Жаттығудың принциптері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Төртінші дәріс: Жеңіл атлетикаға баулудың принциптері, құралдары, әдіс-тәсілдері және типтік кезеңдері.

Дәріс жоспары

  1. Жаттығудың принциптері
  2. Жаттығудың құралдары мен әдіс-тәсілдері
  3. Жеңіл атлетика түрлерінің техникасын меңгерудегі жүйелілік
  4. Жеңіл атлетиканы игерудегі типтік кезеңдері
  1. Жаттығудың принциптері

Жеңіл атлеттің дайындығының нәтижесі, ең бірінші дұрыс құрылған оқу - жаттығу процесіне байланысты, осы процесс бірнеше қатар принциптер негізінде жүзеге асырылады. Олардың ең негізгілері- жанжақтылық, жүйелілік және біртіндуешілік, қол жетерлік, көрнекілік, саналылық және белсенділік. Осы принциптер өзара байланысты және олар оқу- жаттығу дайындықты ең орынды өткізуге мүмкіндік туғызады.

Жанжақтылық спортшының жан-жақты, үйлесімді дамуын, физикалық, адамгершілік, қайратты сапаларын қамсыздандырады. Жеңіл атлеттің жаттығуы физикалық, техникалық, теориялық және адамгершілік - қайратты дайындықтар арқасында жүзеге асады. Жанжақтылық принциптің сақталуы жас спортшының тәрбиесіне өте қажет. Болашақта балалармен жас өспірімдерге жеңіл атлетиканың таңдап алған түрде даму үшін негізі болып, күш-қуат, жылдамдық, ептілік, икемділік сияқты сапалар жан-жақты дамуы, қозғалысты үйлестіруі, организмнің функциалдық мүмкіншіліктерін толық жетілдіруі керек.

Жанжақтылық шұғылданушыларға жақсы денсаулықты алуды, бұлшық етті үйлесімді дамуына, жоғары жұмысқа қабілетілікті көтеруге болжайды. Осыған қарай жеңіл атлетика жаттығуларын көп түолі жаттығулар негізінде, әр түрлі құралдармен әдістерді қолданып өткізуі қажет.

Жүйелік және біртіндеушілік дене жаттығуларының арқасында адамның органдарымен жүйелері бірте-бірте өзгередіжәне қайта құралады. деген физиологиялық жүйеге сүйенеді.

Бұл принцип - жаттығуларды жүйелі және біртіндеушілі орындауда және жеңіл атлетика жаттығуларының тәсілдерін, вариянттарымен түрлерін зерттеу жүйелігінде тұрады. Сабақтың жүйелігі, жаттығудың систеалылығы, рационалдық және жаттығуларды қолдану жүйелілігі жаңа қимылдатқыш дағдыларды меңгеруді тездетеді.

Жеңіл атлетикада жүйелілік және біртіндеушілік принципы жаттығу процесін үздікізбен жыл бойлықпен қамтамасыз етіледі. Жүйелілік дайындық процесін бірқалыптылықтан және жүйеліліктен бөлуге болмайды.

Көп жылдық жоспарлау жалпы және арнайы физикалық дайындықтарды және техникалық шеберлікті ұзақ, этаптық толық жетілдіруді болжайды. Жүйелеу негізіне жұмыс және демалу - дайындықтың әр түрлі мазмұны және бағыты жатады. Жаттығу процесінің системалық ұғымын жүйелілікпен біртіндеушіліктен бөліп алу өте қиын. Жүйелі, бірақ сонымен бірге спортшымен ақырын айқын қимылдатқыш мақсаттары шешіледі, техникалық элементтері сонымен қатар жеңіл атлетикалық жаттығулар біртіндей меңгеріледі.

Системалық және біртіндеушілік жылдық жаттығу процесте бір кезеңнен немесе дәуірден екінші кезеңге қонымды, бір қалыпты асуында көрсетіледі. Өтпелі дәуір спортшының организімін демалуына және басқа физикалық жаттығу түрлеріне ауысуға мүмкіндік туғызады. Бұл спортшыға дайындық дәуірде бірте - бірте өсе келе жатқан жаттығу көлемінің арқасында техникалық шеберлікті онан арғы толық жетілдіруге, спорттық нәтижелерді жаңа деңгейге шығуға мүмкіндік жасайды. Осылай бірте-бірте даярлау дәуірден жарастық дәуірге асып өтеді.

Қол жетерлік - жас және еден еркшеліктеріне сәйкес, физикалық дайындығына және қимылдатқыш мүмкіншіліктеріне лайықты жаттығуларды пайдалануды қамту етеді. Бұл үшін өз оқушыларының ерекшеліктерін, олардың физикалық дамуын, қайратты сапаларын және мінез-құлық ерекшеліктерін еске алу керек. Жеңіл атлеттерді жаттығу және жарыс барыстарында байқау және дрігерлік тексерудің нәтижесін зерттеу кезінде, бпакер тап осы кезде өзінің оқушыларына қандай көлемде және қандай күште жаттығу жүктемесін тиелеу қолайлы екенін ұсына алады.

Көрнекілік принципі үйренетін қозғалыстың техникасы туралы дұрыс ұғым беретін, әр түрлі құралдармен әдістерді қолдануды талап етеді. Жеңіл атлетикалық жаттығуларды үйрену кезінде, шұғылданушыларға осы жаттығу туралы дұрыс ұғым пайда болу үшін, бұл жаттығуды жоғары дәрежелі спортшы көрсету керек, суреттерді зерттеу, оқу фильмдерін көрсету қажет. Жеке элементтерді - техниканың бөлшектерін зерттеу қажеттілігі жиі кездеседі. Бұл кезде оқытушы кинограмманы тиісті пайдаланып қалу қажет, осының арқасында оқушының назарын жеке кадрларға аударып, жаттығулардың әр түрлі күйін зерттеуге болады.

Спортта жедел хабардың жаңа, озық техникасын пайдалана отыруы көрнекілік принципті кең түрде, пайдалануға рұқсат етеді.

Саналылық және белсенділік принципі - үйрену мен жаттығудың ең жоғарғы принциптерінің бірі. Бұл принцип жеңіл атлеттің өз дайындық процесіне саналы және белсенді көңіл бөлуі керегін білдіреді. Спортшы жаттығуды не және немесе үшін жасап отарғанын білу мен түсіну қажет. Дайындықтың бірінші кезеңнен бастап-ақ шұғылданушы тек қана анау не болмаса мынау жаттығу бұлшыұ еттердің дамуына қандай әсер еттеді, осы кезде қай сапалар жетілдіріледі процестерінің негіздерімен және құру принциптарымен танысуы қажет.

Осы кезде спортшының теориялық дайындығы, арнайы әдебиеттерді оқуы, дәрістерге қатысуы спортшы үшін үлкен роль атқаруы мүмкін. Оқушы мұғалімнің тапсырмасын соқыр орындаушы болмауы, осы оқу процесіне белсенді және сапалы қатысуы, өте маңызды.

Сол үшін оқушыны жаттығу жұмыстардың орындалуын талдау жасауға, жаттығу жоспарын құруына тарту қажет.

Жеңіл атлет өзінде дербестікті тәрбиелеу қажет, сонымен бірге жаттығу кезінде туындайтын қарапайым мәселелерді алдымен, ал күрделі мәселелерді сонан соң шешуді үйренуі қажет.

Оны қарапайым үй тапсырмалардан бастауға болады, сонан соң кіші топпен бой қыздыру өткізуді, өз бетінше жүгіру кестесін құру тапсырылады және т. б. .

Балалармен жаттығу өткізген кезде олардың бойында сабаққа тұрақты назарды сүйеу қажет, белсенділік көрсетуді ынталандыру жөн. Бұл үшін жаттығу құралдарымен әдістерді түрлендіру, ойын әдісін шебер пайдаланып, баскетбол, волейбол. Қол добын жиірек ойнау керек.

Спортшының белсенділігі - спорт мектебінен, спорт секциядан басталады. Оларды ұйымдастыру және құрылыс жұмыстарына, жұмысқа арналған орындарын дайындауға және жабдықтауға, инвенттарды және жабдықтарды дайярлауға қатыстыру қажет.

Бұл жерде жеңіл атлетиканың жаттығу процесінің негізіне тиісті болу принциптері көрсетілген. Сөзсіз, оқытушы өз оқушыларының білім мен дағдылары берікті болу қамые ойлап, содан соң жаттығу процесі осы ғылымның белгілі салаларына: физиология, биомеханика, психология т. б. сүйеніп құрылуы қажет.

Жаттығудың құралдарымен әдіс-тәсілдері

Жеңіл атлетика оқу - дайындық процесінде негізгі құрал - бұлжаттығулардың тәжірибелік орындалуы болып табылады.

Оқу - дайындық процесінде қолданатын жаттығулар бес топқа бөлінеді:

  • негізгі жаттығулары немесе жеңіл атлетиканың түрлері,
  • жалпы дамуға арналған жаттығулар,
  • арнайы жаттығулар,
  • жалғастырушы жаттығулар,
  • қосалқы жаттығулар.

Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығуларының түріне тап осы аралықта оқылатын, сонымен қатар спортшы маманданып жүрген жаттығу жатады. Жалпы даму жаттығулары, арнайы және жеткізуші жаттығулар, негізгі техникалық көбірек күрделі жаттығуларға, даярлайтындар сияқты қолданылады.

Жалпы даму жаттығулары жан-жақты физикалық дамуын жоғарлату үшін қолданылады. Әдеттегідей оларды сабақтың басында орындайды, неге десең жалпы даму жаттығулар негізгі жаттығулардың нәтижелі орындалуына мүмкіндік туғызады. Жалпы даму жаттығулардың меншік салмағы оқушылардың физикалық даярлау деңгейіне тәуелді болады.

Спортшының шеберлігі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым осы жаттығуларға аз көңіл бөлінеді.

Төменгі сынып оқушыларының дене шынықтыру сабақтарында жалпы даму жаттығулары белгілі орын алады. Әр түрлі пәндермен жаттығу жасау - толтырылған доптармен, гантельдермен, ядролармен, найзалармен, скакалкамен және гимнастикалық снарядтар - қызбалықтық пен нәтижеліктің арқасында тиімді түрде ерекше бағаланады.

Жеңіл атлетикалық техникалардың әртүрлілігінде арнайы жаттығулар мақсатты түрде пайдалыналады. Арнайы жаттығуларды қимылдатқыш сапаларын дамыту мақсатымен қолданады - күшті, тездікті, шыдамдылықты, ептілікті, иілгіштікті, реакция тездігін, секіргіштікті, сонымен қатар толық жетілдіруге арналған жеңіл атлетика түрлерінің техникасын.

Жалғастырушы жаттығулар үйлестік құрылымы мен негізгі жаттығуларға жақын. Олар техника туралы түсінікті жақсартады, негізгі жаттығулардың техникасын табысты меңгеруге көмектеседі. Бірнеше қатар күрделенген жеткізуші жаттығуларды орындау жолдарымен, оқушылар үйреніп жатқан түрлерінің кендік - уақытша мінездемелерімен тезірек меңгереді. Бұл жаттығулар қателерді жою үшінде пайдаланады.

Қосалқы жаттығулар - тауда жүру, коньки тебу, жеңіл атлетиканың басқа түрлерімен, ауыр атлетика, күрес, гимнастика, спорттық ойындармен шұғылдану - белсенді демалыс үшін және басқа қызмет түрлеріне аусуға қолданылады. Оқу мен спорттық толық жетілдіру әсері көптеген ретте жаттығулар қаншама дұрыс түрілгендіктен және дұрыс орындалуына байланысты. Жаттығуды дұрыс орындау үшін, осы жаттығулардың аумақты - уақытша мінездемелерді білу қажет. Оларға қажет: негізгі қалыптар; қозғалысқа қатыстырылатын дене бөлімдері; қозғалыс бағыттары; амплитуда; жылдамдық; бұлшық еттердің күштену күші; қозғалыстардың келісушілігі; жиілік.

Қандай болмаса жаттығу бөлімін немесе элементттерін акценттелген орындалу кезінде, ол арнайы жаттығу болып табылады. Егер бұлшыұ еттерді күштендірсе, ол күш жаттығуы болып есептеледі. Жаттығуды барынша көп амплитудасымен орындалса, ол иігілгіштік жаттығу болады.

Оқу жаттығу процесінде сөз, мұғалімнің тірі әңгімесінде кең түрде қолданылады. Сөз бен жаттығу тек құрал ғана емес, сонымен бірге дене тәрбиелеудің әдісі болып табылады.

Бұл педагогикада кең қолданылатын әдістер, жеңіл атлетикаға сәйкес келгенде айқын ерекшеліктерін көрсетеді. Үйрету, түсіндіру және жаттығуларды көрсетуден басталады.

Түсіндіру қысқа және үлгілі түрде жүреді. Жаттығушылар үйреніп жатқан жаттығудың техника негіздері туралы ұғым алу тиісті. Осы кезеңде маңызды, қателер қайталамау үшін ескеретін нәрсе туралы айту жөн. Кезекті жаттығудың алдында және оның орындалу процесінде мақсатты түрде осы қателер туралы қайталап ескертуі және есіне түсіру керек. Оқудың табыстылығы көп түрде оқушының тапсырманы дұрыс түсіне білуіне байланысты.

Үлгі көріністер жаттығулардың мағынасы және аумақты - уақытша мінездемелер туралы дұрыс ұғым береді. Көрсету үйлесімді жылдамдықта жүзеге асырылады, бірақ күрделі жаттығуларды жай екпінде көрсету өте пайдалы. Күрделі жаттығуларды көрсету кезінде техниканың ең маңызды және қиын әлементтеріне акцент жасау керек. Көрнекті жәрдемақалардың қолданудың арқасында қимылдаиқыш әрекеттер дұрыс ұғым пайда болады.

Жеңіл атлетикалық жаттығулар техникасын меңгеру кезінде бүтіндей және бөлшектерге бөліп үйрету әдістер қолданылады.

Оларды епті үйлестіруі тиімді түрде нәтижелі оқуды қамсыздандырады.

Бүтіндей үйрету әдісі: жаттығудың барлығы немесе оның негізгі тұтастай орындалуы нәтижесінде орындалады. Мынадай жаттығулар - жүру, жүгіру, «адымдау» және «аяқты бүгіп» секіру және т. б. - шарт түрінде тұтас орындалады.

Бөлшектерге бөліп үйрету әдіс: қозғалыс әрекетінің жекелеген бөліктерін және одан әрі оларды қажетті бүтінге біріктірудің бастапқы үйретілуі алдын ала қарастырылады. Бұл әдістің дұрыс, құнды шешілуі қозғалыс әрекетінің бөлектерге бөлуінің қажеттілігі мен мүмкіндіктерін түсінуге тәуелді, сонымен бірге оны іске асырудағы тәжірибелік біліктілікке байланысты болады. Ол ең алдымен техникалық күрделі жаттығуларды зерттеу және толық жетілдіру кезінде қолданылады, мысалы: сырықпен секіру, молотты лақтыру, үштеп секіру және т. б. Оқудың күшті әсері көп несе жаттығуды дұрыс бөліп жіберуше және оның ішінен техникалық ең күрделі бөлімдерден бөлуіне байланысты.

Жаттығу барысында қимылдатқыш әрекеттердің техникасын толық жетілдіру және физикалық, қайраттылық деңгейлері әртүрлі - қайталанған, біркелкі, айнымалы, интервалды, жарыстық-әдістермен жүзеге асырылады.

Қайталанған әдістің мәнісі анау немесе мынау жаттығуларды қайта - қайта орындалуында жатады.

Біркелкі әдіс - циклдық жаттығуларда жиірек қолданылады ( жүру, жүгіру) .

Айнымалы әдіс - құрамының өзгертумен және қайталанатын қимылдатқыш тапсырмаларын күшейте түскендіктерімен сипатталады. Оқыту мақсатында жаттығулар не бәсең не тез орындалады, ал жаттығу мәселесіне келсек - ол жақта не көп не аз спорттық мөлшерімен жұмыс орындалады.

  1. Жеңіл атлетика түрлерінің техникасын меңгерудегі жүйелілік.

Жаттығулардың орындалу тәсілі әртүрлілердегі спорт түрлерінде спорттық техника деп аталады. Спорттық техниканың маңызы - бұл бір уақытта жүйелі әрекеттердің жүйесін орындалуы арқылы, атлет өз физикалық қабілеттіліктердің ақылды қолдану жанында қимылдатқыш мақсаттардың жақсы шешімдерін табу, сонымен бірге биік спорттық нәтижелерге жету мақсаттарды орындау.

Спорттық қозғалыстардың орындалу техникасын бағалау негізгі көрсеткіштері нәтижелік, сенімділік, үнемділік, қарпайым және табиғилық болып келеді. Нәтижелік және сенімділік спортшының физикалық қабілеттерінің барынша көп қолдануында шарттардың ішкі және сырқы жағдайда әртүрлі өзгертулері жанында көрсету тиісті: а) жеңіл атлет функционал күй-жағдай және б) ауа райы, жарыстардың орны, бәсеке және т. б. . Нәтижелік жеңіл атлетикалық жаттығуларда уақыттармен ( сағаттар, минуттар, секундтар) және кеңістіктің бірліктерімен ( шақырымдар, метрлер, сантиметрлер) өлшенеді. Үнемділік ашушаң және физикалық күштердің үнемді шығындауында көрсетіледі, әсіресе қозғалыстарды ұзақ мерзіиінде орындалатын жаттығуларды. Жаттығу орындалуы жанында үнемділік туралы жұмсалған энергия санымен талдауға болады. Физикалық жаттығулардың техникасы мынадай сияқты жеке мінездемелермен анықталады: спортшы денесінің қалыпымен, бағыт және қозғалыстардың амплитудасымен, ара қашықтықпен, ырғақ және жылдамдықпен, күштердің әрекеттестігімен. Тұтас қимылдатқыш әрекетте бөлімдерді, фазаларды және элементтерді белгілеуге болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене тәрбиесінің әдістемелік принциптері
Таңдалған спорт түрінен техникалық дайындық
Адамдарды шынықтыру
Күш жаттығуларының жиынтығы
Ұлттық спорт түрлерінде жылдамдықты, дәлдікті, қашықтық сезімін дамытуға арналған жаттығулар
Батыс дәстүрлі емес жаттығу жүйелері
7-8 сыныптардағы араб тілі сабақтарында жаттығуларды ұйымдастыру жолдары
Футболшылардың дайындық әдістемесі
Кәсіптік оқыту жүйесі
Спорттық дайындық құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz