Жеңіл атлетикаға кіріспе


Бірінші дәріс: Жеңіл атлетикаға кіріспе.
Дәріс жоспары
1. Жеңіл атлетика туралы түсінік.
2. Жеңіл атлетика жаттығуларының жіктелуі мен жалпы сипаттамасы.
3. Жеңіл атлетиканың дене шынықтыру жүйесіндегі орны мен маңызы.
- Жеңіл атлетика туралы түсінік.
Жеңіл атлетика - бұл адамға жаратылыс жаттығуларды бірлестірген спорттың түрі, жеңіл атлетикаға спорттық жүру, жүгіру, секіру, лақтыру жатады. Сонымен бірге жеңіл атлетика-ғылыми- педагогикалық пән және ілім. Жеңіл атлетика ілімінде оның техникасы, тактикасы, оқытуы және жаттығулары зерттеледі. Барлық педагогикалық пән сияқты жеңіл атлетика да -физиологияға, психологияға, педагогикаға, анатомияға және медицинаға сүйенеді.
Институтта дене шынықтыру бөлімінде жеңіл атлетика курсы бойынша оның әдістерін зерттеу, негізгі түрлерінің техникасын меңгеру, мектепте өз бетімен педагоикалық жұмыс істеу үшін дағды және шеберлікті қалыптастыру туралы лекциялар оқылады.
- Жеңіл атлетика жаттығуларының жіктелу, жалпы сипатаммасы.
Жеңіл атлетиканың ішінде жаттығулардың бес түрі бар: спорттық жүру, жүгіру, секіру, лақтыру және көп сатылы жарыс. Олардың әрқайсысының ерекшеліктері, түрлі және варианттары бар. Жеңіл атлетиканың жарыс ережесіне сәйкес ерлерге, әйелдерге және жас спортшыларға арналған арақашықтары және жарыс өткізетін шарттары бар.
Негізгі жеңіл атлетиканың жаттығулары Олимпиада бағдарламасына, Әлем, Еуропа және Азия біршіліктеріне, Ұлттық жарыстардың бағдарламаларына енеді. Жеңіл атлетика түрлерінен біздің мемлекетте спорттық разряттар мен атақтар беріледі.
Жүру - адамның кәдімгі қозғалу әдісі. Спорттық жүрудің кәдімгі жүруден айырмашылығы өте жылдам жүруде, өзгеше техника мен үнемділік қимылда. Спорттық жүрумен жүйелі түрде айналысатын спортшыда жүрек тамырлары, демалу және организмнің басқа жүйелерін белсендіреді, шыдамдықты шынықтырады: қайсарлықты, қайраттылықты, табандылықты, қиындықты бастан кешіруді, қажығандықпен күресуге үйретіп тәрбиелейді. Спорттық жүру жарыстары стадионның жолдарында 3. 5. 10. 15. 20. 30. 50 және кәдімгі тас жолдарда шақырым қашықтыққа өтеді. Бұдан басқа спорттық жүруден жарыс уақытқа белгіленіп өткізіледі - бір және екі сағат стадионда жүру т. б.
Спорттық жүру жарысына қатысатын спортшылар белгілі ережелерді қолдануы міндетті. Олардың ішінде ең негізгісі спотшының жолмен тұрақты түйісуінде (бір не болмаса екі табанмен сүйену) болуы тиіс.
Жүгіру - жеңіл атлетиканың негізгі, ең басты түрі. Бұдан басқа, жүгіру жеңіл атлетиканың ішіндегі ұзындыққа, биіктікке, сызықпен және үшдүркін секіруде, найза, граната және доп лақтыруда қолданылады. Жүгірудің өзгешелігіне байланысты, ол адамның организміне әр түрлі әсер етеді. Бақтың ішінде, не болмаса орманда жай, ұзақ жүгірудің гигиеналық мәні бар, ол денсаулықты жақсартады. Спринтерлік жүгіру жылдамдық, күш - қуат қасиеттерді дамытады. Орта және ұзын қашықтарға жүгіру - ептілікті және көтерінкі қозғалыс үйлестілікті дамытады.
Жүгірудің өзі бірнеше топқа бөлінеді. Тегіс (стадион жолдарында) жүгіру, кедергіден өтіп жүгіру, эстафеталық жүгіру, табиғи жағдайда жүгіру (кросс) .
Өз кезегінде тегіс жүгірудің өзі тағы түрлі топтамаларға бөлінеді:
- Қысқа қашықтыққа жүгіру (30 метрден 400 метрге дейін)
- Орта қашықтыққа жүгіру (500 метрден 2000 метрге дейін)
- Ұзын қашықтыққа жүгіру - (3000 метрден 1 метрге дейін)
- Ұзын қашықтықтан аса жүгіру - (20. 25. 30 шақырымдар)
- Бір, екі, сағат жүгіру және марафондық жүгіру (42 шақырым 195 метр) .
- Кедергілерден өтіп жүгіру. Ол стадион жолдарында 50метрден 400 метрге дейінқашықтықтарға өткізіледі (қашықтықта бір түрлі кедергілер бір қалыпты қойылады)
- Кедергілерден өтіп жүгіру (мықты орнатылған кедергілермен су құйылған шұнқыр) 1500, 2000, 3000 арақашықтарға өткізіледі (стипль - чез) .
- Эстафеталық жүгіру - бұл командалық жүгіру. Бұл топта арақашықтық этаптарға бөлінеді. Эстафеталық жүгірудің мақсаты - өте жылдам жүгіре келіп эстафетаны бір - біріне табыс етіп сөреден мәреге жеткізу. Этаптардан ұзындығы бірде (қысқа және орта қашықтықтарда) немесе әр түрлі (аралас қашықтықтарда) болуы мүмкін. Эстафеталық жүгіру стадион жолдарында, кейде қаланың көшелерінде (айналма, не болмаса жұлдызша эстафеталары) өткізіледі.
Табиғи жағдайда жүгіру (кросс) - 15 шақырымға дейін арақашықтықта өткізіледі, бұл табиғи және басқа жаратылыс кедергілерден өтіп жүгіру. Бұдан басқа елді мекеннің арасында өтетін дәстүрлі жарыстар болады (мысалы Тараз - Мерке, Құлан- Мерке) т. б.
Секіру - жеңіл атлетикада секіру ұзындыққа және биіктікке секіру болып бөлінеді.
Ұзындыққа және биіктікке бір жерден немесе екпінімен секіруге болады.
Қазіргі уақытта бір жерден секіру ресми жарыс бағдарламасына еңгізілмейді, бірақ жаттығу тәсіл ретінде немесе дене шынықтыру даму ережесін тексеретін тест ретінде пайдаланылады.
Секіру әр түрлі әдістермен орындалады. Мысалы ұзындыққа мынадай әдістермен секіру болады «аяқты бүгіп», «иіліп», немесе «қайшы». Биіктікке - «аттап», «домалату», «толқын», «аспалы» (алмалы, салмалы), «фосбери - флоп» әдістермен секіруге болады. Секіру әдістерін бірнеше варианттары бар. Мысалы, «домалату» әдіспен секіруді тақтайшаның сыртынан сүнгіп, немесе сүнгімей - ақ орындауға болады. Тақтайшаны арқамен немесе бүйірмен өтуге болады, күшті немесе әлсіз аяққа қонуға рұқсат.
Үштеп секіру орындалуы: «Қарғу», «Қадам», және «Секіру» бөлімдерден құрылады.
Сырықпен секіру - қозғаушы тірек - сырық көмегімен орындалады. Секіру - қарғу күшін және жылдамдық күш - қуат қасиеттерін дамытуға мүмкіндік туғызады, адамның әр түрлі бұлшық еттерінің күшін дамытады. Секіру топтары ептілікке және батылдыққа тәрбиелейді, кеністіке жөн табуды, және өз денесін басқаруға үйретеді.
Лақтыру - бұл арнайы құралдарды итеру және тастау жаттығулары. Лақтырудың нәтижесі метр, сантиметрмен, өлшенеді. Лақтыру қолдың бұлшық еттеріне, иық буындарына, кеудеге қысқа мерзімді, бірақ өте көп күш салуды қажет қажет етеді. Жеңіл атлетика құралдарын алысқа лақтыру үшін күштін, жылдамдықтың ептіліктің ең жоғарғы деңгейі қажет. Спотшы бар күшін салып лақтырады. Лақтырумен щұғылдану осы маңызды қасиаттерді дамытудан басқа, дененің бар бұлшық еттерін үйлесімді дамытады. Орындау тәсілдеріне байланысты жеңіл атлетика да лақтыру үш түрге бөлінеді.
- бастан асырып лақтыру (найза, граната)
- айналып лақтыру (диск, молот)
- итеріп лақтыру (ядро)
Лақтыруды орындау тәсілдерінің ерекшелігі снарядтардың формасына және салмағына байланысты. Жеңіл құралдары тура жүгіріп бастан асырып, алысқа лақтыруға болады. Тым ауыр құралды айналып лақтыру ыңғайлы. Ал мынадай ядро сияқты құралды арнайы ұстайтын жері болады, сол жерден алып снарядтты игеріп лақтыруға болады.
Көп сатылы жарысқа жүгірудің, секірудің және лақтырудың бірнеше түрі енеді. Көп сатылы жарыстың бірнеше түрі бар. Мысалы, үш сатылы, төртсатылы, жеті сатылы, он сатылы жарыс болып бөлінеді.
Көп сатылы жарыс сонымен шұғылданып жүрген адамдарға жоғары талап қояды. Оған техникалық шеберліктен басқа ептіліктің жылдамдықтың лақтырғыш күші, секіруші ырғағы, кедергімен жүгіруі және сырықпен секіруі батылдығы орта қашықтыққа жүгіруші шыдамдылығы болуы, яғни әмбебап спортшы болуы керек. Көп сатылы жарыспен шұғылдану жеңіл атлетиканың жеке түрлерінен арнайы жаттығуларға жақсы негіз жасайды. Көп сатылы жарыста спотшының жетістіктері ұпайдың санымен арнайы кесте бойынша есептеледі.
- Жеңіл атлетиканың дене шынықтыру жүйесіндегі орны мен маңызы.
... жалғасыДене шынықтыру жүйесінің ішіндегі спорт түрлерінің арасында жеңіл атлетика ең негізгі пән болып саналады. Бұрынғы ҚСРО мемлекетінде 7млн, адам жеңіл атлетикамен шұғылданған. Қазір оның саны әлдеқайда қысқарған, сондықтан халық жеңіл атлетикамен шұғылдансын деген мәселе мен мемлекет барлық шараларды қолданып жатыр. Көп түрлі жеңіл атлетиканың жаттығулары және осы жаттығуларды өзгертуге болатынына байланысты, оларда жасына, жынысына, әр адамның ерекшелігіне байланысты пайдалануды ойластыруда. Осы жаттығулардың ішінде көбісіне таза ауада, қарапайым алаңдарда орындауға болады.
Кейінгі кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 маусымдағы №774 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы халықтың дене тәрбиесі даярлығының Президенттік сынамалары еңгізілді.
Президенттік сынамалар - бұл бақылаулық нормативтер арқылы халықтың оқуға, еңбек қызметіне дене тәрбиесі даярлығының және жастардың әскери қызметіне даярлығының жалпы деңгейін айқындайтын жаттығулардың (сынақтардың( жиынтығы.
Президенттік сынамалар Қазақстан Республикасы балаларының, жастарының және ересек халқының дене тәрбиесі даярлығына қойылар нормативтік талаптардың негізі болып табылады. Президенттік сынамалардың мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, халықты дене мәдениетіне және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, өз денсаулығының және өмірдің әртүрлі кезеңіндегі дене тәрбиесі даярлығының деңгейін айқындауда оның қажетін қанағаттандыру.
Президенттік сынамалардың негізгі міндеттері дене тәрбиесінің жай- күйі мен дене шынықтыру жаттығулалы әдістерімен халықтың сауығуын, жастардың оқуға, еңбек қызметі мен әскери қызметіне даярлығын бағалау болып табылады.
Халықтың дене тәрбиесі даярлығының Президенттік сынамалары күштілікті, шыдамдылықты, шапшандық пен ептілікті көрсететін сынақтың жеті түрін қамтиды.
12-ден 23-ке дейінгі жас шамасандағы жастар үшін сынамалар дене тәрбиесі даярлығының екі деңгейінен- Президенттік деңгей мен ұлттық даярлық деңгейінен тұрады.
1. Президенттік деңгей жан - жақты дене әрбиесі даярлығы бар дені сау адамдар үшін арналған.
2. Ұлттық даярлық деңгейі оқу немесе жұмыс орны бойынша да, тұрғылықты жері бойынша да спорттық секцияларда, топтарда, командаларда дене мәдениеті және спотпен жүйелі түрде айналысатын адамдар үшін арналған.
23 жастан асқан халық үшін адамның денсаулық деңгейін айқындайтын Президенттік сынама ретінде адам организмі қызметін бағалаудың неғұрлым сенімді тәсіліндей Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған 1. 5 мил-ге (2400м) жүгіру нәтижелері бойынша сынамалар енгізіледі.
Пысықтауға арналған сұрақтар :
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz