Өндірістік жабдық құны



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛАКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ТЫНЫШБАЕВ АТЫНДАҒЫ Қазақ Көлік және Коммуникациялар Академиясы Ақтау Көлік колледжі ЖШС

Курстық жұмыс

Тақырыбы: ___________________________________ ______________

Пәні: ___________________________________ ___________________

Орындаған:

Тексерген:

Ақтау 2019

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Кәсіпорынның негізгі капиталының экономикалық маңызы
1.1 Негізгі капиталдың тағайындалуы және құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..5
1.2 Негізгі капиталды бағалау және негізгі капиталдың амортизациясы ... ... .8
1.3 Кәсіпорынның өндірістік процесті дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .12
2. Қазақстан Темір жолы ҰК АҚ-ның іскерлік белсенділігін талдау және бағалау
2.1 Қазақстан Темір жолы ҰК АҚ-ның шаруашылық қызметінің тиімділігін талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2 Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін көрсеткіштер жүйесін талдау ... ..23
3. Кәсіпорында негізгі капиталдарды тиімділігін пайдалануды арттыру және
түсінігі
3.1 Негізгі капиталдардың әлеуметтік-экономикалық маңызы ... ... ... ... ... ...29
3.2 Кәсіпорын негізгі капиталының түсінігі және жіктелуі ... ... ... ... ... ..34
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...39

Кіріспе

Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты әр бір қоғам даму жолдарын таңдау алдында тұрады. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.
Қазіргі экономика - бұл бір-біріне қайшы келетін топтар қатынасы: нарықтық қатынастар жүйесі және барлық экономиканың саналы реттелуі.
Бұл мәселелерді шешу үшін кәсіпорынды тек қана техникалық потенциалмен қамтамасыз етіп қоймай сонымен қатар оларды пайдаланудың тиімділігін көтеру қажет.
Өнім өндірісі және қызмет көрсету процессінде келесі экономикалық ресурстардың түрлерін пайдаланылады:
табиғи ресурстар (жер, сулы және тоғайлы, жер қойнауы);
еңбек ресурстары (адамдар және олардың қызмет көрсету және тауарларды шығару мүмкіндігі);
өндіріс қорлары (өндірістік ғимараттар, құрылыстар, станоктар, тасымал құралдары, материалдар, шикізат, энергия, запас бөлшектер және т.б.), адамдардың кәсіпкерлік қабілеттілігі.
Өндірістің заттанған құралдары кәсіпорын капиталы деп аталады. Капитал өндіріс құралы ретінде өнімді шығаруға қатысатын, бірақ өндіріс процесінде олардың функциясы бойынша ажыратылатын еңбек құралдары және еңбек заттары болып бөлінеді.
Еңбек құралдары негізгі өндірістік қорлардың заттай мағынасын құрайды, яғни негізгі капиталды, ал еңбек заттары айналым капиталын құрайды. Негізгі қорлар өндіріс ортасында қызмет етеді және республиканың ұлттық байлығының басты бөлігін құрайды. Олар республиканың, кәсіпорынның техникалық потенциалын анықтайды, олардың құрамының сапалығынан және жағдайынан өндірістің өсу қарқынымен өсуі байланысты. Республика экономикасының басты орнықтырушысы - өнеркәсіпті тұрақтандыру тенденциясының қалыптасуы. Өнеркәсіпте жеделдете кері холдингтеу және технологиялық өзара байланысты және бәсекелік қабілеті бар өнеркәсіптік топтар құруға кірісу керек. Мұнсыз дүниежүзілік рынокта бізде болашақ жоқ. Өнеркәсіпті басқарудың қазіргі баспалдақты құрылымдары мен жүйесі нарық талабына сай келмейді. Сондықтан да оны өндірістің өнімділігін, тиімділігін қамтамасыз етуге тұтынушылардың, өнім берушілердің, өнер тапқыштардың және тағы басқалардың әралуан талаптарын қанағаттандыратындай етіп қайта құру қажет.
Нарықтық жағдайда кәсіпорын меншік формасына байланыссыз өзінің меншілігінің, амортизациясының, пайдасының, кредиттерінің есебінен құрал-жабдықтарды алады, цехтер салады. Өндіріс тиімді болу үшін, ол негізгі өндірістік қорларды құруға және сатып алуға жұмсалған қаражаттар бекерге жоғалтылмауы үшін негізгі қорлар толық және тиімді пайдалануы қажет. Кәсіпорын негізгі қорларын қалай пайдалануына қарай олардың пайдасы байланысты болады, демек кәсіпорынның ары қарай дамуы да осыған байланысты.


1. Кәсіпорынның негізгі капиталының экономикалық маңызы
1.1 Негізгі капиталдың тағайындалуы және құрамы

Негізгі капитал - кәсіпорынның өндіріс құралы мен еңбек құрал-жабдықтары. Өндіріс процесінде ұзақ уақыт бойы пайдаланылатын өндіріс құрал-жабдықтары жатады. Олар өз құнын жасалған өнімге өзінің тозуына қарай бірте-бірте бөлшектеп енгізеді, негізгі капитал пайдалану процесінде табиғи және моральдық тозуға ұшырайды.
Негізгі капитал өндіріс процессіне тағайындалу сипаты бойынша келесі топтарға бөлінеді: өндірістік және өндірістік емес негізгі капитал. Өндірістік капитал өнім өндіру немесе қызмет көрсету процессіне тікелей қатысады. Мысалы, жұмыс машиналары, станоктар, аспаптар. Өндірістік емес негізгі капитал өнім өндіруге жанама түрде қатысып, кәсіпорын қызметіне қолайлы жағдайлар тудырады. Оларға мыналар жатады: кәсіпорын медициналық қызмет орны, клуб, демалыс үйлері, балабақша және т.б. Негізгі капитал - бұл материалдық құндылықтың ұзақ кезеңдегі жұмыс істеп тұруы ретіндегі негізгі қордың ақшалай бағалануы. Осыған байланысты қорлар өзінің құндылығын өндіретін өнімге жартылай апарады. Қолданылып жүрген топтастыруға сай негізгі қорлардың құрамына өндірістік және өндірістік емес объектілер кіреді. Біріншіге жататындар - өндірістің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының, автомобиль көлігі байланыстың, сауданың және басқа да материалдың өндіріс түрлерінің негізгі қорлары. Өндірістік емес негізгі қорлар - тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, денсаулық, білім, мәдениет, спорт салаларына арналған.
Натуралдықды-заттық құрама принципінде негізгі қорлар мынадан тұрады - ғимараттар, құрылыстар, табыстау қондырғылары, жұмыс және күш машиналары мен жабдықтар, өндірістік-шаруашылық құрал-саймандар, жұмыс және өнімді мал, көпжылдық егістер, шаруашылықтың ішкі жолдары, сол сияқты кәсіпорындардың, мекемелердің меншігіндегі жер төлемдері.
Өндіріс процесіне қатысу дәрежесінде негізгі қорлар активтік және пассивтік болып бөлінеді. Актив бөлігі (машиналар, жабдықтар) тікелей өндіріске, өнімнің мөлшері мен сапасына (қызмет) ықпал етеді. Пассивтік элементтер (ғимарат, құрылыс) өндірістік процестер үшін қажетті жағдай жасады.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары өндірістік ауыспалы айналымын жасайды. Ол мынадай сатылардан тұрады: негізгі қорлардың тозуы, амортизация, негізгі қорларды толық қалпына келтіру үшін қаражаттың қорлануы, оларды күрделі қаржы жұмсау арқылы ауыстыру.
Негізгі қорлардың кез-келген объектілері табиғи және сапалық тозуға ұшырайды, яғни адам күшімен, техникалық және экономикалық факторлардың ықпалы арқылы олар өзіндік ерекшеліктерін, үлгісін бірте-бірте жояды, жарамсыздыққа әкеледі, сөйтіп алдағы кезде өз бернелерін орындауға мүмкіндіктері болмайды.Табиғи тозу жөндеу, қайта құру және негізгі қорларды жаңғырту арқылы ішінара қалпына келеді.Сапалық тозуы ескірген негізгі қорлар өзінің конструкциялық, өнімділік, үнемділік, шығарылған өнімнің сапасы жөнінен жаңа үлгіден қалып қоятынын білдіреді. Сондықтан негізгі қорларды әсіресе, олардың активтік бөлігінен дүркін-дүркін ауыстырып отырудың қажеттілігі туады. Осыған байланысты қазіргі экономикада айырбастаудың анықтаушылық қажеттіліктің басты факторы - сапалық тозу болып табылады. Кәсіпорынның негізгі міндеті болып саналатыны - ол негізгі өндірістік қордың шамадан тыс ескіріп қалмауына жол бермеу (әсіресе, активтік бөлігі), себебі, олардың жеке және сапалық тозуының деңгейі және кәсіпорынның жұмысының нәтижесі осыған байланысты болады.
Кәсіпорында өндірістік қызметті орындау үшін шектеулі экономикалық ресурстар қолданылады және де оларды келесідей топтарға ажыратуға болады:
· материалдық ресурстар (жер мен капитал);
· еңбек ресурстары (еңбек пен кәсіпкерлік қабілет).
Микроэкономикада қолданылатын экономикалық ресурстар терминінің орнына кәсіпорын экономикасында өндіріс факторлары термині қолданылады. Капитал (қор) - қосымша құн әкелетін кез келген құндылық. Кәсіпорын қорлары - экономикалық және экономикалық емес болып бөлінеді.
Негізгі капитал дегеніміз материалдық өндіріс саласында, сонымен қатар өндірістік емес салада да ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын айтады.
Негізгі капиталға жататындар: жылжымайтын мүлік (жер телімдері, ғимараттар, құрылымдар, көпжылдық екпе ағаштары және басқа да жермен тығыз байланысқан және оларды оның міндетіне залал келтірусіз жылжыту мүмкін болмайтын нысандар), машина мен құрал-жабдықтар, өткізгіш тетіктер, өлшеуіш машиналар мен техникалары және олардың бағдармалық құралдары, тасымалдау құралдары, аспаптар, аулау құралы, өндірістік және шаруашылық құрал - саймандары, жұмыскер және өнім беретін мал басы, арнайы саймандар және өзге негізгі капитал.
Негізгі капитал - бұл материалдық құндылықтың ұзақ кезеңдегі жұмыс істеп тұруы ретіндегі негізгі қордың ақшалай бағалануы. Осыған байланысты қорлар өзінің құндылығын өндіретін өнімге жартылай апарды.
Қолданылып жүрген топтастырылуларға сай негізгі қорлардың құрамына өндірістік және өндірістік емес объектілер кіреді. Біріншіге жататындар - өндірістің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының, байланыстың, сауданың және басқа да матераилдық өндіріс түрлерінің негізгі қорлары, өндірістік емес негізгі қорлар - тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, денсаулық, білім, мәдениет, спорт салаларына арналған.
Натуралды-заттық құрамы принципінде негізгі қорлар мыналардан тұрады- ғимараттар, құрылыстар, табыстау қондырғылары, жұмыс және күш машиналары, жабдықтар, өндірістік - шаруашылық құрал-саймандар, жұмыс және өнімді мал, көпжылдық егістер, шаруашылықтың ішкі жолдары, сол сияқты кәсіпорындардың мекемелердің меншігіндегі жер телімдері.

1.2 Негізгі капиталды бағалау және негізгі капиталдың амортизациясы

Негізгі капиталды есепке алу және жоспарлау заттай, ақшалай түрде жүргізіледі. Заттай түрдегі есеп кәсіпорынның өндірістік қуатын, өндірістік бағдарламаны жоспарлау үшін, құрылғының балансын құру үшін арналған. Осы мақсатпен құрылғының түгендеуі және құжаттауы, оның келіп түсуінің және шығуының есебі жүргізіледі. Төлқұжат қорлардың толық техникалық-экономикалық сипаттамасын қамтамасыз етеді: іске қосу мерзімі, қолдану көрсеткіштері, жөндеу жұмыстарының саны, тозу дәрежесі және т.б.
Ақшалай бағалау негізгі капиталдың ұдайы өндірісін жоспарлау, тозуды және амортизациялық аударымдар мөлшерін анықтау үшін қажет.
Негізгі капиталдарды бағалаудың келесі түрлері бар, негізгі капиталдарды құндық бағалауының бірнеше түрлері бар:
бастапқы баланстық құн;
қалдық құн;
қалпына келтіру құны;
жою құны - қызмет көрсету мерзімі аяқталғанда негізгі капиталды жойғандағы сймандардың, темір қалдықтарының бағасы.
Әрбір түрі бойынша негізгі бағалау белгілі бір тәжірибелік мәнге ие. Бастапқы құн бойынша бағалау негізгі капиталды сатып алуға немесе құруға кеткен шығын сомасын белгілеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл бағалауды амортизациялық шегертулер сомасын анықтау үшін қолданылады.
Бастапқы құн - оларды жасауға кеткен нақты шығындарды көрсетеді, яғни техника мен құрылғылар сатып алуға кеткен шығындар, құрылғыларды монтаждауға арналған шығындар қосылады.
Негізгі кәсіпорынның кез келген түрі осы бағамен кәсіпорын балансына жазылады. Мысалы, құрылғы сатып алуға бағасы 12 000 АҚШ долларына тең. Құрылғыны үйге жеткізуге 500 АҚШ долларын төледі және құрылғыны монтаждауға 200 АҚШ доллары шығындалды. Сонда бастапқы құн мынаны құрайды: 12000+500+200=12700 АҚШ доллары.
Негізгі капиталдың бастапқы (баланстық) құны:

Сбал= Спр + Сд + См (1)

мұнда Спр - жаңа капиталды иемдену құны, тг;
Сд - жеткізу шығыны, тг;
См - монтаж шығыны, тг.
Қалпына келтіру құны - негізгі қаржысына қосымша бағалауды арнайы индексация коэффициенттер көмегімен болжанады. Осы қалпына келтіру құны бойынша ағымдық кезең шартындағы негізгі қорларды жүргізуде қажетті шығындар соммасын анықтайды. Егер қалпына келтіру
Қалпына келтіру құны:

Св = Сбал х Кпр (2)

мұнда Сбал - негізгі капиталдың баланстық құны;
Кпр - капитал құнын іс жүзіндегі бағаға келтіру коэффициенті.
Қалдық құны:

Сост = Сбал - Сизн (3)

мұнда Сизн - негізгі капиталдың тозу құны.
Негізгі капиталдың тозуы табиғи және моралдық болып бөлінеді. Негізгі капиталдың табиғи тозуы мына формуламен анықталады:

Сизн = Ао х Тэ (4)

мұнда Ао - амортизациялық жарнаның жылдық сомасы, тенге;
Тэ - негізгі капиталдың қызмет ету мерзімі, жыл.

Бүгінгі күнде амортизацияны есептеудің барлық әдістемелерінің арасында ең кең қолданылатыны сызықтық түрі. Сызықтық амортизация - жыл сайын өнімнің өзіндік құнынан бірдей амортизациялық жарнаның алынуы.

(5)
мұнда На - баланстық құннан % бойынша амортизацияның жылдық толық қалпына келтіру нормасы

(6)
мұнда Сликв - негізгі капиталдың жойылу құны, тенге;
Тэ - экономикалық негізделген қызмет мерзімі, жыл.

Негізгі капиталдың қозғалысын (1 топ), техникалық жағдайын (2 топ) және пайдалану тиімділігін (3 топ) сипаттау үшін төмендегі көрсеткіштерді қолданады.
Бірінші топ. Жаңару коэффициенті

(7)
мұнда Своф - жыл ішіндегі енгізілген негізгі капитал құны, тенге.
Шығу коэффициенті:
(8)
мұнда Свыбоф - жыл ішіндегі шығарылған негізгі капитал құны, тенге.
Екінші топ. Тозу коэффициент
(9)
мұнда Сизн - негізгі капиталдың тозу құны, тенге.
Жарамдылық коэффициенті:

(10)

Кг = 1-Кизн (11)

Үшінші топ. Қор қайтарым - негізгі өндірістік капиталдың 1 тенгесіне шаққандағы өнім мөлшерін білдіретін көрсеткіш.
(12)
мұнда Qp - құндық немесе натуральды түрдегі өнім көлемі;
Соф - негізгі капиталдың орташа жылдық құны, тенге.
Қор сыйымдылық - өнім өндіруге кеткен негізгі капитал шығынын көрсететін қор қайтарымға кері шама.
(13)
Еңбектің қормен жарақтануы - әрбір жұмысшының қормен жарақтану дәрежесін сипаттайды.
(14)
Жабдықтың ауысымдық коэффициенті:
(15)
мұнда Тсм - барлық аусым бойынша жұмыс істеген станок саны;
nу - қондырылған жабдықтар саны;
Др - қарастырылған кезеңдегі жұмыс күні.
Жабдықты экстенсивті пайдалану коэффициенті:
(16)
мұнда Тф - жабдықтардың нақтылы жұмыс уақыты, сағат;
Тр - жабдықтардың режімдік жұмыс уақыт капиталы, сағат;
Тк - жабдықтардың календарлық жұмыс уақыт капиталы, сағат;
Тпл - жабдықтардың жоспарлық жұмыс уақыт капиталы, сағат. Жабдықты интенсивті пайдалану коэффициенті:
(17)

мұнда Qф - уақыт бірлігінде натуральды түрдегі нақтылы өндіріс көлемі;
Qn - уақыт бірлігінде натуральды түрдегі жоспарлы өндіріс көлемі;
Qmax - уақыт бірлігінде натуральды түрдегі максимальды өнім шығару мүмкіндігі.
Жабдықтың интегральді пайдалану коэффициенті:

Кинт = Кэ х Кинт (18)

1.3 Кәсіпорынның өндірістік процесті дамыту

Кәсіпорынның өндірістік процесті дамытуға бағытталған қаржы ресурстары оның ақшалай нысанындағы капитал болып табылады. Қаржы ресурстары кәсіпорынның жалпы қаражаттарының жиынтығы болса, капитал - осы қаражаттардың өндіріс барысына салынған бөлігі. Осыдан келе, кәсіпорын капиталы дегеніміз - бұл кәсіпорынның өндірістік айналымына салынған және осы айналымнан табыстар алып келетін ақша қаражаттары болып табылады.
Қаржы ресурстары мен капитал арасындағы басты айырмашылық - кәсіпорынның қалыптасқан қаржы ресурстары оның капиталынан көп немесе тең болады. Қаржы ресурстары мен капиталдың тең болуы кәсіпорынның барлық қаржы ресурстары өндіріске инвестицияланғанын және оның ешқандай қаржылық міндеттемелерінің жоқтығын білдіреді. Сәйкесінше, егер қаржы ресурстары капитал көлемінен үлкен болса, онда кәсіпорынның тартылған қаражаттары өндіріс барысында толық қолданылмай жатқандығының куәсі болады.
Капитал кәсіпорынды құрудың және дамытудың басты экономикалық базасы болып табылады, өйткені ол кәсіпорын активтеріне инвестицияланған материалдық, материалдық емес және ақшалай қаражаттардың жалпы құнын сипаттайды. Өндіріс барысында қызмет етуі арқылы капитал кәсіпорын иелерінің, басшыларының, жұмысшыларының, сондай-ақ мемлекеттің мүдделерін қамтамасыз етеді. Сол себепті де ол кәсіпорынды басқарудың негізгі объектісі болып табылады, ал оны барынша тиімді қолдану қаржы менеджментінің ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
Кәсіпорынға қатынасы бойынша меншікті және қарыз капиталды бөліп көрсетуге болады. Меншікті капитал дегеніміз - бұл кәсіпорынның құрылу барысында қалыптасқан бастапқы капиталы мен қызмет етуі барысында ішкі қаржы ресурстарының есебінен қалыптасқан және оның жеке меншінде қалатын қаражаттары болып табылады. Меншікті капиталдың құрамына жарғылық капиталды, резервтік капиталды, түрлі қорларды, бөлінбеген табысты жатқызуға болады.
Қарыз капитал дегеніміз - бұл кәсіпорынның өндіріс барысына орналастырылған қаражаттарының сырттан тартылған түрлері болып табылады. Қарыз капиталдың құрамына өндірісті қаржыландыру үшін қайтарымды негізде тартылған ақша қаражаттары мен басқа да құндылықтар кіреді. Капиталдың барлық нысандары белгілі бір мерзімде қайтаруды талап ететін кәсіпорынның міндеттемелері болып табылады.
Кәсіпорын капиталының құрамы оның бірнеше белгілері бойынша жіктелуімен сипатталады. Инвестициялау объектілері бойынша негізгі және айналым капиталын бөлуге болады. Негізгі капитал кәсіпорынның негізгі құралдар мен материалдық емес активтеріне салынған қаржы ресурстары болып табылады. Айналым капиталы, сәйкесінше, кәсіпорынның қаржы ресурстарының айналым қаражаттарына салынған бөлігі болып табылады.
Қолдану мақсаттарына қарай капиталдың келесі түрлері кездеседі: өндірістік, несиелік және спекулятивтік капитал. Өндірістік капитал кәсіпорынның өндірістік активтеріне салынған қаражаттарын сипаттайды. Несиелік капитал кәсіпорынның инвестициялық қызметі барысында қолданылатын қаражаттарын (банктерге депозиттер салу, облигациялар сатып алу және т.с.с.) сипаттайды. Спекулятивтік капитал кәсіпорынның сатып алу - сату операцияларында, яғни баға айырмасына негізделген операцияларында қолданылады.
Өндірістік процестің бірінші кезеңінде ақша нысанындағы капитал кәсіпорынның ұзақ мерзімді және айналым активтеріне инвестицияланады, осылайша ол өндірістік нысанға ауысады. Екінші кезеңде өндірістік капитал өнім өндіру барысында тауарлық нысанға ауысады. Үшінші кезең -- өнімді сатуға байланысты тауар нысанындағы капиталдың ақша нысанындағы капиталға ауысу кезеңі болып табылады. Сонымен қатар капитал қозғалысының нысандары өзгерген сайын оның құны өзгеріске ұшырап отырады.

2. Қазақстан Темір жолы ҰК АҚ-ның іскерлік белсенділігін талдау және бағалау
2.1 Қазақстан Темір жолы ҰК АҚ-ның шаруашылық қызметінің тиімділігін талдау

Өндірістің тиімділігінің ең басты көрсеткіші жанды еңбек өнімділігі болып саналады. Ол өндірісі нәтижесімен, жұмыс істеушілердің орташа тізімдік санының арақатынасымен (еңбек өнімділігімен) немесе еңбек сыйымдылығымен өлшенеді. Еңбек өнімділігінің анағұрлым жалпылама көрсеткіші ретінде бір жұмыскердің орташа жылдық өнім өнімділігі алынады. Оның шамасы жұмысшылар өнімділігіне ғана емес, сондай-ақ өнеркәсіптік-өндірістік персонал құрамындағы жұмысшылардың үлес салмағы, олардың істеген күндер санына, жұмыс күн ұзақтығына байланысты.

Кесте 1
Еңбек өнімділігін факторлық талдау деректері

Көрсеткіштер
2009ж
2010ж
2011ж
Ауытқу

20102011

(+,-)
(%)
1.
Өнімді сатудан түскен табыс, млн теңге
382591,731
423638,639
483763,36
60124,72
114,19
2.
Өнеркәсіптік-өндірістік персонал саны, адам
139000
142000
148740
6740
104,75
2.1
Жұмысшылар саны, адам
126490
131300
137673
6373
104,85
3.
Өнеркәсіптік-өндірістік персонал құрамындағы жұмысшылар үлесі, %
91
92,46
92,56
0,1
100,11
4.
Бір жылда бір жұмысшының істеген күндер саны
255
258
260
2
100,78
5.
Орташа жылдық өнімділік, млн теңге

5.1
Бір жұмыскердің орташа жылдық еңбек өнімділігі (ГВ)
2,75
2,98
3,25
0,27
109,02
5.2
Бір жұмысшының орташа жылдық (ГВ)`
3,02
3,23
3,51
0,28
108,45

Факторлардың әсерін тізбектелген тәсілмен анықтауға болады, оның негізгі мәні есептеу формуласына кіретін жеке көрсеткіштердің базистік шамасын осы көрсеткіштердің нақты шамасымен кезегімен алмастыру және жүргізілген алмастырулардың зерттеліп отырған қорытындылау көрсеткіші шамасының өзгерісіне әсерін өлшеуде болып табылады. Жеке көрсеткіштің базистік шамасын нақтысымен алмастырған сайын есептеу формуласында ескерілген барлық математикалық амалдарын орындап, алынған нәтижеден алдыңғысын алып тастайды. Нәтиже айырмасы осы жеке көрсеткіштің өзгеруінің қорытындылаушыға әсерінің ізделген шамасын көрсетеді.
Бір орташа жылдық өнім өнімділігі келесі факторлар көбейтіндісі ретінде анықталады:
ГВ = УД x ГВ`
Кесте 2
Тізбектік тәсілмен кәсіпорынның жұмыскерлерінің орташа жылдық өнімділігі деңгейіне факторлар әсері
Рет нөмірі
Өзара әсер ететін жеке көрсеткіштер
Қорытынды көрсеткіш
Алдағы есептеуден ауытқуы, теңге
Ауытқулардың себептері
Есеп-теу- дің
Ауыс-тыру-дың
Жұмыс-шылар
үлес
салмағы- ның
Жұмыс- шының еңбек өнімді-лігі
Жұмыскер-дің орташа жылдық өнімділігі, млн.теңге

1
-
2010ж 92,46
2010ж 3,23
2010ж
2,98
-
-
2
1
2011ж 92,56
2010ж 3,23
Есептеу 2,989
0,01
Жұмысшы-лармен толық қамтамасыз етілген
3
2
2011ж 92,56
2011ж 3,51
2011ж
3,25
0,26
Жұмысшы-ның еңбек өнімділігі-нің өсуі

Кесте деректері бойынша кәсіпорынның жұмыскерінің орташа жылдық өнімділігі 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 0,27 млн теңге (3,2-5-2,98) жоғары. Ол өнеркәсіптік-өндірістік персонал құрамындағы жұмысшылар үлесінің артуымен байланысты 0,01 млн теңге және жұмысшылардың орташа сағаттық өнімділігінің жоғарылауымен 0,26 млн теңгеге өскен.
Компания қызметінің тиімділігін сипаттайтын ең маңызды көрсеткіштің бірі - қор қайтарымы, ол негізгі өндірістік қорларды пайдалануы қорытындылаудың көрсеткіші болып табылады. Ол талдау кезеңінде өнімді сатудан түскен табыстың негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құнынан қатынасымен анықталады.
Қор қайтарымын талдау үшін келесі 4 аналитикалық кестені құраймыз. Кесте деректері бойынша компанияда талданушы мерзім ішінде негізгі өндірістік қорларды пайдалануы тиімділігі жалпы өскенмен, оның белсенді бөлігі бойынша кішкене төмендеу тенденциясы байқалады, бұл негізінен негізгі өндірістік қорлардың белсенді бөлігінің талданушы кезең ішінде өсуімен байланысты болған.

Кесте 3
Қор қайтарымы факторлық талдау үшін мәліметтер
Көрсеткіштер
2009ж
2010ж
2011ж
20102011

(+,-)
%
Өнім өндірісі көлемі (ВП), млн. теңге
382591,731
423638,639
483763,36
60124,721
114,19
Негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны (ОПФ), млн. теңге
644701,731
694369,000
779165,048
84796,048
112,21
Негізгі өндірістік қорлардың активті бөлігінің орташа жылдық құны (ОПФа), млн. теңге
547996,4714
617988,41

716831,844
98843,434
115,99
Қорлардың актив бөлігінің үлес салмағы, коэффициенті
85,00
89,0
92,0
3
103,37
Негізгі өндірістік қорлардың қор қайтарымы, млн. теңге
0,593439
0,610105
0,620874
0,010768
101,76
Негізгі өндірістік қорлардың активті бөлігінің қор қайтарымы, млн. теңге
0,698164
0,685512
0,674863
-0,010649
98,44

Бірінші деңгей факторлары:
ФО = УД x ФО
(2)
Факторлар әсерін абсолютті айырмашылық әдісін қолдану арқылы анықтаймыз:

∆ФО ув = (УДоф - УД ) x ФО = (0,92-0,89)*0,685512=0,020553 млн.теңге

∆ФО = (ФОоф - ФО ) x УД = (0,67486-0,685512)*0,92= -0,009785 млн.теңге

Жалпы ауытқуы: 0,020553+(-0,009785) = 0,010768 млн.теңге

Кесте 4
Қор қайтарымын факторлық талдау нәтижелері
Фактор
Қор қайтарымының өзгерісі
Өнім өндірісінің өзгеруі, млн. теңге

Негізгі өндірістік қорлардың акивті бөлігі
Негізгі өндірістік қорлар

1.Негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны
84796,048
0,610105
51734,49
2. Қорлардың активті бөлігінің үлесі
0,020553
779165,048
16014,179
3. Қорлардың активті бөлігі қайтарымы
-0,009785
779165,048
-7624,129
Жиыны

0,010768
60124,721

Сонымен, жалпы айтқанда өнім өндірісі көлемінің өзгерісіне негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құнының өсуі, олардың белсенді бөлігінің үлес салмағының өсуі жағымды әсерін тигізген, ал негізгі өндірістік қорлардың белсенді бөлігінің қор қайтарымының төмендеуі 7624,129 млн теңгеге қысқаруына әкелген.
Талдау барысында кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлармен қамтамасыз етілуін зерттеу қажет. Бұл үшін келесі көрсеткіштер анықталады,
еңбектің қорлармен жарақтануы:
Ф = НӨКор.жыл.қ. Жең үл. aу.
НӨКор.жыл.қ. - негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны,
Жең үл. aу. - жұмысшылардың ең үлкен ауысымдағы орташа саны.
Еңбектің техникалық жарақтануы:
Ф = Өжаб.қ. Жең үлкен ауысым
Өжаб.қ. - Өндірістік жабдық құны.
Бұл көрсеткіштің өсу қарқыны еңбек өнімділігі қарқынмен салыстырылады (еңбек өнімділігі өсу қарқыны еңбектің техникалық жарақталуының өсу қарқынының жоғары болғаны тиімді).
Кесте 5
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлармен қамтамасыз етілуін талдау
Көрсеткіштер
2009ж

2010ж
2011ж
Ауытқуы 20102011

(+,-)
%
Негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны, млн. тг
644701,731
694369
779165,048
84796,048
112,21
Жұмысшылар-дың орташа тізімдік саны, адам
126490
131300
137673
6373
104,85
Өндірістік жабдық құны, млн. тг
547996,4714
617988,41
716831,844
98843,434
115,99
Еңбектің техникалық жарақтануы деңгейі, млн. тг
4,33
4,71
5,21
0,500081338
110,62
Өсу қарқыны, %
-
108,64
110,62
1,98
101,83
Еңбектің қормен жарақтануы деңгейі, млн. тг
5,10
5,29
5,66
0,37
107,02
Өсу қарқыны, %
-
103,76
107,02
3,26
103,14
Еңбек өнімділігі деңгейі, млн. тг
3,02
3,23
3,51
0,28
108,67
Өсу қарқыны, %
-
106,95
108,67
1,72
101,60

Осы кестеде кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлармен қамтамасыз етілуін талдау мәліметтері келтірілген. Кесте деректері бойынша еңбектік техникалық жарақтану деңгейі көрсеткіштері жыл сайын өсу тенденциясына ие болған. Еңбек өнімділігі өсу қарқыны еңбектің техникалық жарақталуының өсу қарқынынан талданушы кезең ішінде кішкене төмен болып отыр. Бұдан еңбек өнімділігі қарқынын жоғарылату резерві кәсіпорында бар деп түйіндейміз.
Шаруашылықтың айналысуы субьект қызметінің тиімділігін сипаттайтын маңызды көрсеткіш, материал қайтарымы болып табылады, ол тауар өнімі құнының жұмсалған материалдық ресурстар құнына қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткішті анықтау үшін қаржылық есеп беру мәліметтерінен алымында өнімді сатудан түскен табыс, ал бөлімінде материалдың орташа құны алынады. Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін бағалау экономикалық қызмет тәжірибесінде көрсеткіштер жүйесі мен оларды өзара байланыста модельдеу арқылы жүзеге асырылады.
Материалдық ресурстарды тиімді пайдалануын си паттайтын көрсеткіштер қатарына материалдық қайтарымдылық, материалдық сыйымдылық жатады. Материалдық қайтарымдылық жұмсалған материалдық шығындардың бір теңгесіне шаққандағы өндірілген өнім көлемін сипаттайды. Ал материалдық сыйымдылық өнім бірлігінің өндірісіне нақты келетін материалдық шығындардың мөлшерін сипаттайды. Өнімнің өзіндік құнындағы материалдық шығындардың үлесін анықтау үшін материалдық шығындардың құнын өндірілген өнімнің өзіндік құны көлеміне бөлу арқылы анықтаймыз. Бұл көрсеткіш тек қана материалдық ресурстардың пайдалану деңгейін ғ ана емес, сонымен қатар өнім өзіндік құны құрылымын сипаттайды.

Кесте 6
Кәсіпорынның материалдық ресурстарын пайдалану тиімділігінің жалпылама көрсеткіштерін талдау

Көрсеткіштер
2009ж

2010ж
2011ж
Ауытқуы
20102011

(+,-)
(+,-)
1
Өнімнің материал сыйымдылығы, теңге
0,49
0,49
0,48
-0,0048
99,01
2
Материал қайтарымдылығы, теңге
2,05
2,05
2,07
0,02043
101,00
3
Өнімнің өзіндік құнындағы материалдық шығындардың үлес салмағы, %
65,20
63,40
62,17
-1,23
98,06

Кесте деректері бойынша өнімнің материал сыйымдылығы жыл сайын төмендесе, материал қайтарымдылығы, керісінше, өсіп отырған, ал өнімнің өзіндік құнындағы материалдық шығындардың үлес салмағы 65,2%-дан 62,17%-ға дейін төмендеген. Бұл берілген кәсіпорында материалдық ресурстардың пайдалану тиімділігі өскені жөнінде куә болады.
Экономикалық әдебиеттерде факторлық талдау жүйесінің түрлі типтеріне негізделген жалпылаушы көрсеткіштерін талдаудың бірнеше әдістері көрсетілген.
Материал сыйымдылығын талдау үшін келесі аналитикалық 8 кестені құраймыз.

Кесте 7
Кәсіпорынның материалдық ресурстарын пайдалану тиімділігінің жеке көрсеткіштерін талдау
Көрсеткіштер
2009ж
2010ж
2011ж
Ауытқуы (+,-)

20102011
20092011
Өнімнің материалдар сыйымдылығы, теңге
0,0858
0,0728
0,0484
-0,02443
-0,0374
Өнімнің отын
сыйымдылығы, теңге
0,005
0,005
0,005
-
-
Өнімнің энергия сыйымдылығы, теңге
0,0101
0,0096
0,0099
0,0003
-0,00026

Кәсіпорынның материалдық ресурстарын пайдалану тиімділігінің жеке көрсеткіштерін талдау мәліметтері кестеде келтірілген. Кесте деректері бойынша материалдық ресурстарын пайдалану тиімділігінің жеке көрсеткіштері, атап айтқанда сыйымдылық көрсеткіштері төмендеген.
Капиталдың пайдалану интенсивтілігін сипаттау үшін олардың айналымдылығы пайдаланылады (өнім өткізуден түскен табыстың капиталдың орташа жылдық сомасына қатынасы).
Бұл көрсеткіштер арасындағы байланысты келесі түрде беруге болады:
табыс

=
табыс

x
өнім өткізуден түскен табыс
Капиталдың орташа жылдық сомасы

өнім өткізуден түскен табыс

капиталдың орташа жылдық сомасы

Басқаша айтқанда, инвестицияланған капитал табыстылығы (ЭР) сату сенімділігі (R) мен капиталдың айналымдылығы коэффициентінің (Коб) көбейтіндісі арқылы анықталады.
ЭР = R x Коб
Бұл факторлардың капитал сенімділігіне әсерін абсолютті айырмашылықтар әдісі бойынша есептеуге болады (кесте 8)

Кесте 8
Капиталды пайдалану тиімділігі көрсеткіштері
Көрсеткіштер
2009ж
2010ж
2011ж
20102011
(+,-)
20092011
Кәсіпорын табысы, млн тг.
22446,005
25555,198
63881,749
38326,551
41435,744
Өнім өткізуден түскен табыс, млн тг.
382591,731
423638,639
483763,360
60124,721
101171,629
Капиталдың орташа жылдық сомасы, млн тг.
801046
856340,066
927001,517
70661,451
125955,068
Капиталдың сенімділігі, %
2,802
2,984
6,891
3,9069
4,0891
Өткізу сату сенімділігі, %
5,8668
6,0323
13,2051
7,1728
7,3383
Капитал айналымдылығы коэффициенті
0,4776
0,4947
0,5218
0,0271
0,0442
Капитал сенімділігінің келесі есебінен өзгерісі:
сату
сенімділігі

7,1728*,4947 = 3,549
айналымдылық коэффициенті

0,0271*13,2051 = 0,3579
Барлығы

3,9069

Кесте деректерінен есептегі мерзімде капитал қайтарымдылығы олардың айналымдылығы есебінен 0,35% артқан, ал өткізу сенімділігінің өсуі есебінен 3,5% артқан.
Капитал айналымдылығы оның қайтарымдылығымен тығыз байланысты болғандықтан, капитал айналымдылығы көрсеткіштерін зерттеу керек.
Капитал айналымдылығы жылдамдығы келесі көрсеткіштермен сипатталады:
бір айналым ұзақтығы (Поб)

Поб = Д Коб немесе Поб = Кор.жыл.қ. x Д Өөт.түс.таб. ;
Мұндағы, Кор.жыл.қ. - капиталдың орташа жылдық құны,
Д - берілген мерзімдегі календарлық күндер саны,
Өөт.түс.таб. - өнім өткізуден түскен табыс;
- айналымдылық коэффициенті (Коб)

Коб = Өөт.түс.таб. Кор.жыл.қ. ;
- жүктелу коэффициенті (Кж)
Кж = L Коб .

Бір айналым ұзақтығын есептейміз:

2009 жылы Поб = 801046,449x360 382591,731 = 753,75 күн
2010 жылы Поб = 856340,066x360 423538,639 = 727,7 күн
2011 жылы Поб = 927001,517x360 483763 = 689,84 күн және т.с.с.

Мұнда өткен жылмен салыстырғанда капитал айналымдылығы 37,86 күнге жеделдетілген.
Капитал айналымы ұзақтығы көбіне капитал құрылымына байланысты. Капиталдың жалпы сомасындағы неізгі капитал үлесі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ол баяу жеделдетіледі және керісінше, айналым активтерінің үлес салмағы артуы барысында олардың жалпы айналымдылығы жеделдетіледі.

2.2 Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін көрсеткіштер жүйесін талдау

Іскерлік белсенділік коэффициенті кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үщін үлкен маңызы бар, өйткені қаражаттың айналым жылдамдығы кәсіпорынның төлем қабілетіне тікелей әсер етеді. Оған қосымша, басқадай бірдей жағдайда қаражаттың айналым жылдамдығының өсуі кәсіпорынның өндірістік-техникалық күшінің артқанын көрсетеді.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштеріне келесі коэффициенттер жатады:
Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті. Ол жылына қанша рет айналу мен өндірудің толық циклі болатындығын және активтердің әрбір ақша бірлігіне сатылған өнімнің қанша ақша бірлігін әкелгенін көрсетеді.

2009 жылы Кжал.айн = 382591,731 801046,449 = 0,4776
2010 жылы Кжал.айн = 423638,639 856340,066 = 0,4947
2011 жылы Кжал.айн = 483763,36 927001,517 = 0,5218

Авансталған капиталдың кезеңдегі орташа шамасының жалпы айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның іскерлік белсенділігі туралы жан-жақты түсінік береді. Сатудан түскен табыстың баланс валютасының (барлық капиталдың) орташа шамасына қатынасымен есептелетін ол, кәсіпорынның барлық капиталының санын көрсетеді және олардың жұмылдыру көздеріне байланыссыз, барлық ресурстарды кәсіпорынның пайдалану тиімділігімен сипаттайды. Бұл көрсеткіш салаға байланысты ауытқып отырады және өндіріс процесіндегі ерекшеліктерді қамтып көрсетеді.
Түрлі кәсіпорындарға немесе бір кәсіпорынға әр жылдардағы жалпы айналымдылық коэффициентін салыстырғанда, активтердің орташа жылдық сомасын бағалауда біркелкілі қамтамасыз етілгендігін тексеру қажет. Мысалы, егер бір кәсіпорында негізгі құралдар бірқалыпты тура сызықты шығынға жазу әдісімен есептелген амортизацияны назарға ала отырып бағаланса, екіншісінде басқа бір шапшаңдатылған амортизация әдісі пайдаланылған болса, онда екінші жағдайда айналымдылық тым жоғары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі қорларды қолдану көрсеткіштері
Кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалану көрсеткіштерін талдау
КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
Меншікті капиталдың рентабельділігі
Амортизациялық аударымдарды есептеу әдістері
Негізгі өндірістік қорлардың экономикалық мәні
Амортизациялық аударым
Жабдықты пайдалану көрсеткіштері
Меншікті капиталды пайдалану көрсеткіштері
ЖШС «Жигер» кәсіпорнының өндірістік шаруашылық қызметіне толық талдау жүргізу, кәсіпорынды басқару құрылымын зерттеу, және кәсіпорында негізгі капиталды пайдалану тиімділігін талдау және оның деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар жобасын жасау
Пәндер