Жарысқа қатысушылар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Он үшінші дәріс : «Жеңіл атлетикадан жарыстар ұйымдастыру және өткізу әдістеріне кіріспе».

Дәріс жоспары.

1. Жарыстың түрлері, оған қатысушылар және жарыстың ереже жиынтығы.

2. Төрешілік қызметтер мен оның саны, жарысқа жіберу тәртібі және жарысқа қатысушылары.

3. Топ жетекшілердің және өкілдерінің міндеттері.

1. Жарыстың түрлері, оған қатысушылар және жарыстың ереже жиынтығы.

А) Ауқымы мен өткізу маңыздылығына байланысты жарыстар мына деңгейлерге бөлінеді:

1. Жоғарғы деңгей -Олимпиадалық ойындар; Әлем біріншіліктері мен чемпионаттары, Әлем Кубогі; Азиялық; Африкалық; Латино -Америкалық ойындар, басқа да халықаралық кездесулер, жеке мемлекеттік біріншіліктер мен чемпионаттар.

2. Орта деңгейлі -облыстық; қалалық және аудандық жарыстар:

3. Төмен деңгейлі -спорт. Колубтары мен дене шынықтыру ұжымдарының жарыстары.

4. Жеңімпаздарды анықтау әдістеріне қарай жарыстар жеке бастық, топтық және жеке топтық жарыстар болып бөлінеді.

5. Жеке жарыстарда техникалық көрсеткіш нәтижесі әр қатысушыға және эстафеталық топқа беріледі, осыған қарай оларға жарыстағы алған орны белгіленеді

6. Топтық жарыстарда әр қатысушының және эстафеталық топтың техникалық нәтижесі топқа бүтіндей саналады, осыған қарай топтың жарыстағы алған орны белгілі болады.

7. Жеке -топтық жарыстарда техникалық нәтиже әр қатысушыға саналғандай, топқа да саналады, осыған қарай топтың жарыстағы алған орны белгілі болады.

В) Жарысқа қатысушылар .

Жарыстар -жас шамасына қарай былай бөлінеді:

10. 1) Жас жеткіншектер тобы (11- 13 жас балар мен қыздар)

11. 2. ) Кіші жасөспірімдер тобы (14 - 15 жас балар мен қыздар)

12. 3. ) Жоғарғы жасөспірімдер тобы (16 -17 жас қыздар

мен жігіттер)

13. 4. ) Юнорлар тобы (18-19 жас қыздар

мен жігіттер)

14. 5. ) Ересектер тобы ( 20 жас және одан да жоғары әйел мен ер адамдар)

15. Егер жарыстың ереже жиынтығында жеке атап көрсетілмесе онда юниорлар ересектер тобында қатысады. Бір жас топқа кірген спортсмендерге, басқа жас топтардың ішінде жарысқа қатысуға тиім салынады.

В) Жеңіл атлетикадан жарыстар ұйымдастыру .

19. Ереже жиынтығы -жарыстың мерзімін білдіретін басты құжат. Ереже жиынтығын-ертеде құрылып басқа да жарысқа қатысушы ұйымдарға алдын-ала жіберіледі. Жарыстың ереже жиынтығы мынадай бөлімдерден тұрады:

20. 1) Жарыстың міндеттері мен мақсаты.

21. 2) Өткізу уақыты (мерзімі ) мен орны (мекені)

22. 3) Жарыс басшылығы

23. 4) Жарысқа қатысушылар мен мекемелер

24. 5) Бағдарламасы ( сағаты мен күні болса тіпті жақсы)

25. 6) Жеке және топтық біріншіліктерінің анықталу тәртібі мен шарттары ( ынақ және баға системасы)

26. 7) Марапаттау

27. 8) Жарысқа қатысушыларды қарсы алу шарттары.

28. 9) Өтініш берілудің мерзімі мен шарттары.

Секіруден жарысқа қатысушыларды әрбір спортшы секторға келіп, өзінің екпініне белгі қойып, дайындық жүргізе алады.

Лақтыру жарысына қатысушы тек төрешілердің бақылауымен ғана дайындық жұмысын жүргізе алады (протоколға жазылған тәртіпке қарай бірнеше әрекет жасауға рұқсат) . Ал есепке алынатын қимылдарын тек төрешінің шақыруыменжасайды.

Барлық лақтыру мен ұзындыққа секіруде, үштік пен биіктікке секіруде бір әрекет жасау үшін 1минут 30 сек. уақыт беріледі.

Ал сырыпен секіруге 2 минут беріледі. Егер жарысқа қатысушылардың жоқ екенін байқалса, бас төрешімен оның орынбасарларының шешімімен ол жарысқа қатыстырылмайды. Жарыстың келесі кезеңіне өткен спортшы оған міндетті түрде қатысуы керек.

Егер спортшы келмесе онда ол жарысқа қатысу құқығынан айырылады және бағдарламадағы басқа да жарыстарға қатыстырылмайды, ал оның көрсеткіштері күшін жояды.

Ақтау құжаты болып дәрігер берген медициналық анықтама қабылданады немесе жарысқа келмеген себебі дәлелді деген басқа құжат беріледі.

Жарыстың соңында қатысушылар ұйымшылды түрде тарайды, ал жеңімпаздар марапаттау орнына келуі тиіс. Егер жарысқа қатысушыға бір себептермен жарыс алаңынан (сектордан) аз ғана қол үзу керек болса, ол тек қана бас төрешінің рұқсатымен және оның қадағалаумен ғана оны істей алады(бұл спортшыға сырттан көмектің көрсетуінің жоқтығынакөз жеткізу мақсатында) .

Егер жарысқа қатысушы тарапынан тәртіп бұзушылық дөрекі қулық көрсетілсе, онда оларға ескерту жасалады, ал осындай тәртіпсіздік қайталанған жағдайда спортшы жарысқа қөатысу құқығыннан айырылады.

3. Топ жетекшілері мен өкілдері .

Жарысқа қатысушы әр ұйымның өзінің ресми түрде тіркелген өкілі болу керек. Бұл өкіл өз тобының жарысқа қатысу жұмыстарын қадағалайды. Ресми өкілдің міндеттеріне зормән беріледі, өйткені осы адамнан топтың, топ мүшелерінің жарыста нәтижесі болуы, жалпы жарыстың өту осы адамға байланысты.

Әр топтың өкілдеріне мынадай міндет жүктеледі:

1. Секретариатқа (хатшыларға) жарыстың әр түріне техникалық өтініш және спортшы туралы мәлметтерді дер кезінде өткізу керек.

2. Әр спортшыға нөмер алып, оны мәлімдемеге және мәлімет қағазына енгізуі керек. Спортшы туралы мәлмет қағаздарында оның осы сезондағы ең жоғарғы көрсеткішін және жаттықтырушысының аты-жөнін көрсету керек. Егер спортшы жеке біріншілік жарысқа түсетін болса, мәлімет қағазы (тік бұрышты қағаз) сол жақ төменгі бұрыштан оң жақ жоғарғы бұрышқа қарай сызылады (бір диагональды) ; ал егер спортшы жарсқа конкрустан тыс шығатын болса онда мәлмет қағаз екі диагональ бойынша сызылады.

3. Төрешілер коллегиясымен бірге әр топ өкілдерінің кеңесіне қатысады.

4. Топ мүшелерімен жиналыс өткізуге, жарыстардың өту кестесін хабарлап отыруға, жарыстың өту мекен жайын, тіркеуге тұру мерзімін хабарлауға, қатысушылардың нөмірлерін таратуға, жүгіруденкелесі кезеңге шығу формуласын, биікке және сырыпен секірулерден бастапқы биіктеуді айтып, хабарлап тұруға міндетті. Топ өкілі төрешілер коллегиясының және де басқа жарысты ұйымдастырушылар мен өткізушілердің жұмысына кірісе алмайды. Ал егер оның ойынша, төреші коллегия қате жіберген болса немесе өз тобының қатысып отырған ойыншыларына әділетсіздік болады деп санаса, өкіл тәртіп бойынша ауызша не жазбаша түрде бас төрешіге немесе оның орынбасарына шағым айта алады. Егер топтың арнайы өкілі болмаса, бұл міндет топжетекшісіне жүктеледі.

Егер спортшылар тобы қаладан келсе қалағабаратын болса, онда топ өкілі мынадай схема бойынша топты басқару керек:

1. Жарыстың ереже жиынтығымен топты таныстырады.

2. Топ мүшелерімен жиналыс өткізіледі. Егер керек болса сабақтардан босату үшін оқушылардың мектеп әкімшілігімен келіседі.

3. Жарысқа қатысушылардың медициналық текесеруден өтуін қадағалады.

4. Атауды және техникалық мәлімдемелерді 4 дана етіп бастырады.

5. Мәлімдемелерге іс сапарға жіберіп отырған ұйының және дәрігердің қолы қойылып, куәләндырады.

6. Жарысқа қатысушылардан керекті құжаттар жинайды (паспорт немесе туу туралы куәлік, мекен жайын білдіретін анықтама, мамандықбилетін, қоғамның мүшелік билетін. )

7. Іс сапарға жіберуші ұйымнан жолақы алады, қонақ үйге орналасуына ақша алады, командировка документтерін өзіне және топқа бөлек алады, жолда күнделік ақшаға және тамақтануға бөлінетін ақшаға -ведомостінің парақтарын алады.

8. Жарысқа қатысушыларды жұмыстан не оқудан босатуын қамтамасыз етеді.

9. Ата-аналар хабардар болып қам жемес үшін, топ мүшелерімен жиналысжасап жолға шығу мен оралу мерзімі айтады. Топ мүшелерінің киім киісінің

10Вокзалда топ мүшелерін тізім бойынша тексереді, жолда жүру ережесі мен қауіпсіздік ережелерін сақтауды естеріне салып отырады. Жарысқа қатысушылардың ата-аналарына келер уақытын және олардың мүмкіндігінше күтіп алуларын сұранып, естеріне салады.

11. Топ жетекшісіне көмекші бола отырып және сол арқылы топ мүшелерімен жақсы байланыста болатын адамды тағайындайды.

12. Жарысқа қатысушылардың автобус немесе поезға отыруын және орналастыруын қадағалу, сол үшін отырар алдында әрқайсысының орынын нөмірін хабарлайды.

13. Жарысқа қатысушылардың өздерін салмақты алып жүрудің, уақытылы тамақтануын, кешкісін уақытылы жатып, демалуын қадағалайды.

14. Көліктен түсерде заттарын түгеендеуді ескертеді.

15. Спортшыларға барар жердің маршрутын айтып, жолға ақыны өз бетінше төлеуді айтады.

16. Қажетті құжатарды дайындап, мандат комиссиясынан өтуі тиіс. Қонақ уйге жолдама алып, жарысқа қатысушыларды орналстырады. Өкіл мен топ жетекшіде әр топ мүшелерінің бөлме нөмірі мен телефон нөмірі болуы керек.

17. Ведомості көріп, жолдағы тамаққа және жарыс күндеріне тиісті ақшаны спортшылармен жаттықтырушыға таратады. Келіп жеткен күн жарыс күні болып саналады, сондықтан төлем ақы берілетін айлықтан ерекшеленеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәредегі төрешілер бригадасының жұмыс әдістері
Жарысқа қатысушы спортшылар мен командылар
Тоғызқұмалақ ойынының қағидасы, заңдылықтары
«Жеңіл атлетика оқыту әдістемесі» оқу құралы
Ұлттық спорт түрлеріндегі әдістер мен тәсілдердің негізі
Спорт жылқысын таңдау және дұрыс пайдалану
Мектепте шахмат ойнынан жарыс өткізу
Жылқы спорты мен ат ойындары
Ұлттық спорт түрлерінің даму тарихы
Жеңіл атлетиканың Қазақстанда дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz