Мәредегі төрешілер бригадасының жұмыс әдістері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Он төртінші дәріс: Спорттық жүріс пен қысқа қашықтыққа жүгірудің төрелік жарыс әдістемесі.

Дәрістің жоспары .

  1. Жарыстың өту орны, оның жабдығы мен керек жарыға.
  2. Спорттық жүріс пен жүгірудің жалпы төрелік жарыс әдістемесі.
  3. Мәредегі төрешілер бригадасының жұмыс әдістері.
  4. Хронометрист төрешілерінің бригадасының жұмыс әдістері.

Спорттық төреші міндетін дайындығы бар және төрешілік жұмыстарына белсене араласқан азаматтар атқара алады. Спорттық төреші болу үшін ережелерді білу керек, арнайы семинарлық және сарамандық курстарынан өтуі керек.

Жарыс ережесін сақтай отырып, спорт төрешісі спортшылардың ең жоғары нәтиже көрсетуіне ықтималын тигізе де алады.

Төрешілердің мен құқықтары жүгіруден өткізу методикасында теңірек суреттелген.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында төрешілерге мынадай төрешілік санаттар (дәрежелер) беріледі.

- ІІІ, ІІ, І санаттағы спорт төрешісі

- Ұлттық дәрежелі спорт төрешісі

- Жоғары ұлттық дәрежелі спорт төрешісі

Дәрежеге байланысты жалақысы да әр түрлі болып келеді.

  1. Жарыстың өту орны, жабдығы мен керек жарағы.

Жеңіл атлетикада жарыстар негізінде стадиондарда өтеді. Дөңгеленген жолдың ұзындығы - 400 метрге тең. Қазіргі кезде жолдар мынадай сентетикалық материалмен төселінеді: физпол, регипол, спортан, зенитан, арман, тартан, рекортан, рездор, ал ауылдық жерлерде жолдар кірпішті - клинкерлі немесе - ризиналы битумды төсеніштермен жабылады.

Жол бойымен қозғалыс сағат тіліне қарсы бағытта өтеді. Жүгірудің барлық түріне жолдын ені 1 м. 25 см болады. Оң жақ еніндегі сызық жалпы жолдың еніне кіреді. Жолға жиі - жиі ақ краскамен ені 5 см белгі сызықтар жүргізіледі. Бұндай басқа жолдарға мынадацй белгілер сызылады:

- барлық қашықтықтар үшін мөре сызығы

- бөлек жолдармен жүргізетін қашықтықтарға (100м-ге, 200, 400, 110м барьермен/ж, 800 - ге), старт сызығы жүргізіледі.

- ортақ жолдағы «старт» сызықтар былай сызылу керек: барлық старт сызық нүктесінен спортшылар ішкі жиекке шамаланған шығу жерге дейін жолдың арақашықтығы бірдей болуы керек. (1000, 8000, 5000, 1500, 2000, 1м) .

- бөлек жолдан ортақ жолға түсуді білдіретін сызықтар, әр бөлек жолдың соңында сызылады (800м, эстафета 4х100м)

-Эстафета жүгірісінде таяқшаны беру зонасының шекарасы (20метрлік зона- 10метр алға этаптың басынан) +10 метр артық - (4х100м эстафеталық жүгірістің екпінімен жүгіру зонасы)

- Жалпы мөре сызығына дейінгі 5 метр білдіретін сызықтар.

- Кедергілер орнататын жерлерді маркілеу әр бөлек жолдың шекаралық сызықтардың екі шеттерінен біріне - бірі қарама - қарсы өтіп ұзындығы 3 мм көлденең сызықтармен белгіленеді.

- Стадионда бөлек жолдармен жүгіретін қашықтықтарда, 400 метрге дейін қашықтыққа жүгірушілер және 400 метрге дейін эстафеталық жүгіріске қатысушылар орнатылған аяқ тіреуіштерді қолдана алады (старттық қалыптар мен старттық станоктар) . Бөлек жолдармен жүгіретін старттың сызықтарынан 3 - 5 метрден кейін, төрешілерге және көршілерге анық көрінетін жолдың рет номерлерін көрсететін көрсеткіштер қойылады. Жолдарды санау ішкі жиегінен басталады.

- 100 метрге, 100метр және 110 метр кедергімен жүгіру тік жолдары жалпы арақашықтықтан 18 - 20 метрге дейін ұзынырақ болуы керек. (3 - 5 метр старт сызығына дейін және мөре сызығынан соң 15 метр) .

Жүгірушілерге жақын өтетін мөре сызығының бойында, жүгіру жолының екі шетінен, жолдан тыс жерге 0, 3 метр қашықтықта екі мәрелік таяқтар орнатылады, ұзындығы 1, 4 метр. Екі тіреуіш қазықтардың көлденең қиылысуы 80х20 мм. Қазықтар жолға шетімен қарауы керек. Бұл қазық мәре сызығымен үйлесіп тұрады. Осықазықтарға жіңішке лента немесе жүнмен жасалған жіп ілінеді. Бұл жіпті ерлер мен үлкен жігіттер үшін 1, 22 см, ал басқалар үшін 1, 1 м биіктікке ілінеді. Осы биіктіктер қазықтарға белгіленеді. Жалпы мәре сызығының алдындағы 5 метрді білдіретін сызықтар жүргізу жолына көлденең, мәре сызығына параллельді сызылады (әр сызықтың арасын 1 метрден) . Жүгіру жолының шетінде, мәреге 5 метр қалғанын білдіретін шартты сызықтар тұсында арасы 0, 3 м кем емес екі бетті көрсеткіштер орнатылады, биіктігі 0, 15 м. Бұл көрсеткіштер мәреге қалған қашықтықты білдіреді.

Жүгіру жолының сыртқы жиегінде немесе екі шетінде 5 метр арақашықтықта мәре сызығын қарама - қарсы төрешілер вышкасы орнатылады (сөре төрешілермен төрелі хронометристер үшін) . Сол сияқты төрешілер мәре сызығына қарсы орналасқан стадион трибунасына да жайғаса алады. Мәре жанында жүгіру хатшыларына орын болу керек. Мәре нүктесінде жарыс озатының соңғы айналымға кеткенін хабарлайтын гонг болуы керек (қоңырау) . Эстафеталық жүгіріс үшін эстафеталық таяқшалар болуы керек, таяқшылар саны топ мүшелерінің санынан кем болмауы керек.

Эстафеталық таяқшасының ұзындығы - 280 - 300 мм, диаметрі - 387 - 40мм, салмағы - 50 граммнан кем болмауы керек. Осы айтылғандардан басқа стадионда бірнеше орындықтар және жауыннан не ыстық күннен сақтайтын зонттар болуы керек. Бұның бәрі жол бойында, старт орнымен төмен орналасапды (жарысқа қатысушыларға) .

2. Спорттық жүріс пен жүгірудің жалпы төрелік жарыс әдістемесі.

Жүріс пен жүгіріс төрелер бригадасының құрамы:

  • жүгіруден бас төрешінің орынбасары
  • мәредегі бас төреші
  • 5 -8 адамнан тұратын мәредегі төрешілер
  • Аға хронометрист
  • Стартерлер бригадасы (негізгі және қосалқы) - 2 адам
  • Стартердің көмекшісі
  • Мәредегі хатшылар - 3 - 2 адам
  • Қашықтық басындағытөрешілер бригадасы
  • Эстафетакезеңдердегі төрешілер бригадасы - 4 - 12 адам.

Осы аталған төрешілердің міндеттері спорттың жүрісіне және жүгіруге қатысушыларды тіркеуге алу кезінен бастап, мәреге жеткенге дейінгі және көрсетілген нәтижелерін хабарлау сияқты технологиялық тізбекте айтылады.

Жарысқа шығуға (стартқа) бірінші жүгіріске 20м уақыт қалған стартердің көмекшісі немесе жарысқа қатысушылардың жанындағы төрешілер спортшыларды тіркеуге алады, нөмірлерін хаттамаға енгізеді және олардың протоколға сәйкес келетінің тексереді. Хаттамада мынадай белгілер жасайды:

  • қатысушның келгені - У белгісі
  • қатысушының келмегенін - н/я (қ-қ)
  • номерінің сәйкес келмеуі - номер сызылып тастап, жаңа номер жазылады.

Әрі қарай жарысқа қатысушылар колнада бір - бірден төрешіге еріп, жарыс алаңына шығады. Спорт сызығының артына орналасқан орындықтарға жайғасады. Стартер көмекшісі, мәредегі хатшыға және хабарлаушыға хаттамаға енген жаңалықтарды хабарлайды.

Жарысқа қатысушылар сөреге дайындалады, аяқ тіреуіштерін дайындайды. Старттан сынау жүгірісін өткізеді, бірақ олар басқа түрде жатқан жарыстарға кедергі жасамаулары керек. Жарыстын басталуына 5м қалғанда қатысушылар бой қыздыру жүгіруді тоқтатып, стартқа дайындау үшін «жинақтағышта» жиналады. Стартер көмекшісі 1 - ші жүгірісті, сонан соң басқа жүгірістердістарттық станоктарды қондыру үшін алаңға шақырады, бұған ережелерімен 2 минуттан кем уақыт беріледі.

Жарысқа қатысушылар стартер бас төрешімен байланысып, мәредегі төрешілер дайын деген белгі алған соң қатысушыларға бұйрық береді «жаттығатын костюмдерді шешіңдер» немесе «сөреге дайындалындар» - содан соң өзі орнын тумбочкадан табады. Стартер көмекшісі бұл командадан кейін жарысқа қатысушыларды сапқа тұрғызып, жинау сызығына алып келеді, Қатысушыларды жинау сызығына алып келе жатқанда (3 - 5м, старт, станоктардың артынап) төреші - хабарлаушы, 1 - ші жолдан бастап жүгірушілердің құрамын атайды, аты - жөні, нөмірі бойынша, ешкімнің де дәрежесін атамай орналастырады. Өйткені спортшылар бірдей жағдайда жарысқа түсуі керек.

Негізгі сөреші «сөреге тұр» деген бұйрық беріп, төрешілер мен көрермендердін назарын аудару үшін ысқыры береді.

Фальстартты бақылайтын аппаратты қолданбайтын төмен дәрежеде өткізілетін жарыстарда қатысушыларға төменгі сөреден станок сызық жүргізуге беруіне рұқсат етеді. «Сөреге тұр» және «дайындал»деген бұйрықтарды орындағағанда жарысқа қатысушылардың аяқтарынын ұшымен саусақтары жерге тиуі керек.

«Сөреге тұр» бұйрығынан кейін спортшылар өзі орындарын тауып, қимылсыз тұрады. Сөреші тапаншасын немесе жалауын көтеріп «дайындал» деген бұйрық береді. Бұл кезде әр спортшы өзіне ыңғайлы күйде тұрып қимылсыз тұруы керек. Бұдан кейін стартер жүгіруге болады деген белгіні тапаншадан атып немесе жалаумен сермеледі не дауыспен атыстың орнынан «марш» деген сөзді дауыстап, жалаушаны төменгі арқылы белгі де беруге болады. «Дайындал» бұйрығымен «марш» бұйрығының арасындағы уақыт ережеде атап көрсетілмейді. Бірақта 1, 8 - 2, 4 секунд уақытаралық орнықты болып саналады.

Егер жарысқа қатысушы көп уақыт өзіне стартта орын дайындаса (2 минуттан асса) не болмаса «старқа тұр» деген бұйрықтан соң көп уақыт бойына тынышала алмаса, қасындағыларға кедергі жасаса, стартер ол спортшыға ескерту жасауға құқылы. Егер қайталанған жағдайда спортшыға сары карточка көрсетіліп, фальстарт тек қатаң ескерту жариялау керек. Спортшы екі қолын аспанға көтеріп, «Түсіндім» деген ишарап білдіреді. Фольстарт деген ескерту беруге дейін қолымен не аяғымен қимылдаған немесе жүгіріспен, немесе «марш» бұйрық қана тұра түскен спортшыға беріледі. Бұл жағдайда спортшы қайталау атумен немесе «тұрыңдар» деген бұйрық беріледі. Кінәлі спортшы ескерту «фальстарт» алады, ал старт аздаған уақыттан кейін қайталанады. Ал егер бұл жолы тәртіп бұзушылық қайталанса, ол спортшы (көп сатылы жарыстарда үш рет) жарысқа қатысу құқығынан айырылады, оған қызыл карточк көрсетіледі.

Барлық жасалған ескертулер және спортшылар дисквалификация туралы шешімдер старт хаттамасына енгізіледі (1 ф/старт, 2ф/старт, дисквалификация) .

Осы арақашықтыққа жарыс аяқталысымен толтырылған және қол қойылған хаттама мәредегі төрешіге өткізіледі.

Ескерту: стартердің сырт киімі басқа төрешілердің киімімен өзгеше болуы керек. Негізгі стартер старты толығымен бақылау алатын және өзіде мәреден жақсы көрінетіндей жерге орналасуы керек.

Негізгі стартерге үлкен құқық берілетін, сондықтан оның өзі ғана старттың дұрыс алынғанын айта алады (егер қосалқы стартер болған жағдайда ол ақылдасуы керек) сондықтан спортшылардың нәтижелі болуы тікелей осы негізгі стартерге байланысты.

Старттан кейін стартшылар өз жолдарымен жүгіріп өтіп, мәреге келгеннен кейін 2 - 3минут ішінде көрсеткен нәтижесінен хабардар бола алады. Бірінші спортсменнің уақыты келісімен белгілі болады.

  1. Мәредегі төрешілер бригадасының жұмыс әдістері (методика) .

Мәредегі бас төреші әр спортшының мәреге келуі бақылауды әр төрешіге бөліп береді және жарысушылардың бір - біріне қандай қашықтықта екенін анықтайды. Ол стартерлер мен мәренің арасын байланыстырып отырады.

Әр төреші өзіне бекітілген спортшыны бақылайды (нешінші болып келді қандай нәтиже көрсетті) .

Жарысқа қатысушыларды топтан белгілейтін жоғарғы дәрежеде өтетін жарыстарда, стадионда төрешілер тек өздерінің ғана спортшылардың номерлерін «метражды» жазып алады. Сондықтан қысқа қашықтыққа жүгіруде номерлерін арқаларына жабыстырады, өйткені № беру ғана әр спортшының номерін жазып болған соң (және «метражын») төреші оны бас төрешіге хабарлайды, ал ол бұл мағлұматтарды хаттамаға өндіреді және спортшының мәреге келу реті мен бұл біріне арақашықтығын да хаттамаға енгізеді. Төрешілер (мәредегі) стадион трибунасына орналасады, ал ол трибуна мәре сызығынан кем дегенде 5 метр қашықтықта болуы керек.

Бірінші келген спортшыны бақылайтын төреші жоғары орынға жайғасады. Қалғандары бір - бірінің артына отырады. Бұл тәртіп бас төрешіге басқа спортшылар туралы мәлімет жинауға өте қолайлы.

Осы тәртіппен жоғарыдан төмен 1 - ші ден 8 - шіге дейін төрешілер - храномитристер орналасады.

Бас төреші 1 - ші, 2 - ші, 3 - ші келген спортшыларды жазып алады сөйтіп олардан мәреге келу суретін ойша көреді.

Кейде номерлерді шатастыру салдарынан түсінбеушіліктен де пайда болады, өйткені 1 - ді 7 - деп, 3 - ті 8-деп шатастыруы мүмкін.

Мәре хаттамасы дайын болған кезде бас төреші хрономистеристердің көрсеткіштерін мәре төрешілерінің көрсеткіштерімен салыстырады. Егер сәйкес келмеушілік болған жағдайда бас төрешімен бас хронометрист екеуі келесі бір хронометристеріне көрсеткіштеріне өзгерту ендіре алады, ал келіспеушілік туған жерде олар бас төрешінің орынбасарын шақырып бұл жарыс нәтижесін хабарласа отырып шығарады.

Ауыстырылған нәтиже диоганалы бойынша сызылады да жанына бас хронометристінің қолы қойылады. Мәреде бас төрешінің екі түсті - ақ және қызыл - жалаушысы болуы керек, осы екі жалаушы арқылы ол стартермен хабарласа алады.

Жоғары көтерілген жалау - жарысқа дайындықты білдіреді.

4. Хронометрист төрешілердің бригадасының жұмыс әдістері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төменгі старттан қысқа қашықтыққа жүгіру
«Жеңіл атлетика оқыту әдістемесі» оқу құралы
Жүгіру
СПОРТТЫҚ КҮРЕС БӨЛІМІНДЕ ҰЖЫМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ОҚЫТУШЫ- ЖАТТЫҚТЫРУШЫНЫҢ РӨЛІ
Мініс жылқыларын сынау, бәйгеге қосу
Ұлттық спорт түрлерінің даму тарихы
Қозғалыс реакциясының жасырын уақыты
Тоғызқұмалақтағы отау атаулары
Лақтырушылардың күш жаттығуының негіздері
Спорт түрлерінің тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz