Жеңіл атлетикадағы жылдамдықты дамыту жолдары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Алтыншы дәріс: Жеңіл атлетикадағы күш-қуат, жылдамдық қабілетті дамыту жолдары.

Дәріс жоспары

  1. Жеңіл атлетикадағы жылдамдықты дамыту жолдары
  2. Жеңіл атлетикадағы жылдамдықты дамыту жолдары
  3. Жеңіл атлетикадағы жылдамдықты артырудың жолдары мен әдістері.
  4. Ептілікті жетілдірудің жолдары мен әдістері
  5. Икемділікті дамытудың жолдары
  1. Жеңіл атлетикадағы күш-қуатты дамыту жолдары.

Күш-қуат - ол адамның жекелей бұлшық еттерді, немесе бұлшық еттер топтарын ширықтыру арқылы қозғалыс әрекеті барысында (кермеде тартылу, белгілі ауыр заттарды көтеру, тасу, не лақтыру, бір орыннан ұзындыққа секіру және т. б. ) тұрмыста, өндірісте және спортта кездесетін ауыртпалықтарды, механикалық және биомеханикалық қарсылықтарды және білек қабілеті арқылы дамиды.

Біршама динамикалық және тұрақты қалыпты шексіз күшті (өз салмағына қарамастан бұлшық еттер ширығуының ең жоғарғы көрсеткіші) бөліп айтуға болады.

Динамикалық күш жылдамдық - күш қабілеттерінен (күш-қуат және жылдамдық мүмкіндіктерінің жиынтығы) байқалады және адам қызметінің көптеген саласында, әсіресе, спорттық жоғары жетістіктерге жетуде (секіру, лақтыру) аса маңызды қабілет болып табылады.

Тұрақты жағдайдағы күш-қуат адамның қандай да бір қалыптағы мысалы, тік созылған қолмен штанга көтеру, немесе белгілі бір қалыпты сақтау, мысалы, «гимнастикалық бүріш», «пистолет» (бір аяқпен отыру) жасау қабілетінен танылады.

Студенттердің күш-қуаты мен жылдамдық-күш қабілетін арттырудың негізгі жолы, жіктелуі осыдан бұрын берілген, сондықтан оларды қолдану әдісіне қысқаша ғана тоқталамыз.

  1. Барынша көп күш жұмсалатын жаттығулар әдісі:
  • Белгілі бір салмақты ақырына дейін, қатты шаршағанда қайта -қайта көтеру;
  • Шектеулі салмақты көтеру;
  • Белгілі бір салмақты барынша жылдам көтеру.

Көптеген спорт түрлері мен еңбек қызметінде дене тәрбиесі жаттығулары арқылы дамытылып, адамның бұлшық еттерінің жоғары қуатты ширығуынан байқалатын тез күш жұмсау қабілетінің маңызы зор. Оларды «тез күш жұмсау» деп атайды және олар шапшаң орындалады, ауыртпалықбіршама төмен және ол спортшының жеке салмағы мен күш-қуат мүмкіндігін ескере отырып реттеледі. Мысал үшін, мына жаттығуды алайық - ол әртүрліакробатикалық және жеңіл атлетикалық секірулер, көп секектеу, лақтыру, тездету, спорт ойындарындағы секіру, бокстағы, күрестегі жедел қимыл, шамалы ауырлықпен жаттығулар (белдік, көкірекше, ауырлау аяқ киім, жүгіру және секіру үшін тізе манжеті, әртүрлі салмақты жеңіл атлетикалық снарядтар) .

  1. Жеңіл талетикадағы жылдамдықты дамыту жолдары.

Адамның қандай да болмасын қимыл-әрекетін (жүгірудің, секірудің, сермеудің соққының, лақтырудың және т. б. бір бөлігі) мүмкін болғанынша қысқа мерзімде жасау қабілеті- қозғалыстың жылдамдығы болып табылады. Ол ең алдымен жеке адамның қимыл реакциясын, бір ғана қимыл жылдамдығы мен жиілігін тездетуге жәрдемдеседі, тұтас бір қимыл әрекетінде жылдамдық аса маңызды, ол шапшаңдықты талап етеді. Мысалы, жай жүрісте, жүгіруде, жүзуде және басқа циклді спорт түрлерінде (шаңғы, велоспорт, коньки) . Бұл жерде кез келген қозғалыстың жылдамдығы шапшаңдыққа емес, сонымен бірге адамның күш-қуат мүмкіндігіне, адамның ұзындығынағ қозғалыстың керекті шапшаңдықты сақтау қабілетіне байланысты.

Жылдамдықтың қарапайым психо-физиологиялық механизмінің мындай үлгісін ұсынуға болады: рецептордың қозуы - қозудың орталық нерв жүйесінеберілуі - дабылдың бұлшық етке жетуі, онда қозғалыс әрекетінің пайда болуы. Бұл жағдайда адамның техникалық дайындық (бұл жерде әңгіме ең алдымен спорттың әртүрлі саласындағы қозғалыс техникасы туралы болып отыр) процесінде қол жеткізген қимыл әрекеті мен оның тұрақтылығын сақтау дәрежесінің маңыздылығы айқындалады.

Мұнда қозғалыс реакциясының жылдамдылығы маңызды роль атқарылады. Ол жай және күрделі реакцияға бөлінеді. Қарапайым реакцияны біз қандай да болмасын дабылға нақты қозғалыс әрекетіне (мысалы, сөрелік пистолетпен белгі берілгендегі жарыстың басы, т. б. ) жауап беру деп түсінеміз.

Адамның өмір тіршілігіне, тіпті, студенттің оқу-еңбек қызметінде, әсіресе, спортта қандайда бір істі жедел қимылмен орындап тастау, сондай-ақ, белгілі бір уақытқа дейін, немесе белгілі бір ара қашықтықта сол жылдамдықты сақтап қалу қажеттігі туындайды. Бұндай жағдайда сас маңызды тұлғалық қасиет - шыдамдылық болып табылады.

Олай болса, жылдамдық - ол қозғалыс әрекеттерінің жеделдігін қамтамасыз етуші нерв - бұлшық еттердің күрделі процесі, оны дамытып отыру қиынға түседі және адамның жас ерекшелігіне қарай, әсіресе, әлсіз қозғалыс режиміне байланысты, былайша айтқанда, спорпен айналыспаса ерте төмендейді.

Қарапайым реакцияны дамытудың барынша кең тараған әдәсә қайталау - кездейсоқ дабыл бойынша сөреден ытқып шығуды қайталау, қозғалыс бағытын өзгерту, күрт соққыға, сермеуге, шапшымаға және басқаларына қорғаныс қарсылығы болып табылады.

Күрделі реакциялар көбіне әртүрлі спорттық жекпе-жек ойындарына тән. Ойыншы үшін келе жатқан допты көріп, оның бағыты мен жылдамдығын айқындай біліп, соған қарай қарсы қимыл әрекетін (допты қабылдау, шабуылға тосқауыл қою) жобалап және ойға алағн қимыл әрекетін тиімді орындай білуі керек, өйткені, жарыстың нәтижесі соған байланысты. Спорттық жекпе-жектердегі қозғалыстың осындай үлгісінде күш жұмсаудың көп саласы мен ерекшелігі айқындалады. Спорттық жаттығуларда қимыл -әрекеттің, әсіресе, қатты жылдамдықпен келе жатқан допты, затты көре білу қабілетін арттыру, сөз жоқ аса маңызды. Оның жеңілдетілген әдістері мынадай: спортшы үшін кездейсоқ және аса қатты жылдамдықпен ұшып келе жатқан затты қабылдау жаттығулардың қайталап жасау.

  1. Жеңіл атлетикадағы жылдамдықты арттырудың жолдары мен әдістері.

Барынша шекті шапшаңдықпен орындалатын жылдамдықты арттыру мен жетілдірудің негізгі жолы - «жылдамдық жаттығулары». Оларға ең алдымен үшқырлы жаттығулары, секіру мен шағын салмақты әртүрлі снарядтар (доп, гранат жәнет. б. ) лақтыру, спорттық, қозғалмалы ойындар мен жекпе -жектегі жедел қимыл -әрекет түрлері жатады.

Жылдамдықты арттырудың негізгі әдісі - спортшының барынша қатты және соған жақын жылдамдықпен дайындалтын жаттығулардың ұзақтығы мен оларды қайталау саны спортшының қандай да бір қозғалыс әрекетінде қажеті жылдамдықты жеке өзінің сақтай білуіне байланысты. Жаттығуларды қайталау арасындағы демалыстың ара қашықтығы спортшының өзіне қатысты, алайда, барлық спортпен айналысушылар үшін жалпы принцип - ол ағзаны және оның қабілетін көтеретін жаттығуларды барынша тез қайталау арқылы қалпына келтіру.

Жоғары жылдамдықты арттырудың жарыстық және ойындық әдістеріне келсек, соңғысы, әсіресе, спорттық дайындықтың алғашқы кезеңінде, бала жастағы спортшыларға аса қажет. Оқу-жаттығу процесі барысында жылдамдық пен қимыл-әрекет жылдамдығын өсіруді демалыс күнінен кейін жобалаған дұрыс.

Қимыл-әрекет тұрақтылығына («жылдамдылық тосқауылы») әкелетін қозғалыс динамикасының қалыптасқан жобасын болдырмау үшін спорттық жаттығуларда мынадый әдістерді қолдануға болады:

  • Түрлі дене тәрбиесі жаттығулерын орындау барысында (мысалы, тренадерде

орындалатын өзге де жаттығулар, көш бастаушының артынан жүгіріп орыту, ойға қарай жүгіру), жылдамдық өзгертіп отыру, қимыл жеделгі мұндай жағдайда өзгеріп тұруға және міндетті түрде жарыстағы жылдамдық, мөлшерінен асып жатуға тиіс;

  • Жеңіл және ауырлау снарядтарды лақтыруды кезектестіріп отыру, циклді

ойындарда(жеңіл атлетикалық жүгіріс, суда жүзу, шаңғы, велосипед тебу) тартылыс құрылғыларын (тіркемелеу) пайдалану;

  • Ұзындыққа-биіктікке секіру, аздап салмақ артып жүгіру (тізеге манжет кию,

қорғасын белдік тағу және т. б. ) осы жаттығуларды салмақ артпай бірнеше рет қайталау;

  • Ықшам-қимылды (секіру, гимнастикалық жаттығулар, және т. б. ) жеке

бөлшектерге бөліп және оны екпінді бір жылдамдықпен орындау. Бұл жерде қимыл әрекеті мен оның техникалық жағынан тұтастығын сақтау қажеттілігін есте ұстау керек. Сондай-ақ, тұтас қимыл әрекетінің қайсы бір бөліктерін барынша (биомеханикалық) өзара қарым-қатынасының өзгеруіне (техниканы бұзуға) және күш салу мен спортшының басқа тұлғалық мүмкіндіктерін арттыруға әкеп соқтыратындығын ескерген жөн.

  1. Ептілікті жетілдірудің жолдары мен әдістері.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеңіл атлетикадан техникалық дайындық
АУЫР АТЛЕТИКАДАҒЫ ЖАС СПОРТШЫЛАРДЫ ДАЙЫНДАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ЖҮЙЕСІ
Жеңіл атлетикадағы спорттық дайындық жүйесі, дене қасиеттері дайындығы түрлері
Жеңіл атлетика жаттығуларынының құрылымы
Жеңіл атлетика спортының даму тарихы
Жеңіл атлетика және оның түрлері
Орта және ұзын қашықтыққа жүгіру техникасы
Жүгіру түрлеріндегі жаттығуды орындау қарқыны
Жеңіл атлетика жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, жаттығуларынан біріккен спорт түрі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz