдің “Поэтикасы” — өнер туралы ойлар.
Аристотельдің эстетикалық принциптерінің ен, түйінді тұсы: өнердің мақсаты
— ақиқатты тану, ал ақиқатты тану жолы — адамның мінезі мен ісін суреттеу
деген даналық қағидасы. Оның “Поэтикасын” Лессингтің “Евклид
элементгеріндей мінсіз шығарма” деп таңдануы да,’ Чернышевскийдің
Аристотель эстетикасы “2 мың жылдан астам уақыт үстемдік құрғанына”
тамсануы да әлгі-бір қағидалы жайларға байланысты еді.
Әдебиет теориясының саласы ұғымындағы поэтика әдеби тек пен түрдің, ағым
мен бағыттың, стиль мен әдістің ерекшеліктерін зерделейді, сондай-ақ
көркемдік тұтастық деңгейлерінің ішкі байланыс заңдылықтарын, олардың ара
қатынасын зерттейді. Оның өзі зерттеу нысанына байланысты романтизм
поэтикасы, романның поэтикасы немесе белгілі бір суреткер шығармаларының
поэтикасы не көркем шығарма поэтикасы болуы мүмкін. Әдебиеттегі бейнелеу
құралдарының тілге қатыстылығын ескерсек, онда поэтика көркемдік құралдар
тілін зерттейтін ғылым ретінде де танылады (мысалы, көркем әдебиеттің
тілі). Поэтиканың мақсаты шығарма құндылығын, эстетикалық әсер
қалыптастыратын мәтін элементтерін айқындап, оны жүйелеу болып табылады
(мысалы, лирикалық өлеңдерде ырғақ, ал прозада сюжет басты рөл атқарады).
Поэтикалық жүйе ізденістері нормативтік поэтика құруға алып келді
(классицизм дәуірі мен 19 ғ-дағы Еуропа әдебиетінде).
Поэтика жалпы (теориялық немесе жүйелік “макропоэтика”), жеке баяндау
(“микропоэтика”) және тарихи болып үшке бөлінеді. Жалпы поэтиканың мақсаты
мәтіннің дыбыстық, сөздік және образдық құрылымын қамтитын әдістердің
жүйелі жиынтығын (эстетикалық ықпалды элементтер) жасау болып табылады.
Шығарманың дыбыстық жағын (ырғақ, бунақ, ұйқас, өлең өлшемі, дыбыс толқыны,
т.б.) негізінен өлеңтану ғылымы қарастырады. Сөз табиғатына үңілгенде,
шығарманың лексикасы, морфологиясы мен синтаксисі зерттеледі де, бұл сала
стилистика деп аталады (лингвистикалық стилистикадан өзгеше). Лексикалық
өзгешелік, стилистикалық фигура мен троп ретінде поэтика мен риторикада
ертеден зерттелуде, ал методологияның ерекше пәні ретіндегі поэтика соңғы
уақытта зерттеле бастады. Шығармадағы образ бен сюжет поэтиканың бір бағыты
болып табылады. Жеке поэтика жоғарыда аталған нысандарда көркем шығарманың
табиғатын ашумен айналысады, сол арқылы шығарманың эстетикалық ықпалды
қасиетінің дара жүйесін жасайды. Поэтикадағы басты мәселе — композиция,
яғни барлық эстетикалық мәні бар элементтердің бір-бірімен үйлесім-
үндестігі. Талдау барысында “дүние образы” (көркемдік уақыт пен кеңістік)
және “автор образының” үндестігі шығарма құрылымындағы барлық жайды
айқындайды. Жеке поэтика (“микропоэтика”) негізгі шығарма мен зерттеу
талабының ерекшелігіне сай топтама шығарманы (топтаманы, бір автордың,
әдеби бағыттағы жанрдың, тарихи кезеңнің қатысына қарай) талдап
түсіндіреді. Оның тақырыптық, идеялық тұрғыдан қалыптасуы, сөзбен
зергерленуіне дейінгі процесс (генеративная поэтика) қамтылады. Тарихи
поэтика салыстырмалы-тарихи әдебиеттанудың көмегімен эволюц. қозғалыс
бағытында мәдениеттің поэтикалық жүйесінің ортақ қасиеттерін, олардың
(генетикалық) қайнар бастауын (типологиялық) ашуға, тануға бағытталған. Сөз
өнерінің бастауы ауыз әдебиетінде жатқандықтан, тарихи поэтика өзінің
негізін ауызша сақталған сөз өнерінен алады. Тарихи поэтиканың негізгі
мәселесі — жанр, жанрлық түрлер тарихи қалыптасқан жағдайға байланысты
бірлікте не жеке қарастырылады. Жанр мен жанрдың шекарасы өзгермелі,
сондықтан поэтикалық жүйе дәуір ықпалында өзгеріске түседі де, осы
өзгерістерді тарихи поэтика зерттейді. Қазақ әдебиеттануында А.Байтұрсынов
поэтика ұғымын қисын деп алады. Ол тіл қисыны яки лұғат қисынына сөздің
келісті болатын заңдарын, шарттарын біліп тізу деген анықтама береді.
Шығарманың өңді, ұнамды болу шарттарын белгілейді: ақын тілі сөздің
дұрыстығының, тазалығының, дәлдігінің үстіне, көрнекті, әуезді болу жағын
да талғайды.
Ғалымдық қарымы кең Х. Ерғалиев суреткер талантын шығарманың мазмұндық-
композициялық құрылымынан, мәтіндік жүйесінен, семантикалық, стилистикалық
құрылымынан тануды ұстанады. Көркем шығармадағы суреткер шеберлігіне аса
ден қоятын ғалым: Басты идеялық-эстетикалық факторға саналатын суреткер
тұлғасы – жанр, сюжет, стиль принциптерінен туған бейнелеу бірліктері:
портрет, пейзаж, диалог, монолог, автор төл сөздері арасындағы қарым-
қатынасты реттеп, саралап отыруға тиіс негізгі ұйымдастырушы күш, (1, 4-
бет) – деп көркем шығарманың табиғатын тану үшін оны поэтика мен стильдік
шеберлік аспектілерінде қарастыруды дұрыс бағдар деп санайды. Көркем
шығармаға эстетикалық әсер дарытып тұрған қаламгердің қолданған
типологиялық және дара поэтикалық құралдар жүйесін анықтау, талдап саралау
ғана суреткер қолтаңбасын айқындауға, дәлірек пікір түюге мүмкіндік
тудыратынын дөп айтады. Заманы ортақ бұл қаламгерлердің шығармаларына тән
көркемдік әдіс, сипат-белгілермен қатар, дара поэтикалық құралдарын да
саралап бағалайды. Зерттеуші назары әр шығармадағы монолог пен диалогтың
функцияларына, түрлендіріліп берілу өзгешеліктеріне түйіседі.
Х. Ерғалиев шығармашылығы туралы әдебиет зерттеушілері мен сыншылары
тарапынан пікірлер айтылып келеді. Әдебиетші ғалым Б.Майтанов Қазақ
поэзиясына ХХ ғасырдың 70-жылдарына қарай еркіндей басып, еркелей келген
дарынды жас Хамит Ерғалиев болатын дей келе, ақын поэзиясының көркемдігі
мен тілі, шеберлігі туралы ой қозғайды [40, 135].
Хамит өлеңдеріне тән ерекшеліктерді сөз еткенде, өмір мен уақыт
өлшемін өзінше бағамдап, өзгеше ой түйетінін айтқан жөн. Ақын өлеңдеріндегі
ой тербелісі, сезімдер қақтығысы, өткінші өмірге деген наз лирикалық
қаһарманның көңіл-күйі мен толғанысы арқылы шебер сурет, шешендік
толғамдармен өрілетініне ерекше назар ауады.
Ақындық бөлекше бітім Көңіл көкпары жинағының кіріспесінен-ақ көзге
ұрады:
Кіріспе демей
Кірісу қойдым жыр атын.
Кірісу менің —
Міндетім,
Хақым,
Мұратым!
Өмірде мынау бәріне,
Бәрі,
Бәріне
Кірісу керек,
Кірісу керек шын ақын! [41, 21]
Осы қолтаңбадан-ақ Хамит ақынның өзгеге ұқсамайтын даралығы көрінеді. Бұл
даралық үзік-үзік бой көрсетіп қалып қоймайды, бүкіл шығармашылығының өн
бойында өзгеше мәнер, тың өрнекпен жүйеленіп отырады.
Хамиттің ақындық тұғырнамасы — өмірдегі қым-қиғаш тартыс, өмір
өткіншілігін аңғарту, сөйте тұра ақын оны Ақ бұлақтар атты өлеңінде
былайша толғайды:
Ақ бұлақтар!
Алқынған ақ бұлақтар!
Қазір - көктем,
алдың - жаз,
шапқылып қал! [41, 24]
Аласұрған бұлақ қозғалысы -өмір ағынының бейнесі тәріздес. Ақын көңілі
бұлақ пен адам өмірін үндестіре, жымдастыра бейнелейді.
... Көкжиектен күн аунап барады әні,
қызарғаны - қоштасып қарағаны...
Күз де келер,
кем-кемдеп тартыларсың,
Қыс та келер,
біржола сарқыларсың... [41, 25]
Бұлаққа қарата айтылған сөз - ақының өзіне айтылар ой. Жыл мезгілдері,
олардың тұрақсыздығы адам өмірінің әр кезеңі, олардың өткіншілігі туралы
толғанысты жеткізуге негіз болып тұр. Табиғаттағы жалпы құбылыстан жалқы
құбылысты назарына іліктірген ақын тұжырым жасауға ұмтылады. Тынымсыз
шапқылаған бұлақ - тынымсыз өмірдің бейнесі болып өлеңге көшкен. Өлеңнің өн-
бойынан өршіл рух, алып-ұшқан көңіл аңғарылады. Жарасқан поэзиясына тән
асқақ пафос, риясыз шыншылдық екі көркемдік әдістің – реализм мен
романтизмнің тоғысуының бір көрінісі. Сондай-ақ,шартты түрде, бұл өлеңде
символдық сипат бар. Осы тәріздес әдістер тоғысуының белгісін К.Мырзабеков,
Ж.Жақыпбаев поэзиясынан табуға болады. Бұл ақындарды реалист ақындар
деуден гөрі романтик ақындар деген нанымдырақ сияқты. ХХ ғасыр басындағы
қазақ поэзиясында М.Жұмабаев, Б.Күлеев лирикасының негізгі сипаттарының
бірі болған символизм белгілері де аталған ақындар лирикасынан көрініп
қалады. Бұл тұста бейнеліліктің бернелеуге ұласып кететінін дәлелдеген
А.Байтұрсынов сөзін айта кетуге болады [42, 39].
Әдебиеттің зерттеу нысаны адам яғни адамтану екенін ескерсек,
әрбір адам өзінше бір дүние, ашылмаған зерттелмеген қазына емес
пе? Барлық нәрсенің өлшемі болып табылатын - Адам болмысының
табиғи, биологиялық, физикалық , психологиялық ерекшеліктерін әр
ғылым саласы өз тұрғысынан зерттеп зерделейді.
Адам психикасы оның құпиясы мол табиғаты, есті және
ессіздік т.б. секілді психологиялық үдерістер философия,
психология және әдебиеттану ғылымдарына жан талдау тәсілін
тудырып, адам
мәселесін терендей зерттеуге зейін қоя бастады (1,3) деген
пікірге ден қойсақ, көркем әдебиеттің ерекшелігінің өзі
сонда, ол адам жанының құпия қалтарыстарын, күйініш –
сүйініштерін бір сөзбен айтқанда, адамды психологиялық барша
болмысымен толық ашып беретіндігімен тікелей байланысты.
Көркем шығарма табиғатын психологиялық тұрғыдан
талдау ,
жалпы прозадағы психологизм, лиризм, сондай – ақ көркемдік
тәсілдің түрлері ретінде ішкі – монолог ой ағыны т.б.
мәселелер де көптеп сөз болып жүр. Психологиялық талдау
дәстүрі кімнен басталып қазақ әдебиетіне қайдан келді.
Алғашқы үлгілері қай жазушылардың творчествасында көрініс
берді.
Психологиялық талдау дәст үрлі әлем әдебиетіндегі
жаңалық
ретінде негізінен XIX ғасырдың екінші жартысында ғана
дүниеге келгені мәлім. Алғаш рет австралиялық дәрігер -
психолог З. Фрейд(1856 – 1939) ашқан психологиялық талдау тәсілі
бастапқыда жүйкесі сырқат жандарды емдейтін медициналық
термин болып қалыптасқанымен бертін келе адам психикасын
зерттеу аумағы кеңейіп, өзге де өнер салаларында, соның
ішінде әдебиетте көркемдік тәсіл ретінде қолданыла бастайды.
Ал, орыс әдебиетінің сынында психологиялық талдау
деген терминді алғаш Н. Г. Чернышевский, Л.Н. Толстой
шығармаларын талдау барысында қолданған екен. Бұл термин басқа
да әдебиетші, сыншылар тарапынан қызу қолдау тауып
реалистік әдебиеттегі көркемдік әдістің басты элементі
ретінде қолданылады.
Психологиялық талдаудың алғашқы үлгісі Л. Н. Толстой
туындыларында көрініс берсе, Ф. Достаевский творчествосында ол
шын мәніндегі дәстүрге айналып одан кейін А. П. Чехов,
И.А. Бунин, М. Горкий, А. И. Куприн шығармаларында тамырын
тереңге жайды. Орыс әдебиетінде Л. Толстой мен Ф. Достаевский
Қазан төңкерісінен кейін Кеңес әдебиетінде М. Шолохов,
Л.Леонов, К. Федин, А. Толстой, А. Фадеев, Л.Собольев сияқты
белгілі жазушылардың шығармаларында жемісті жалғасын тапты.
Біріншіден, қазіргі қазақ әдебиетінің қай жанырына көз
салмайық, оның профессионалдық деңгейінің өскендігіне, өмірлік
шындықты өнерлік мұрат деңгейіне көтеруге де
жазушыларымыздың ізденіс үстінде екеніне көз жеткіземіз.
Мәселен, ХХ ғасырдың басында дүниеге келген бір ғана роман
жанрының өзі бүгінде қандай биік деңгейге,
кемелдікке жетті.

Поэзия мен музыканың сиқырлы сырын бөгде сөзбен айтын жеткізу дүниедегі
ең қиын нәрсе болар. Өйткені, адам баласының осы озық екі өнері оқушысы мен
тыңдаушысына өз сырын өзі паш етеді. Сондықтан да өлең сиқыры дарыған
шынайы ақын жайлы сөз айту ауыр міндет. Шын поэзияның қат-қабаты қалың, сан
қырлы әсері бар, көңіліңді баурап алатын сиқыры да құбылмалы.
Кейде бір өлеңнен шадыман шат көңіл де, қапалы қам көңіл де керегін тауып
тебіренеді. Өлең атты сырын ішіне бүккен асыл тасқа әркім өз көкірегіндегі
сезім сәулесін, парасат сәулесін түсіріп кереді, сол сәулесінің күші мен
нұрына орай түсініп те көреді. Бірақ өлең тереңінде біз аңғармаған, ұрпақ
ұғынар қат-қабаттар қалады. Бұл неткен сиқыр? Бұл сиқырды біз ашып
болғанымыз жоқ. Соны түбіне жетіп аша алмағанымыздың өзі абзал. Өйткені,
біз аңғармаған тағы да бір сыры қалмаса, тереңінде біз жетпеген тағы да бір
қабаты болмаса — поэзияның таусылғаны.
Сиқырлы ақын, сыры терең ақын Хамит Ерғалиев туралы сөзді қиналып
бастауым да содан. Ақын алпысқа келіпті. Инемен құдық қазғандай, өнер
жолына қырық жыл өмірін беріпті, Осы қырық жылға көз жүгіртіп көрсеңіз,
адамның рухани өмірі мен өнер өмірінің не бір ғажайыптары көз алдыңызға
елестер еді. Ол қуаныш пен күйінішке, қажымас еңбекке толы өмір. Ақын
өмірінің, алғашқы кезеңіне көз салсақ, он жылға жуық уақыты ізденіске
кетіпті. Ол қаламынан шыққан тұңғыш ұйқастарды газет-журналдарға, баспаға
ала жүгірмепті. Мыңдаған жол өлеңінен іріктеп-іріктеп, ондаған жолдарын
ғана жариялапты. Бұл жас талапкерде сирек кездесетін, кейінгілерге үлгі-
өнеге болатын қатал талғампаздық. Сонымен бірге Хамит Ерғалиевтің
поэзиядағы алғашқы он жылдығын үлкен таланттың булығу тұсы деп айтуға болар
еді. Содан да болар, сол булыққан зор дауыс бірден ашылды. Оны ашқан халық
басына түскен ұлы сын — кешегі Ұлы Отан соғысы. Бұрынғы тарих арқалап
көрмеген салмағы бар, қасіреті мен жеңіс қуанышы аралас ұлы оқиға елді де
есейтті, жырды да есейтті.
Ұлы жеңістен кейін қазақтың жарқырап айтылған өлең жәрмеңкесінен орын
тауып, көзге түсу қандай талантқа да оңай соқпайтын. Осындай үлкен думанда
қазақ поэзиясына бірден келген Хамит Ерғалиевтің даусы құлаққа ерен
естілді. Бір қызық жағдай, бұрын қаға берісте сирек жарияланған Хамит
өлеңдерінен хабары аз қауымға ақынның алғаш шыққан Әке сыры поэмасы тосын
және керемет әсер етті.
Әке сыры поэмасында сол кездегі қазақ поэмаларына тән дағдылы сюжет,
қаһарман кейіпкер жоқ. Қазақ поэмасына лирикалық герой, үлкен лирикалық
герой басты кейіпкер болып енді. Мұнда жалынды публицистика, философиялық
ой толғау, нәзік психологиялық тебіреністер жымдасып, бір арнаға тоғысқан.
Ақынның бастапқы он жылдық еңбегінің електен өткен асылы, сомдалып
сығымдалған құрышы сияқты Әке сыры поэмасынан кейін Хамит Ерғалиев жаңаша
бір қырынан жарқ етіп, оқушысын тағы бір таңырқатты. Жаңа ғана тапқан жақсы
арнасын жалғай берудің орнына өзгеше бір өлең өзегін қазуға кірісіпті. Ол
Үлкен жолдың үстінде поэмасы болатын. Мұнда да ол өзін тудырған қазақтың
өлең топырағынан ойқастап шығып кетпейді. Бірақ сол өлеңнің жаңа
мүмкіндігін ашып, өрісін кеңітеді.
Үлкен жолдың үстінде — сырт көзге жұпыны, дәстүрлі дүние сияқты.
Кәдімгі сюжетті поэма. Оқушы оны сүйсініп жұтып қояды да, ішінде не
жаңалығы барын аңғармай да қалады. Ал ойлана қарасаң, осы поэма қазақ
өлеңіне тағы бір тыныс ашқанына көзің жетеді. Қарапайым күнделікті
тіршілік, прозалық құбылыстар өлең тіліне, әсіресе, поэма жанрына іліге
бермейтін. Хамит осы прозалық нәрселерді поэзия тіліне аударды. Сөйтіп,
қазақ өлеңінің өлеңдік қасиетін жоғалтпай — тіпті прозаның ауыр жүгін
арқалап кете алатынын, сол кезде романтика мен биік пафостан төмендей алмай
жүгірген поэзияның реалистік, суреткерлік қауқарының молдығын танытты. Ақын
бұл поэмада проза қоймасынан көп реалистік суреттеу құралын алып, поэзияға
түсірді. Кейіпкердің мінез-құлқын ашатын сөз саптасы — диалогтық не бір
ойнақы тілі табылып, үлкен поэмаға — прозадағыдай тең праволы суреттеу
құралы болып кіргені де — осыдан басталғанын ұмытпауымыз керек.
Хамит Ерғалиев қазақ поэзиясына — жаңа заманның, бүгінгі күннің жыршысы
болып келді. Ол өткен кездің батырлары мен ғашықтарын емес, біздің
замандастарымызды, күнде көріп көзіміз үйренген, кәдімгі қарапайым
адамдарды жырлады. Ақынның кейіпкерлері сапына колхозшыдан бастап,
мелиоратор, механизатор, экскаваторшы, әр саладағы инженерлер сияқты
өлеңге илікпейтін мамандықтың адамдары қосылды. Шынын айту керек, біздің
поэзия мұндай мамандық иелерінің күнделік тіршілігіне кіре алмай көбіне
сыртынан мадақтайтын. Олардың іс-қимылына ескі поэтикалық арсеналдан
балама,теңеу іздейтін.
Хамит Ерғалиев жаңа арнаның жүлгесін бірден тапты да жаңа заманды,
мезгілді өз тілімен сөйлетті. Қазақ өлеңінің қасиетін мықтап сақтай отырып,
ол дағдылы суреттеу, толғау, баяндау тәсілдерін өзгертіп, өзгеше ұтымды да
әсерлі жол тапты.
Қырқыншы жыл. Май
колхозы қой бағып,
Колхозшы әйел құрт
қайнатты от жағып
Түсте Нарын жиегінде,
үйлердің
Шатырларын тұрды аңызақ
жел қағып.
Қой шетінде таң атқанша
әндеткен
Шопандарға қарап өтті
ай көктен.
Етікші мен ұстаның да
үйі ояу
Түнде май шам сығалады
әйнектен
Күнде ауылдың көріп
мұндай мол нанын,
Тіршілігін, ел әдетін, ел заңын.
Былтырғыдай жіптен жиі секірмей
Осы арада өсті биыл
Гүлжаным.
Біздің ауылдың қызы атты белгілі дастанның осы алғашқы қарапайым,
ойнақы жолдары да ішіне көп сырды бүгіп тұр. Осы аз ғана жолдың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz