Журналистикадағы сұхбат жанры


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Заманауи телесұхбаттың берілу тәсілдеріндегі кәсіби шығармалық қолтаңба
Мазмұны
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Журналистикадағы сұхбат жанры
1. 1. Стильдік әдістері мен ерекешеліктері
1. 2. Сұхбаттың түрлері
1. 3. Сұхбаттағы сұрақ
2. Сұхбат жанрының телеарнадағы алатын орны
2. 1.
2. 2.
2. 3.
ІІІ. Қортынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Әлемдегі кез келген мамандықтың қызығы мен қиындығына қарамастан адамзат баласына керектігі үшін уақытпен жарысып дамып келеді. Өркениеттердің жарсынан сүрінбей келе жатқандарының қатарында журналистика да бар. Журналист қоғамды толғантып, көпшілікті ойландыратын мәселелердің түйінін тауып шешу жолдарын қарастыратын мамандық. Өз алдына алған ойларды не мәселелердің дұрыс жеткізілуі де маманның шеберлігіне тығыз байланысты. Журналистика саласы бейне бір алмас қылыш сынды. Дұрыс ұстамасаң қолыңды жарақатауың бек мүмкін. Сөз қару. Сөз журналистің қалқаны, керек десе қорғанышы.
Менің алып отырған тақырыбымның өзектілігі: Сұхбаттың адамдардың екеуара араласунынан туындаған ауызекі сөзі болып, кейін келе салааларық ерекшелікке ие болып өз орнын алғаны. Заман талабына сай жаңарып әлі күнге телеарна, радио, газет беттерінен орнын жоғалтпағай, өзектілігін жоймай келе жатқаныны. Біріншіден, әрі жанр, әрі ақпарат алу әдісі ретінде сипат алған бұл жанр өз бастауын теледидардан бастаған. Өзге жанрлардың да құрамында көбірек кездесетін сұхбат болып көрінеді. Неге? Өйткені сұхбаттың негізі адаммен дидарласу, көзбе көз ақпаратты жеткізу. Радио, газет беттеріндегі берілетін сұхбаттың жөні бөлек. Ол жерде есту арқылы не оқу арқылы адам ақпара алатын болса телеарнада сұхбат беріп отырған адамның іс қимылын көріп, эмоцияналды өзгерісіне күә бола отырып ақпаратты қабылдайсың. Сұхбат жүргізшіден дарындылықты талап ететін жанр деп ойлаймын. Бұл жерде оның білімімнен қатар айлалығы да, дарыны да көзге түстетін болады. Соған да орай сұхбатқа қойылатын талап та күшейіп, сын да көтеріліп келеді. Әрине оның барлығы жүргізушінің шеберлігіне тығыз байланысты. Екіншіден, бүгінгі ақпарат ғасырыда көрерменнің талғамы жоғары. Себебі халықтың саналығы сенің әр ісіңнің алға жылжуына ықпал ететіндігіне куә болып отырмыз. Егер көкейіндегі хабарды дайындай алмайтын болсаң, тамырын дұрыс баспасаң сенің істеген еңбегің жәй ғана көкке ұшады. Қазіргі күні ортаның да өзіндік ерекешеліктеріне байланысты көрерменге не ұнаса соны талғап көреді. Ал талғампаз көрерменге жағатын сұхбат әзірлеу үшін де журналистің психолог болғаны артықтық етпейді. Олай болса жай адамның тісі батпайтындай батпан құйрық сұхбат жанрынына сөзді жүйелі жүргізу өнер деген ұғымды беруім дұрыс па? Сұхбат жүргізушіден тек кәсиби біліктілікті ғана емес сонымен қатар табиғи талантты да талап етеді. Сонымен қоса оған суырып салмалық пен шешендікті қос. Тағы сұхбат барысында студия қонағының саған деген сенімі де өте жоғары рөл атқарады. Оның бәрі адамилық тұрғысынан келетін болса ең алдымен қарапайымдылық пен сыйымдылықтың, кішіпейілділіктің бейнесі болып та табылады. Журналист осы биіктте шығу үшін ақыл мен парасаттың, сосын адамшылықтың майданына шығады. Содан өзін қалыптасырады. Тұлға болып қалыптасы процесі сынды бұл жолға жетудің өзі де орасан зор еңбек пен қаншма төгілген тердің зейнеті. Бұның бәрі осындай шеберханадан шыңдалып шебер болып шығады. Оның бір қыры сұхбат кезінде өзіңді көрерменнің орнына қоя отырып, олардың қандай жағдайды бергісі келетіндігін назарда ұстау. Экран алдында сенің әр сөзіңе сеніммен қарап отырған көрермендердің сенімдерімен ойнамау. Міне осындай қарапайым ережелердің осыншама үлкен рөл алатындығын ішкі майданға түскен кезде ғана сезініп, өз бойыңа тоғыта аласың. Бірақ ол үшін болатты қыздыратын алау сияқты жас маманды шынықтыратын шымыр орта керек. Теледидарда көп жыл жүріп төселген, өзіне сенімді жүргізушілер көпшілігінде, тікелей эфирде кейіпкеріне еркін, батыл, әрі нақтылы сұрақтар төңірегінде әңгіме өрбіткенді қалап тұрады. Өйткені тақырыптың қандай екенін білгеннен кейін оның өрбу техникасының барлығы өз қолында екендігін біледі. Сол үшін сөз тізгінін шылбыр етіп емес ыңғайлы да біркелкілікпен ұстап отырады. Бұл қаншама жылдың еңбектің нәтижесі.
Телеарнадағы сұхбат шындықтың тайқазаны дер едім. Тынымсыз әрі сан ренгге толы боямасыз жеткізіп беретін көрсетудің артында да батпан жүк тұр.
Мен өз жұмысымда сұхбат жанрының қыр сырын талдау жасай отырып тақырып талдау мен проблемма көтеру мәселесін қамти отырып сол сұхбатты өз қолына ұстаған жүргізушінің рөліне ене отырып сұхбат жанрының жан дүниесін ақтарып бергім келді.
Жұмыстың мақсаты: Біріншіден, телеарналардан көріп жүретін сұхбат жанрының қыр сырынат үңіле отыры терең талдама жасап шеберхана сабақтарынан жаңашылдық тудыру. Және теориялық, тәжірибелік талдау жасау. Екіншіден сұхбат жүргізудің өзіндік әдіс тәсілдерін зерттей отырып қозғайтын пробллемаларды тақырыпқа қарай жіктеу. Үшіншіден, ең оңай деп есептелетін сұхбат жанрының өзіндік қиындығын бар екенін көрсету және кәсіби шеберлікті талап ететін қиын да күрделі жанр екенін теориялық тұрғыдан негіздеу.
Тақырыптың зерттелу негіздері: Осы күнге дейінгі тереарналық жанрлар туралы жазылған еңбектерді қарастырып солардан өзіндік қортынды шығару. Және де өз қолтаңбасы қалыптастыру жолына деген ізденісті дамыту.
1. Журналистикадағы сұхбат жанры
Журналистика (француздың journal күнделік, jour күн) қоғамдық, жаһандық өзгерістердің жүйелілігін реттейтін сала. Ал журналист мамандығы қауіп пен қатердің ортасындағы қыл көпірде жүріп от пен суға яғни халық пен жоғарғы үміттің жүгін алып жүруге икемдейтін мамандық. Оның ішінде тек қана қарулы қақтығыстар ғана жатады деуге келмес. Өйткені ұлтаралық, жалпыадамзаттық қауіпсіздіктерді де басты назарға алған жөн. Қазіргі жаһанданған заманда ресми емес «төртінші биліктің» шығар биігі әлі де орасан зор болмақ. Оған жаңа медияның жетістіктерін қосының. Мұның өзі журналистика жанрларының тереңдей түсуіне жәнеде жаңа буындардың қосылуына ықпал етуде. Ал журналистика жанрларына келетін болсақ олардың өз айырмашылықтарды қазақ ауылындағы тігілген киіз үйлер сияқты. Сенің қонақжайлығың келген қонағыңның қай үйде қалай демалғанына байланысты айтылады. Олай болса әр үйдің отын әртүрлі жаққаннан бір үйдің түтінін дұрыс түтеткенің дұрыс деуден аулақпын. Бірақ журналистика саласының өмірдің өзін суреттейтін ұмытпаған абзал. Ресейлік белгілі журналист Андрей Максимов: «Журналистің басты қаруы да, ерекешлігі де дұрыс сұхбат ала білуге тығыз байланысты» деген сөзі бар. Олай болса сұхбат жанрының ауылына қош келдіңіз!
«Сұхбат» сөзі 19 ғасырдың 60-80 жылдары баспада пайда болды және жанрдың атауын алды, бірақ терминологиялық белгіге бірден айналмады. Бұл мағына Ресейде 19 - 20 ғасырларда пайда болды.
Жанр - бұл «белгілі бір өнер саласындағы туындылар түрі, сол немесе басқа сюжеттік және стилистикалық белгілермен сипатталатын». Әдебиетте «жанр . . . - әдеби шығарманың тарихи қалыптасатын және дамып келе жатқан Түрі».
Қазіргі зерттеушілердің сұхбат жанрының кейбір анықтамаларын келтіру керек.
Мысалы, Г. В. Кузнецов, В. Л. Цвик, А. Я. Юровский сұхбатты журналистің өзекті мәселелер бойынша әлеуметтік маңызды тұлғалармен әңгімесін білдіретін публицистика жанры ретінде анықтайды. «Сұхбат» ағылшын сөзінің семантикасына жүгінгенде, сөз INTER префиксінен тұрады, бұл дегеніміз - өзара іс - қимыл және view сөзі, оның мәндерінің бірі-көзқарас. Осылайша, «сұхбат» сөзінің семантикасын талдай отырып, авторлар тағы бір анықтама береді - «сұхбат-пікірмен, көзқарастармен, фактілермен, мәліметтермен алмасу».
Э. Г. Багиров, Р. А. Борецкий, А. Я. Юровский сұхбатты сұрақтар мен жауаптар түрінде ұсынады. «Сұхбат-ақпарат алатын журналист пен аудиторияның бір жақты қатысуымен болатын диалог».
С. Н. Ильченконың пікірі бойынша: «сұхбат-ақпарат, пікір және пікір алу мақсатында, сұрақтар мен жауаптарды кезектестіру жағдайында журналистің респондентпен диалогтық қарым-қатынасын болжайтын коммуникация актісі». Бұл сұхбаттың жанры-журналистің респонденттен, яғни сұхбаттасушыдан сұрақтардың көмегімен белгілі бір ақпаратты алу нысаны; басқаша айтқанда, диалог-қарым-қатынастың ең табиғи құралы.
Осылайша, сұхбат жанрының мақсаты қоғамды маңызды оқиға, маңызды бастама туралы хабардар ету, өзекті мәселеге назар аудару, белгілі бір маңызды мәселе бойынша беделді пікірді білу болып табылады.
Сұхбаттың мәні-белгілі бір мақсаттарды іске асыру үшін қажетті мақсатты, жоспарлы ақпарат алу.
Сұхбаттың ерекшелігі, публицистиканың басқа да жанрларынан өзгеше, ол журналист пен сұхбаттасушының ынтымақтастығының нәтижесі болып табылады. Сұхбат
Сұхбат сұрақ жауап алмасу арқылы керекті ақпаратты жұртшылыққа жеткіздудің түрі болып табылады. Бұл туралы профессор К. Қамзин: «сұхбаттың болмыс бітімі, бастау бұлағы сол «мызғымас» формуламен, әлгі айтылған жек межемен тұйықтала ма? Жанр табиғаты бетпе бет көзбе көз сөйлеуден ғана көріне ме? Адам баласы Құдайға құлшылық еткенде аруақтарға құран бағыштағанда, ойша коммуикацияға түспей ме, медитацияылқ жолмен тілдестім деп түсінбей ме? Бұл қарадүрсін, бір жақсы жайдақ проссец емес, екі жақты аса күрделі үрдіс. Қарапайым логиканың өзі бізді Адам ата Хауа Ананың заманына қарап бастап ала жөнелетіні шындық. Ғылыми болжам, табан тірер іргетас мінсіз, мықты болса, одан әріге сілтеуге мүмкіндік бар емес пе?!» деген. Шынымен сұхбат жанрындағы ерекшелік оның белгілі бір межеге тұйықталудан әрі екендігі, тек алдыңдағы адаммен құр әңгіме айтудан да әрірек екендігін түсінген жөн. Негізінен журналистика саласына бас сұққан кез келген маман алдымен өзінің дұрыс сұрақ қоюы мен одан нәрлі жауап ала алатын дәрежеге дейін өзін жетілдіріп бірақ келгені абзал. Себебі неге? Әр елдің өз менталитетінің болтыны рас. Дегенмен мамандықтық менталитеке бөлінбейтіндігін аңғаруымыз керек. Бірақ өз дәстүрімізге шақтап, қарапайым көрерменге түсінікті де жағымды болғаны дұрыс. Өйткені шұбырмалы сөздердің мағынасына жетем дегенінше басындағы ойды ұмытарлықтай сұрақ қойылатын болса онда бұл не түсініксіз оған қоса іш пыстырарлық кұр уақыт өткізу болып табылды. Ал адам баласына жасалған ең ауыр сынақ оның құр уақытын жеу. Сұхбат жанрының негізі сұрақ қоюдан басталатыны белгілі. Олай болса журналист газет, теле, радио саласында жүрсе де оның сұрақтарының ерекшеліктері ең алдымен оқырман, тыңдарман, көрермен қызығушылығын тудыруы тиісті. Негізі қазақ жеріне журналистика саласы ХІХ ғасырдың екінші жартысында дамыды. Дегенмен қазақ даласындағы сөз өнері, ауыз әдебиетіне тығыз байланысты болғаннан соң сұхбат жанрының тамыры одан да әрі тереңірек деп айтуға толық негіз бар. Неге? Өйткені ауыздан ауызға жеткен айтыс өнері, шешендік өнердің түп негізі осы сұрақ жауаптың алынып берілуі арқылы жүзеге асылған. Оны шешендік өнердің ерекшелігі ретінде көрсетіп қысқа да нұсқа етіп бере білгенінде. Қазақ шешендік өнерін Сырым Датұлының шешендік сауапдарға берген шешендік жауаптарынан да көруге болады. Бұның өзі сұхбат жанрының тамыры қазақ халқы үшін тереңіректе екендігінің дәлелі. Ал сондағы шешендік сауал қарсыласының білімі мен біліктілігін, танымы мен талғамын, ой әлемініңің шекарасын эрудициясы мен адамиылық ерекшеліктерін білу мақсатында сараптау жауап алу мақсатында қойылатын сауал тәсіл. Бұл тәсіл көбіне шешеннің тарапынан қойылатын болғандықтан «мынау не?» «бұл кім?» дейтін қарапайым танымдық сауалдардан гөрі аса күрделілеу келген, көпті көрген өмірлік тәжірибелерге сүйенген, астарында философиялық байлам түйілген сауалдар болып келеді. Шешендік сауалдар әдеттегі сөздердей жеке дара емес белгілі бір болған оқиғаның мағыналық жағынан тілдестіре келе қойлатын болған. Бұның өзі қазіргі журналистикадағы сұхбат жарнының бар ерекшелігін өз бойына тоғытып тұратындығын ашық айқындап береді. Осыған орай оған шешендік сауалдың шешендік жауабының бар екендігі де белгілі. Шешендік жауап сауалға орай келетін ой ұшқырлығын асыл сөзге түйген өмірден түйген азды көпті тәжірибені болған оқиғаның шешімін табу жолына сала отыр жауабын ашып шығу. Бұл арқылы ерте кездің өзінде сөз құдіретін біле білген елдің дәстүр салтының өзі саясат екенін анықтап берді. Бұндай жағдай қарапайым ауыл арасымен қатар ел араларында да болғаны белгілі. Олар сөз арқылы татуластып елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан деген ұстанымды ұстанған. Бүгінгі екі елдің арасындағы алауыздыққа тосқауыл қойған сондай елшінің де, жаушының да орнына тілшілер жауапты сияқты. Газеттер мен радио, теледидарда «сұхбат жүргізді» деген сөзді жиі естіп жүреміз. Теледидар арқылы солардың сұхбатасқанын көріп талай білім де алатынымыз бар. Ал сол сұхбатты жүргізудің өзіне не керек? Сол сөзді терең түсіну үшін сұхбат жанрының журналистикадағы орны қандай деген сұраққа жауап іздегеніміз жөн болар. Жоғарыда сұхбатқа беріп кеткен анықтамамызға қосымша анықтама ұсынбақшымын. Яғни сұхбат сұрақ жауап алмасу арқылы ақпаратты көпшілікке жеткізумен қатар ол пубицистикалық жанр. Журналисің бір немесе бірнеше адаммен белгісі бір күрделі мәселе төңірегінде әңгіме құруы. Жалпы жанрлардың барлығы шұғыл дайындалынатын жанрға жатады десек соның ішінде сұхбат «от алып жүрген» шұңғылдың ішіндегі шұңғылы, жеделдің ішіндегі желдей екені Ұшақтан түскен белгілі мемлекет қайраткері, пойызға мінгелі тұрған әйгі актриса, дөңгелек үстелге қатысуға бір минуты жоқ атағы жер жарған Елбасы журналистке тек жедел сұхбат беуінің өзі ол жанрыдың маңыздылығын танытып тұрғандай. Бірақ, жедел деген сөз оның жүгін жеңілдете алмайды. Сұхбаттың жүгі мың батпандай ауыр. Өйткені, ол кейіпкердің бүкіл болмысымен мақсатымен, аз уақытта күә болған болмысымен тығыз байланысқа түсе отыра, өзінің көрерменіне не тыңдарманына, не оқырманына мардымды да керекті ақпаратты бере білуге шебер болуы керек. Бұл бір очерк көтеретін жүк, ең ұшқыр газет жанрының, не телерадионың тізгігін ұстаушы тілшінің осы батпандай ауыр жүкті мойнына көтере отырып биік дәрежеге ой қозғарлықтай жаңалықты таба білуі, әрине ол журналистің қаламының ұшқырлығына, сөзінің майдалылығына тікелей байланысты. Бал тамған сөзден шырын боларлықтай ілік табудың өзі көрерменге үлкен мақсат болмақ. Олай болса қазақ журналистикасының даму жолындағы сұхбаттың дамуы қандай деңгейде болды? Көрші елдерде қандай деңгейде? Негізі жиырмасыншы ғасырды «Алтын ғасыр» деп есептейтін болсақ көрші елдің (Ресей, Қытай) журналистикасындағы сұхбаттың дамуы қалай жүзеге асты екен? Олардың телеарналарының ерекшелігі сұхбат жанрының еркін де тәуелсіз болуында. РТК арнасының белгісі журналисі Андрей Максимовтің бір сөз сұхбат жайында: «сұхбат жанрын меңгеріп керек емес. Тек оны түсініп өзіңше бір жол тауып алып шық» деген. Шынымен де жоқтан бар пайда болмайды, бар нәрсенің жоққа айналмайтыны сияқты сұхбатты жоққа айналдыру мүмкін емес. Тек бар нәрседен де жақсылау нәрселер жасауға болады. Өмірдің өзі ағын су сынды тоқтаусыз екенін ескерсек, ондағы болған оқиғалар да жол сайын түрлі жағалауларды соға отырып жаңа дүниелерді көреді. Менің ше сұхбат жанрына да осындай жаңалықтар керек. Бүгінде қоғамдық маңызы зор тележурналистика ғылымы көп аспектілі салада зерттеу мәселесі күн тәртібіне өткіз қойылған. Ақпарат ғасырында БАҚ саласының жаға бағыттары қалыптасуда. Сондықтан қазақ тележурналистикасын сан алуан функциясын, қоғамдығы рөлін, теориясы мен тәжірибесін, тележүрізуші мен кейіпкердің сөйлесу стилі мәселесін қайта түлетудің, экрандағы көркемдеп бейнелеуші құралдарды толықтырып, бейенелерді түрлендіріп көрсетудің телеэкран мәселелерімен бірлікте айқындау қажеттілігі күтіп тұр. Ғаламның тыныс тіршіліг бір сәтте үйдегі теледидар арқылы көріп, таным көкжиегін кеңейтіп, білу қанығу адамзат қоғамының мәдени саналық деңгейінің өскенінің көрсеткіші болып табылады. Қаламының ұшында, көңілінің түкпірінде бүгінгі заманның болмыс бітімі тұлғаланылатын журналистер қауымы уақыт алдындағы өз парыздарын дұрыс та пайдалы ақпарат бере алатындығымен беріп отыр. Осы жолда құрбан болып кеткендері де қаншама. Жедел де шыншыл сұхбат барысында қалт кеткен тілші майдандағы оқ астында оққа ұшқан сарбаздай болады. Себебі нағыз топ майданның жүгі жәй күндердегі атыстан да қауіпті әрі абыройлы екені белгілі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz