Жарысқа қатысушы спортшылар мен командылар


Дәріс №4. Қозғалмалы ойындар ойындар түрінен жарыстар, төрешілік ережелерін құру.
Жоспар:
- Жарыс өткізуге дайындық
- Жарыс түрлері мен оған қатысушылар
- Төрешілер құжаттамасы
Жарысқа дайындық . Дайындық жұмысын бірнеше кезеңге бөлуге болады: құжатты әзірлеу, жарыстың болу орынын дайындау, жарысқа қатысушылармен дайындық. Кез-келген жарысқа дайындық оның ережесінен басталады. Күнтізбелік жоспардың мерзіміне сүйеніп, ереже құрастырылады. Бұл әзірленген ереже тек ұйым үшін ғана емес, сонымен қатар әдістемелік құжат болып табылады. Сондықтан бұл әзірленген ереже қатысушылар ұйымдарының барлығына таратылуы қажет.
Барлық дәрежедегі жарыстарға даярлық алдында ең негізгі жарыс құжаты - мәлімдемені құрастыру, жазу керек. Жарыстың мәлімдемесін жазған кезде жарыстың атына, атауына үлкен мән берген дұрыс. Жарыстың атауында жарыс көлемі, масштабы, кімдер арасында өткізілуі нақты түрде көрініс табу керек. Мысалы: «Көңілді старт сайысынан 7 сынып оқушылары арасында өткізілетін мектепішілік біріншілігі» т. с. с. Барлық жарыс түрлерінің мәлімдемелері негізгі жеті түрлі бөлімдерден тұрады. Жарыстың ережесі қысқа және түсінікті құрастырылған бөлімдерден тұруы қажет:
- Мақсаты мен міндеттері. Жарыстың мақсатын жазғанда, жарыс негізі қандай мақсатта өткізілетінің жазамыз. Мысалы: жеңіл атлетикадан қала біріншілігін өткізсек, өткізу мақсаты: қаланың мықты үздіктерін анықтау. Облыс біріншілігін өткізсек, республикалық жарысқа қатысатын облыс құрама мүшелерін анықтау. Міндеттері: 1. Спортшылардың денсаулығын нығайту. 2. Жарыс өткізілетін спорт түрін насихаттау. 3. Спорт түрінің техникасы мен тактикасын жетілдіру.
- Жарыс өткізілетін орны мен уақыты. Өткізілетін орны мен уақытын қатаң белгілеп нақты жазылуы керек. Мысалы: Жарыс Семей қаласында, Спартак стадионында. 2015 жылдың 1-3 қазан жұлдызында өткізіледі.
- Жарысты басқару. Бұл бөлімде мәлімдемені бекітіп, оның оң жақ бұрышына «Бекіттім» деп қол қоятын мекеме басшысы жарысты басқаруға төрешілер тағайындайды. Сол төрешілер жарысты басқару бөлімінде жазылуы керек. Мысалы, жарысты облыстық дене мәдениеті және спорт басқармасы өткізсе: «Жарысты басқару ШҚО Дене тәрбиесі және спорт бөлімі бекіткен төрешілер алқасына жүктеледі», -деп жазылады.
- Жарысқа қатысушы спортшылар мен командылар. Бұл бөлімде жарысқа қатысушы спортшылар кімдер екені «Ерлер, әйелдер, ұлдар, қыздар», қай жас тобына жататыны (жасөспірімдер, жастар, ересектер, үлкен жастағы адамдар), қандай спорттық дәрежедегі (разрядтағы) спортшылар қатысатын жазылады. Командалар арасында болса, команда аттары арасында өткізілетіні нақты жазылады.
- Жарыстың бағдарламасы мен кестесі. Бұл бөлімде жарыстың өткізілу уақыты, сағаты, ашылу және жабылу салтанаты жазылады. Командалар арасындағы жарыс болса, жарыс кестесі, қай команда кіммен жүгіретіндігі көрсетіледі.
- Жарысты жүргізу, есептеу жолымен марапаттау. Бұл бөлімде жарыс қандай жолмен (айналмалы, шығып қалу, аралас) өткізілетіні, ұпай саны қалай есептелінетіні жазылады. Марапаттауды жазғанда жүлделі орын алған спортшыларға қандай мақтау қағазын, қандай сыйлықтар берілетіні жазылады.
- Сұраныс және оны беру уақыты. Бұл бөлімде сұраныс қандай түрде жарыс басталардан неше күн бұрын берілуі керек екені жазылады. Жеңіл атлетика жарысы сұранысы болса, жарыс жаттығулары түрлері 100метр, ұзындыққа секіру, граната лақтыру деп көрсетіледі.
Жарыстардың түрлері. Барлық өткізілетін жарыстарды негізгі және көмекші деген мінездеме беруге болады. Негізгі жарыс түрі спорттық талаптарға сай ұйымдастырылады және қорытынды бойынша спорттық біліктілігі анықталып, жеңімпаздық немесе чемпиондық атақ беріледі. Бұл күнтізбелік жарыс, яғни спорттық іс-шаралардың біртұтас күнтізбелік жоспарына сай шығады және бектілген ережеге сай жүргізіледі. Негізгі жарыс түріне: біріншілік (немесе чемпионаттар), жүлделік жарыс, сұрыптау жарыстары жатады. Біріншілік (чемпионат) жылына бір рет ұйымдастырылады. Бұл қорытынды бойынша чемпион атағы берілетін жарыстың жалғыз түрі. Жүлделік жарыста топтар-қатысушылардың көптеп келуіне көңіл аудару және қысқа мерзімде жеңімпаздарды анықтау мақсатында өткізіледі. Бұл жарыстар мықтыларды сұрыптау ұстанымы бойынша өткізіледі. Көмекші жарыстарға: бақылаулық, көрсеткіш, серіктік, қысқартылған (блицтурнир) түрлері жатады. Бақылаулық кездесулер топтардың алдағы негізгі жарыстарға дайындықтарын тексеру мен даярлықтары мақсатында өткізіледі. Серіктік кездесулер жаттықпа-машықтану мақсатында немесе дәстүрлі жарыстар жоспарында өткізіледі. Бұл жеке топтар немесе топ командаларының арасында ұйымдастырылады. Көрсеткіштік кездесулер гандболды дәріптеу бойынша қызмет атқарады. Қысқартылған кездесулер бірнеше сағат ішінде өткізіледі. Бұл жарыстың түрін мереке күндері, мезгілдің ашылуы мен жабылуы кездерінде жоспарлайды. Ойындар қысқартылған уақытта өткізіледі. Жарыстардың жоспарлануы. Дене шынықтыру және спорт Комитеті 4 жылдық біртұтас жинақталған күнтізбелік жоспарды әзірлейді. Халықаралық жарыстардың төртжылдық циклі бойынша өткізілетін жарысы 1-кестеде көрсетілген. Республикалық шынықтыру және спорт комитеті аумақтық ұстаным (республика, облыс, аудан, қала) бойынша спорттық жарыстарының жоспарын құрайды. Жарыстың күнтізбелік жоспары ғылыми тұрғыдан тиянақты, гандболды арықарай дамытуда барлық спорттық ұйымдардың білескен терең ойластырылған құжаты болуы қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz