Зерттеме нысаны - каток діріл білікшесі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

стр.
Кіріспе 5
1 Жұмыс тақырыбы бойынша жалпы шолу 8
1.1 Ремдортехника жауапкершілігі шектеулі серіктестігі туралы жалпы мәлімет 8
1.2 Топырақтарды нығыздауға арналған машина және жабдықтарды қысқаша сипаттау 10
1.3 Берілген конструкцияларға (құрылымдарға) талдау жасау және нұсқаны таңдау 20
2 Дипломық жұмыста тиісінше есептемелермен ұсынылған техника түрінің эксплуатация бойынша технологиялық шешімдер негіздемесі және таңдалуы 22
2.1 Есепке арналған бастапқы деректер 22
2.2 Машинаның жұмыс режимін анықтау 23
2.3 Машинаның 2017 жылға арналған ТҚ және Ж жылдық жоспарын жасау 29
3 Жұмыста берілген есептемелерге сипаттама. Қабылданған шешімдерді бағалау. 36
3.1 Дірілді катоктың білікше конструкциясына патенттік іздестіру талдамасы (анализ патентного пойска) 36
3.2 Жобаланатын құрылымға (конструкцияға) сипаттама және оған енгізілген өзгерістер 40
3.3 Катоктың негізгі көрсеткіштерін таңдау 42
3.4 Тарту есебі 43
3.5 Қуат балансы 44
3.6 Катоктың техникалық өнімділік есебі 47
3.7 Дірілдеткіш жетегінің гидромотор есебі 48
3.8 Бейтеңгерімділік есебі (дебаланс) 48
3.9 Өздігінен жүретін катоктың вибробілікшесінің сенімділік деңгейін және оңтайлы ресурсын анықтау 50
3.10 Қабылданған шешімдерді бағалау 54
4 Еңбекті қорғау 59
4.1 59
4.2
4.3
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша

Кіріспе

Жол құрылысында, гидротехникалық құрылымдарда (сооружений), аэродром және басқа да нысандарда жаңадан төгілген жер төсемдері және массаларды нығыздау өте маңызды болып табылады. Топырақтарды нығыздау шөгуден алдын алып, үйінділердің төзімділігімен беріктілігін арттырады. Өз кезегінде, бұл қозғалыстағы транспорттың, жүктеме (нагрузка) әсерінен болатын деформациясының алдын алып сонымен қатар беттік төсемдердің бүлінуінен сақтайды. гидротехникалық және гидромелиоративтік құрылыста нығыздау арқылы суөткізгіштікті төмендетеді. Жаңадан төгілген топырақтарды нығыздаумен қатар топырақты құрылымын өзгертпей - бұзбайда сол табиғи мекенінде нығыздауға болады. Мұндай жолмен түптерді (дно), ойық пен каналдардың еңістерін нығыздайды, бұл сонымен қатар фильтрация есебінен су шығынын азайтады.
Құрамынаи түрлі категориядағы топырақтар кіретін негізгі жол құрылыс материялдары, асфальтбетонды, цементбетонды қоспалар және т.б., әдетте көпфазалы болып табылады. Бұл материялдарда, оларды нығыздамас бұрын түрлі іріліктегі минералды бөлшектер, ауа және су болады. Яғни топырақтың және басқа жол- құрылыс материялдарын нығыздаудың мәні- бұл нығыздаушы машинаның жұмысшы органының әсерінен материялды ауадан арылтады, ал кейбір жағдайларда ылғалды арттырады мұның нәтижесінде материялдың минералды бөлшектері нығыз орын алып, жақындасады. Нығыздау процесі ең басты тәсіл ауаны ығыстыру: құрамындағы 15...25% пайыздан 2,5...3% дейін жеткізу арқылы жүзеге асырылады, одан кейінгі ауаны ығыстыру- нығыздауға кеткен өте көп мөлшердегі энегия шығынымен байланысты. Үйінділердегі топырақты қажетті деңгейде нығыздау сол үйінділердің тағайындалуы бойынша техникалық жағдайлармен орнатылады.
Топырақ нығыздаушы машиналардың тиімді жұмыс жасауы үшін топырақтың ылғалдылық деңгейі өте маңызды болып табылады. Топырақтың әрбір түріне- механикалық энергияны мейлінше аз шығындайтын, нығыздаудың ең үлкен әсерін беретін ығалдылығы бар; бұл ылғалдылықты оңтайлы деп қабылдауға болады. Топырақ ылғалдылығы оңтайлыдан (оптимальной) төмен болған жағдайда қажетті ылғалдылыққа жеткізеді, олай болмаған жағдайда нығыдаудың қуаттырақ құралдарын қолдану қажет болады. Біздің елімізде топырақты нығыздау бойынша жұмыстар, топырақтар көп жағдайда оңтайлыға жақын болғандықтан жеңілге түседі.
Машиналармен топырақты дірілді әсермен нығыздау- нығыздалатын материялға, арнайы механизм дірілдеткіш арқылы, жиі тербелмелі қозғалыстарды беру негізінде жүзеге асырылады. Нығыздалатын материялдың бөлщектері дірілдету кезінде қатты қозғалыста болып нәтижесінде оның кеуектілігі азайып тығыздығы артады. Осы әдіс бойынша топырақ және жол төсемдерін нығыздауға арналған түрлі беттік және тереңдіктегі дірілдеткіштер жұмыс жасайды.
Катоктар, топырақ нығыздауға арналған басқа машиналармен салыстырғанда қарапайым құрылымдылығымен, салыстырмалы түрде үлкен өнімділігімен және құнының төмен болуымен ерекшеленеді.
Кейінгі кездері гравийлі, қиыршықтасты және асфальтобетонды қоспаларды нығыздауда тегіс білікшелі дірілді катоктар (катки с гладкими вальцами) кең қолданысқа ие болып жатыр. Дірілді өздігінен жүретін катоктар статикалықпен салыстырғанда металкөлемділігі аз, аса маневрлі және тасымалдауға қабілетті, жұмыстың дұрыс ұйымдастырылуы жағдайында нығыздалатын материял бетінің тегістігін және қажетті тығыздықты қамтамасыз етеді. Жол төсемдерін нығыздауға арналған өздігінен жүретін дірілді катоктарды қос өсьті қос білікшелі етіп жасайды, сонымен қатар бір білікшелі және үшбілікшелі құрылымды катоктарда бар. Үш білікшелі катоктарда дірілді білікше әдетте қосымша тіркемелі немесе аспалы (навесным) болып табылады. Дірілді екі білікшелі катоктарда білікшелердің кез- келгені немесе білікшенің екеуіде дірілді болуы мүмкін.
Жетекші (ведущий) дірілді білікшеде, уйкелістің шартты коэфициенттері және беттік қозғалыспен байланысы бірден төмендеп, тіркесу бойынша тарту күшін төмендетіп, еңістердегі қозғалыстарды қиындатады.
Егер дірілді білікше катоктың жетектегі (ведомый) білікшесі болса, онда катоктпен басқару қиынға соғады. Дірілді катоктардың үлкен кемшілігі операторды, дірілдің зиянды әсерінен сенімді және ұзақ мерзімге қорғау қиындылығы болып табылады. Көрсетілген кемшілікетер қарама- қарсы фазада жұмыс жасайтын және жетекші, басқарылатын болып табылатын екібілікшелі дірілді катоктарда біршама мөлшерде төмендетілген.

Дірілді катоктарды жобалау кезінде, мүмкіндігінше, дірілді білікшенің түрлі материялдарды нығыздау кезіндегі жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ету үшін тербеліс жиілігін және қарсыласу күшін өзгертуді қамтамасыз ету керек.
Осылай, катоктың дірілді білікшесінің модернизаиялануы (жаңару) әсерінен топырақты нығыздаудың тиімділігін жоғарылату ғылыми және тәжірибелік мәселе болып табылады.
Жұмыстың мақсаты машинаның құрылымын қарапайымдату және сенімділігін жоғарылату негізінде катоктың нығыздаушы қасиеттерін жақсарту болып табылады.
Осы мақсатқа сәйкес келесідей негізгі міндеттемелер қойылған:
базалы мекемеде машинаның жұмыс режимін анықтау және ағымдағы жылға машинаның ТҚ және Ж жылдық жоспарын жасау;
катоктың дірілбілікшесі жетегінде, конустық редукторды қолданудың негізгі артықшылықтарын көрсету;
каток дірілбілікшесін (вибровалец) жетілдірудің ұсынылып отырған тәсілінің тиімділігін анықтау;
өздігінен жүретін каток дірілдібілікшесінің сенімділік деңгейін және оңтайлы ресусын анықтау;
Зерттеме нысаны - каток діріл білікшесі.
Дипломдық жұмысты жазудың теориялық және методологиялық негізі отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерінен, ақпараттық көздерден және зерттелетін техника типі бойынша Internet желілерінен, базаланады.
Жұмыстың ғылыми жаңалығын келесідей негізгі нәтижелер анықтайды :
Ремдортехника ЖШС-қа ағымдағы жылға машинаның ТҚ және Ж жылдық жоспары жасалған ;
ұсынылып отырған каток дірілбілікшесінеде, жалпы машинаның өзінеде зерттеменің жалпы негіздемесі жасалынып, тиісінше есептер жүргізілген;
конустық бәсеңдеткіш (редуктор) арқылы дірілбілікше жетегінің құрылымы жасалынды;
машинаның атқарымына байланысты, өздігінен жүретін катоктың дірілді білікшесінің сенімділігін ұстап тұруға кеткен салыстырмалы шығынның тәуелділігі анықталды.
Жұмыстың тәжірибелік құндылығын ұсынылып отырған өздігінен жүретін катоктың дірілдібілікшесінің құрылымы құрайды.

1 Жұмыс тақырыбы бойынша жалпы шолу

1.1 Ремдортехника жауапкершілігі шектеулі серіктестігі туралы жалпы мәліметтер

Ремдортехника жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ЖШС Ремдортехника) 1948жылы жол шаруашылықтарын металлқұрылыммен қамтамасыз ету үшін, жол-құрылыс техникаларын жөндеуде және осы шаруашылыққа қажетті жарақтар шығару негізінде құрылған. Алматы қаласы, Стасова көшесі 102 мекен жайы бойынша орналасқан.
Қазіргі таңда ЖШС Ремдортехника - бұл қазақстандық өндірістердің түрлі салаларына арнайы техника шығаратын, көппрофильді мекеме. Зауыттың күн тәртібінде өндіріс көлемін арттыру, өндірілетін өнімді жүзеге асыру және модельді қатарлардың жаңаруы бойынша бірнеше тапсырмалар тұр.
Зауыт 7,586 га аудандағы жер телімінен тұрады, өндіріс аумағының ауданы 10044,2 м2 құрайды.
Қазіргі таңда ЖШСРемдортехника жол- құрылыс техникаларының кең таңдауларын ұсынып отыр. Заманауи нарықта бірнеше бағытта жұмыс жасайды. Бұд жол-құрылыс, коммуналды техникалар және жанармайқұйғылар, бензовоздар, автобитумовоздар, автогудронатор және нефтевоздар т.б. техникалар шығарылымы.
Сонымен қатар, мекеме түрлі бағыттағы сыйымдылықтар (емкость) шығарумен айналысады.
Жәнеде мекемемен оқыс жағдайлардағы жұмыстарға бейімделген, цистерна көлемі 7 ден 40 тоннаға дейінгі қарапайым изотермиялық нефтевоздар жасау меңгерілген, сонымен қатар КАМАЗ, МАЗ-МАН, КРАЗ тартқыштарына жүккөтерімділігі 20т -дан 60т дейінгі жартылай тіркемелер (полуприцеп) шығарылады.
Бардық өнім Қазақстан Рспубликасының ТУ және ГОСТтарына сәйкес жасалған. Барлық шығарылатын өнімге өнімнің шығу тегі СТ-КZ. бойынша сертификат беріледі
Саланың машинажасау бағытына сәйкес, мекеме келесідей білдекті жабдықтармен жарақталған:
диаметрі 1000м және ұзындығы 300мм ге дейінгі бөлшектерді өңдеуге арналған токарлы- винторезді білдектер тобы;
габариті 700мм-ден 1500мм-ге дейінгі бөлшектерді өңдеуге арналған фрезерлі білдектер тобы;
габариті 1000мм, 400мм дейінгі бөлшектерді өңдеуге арналған жазық -ажарлау білдектері;
диаметрі 1000мм дейінгі бөлшектерді өңдеуге арналған дөңгелек -ажарлау білдектері;
бұрғылау білдектері; координатты- жону білдегі, қашағыш білдек (долбежный станок); сүргілеу (строгальный) білдегі;
пісіру жабдықтары ( ұолмен пісіру және көмірқышқыл газды ортада пісіру);
20мм қалыңдыққа дейінгі табақ металлдарды кесуге арналған гильотинды қайшылар;
Зауыттың техникалық мүмкіндіктері мен жабдықтары жұмыстардың кең көлемді спектрлерін орындауға мүмкіндік береді: пісіру, токарлы, фрезерлі, тістікескіш, ұсталық жұмыстар, плазмалыө кесу, соғулар (ковка), механикалықөңдеулер.
Жоғарысапалы, бәсекеге қабілетті өнімдер шығару арқылы Ремдортехника ЖШС сауда маркасының іскер топтар арасында жақсы беделін қалыптастырып, ұзақмерзімге АҚ КазТрансОйл, АҚ РД КазМунайГаз, АҚ КEGOC, ТОО Семизбай-U, ТОО KazCopper, АҚ А-Дорстрой, ТОО КазАвтоКрАЗ, АО СНПС-Актобе-МунайГаз, ТОО Кыран, ТОО Самат-Мунай, ТОО Аргымак, ТОО Гелиос, ТОО Нефть Транс-Кызылорда және көптеген басқа мекемелермен серіктестік байланыстар орната білді.
Зауытта шығарылатын өнімдердің негізгі номенклатурасы мыналар болып табылады:
1. Жол- құрылыс техникасының шығарылымы:
жүккөтерімділігі 20,0 т, 33,0 т-лы жартылай тіркемелер шығарылымы;
тіркемелер дайындау - ауыр жүк тасығыштар жүккөтерімділігі 60,0 т жол-құрылыс техникаларын тасымалдауға арналған;
жанармайқұйғыштар бензовоздар, битумтасымалдауыштар, түрлі модификациядағы автогудронаторлар дайындау;
битум айдауға арналған сорғылар (насос), 2 және 3 жүрісті крандар шығарылымы;
битум қыздыруға арналған қозғалмалы қазандар (котлов) дайындау;
көлемі 0,1; 0,25; 0,5; 1,0 м3 бетонараластырғыштар дайындау;
Сыйымдылығы 1,0 ден 130,0 м3 дейінгі ГСМ, су және т.б. сақтауға арналған түрлі сыйымдылықтар дайындау;
2. Жаяужолдарды (тротуарларды) қыстық және жаздық күтуге арналған суарып жуатын машиналар шығарылымы;
тұрмыстық шығындарға арналған контейнерлер V = 0,7...1,1 м3.
3. Түрлі автокөліктер, тіркемелер, көлемі 10,0 ден 40,0 м3 құрайтын жартылайтіркемелер шассиіндегі мұнайтасығыштар дайындау;
4. Түрлі типтегі металлоқұрылымдарды дайындау.
Сонымен қатар, мекеме жол техникаларына сервистік қызмет көрсетеді.
Ағымдағы 2017 жыл, ТОО Ремдорехника 1.1 кестедегі көрсетілген тізім
бойынша жол техникаларына техникалық қызмет көрсету және жөндеу
бойынша келісім- шартқа отырғызылған

1.1.Кесте
2017 жылға ЖШС Ремдортехника қызмет көрсетілетін техникалар тізімі
№№ п.п.
Аталуы
Саны,
дана.
1.
Қартазалағыш ДЭ-211
6
2.
Каток ДУ-58
28
3.
Автогрейдер СДМ-25
28
4.
Экскаватор ЭО-4326
30
5.
Скрепер ДЗ-115
8
6.
Аралас машина МДК-433362
4
БАРЛЫҒЫ
104

Зауытпен қызмет көрсетілетін техникалар тізімінде ДУ-58 28 каток қатысады, сондықтан жұмыстың тақырыбы бойынша алдағы зерттемелерді тек осы машиналарға қатысты жүргізетін боламыз.,

1.2 Топырақтарды нығыздауға арналған машиналар мен жабдықтарға сипаттама

Топырақтарды нығыздауға арналған машиналар мен жабдықтар- топырақтардың беріктігін және тығыздығын қалпына келтіруге, оларға қажетті төзімділікті беруге, су өткізбейтін қабілеттілік беруге арналған. Нығыздалу сапасы стандартты нығыздалу тәсілімен анықталатын, топырақтың нақты тығыздығының оның максималды стандартты тығыздығына қатынасымен бағаланады. Автокөліктік жолдардың үйінділерінің жоғарғы қабатының тығыздық стандартты 98% төмен, төменгі қабаты- 95%. -дан төмен болмауы керек. Мұндай жоғарғы тығыздыққа жету, тек нығыздалатын топырақтардың қасиетіне технологиялық талаптарды ұстану кезінде және нығыздаушы техниканы дұрыс таңдаған жағдайда ғана мүмкін болады.
Топырақтарды- топырақтың пластикалық және тегіс деформациясына алып келетін таптау, тегістеу (трамбованием), діріл арқылы, дірілдітаптаумен және дірілдітегістеумен нығыздайды. Қажетті нәтижені алу үшін жүктеме орнатудың бірнеше циклі қажет болады, сондай-ақ топырақ тығыздығы артып отырған сайын нығыздайтын жүктеме өлшемі де жоғарыламау керек. Нығыздаудың мәні- топырақ бөлшектерінің жақындасуы, беттің көп бөлшегінің өзара қосылысымен және нығыздалған аумақта топырақтың кейінгі деформациясы тоқтаған жағдайға жеткенге дейін жүзеге асырылады.
Таптау кезінде бөлшектердің жақындасуы циклды қайталанып отыратын жүктеменің жай екпінмен удеу және азаю әсерінен орын алады.
Трамбовкалау (таптау) кезінде топырақ бөлшектері нығыздайтын құралдың түсетін массасының кинетикалық энергиясы әсерінен жақындасады, және топырақ деформациясы жылдамдығы оның шиеленісу (напряженного) жағдайына өзгеру жылдамдығынан қалып отырады. Дірілдінығыздау кезінде бөлшектер, бір- біріне қатысты сырғу арқылы және дірілмен берілетін жоғары жиілікті тербелістер әсерінен бос қуыстарды толтыра отырып жақындасады.
Вибротрамбовкалау кезінде діріл нәтижесі трамбовкалаудың оңтайлы әсерімен соммаланады, ал дірілді таптау кезінде таптау әсері суммаланады.
Катоктар. Топырақтарды нығыздау бойынша ауқымды жұмыстарда, жұмыс органы резиналы пневмодөңгелекті металлды білікше (металлические вальцы) болып табылатын тіркемелі және өздігінен жүретін катоктарды қолданады. (1.2 кесте),

1.2. Кесте
Катоктардың техникалық сипаттамасы
Маркасы
Типі
Масса, т
Нығыздалатын беттің ені,мм
Қуаты, кВт
ДУ-70
Тіркемелі
5,9
2000
57,4
ДУ-70-1

6,5
2000
121,4
ДУ-94

7,5
2000
121,4
ДУ-94-1

8,0
2000
121,4
ДУ-74
Құрама
9,0
1700
57,4
ДУ-74-1

9,5
1700
57,4
ДУ-62А

13,0
2000
93,5
ДУ-85

13,0
2000
110,4
ДУ-85-1

13,5
2000
110,4
ДУ-84

14,0
2000
110,4
ДУ-58А

16,0
2000
93,5
ДУ-57А

20,2
2400
147

Нығыздау кезіндегі ең қарапайым және ең тиімдісі болып тегіс металлды білікшелі статикалық катоктар болып табылады. Олармен нығыздалатын қабаттың максималды қалыңдығы 15...20 см аспайды, ал нығыздалудың қажетті деңгейі тұтас топырақтарда 4...6 жүрістен кейін, 10...12 жүріс- тұтаспаған топырақтарда. Тегісбілікшелі катоктардың (гладковальцовых катков) артықшылығы олардың тұтасқан және тұтаспаған топырақтарды да нығыздау қабілеті және жоғарғы сенімділігі болып табылады.
Тіркемелі пневмодөңгелекті катоктар тұтас және тұтас емес (несвязных) топырақтарды нығыздау кезінде қолданылады. Қатаң білікшелі катоктармен салыстырғанда олар, таптау кезінде қиыршықтастармен гравийді бүлдірмей, аз жүріс санымен топырақтың қалыңырақ қабаттарын нығыздауға қабілетті. Пневматикалық білікшелер бір- біріне мүмкіндігінше өте жақын орналасады. Бұл олардың арасында нығыздалмай қалып қоятын топырақ қатарларын тарылтуға мүмкіндік береді. Әрбір білікшенің аспалары (подвеска) беттердің бірқалыпты нығыздалуын қамтамасыз етеді
Пневматикалық білікше орналасқан секция корпусы, қажет болған жағдайда катокты ауырлатуға мүмкіндік беретін, біруақытта шойынды құймалы немесе бетонды блокты балластқа арналған жәшік ретінде қызмет атқарады. Пневмодөңгелекті катоктың тиімді жұмысы үшін салмағынан бөлек шиналарындағы қысымы өте маңызды болып табылады.
Білікшеге топырақтың жабысып қалмауы үшін дисктер арасындағы аралықта қырғыштар (скребки) орнатылады. Мұндай каток жұдырықшалы (кулачковый) сияқты жұмыс жасайды бірақ онымен бірдей массада контакттың үлкен аумағының арқасында топырақытң қалыңырақ қабаттарын нығыздайды.
Тіркемелі қатаңбілікшелі (жестковальцовых) катоктардың заманауи модельдері тәртіп бойынша, нығыздау процесін қарқындатуға мүмкіндік беретін, тербеліс беретін дірілдеткіштермен жабдықталады (1.1. кесте).

1 және 2 - айналудың уйлесімділігін қамтамасыз ететін тісті тәждерімен (венцами) аралас центрлі бейтеңгерімді дөңгелектер(дебалансное колесо)

1.1. Кесте Бағытталған тербелістерімен қарапайым дірілқоздырғыштың арекет ету сұлбасы
Өшірулі тұрған дірілқоздырғыштарда мұндай машиналар статикалық нығыздалу режимінде жұмыс жасайды, ал қосулы тұрған жағдайда топырақ бөлшектерінің -мәжбүрлі жақындасу эффектісіне, жоғары жиілікті тербеліс әсерінен, уйкеліс күшінің төмендеу эффектісі және олар арасында байланыс қосылады. Екі немесе оданда көп амплитудалы дебалансты және гидрокөлемді жетегімен дірілқоздырғыш (1.2. кесте) әдетте білікше ішінде орналасады (1.3. кесте) және тартқыш (тягач) гидрожүйесімен байланысады.

1.2. Сурет Дебалансты массасы болатты түйірден (стальной дроби) тұратын
екіамплитудалы дірілдеткіш

1 - дірілгетөзімді мойынтіректер; 2 - төменжылдамдықты маймен нығыздау; 3 - дебалансты массалар; 4 - түйіндерді майлауға және салқындатуға арналған майлар

1.3. Сурет Каток білікшесіндегі діріл дебалансының жайғасуы

Әлемдік тәжірибеде топырпақтарды нығыздауда тіркемелі катоктармен қатар, жоғарыда көрсетілген білікшелердің барлық типімен жабдықталған, өздігінен жүретін катоктар да кең қолданыс тапқан. Соңғы жылдары шарнирлібуындасқан рамалы, бір қатаң білікшелі дірілқоздырғышымен және жетекші пневмодөңгелекті өсімен- аралас катоктар сонымен қатар толық пневмодөңгелекті катоктар кең қолданыс тапты (1.4 сурет).

1.4. сурет Алдыңғы басқарылатын және артқы жетекші өстегі қатаң рамалы пневмодөңгелекті өздігінен жүретін каток

Құрамалас (комбинированный) катоктар моделінің басым бөлігі бір негізгі және ауысымды білікшелермен (сменными вальцами) жинақталуы мүмкін. Кейбір құрылымдарда тек білікше ауысады, басқаларында ол алдыңғы рамамен бірге ауысады.
Тегісбілікшелі катоктар, тегіс білікшеде оның демонтажынсыз қатырылған сыртқы беттік жұдырықшалы құрама қаңқасымен жинақталуы мүмкін.
Қажет жағдайларда бұл тек бір нығыздаушы машинамен ғана шығуға мүмкіндік береді және жұмыс түрі өзгерген кезде оның қайта жабдықталуына уақыт шығынын азайтады. Тәртіп бойынша, құрамалас катоктардың қатаң (жесткие) білікшелері, вибратор жетегімен бірге, жаңадан төгілген топырақта және қатты бойлық еңістердегі жұмыстарда бірінші жүрісінде -ақ, машина мүмкінділігін арттыратын жүрісті гидрокөлемді жетекпен де жабдықталады.
Өздігінен жүретін пневмодөңгелекті катоктар балластты бөлікті (балластные отсеки) бірблокты рамадан тұрады. Егер балласт ретінде су қолданылса, онда балластты бөліктер (отсеки) олардың шайқалуынан сілкіністерді азайтатын және машина салмағының бұзылуынан сақтайтын қоршаулармен бөлінген. Рама барлық дөңгелектерге бірдей жүктемені және балласт массасының бірқалыпты таралуын қамтамасыз етеді.
Бір уақытта оның жұмыс жабдығыда болып табылатын катоктың жүріс жабдығы, өстері бойынша түрлі, дөңгелек жетегінің құрылымы қаншалықты мүмкіндік берсе, соншалықты бір- біріне жақын орналасқан, бекітілген дөңгелектерімен екі өсьті шасси болып табылады. (1.4 сурет).

Таптау машиналары (трамбующие машины) кез- келген топырақтарды нығыздауда пайдаланылады, бірақ тұтаспаған және азтұтасқан топырақ жұмыстарында ең тиімдірек болып табылады. таптау машиналарынан вибротаптау машиналары аз импульстерімен және жоғары жиілікті соққыларымен ерекшеленеді. Қозғалу принципі бойынша вибротаптау машиналарына виброштамптармен виброплиталарды жатқызуға болады. Виброкаток қатаң білікшесінің нығыздалатын топырақпен әрекеттесуі кезінде таптаумен бірге, вибротрамбовкалау эффектіде қатысады.
Салмағы 40- тан 100кг-ға дейінгі аз габаритті (аз өлшемді) виброштамптар шектелген кеңістіктерде, аз көлемді жұмыстарды нығыздауға пайдаланылады. Виброштамп топыраққа үлкен түзубұрыштық тіреуішімен сүйенеді. Қозғалтқыштың жұмысы кезінде бағытталған қозғалыс эксцентригі жабдықты нығыздалатын бетте секіртуге мәжбүрлейтін күшті арттырады. Нығыздалу- виброштамп тірегінің топыраққа соққысынан, кинетикалық энергия әсерінен жүзеге асырылады.
Виброштамптар тығыз топырақпен жұмыс кезіндегі кері соққыны өзіне жұтатын амортизаторлармен, қозғалтқышқа келіп түсетін ауаны фильтрлеу жүйесімен жабдықталады. Принципі бойынша вибротрамбовкалауда пневмо-, гидро-, және электржетектегі қолдық (ручной) әмбебап жабдықтарда жұмыс жасайды, көп жағдайларда арнайы таптауыш саптамаларымен кен балғалары және бетонбұзғыштар пайдаланылады. Әрине оларды әрдайым емес тек қосалқы сипатта пайдаланады және оларды үлкен көлемді топырақтарды нығыздауда тиімді тәсіл ретінде қарастырыла алмайды.
Асфальтті каток автожолдық және аэродромды асфальтобетонды беттердің техникалық жағдайлары негізінде, оларға беріктілік, су өткізбеушілік және тегістік беру мақсатында асфальтобетондық қоспаларды қабатты нығыздауға(послойного уплотнения) арналған. Мәнінен, өлшемінен және техникалық сипаттамасынан тәуелсіз- барлық катоктардың жалпы құрылымдық белгісі болып, қозғаушыны (движатель) нақты тағайындалуы бойынша ғана емес, сонымен қатар біруақытта тіректі беттерді нығыздауға да пайдаланылануға болады. Негізінде кез -келген жүріс бөлігі бетке сүйене отырып оны нығыздайды бірақ катоктарда бұл кері және көп жағдайда қажетсіз әсер негізгі артықшылық болып табылды және тұтынушылық қасиетке ие болды. Асфальтобетонда төсемдерге қойылатын негізгі талап -оның тегістігі, сондықтан асфальт нығыздауға тек тегісбілікшелі және пневмодөңгелекті катоктар ғана қолданылады.
Жол- құрылыс машиналарын нығыздаушы машиналар екі физикалық процессті қолданады: статикалық және динамикалық (немесе дірілді) нығыздау. Материялды статикалық нығыздау - каток жүрісімен бірге контакт аумағына жапсарласатын, материял қабатындағы кернеудің ақырындап жоғарылауы нәтижесінде іске асады. Осылай, бөлшектер жақындасып, бір- біріне жапсарласады нәтижесінде беттердің көтеру қабілетін жоғарылатып, оның кеуектілігін төмендетеді.
Статикалық нығыздау тиімділігі кернеу өлшеміне және контакт ауданына тәуелді және жүктеме түсірген аумақтан аз ғана қашықтыққа таралады, сондықтан нығыздалатын қабат қалыңдығы үлкен емес.
Тегіс металлды білікшелі катоктарда бұл кемшілік, нығыздаудың бірінші фазасында білікше қатаңдығы және асфальтбетонды қоспа арасында үлкен айырмашылықпен ұлғаяды. білікшенің жұмсақ қоспаға батуы нәтижесінде домалау кедергісі артады, ал білікшеге қарсы ұүрылымы бұзылған, деформацияланған толқын пайда болады. Нығыздалу жолағы шегінде алдағы уақытта сызаттардың пайда болуына әкелетін, нығыздалған және нығыздалмаған қоспаларда кернеудің бірден төмендеуі пайда болады.
Пневмодөңгелекті катоктардың элластикалы шиналарында бұл кемшіліктер көп кездесе бермейді, контакттың ауқымды нығыздау зонасын қалыптастыратын кең және үлкен көлемді пятносы тасымалдау барысында беттердің жоғарғы қабатын жылжытпайды және нығыздалған аумақ шегінде бірқалыпты кернеу айырымын қамтамасыз етеді. Пневмодөңгелекті катоктар қабаттың барлық тереңдік бойынша, ең жақсы нығыздалуын қамтамасыз етеді, дөңгелектерінің тәуелсіз (независимой) бекітілуі нәтижесінде тапталатын аумақ бойынша бірқалыпты тығыздыққа жетуге мүмкіндік береді.
Бірақта осы ерекшеліктер пневмодөңгелекті катоктармен тегіс беттерді алуға бөгет жасайды, сондықтан нығыздаудың аяқталатын кезеңінде, төсем- қатаң білікше астында аз деформацияланатын кезінде, тегісбілікшелі катоктарды беттерді өңдеуде пайдаланылады.
Нығыздау деңгейін жоғарылатудың салмақты резервы, діріл көмегімен процессті интенфикациялау болып табылады. Пневмодөңгелекті катоктарда пневмодөңгелектер жақсы виброизоляторлар болғандықтан, дірілді қолдану мағынасыз болып табылады, бірақ қатаң білікшелі катоктар міндетті тұрде амплитудалы- жиілікті сипаттағы дебалансты дірілдеткіштермен жабдықталады. Көп жағдайларда екі режимді виброқоздырғыштар пайдаланылады. Амплитуда, жиілік және мәжбүрлі күш каток тағайындалуын және салмағын есепке ала отырып таңдалады.
Пневмодөңгелекті және қатаң білікшелі катоктардың артықшылықтарын біріктіру әрекеті, бір өсі тегіс протекторлы пневматикалық дөңгелектермен, ал екіншісі - бір тұтас немесе резервті тегіс металлды білікшемен жабдықталған, құрамалас (комбинированных) компановкалы катоктарда іске асырылды. Топырақты немесе қиыршықтасты (щебенка) негіздерді нығыздау үшінде құрамалас катоктар қолданылады, бірақ олардың пневматикалық дөңгелектері дамытылған протекторлы шиналармен жабдықталып, тек нығыздау үшін ғана емес тарту күшін қалыптастыру үшінде пайдаланылады. Құрамалас (комбинированный) асфальтті катоктарда пневмодөңгелектер арасындағы саңылау үлкен емес, сондықтан әрібірінің астындағы нығыздалу зонасы нығыздалатын аумақтың барлық бөлігіне жоғарылатылған шиеленісті тудыра отырып, үлкен емес тереңдікте жабысады.
Қатаң білікшелі және құрамалас катоктар қабылданған моноблокты және шарнирлі- бірлескен рамадағы компоновкалы концепцияға тәуелді монтаждалады. Екі білікшелі басқарылатын моноблокты рама, алдыңғы немесе артқы білікше бұрылысымен немесе екеуінің біруақытта бұрылысымен, қозғалыс бағытының өзгеруін қамтамасыз етеді. Ол сонымен қатар катоктың "крабты" қозғалысы кезінде нығыздалатын жолақтың аумағын үлкейтуге мүмкіндік береді.
Шарнирлі- бірлескен рама бір- біріне қатысты горизонтальді жазықтыққа 30...35 °бұрышқа және көлденеңінен - +-(8...12)° бұрышқа бұрылатын алдыңғы және артқы жартылай рамалардан тұрады. Ол "крабты" қозғалу кезінде қозғалыс бағыты бойынша кабина ориентациясын сақтайды.
Сыңар рамалардың әрқайсысы қатаң білікшеге немесе пневматикалы дөңгелектер комплектісіне бекітіледі. Қатаң білікшелер өсі сыңар рамаға (полурама) қатысты қозғалыссыз ал пневматикалық дөңгелектер өсі, жалпы машина маневрлігін көбейте отырып рамаға қатысты қозғалуы мүмкін.
Сыңаррамалардың әрқайсысы суландыру жүйесінің резервуар функциясын орындайтын балластты сулы бакпен жарақталған. Су, таратқыш түтіктер арқылы келіп түсіп білікше бетін салқындатады және асфальтті қоспалар жабысуына бөгет жасайды. Тек таза тегіс білікшелі бет қана тегіс төсем алуға мүмкіндік беретіндіктен, жабысып қалған қоспалар білікшелерден және пневмодөңгелектерден қырғыштармен (скребками) тазаланады.
Катоктар білікшесін нығыздалатын беттің тегістігін арттыру үшін таза механикалық өңдеуден өткізеді ал жарықтар пайда болуын алдын- алу үшін олардың шеттерін дөңгелектейді. Орта және ауыр катоктар білікшелері кескіш роликтермен жабдықталады.
Жұмыс жағдайында ролик өзінің торцты бетімен білікше шетіне қысылады, ал роликтің өткірленген ернеуі (кромка) білікше бетінен төмен түсіріледі және білікше астына түспеген, нығыздалатын асфальтті қоспадан бөлетін нығыздалатын беттің барлық қалыңдығына жарықтар жасайды. Жұмыс жағдайынан транспорттықа немесе керісінше жағдайға ролик гидроцилиндр арқылы бұрылады.
Қатаңбілікшелі және құрамалас катоктардың жүрісті гидрокөлемді трансмиссиясы бір немесе екі контурдан тұрады. Жетекші білікшенің гидрокөлемді жүріс жетегі өнімділікті реттейтін насостан, гидромотор және шеткі редуктордан (бәсеңдеткіш) тұрады. Контурлардың біреуі істен шыққан кезде екіншісі катоктың қалыпты жұмысын қамтамасыз ете алады. Құрамалас (комбинированных) асфальтті катоктардың жетекші пневмодөңгелектері (әдетте олардың саны төртке тең) қиылмаған мостта жұптаса монтаждалады. Жұптардың әрқайсысына түсетін момент дифференциял арқылы түседі.
Қадағалаушы типтегі (следящего типа) гидрокөлемдік рульдік механизм, рама "бұрылысын" екі есе әсердегі екі гидроцилиндр көмегімен басқарады. Рульдік басқарудағы гидрожүйе басқа контурлар алдында артықшылыққа ие, оның қарамағындағы қуаты басқа агрегаттардың жүктеме деңгейіне тәуелді емес.
Пневмодөңгелекті асфальтті катоктар- топырақтарды нығыздауға арналған пневмодөңгелекті катоктардан, пневмодөңгелек протекторында тек суретінің болмауымен өзгешеленеді. Басқа барлық жағы бойынша олардың құрылымдары бірдей. Олар жүріс жабдығына үш нүктеде ( біреуі алдында, екеуі артында) бекітілген қатаң рамамен, орта бөлігінде балластқа арналған атсегімен жабдықталған. Құм немесе металлды жүк түріндегі балластты толтыру кезінде катоктың жұмыс салмағы 70...100% жоғарылайды. Артқы өстің жетекші пневмодөңгелектері кескіш мостта орналасқан. Жүріс трансмиссиясы ретінде гидрокөлемді жетек қолданылады. Басқарылатын алдыңғы пневмодөңгелектер- каток массасының нығыздалатын бетке бірқалыпты таралуына кепілдік беретін көлденең жазықтыққа теңселеді және рамаға бір нүктеге қатырылады.
Алдыңғы және артқы дөңгелектер саны әртүрлі, соның нітижесінде олардың іздері (колеи) бір-бірін жауып отырады және каток жүрісінен кейін нығыздалмаған жерлер қалмайды. Дайын нығыздалған беттегі бұдырлықтардың (неровности) алдын алу үшін, пневмодөңгелектің әрбірі, бетіндегі жабысып қалған асфальттан тазалайтын қырғышпен (скребком) жабдықталған. Рульдік басқару алдыңғы дөңгелектер блогының бұрылысқа кедергісін еңсеруге мүмкіндік беретін, гидрокөлемдік күшейткішпен жабдықталады.
Пневмодөңгелекті катоктардың заманауи моделі шинадағы қысымды реттеу орталықтандырылған жүйесімен жабдықталады.
Асфальттың нығыздалуға қабілеттілігін сақтау аралық мерзімін арттыру үшін, пневмодөңгелектер және қатаң білікшелер "жылулық" фартуктарымен жабылады, нығыздалу аумағындағы пневмодөңгелектер, білікшелер және материялдар салқындауын бәсеңдету үшін.
Жұмыс тежегіші ретінде, жүріс жетегінің гидрожүйе контурындағы қысымның төмендеуі кезінде, машинаны тоқтататын гидрокөлемді жүріс трансмиссиясы қолданылады. Тежеу реверс тетігін нейтралды жағдайға ауыстырған кезде басталады және артқы немесе алдыңғы жүрісті қосқан кезде тоқтатылады.
Қалыпты тұйық типтегі көпдискілі тұрақты тежегіштер, білікше ступицаларында , дөңгелектерінде немесе беріліс қорабы білігінде орнатылады. Олар басқару тетігінен оператор арқылы немесе гидрожүйедегі қысым төмендеуі кезінде немесе қозғалтқыш тоқтаған кезде автоматты түрде қосылады.
Қажет жағдайларда автоматтық тежегіштер механикалық түрде бұғаттан шығарылуы (разблокирование) мүмкін. Кей жағдайларда катоктар басқада жол машиналары сияқты қауіпсіздігін арттыру мақсатында, қосулы берілісте, қозғалтқышты қосу блокировкасымен жабдықталады.
Каток өнімділігі көп жағдайда машинист жұмысының тиімділігіне байланысты. Жұмыс аумағының жеткілікті көрінуі- кабина айнасы ауданын үлкейту, оператордың жұмыс орындығына қосымша еркіндік деңгейін беру нәтижесінде (барлық жаққа қарай айналу және қозғалатындай) жүзеге асырылады.
Заманауи каток кабинасы діріл- және дыбысизоляциялармен, серіппелі және реттелетін орындықтарымен, каток агрегаттары және жүйелері туралы ақпарат беретін аудивизуалды индикаторлар мен аспаптар комплектісімен жабдықталған.
Кабина жарақтары тізіміне жұмыс процесстерін және агрегаттар жағдайын бақылайтын автоматтық басқару жүйесі, К.ОР8РОР8 қорғаныш конструкциясы, климаттық қондырғы (қарапайым желдеткіштен борттық ауаны тазалау және ылғалдандыратын кондиционерге дейін ), жұмыс аумағының қосымша жарықтандырылуы, жалтылдату маяктары және т.б. кіреді.

1.3 Берілген құрылымдарға талдау жасау және нұсқаны таңдау (выбор варианта)

ДУ-58 құрамалас әрекеттегі (комбинированного действия) өздігінен жүретін дірілді каток- шашыраңқы топырақ қабаттарын, асфальтобетонды беттердің төменгі қабатын және жол төсемдері материялдарын нығыздауға арналған. Катоктың жоғарғы нығыздаушы эффектіне металлды вибробілікше және пневмодөңгелектер қатарының бірлесіп әрекеті кезінде қол жеткізіледі.
Дірілді катоктар (1.5 сурет) статикалық катоктар сияқты, ремонтты жол жұмыстары өндірісінде сонымен қатар автокөліктік жолдар құрылысында қолданылады. Тегіс білікшелі дірілді катоктар соңғы жылдары гравиилі, қиыршықтасты (щебеночного) және асфальтобетонды қоспаларды нығыздау кезінде кең қолданысқа ие болып жүр. Дірілді өздігінен жүретін катоктар статикалықпен салыстырғанда металлкөлемділігі аз, маневрленген және тасымалдылық қабілеті жоғары, жұмыстың дұрыс ұйымдастырылуы кезінде қажетті тығыздықты және нығыздалатын материялдар бетінінің тегістігін қамтамасыз етеді.

.
1 - күштік модуль; 2 - вибробілікше; 3 - виброқоздырғыш жетегінің гидромоторы; 4 - сулаушы жүйе багы; 5 - вибробілікшенің сыңар рамасы; 6 - сығар рамалардың шарнирлі қосылысы; 7 - катоктың бұрылу гидроцилиндрі; 8 - пневмодөңгелек.

1.5. сурет Құрамалас (комбинированного) әрекеттегі ДУ-58 дірілді өздігінен жүретін катогы

Жол төсемдерін нығыздауға арналған дірілді өздігінен жүретін катоктар екі білікшелі екіөсьті етіп жасалады. Дірілді екі білікшелі катоктарда білікшелерінің кез- келгені дірілді болуы мүмкін тіпті екі білікшеде. Жетекші дірілді білікше кезінде ілініс (по сцеплению) бойынша тарту күшін төмендететін және еңістердегі қозғалыстарды қиындататын, уйкелудің салыстырмалы коэфициенттері бірден төмендейді.
ДУ-58 катогы күштік модульден және шарнирлі- бірлескен вибробілікшеден, сыңаррамасынан тұрады. Күштік модуль іштен жану қозғалтқышымен бірге жабдықтарымен, сорғылы станциялы таратқыш редуктордан, катокты басқару жүйесімен машинист кабинасынан және жүрісті пневмодөңгелекті бөліктен тұрады. ДУ-58 катогы- насосты станцияны іске қосатын гидрокөлемді трансмиссиядан және виброқоздырғыш және каток жүрісі жетегінің орындаушы гидромоторларынан тұрады.
Шарнирлі- бірлесу күштік модульдің сыңаррамасының бұрылуын және дірілдібілікшені горизонтальді жазықтыққа және көлденең өске қатысты бұрылу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Катоктың горизонтальді жазықтыққа бұрылысы шарнирлі-бірлесу негізінде гидроцилиндр көмегімен орындалады. Каток- білікшеге нығыздалатын материялдың жабысу мүмкінділігін жою мақсатында, суландыру жүйесімен жабдықталған. Каток пневмодөңгелектері нығызддалатын материялға салыстырмалы жүктемені өзгертуге мүмкіндік беретін, шинадағы қысымды өзгерту жүйесімен жарақталған.
ДУ-58 дірілді катогының негізгі техникалық сипаттамалары 1.3 кестеде келтірілген.

1.3. Кесте
ДУ-58 дірілді катогының негізгі техникалық сипаттамалары
Аталуы
Мәні
Каток массасы, т

- балластпен бірге
16
- құрылымдық
14
Каток түрі
өздігінен жүретін жол машинасы
Габаритті өлшемдері, мм

- ұзындығы
6000
- ені
2350
- биіктігі
3200
Максималды жұмыс жылдамдығы, кмсағ
5,5
Нығыздалатын аумақ ені, мм
2000

2 Дипломық жұмыста тиісінше есептемелермен ұсынылған техника түрінің эксплуатация бойынша технологиялық шешімдер негіздемесі және таңдалуы
2.1 Есептемелерге арналған бастапқы деректер

Кешенді (комплексного) типтегі мекемелер үшін, әдетте бастапқы мәліметтер, жол-құрылыс машиналармен автокөліктер түрлері және олардың жалпы саны болып табылады.
Алдағы есептемелер үшін бастапқы деректер 2.1. кестеде келтірілген.
2.1. Кесте
Бастапқы деректер
Атауы, машина маркасы (индекс)
Техникалық қызмет көрсету және жөндеу түрлері
Техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезеңділігі
Жоспарланатын кезең басына нақты атқарымдылық (наработка),
Машиналар саны

1
2
3
4
5
Қартазалағыш ДЭ-211
ТО - 1
100
2579
6

ТО - 2
500

Т
1000

К
5000

Каток ДУ-58
ТО - 1
50
3428
28

ТО - 2
250

Т
1000

К
6000

Автогрейдер СДМ-25
ТО - 1
100
5472
28

ТО - 2
250

Т
1000

К
7000

Экскаватор ЭО-4326
ТО - 1
100
5201
30

ТО - 2
500

Т
1000

К
9000

2.1. Кестенің жалғасы
1
2
3
4
5
Скрепер ДЗ-115
ТО - 1
100
2347
8

ТО - 2
500

Т
1000

К
6000

Құрама (комбинированная) машина МДК-433362
ТО - 1
50
2946
4

ТО - 2
250

Т
1000

К
5000

2.2 Машиналардың жұмыс режимін анықтау

Машинаның ортатәуліктік атқарымдылығы:

, ч, (2.1)

мұнда: - ауысымдылық коэффициенті; - ішікіауысымдық пайдалану коэффициенті; - ауысым ұзақтығы, сағ (сағ аламыз).
Есептік жылға жоспарланатын атқарымдылық:

, сағ. (2.2)

мұнда: - бір жылдағы жұмыс күндер саны:

, күн, (2.3)

мұнда: - бір жылдағы күнтізбелік күндер саны ( күн); - мереке және демалыс күндер саны ( күн); - ұйымдық себептерге байланысты тұрып қалу күндер саны; - метеорологиялық жағдайларға байланысты тұрып қалу проценті; - машинаның бір нысаннан екінші нысанға көшіру кезіндегі жұмыс емес күндер саны; - техникалық қызмет көрсету және жөндеумен байланысты машинаның тұрып қалу (простоя) күндер саны.
Ұйымдық себептерге байланысты тұрып қалу күндер саны мына формула бойынша анықталады:
, күн, (2.4)

мұнда: - жыл ішіндегі тұрып қалу пайызы ().
Метеорологиялық жағдайларға байланысты тұрып қалу проценті былай есептеледі:

, күн, (2.5)

мұнда: - жағымсыз жағдайларға байланысты бір жылдағы барлық тұрып қалу күндер саны (2 қосымша методики [11] қабылдаймыз).
Машинаның бір нысаннан екінші нысанға көшіру кезіндегі жұмыс емес күндер саны келесілер арқылы анықталады:
а) шынжыр табанды машиналар, автогрейдерлер, скрепер және жүккөтерімділігі 10т төмен болмайтын автокрандар үшін күн;
в) пневмодөңгелекті машиналар және жүккөтерімділігі 10т жоғары автокрандар үшін күн.
Техникалық қызмет көрсету және жөндеумен байланысты машинаның тұрып қалу (простоя) күндер саны мына формула бойынша анықталады:
, күн, (2.6)

мұнда: - жөндеу коэффициенті, күнсағ

, күнсағ, (2.7)

мұнда: , , , , - жұмыстың сол немесе басқа түрінінің кезеңділігі (8 графа); ,, , , - жөндеуаралық циклдағы ТҚ және Ж саны (3 графа); - күрделі жөндеуге дейінгі жұмыстың күнтізбелік жылдар саны;

, жыл, (2.8)

мұнда: - бағдарлы атқарымдылық ( сағ).

1) Қартазалағыш ДЭ-211

сағ.

күн; күн.

күн

күн.

күн аламыз.

күнсағ..

күн.

күн.

сағ.

2) Каток ДУ-58

сағ.

күн; күн.

күн.

күн.

күн аламыз.

жыл.

күнсағ..

күн.

күн.

сағ.

3) Автогрейдер СДМ-25

сағ.

күн; күн.

дня.

күн.

күн аламыз.

жыл.

күнсағ..

күн.

күн.

сағ.

4) Экскаватор ЭО-4326

сағ.

күн; күн.

күн.

күн.

күн аламыз.

жыл.

күнсағ..

күн.

күн.

сағ.

5) Скрепер ДЗ-115

сағ.

күн; күн.

күн.

күн.

Аламыз күн.

жыл.

күнсағ..

күн.

күн.

сағ.

6) Құрама (комбинированная) машина МДК-433362

сағ.

күн; күн.

күн.

күн.

күн деп аламыз.

жыл.

күнсағ..

күн.

күн.

сағ.

Техникалар бойынша барлық есептеулерді 2.2.кестеге енгіземіз
2.2. Кесте
Машинаның жұмыс режимі
Атауы, машина маркасы (индекс)
Машиналар саны
Машиналардың жұмыс режимі

, сағ
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тас жол салуға қолданылатын бетондар
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ШАРДАРА СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛҚҰМ КАНАЛЫНА СУ ЖІБЕРГІШ ҚҰРЫЛЫМЫН ҚАЙТА ҚҰРУ ЖОБАСЫ
Автокөлік кәсіпорыны қызмет орындары
Астық тұқымын себуде қолданылатын аппараттар
«Alem Sauda.Ltd» ЖШС
Дәнді, дәнді –бұршақты дақылдар,т күріш және көкеніс егуге арналған машиналар көшет отырғызатын машианалар
Тағам өндіріс материалдарын қысыммен өңдеу
Аймақты автоматты басқару
Әлімхан Жүнісбек зерттеулеріндегі қазақ фонологиясы
Автомобиль моторлары және оның негізгі бөлшектері
Пәндер