Транспорттагы төтенше жағдайлар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 126 бет
Таңдаулыға:   
Төтенше жағдайдағы азаматтық қорғаныспәнінең

1 Глассарий
Апат - өзімен бірге аймақтық немесе ғаламдық ауқымдағы төтенше жағдайды, адам құрбандығын алып келетін ірі авария, қиратушы құбылыс.

Азаматтық қорғаныс - басқару органдарының мемлекеттік жүйесі, бейбіт және соғыс уақытында халықты, шаруашылық нысандарын және табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ, қазіргі заманның зақымдау құралдарының зақымдау (қирату) факторларынан елдің аумағын қорғау мақсатымен жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралар жиынтығы.

Аймақты тазалау - ТЖ пайда болғанда жиналған қауіпті заттарды іздеу, жинау және жою.

Акваланг - су астында дем алуға арналған аппарат.

Акья - тау жағдайларында жүктерді, зардап шеккендерді тасымалдауға арналған шана.

Ақпарат - қоршаған әлем және онда болып жатқан үрдістер туралы мәлімет.

Ангар - әуе техникаларының тұрағы мен жөнделуіне арналған ғимарат.

Анемометр - желдің бағыты мен биіктігін анықтайтын құрал.

Антибиотиктер - бактерия, вирустардың өсуін басатын, дәрілік заттар.

Антипиретиктер - қызуды төмендететін дәрілік құралдар.

Антисептик - залалсыздандырушы заттар.

Антициклон - тұрақты жоғарғы атмосфералық қысым аймағы.

Антропогендік ТЖ - адамның әрекетіне байланысты авария немесе апат.

Аңызақ - ауаның жоғарғы температурасындағы жел.

Альпеншток - ұзындығы 1,5 м, қалыңдығы 3-4 м болатын, берік, ұшы өткір металл, дөңгелек таяқ.

Альтиметр - теңіз үстіндегі биіктік деңгейін анықтайтын құрал.

Апат - аумақтық немесе барынша ауқымды төтенше жағдайларды алып жүретін, адам құрбаны бар үлкен авария, қиратушы құбылыс.

Абразия - теңіздердің, өзендердің, көлдердің, су қоймаларының жағалауларының толқындармен соғылуы.

Авария - технологиялық үрдістердің бұзылуы, механизмдердің, құралдар мен ғимараттардың зақымдануы.

Авариялық - қалпына келтіру жұмыстары - жоғарғы қауіптілікті және қиратудың жеке ошақтарын жою, коммуналдық жүйелеріндегі зақымдалуларды, аварияларды жою бойынша халықтың тіршілігін қамтамасыз ету үшін аз болса да жағдай жасау, сонымен қатар санитарлық тазалау және аймақты залалсыздандыру, кезек күттірмейтін жұмыстар.

Авариялық - қалпына келтіру кұрылымдары - тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын қалпына келтіру бойынша шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған құтқарушылар тобы.

Авариялық - құтқару қызметтері (АҚҚ) - авариялық - құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды орындайтын атқарушы - құтқарушыларды, кіші, орта және жоғары құрамдағы осы жұмысты басқарушы - құтқарушыларды және осы жұмысты техникалық жағынан қамтамасыз ететін көмекші қызметтерді қамтитын авариялық - құтқару құрамаларын құрайтын, қызмет міндеттері жағынан біртұтас жүйеге біріктірілген, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі міндеттерді шешуге арналған басқару органдарының, күштер мен құралдардың жиынтығы.

Авариялық - құтқару жұмыстары - өрттерді өшіру мен жою, энергия және су көздерін авариялық өшіру, іздестіру, адамдарды құтқару, оларға көмек көрсету және көшіру бойынша бірінші кезекті жұмыстар.

Авариялық - құтқару күштері - ТЖ аймағында минималды қысқа уақыт ішінде құтқару және шұғыл жұмыстарды жүзеге асыруға арналған күштер.

Авариялық - құтқару құрамалары - негізінен арнаулы техникамен, жабдықтармен, құралдармен, аспаптармен, материалдармен және кинологиялық қызметімен қамтамасыз етілген жарақтандырылған құтқарушылар бөлімшелері құрайтын, құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған дербес немесе авариялық - құтқару қызметінің құрамына енетін құрылым.

Авариялық - құтқару құралдары - техникалық, ғылыми - техникалық және зияткерлік өнім, оның ішінде байланыс пен басқарудың мамандандырылған құралдары, құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстардың технологиясы жөніндегі техника, жабдықтар, құралдар, мүлік пен материалдар, әдістемелік, бейне - кино - фотоматериалдар, сондай - ақ электронды есептеу машиналарына арналған бағдарламалық деректер базасы және құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған өзге құралдар.

Артерия - қанды жүректен барлық органдар мен ұлпаларға тарататын қантамыры.

Аусыл - адамға да жұғатын, малдардың жұқпалы ауруы.

Ауытқу - нормадан ауытқу.

Афтершоктар - жер сілкінісінің негізгі дүмпуілінен кейінгі жерасты дүмпуілі.

Әлсіздік - ағзаның жалпы әлсіз жағдайы.

Әсер - сезімдік елегізу.

Әуе апаты - әуе техникасының апаты.

Әуелетті қауіпті нысан - авария болуы мүмкін нысан.

Бағдар - орнын анықтау.

Бағыт-бағдар - қоршаған заттар мен көкжиектің жақтарына қатысты орынды анықтау.

Байдарка - жіңішке, жеңіл қайық.

Барлау - жергілікті ТЖ аймағын алдын ала тексеру.

Барометр - атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал.

Баспахана - картада масштабпен сәйкес жергілікті жердің көрінісі.

Баспаханалық карта - жергілікті жердің толық картасы.

Басқару пункті - ТЖ жою күштері мен құралдарын басқаруға арналған көліктік құрал немесе жабдықталған инженерлік ғимарат.

Батометр - судың берілген тереңдіктен сынамасын алуға арналған құрал.

Батпақ - тоған түбіндегі жабысқақ тұнба.

Бахилдар - қардан, ылғалдан корғау және аяқты жылылауға арналған аяқ киімнің сыртынан киілетін маталы құндақ.

Бейімделу - ағзаның өзгеріске бейімделуі.

Бекітпе тіреуіш - ғимарат бөліктерінің тұрақты болуына арналған білеу.

Белгі - орнын анықтайтын нәрсе.

Бивак (бивуак) - демалыс немесе түнеуге арналған орын.

Биологиялық қауіпсіздік - биологиялық - әлеуметтік ТЖ көздерін
туғызатын қауіптен халықтың, шаруашылық нысанының, өсімдіктердің, қоршаған ортаның қорғаныс жағдайы.

Биіктік - тік бойымен қашықтық.

Биіктік өлшеуіш - биіктікті өлшеуге арналған құрал.

Боран - қарлы дауыл, аяз, қарлы боран, бұрқасын.

Бөгет - су қоймаларында су деңгейін көтеруге арналған гидродинамикалық ғимарат.

Бөгетше - су массасын қоршауға арналған гидротехникалық құрылыс.

Буын - сүйектердің қозғалыстағы байланысы.

Бұрқасын - қардың қатты желмен жер бетімен өтуі, борасын.

Бұршақ - мұзды шар түріндегі атмосфералық жауын-шашын.

Бұлақ - жер түбінен шығатын су көзі.

Газқағар - газ бен түтіннен қорғайтын құрал.

Гидрокостюм - су өткізбейтін киім.

Гидросфера - жердің су қабаты.

Дауыл - қатты қиратушы жел.

Дабыл - қауіп туралы дабыл, мазасыздану, алаңдау.

Дегазация - қатты әсер ететін улы заттарды жою немесе бейтараптау.

Дезактивация - радиоактивті заттарды жою.

Дезинсекция - зиянкестерді жою.

Дезинфекция - жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жою.

Депрессия - түңілу, психологиялық жағдай.

Дератизация - кеміргіштерді жою.

Дертке шалдығу - қандай да бір аурудың таралу деңгейін сипаттайтын көрсеткіш.

Дефляция - құм немесе топырақ бөлігінің желмен үрленуі.

Диагностика - зардап шегушінің, аурудың жағдайын анықтау.

Дозиметрикалық бақылау - радиоактивті сәулелену дозасын анықтау.

Дүлей зілзала - ТЖ пайда болған зілзала.

Дүлей зілзала - бірден елеулі адамның тіршілігін бұзып, үлкен материалдық құндылықтарды жояды, сонымен қатар адамдардың қаза табуына, жануарлардың өлуіне әкелетін кенеттен пайда болатын табиғи құбылыс.

Дюльфер - адамның өз еркімен арқан арқылы биіктіктен жылдам түсуі.

Ентігу - жиіленген және қиналып тыныс алу.

Естен тану - қысқа мерзімде кенеттен естен тану.

Жайылма - су басу кезінде толған орын.

Жансыздандыру - ауырсынуды басу.

Жобалық өнеркәсіптік авария - бастапқы және ақырғы жағдайы жобамен белгіленген және белгіленген шектермен авария салдарының шектеуін қамтамасыз ететін, қауіпсіздік жүйесі қарастырылған өнеркәсіптік авария.

Жобадан тыс өнеркәсіптік авария - жобалық авария үшін ескерілмеген бастапқы жағдай тудыратын және жобалық авариялармен салыстырғанда қауіпсіздік жүйесінің тоқтап қалуымен және персоналдың қате шешімдерді іске асырумен қоса жүретін, ауыр салдарларға алып келетін өнеркәсіптік авария.

Жел - ауаның қозғалысы.

Жел кестесі - берілген жерде желдің жылдамдығы мен бағыты.

Жер сілкінісі - жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы.

Жер сілкінісінің кіндігі - жер сілкінісі ошағының үстінде орналасқан жер бетінің аймағы.

Жер сілкінісінің ішкі кіндігі - жер сілкінісі басталған (пайда болған), жер тереңдігіндегі орын.

Жер сілкінісінің ошағы - адамдардың, жануарлардың, өсімдіктердің зақымдануы, шаруашылық нысандарының қирауы немесе шектен тыс қаза табулар болған шектелген аймақ.

Залалсыздандыру - аумақтың, нысанның, судың, өнімдер, жемшөптердің зақымдануы мен ластануын шекті рұксат нормаға дейін азайту.

Зақымдану аймағы - белгілі уақыт ішінде адамдарға, ауылшаруашылық малдарына және өсімдіктерге қауіп келтіретін мөлшерде аумағында химиялық заттар таратылған немесе қауіпті химиялық және биологиялық заттар енгізілген территория немесе аймақ.

Зембіл - адамдарды, ауырлықтарды тасымалдауға арналған жабдық.

Зілзала - ТЖ пайда болуына әкеп соққан зілзала.

Зілзала аймағы - ТЖ зардабын жою үшін қосымша және шұғыл көрсетілетін көмекті қажет ететін ТЖ аймағының бөлігі.

Имек темір - сырғанақ бет бойымен қозғалысты жеңілдету үшін аяқ киімге киілетін, металл жабдық.

Инсульт - ми қан айналымының бұзылуы.

Интоксикация - ағзаның улы заттармен улануы.

Инфаркт - күре тамырдың түйілуі немесе тығындалуы кезінде қан ағысының тоқтауы.

Инфекция - ағзаның ауру тудыратын микробтармен зақымдануы.

Инъекция - дәрілік ерітінділерді енгізу.

Иприт - іріңдеумен сипатталатын улағыш зат.

Қазба - пайдалы қазбаларды ашық түрде өңдеу орны.

Қайнар - су бұлағы басталатын орын, аймақ.

Қантамыр - ең жіңішке қан тамыры.

Қар көшкіні - қар массасының тау беткейімен төмен қарай жылжуы.

Қатты ағыс - өзеннің қатты ағысы.

Қатты әсер ететін улы заттар (ҚӘУЗ) - адам ағзасын зақымдайтын, улы зат.

Қауіпсіздік - адамға қауіп төнбей тұрған жағдай.

Қауіпті табиғи құбылыс - қарқындылығы, көлемі, жалғасуы мен кері әсер ету мүмкіндігі бар табиғи сипаттағы жағдай.

Қауіпті заттың мүмкін шекті ңоспасы -- адаммен үнемі қарым-қатынас кезіндегі немесе белгілі бір уақыт аралығында оған әсер еткендегі адамның денсаулығына әсер етпейтін және жағымсыз салдары болмайтын аудан бірлігімен немесе салмақпен өлшенетін топырақтағы, ауалы немесе сулы ортадағы, азық - түліктегі, шикізаттардағы қауіпті заттардың максималды саны.

Қашықтық өлшеуіш - қашықтықты анықтауға арналған құрал.

Қолқа - басты қантамыр артериясы.

Қопарушы (пиротехник) - жару жұмыстары бойынша маман.

Құйын - ауаның, тік немесе көлбеу ось бойымен айналып қозғалатын атмосфералық құрылуы.

Құтқарушы - құтқару және шұғыл жұмыстарын жүргізуге арнайы дайындықтан және аттестациядан (қайта аттестацияланған) өткен азамат.

Құтқару жилеті - өзін-өзі сақтандырудың жеке құралы.

Құтқару жұмыстары - ТЖ болған аймақта адамдарды, материалдық және мәдени құндылықтарды аман алып қалу бойынша іс-әрекет, қоршаған ортаны қорғау, ТЖ жою немесе оның қауіпті факторларының әсерін мүмкіндігінше аз деңгейге түсіру.

Қырау - суық бетте ылғал конденсация әсерімен түзілген жұқа қарлы қабат.

Қысқы жол -- қар үстімен жасалған жол.

Қышқыл - белсенді, қауіпті химиялық қатынас.

Карантин - толық оқшаулау, инфекциялық ошақты тоқтату және жою.

Катаклизм - шұғыл бет бұрыс, қиратушы өзгеріс, апат.

Катамаран - екі корпусы бар кеме.

Керогаз - жылытатын керосинді құрал.

Климат - белгілі бір аймаққа сай метео жағдай.

Код - шартты белгілер мен дабылдардың жүйесі.

Контейнер - ораусыз жүктерді тасымалдауға арналған ыдыс.

Көшіп-қону - адамдардың, жануарлардың орын ауыстыруы.

Көшіру - адамдардың ұйымдастырылған түрде қауіпті аймақтан шығару.

Киіз үй - киіз және баска да жеңіл матералдардан тұратын конус тәрізді жылжымалы үй.

Күрке - сырғауыл ағаштан салынған, бұтақшалар, сабан және шөптермен жабылған құрылыс.

Лагерь - уақытша тұрақ.

Лаз - өрмелеуге арналған тар саңылау.

Мұзжарғыш - тауларда жүру кезінде қолданылатын сайман.

Мұзқұрсау - тоғандарда судың қатуы.

Мұз шоқы - мұз кесегі.

Манометр - қысымды өлшейтін құрал.

Масштаб - картада (сызбада) шынайы көлемге сызықтардың ұзындығының қатынасы.

Метеорология - атмосфераның физикалық жағдайы туралы ғылым.

Меридиан - экватордың тік бұрышын қиып өтетін және Жердің полюсі арқылы өтетін, шеңбер сызық.

Мертігу - дененің ауыр зақымдануы.

Наркоз -- жасанды естен тандыру.

Нарт - ұзын, жіңішке шана.

Невроз - орталық жүйке жүйесінің ауруы.

Оба - жұқпалы инфекциялық ауру.

Обсервация - күшейтілген медициналық бақылаумен шектелген режим.

Опырылым - бөлінген массаның құлауы.

Орман күзеті - орманды күзетуге арналған арнайы қызмет.

Өзенаралық - екі өзен арасындағы жер.

Өлім-жітім - індет кезінде жануарлардың жаппай қырылуы.

Өнеркәсіптік авария - техникалық жүйеде немесе өнеркәсіптік қондырғыда орын алған өнеркәсіптік нысандағы авария.

Өнеркәсіптік апат - адамдардың құрбандығына алып келген, адамдардың денсаулығына нұқсан келтірген және нысандардың, айтарлықтай мөлшерде материалдық құндылықтардың жойылуына, сондай - ақ қоршаған табиғи ортаға айтарлықтай шығын келтірген ірі өнеркәсіптік апат.

Өрмелеуші - биікте жұмыс істейтін адам.

Өрт - адамдардың, жануарлардың қаза болуына және материалдық құндылықтардың жойылуына алып келетін, бақылаусыз жану.

Өрт қауіпсіздігі - өрттің пайда болу мүмкіндігі.

Өрт сөндіруші - өрт күзетінің (команданың) қызметкері.

Өткел - тоған, көл, өзендердің ұсақ орындары.

Пал - дала немесе орман өрті.

Панахана - адамдардың жасырынуына арналған кешенді инженерлік қорғаныс ғимараты.

Пандемия - адамдардың жаппай жұқпалы ауруы.

Панзоотия - малдардың жаппай жұқпалы ауруы.

Панфитотия - өсімдіктер мен зиянкестердің жаппай ауруы.

Пеленг - бақылап отырған зат пен компас бағдар арасындағы бұрыш.

Перископ - паналау орнынан бақылауға арналған құрал.

Пирология - орман өрттері туралы ғылым.

Планшет - карта және құжаттарды алып жүруге арналған сөмке.

Пласт - шөгінді қабаттың тығыз тасындылары.

Полигон - сынақтар жүргізуге арналған жер учаскесі.

Профилактика - алдын алу шараларының жиынтығы.

Пульс - қан тамырларында білінетін жүрек қағысы.

Радиация - бір денеден келіп жатқан сәулелену.

Радиоактивті ластану - атмосферда, суда, жерде радиоактивті заттардың болуы.

Радиоактивтілік - белсенді радиосәуле шығаруы мен атомдық ядроларының ыдырауы.

Радиофобия - радиациялық залалданудан үрейлену.

Радиациялық авария - аталған нысанды қалыпты пайдалану жобасымен алдын ала көрсетілген шекарасынан радиоактивті заттар және ионизациялаушы сәулелердің шығуы мен төгілуіне алып келетін, мөлшері пайдалану қауіпсіздігінің белгіленген шегінен асатын, радиациялы - қауіпті нысандағы авария.

Радиоактивті ластану - жер үстінің, атмосфераның, судың болмаса азық - түліктің, тағамдық шикізаттың және әртүрлі заттардың радиациялық қауіпсіздік және радиоактивті заттармен жұмыс істеу ережелеріндегі бекітілген шама денгейінен асатын мөлшердегі радиоактивті заттармен ластануы.

Радиациялы қауіпті нысан - радиоактивті заттарды сақтайтын, өңдейтін, пайдаланатын немесе тасымалдайтын нысан. Ондағы авария немесе оның қирауы кезінде адамдарды, ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктерінің, шаруашылық нысандарының, сондай-ақ қоршаған табиғи ортаның иондаушы сәулелермен сәулеленуі немесе ластануы болуы мүмкін.

Радиоактивті ластану аймагы - аймағында радиоактивті ластануы бар территория немесе аймақ.

Радиациялық қоргау режимі - иондаушы сәулелердің адамдарға әсерін төмендету мүмкіндігі мақсатыңда радиоактивті ластану аймағындағы қорғаудың әдістері мен тәсілдерін пайдалану және халықтың іс - әрекетінің тәртібі.

Радиациялық бақылау - радиоактивті заттармен иондаушы заттардың басқа да көздерімен жұмыс кезіндегі радиациялық қауіпсіздікті және санитарлы ережелердің нормаларын сақтауды қадағалау, сондай-ақ адамдардың сәулелену деңгейі және нысандағы және қоршаған ортадағы радиациялық жағдай жөнінде хабарлама алу.

Рация - тасымалдауыш радиостанция.

Реанимация - ағзаның клиникалық өлім кезеңінде қайта тірілуі.

Сал - бірнеше қатарға бекітілген бөрене.

Санитар - кіші лауазымды медициналық қызметкер.

Санитарлық тазарту - адам бойынан зақымданған тері және шырышты қабықтарын механикалық тазалау мен жуу, сонымен қатар ТЖаймағынан шыққан кезде олардың аяқ киімдері мен киімдерін залалсыздандыру.

Сәулелену - тірі ағзаларға радиоактивті сәулелердің әсер етуі.

Сел - лай - тасты қатты ағын.

Сейсмология - жер бетінің тербелісін зерттейтін геофизика ғылымының бөлігі.

Смог - ауаның қатты ластануы.

Спазм - бұлшықеттердің жиырылуы, тырыспа.

Су басу - ғимараттың астыңғы бөлігіне судың кіруі.

Судың көтерілу жылдамдығы - су басу кезінде су деңгейінің көтерілуі.

Су басу алаңы - су басқан аймақ.

Су қойма - суды сақтауға арналған жасанды су қоймасы.

Су тасқыны - қардың еруі немесе жауын-шашын кезіндегі өзендерде су деңгейінің көтерілуі.

Сүңгуір адам - су астында жұмыс істейтін адам.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың аймағы - төтенше жағдай ошағының пайда болу нәтижесінде немесе басқа аудандардан табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар пайда болған, оның зардаптары таралғаны болып табылады.

Төтенше жағдай (ТЖ) - адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші нысандарға нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшырататын, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай.

ТЖ аймағы - ТЖ пайда болған белгілі бір аймақ.

ТЖ аймағында халықты қорғау - адамдардың қаза болуын төмендету немесе алдын алуға бағытталған шаралар.

ТЖ қауіптілік - ТЖ аймағында қауіптіліктің пайда болуы мүмкін немесе сол кезде болған жағдай.

ТЖ аймағындағы жұмыстарға арналған техникалық құралдардың кешені - ТЖ аймағында жұмыстар жүргізу үшін арналған негізгі және қосымша техникалық құралдар.

ТЖ жою - ТЖ пайда болған кезде және адамдардың денсаулығын сақтау және өмірін қорғауға, материалдық шығыңдардың көлемін азайтуға, сонымен қатар ТЖ аймағын жоюға бағытталған құтқару, авариялық-қалпына келтіру және басқа да шұғыл жүргізілетін жұмыстар.

ТЖ ошағы - нәтижесінде ТЖ пайда болу қауіпі бар қауіпті табиғи немесе техногендік құбылыс.

ТЖ қауіпсіздігі - ТЖ қаупінен халықтың, шаруашылық нысанының, өсімдіктердің, қоршаған ортаның қорғаныс жағдайы.

ТЖМЖ - ның күштері мен құралдары (төтенше жағдайды ескерту және жоюдың мемлекеттік жүйесі) - төтенше жағдайдың алдын алу және жою үшін арналған күштері мен құралдары.

Дәріс №1. Кіріспе
Жалпы сұрақтар

1. Курстың мазмұны.
2. Курстың негізгі себептері, маман дайындаудағы ролі.
3. Заңнамалық актілер мен ережелер. Түсініктер және анықтамалар.

Курстың мазмұны. Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері - адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасы мен оны қорғауға, төтенше жағдайларда шаруашылық обьектілерінің тұрақты жұмыс істеуіне, табиғи және техногендік сипатты төтенше жағдайлардың салдарын ескерту мен жоюға, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуына бағытталған шаралар кешені. Сонымен қатар, тіршілік қауіпсіздігінің негіздері - төтенше жағдай кезінде шаруашылық нысандарының тұрақты жұмыс істеуін, адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қатынысы әдістерін, қазіргі заманғы зақымдау құралдарының қолданылуы және табиғи, техногенді ТЖ салдарын жою және ескерту сұрақтарын оқытатын жоғары мектеп курсы.
Пәнді оқыту барысында келесі сұрақтар қарастырылады: Өмір сүру ортасының жағдайы және жағымсыз факторлары; адамның өмір сүру ортасымен қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету принцптері; техникалық ортамен процестердің қауіпсіздігін жоғарлату, зиянды және зақымдаушы факторлармен зақымдалған адамның анатомиялық-физиологиялық салдары, оларды идентификациялау принцптері; ТЖ кезіндегі шаруашылық нысандарының тұрақты жұмыс істеуін зерттеу әдістері; ТЖ және олардың салдарын болжау; ТЖ кезінде шаруашылық нысандарының өндірістік қызметкерлерін және халықты қорғау шараларын жасау; ТЖ салдарын жою; тіршілік қауіпсіздігінің нормативті техникалық және ұйымдастыру негіздері.
Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері курсының мақсаты: болашақ мамандарды өмір сүрудің қауіпсіз және зиянсыз жағдайын құру үшін қажетті теориялық біліммен және тәжірибелік дағдылармен қаруландыру; төтенше жағдай кезінде мүмкін болатын апаттар, табиғи қасіреттердің зардаптарын жою барысында халықты, өндіріс мамандарын және ауылшаруашылық объектілерін қорғау жөнінде бағдар алу және сауатты шешім қабылдап, қорғаныс құралдарын пайдалана білуге үйрету.
Курс бойынша шешілетін міндеттер мынадай талаптармен анықталады: студенттер бейбітшілік және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда құтқару жұмыстарын өткізу тәртібін дұрыс меңгеру және авария, апаттар, табиғи қасіреттердің зардаптарын жою барысында алғашқы көмек көрсетуге арналған құрал жабдықтарды дұрыс қолдана білу.
Студент курстың соңында төтенше жағдайларда құтқару жұмыстарын өткізу тәртібін дұрыс меңгеру керек; тері қабатын, тыныс алу жүйелерін қорғауға арналған құрал - жабдықтарды дұрыс пайдалана білу. Төтенше жағдайларда, апаттар, табиғи қасіреттердің зардаптары кезінде сауатты шешім қабылдауы қажет.

Курстың негізгі себептері, маман дайындаудағы ролі.
Болашақтағы мамандарға қауіпсіз және зиянсыз жағдайдағы тіршілік әрекетін құру үшін қажетті теориялық және тәжірибелік дағдыларды үйрету; қауіпсіздік бойынша қазіргі заман талаптарына сай технологиялық процестер мен жаңа техниканы жобалау; студенттерге соғыс және бейбіт уақыттағы төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттерді, халықты қорғау әдістерін, қазіргі заманғы зақымдау құралдарының қолдану кезінде, табиғи апаттар, авариялар салдарын жою кезіндегі құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу негіздерін оқыту; зақымдау ошағына сипаттама беру; құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу негіздерін анықтау; ТЖ салдарынан халықты қорғау әдістеріне сипаттама беру; химиялық және радиациялық барлау құралдарымен таныстыру және олардың жұмыс істеу тәртібі мен таныстыру.
Тіршілік қауіпсіздігі негіздері пәні қауіпсіздікті қамтамасыз етудің теориялық және практикалық негіздерін білетін, қауіптілікті тани және бағалай білетін, олардан сенімді қорғау тәсілдерін анықтай және жүзеге асыра білетін, басты принцптер-ғылыми ізденіс, жобалық-конструкторлық әзірлемелер, өндірісті ұйымдастыру және басқару облысында кез-келген техникалық міндеттерді шешу кезінде қауіпсіздік басымдылықтарының сөзсіздігін терең сезетін, жас мамандарды дайындау.

Пәнді оқу нәтижесінде студент білуі қажет. Адамның мекендеу ортасының жағымсыз факторлары, олардың әсер ету салдары, оларды сәйкестендіру және адамдарды қорғауды қамтамасыз ету принцптері, нысандардың жұмыс істеуінің тұрақтылығын арттыруды зерттеу әдістері, ТЖ болжау және апаттардың, табиғи апаттардың салдарын жоюға әзірлігін анықтайтын модельдерді әзірлеу туралы түсінігі болуы қажет;
ҚР негізгі заңдарын және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау облысындағы нормативтік заңдарды; зиянды және зақымдаушы факторлардың адам үшін анатомия-физиологиялық салдарын, қорғау тәсілдерін; ТЖ дағы шаруашылық нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру жолдары мен тәсілдерін; төтенше жағдайларды болжау және олардың салдарын жою әдістерін білу керек; Қауіпсіздік пен экологиялықты арттыру бойынша шараларды әзірлеу, құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға қатысуды жасай білулері керек;
Қауіпсіздік облысында, әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану, жалпы кәсіптік және арнайы ғылымдар, ойлау мәдениеті және өзінің кәсіптік қызметінің нәтижелерін баяндау облысында білім мен ілімді тиімді пайдалану дағдылары болуы керек;
Заңды және нормативтік - құқықтық база, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау облысында техникалық және жобалық құжаттаманы құрастыру мәселелерінде құзыретті болу керек.

Заңнамалық актілер мен ережелер. Түсініктер және анықтамалар
АҚ және ТЖ саласындағы Заңдар. Осы Заң Қазақстан Республикасында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бойынша қоғамдық қатынастарды реттейді (қазақ және орыс тілдерінде, көлемі - 176 бет). Мазмұны: Қазақстан Республикасының Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы Заңы
Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс туралы Заңы
Қазақстан Республикасының Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылар мәртебесі туралы Заңы
Қазақстан Республикасының Өрт қауіпсіздігі туралы Заңы
Қазақстан Республикасының Өндірістік қауіпті нысандардағы өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы Заңы
Қазақстан Республикасының Терроризммен күрес туралы Заңы
Қазақстан Республикасының Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы Заңы
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар туралы Заңы
Қазақстан Республикасының Әскери жағдайлар туралы Заңы
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мен қорғаныс туралы Заңы
Түсініктер және анықтамаларға тоқталсақ, Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашлық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апатсалдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді. Табиғи сипаттағы ТЖ - дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар. Техногендік сипаттағы ТЖ - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ. Төтенше жағдай аймағы бұл ТЖ туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ таралу аумағына және келтірген нұқсанның көлеміне қарай, объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық болып бөлінеді.

Авария бұл технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың бұзылуы.

Зілзала бұл ТЖ-дың пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс.

Дүлей зілзала - ТЖ-дың пайда болуына әкеп соғатын зілзала.

Апат - аймақтық және ірі ауқымды ТЖ пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс.

ТЖ-дың алдын алу - алдын ала жүргізілетін және ТЖ пайда болу қатерін мүмкін болғанынша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге арналған шаралар кешені.

Төтенше жағдайлардын алдын алу - адамдардың өмірі мен денсаулықтарын сақтау, материалдық шығындардың көлемін азайту, төтенше жағдайлардың пайда болуын едәуір төмендетуге бағытталған және алдын ала жүргізілетін кешеңдік шаралар.

Төтенше жағдайды жою - төтенше жағдай пайда болған жағдайда адамдардың өмірі мен денсаулықтарын сақтау, материалдық шығындардың көлемін азайту үшін, сонымен қатар төтенше жағдайлардың аумағын жоюға бағытталған құтқару, авариялық - қалпына келтіру және басқа да шұғыл жұмыстар.

Өзін өзі тексеру сұрақтары

1. Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері курсының мақсаты
2. ҚР негізгі заңдары, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау облысындағы нормативтік заңдар
3. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ саласындағы қорғану шаралары

Дәріс №2. Тіршілікті қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық және теориялық негіздері
Жалпы сұрақтар

1.
АҚ ұйымдастыру және жүргізу - мемлекеттің маңызды қызметтерінің бірі, қорғаныс құрылысының құрама бөлігі, ел қауіпсіздігінің элементі.
2.
ҚР ТЖ министрлігінің ролі, негізгі міндеттері мен ұйымдастырушы құрылымы.
АҚ ұйымдастыру және жүргізу - мемлекеттің маңызды қызметтерінің бірі, қорғаныс құрылысының құрама бөлігі, ел қауіпсіздігінің элементі.
Халықтың Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардағы іс-қимылы жөніндегі міндеттемелері. Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысы халық пен республика экономикасын зілзаладан, ірі авариялардан, апаттардан, осы заманғы зақымдау құралдарының қолдануынан қорғау және төтенше жағдайлардың пайда болу аудандары мен зақымдау ошақтарындағы басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар жөніндегі мемлекеттік шаралардың құрамдас бөлігі болып табылады.
Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргізу- мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі, оның қорғаныс шараларын қамтамасыз ету құрылымдарының құрамдас бөлігі.
Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі Азаматтық қорғаныс туралы 1997 жылғы 7 мамырдағы ҚР заңымен белгіленген.
Азаматтық қорғаныс - бұл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және халықты, ұйымдар мен ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларының ықпалынан, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиыны.
Қазіргі уақытта Азаматтық қорғаныс мәселелері мына деңгейде шешіледі:

Республикалық деңгейде- - республикалық Үкімет, орталық атқарушы органдар мемлекеттік бағдарламаларды, Азаматтық қорғанысты дамыту мен жетілдірудің негізгі бағыттарын, оны қаржыландыру және материалдық қамтамасыздандыру тәртібін, соғыс қауіпі мен төтенше жағдайлар кезіндегі Азаматтық қорғаныс жүйесінің жұмыс істеу тәртібін белгілейді.
Азаматтық қорғанысқа тікелей басшылықты Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі жүргізеді.

Жергілікті деңгейде- жергілікті өкілді және атқарушы органдар ведомствлық бағыныстағы аумақта Азаматтық қорғанысқа басшылық етеді, ұйымдардың Азаматтық қорғаныс шараларын орындауынұйымдастырады. Хабарландыру құралдарын, басқару нүктелерін тұрақты дайындықта ұстайды. Азаматтық қорғаныс мүлігін, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын жинауды, сақтауды ұйымдастырады, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан сақтандыру шараларын, авариялық құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастырып өткізеді.
Азаматтық қорғаныста табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар ерекше орын алады. Қазақстан Республикасы үшін іс-жүзінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың көпшілі тән.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан жер сілкінісі, селді, сырғымаларды, тасқынды, боранды, қума желді, қатты аязды, орман және дала өртін, құрғақшылықты және басқаларды атап өтуге болады.
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар арасынан халықтың тығыздығы жоғары қалаларда, өнеркәсіпорталықтарында, көлік коммуникацияларында, газ және мұнай құбырларында, тіршілік және коммуналдық объектілерінде, радиациялық қауіпті объектілерде (республикада 100-ден астам радиациалық қауіпті объекті және 100 мыңға жуық бета, гамма, рентгендік жіне нейтрондық сәулеге ұшырататын радиоактивті көздер бар) өндіріс пен тұрғын үй секторында болатын өрттер ерекше қауіпті.
Халық пен ұйымдарды қорғау Азаматтық қорғаныстың басты міндеті және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылған кезде және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда залалды азайту үшін аумақтар мен ұйымдарды дер кезінде әзірлеу арқылы әртүрлі әдістермен жүзеге асырылады.
Азаматтық қорғаныстың негізгі мңіндеттері мыналар:

*
Басқару, хабарлау және байланыс жүйелерін тұрақты дайындықта болуын ұйымдастыру, дамыту және қолдау;
*
Төтенше жағдайлар кезінде Азаматтық қорғаныс күштерін құру, оларды іс-әрекеттерге даярлау және тұрақты дайындықта ұстау;
*
Орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерін даярлау және халықты оқыту;
*
Радиациялық, химиялық, бактериологиялық ахуалды қадағалау және лабораториялық бақылау;
*
АҚ құрамалары жауынгерлерінің жұмылдырушылық даярлығын қамсыздандыру;
*
Қорғаныс ғимараттарының, жеке қорғаныс құралдарының және артық қорын, Азаматтық қорғаныстың басқа мүлігін жинау және әзірлікте ұстау;
*
Халыққа, орталық және атқарушы органдарға адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген қаіп пен қалыптасқан жағдайдағы іс-әрекет тіәртібі туралы хабарлау; іздеу-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу, зардап шеккен халықтың тіршілігін және оны қауіпті аймақтан көшіруді ұйымдастыру;
*
Азық-түлікті, суды, хайуанаттар мен өсімдіктерді радиоактивтік, бактериологиялық зақымданудан сақтау.

Азаматтық қорғаныс шараларын орындауды қамтамасыз ету үшін мынандай органдар құрылады:

*
ҚР ТЖ жөніндегі Агенттігі және олардың құрылымдық аумақтық органдары;
*
Орталық және жергілікті атқарушы органдарда АҚ басқармалары, бөлімдері;

АҚ құрамалары бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдай қауіпі туындаған кезде құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізеді. АҚ құрамалары аумақтық-өндірістік принцп бойынша облыстарда, қалаларда, аудандар мен ұйымдарда меншіктік нысанына қарамастан құрылады, аумақтық және объектілік болып бөлінеді. АҚ аумақтық құрылымдары облыс, қала, аудан әкімдерінің шешімдерімен, ал объектілік құрылымдар ұйымдардың АҚ басшыларының бұйрықтарымен құрылады.
АҚ объектілік құрамаларына:
Барлаушы буын;
*
Құтқару командасы;
*
Инженерлік команда;
*
Санитарлықдружина;
*
Қорғаныс ғимараттарын залалсыздандыру жөніндегі топ;
*
өрт сөндіру командасы;
*
байланыс командасы; қоғамдық тәртіпті қорғау командасы;
*
жануарлар мен өсімдіктерді қорғау командасы және т.б кіреді.

Республикамыздың әрбір азаматы АҚ пен ТЖ шараларын өткізуге белсенді қатысуға міндетті. Халықты АҚ міндеттерін іске асыруға және тосын жағдайлардағы сауатты іс-әрекеттерге даярлау кешенді шаралардан тұрады. Олардың ішінде халықты тікелей қорғауға бағытталған ең маңыздылардың бірі халықты қорғаныс пен өз-өзіне көмек көрсетуге және көмек шараларына, құтқару мен зақымдалу ошақтарындағы кезек күттірмейтін жұмыстарға және зілзала, авариялар мен апаттар салдарын жоюға үйрету болып табылады.
Халықтың Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттер жөніндегі міндеттері қандай?

Біріншіден, АҚ пен ТЖ саласындағы ҚР заңдарын мүлтіксіз орындауға тиіс. Азаматтық қорғаныс туралы ҚР заңы бойынша азаматтар заңда белгіленген тәртіппен соғыс уақытында және ТЖ АҚ міндеттерін орындау үшін өзінің жеке көлік құралдарын, аспаптарымен қондырғыларын беруге міндетті. Азаматтар тиісті органдарға төтенше жағдайлардың тууына алып келуімүмкін апаттар қаупі туралы хабарлауға міндетті.

Екіншіден, халық АҚ пен ТЖ бойынша қажетті білімдер мен практикалық дағдыларды игеруге, АҚ шараларына қатысуға және орындауға міндетті. Осындай білімдер мен дағдылардың жиыны АҚ пен ТЖ мәселелері бойынша халықты оқыту бағдарламасында белгіленген. Әрбір азамат Баршаның назарына дабылы бойынша іс-әрекеттер тәртібін, қорғаныстың ұжымдық және жеке құралдарын пайдалану тәртібін, зардап шегушіге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету әдісі мен қорғаныс тәсілін білуге және орындауға міндетті. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ҚР заңында азаматтардың төтенше жағдайлар салдарын жою жөніндегі өткізілген жаттығуларға қатысу, халықты қорғау құралдарына, қоршаған ортамен ұйымдарға мұқият қарау міндеті айтылған.

Үшіншіден, ересек халықтың басты міндеттерінің бірі балаларды қорғау. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға тосын жағдайларда өзін-өзі ұстау тәртібі туралы айтылып, ал оқушылар сабақ барысында тіршілік қауіпсіздігі негіздерімен танысса да, бұл ересектерді балаларды қорғау жөніндегі міндеттерден босатпайды.
Жоғарыда тізбеленгендер халықтың АҚ пен ТЖ іс-әрекеттері бойынша негізгі міндеттері ғана, осы және басқа да міндеттерді мүлтіксіз және дәл орындау АҚ нығайтуға ТЖ санын төмендетуге ықпал ететін болады.

Дәріс №3. Төтенше жағдайлар
Жалпы сұрақтар

1. ТЖ негізгі ұғымдары мен анықтамалары.
2. Бейбіт және соғыс уақыттағы төтенше жағдайлар
3. Техногенді сипатты ТЖ көздерін зақымдайтын факторлар, ТЖ даму фазалары.
4. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың классификациясы

Бейбіт және соғыс уақыттағы төтенше жағдайлар. ТЖ негізгі ұғымдары мен анықтамалары.

Төтенше жағдай - белгілі бір аумақтағы апаттан адамдардың өлімі, олардың денсаулығына тигізген әсері қоршаған ортаға және халық шаруашылығы объектісі мен материалдық шығын және елді-мекен жағдайының нашарлауы (ҚР Азаматтық қорғаныс Заңының табиғи және техногендік характері 1 бап).
Төтенше жағдайлар себеп-салдарына байланысты мынадай классификацияға бөлінеді:
Табиғи (жер сілкіну, сел, көшкін, су тасқыны, табиғи өрт, эпидемия, ауылшаруашылық өсімдіктер мен орманның зиянкестермен аурумен бүлінуі).
Техногендік (өнеркәсіптік, транспорттық т.,б. апаттар, өрт, жарылыс, ӘКУЗ, РВ,БОВ тастандылары, ғымаратта мен құрылыстардың бүлінуі, өмірді қамтамасыз етіп отырған объектілердегі апаттар, плотиналардың бүлінуі).

Табиғи және техногеңдік сипаттағы төтенше жағдайлар нысандық болады, егер авария, зілзала немесе апат салдарынан төтенше жағдай аймағы өндірістік немесе әлеуметтік нысан аумағынан шықпаса, сонымен қатар келесі зардаптар пайда болып немесе пайда болуы мүмкін:

*
қаза тапқандар саны 5 тен 10 адамға дейін;
*
тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің бұзылуы 50 ден 100 адамға дейін;

Төтенше жағдайлар жергілікті болады, егер авария, зілзала немесе апат салдарынан төтенше жағдай аймағы өңдірістік немесе әлеуметтік нысан аумағынан шықса және облыстың екі ауданына тараса, сонымен қатар келесі зардаптар пайда болып немесе пайда болуы мүмкін:

*
қаза тапқандар саны 10 тен 50 адамға дейін;
*
тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің бұзылуы 100 ден 500 адамға дейін;

Төтенше жағдайлар аймактық болады, егер авария, зілзала немесе апат салдарынан төтенше жағдай аймағы өндірістік немесе әлеуметтік нысан аумағынан шықса және облыстың кем дегеңде үш ауданына тараса немесе ҚР екі облысының аймағында пайда болса, сонымен қатар келесі зардаптар пайда болып немесе пайда болуы мүмкін:

*
қаза тапқандар саны 50 ден 200 адамға дейін;
*
тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің бұзылуы 500 ден 1500 адамға дейін;

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар барынша ауқымды болады, егер авария, зілзала немесе апат салдарынан төтенше жағдай ҚР үш және одан да көп облыстарының аймақтарына тараса немесе көрші мемлекеттің шекарасына өтетін болса, сонымен қатар келесі зардаптар пайда болып немесе пайда болуы мүмкін:

*
қаза тапқандар саны 200 адамнан асса;
*
тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің бұзылуы 1500 адамға дейін;

Техногенді сипатты ТЖ көздерін зақымдайтын факторлар, ТЖ даму фазалары

Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар өндірістік, транспорттық және басқа да авариялардың, өрттердің (жарылыстардың), қатты әсер ететін радиоактивті және биологиялық қауіпті улы заттардың төгілуімен (төгілу қаупімен) байланысты авариялардың, ғимараттар мен құрылыстардың кенеттен құлауының, платиналардың бұзылуының, тіршілікпен қамтамасыз етудің, электро энергетикалық және коммуникациялық жүйесіндегі, тазалау құрылыстарындағы авариялардың салдарынан болуы мүмкін.

Техногенді сипаттағы төтенше жағдайдың шығу көздері - бұл қауіпті техногенді оқиға (өндірістік нысандардағы немесе транспорттағы авариялар, өрттер, жарылыстар немесе әр түрлі энергияның шығуы, өмір мен денсаулыққа қауіпті заттардың шығумен байланысты авариялар немесе олардың қаупі, ғимараттар мен құрылыстардың құлауы, тіршілікпен қамтамасыз ету жүйесіндегі авариялар) нәтижесінде белгілі бір аймақ, нысанында немесе аймақта орын алған техногенді сипаттағы төтенше жағдай.

Техногенді сипаттағы төтенше жағдай көзінің зақымдаушы факторы - бұл тиісті параметрлермен анықталатын немесе көрінетін, физикалық, химиялық және биологиялық іс-әрекеттермен немесе көріністермен сипатталатын қауіпті оқиғаның құрастырушысы.

Техногенді сипаттагы төтенше жагдай көзінің зақымдаушы ықпалы - бір немесе жиынтықты техногенді сипаттағы төтенше жағдай көзінің зақымдаушы факторының адамдардың, ауылшаруашылық малдарының өмірі мен денсаулығына және өсімдіктерге, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға жағымсыз әсер етуі.

Авария - технологиялық процесстің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтардың және құрылыстардың зақымдануы. Сонымен қатар авария-нысанда, белгілі бір аумақта немесе аймақта адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін және ғимараттардың, құрылыстардың, құрылғылар мен транспорттық құралдардың қирауын, өндірістік және транспорттық үрдістің бұзылуын, сондай-ақ қоршаған табиғи ортаға шығын келтіруді тудыратын қауіпті техногенді оқиға.

Апат - өзімен бірге аймақтық немесе ғаламдық ауқымдағы төтенше жағдайды, адам құрбандығын алып келетін ірі авария, қиратушы құбылыс.

Техногенді қауіп - нысандарды қалыпты пайдалану процессіндегі адам мен қоршаған ортаға тікелей немесе жанама зияндығы түрінде, болмаса пайда болуы кезіндегі адамға және қоршаған ортаға техногенді сиаттағы төтенше жағдай көзінің зақымдаушы әрекеті ретінде жүзеге асатын техникалық жүйесінің, өндірістік немесе транспорттық нысандарының өзіне тән ішкі жағдайы. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химиялық, мұнай химиялық, мұнай газ өндіретін кәсіпорын өнеркәсібіндегі өрттер мен жарылыстар
Соғыс және бейбіт уақытындағы жаппай зақымдау құралдарының түрлері. Транспорттагы төтенше жағдайлар. транспорттық оқиғаларды топтастыру
Транспорттагы төтенше жағдайлар.Транспорттық оқиғаларды топтастыру. Соғыс және бейбіт уақытындағы жаппай зақымдау құралдарының түрлері
Адамның мекендеу ортасының қауіптіліктері
Тіршілікті қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық және теориялық негіздері
Техногендік сипаттағы ТЖ кезінде жүргізілетін апаттық-құтқару жұмыстары
Улы заттардың ішіндегі көп кездесетіні әрі қатерлісі хлор мен аммиак
Көлік жүйесіндегі апаттар
Төтенше жағдайлар
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнама
Пәндер