Жеңіл атлетикадан техникалық дайындық


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Үшінші дәріс: Жеңіл атлетикаға дайындалудың жалпы негіздері.

Дәріс жоспары

  1. Жеңіл атлетикаға дайындалудың жалпы негіздері
  2. Дене шынықтыруға дайындық
  3. Жеңіл атлетикадан техникалық дайындық
  4. Жеңіл атлетикадан тактикалық дайындық
  5. Жеңіл атлетикадан теориялық дайындық
  6. Жеңіл атлетикадан моральдық, күш-жігерлік дайындық
  1. Жеңіл атлетикаға дайындалудың жалпы негіздері

Жеңіл атлетикадан дайындық дене шынықтыруға негізделген қажеттіліктен туындайды. Жеңіл атлеттердің жаттығуларын меңгеру, жеңіл атлетиканың түрін таңдаудан басталады. Дайындық оқу және жаттығумен қатар жүреді, өйткені олар бірыңғай педагогикалық процесс. Дене шынықтыру дене дамуының жоғары дәрежелі жетістігіне негізделген.

Жеңіл атлеттің дайындығы - көп жылғы және үзіліссіз процесс. Бұл тек шынықтыру жаттығулары ғана емес, сонымен бірге, спортшының қабілетін, мінезін, еңбек сүйгіштігін, жаттығу аясыедағы білімін, жеңіл атлетиканың әдістерін, өзін-өзі бақылауын қалыптастырады. Жеңіл атлеттің көп жылғы дайындығы - дене шынықтыру, техникалық, теориялық, тактикалық, моральдық, күш-жігерінің дайындықтарын біріктіреді.

  1. Дене шынықтыруға дайындық

Дене шынықтыру дайындығы - жалпы және арнайы болып екіге бөлінеді. Жалпы дене шынықтыруға дайындық өрбіп жеңіл атлетикамен шұғылданушыға қажет. Ол адам ағзасындағы бұлшық еттер мен дене сымбатының бір қалыпты, сұлу қалыптасуына мүмкіндік береді.

Спортшының физикалық дамуының ішіндегі бір әлсіз мүшенің болуы, барлық бірқалыпты дайындық процестің әрекетін жоққа шығарады. . Дене шынықтыру - дайындықтың жан-жақтылығы жаттығу әрекеттері мен түрлілікке негізделген: гимнастикалық, спорттық ойындар, шаңғымен жүру, жүзу және спорттың әр түрі. Жеңіл атлеттің дайындығы жан-жақтылық принциптерін Президенттік сынамалары негіздері аясында жүреді.

Жалпы физикалық дайындық адам ағзасындағы барлық органдар мен системалардың спорттың қабілетін жоғары дәрежеде көтеруге арналған.

Қосымша жаттығулар өзінің координациялық құрылыммен негізгі жаттығулардың орындалу жолдарымен меңгеріледі. Оның мақсаты: күшті дамыту, жүгіру мен секіру жылдамдығын арттыру, жүгіру кезінде шапшаңдықпен жылдамдықты арттыру, күштілік пен лақтыру сәтіндегі қорытынды жылдамдықты меңгерту.

Жалпы физикалық дайындық пен арнайы физикалық дайындықтың орны мен өзара салмағы олардың жасына, дене бітіміне және техникалық дайындығына бағытталған. Жалпы физикалық дайындық пен арнайы физикалық дайындық күштің дамуына, жылдамдыққа, ептілікке, қозғалыстың координациялық көтерілу шеңберіне, дененің босау қабілетіне бағытталған.

Жеңіл атлетикада күш дайындық құралына әртүрлі снарядсыз, снарядпен орындалатын жаттығулар жатады. Штанга мен тренажер бұлшық етті дамытуда кең түрде қолданылады. Лақтырғыштарға күшті дамыту үшін ауыр снарядтар, толтырылған доптар керек. Жүгірушілерге - штанганың дискін, бүгулі аяқтың тізесіне қойып көтеру, әртүрлі секіріп жаттығуларды ауыр жүкпен орындау және т. б. Жеңіл атлеттердің жаттығуды орындау барысында бұлшық еттердің арнайы тобына ерекше көңіл бөлінеді.

Жеңіл атлетиканың спорт тәжірибесінде саны көп арнайы күш жаттығулары қолданылады.

Қысқа қашықтыққа жүгірушілердің, лақтырушылардың олармен бірге секірушілердің қимылына күш пен жылдамдық қажет. Күшті дамыту кезінде жылдам екпінде орындалатын күш жылдамдық жаттығулары ескеріледі. Статистикалық жаттығуды, динамикалық жаттығумен алмастыра отырып, үлкен салмақтағы жаттығуларды жай қарқынмен орындауға болады.

Жылдамдық - бұл сапа жеңіл атлетика жаттығулардың негізіне жатады. Спортшының өсу нәтижелері итеру тездігіне секіруде және жүгіруде, снаряд шығару жылдамдығына байланысты.

Жеңіл атлетикада жылдамдықтың дамуына арналған келесі жаттығулары жатады: барынша жоғары екпінмен қысқа шеңберде жүгіру, үлкен қозғалумен жаттығуларды орындалуы, спорттық ойындар болып табылады.

Жылдамдықты байқау кезінде нерв процестерінің қимылының ең басты бағыттары - күш, бұлшық ет қозғалысы, спорттық техниканың жетілуі. Жылдамдық деңгейі бұлшық еттердің дамумен, қимылды тура орындау қабілетімен және осы кезде артық күштенусізбен анықталады.

Жылдамдықтың дамуы - бұл көп жылғы процесс, әртүрлі қимылды ойындарды пайдаланып оны балалар жасында бастау керек, содан соң арнайы жаттығуларды қолданып ары қарай дамыту қажет.

Қазіргі жаттығу әдістемесінде «шапшаң тосқауылды» жеңуіне бағытталған құралдар мен әдістер төтенше маңызды болып келеді.

Осы жаттығулардың орындалу сәтінде жеңілдетілген жағдайлар қарастырылады: еңіске қарай жүгіру, жеңілдетілген снарядты лақтыр, дыбыс және жарықты белгілерді қолдану арқылы жүгір, қимылды реакциялы жаттығуларды пайдалану және т. б.

Төзімділік - жеңіл атлетиканың кез-келген саласына қажет. Ол тек қана күрделі жеңіл атлетиканың жаттығуларының орындалу барысында ғана емес, сонымен қатар, қазіргі жеңіл атлетикаға байланысты үлкен көлемдік жаттығу жұмыстарын орындауға мінезделген.

Төзімділік арнайы және жалпы болып бөлінеді:

Жалпы төзімділік - адамның қабілетіне байланысты ұзақ уақыт шамасында аө және орта күште жұмысты орындау. Ол соның негізі ретінде жаттығу жүкті және арнайы төзімділікті тәрбиелеуге керек болып есептеледі. Қысқа қашықтыққа жүгіруші үшін арнайы төзімділік керек. Өйткені, барлық дистанцияда барынша ең жоғары сатыдағы жылдамдықты мүмкіндігінше сақтау керек.

Секірушінің төзімділігі көп сағаттық жарыстар барысында бірнеше секіру жаттығуларын барынша ең жоғары қуаттылығымен итеріліп орындалу үшін қажет.

Арнайы төзімділіктің әсіресе үлкен мағынасы орта және ұзақ қашықтықта жүгіру кезінде белгіленеді, неге десек ол спортшы организмінің функционалдық мүмкіншіліктерімен анықталады, соның ішінде аэробикалық және анаэробикалық мүмкіндіктері. Төзімділікті көтерудің негізгі құралына бірқалыпты және үзілісті жүгіру, сонымен қатар ұзақ уақыт және маңызды жүктілі орындалатын жаттығулар кіреді. Төзімділіктің қалыптасуына айналым әдісі мүмкіндік туғызады. Жалпы төзімділіктің дамуына дайындық кезеңі әсер етеді. Әрі қарай бұл қабілет бір жыл бойына қуатталады. Арнайы төзімділіктің дамуы дайындықтың көктемгі мерзісдегі әрекеті мен жарыс кезеңінде өткізілуі тиіс. Арнайы төзімділіктің дамуының негізгі құралы - арнайы жаттығуларды жүйелі және қайта-қайта орындалуы және негізгі жеңіл атлетикалық жаттығуды орындау болып табылады.

Икемділік - бұл сапа, жеңіл атлетиканың кез-келген саласына қажет, әсіресе ол кедергімен жүгірушілерге мен секірушілерге керек. Икемділік буындардың қозғалысы, сіңір мен бұлшық еттердің байланысына тәуелді, Жеңіл атлетикада буындардың жұмсақтығына байланысты үлкен көлемде жаттығулар орындап, лақтыру және секіру, жүгіру техникасын үздік меңгеру қажет. Икемділік жалпы дене шынықтыру дайындық процесін жетілдіреді. Бірақ та әртүрлі жеңіл атлетика жаттығуларымен байланысты, арнайы ептілікті дамыту үшін арнайы дайындық керек.

Кедергіден жүгірушіге, мысалы, бел-жамбас буындарының икемділігі, найза лақтырушының иық буындарының үлкен қимылы қажет және т. б.

Арнайы икемділік дамуы жаттығу арқасында жүзеге асады, сол үшін жаттығулардың қайталаулар саны және жылдамдық пен қозғалыстардың амплитудалары бірте-бірте артуы керек.

Ептілік спортшының өз қозғалыстарын үйлестіру іскерлігімен және басқа қозғалыс әрекеттерін меңгерумен анықталады. Жүгіру, секіру және лақтыру жақсы ептілікті дамытады. Бірақ та жеңіл атлетикамен жаттығу кезінде ептілік сапаны дамыту ретінде арнайы құралдарды да пайдалну керек: бұл акробатикалық жаттығулар, гимнастикалық снарядта жасайтын жаттығулар және әртүрлі секірулер. Ептілік көп жылдық жаттығу дайындығында бірінші кезеңде дайындық дәуірде қолданылады. Ептідік жеңіл атлетиканың таңдап алған түрінде шеберлікті жоғарылататын кезінде сүйенеді де және жетілдіреді де. Арнайы және жалпы дайындығын көтеру мақсаты жеңіл атлеттермен дайындық дәуірде шешіледі.

АФД пен ЖФД негізінде жан-жақты дененің сапалық дамуы жатады. Бұл сапалар қатар дамиды. Жеңіл атлетиканың дене дайындықтары жүйелі түрде және үзіліссіз жүреді. Күштің дамуы, жылдамдық, икемділік және ептілік жаттығулары күнделікті түрде орындалып, дайындық бөлімге енгізіледі. Күшті көтерудегі дайындық кезінде арнайы жаттығулар дайындық дәуірде аптасына 2 рет өткізіледі. Жылдамдықты дамытатын жаттығуларды жаттығу кезеңде аптасына 3-4 рет қолданады.

Төзімділік - кезеңді жетілдіретін сапа. Даярлайтын дәуірде бірінші кезеңінде айрықша жалпы төзімділікке назар бөлінеді, ал содан соң осы фонда арнайы шыдамдылықта дамиды.

Жалпы физикалық дайындықта көбірек уақыт балаларға, жасөспірімдерге және жаңа келгендерге бөлу керек, азырақ уақыт - есейгендерге, жасөспірімдерге және физикалық дайын спортшыларға. Керісінше, арнайы физикалық дайындықта көп уақыты есейгендерге, жасөспірімдерге және шебер спортшыларға арнауы керек, ал балаларға аз уақыт бөлінеді.

  1. Жеңіл атлетикадан техникалық дайындық

Жеңіл атлетиканың техникалық дайындау астында жеңіл атлетика түрлерінің техникасын меңгеру және осы арғы толық жетілдіру түсініледі.

Спорт техникасының меңгеру негізінде шартты рефлексті білімнің байланысы, динамикалық стереотиптің өңделуі жатады және осының арқасында қимылдатқыш әдеттер пайда болады.

Бұл белгілі қимылдардың қайталануымен жетіледі. Техника құру барысында үнемі күрделенген қимылдатқыш тапсырмалар қолданылады және меңгеріп алынады, бұл қозғалыс техниканың және ашушаң - бұлшық ет қызметтердің арасында дұрыс және тұрақты үйлестік байланыс құруына әсер етеді. Осы кезде спортшының еркінділігіне, ұғынылған қозғалысты орындауға және оны бақылауға маңызды роль атқарылады. Жаттығудың қайта- қайта орындалуы қимылдатқыш дағдыны автоматтыруына әкеледі. Бұл кезде сананың және бақылаудың мағынасы да азаяды, осы жағдай спортшы қабілеттерінің нәтижелі көрінуіне көбірек көмек береді. Әр түрлі жеңіл атлетика түрлеріне байланысты ерекше құралдар мен әдістердің көмегімен, жеңіл атлетиканың техникалық дайындығы, техникаға үйрету және оның толық жетілдіруі танымал дидактикалық принциптер негізінде жүзеге асады.

  1. Жеңіл атлетикадан тактикалық дайындық

Тактикалық дайындықтың мақсаты - жарыстарда спорттық күресті жүргізу, өз мүмкіншіліктері мен қарсыластардың мүмкіншіліктерін дұрыс бағалау, жарыста өзгерген шарттарға епті икемделіп, оларды жеңіске жету ретінде пайдалануы. Сөзсіз, спортшының тактикалық шеберлігінің негізінде техниканың тиісті жақсы иеленуі, физикалық сапалардың дамуы жоғары болуы, күшті ерікпен және мақсатқа жету табандылық жатады.

Тактикалық шеберлік теориялық білім негізінде, жаттығу сабақтары кезінде тактикалық мәселелер шешу ретінде, жарыстарға қатысу жоспарын құрастыру негізінде іске асады.

Тактикалық білім арнайы әдебиеттерді оқу жолымен, жарыстарға қатысу, тәжірибелі спортшыны бақылау, лекция тыңдау, спорттық фильмдерді көру жолдарымен жүзеге асады.

Жаттығу процесіндеспортшыға белгілі тактикалық жаттығулар міндеттеледі. Оны өз күшін ақылмен реттеу және дұрыс пайдалануды үйрету керек. Ол үшін сабақта жарыстың әр түрлі шарттарын еліктеуге болады.

Жеңіл атлет үшін тактика меңгерудің ең жақсысы түрлі жарыстар. Жарыста тактикалық жоспар құру үшін жүгіруші жүгіру кестесін құрады. Секіргіш төменгі биіктікті анықтап қандай биіктікті жіберу керегін ескереді. Лақтырушы «бірінші соққыда» бар күшін сарқып және бірте-бірте нәтижесін үдетуі керек. Олар жарысқа дейін өздерінің болашақ қарсыластарын танып, олардың дене, психологиялық ерешелігін бақылап спорт күресінің тактикасын үйренеді.

  1. Жеңіл атлетикадан теориялық дайындық

Теориялық дайындық біріншіден, спортшыда азамат - патриот қасиетін тәрбиелеуге мүмкіндік туғызу керек, екіншіден, оны спорттық дайындықтың мақсаттарын шешуіне арналған қажетті білімдермен қаруландыру қажет. Демек, жеңіл атлет дене шынықтыру және спорттың алдында тұратын тиісті мақсаттарды білуі, олардың басқа елдердің спорттағы айырмашылығын білуі және спортшыларға жаттығу кезінде қандай талаптар қойылатынын білуі керек. Жеңіл атлете өз саласынан басқа да көршілес спорттық түрлерінен арнайы білімі болуы тиісті. Жеңіл атлетикаға келсек, бұл жерде оған оқу мен спорттық жаттығу негіздерін білуі керек, қай құралдар және әдістермен ЖФД және АФД-ні жүзеге асыруы, сонымен қатар қалай техника меңгерілетіні де жетілдіріледі, жаттығу жоспарлау туралы ұсыну болуы, жоспарлаудың айқынды кезеңдердің мақсаттарын білуі қажет. Маңыздылығы кем емес гигиенадан, өзіндік бақылаудан, бірінші дәрігерлік көмектен сақтандыру салаларынан қажетті білім болуы қажет. Спортшы міндетті түрде өз жаттығуларын есепке алып, күнделік жүргізуге тиісті, одан басқа ол тиісті кезеңдерде орындайтын мөлшерлер мен көрсеткіштерді білуі керек.

6 Жеңіл атлетикадан моральдық-еркін дайындық

Моральды еркін дайындық - спорттық жаттығу процесінің бөлінбейтін бөлігі. Спортшының дене шынықтырушылық білім процесінде достыққа, жолдастыққа қарапайымдылыққа өзіне-өзі тәрбиелеуі қажет. Спортшылардың ұжымының өзі үлкен тәрбиелік мән бере алады. Үлгілі спорттық қжым жасау үшін мемлекеттегі ең үлгі ұжымдардың тәжірибесін пайдалануға болады. Осындай ұжым ең үздік тәжірибелі ұжым болып есептеледі. Біріккен ұжым құруына көмектесетін: жиналыс, әңгіме, серуен, театр мен киноға бару, өзін-өзі басқару, татулық, бірлік. Жақсы жолға қойылмаған ұжымның жұмысы моральды-еркін дайындықты алға бастырмайды, осыған орай жеңіл атлет жақсы нәтижеге жете алмайды. Биік нәтижелерге, көрнекті спорттық табыстарға, тек қана еңбексүйгіш, қажетті қайратты сапалары бар, жаттығу кезінде және жарыстарда қиындықты жеңе алатын атлет жетеді. Осы сапаларды тәрбиелеу үшін зиянды нәрселерден бас тарту, әуестенбеу ( темекі шегу, алькоголді ішімдік ) керек. Қиындықтарды жеңу барысында ерік шынығады, ал қазіргі спорттық жаттығуда сондай қиындықтар аз емес. Жеңіл атлеттерге сабаққа тиянақты қатысу, барлық тапсырманы орындау, үздік оқып мектептегі қоғамдық жұмыстарға үнемі қатысу керек. Көбінесе өз сабағында оқушыларға қосымша қиындық туғызу қажет. Ол үшін ауа райының қолайлы және қолайсыз жағдайларын пайдаланады: жаттығуларды жауында, желді күндерде өткізіп, содан соң тынық күнгі жаттығулармен алмастыру қажет. Табандылық пен еңбекқорлық спортшының өз күшіне сенімімен, алдына қойған мақсатқа жету мүмкіншілігімен бекітіледі. Бұл сенім қиын мәселелер шешу барысында жетілдіріледі. Сол үшін спортшы алдындағы жақын және алыс мерзімдерде алдына қойған мақсатты сезіну қажет. Сондай мақсаттармен ЖФД мен АФД және техниканы бақылау нормалары, спортшының жарыста көрсеткен нәтижелері, осы немесе келесі жылы көрсететін разряды болуы мүмкін. Жеңіл атлетке және жүгірушіге жарыстың барлық процесінде шыдап шаршағандығын жеңілуді үйрету керек. Ерікті тәрбиелеудің ең мықты мектебі - спорттық жарыстар. Жарыс элементтерін спорттық жаттығу дайындық сабақтарына жиірек қосу қажет, әсіресе жасөспірім спортшыларға. «Кім биік?», «Кім үздік?», «Кім жылдам?» тапсырмаларды секірумен, ғ жүгірумен және лақтырумен шұғылданған кезде қоюға болады. Мектеп секцияларының жұмыстарына, балалар спорт мектептерінің тәжірибесіне физикалық дайындау элементтерін, эстафеталарды, қарапайым жарыстарды, әртүрлі секірулерді жүйелі түрде енгізу керек. Командалық жарыстарды жиірек өткізу керек, неге десеңіз сол кезде спортшы жауапшылықты тек қана өзі шін емес, сонымен қатар, команда үшін де жауапты сезеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыр атлеттердің дене дайындығын дамыту әдістері
Жарысқа қатысушылар
Жеңіл атлетиканың Қазақстанда дамуы
Жеңіл атлетиканың Қазақстанда дамуы туралы
Лондон Олимпиадасы
Жеңіл атлетика спортының даму тарихы
Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығуы - жүгіру
Жеңіл атлетика. Жарыс ережелері. Жүгіру. Лақтыру. Қарғу
Жеңіл атлетиканың даму жолы
Жеңіл атлетика
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz