Жарыс кезеңі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Дәріс-8

Тақырыбы: Шаңғышының жарысқа арнайы арналған жаттығулар.

Жоспар:
1. Жарыс кезеңі
2. Жарыстар өткізу
3. Өзіндік бақылау

Жарыс кезеңі- бұл спортшылардың жарыстарда сыналатын кезеңі десекте болады. Жарысқа қатысушылар ең бірінші жарыс өтетін орынмен танысулары қажет. Спортшы үлкен жарыстарда бір ай немесе екі апта көлемінде жарыс алды дайындығынан өтуі қажет. Жарыс алды дайындықтары адаптация, яғни тұрғылықты жерге үйрену болып табылады. Ол кем дегенде 3- 7 күн аралықты қамтиды. Орта қашықтыққа жүгіретін спортшылар үшінде адаптациядан өту басты заңдылықтардың бірі.
Бұл кезде спортшы өзінің негізгі жарыстарына қатысады. Бұл кезеңнің басты міндеті-алдыңғы кезеңде жақсы жаттыққан спортшы ағзасының жарысқа дейінгі күйін ұзақ уақытқа сақтау. Жарысқа қатысу жиілігі спорт түріне, спортшы дәрежесіне байланысты.
Жарыс алдындағы циклде спорттық бабына кіру және алдыңғы жарысқа дайындалу жаттығулары жүргізіледі. Жарыс циклдері негізгі жарысқа қатысу кезінде өтеді де бірнеше кіші циклдерге бөлінеді. (микроциклдер) Олар: жақындататын, жарысқа қатысу және қалпына келу циклдері. Қалпына келу- көтермелеу циклі кезінде сипаты бір-біріне ұқсас жаттықтыру үрдістерінен спортшыларды жалықтырмау үшін басқа жаттығуларды пайдаланады. Сол жаттығулар көмегімен ағзаның қалпына келуін тездетеді.
Спорттық разрядтары бар спортшылармен жұмыс жүргізу кезінде жаттықтырушылардың жиі кездестіретіні- жарақат. Ол орындалуы қиын жаттығулардан немесе жүктеменің дұрыс берілмеуінен пайда болады. Жарыстық кезеңде мұндай спортшыларға күнделікті жаттықтыру жаттығуларынан басқа жаттығулар орындауын болдыртпау қажет. Сонымен қатар жарыс өткізілетін жердің ауа райына байланысты дайындықты да ұмытпаған жөн.
Дене тәрбиесімен, әсіресе спортпен шұғылдану барысында пайда болатын аурулардан сақтандыруды оңтайлы жүргізудің бірден-бір маңызды шарттарының бірі, ауру деп аталатын ерекше құбылыстың себеп-салдарын, туу жағдайларын, табиғатын, мазмұнын түсіну. Ауруды түсіну үшін денсаулық деп аталатын екінші бір ерекше құбылыстың мазмұнын түсіну керек. Денсаулық та, ауру да табиғи және өте күрделі құбылыс екеніне күмән жоқ. Медицина ғылымында осы екеуінің түрлі анықтамалары белгілі. Олардың көбісі денсаулықтың да, аурудың да бір жағын сипаттайды. Мысалы, денсаулықты организм мүшелері мен жүйелері функцияларының немесе қызметінің сыртқы орта факторларымен теңгерімде болуы дейді. Басқа сөзбен айтқанда, денсаулық дегеніміз организмнің ішкі ортасымен, сыртқы орта факторлары арасындағы теңгерімділік немесе гомеостаз. Кенноның ілімі бойынша бұл организм ішкі ортасының тұрақтылығы. Жалпы биологиялық тұрғыдан денсаулық организмнің сыртқы орта факторларына жоғары бейімделгіштігін көрсетеді де, денсаулықтың басты белгісі болып саналады. Мысалы, денсаулығы жақсы спортшы организімі ауыр да, қарқынды да жүктемелерді, зор жүйкелік-жансезімдік ширығулардынемесе зорлануды физиологиялық қалыптан шықпай-ақ атқара береді. Бұл денсаулықтың физиологиялық процес екенін көрсетеді. Әрбір жеке адамның денсаулығы, екінші бір адам денсаулығына ұқсамайды, демек денсаулықтың нұсқасы әр адамда әртүрлі болады. Олардың сыртқы орта факторларына реакциясы да жекеше келеді. Организм саулығының сыртқы орта факторлары әсерлеріне бейімделгіштігі, оның өзін-өзі реттей алатын қасиеті бар, күрделі тірі жүйе екеніне байланысты. Биология ғылымы организмнің өзін-өзі реттей алатын күрделі жүйе екенін ежелден дәлелдеген. Жүйелілік қасиет жасуша деңгейінен басталып, тін, мүше, организм деңгейіне дейін көтеріледі. Айтылған морфологиялық-функциялық деңгейлердің өзіндік бейімделу механизмдері бар. Мысалы, жасушалар, тіндер, мүшелер, жүйелер өз деңгейлерінде тынымсыз өзгеріп тұратын сыртқы ортаның факторларына оңтайлы жұмыс тәртібімен бейімделеді. Денсаулықтың да, аурудың да көрсеткіштері шартты. Организмнің көптеген физиологиялық функциясының тербелістері ауқымды болып келеді. Физиологиялық функциялар тербелістерінің ауқымы жеке организмнің ерекшеліктеріне, адамның конституциясына, машықтық дәрежесіне, жасына, жынысына, организмнің реактивтілігіне және басқа да табиғи қасиеттеріне байланысты. Сондықтан дәл осы немесе басқа бір функционалдық өзгеріс бір адамға дерттік, ал екінші бір адамға физиологиялық болып келеді. Мысалы, артериялық қан қысымының 100 мм дейін төмен болуы бір адам жүрек- қантамырларының жүйкелік-эндокриндік реттеуші механизмі бұзылыстарына байланысты болса, төзімділік жаттығуларына жақсы жаттыққан спортшы үшін артериялық қан қысымның осындай мөлшері физиологиялық немесе қалыпты. Бұл жағдай спортшының жүйкелік-эндокриндық механизмінде бұзылыстары жоқ екенін көрсетеді.

Дәріс-6
Тақырыбы: Бір жүрістен екінші жүріске көшудін тәсілдері.
Жоспар:
1. Ауыспалы екі қадамды жүрістің методикасын үйрену
2. Алма- кезек төрт адымды қайталау
3. Өрге шығу мен тұсу техникасын жетілдіру
Әдістемелік ұсыныстар: Сырғанай жасалатын қадамды орындау кезінде аяқпен серпілу бүкіл табанмен жасалып, бәтеңкенің ұшына аяқтау.Өрге шыққан кезде шаңғыны паралель қою.Сабақта үйренген қадамды орындау техниканың жүзеге асырылуын тексеру.
1.Ауыспалы екі қадамды үйрену
Бұл жүріс техникасының негізін бірінен кейін бірі келіп отыратын қимыл-әрекет құрайды.
1.Аяқпен серпілу тоқталған сәт - бұл бір шаңғымен сырғанауға арналған дененің бастапқы қалпы.
2. Таяқпен итеруді бастау сәті.
3.Аяқпен серпілу алдында жерге тірейтін аяққа салмақ түсіре бастау.
4.Жерге тірелген аяқпен серпілуді бастау.
5. Аяқпен соңғы рнт серпілу алдыңдағы оны жаза бастау.
6.Аяқпен серпілуді аяқтау, бұл кезде жерге тірелген аяқ толық жазылады да, қол аздап бүгілген қалыпта алға шығады.
2. Алма- кезек төрт адымды жүрісте итеріле қозғалғаннан кейін, шаңғышы сол қолды ілгері созады, бірақ таяқты қарға әзір тіремейді. Оң аяқпен келесі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Спорттық жаттықтыру әдістері
Жарысқа қатысудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру ерекшеліктері
Арнайы дайындық кезеңі
Жаттықтыру сабақтарының түрлері
ЖАС ТАЕКВОНДОШЫЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ
Жүгіруден арақашықтық бойынша жаттығу
Психологиялық дайындық сипаттамасы
Таңдалған спорт түрінен техникалық дайындық
Спортшы тұлғасының психологиялық ерекшеліктері
Жаттығуды орындау техникасы үнемі даму үстінде
Пәндер