Жеті қалбыр ойыны


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Дәріс №5. Ұлттық спорттағы қозғалмалы ойындар бойынша ғылыми - зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру

«Қуғыншыдан құтқару» ойыны

Ойынның мақсаты: балаларға тез бұлтарып жүгіру тәсілдерін меңгерту.
Мазмұны: Алаңда үлкен шеңбер немесе төртбұрыш сызылып, ойнайтын жер алдын ала дайындалады. Ойыншылардың арасынан санамақ арқылы бір «қуғыншы» сайланады. Ойын алаңнан шықпай, ішінде жүріп ойналады.
Мұғалімнің «Қуғыншы табылды!» деген белгісінен кейін сайланған бала қолын жоғары көтеріп: «Мен қуғыншы»! - деп айқайлайды да, балаларды қуа жөнеледі.
Қуғыншының қолы тиген ойыншы қолын жоғары көтеріп, қуғыншы болғанын білдіреді де, ойынды әрі қарай жалғастырады.

Бірақ ойыншылар қуғыншыдан бір-бірін құтқаруларына болады. Ол үшін : қашып келе жатқан ойыншы мен қуғыншы екеуінің арасынан кесіп жүгіріп өтсе; Қашып келе жатқан ойыншыға қол тигізсе;

Қашып келе жатқан ойыншымен қол алысса, онда қуғыншы сол ойыншыны қуады. Ойынның ережесі:

1. Қуғыншы қолын көтеріп: «Мен қуғыншы» деп басқаларға ескерткеннен кейін ғана ойыншыларды ұстауына болады.

2. Ойын алаңынан шығып кеткен ойыншы ойыннан шығады.

Әдістемелік нұсқаулар. Бүл ойынды ұйымдастыру үшін алаңды дұрыс таңдаған жөн. Ойыншылар жүгірген кезде бір-біріне немесе басқа заттарға соғылып қалмау үшін қадағалау керек. Ойын қызықты өтуі үшін ойынныі мазмұнына әртүрлі қосымша тапсырмалар енгізуге болады. Бір ойында бір қуғыншы ғана емес, бірнеше қуғыншы сайлауға болады.

«Сызықтан секіру» ойыны

Ойынның мақсаты: Қос аяқтап секіру тәсілдерін үйрету.
Мазмұны: Ойын алаңының бір шетінен түзу сызық сызылады. Сыныптағы оқушылар санау арқылы төрт командаға бөлініп, олардың біріншілері сол сызықтың үстінде тұрады. Осы сызықтан 4-5 қашықтықта бір-бірінен ара қашықтығы 40-50 см болатындай өзара параллель 8-10 сызық жүргізіледі.
Мұғалімнің белгісі бойынша әр команданың бірінші тұрған ойыншысы бірінші сызыққа дейін жүгіріп келіп, аяқтарын біріктіріп ұстап, паралелль сызықтардан қос аяқтап секіріп өтеді де, қайтып келіп, тізбектің артына барып тұрады.
Мұғалім секіріп өткен балалардың секіру әдістерін бағалап, басқа ойыншыларды көмекке шақырады. Бұдан соң келесі қатардағы төрт ойыншы секіріп өтеді. Ойын осылай барлық ойыншылар секіріп өткенше жалғасабереді. Ойынның соңында әр қатардағы қос аяқтап жақсы секіретін балалардың аты аталады. Ойынды бірнеше рет қайталап ойнатуға болады.
Ойынның ережесі

1. Ойыншылардың тез секіргені емес, дұрыс секіргені бағаланады.
2. Секіру кезінде балалар арасындағы ара қашықьтықтар сақталуы керек.
3. Оқулықта көрсетілген секіру техникасы орындалуға тиіс.

Әдістемелік нұсқаулар.

Ойынды 1-2 рет өткізгеннен кейін, сыныптағы қос аяқтап секіру техникасын жақсы меңгерген екі-үш баланың секіргенін басқа ойыншыларға көрсетіп,

басқа ойыншылардан солар сияқты секіруді талап ету керек.

«Қалашықтар арасындағы доптар» ойыны

Ұзындығы 16-20м, ені 8-10м алаңның шетіне сөре сызығы сызылады. Ойыншылар екі командаға бөлініп, сол сызыққа тізбектеліп тұрады.
Әр команданыңалдына, осы сызықтан 4 м қашықтықта, аралары 2 м болатын бес-бестен кеглилер және бір-бірден футбол добы қойылады.
Мұғалімнің белгісінен кейін әр командадағы бірінші тұрған ойыншы аяғымен допты теуіп, ал алдындағы кеглилердің арасынан жүгіріп өтеді де, ойып кезегін екінші ойыншыға береді. Ол келесіге, Ойын осылай командадағы бар ойыншылар допты теуіп жүгіріп өткенше жалғасады.
Қай команда ойынды бірінші бітірсе, солар жеңіске жеткен болып саналады.
Ойын осылай үш рет жүогізіліп, соңында жалпы қорытындысын шығарады.
Ойынның ережесі.

1. Бірінші ойыншы допты теуіп жүгіріп кеткенде тізбекте тұрғандар бір қадам алға қарай жылжып тұрулары керек.

2. Ойынды бітірген бала тізбектің соңына барып тұрады.
3. Қойылған белгілерді оң және сол жақтарымен кезек айналып өту қажет.
4. Жығылған белгілерді бос тұрған ойыншылар қайта тұрғызып қояды.
Ойын қызықты өту үшін командалар өздеріне ат қойғандары жөн. Ойын басталғанда ойыншылар қай аяқтарымен ойнаса да шек қойылмайды. Оқушылардың көпшілігі ойын ережелерін жақсы меңгеріп, допты жақсы тебуді үйренгеннен кейін допты бір аяқпен теуіп жүгіреді.
Мұғалімнің ұлдар мен қыздар төменгі сыныптарда бөлек команда болып ойнайтынын есінен шығармағаны жөн.

Ойынның педагогикалық маңызы.

  • «Бұрыш» ойыны
  • Ойынның мақсаты: айналаны тез бағдарлап, өзіне керекті қимыл-қозғалыс жасау үшін уақытты нақтылы анықтауға үйрету.
  • Керекті құралдар: бор, таяқша.
  • Ойыншылар өз қалауларымен бес-бестен бөлінеді. Әр бестік өздеріне ойын алаңынан немесе залдың ішінен төрт бұрышты сызып немесе белгілеп алады да, төртеуі сол бұрыштарға тез тұра қалады. Бұрышсыз қалған ойыншы ойын жүргізуші болып ортада тұрады. Бұрыштағылар өзара келісіп, орындарын ауыстырып отырады. Сол кезде ойын жүргізуші бос қалған бұрышқа тұрып алуға тырысады. Егер ол бұрышты алып қойса, бұрышсыз қалған бала ойынды әрі қарай жалғастырады. Ойын осылай жалғаса береді.
  • Ойынның ережесі.
  • 1. Ойын жүргізуші бір баланың қасында 3-5 секундтан артық тұрмайды.
  • 2. Ойыннан шығып кеткен балға қайта келуге болмайды.
  • 3. Жүгіріп бара жатқан баланы қолмен ұстауға болмайды.
  • Әдістемелік нұсқаулар. Бұл ойынды серуен кезінде, табиғат аясында, ағаштардың арасында өткізсе, өте қызықты өтеді. Ойынды басынан аяғына дейін ойыншылар өздері басқарып жүргізулері керек. Мұғалім тек басшылық жасап тұрады«Көліктер» ойыны
  • Ойынның мақсаты: берілген белгіні мұқият тыңдап, нақтылы қимыл-қозғалыс орындауға үйрету.
  • Ойыншылар өз еріктерімен арнаулы ойын алаңында жүгіріп, бірін-бірі қуалап ойнап жүреді. Мұғалімнің немесе ойын бастаушының «Ұшақ!» деген белгісінен кейін балалар орындарында тұра қалып, қолдарының басын кеуде тұсына ұстап, айналдырып (ұшақтарын от алдырып), орындарынан ақырындап жүре бастайды, жүгіруге көшіп, екі қанаттарын екі жаққа созып, алаңды айнала жүгіреді. «Ұшақтар аэродромға қонды!» дегенде барлық ойыншылар шеттерінен келіп, бір қатар болып, жүрелерінен отыра қалады. Мұғалім «Аттар!» дегенде бірден не екіден бөлініп, қатарласа тұра қалып, қолдарын айқара ұстап, тізелерін жоғары көтере шауып кетеді немесе жорғалай жөнеледі. Мұғалім уақытына қарай басқа да көліктердің атын атайды. Мәселен: трамвай, автобус, троейбус, кеме, түйе, асу есек тағы басқа. Ойынның соңында айтылған көліктерді ерекше көрсете алған балалар өздерінің қайтадан көрсетуге мүмкіншілік алады. Ойынның ережесі.
  • 1. Белгіден кейін айтылған көліктің қозғалысын, дыбысын бар ойыншы бірдей салып, қимыл-әрекеттер жасап жүреді.
  • 2. Ойын алаңның түгелдей пайдалану қажет.
  • 3. Ойын бастаушының белгісін мүдіртпей орындау қажет.
  • Әдістемелік нұсқаулар. Ойынды жүргізбес бұрын көліктер туралы әңгіме, ертегі-аңыздар айтып, балалардың ойынға деген қызығушылығын арттыруға әрекет жасалынуы қажет. Көліктердің бір-бірінен айырмашылығын, қажеттілігін, олардың адамға келтіретін пайдасын жақсы ажыратуға үйреткен жөн. Көліктердің қозғалыстары мен дыбыстарын өте ұқсатып жасаған оқушыларға басқалардың алдында өнерлерін көрсетіп, тамашалауға уақыт беріледі.
  • «Жеті қалбыр» ойыны
  • Ойынның мақсаты: қарсыласының добын тигізбей, қалбырларды бірінің үстіне бірін жинау.
  • Керекті құралдар: жеті қалбыр, бір команда ойыншыларына жететін кішкентай резеңке доптар.
  • Ойыншылар араларынан екі капитан сайлайды. Қалғандары екі командаға бөлінеді. Ойын алаңының ортасына жеті қалбырды бірінің үстіне бірін жинап қояды. Ол қалбырлардың қасында бірінші команда ойыншылары шашырап жүреді. Олар - «күзетшілер». Қалбырлар жиналып тұрған жерден 5-6 м жерде екінші команда балалары қолдарына бір-бір доп ұстап, бір қатар болып тізіліп тұрады. Олар - «соққыштар». Ойынның басталуына берілген белгіден кейін доп ұстап тұрған «соққыштар» қолдарындағы доптарын лақтырып, жүгіріп жүрген күзетшілерді соғып, ойыннан шығаруға тырысып, қалбырларды құлата бастайды. Ал «күзетшілер» кезекпен жүгіріп жүріп, өздеріне допты тигізбей, құлаған қалбырларды орындарына қайта жинап жүреді. Доп тиген бала ойыннан шығып отырады. Ойын осылай келісім бойынша барлық ойыншылар ойыннан шыққанша немесе арнаулы бір уақыт арасында аяқталады. Ойынның соңында доп тигізбей көп қалбыр жинаған ойыншы мен мерген баланы атап өтеді. Ойын әрі қарай жалғасу үшін командалар орындарын ауыстырады. Ойынның ережесі.
  • 1. Құлаған қалбырды кезекпен барлық ойыншылар қалаулары қажет.
  • 2. Бірнеше бала бір уақытта қалбырларды жинауы мүмкін. Ол қалбырлардың санына байланысты.
  • 3. Допты барлық бала бірдей лақтыруға болады.
  • 4. Доппен бастан соғуға болмайды.
  • 5. Жерден ыршып тиген доп саналмайды.
  • 6. Допты қағып алуға болмайды.
  • Әдістемелік нұсқаулар. Сыныптағы оқушылардың шамасына қарай қалбыр мен соққыштардың ара қашықтықтары әр түрлі болуы мүмкін. Ол қалбырларға шамасы аз бала да лақтырып жеткізе алатын болуы керек. Келісім бойынша күзетшілердің барлығы бірдей жүріп, қалбыр жинауларына болады. Ойыншылар тез, тоқтаусыз қимыл-қозғалыста болғанда ғана ойын қызықты өтеді. Сондықтан мұғалім бұл ойынды оқушылардын өз бетімен ұйымдасып, өздері басшылық жасап ойнауына мүмкіндік бергені дұрыс.
  • «Төрт баған» ойыны
  • Ойынның мақсаты: доп соғу мен тез бұлтарып жүгіру арқылы жеке басының қимыл-қозғалыс әрекеттерін үйлестіруге үйрету.
  • Керекті құралдар: кішкентай резеңке доп.
  • Балалар араларынан екі капитан сайлайды. Қалған ойыншылар екі командаға бөлінеді. Бірінші команда сөре сызығында тізбектеліп тұрады. Екінші команданың балалары ойын алаңында бытырап жүреді. Алаңның төрт жеріне ара қашықтықтарын 8-10 м етіп, биіктігі 1, 5-2 м төрт баған қойылады. Сөре сызығының үстінде тұрған бірінші ойыншыға доп береді. Ойын басталуға белгі берілгеннен
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Консервіленетін өнімдердің микроорганизмдерден ластану көздері
Консерві қалбырларының таңбалануы
Мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын дамыту
Етті консервілеудің жаңа әдістері.
Консервілеу әдістері
Модельдеуге кіріспе әдістемелік құрал
Машиналардың ұсақтау типтері және ұсақталатын материал беріктігімен ұсақтау
Математикадан өз бетінше оқып-үйрену тиімділігінжақсартуда оқулық элементті пайдалану
Қой етінің қоңдылығы
Үлгі алу тәсілінің нормалық құжаттар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz