Жеңіл атлетиканың даму жолы


Екінші дәріс: Жеңіл атлетиканың даму жолы
Дәріс жоспары:
1. Кеңестік дәуірге дейінгі жеңіл атлетика
2. Кеңестік дәуірдегі жеңіл атлетика
3. Қазақстан жеңіл атлетикасының даму кезеңдері
4. Қазақтың желаяқтары Н. Қосанов пен А. Тұяқов
- Кеңестік дәуірге дейінгі жеңіл атлетика
Жүру, жүгіру, секіру және лақтыру қимылдары адамның даму процесіне, содан соң жетілуіне, өмір үшін күресуге өте қажет. Бұл табиғи қимылдарды адамдар тұрмыста және ойындарда, аң аулауда, соғыста пайдаланған. Жеңіл атлетика жаттығуларын дене шынықтыру мақсатымен қатар жарыс ретінде өте көне заманнан бастап пайдаланған. Бірақ жеңіл атлетиканың тарихи ертедегі Грецияда өткізілген Олимпиада ойындарынан жүгіру жарыстарынан басталады деп есептеледі (776 ж. б. э. д. ) . Қазіргі жеңіл атлетиканың тарихи 1837 жылы Регби қаласында колледж оқушылардың арасында өткізілген екі шақырымға жүгіру жарысынан бастау алады, 1837 жылдан Англияда әр оқу орындары жеңіл атлетикадан жарыс өткізетін болды. Кейіннен жарыс бағдарламасына қысқа қашықтыққа жүгіру, кедергілерден өтіп жүгіру, жүк лақтыру, ал 1851 жылдан бастап - ұзындыққа және биіктікке жүгіріп секіру енгізілді. 1864 жылы Кембридж және Парфорн университеттерінің арасында бірінші жеңіл атлетикадан жарыс өткізілді, кейіннен бұл жарыс жыл сайын өтетін болды. 1865 жылы жеңіл атлетиканы халыққа тарату мақсатында Англияда жеңіл атлетикадан клуб ашты. АҚШ-та атлетиканың клубы 1868 жылы Нью-Йорк қаласында, ал студенттік спорт одағы 1875 жылы құрылды. Сонан соң жеңіл атлетиканы америка университеттерінде кең қолданыла басталды.
1880-1890 жылдарында әуесқой жеңіл атлетиканың ассоциациялар көп мемлекеттерде құрылған еді. Қазіргі жеңіл атлетиканың кең дамуы, 1896 жылы Олимпиада ойындарының қайта өркендеуіне байланысты болды. Бұл ойындардың ішінде жеңіл атлетикаға басты роль берілген. Бүгінде Олимпиада ойындары-спортты дамытуға ең күшті жағдай жасады, әсіресе жеңіл атлетика үшін, 1912 жылы Халықаралық әуесқой жеңіл атлетикалық федерация (И. А. А. Ф. ) құрылды. Бұл - жеңіл атлетиканың дамуымен және жарыс өткізуімен басшылық ететін ұйым. И. А. А. Ф. кеңесінен және комитеттерден құрылған техникалық (ережелер және рекордтар бойынша), медициналық, спорттық жүгіруден, кросс өткізуден және әйелдер жеңіл атлетикасынан тұрады. Қазіргі кезде 170-тен аса мемлекеттің ұлттық жеңіл атлетика федерациялары И. А. А. Ф. мүшелері боп саналады.
2. Кеңестік дәуірдегі жеңіл атлетика
Еуропа мемлекеттерінде жеңіл атлетика дамуына басшылық ету үшін және жарыс календарьін жөнге салу үшін, 1967 жылы Еуропа атлетикалық ассоциация (ЕАА) құрылды, ол 32-ден аса мемлекетті біріктіреді. Россияда жеңіл атлетика пайда болуы 1888 жылы Петербургтің қасында Тярловода спорттық үйірме құрылғанына байланысты. Сол жылы Россияда бірінші рет жүгіруден жарыс өткізіледі. Россия біріншілігі 1908 жылы өткізілді, оған 50 спортшылар қатысты. 1911 жылы бүкіл россиялық әуесқой жеңіл атлетикалық одағы құрылды. Бұл одақ 20 шақты спорттық лигаларды Петербургтан, Москвадан, Киевтен және бақа қалалардан біріктірді. 1912 жылы орыс жеңіл атлеттері (47 адам) бірінші рет Стокгольмде өтетін Олимпиада ойындарына қатысты. Кеңес өкіметі кезінде жеңіл атлетиканы дамытуға көп күш салған жылпы білім беру ұйымы. 1922 жылы Москвада бірінші рет Ресей кеңестік федеративтік социалистік республикасының жеңіл атлетика біріншілігі өтті. Кеңестік жеңіл атлеттердің бірінші халықаралық жарыстары 1923 жылы өткізілді, олар Финляндияның жұмысшы спорттық одағы спортшылармен кездесті. 20-шы жылдары өз уақытында сәйкес биік спорттық деңгейге жеткен ағайынды Б. және В. Громовтар, А. Решетников, В. Калина, М. Подгаецкий және басқалар. 1926 жылы Москвада Бүкіл Ресейлік дене шынықтыру мейрамы өткізілді, ал 1928 жылы Бүкіл одақтық спартакиада. Бұл жарыстарда ерекше көзге түскен спортшылар: И. Потанин, А. Кивикяс, и. Озолин, А. Максунов, Т. Корниенко, Д Марков.
1931 жылы Бүкілодаққа ГТО (ЕСКД) комплексін енгізуі, жеңіл атлетиканың дамуына зор мүмкіндік туғызған, себебі бұл комплекстің ішінде жеңіл атлетиканың түрлері кең көрсетілген. 1934-1935 жылдары Москвада, Ленинградта, Киевте, Тбилисиде, Харьковте және басқа қалаларда балаларға арналған спорт мектептері ашыла бастады. 1936 жылы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағында спортқа еңбегі сіңген шебер В. И. Алексеевтың бастамасы бойынша Ленинградта арнайы жеңіл атлетикалық мектеп құрылды. Ол қазіргі кезде де атақты жеңіл атлетикалық мектеп болып есептеледі. 1935-1937 жылдары балаларға арналған спорт ұйымдар пайда болды. «Жас спартаковец», «Жас локомотивец». Келесі жылдары балаларға және жастарға арналған спорттық қимылдың түрлері және әдістері алға дамыды. 1934 жылы дене шынықтыру қозғалысының тарихында көрнекті оқиғамен белгіленді. Бұл жылы ОАК КСРО қаулысымен «Спортқа еңбегі енген шебер» деген құрметті атақ енгізілді. Бірінші бұл құрметті атақты, көрнекті Кеңес Одағының атлеттеріне М. Шамановқа, А. Деминге, А. Максуновқа берілді. 1935-1986 жылдардың ішінде бұл құрметті атаққа 400 ден аса жеңіл атлеттер ие болды. Спорттың және спорттық жарыстар жүйесінің дамуы 1935 жылдан басталды, КСРО дене шынықтырушылардың одақтық классификациясын енгізуге жағдай жасады, ал 1937 жылы КСРО дене шынықтырушылардың классификациясы қабылданды. 1941 жылы бірыңғай Бүкілодақтық спорт классификациясы енгізілді, 1949 жылы ол қайта қаралды. Кейіннен 1949 жылдан бастап спорт классификациясы әр кезекті төрт жылдық олимпиада циклынан кейін түзетілді. 1965 жылы жаңа спорттық атақтар «Халықаралық дәрежедегі КСРО спорт шебері», «КСРО спорт шеберіне үміткері». 1949 жылдың 1 қыркуйегінде КСРО -да жеңіл атлетикадан 246 спорт шебері бар еді, ал 1960 жылы - 970. 1986 жылы - 6000 спорт шебері болған. 1965-1986 жылдардың ішінде 1297 халықаралық классті спорт шеберлер дайындалды.
22 шілде күні 1937 жылы КСРО орталық атқару комитетінің қаулысымен ең жоғарғы табыстар үшін, бірінші рет көрнекті жеңіл атлеттер С. Знаменский, Т. Быкова «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. 1957-1986 жылдардың ішінде 150-аса жеңіл атлетиканың спортшылар мен жаттықтырушылар Кеңес Одағының орден және медальдарымен марапатталды. 1947 жылы Министрлер Кеңесі Кеңес спортшыларын спорт және техникалық жоғарғы табыстарға жеткені үшін марапаттауға медаль және жетондар кіру туралы қаулы шығарды. Дүниежүзілік және Одақтық рекордты қойған, Кеңес Одағының чемпионы деген атаққа жеткен және Одақтық біріншілігінде екінші, үшінші орындарды алған спортшыларды алтын, күміс медальдармен және қола жетондармен марапаттауды бастады. 1952 жылы Кеңес Одағының спортшылары бірінші рет Олимпиадалық ойындарға қатысты. Алғашқы бастау табысты болды: Н. Ромашкова (диск лақтыру), Г. Зыбина (ядро) олимпиада ойынының чемпиондары болды. Олимпиада ойындары жеңімпаздарының ішінде бір олимпиадада екі алтын медаль ұтқан спортшыларды ерекше атап өту керек. Олар: В. Куц (5000м., 1м), В. Борзов (100м, 200м), Т. Пресс (ядро, диск), Т. Казанкина (800м, 1500м), В. Маркин (4х400м) .
1978 жылы ИААФ конгрессі Олимпиадалық ойындардың алдында келе жатқан жылда әлем чемпионаттарын өткізу туралы шешім қабылдады. Сонымен әлемнің басты атлеттері әр жылда ең жоғарғы жарыстарға қатысуға мүмкіндік алды. Төрт жылдық циклда мынадай жарыстар өткізілді: әлем чемпионаты (4 жылда бір рет), әлем кубогі (4 жылда бір рет), контингенталдық біріншіліктер (3 жылда бір рет), ерлер және әйелдер командаларына арналған Еуропа кубогі (2 жылда бір рет), жасөспірімдер арасында өтетін Еуропа чемпионаты (2 жылда бір рет), жабық залдарда өтетін Еуропа чемпионаты (жыл сайын), халықаралық дәстүрлі жарыстар мен матч кездесулері (жыл сайын) .
1958 жылдан бастап бұрынғы КСРО-да жыл сайын Знаменские ағайындарына арналған халықаралық жарыс өткізілетін болды және 1963 жылдан бастап «Правда» газетінің бәйгесіне бүкіл одақтық кросс өткізілетін болды, ал 1982 жылдан - жүгіруші күні.
1956 жылы КСРО халықтарының спартакиадасы ашылуының алдында Министр кеңесінің жанындағы дене шынықтыру және спорт комитеті ашылды. Сонымен Кеңес Одағы ыдырағанға дейін Қазақстандықтар сол одақтың құрамында болды.
3. Қазақстан жеңіл атлетикасының даму кезеңдері
Қазақстанда жеңіл атлетика он тоғызыншы ғасырдың жиырмасыншы жылдарының соңында дамиды. Жеңіл атлетиканың ең негізгі түрі болып барлық спорттық республикалық спартакиадалардың бағдарламаларына кірді. Қазақстанда отызыншы жылдардың ортасында - ақ талантты жеңіл атлеттер пайда болды, олар: Х. Мухамеджанов, Ш. Бекбаев, С. Стуге, И. Россишанский, К. Темиргалиев, Г. Костроминов. Соғыстан кейінгі жылдарда республикада КСРО-ға белгілі жеңіл атлеттер тәрбиеленді: В. Сухарев, П. Чулок, В. Карунина, Е. Кадяйкин, Г. Косанов, А. Туяков. Осы жылдары бастаушы жаттықтырушылардың жігерлерінің арқасында Ю. Жиров, А. Суслов, В. Гржибко, Б. Левченко, Н. Степанов, Б. Любимов, Г. Терещенко, А. Розисте, Г. Маейер, А. Михайлюк, О. Гиржон, Л. Лосев, А. Кирсанов, Р. Чарыев, Г. Иванов, Т. Мухамеджаров және көптеген басқалардың арқасында қазақстандық жеңіл атлетиканың көрінетін көтеруі басталды. Қазақстандықтар екніші КСРО халықтарының спартакиадасында (1959ж) командалық зачетте оныншы орынға ие болады және Рим қаласында өтетін Олимпиадалық ойындарға қатысу үшін КСРО құрама командасына Гусман Косанов пен Владимир Савинковты делегаттайды. 1962 жылы Қазақстан құрама командасы орта Азияда өте күшті команда болып саналады. Осы жылдан бастап республика жеңіл атлеттері өз негізгі бәсекелестерінен - өзбек спортшыларынан бес кездесуін ұтады. Осы жылдан бастап республика жеңіл атлеттері Закавказья және Балтық республикаларының командаларын жаппай жеңді. 1963 жылы Қазақстан жеңіл атлеттері КСРО халықтарының үшінші спартакиадасында тек қана Мәскеудің, Ленинградтың, Россияның, Украинаның, Белоруссияның және Эстонияның командаларына жол беріп жетінші орынға ие болды.
КСРО халықтарының төртінші спартакиадасында 1967 жылы он бес спорт шебері дайын болатын және жас спортшылардың үлкен тобы өсіп, биік нәтижелерді көрсетуге дайын болатын. Б. Куренкеев Алматы облысы Андреевский ауданына шықты, ол бүкілодақтық оқушылар спартакиадасында 1500 және 3000 метр жүгіру қашықтарында екі алтын медальдарға ие болды. Гапонова бес түрлі сайыстан қола медальді жаулап алды. Бірнеше спортшылар биік нәтижелерге жетті: А. Туяков 200 метрге жүгіруде чемпион болып, сонымен қатар 100 метр жүгіруде күміс жүлдегері боылп аталды, В. Солдатенко 20 шақырымға спорттық жүруден алтын медальді жаулап алды, Л. Микитенко 5 және 10 шақырымдағы қашықтарда екі рет күміс жүлдегері болды. А. казаков 400 метр кедергімен жүгіру қашықтықта үшінші орын алды.
КСРО құрама командасына кірген кезде, осы жылдары қазақстандық жеңіл атлеттер 4 рет әлемнің рекордсмендері болып тұрды - В. Герасимова (800 метрге жүгіру), в. Евсюков (найза лақтыру), В. Солдатенко (спорттық жүру), К. Сантанов (марафон), олардың ішінде 12 қазақстандық жеңіл атлеттер КСРО-ның рекордсмені болды - Г. Косанов (спринт), А. Туяков (марафон), В. Солдатенко (спорттық жүру), В. Герасимова (орта қашықтыққа жүгіру), Л. Микитенко (ұзын қашықтыққа жүгіру), З. Иванова (марафон), В. Муравьев (спринт), С. Засимович (биікке секіру), В. Евсюков (найза лақтыру), Е. Коконова (ұзындыққа секіру) . Жоғарыда көрсетілген спортшылар КСРО рекодтарын бірнеше рет қайталаған. Мысалы: А. Туяков - алты рет, Г. Косанов - төрт мәрте, В. Герасимова - үш рет, ал В. Муравьев, В. Евсюков және Л. Микитенко - екі реттен КСРО рекорсмендері болды.
1993 жылдан бастай Қазақстан Республикасының жеңіл атлеттері барлық халықаралық жарыстарда дербес команда ретінде қатысты. О. Шишигина, И. Патапович және Г. Егоров әлем чемпиондары мен олимпиада ойындарының чемпионы боылп аталды. Қазақстанның жеңіл атлеттері Х11, Х111 және Х1У Азиялық ойындарда 22 алтын, 21 күміс және 19 қола медальдарды ұтып алды. Ал екі чемпионаттарында (1995 жылы Джакартада және 1998 жылы Фукокода) Қазақстан құрама командасы жалпы 30 - ақ медаль алған, олардың ішінде сегіз алтын, он күміс және он екі қола. 1993 жылдан бастап Қазақстан Республикасының жеңіл атлетика федерациясы халықаралық әуесқойлық жеңіл атлетикалық федерациясының мүшесі (ИААФ) .
2004 жылы Қазақстан жеңіл атлеттері Азия чемпионатында Тегеран қаласында үшінші жалпы командалық орын алды. 2004 жылы АФинада өтетін Олимпиада ойындарына қатысуға арналған лицензияны келесі атлеттер жаулап алды - С. Толстая, В. Борисов, С. Корепанов, Д. Карпов, Н. Торшина, И. Ульева, И. Науменко, Е. Кощеева, С. Казанина, Т. Росланова, Т. Бочарова, Е. Кузнецова, Е. Мелещенко, Г. Черновол, М. Айтова, Р, Валиев, С. Бодрицкая, С. Рубцов, М. Калганов, Р. Куватов, В. Ковырова.
4 Қазақтың желаяқтары Ғ. Қосанов пен Ә. Тұяқов
Ғұсман Қосанов Семей облысының Изатолла ауылында көп балалы қарапайым шаруаның жанұясында дүниеге келген. Спорт әлеміне алғашқы қадамын осы ауылда бастады. Табиғатынан талантты жаратылған Ғұсман, бала кездің өзінде-ақ шаңғыдан және жеңіл атлетикадан өз қатарластары арасында алдына жан салмайтын еді.
Жетінші класты бітіргеннен кейін ол Семейдегі темір жол училищесіне оқуға түседі. Сонда оқи жүріп және одан кейін темір жол бекетінде слесарь боылп істей жүріп шаңығмен, баскетболмен, футболмен шұғылданады. Ғұсман ойнаған «Локомотив» футбол командасы қала чемпионы да болды.
Ал жеңіл атлетикаға Ғұсман бірыңғай Кеңес армиясы қатарында жүріп, гарнизондық бір жарыста 100 метрге 12, 0 секөнтте зулап өткеннен кейін барып қатысуды бастады. Бір жылдан кейін, яғни 1957 жылы ол Одесса қаласында өткен әскери округ бойынша біріншілікте 100 метрді - 10, 5 және 200 метрді 21, 7 секөнтте жүгіріп өтіп, жеңімпаз атанады. Міне, осыдан бастап талғампаз жас талантына жол ашылғандай, өз бетін тапқандай болады.
Ғұсман Қосанов әскери қызметін өтегеннен кейін Кишинев дене тәрбиесі техникумына оқуға қабыладнады. Студенттік өмірдің алғашқы жылғы ауыртаплықтарынан сүрінбей өтіп, өзінің өжеттігі мен өрлігі, еңбекқорлығы арқасында спорт шеберлігі нормасын орындап шығады. Сөйтіп, сол кездегі КСРО құрама командасы бапкерлерінің көзіне түседі.
Ал 1960 жыл ҒҰсман үшін аса маңызды айтулы жыл болды. Өйткені, ол жылы олимпиадалық ойындарға әзірлік жүріп жатқан болатын. Ол 100 метрді әлденеше рет 10, 4 секөнтте жүгіріп өтіп, ақыры олимпиадалық құрама команда сапына ілігудің сәті туды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz