Басқару объектісі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе

1 Негізгі бөлім
1.1 Автоматика туралы түсінік
1.2 Теміржол автоматика жүйелерінің элементтері
1.3 Автоматиканың негізгі түсініктемелері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе

Автоматика және телемеханика деп өндірістік процесстерді басқару мен бақылауды қамтамасыз ететін техника саласы аталады. Теміржол автоматика және телемеханикасы еңбек өнімділігі мен өткізу қабілетін жоғарылатуға, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, теміржолшылар еңбегінің шарттары мен мәдениетін жоғарылатуға, жолаушыларға қызмет ету тәсілдерін жетілдіруге көмектеседі. Бұл құрылғылар эксплуатациялық, техникалық және экономикалық эффективті-ліктің жоғары көрсеткіштерін икемденіп, теміржол көлігі техникалық құрылғыларының толық комплексін тиімдірек қолдануға мүмкіндік береді.
Теміржол көлігінде өндірістік процесстерді, ең алдымен пойыздар қозғалысын басқару процесстерін автоматтандыру жәнетелемеханикалан-дыру кең қолданылады. Теміржол автоматикасының механикалық түрдегі бірінші жүйелері XIX ғасырдың ортасында пайда болды. XX ғасырда олардың орнына электрлік релелі-контактілік жүйелер келді. Қазіргі уақытта көлікте контактісіз техниканы енгізу процессі жүріп жатыр.
Теміржол автоматика және телемеханикасы құрылғыларының ішінде бекеттерде объектілерді басқару жүйелері маңызды рөл атқарады. Телемеханика жүйелерін пайдалану қашықтатылған объектілердің көп санын бір орталық пункттен байланыс каналдарының аз санын (көбінесе біреуін) қолданып басқару мен бақылауға мүмкіндік береді. Автоматика және телемеханика жүйелерінің арасындағы айырмашылықтар шартты. Іс жүзінде көп жағдайларда автоматика және телемеханика жүйелерін нақты дара айтуға болмайды. Көбінесе автоматика және телемеханика бірнеше жүйелерінен тұратын құрылғылар жиынтығы қолданылады.

1 Негізгі бөлім
1.1 Автоматика туралы түсінік

Қазіргі замандағы техникада кең көлемде әртүрлі автоматтық жүйелер мен қондырғылар қолданылады. Олар автоматизацияның бірнеше негізгі мәселелерін шешеді: сигнализация, басқару, қорғау және блакировка, қосу мен ажырату, басқару. Осы мәселелерге сәйкес автоматика жүйелері мынадай түрлерге бөлінеді:
автоматты сигнализация жүйесі - технологиялық процесстің немесе технологиялық қондырғының жағдайы туралы қызмет көрсетуші персоналға автоматты түрде хабарлап отырады;
автоматты басқару жүйесі - технологиялық процесстегі немесе технологиялық агрегаттың әртүрлі мәндерін адамның қатысуынсыз көрсетіп отырады;
автоматты қорғау және блокировка жүйесі - қондырғыдағы авариялық жағдайлардың болмауын алдын алады;
автоматты қосу және ажырату - алдын ала қойылған бағдарлама бойынша қондырғылардың әртүрлі жетектері мен механизмдерінің қосылуын немесе ажыратылуын қамтамасыз етеді;
автоматты басқару жүйесі - технологиялық процесстерде техникалық құрылғылар мен аппараттардың жұмысын басқаруды қамтамасыз етеді. Осы жүйелердің ең негізгісі автоматты басқару жүйесі болып табылады.
Басқару процессі қойылған мақсатқа жету үшін басқару объектісі арқылы жасалатын операция жиынтығы. Технологиялық агрегаттардың қуаттың жоғарлату нәтижесінде және өндірістік жүйелердің дамуы нәтижесінде ақпарат көлемінің өсуіне байланысты. Басқару процессін автоматтандырудың тез шешеім қабылдау мәселесі туындайды. Осыған байланысты автоматты басқару жүйесі пайда болады. Олар объектті басқаруға керек шешімдерді қабылдайтын ақпаратты өңдейді және сол ақпараттарды автоматты түрде жинақтайды. Автоматты өңдеу және жинақтау үшін әртүрлі ЭЕМ-дар қолданылады. Автоматты басқару жүйесі өндірістің автоматтандырылмаған және автоматтандырылған жүйелерге бөлінеді, ТП БАЖ-ң функциялары (техникалық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелері), ТПБАЖ-ді басқаратын және ақпараттық функциялары болып 2-ге бөлінеді:
1) Ақпараттық функциялары - операторға басқарылатын процестің басрысы туралы ақпарат береді.
2) Басқару - техникалық процесті жүргізу үшін басқару объектісіне әсер ететін тиімді ықпалды айтамыз. Жалпы техникалық процестер орындалатын барлық өндіріс жабдықтары басқару объектісіне жатады. Технологиялық процесті берілген қызмет алгоритмі бойынша өткізу мақсатында сырттан берілетін арнайы нұсқаулар (ережелер) жиынтығын басқару алгоритмі дейді. ТПБАЖ-дағы функциялау кірістегі ақпараттың шығыстық ақпаратқа түрлену процесі болып табылады. Бұл түрлендіру екі негізгі компоненттерден тұрады: оперативті персонал және техникалық қамтамасыздану. Осы компоненттер басқару объектісінен ақпартты жинап, өңдеп және талдап, сосын басқару бойынша шешім қабылдап шығыстық ақпарат түрінде таратады. ТПБАЖ -дың негізгі компоненттерінің бір-бірімен әсерлеседі.
Оперативті персоналдың жұмысы үшін технологиялық инструкциялар, жүйені эксплуатациялау бойынша инструкциялар жиынтығ қажет. Техникалық құралдар кешенінің негізгі бөлігінің жұмысы үшін - ЭЕМ-ге программалық қамтамасыздандыру керек. ТҚК-ң ең негізгі бөлігі ЭЕМ болып табылады - ол ТПБАЖ-дың есептеу кешені. Техникалық құралдар кешеніне ақпартты алу, түрлендіру, беру және ақпартты вйқындау, басқару және есептеу қондырғылары, яғни қолданылатын жүйедегі автоматизация және есептеу техникасындағы құралдардың толық жиынтығы жатады.
Қазіргі замандағы ТПБАЖ әралуан және олар объектіні автоматтандыруға қарай бір-бірінен көп айырмашылықтары бар
- Ақпараттың функционалды орындайтын есептеуіш кешені бар ТПБАЖ есептегіш кешені орындалған
- "Кеңесші" режимінде басқару функциясын ТПБАЖ есептегіш кешені
- Орталық басқару құрылғысының функцияларын орындайтын ТПБАЖ есептегіш кешені
- Тікелей сандық басқару функцияларын орындайтын ТПБАЖ есептегіш кешені
Теміржол автоматика және телемеханикасы жүйелерінің жұмысы пойыздар қозғалысының жоғары жылдамдықтары мен үлкен интенсивтілігімен және жиі ауыр климаттық шарттармен анықталатын күрделі эксплуатациялық шарттарда өтеді. Бұл жүйелер жұмысының спецификалық шарттарына олардың пойыздар қозғалысын қамтамасыз етіп, байланыс каналдары ретінде рельс тізбектерін қолдануы және электрлік тартым тоқтарынан кедергілердің үлкен деңгейінің әсер етуі және т.б жатады. Осылайша, жүйелер жұмысының сенімділігінен тасымалдау ырғағы мен негізі рельс тізбектері болып табылатын пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі тәуелді болады. Рельс тізбектері қозғалмалы құрамның орналасуы туралы ақпараттың датчиктері қызметін атқарады және жолдық құрылғылар мен жолдық және пойыздық құрылғылар арасындағы ақпарат жіберуге арналған телемеханикалық каналдар ретінде де қолданылады. Автоматтық басқару теориясымен қатар, теміржол автоматика құрылғыларын электр қамтамасыз етуді жетілдірудің бірқатар мәселелері шешілетін электр қоректендіру құрылғыларына көңіл бөлінген. Электр қоректендіру аппаратурасы теміржол автоматика ілгері жүйелерінің талаптарына жауап береді, көліктің өткізу қабілетін жоғарылатуда және пойыздар қозғалысын қамтамасыз етудегі маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

1.2 Теміржол автоматика жүйелерінің элементтері

Теміржол көлігінде пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өткізу қабілетін жоғарылату мақсатында сигналдандыру орталықтандыру және блоктау(СОБ) құрылғыларының қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін автоматика және телемеханиканың келесідей негізгі жүйелері қолданылады.
Автоматты блоктау (автоблоктау) - көрсеткіштері пойыздар қозғалысының әсерінен өзгеретін жолдық бағдаршамдардың көмегімен аралықтарда пойыздар қозғалысын интервалды реттеу жүйесі. Автоблоктауда бекетаралық аралықтарды әр қайсысы өтпе бағдаршамдармен қоршалған блок учаскілерге бөледі.Блок учаскі пойыздың болу болмауы туралы ақпарат беретін датчик ретінде пайдаланылатын рельс тізбектерімен жабдықталады.Бағдаршамдар сигналдық көрсеткіштері арқылы алдыда жатқан блок учаскілердің жағдайы туралы ақпарат береді.Осы ақпараттарды қабылдап, қозғалыстағы пойыздардың машинистері бағдаршамдар көрсеткіштеріне сәйкес пойыздар жылдамдығын реттейді.
Автоматты локомотивтік сигналдандыру (АЛС) - пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін жоғарлатуға және локомотивтік бригадалар жұмысының шарттарын жақсартуға арналған құрылғылар.АЛС құрылғылары пойыз жақындап келе жатқан жолдық бағдаршам көрсеткіштеріне сәйкес келетін сигналдарды жолдан автоматты жіберу мен локомотивте қабылдауды қамтамасыз етеді. Шешілетін эксплуатациялық мәселелердің жетілдірілуі мен деңгейіне байланысты АЛС қырағылықты жылдамдықты бақылау және жылдамдықты автореттеу жүйелерінің бар болуына байланысты түрленеді. Қырағылықты бақылау кезінде пойыз автоматты түрде тоқтайды,егер сигнал тыйым салушы сигналға ауысуы туралы ескертуден кейін (мысалы дыбыстық сигнал) немесе бақылау уақытының аяқталуы кезінде машинист қырағылық тетігін баспаса. Қырағылықты бақылау бірнеше рет қайталануы немесе периодты болуы мүмкін. Жылдамдықты бақылауы бар АЛС жүйесі техникалық сипаттары бойынша автоматты реттеудің ажыратылған жүйелеріне жатады. Жылдамдықты АЛС сигналы анықтайтын мәнге дейін машинист төмендетеді.Егер машинист жылдамдықты берілген бағдарламамен төмендетпесе, автоматты тежеу орын алады.
Автоматты реттеудің тұйықталған жүйесіне жататын, жылдамдықты автореттеуі бар АЛС жүйесі ең жетілдірілген болып табылады. Реттеу объектіне пойыз жылдамдығы жатады. Қозғалыстың берілген жылдамдығы АЛС сигналымен (берілген орган) анықталады, ал қозғалыстың нақты жылдамдығы локомотив дөңгелегімен байланысқан жылдамдық өлшеуішпен (датчикпен) бақыланады. Қозғалыстың берілген және нақты жылдамдықтары туралы ақпарат салыстыру органында салыстырылады. Егер нақты жылдамдық берілгеннен жоғары болса, пойыз тежегіштерімен байланысқан орындаушы органға әсер пайда болады; тежеу басталып жылдамдық берілген мәнге дейін төмендетіледі, кейін тежеу тоқтатылады. Нақты жылдамдық жылдамдық өлшеуішпен (датчикпен) тіркеледі. Осылайша жылдамдықты автоматты реттеу жүйесі жылдамдықтың берілген мәнге дейін автоматты төмендеуін қамтамасыз етеді.
Жартылай автоматты блокировка - қарқынсыз қозғалысты жолдардағы пойыздар қозғалысын реттеу жүйесі. Мұнда бекеттің рұқсат етуші шығыс сигналы пойыздың аралыққа кіруіне рұқсат береді. Бекет немесе блокпост бойынша кезекші сигналды ашады, ал жабылуы автоматты түрде қозғалыстағы пойыздың әсерінен орындалады.Пойыздың толық құраммен келуін және аралықтың босауын бекет бойынша кезекші растайды.
Автоматты диспетчерлік бақылау учаскіде пойыздардың орналасуы туралы, аралық бекеттердегі жолдардың бостығы , сигналдардың жағдайлары мен басқа да ақпарат тұралы телесигналдандыру жүйесі болып табылады.
Автоматтық переездік сигналдандыру мен автоматтық шлагбаумдар - переезге пойыздардың жақындауы кезінде шлагбаумдардың автоматты жабылуын және автокөлік үшін бағдаршамдар сигналдандырылуының автоматты қосылуын қамтамасыз ететін қоршау құрылғылары. Бұл құрылғылар теміржолдардың автокөлік жолдарымен бір деңгейде өтуі кезінде пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Пойыз переезді босатқаннан кейін переездік сигналдандыру қосылып, шлагбаум ашылады.
Бұрмалар мен сигналдарды электрлік орталықтандыру - бір пункттен (ЭО постынан) тұтас бекеттің (немесе оның жеке бөлігінің) сигналдары мен бұрмаларын басқаруға мүмкіншілік беретін автоматика және телемеханика бекеттік құрылғыларының жиынтығы. Электрлік орталықтандырудың барлық түрлерінде бұрмаларды ауыстыру үшін электр жетектері қолданылып, қабылдау - жөнелту жолдары мен бұрмалық учаскілерді рельс тізбектерімен жабдықталады. Сигналдар ретінде бағдаршамдар қолданылады. Электрлік орталықтандыру түріне байланысты бұрмаларды басқару бөлек немесе маршрутты болуы мүмкін. Бөлек басқару кезінде маршрутқа кіретін әр бұрманы пернені басу немесе бұрмалық қол тетікті бұру арқылы маршрут орнатып, кейін сигналдық пернені басу арқылы сигнал ашылады. Маршруттық басқару кезінде басқару пультінде екі немесе бірнеше пернелерді басу арқылы бұрмаларды бұрып, сигналды ашады.
Диспетчерлік орталықтандыру - құрамына бекеттердегі электрлік орталықтандыру құрылғылары, аралықтардағы автоблоктау мен орталық пункттен басқару бұйрықтарын жіберу үшін және басқару пунктіне бақыланатын объектілерден хабарламаларды жіберу үшін телебасқару (ТБ) және телесигналдандыру (ТС) кодалық жүйелері кіретін құрылғылар жиынтығы.
Диспетчерлік орталықтандыру құрылғылары ауқымы 300 км дейін диспетчерлік учаскі көлемінде бұрмалар мен сигналдарды бір пункттен басқаруға мүмкіндік береді.
Сұрыптау дөңестерін автоматтандыру - сұрыптау горкаларының өндіру қабілеттілігін жоғарлатуға және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған құрылғылар жиынтығы. Келесілерден тұрады: ағытулар маршруттары бойынша бұрмаларды автоматты бұруға арналған горкалық автоматты орталықтандыру (ГАО);
отцептер аралығындағы қажет интервалдарды қолдауға арналған интервалды және арнайы тежеуді қамтамасыз ететін отцептердің түсу жылдамдығын автоматты реттеу жүйелері (ЖАР);
горканың өндіру қабілетін жоғарылату мақсатында айнымалы жылдамдықпен жіберуді қамтамасыз ететін жіберу жылдамдығын автоматты орнату жүйесі (ЖЖАО);
машинист қатысуысыз горкаға құрамды әкелу жылдамдығын автоматты реттеуге арналған горкалық локомотивті телебасқару жүйесі (ГЛТ);
сұрыптау горкасында отцептерді жіберудің ең тиімді тәртібін алуға мүмкіндік беретін бағдарламалық - орнатушы құрылғылардың жүйесі (ГБОҚ).
Автоматика және телемеханиканың жоғарыда қарастырылған заманауи жүйелерінен басқа, теміржол көлігінде келесідей қарапайым және азырақ жетілдірілген жүйелер қолданылады: аз әрекетті учаскілерде (негізінен біржолды аралықтарда) пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі үшін электржезлдік жүйе; ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың құрамы
Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың түрлері
Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың топталуы
Тігінен және көлденең еңбек бөлінісі. Басқару деңгейлері
Ұйымдағы персонал жұмысын басқаруды жоспарлау
Басқару деңгейлері
МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫ БАСҚАРУ ӘРЕКЕТІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ӨКІМЕТ ӨКІЛДЕРІМЕН БАСҚА АДАМДАРҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР
Менеджменттің мақсаты, міндеті және оның құрылымы
Өкімет өкілін қорлау
Пәндер