Аяқты сырттан шалу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
№ 9 тақырып: Сақтандыру, өзін-өзі сақтандыру Жанға қулау: отырып домалау, тұрып, домалап (алға, артқа). Арқаға құлау: отырып, жартылай отырып домалап, тұрып, қарсыластан асып арқаға құлау
Сабақ мақсаты:
Самбо әдістері туралы түсінік беру.
Қаралатын сұрақтар:
Қолмен жасалатын әдістер
Үйіру, қолмен шалу, қылтадан қолмен іштен және сырттан ілу, өңгеріп тастау, бөкте
Самбо күресінің әдістері
Сарбаз самбо күресінің шебері атануы үшін мінез - құлық, моралдық, жан -жақты дайындықтармен қатар оның әдіс-тәсілдерін жетік білу керек. Самбо күресінің єдістер сан алуан, сондықтан қай халықтың күрестері болса да тай-таласа алады. Қазір олимпиада бағдарламасына еңген күрес түрлері: грек-рим күресі (ертедегі греция мен римнен), еркін күрес (ағылшындардан), жу-до күресі (жапониядан) елдерінен бастау алатынын білеміз. Ал самбо күресінің негізін қалаушы мемлекет ретінде бұрынғы КСРО елін атауға болады.
Әдіс үш бөлімнен тұрады: әдістің негізі, анықтайтын бөлімі және бөлшектері.

Әдістің негізі деп - динамикалық, кинематикалық және ырғақты қозғалыстардың бір - бірінен сәйкес келіп қозғалыс міндеттерін іске асырудағы ерекшеліктерін айтамыз.
Ең алдымен әдістің негізін дұрыс игеріп, оның баршаға бірдей шарттарын бұлжытпай орындау керек. Жаттығуды жақсы игерген кезде жасөспірімнің жеке басының дене бітімінің ерекшелігіне байланысты әдіс негізін өзіне қолайлы өзгеріспен орындауы қателікке жатпайды.Ал, әдістің іске асыратын негізгі қозғалыс бөлігін әдістің анықтаушы бөлігі дейміз. Әдістің бұл бөлігін орындаған аз уақыт ішінде орасан зор дене күші жұмсалады.
Әдістің бөлшектері дегеніміз - орындалған қозғалыстың екінші қатарлы маңызы бар, орындағанда әдістің негізгі сиқын бұзуға әсер етпейтін қозғалыстар жатады.Әдісті меңгеру нәтижесінде қимыл ебдейлігі яғни қимыл іскерлігі пайда болады. Жаңадан үйренген әдістері алғашқы орындаудың өзі, орындалатын қозғалыс жөнінде орындаушының аз ғана мөлшерде болса да білімі, қозғалыс тәжірибесі мен жалпы дене дайындығының арқасында әдістің негізін саналы орындауға мүмкіндік туғызады. Әдісті шебер орындау мен саналы басқару арасында байланыс күшейе түседі. Алғашқы да берілген әдіс сананың бақылауы бойынша тұрақсыз тәсілдермен орындалып әдістің негізінен ауытқулар болуы заңды құбылыс. Ал , әдісті жүйелі түрде көптеп қайталай берсе оның құрамына кіретін қозғалыстар бірте - бірте үйреншікті қалыпқа келіп, дененің тепе - теңдік механизмінің қозғалысы біртіндеп автоматты түрге еніп қимыл іскерлігі дағдыға айналады.

Дағды дегеніміз - әдісті көптеп қайталаудың нәтижесінде сананың қатынасуынсыз автоматты түрде басқарылып, әдістің жоғары сапада орындалуы. Іскерліктің дағдылы қозғалысқа айналу кезі, сатылап өту процесін қалыптастыруда ашық көрінеді. Қозғалыс іскерлігі оқыту, үйрету, білім беріп түсіндірудегі бағасы өте зор. Осының арқасында шығармашылық ойлау әдістерді талдап, сұрыптауға мүмкіндік туады.
Дағдының мазмұнын анықтаушы белгілерін атап өтсек:
Әдісті автоматты түрде басқару қозғалыс дағдысын анықтайтын бағалы ерекшелігі. Қимыл іскерлігі автоматтандырылған қимыл - қозғалыс әрекеттерін жасауға көмектесе отырып, әдістің жоғары сапамен, терең ықыласпен орындауға мүмкіншілігін артырып, көптеп қайталау қозғалыс барысында сананың бақылауын керек етпейді. Бұл әдісті орындауда сананың бақылау жұмысы біржола іске аспай қалады деген емес.
Ол алғашқы істің басынан бастағанда жалпы бақылау мен реттеуші жұмыс атқарады. Көп жағдайда дағды іскерлікпен жұптасып қатар қолданылады.
Дағдылы қозғалыста, әдісті тұтас орындағанда оның жеңіл, анықтаушы бөлігі мен бөлшектерінің бір - бірімен тығыз байланыста болып тұрақтылығымен сипатталады.
Сенімділік әдіс - айланы жоғары қарқында орындағанда өзінің тиімділігін сақтайды. Орындау барысында пайда болатын психикалық (қорқу, қобалжу, дене қуатының төмендеуі салдарынан болған шаршау, бейжай болу) төтеп бере алатындай жағдай болады.
Жаттығу барысында дағдылы қозғалыстың бөліктерінің тасымалдануы үлкен орын алады. Әдістерді орындағанда бір қозғалыс дағды екінші бір ұқсас әдістере қолданылуы жиы қайталанады. Оның басты себебі оқыту, үйрету барысында негізгі мақсаттардың бір жасөспірімнің бойында қозғалыстың көптеген орындалу жүйесін қалыптастыру. Ал, үйрену кезінде дағдылы қозғалыстардың бір тобы екінші бір тобына белсенді түрде әсер етеді.
Дағдының осылай бірлесіп тиімді және тиімсіз әсер етуінің түрін қарастырар болсақ:
Әдістердің бөліктерінің дағдылы үйлесімді тасымалдау кезінде машықтанған қозғалыс дағдысы, кейінгі үйренетін дағдының тез қалыптасу процессін жеңілдетеді. Әрбір дағдылы қозғалыс әдістерінің дағдыларына алғашқы тіреу болып, үйренген әдіс тәжірибесін кеңінен қолдануға көмегін тигізеді. Бұл жағдайда бұрынғы қозғалыс дағдыларының құрылым бөліктері кейінгі үйрену дағдысын тез арада меңгеруге негіз болады.
Дағдыны үйлесімсіз тасымалдау дегеніміз - адамның дағдылы қимыл - қозғалысының жаңадан қалыптасатын қимылына сәйкес келмей кедергі келтіретін қозғалысын айтамыз.
Дағдыны үйлесімсіз тасымалдау көп жағдайда дұрыс орындауды талап
ететін, техникасы күрделі әдістерді жасау кезінде пайда болады. Сондықтан дағдылы қозғалыстарды үйретуде, әдістерді топтастырғанда, оқу үйрету процессі жұмысын жоспарлағанда тигізер әсерін алдын - ала еске алу қажет.

Әдістерді дәл кітаптағыдай етіп қолдан деп талап қоюға болмайды. Палуан оны ынғайына қарай дене құрлысна сәйкестеп. Сәл өзгертіп қолдануы мүмкін. Үйіренген әдісті дұрыс қолдана білу үшін адуын күш емес тактика керек. Қарсылас палуанды ниетін сезу, оны әдіске түсетіндей оңтайлы жағдайға алдап келтіре білу де шеберлік. Әдісті шебер меңгеру - деп қарсыласының қарсы әдісіне, шаршағанына қарамай, шабуылынан нәтиже шығарған палуаның шеберлігін айтамыз.
Кілемдегі орын ауыстыру немесе жүру әдіс - айласы қарсыластар қандай бір әдіс- айлалық ұпай алу үшін тепе - теңдікті сақтап дұрыс жүріп орын ауыстырып отыруы шартты.
Қарсыластың шабуылынан қорғану немесе шабуылға шығу үшін өзіне ынғайлы жүрістер немесе орын ауыстыруларды міндетті түрде жасайды.
Самбо күресінде орын ауыстыруды негізгі үш топқа бөледі.
Тек алға, жанынан тіке алға;
Оңға, солға жанына жасалатын қозғалыстар;
Ұлы дене бұрылып жасалатын қозғалыстар (90º-180º-қа бұрылып);
Самбо күресінде арақашықтықты бес топқа бөлуге болады:
Қарсыластар ұстаспай аңдысып тұру.
Қарсыластар ұстасып аралары алыс қашықта жүру.
Қарсыластар ұстасып орта қашықта жүру.
Қарсыластар ұстасып жақын қашықтықта жүру.
Қарсыластар қоян - қолтық ұстасып, өте жақын қашықтықта жүру.
Сондықтан палуандар белдесу кезінде белгілі ұстау айласы және арақашықтықтағы әдіс жасауға жеңіске жетуге мүмкіндік береді.
Құлау әдіс- айласы немесе өзін-өзі қауіпсіздендіру самбо күресінде палуан құлау әдіс - айласын жасап үйренеді. Мұның негізгі мақсаты кез - келген самбошы жаттығу, жарыс уақытында күрес кілемінде әр түрлі жағдайда құлайды және әдісті дұрыс істеп үйрену үшін сан мыңдаған рет жұптасқан палуандар бірі - бірін лақтырып құлатады.
Сол себепті ішкі ағзаларды жарақаттанбау, мертікпей, ми шайқалудан сақтану үшін құлау әдіс - айласын шартты түрде орындайды. Сондықтан дұрыс құлап үйрену абзал. Құлау әдіс-айласын үйретуде жеңілден күрделіге қарай деген қағиданы ұстанған жөн.
Құлау әдіс- айласын негізгі төрт топқа бөледі.
Алға құлау әдісі;
Жанға құлау әдісі;
Артқа құлау әдісі;
Алға бүтін айналып құлау әдісі яғни алға айналып жауырынға құлау.
- Құлау әдіс - айласын жұптасыпта орындауға болады.
- Құлау әдіс - айласы самбошының шыңдалған сайын әр түрлі әдіс - айлалық элементтермен толықтырып күрделендіріп отыру керек.
Тепе - теңдіктен шығару самбошының әдіс жасауға мүмкіндік алу кезеңі, бұл әдіс - айланы шабуылдаушы орындау үшін қарсыласын:
а\ алға;
ә\ артқа;
б\ оң жақ қапталға;
в\ сол жақ қапталға;
г\ оң жақ артқа;
ғ\ сол жақ артқа;
д\ оң жақ алға;
е\ сол жақ алға қозғап тепе - теңдігінен шығару керек. Сондықтан самбошылар бұл әдіс -айланы дұрыс орындап үйренуі шарт [18].
Бастапқы қалыптан күресу әдіс -айласысы күресте белдесу бастапқы қалып яғни табанда тұрған қалыптан басталады.
Самбо күресінде бастапқы қалыпта күресу әдіс-айласы бірнеше қимыл әрекеттермен ұштастыруға болады.
Самбо күресінде әдістер жасалу ерекеліктеріне қарай екі үлкен топқа бөліп қарастырылады:
Самбо әдістері
Бастапқы қалыпта Төрт тағанда

жасалатын әдістер жасалатын әдістер

қолмен жасалатын әдістер Буындарды ауырту әдістері
аяқпен жасалатын әдістер. Арқаға ұстау әдістері.

денемен жасалатын әдістер.
Қолмен жасалатын әдістер (үйіру, қолмен шалу, қылтадан қолмен іштен және сырттан ілу, өңгеріп тастау, бөктеріп тастау т.б).

Аяқпен жасалатын әдістер: (шалу әдістері, қағу әдістері, ілу, орау, ашалап тастау, шалып жығу және т.б).

Денемен жасалатын әдістер: (арқалап тастау, иықтан асырып тастау, кеудеден асыра лақтыру, жамбастан тастау т.б).
Жоғарыда аталған әдіс-айлалық әдіс элементтерін самбошы оң және сол жаққа жасап үйіренсе бұл палуанның жеңіске жетуіне өз үлесін қосады.
Самбошы дайындау \жаттықтыру\ кезінде әдіске машықтану жүктемесін жас ерекшелігіне, жынысына байланысты жаттықтырушы өзі ғылыми негізде жасау шартты.
- Бастапқы қалыпта күресу әдіс -айласын машықтандырудың өзін үш кезеңге бөліп қарауға болады.
Тартып жақындату немесе тепе - теңдіктен шығару кезеңі;
Әдістің басталу кезеңі;
Аяқтау кезеңі.
Бұл белдесу кезеңдеріндегі тұрып жасалатын әдістің жүдеден күресу кезеңіне \партер\ дейінгі әдіс - айлалық элементтердің топтамасы [7,26].
ріп тастау әдістері

№10 тақырып Қарсыласты тепе-теңдіктен шығарып лақтыру.
Бір аяқты ұстап. Екі аяқты ұстап

Бұл әдістері қарсыласыңды кілемде сүріндіріп, тепе - теңдік қалпынан шығарып немесе қағып жығу үшін қажет. Белдескен кезде қарсыласыңды тізеден, аяқтың ішінен, сырттынан қағуға болады.
Қағу әдістерін жүзеге асыру үшін қарсылас палуанды оң қолмен жеңнен, сол қолмен жағасынан ұстап (немесе керісінше) өзіне қарай жұлқи тартып, тепе-теңдік қалпынан шығарып аяқтан қағу керек.
Жіберілетін қателер: қарсыласының денесін бұрау мен аяқтан қағу бір сәтте болмауы, қолмен тарта білмеу.
Қорғаныс әдістер: қарсы аяғыңды бүгіп сәл еңкейіп, шабуыл жасаушы палуанның қағуына мүмкіндік бермеу.
Қарсы әдіс: қағу кезінде аяқты көтеріп қалып өзін қарсы қағу.

Бұл әдіс негізінен аяқтан шалу әдістеріне ұқсас. Бірақ әдіс қолданушы палуан қарсыластарының аяқтарын іліп алып, әдіс өз нәтижесін бергенше аяқты ілмектен босатпайды.
Аяқтан іліп тастау. Әдістің мақсаты - қарсылас палуанның алға қарай еңкейген сәті. Оң қолмен білектен, сол қолмен жеңнен ұстап, сәл бүгіліп сол жаққа бұрылып, сол аяқты өзіне жақын ұстай оң аяқпен қарсыласының жіліншікінен іле оны жоғары көтеру арқылы кілемге жығу керек.
Жіберілетін қателер: дененің салмағы түсіп тұрған аяқты іліп алуға мүмкіндік болмауы, дененің салмағы түсіп тұрған аяқты әдіс қолданылатын жаққа бұрмай, шабуыл жасаушы палуан өз денесінің тепе-теңдігін ұстай алмауы.
Қорғаныс- қолмен тіреп әдісті жасауға кедергі келтіру.
Қарсы әдіс- қолмен және белден қапсыра ұстап, сырттан қырқа шалу.
Аяқтың алдынан іліп тастау. Оң қолмен белдікті оң бүйірден немесе сырттан ұстап, ал сол қолмен шынтақтан ұстау керек. Қарсылас палуанды оң жаққа қарай жұлқи- тартып оң аяқы алға жіберіп жоғары көтере екпінмен кілемге құлату.
Жіберілетін қателер: Аяқты ілу қарсыласының тепе-теңдік қалпынан шыққан жағдайда орындалмауы.
Қарсы әдіс. Шегініп кетуі денеден қапсыра ұстап, сырттан шалуы.

Шалып жығу әдісі күресте аяқпен іштен және сырттан шалып жығу әдістері бар.
Сырттан шалып жығу- Шабуыл жасаушы палуан қарсыласының белін қапсыра ұстап, жоғары көтере өзіне тартады да, сол немесе оң аяғын қарсыласының сыртына шығарып, тізе буыннан сәл төменірек аяғын шала жоғары көтереді. Осы сәтте қарсыласын иығымен не денесінің салмағымен алға қарай қозғау керек. Сонда өз салмағымен қарсыласының салмағы бір аяғына түскен кезде палуан кілемге құлайды.
Жіберілетін қателіктер: шабуыл кезінде төмен отырып қалу, шалынған аяқты жоғары көтере алмау.
Қорғаныс: Шегініп кетіп, аяқты шалуға мүмкіндік бермеу.
Қарсы әдіс. Іштен шалу, шалынған аяқты оңға бұрып әкетіп, арқадан тастау.

а). өзіне қапсыра қысып сырттан шалу.

№ 11 Тақырып Қарсыласты тұрып лақтыру.
Алдынан аяқты қойып, шалып лақтыру.

Шалып жығу әдісі күресте аяқпен іштен және сырттан шалып жығу әдістері бар.
Сырттан шалып жығу- Шабуыл жасаушы палуан қарсыласының белін қапсыра ұстап, жоғары көтере өзіне тартады да, сол немесе оң аяғын қарсыласының сыртына шығарып, тізе буыннан сәл төменірек аяғын шала жоғары көтереді. Осы сәтте қарсыласын иығымен не денесінің салмағымен алға қарай қозғау керек. Сонда өз салмағымен қарсыласының салмағы бір аяғына түскен кезде палуан кілемге құлайды.
Жіберілетін қателіктер: шабуыл кезінде төмен отырып қалу, шалынған аяқты жоғары көтере алмау.
Қорғаныс: Шегініп кетіп, аяқты шалуға мүмкіндік бермеу.
Қарсы әдіс. Іштен шалу, шалынған аяқты оңға бұрып әкетіп, арқадан тастау.

а). өзіне қапсыра қысып сырттан шалу.

ә). Өзінен итере сырттан шалу әдісі.

б). Аяқтың сыртынан өкшемен іле сырттан шалу әдісі.
в). Өзіне қыса сырттан шалу әдісі.
Іштен шалып жығу- әдісті қолдану үшін қарсыласыңның еңкейген сәтін дәл пайдалана білу керек. Шабуыл жасаушы қарсыласын арлы - бері жұлқи тартып, жағадан сәл жоғары көтеріп, шалатын аяғын ішке өткізеді де тез еңкейіп әдісті орындайды.
Жіберілетін қателіктер. Қарсыласынан тым қашықтап не жақындап кету, әдіс жасаған кезде аяқтыжоғары көтермеу.
Қорғаныс. Шалатын аяқ жақтағы белдіктен ұстау, тізе арасын қосып шалатын аяқты ішке өткізбеу.
Қарсы әдіс. Сәл төмен отыра қалу, аяқты сыртынан шалу, аяқты сыртынан тіреу.

а). Іштен өкшені сыртқа қарай шалу.
ә). Іштен өкшені ішке қарай(өзіне) шалу [20].

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
1. А.А. Харлампиев. Борьба Самбо. -М.: ФИС,- 1957. 460 с.
2. Ж. Бөжиг. Самбо және қол сайысты үйрету негіздері. -Қарағанды: ҚарМУ баспасы, -2007.-160 б.
3. Е. Алимханов. Самбо күресін үйрету негіздері. - Алматы: ҚазМСТА, 1999.-50 б.
4. Есмағамбетов З.Е. Дене тәрбиесін өткізу және басқару. - Қарағанды: Арко, 2004.-325 б.
5. Қуанышов Т. Ш. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі.- Алматы: Санат, -2002.- 290 б.

№ 12 тақырып Тұрып лақтыру Артынан аяқты қойып, шалып лақтыру.

Сабақтың мақсаты: Самбо күресінің шалу әдістеріне түсінік беру
Қаралатын сұрақтар:
1. Іштен және сырттан шалу, қырқа шалу
2. Жіберілетін қателер
3. Қорғаныс
Шалу әдістері самбо күресінде тиімді сондықтан жиы қолданылады. Шалу әдістері : Іштен және сырттан шалу, қырқа шалу болып бөлінеді.
Жеңнен және жағадан ұстап аяқтың алдынан шалу- бұл әдісті қарсыласын жақын және орта қашықтықта жүргенде қолданады.
Жіберілетін қателер: Аяқты қапталға қоя білмеу, әдісті қолданғанда аяқпен қолды бірдей жұмылдыра алмау.
Қорғаныс: қарсыласының шалатын аяғынан аяқы асырып жіберу.
Қарсы әдіс: Белден ұсап кеудеден асыра лақтыру, салмақ түсіп тұрған аяқты сырттан шалу.
Жеңнен және иықтан ұстап, аяқты сырттан шалу - бұл әдісі палуандар жарыс кезінде қарсы әдіс ретінде қолданып жүр.
Қорғаныс: қарсыласының шапанының жеңінен ұстап шалуға мүмкіндік бермеу, тез кейін шегініп кете білу.
Қарсы әдіс: жеңнен белдіктен ұстап арқадан тастау.
Іштен шалу - бір қолмен жағадан келесі қолмен шынтақ тұсынан ұстап, палуанды өзіне қарай тартып, қарсылас алға аттаған кезде аяғының ішінен шалу.
Жіберілетін қателер: қол мен аяқ қозғалысын үйлестіре білмеу аяқпен шалған кезде кеуде мен қолмен бірдей итере білмеу.
Қорғаныс: шалу кезінде кейін шегініп кету аяқтан аттап кету.
Қарсы әдіс: єдіс жасаған кезде сырттан шалу.

Қырқа шалу - бір қолмен жағадан келесі қолмен шынтақ тұсынан ұстап қарсыласының алға аттаған кезде екі аяғының алдынан қырқа шалу.
Жіберілетін қателіктер: аяқпен қолдың қозғалысын үйлестіре білмеу.
Қорғану: шалу кезінде аяғынан аттап кету
Қарсы әдіс: сырттан шалу, артқа қайырып жығу [19].
Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
1. А.А. Харлампиев. Борьба Самбо. -М.: ФИС,- 1957. 460 с.
2. Ж. Бөжиг. Самбо және қол сайысты үйрету негіздері. -Қарағанды: ҚарМУ баспасы, -2007.-160 б.
3. Е. Алимханов. Самбо күресін үйрету негіздері. - Алматы: ҚазМСТА, 1999.-50 б.
4. Есмағамбетов З.Е. Дене тәрбиесін өткізу және басқару. - Қарағанды: Арко, 2004.-325 б.
5. Қуанышов Т. Ш. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі.- Алматы: Санат, -2002.- 290 б.

№13 тақырып: Тұрып лақтыру Бір,екі аяқты ұстап лақтыру

Сабақ мақсаты:
Самбо әдістері туралы түсінік беру.

Қаралатын сұрақтар:
1. Қолмен жасалатын әдістер
2. Үйіру, қолмен шалу, қылтадан қолмен іштен және сырттан ілу, өңгеріп тастау, бөктеріп тастау әдістері

Самбо күресінің әдістері
Сарбаз самбо күресінің шебері атануы үшін мінез - құлық, моралдық, жан -жақты дайындықтармен қатар оның әдіс-тәсілдерін жетік білу керек. Самбо күресінің єдістер сан алуан, сондықтан қай халықтың күрестері болса да тай-таласа алады. Қазір олимпиада бағдарламасына еңген күрес түрлері: грек-рим күресі (ертедегі греция мен римнен), еркін күрес (ағылшындардан), жу-до күресі (жапониядан) елдерінен бастау алатынын білеміз. Ал самбо күресінің негізін қалаушы мемлекет ретінде бұрынғы КСРО елін атауға болады.
Әдіс үш бөлімнен тұрады: әдістің негізі, анықтайтын бөлімі және бөлшектері.
Әдістің негізі деп - динамикалық, кинематикалық және ырғақты қозғалыстардың бір - бірінен сәйкес келіп қозғалыс міндеттерін іске асырудағы ерекшеліктерін айтамыз.
Ең алдымен әдістің негізін дұрыс игеріп, оның баршаға бірдей шарттарын бұлжытпай орындау керек. Жаттығуды жақсы игерген кезде жасөспірімнің жеке басының дене бітімінің ерекшелігіне байланысты әдіс негізін өзіне қолайлы өзгеріспен орындауы қателікке жатпайды.
Ал, әдістің іске асыратын негізгі қозғалыс бөлігін әдістің анықтаушы бөлігі дейміз. Әдістің бұл бөлігін орындаған аз уақыт ішінде орасан зор дене күші жұмсалады.
Әдістің бөлшектері дегеніміз - орындалған қозғалыстың екінші қатарлы маңызы бар, орындағанда әдістің негізгі сиқын бұзуға әсер етпейтін қозғалыстар жатады.
Әдісті меңгеру нәтижесінде қимыл ебдейлігі яғни қимыл іскерлігі пайда болады. Жаңадан үйренген әдістері алғашқы орындаудың өзі, орындалатын қозғалыс жөнінде орындаушының аз ғана мөлшерде болса да білімі, қозғалыс тәжірибесі мен жалпы дене дайындығының арқасында әдістің негізін саналы орындауға мүмкіндік туғызады. Әдісті шебер орындау мен саналы басқару арасында байланыс күшейе түседі. Алғашқы да берілген әдіс сананың бақылауы бойынша тұрақсыз тәсілдермен орындалып әдістің негізінен ауытқулар болуы заңды құбылыс. Ал , әдісті жүйелі түрде көптеп қайталай берсе оның құрамына кіретін қозғалыстар бірте - бірте үйреншікті қалыпқа келіп, дененің тепе - теңдік механизмінің қозғалысы біртіндеп автоматты түрге еніп қимыл іскерлігі дағдыға айналады.
Дағды дегеніміз - әдісті көптеп қайталаудың нәтижесінде сананың қатынасуынсыз автоматты түрде басқарылып, әдістің жоғары сапада орындалуы. Іскерліктің дағдылы қозғалысқа айналу кезі, сатылап өту процесін қалыптастыруда ашық көрінеді. Қозғалыс іскерлігі оқыту, үйрету, білім беріп түсіндірудегі бағасы өте зор. Осының арқасында шығармашылық ойлау әдістерді талдап, сұрыптауға мүмкіндік туады.
Дағдының мазмұнын анықтаушы белгілерін атап өтсек:
Әдісті автоматты түрде басқару қозғалыс дағдысын анықтайтын бағалы ерекшелігі. Қимыл іскерлігі автоматтандырылған қимыл - қозғалыс әрекеттерін жасауға көмектесе отырып, әдістің жоғары сапамен, терең ықыласпен орындауға мүмкіншілігін артырып, көптеп қайталау қозғалыс барысында сананың бақылауын керек етпейді. Бұл әдісті орындауда сананың бақылау жұмысы біржола іске аспай қалады деген емес.
Ол алғашқы істің басынан бастағанда жалпы бақылау мен реттеуші жұмыс атқарады. Көп жағдайда дағды іскерлікпен жұптасып қатар қолданылады.
Дағдылы қозғалыста, әдісті тұтас орындағанда оның жеңіл, анықтаушы бөлігі мен бөлшектерінің бір - бірімен тығыз байланыста болып тұрақтылығымен сипатталады.
Сенімділік әдіс - айланы жоғары қарқында орындағанда өзінің тиімділігін сақтайды. Орындау барысында пайда болатын психикалық (қорқу, қобалжу, дене қуатының төмендеуі салдарынан болған шаршау, бейжай болу) төтеп бере алатындай жағдай болады.
Жаттығу барысында дағдылы қозғалыстың бөліктерінің тасымалдануы үлкен орын алады. Әдістерді орындағанда бір қозғалыс дағды екінші бір ұқсас әдістере қолданылуы жиы қайталанады. Оның басты себебі оқыту, үйрету барысында негізгі мақсаттардың бір жасөспірімнің бойында қозғалыстың көптеген орындалу жүйесін қалыптастыру. Ал, үйрену кезінде дағдылы қозғалыстардың бір тобы екінші бір тобына белсенді түрде әсер етеді.
Дағдының осылай бірлесіп тиімді және тиімсіз әсер етуінің түрін қарастырар болсақ:
Әдістердің бөліктерінің дағдылы үйлесімді тасымалдау кезінде машықтанған қозғалыс дағдысы, кейінгі үйренетін дағдының тез қалыптасу процессін жеңілдетеді. Әрбір дағдылы қозғалыс әдістерінің дағдыларына алғашқы тіреу болып, үйренген әдіс тәжірибесін кеңінен қолдануға көмегін тигізеді. Бұл жағдайда бұрынғы қозғалыс дағдыларының құрылым бөліктері кейінгі үйрену дағдысын тез арада меңгеруге негіз болады.
Дағдыны үйлесімсіз тасымалдау дегеніміз - адамның дағдылы қимыл - қозғалысының жаңадан қалыптасатын қимылына сәйкес келмей кедергі келтіретін қозғалысын айтамыз.
Дағдыны үйлесімсіз тасымалдау көп жағдайда дұрыс орындауды талап
ететін, техникасы күрделі әдістерді жасау кезінде пайда болады. Сондықтан дағдылы қозғалыстарды үйретуде, әдістерді топтастырғанда, оқу үйрету процессі жұмысын жоспарлағанда тигізер әсерін алдын - ала еске алу қажет.
Әдістерді дәл кітаптағыдай етіп қолдан деп талап қоюға болмайды. Палуан оны ынғайына қарай дене құрлысна сәйкестеп. Сәл өзгертіп қолдануы мүмкін. Үйіренген әдісті дұрыс қолдана білу үшін адуын күш емес тактика керек. Қарсылас палуанды ниетін сезу, оны әдіске түсетіндей оңтайлы жағдайға алдап келтіре білу де шеберлік. Әдісті шебер меңгеру - деп қарсыласының қарсы әдісіне, шаршағанына қарамай, шабуылынан нәтиже шығарған палуаның шеберлігін айтамыз.
Кілемдегі орын ауыстыру немесе жүру әдіс - айласы қарсыластар қандай бір әдіс- айлалық ұпай алу үшін тепе - теңдікті сақтап дұрыс жүріп орын ауыстырып отыруы шартты.
Қарсыластың шабуылынан қорғану немесе шабуылға шығу үшін өзіне ынғайлы жүрістер немесе орын ауыстыруларды міндетті түрде жасайды.
Самбо күресінде орын ауыстыруды негізгі үш топқа бөледі.
Тек алға, жанынан тіке алға;
Оңға, солға жанына жасалатын қозғалыстар;
Ұлы дене бұрылып жасалатын қозғалыстар (90º-180º-қа бұрылып);
Самбо күресінде арақашықтықты бес топқа бөлуге болады:
Қарсыластар ұстаспай аңдысып тұру.
Қарсыластар ұстасып аралары алыс қашықта жүру.
Қарсыластар ұстасып орта қашықта жүру.
Қарсыластар ұстасып жақын қашықтықта жүру.
Қарсыластар қоян - қолтық ұстасып, өте жақын қашықтықта жүру.
Сондықтан палуандар белдесу кезінде белгілі ұстау айласы және арақашықтықтағы әдіс жасауға жеңіске жетуге мүмкіндік береді.
Құлау әдіс- айласы немесе өзін-өзі қауіпсіздендіру самбо күресінде палуан құлау әдіс - айласын жасап үйренеді. Мұның негізгі мақсаты кез - келген самбошы жаттығу, жарыс уақытында күрес кілемінде әр түрлі жағдайда құлайды және әдісті дұрыс істеп үйрену үшін сан мыңдаған рет жұптасқан палуандар бірі - бірін лақтырып құлатады.
Сол себепті ішкі ағзаларды жарақаттанбау, мертікпей, ми шайқалудан сақтану үшін құлау әдіс - айласын шартты түрде орындайды. Сондықтан дұрыс құлап үйрену абзал. Құлау әдіс-айласын үйретуде жеңілден күрделіге қарай деген қағиданы ұстанған жөн.
Құлау әдіс- айласын негізгі төрт топқа бөледі.
Алға құлау әдісі;
Жанға құлау әдісі;
Артқа құлау әдісі;
Алға бүтін айналып құлау әдісі яғни алға айналып жауырынға құлау.
- Құлау әдіс - айласын жұптасыпта орындауға болады.
- Құлау әдіс - айласы самбошының шыңдалған сайын әр түрлі әдіс - айлалық элементтермен толықтырып күрделендіріп отыру керек.
Тепе - теңдіктен шығару самбошының әдіс жасауға мүмкіндік алу кезеңі, бұл әдіс - айланы шабуылдаушы орындау үшін қарсыласын:
а\ алға;
ә\ артқа;
б\ оң жақ қапталға;
в\ сол жақ қапталға;
г\ оң жақ артқа;
ғ\ сол жақ артқа;
д\ оң жақ алға;
е\ сол жақ алға қозғап тепе - теңдігінен шығару керек. Сондықтан самбошылар бұл әдіс -айланы дұрыс орындап үйренуі шарт [18].
Бастапқы қалыптан күресу әдіс -айласысы күресте белдесу бастапқы қалып яғни табанда тұрған қалыптан басталады.
Самбо күресінде бастапқы қалыпта күресу әдіс-айласы бірнеше қимыл әрекеттермен ұштастыруға болады.
Самбо күресінде әдістер жасалу ерекеліктеріне қарай екі үлкен топқа бөліп қарастырылады:

Самбо әдістері

Бастапқы қалыпта Төрт тағанда
жасалатын әдістер жасалатын әдістер


қолмен жасалатын әдістер Буындарды ауырту әдістері

аяқпен жасалатын әдістер. Арқаға ұстау әдістері.
денемен жасалатын әдістер.

Қолмен жасалатын әдістер (үйіру, қолмен шалу, қылтадан қолмен іштен және сырттан ілу, өңгеріп тастау, бөктеріп тастау т.б).
Аяқпен жасалатын әдістер: (шалу әдістері, қағу әдістері, ілу, орау, ашалап тастау, шалып жығу және т.б).
Денемен жасалатын әдістер: (арқалап тастау, иықтан асырып тастау, кеудеден асыра лақтыру, жамбастан тастау т.б).
Жоғарыда аталған әдіс-айлалық әдіс элементтерін самбошы оң және сол жаққа жасап үйіренсе бұл палуанның жеңіске жетуіне өз үлесін қосады.
Самбошы дайындау \жаттықтыру\ кезінде әдіске машықтану жүктемесін жас ерекшелігіне, жынысына байланысты жаттықтырушы өзі ғылыми негізде жасау шартты.
- Бастапқы қалыпта күресу әдіс -айласын машықтандырудың өзін үш кезеңге бөліп қарауға болады.
Тартып жақындату немесе тепе - теңдіктен шығару кезеңі;
Әдістің басталу кезеңі;
Аяқтау кезеңі.
Бұл белдесу кезеңдеріндегі тұрып жасалатын әдістің жүдеден күресу кезеңіне \партер\ дейінгі әдіс - айлалық элементтердің топтамасы [7,26].
Қолмен жасалатын әдістер
Үйіру әдістері шабуыл жасаушы палуан қарсыласының белдігінен мықтап ұстап, қолдың және белдің күшімен оны кілемнен жоғары көтеріп алып, өзіне тарта үйіріп әкету керек. Жерден көтерілген палуанға жамбастан тастау, аяқтан шалу, иіліп лақтыру, қағу тағы басқа әдістері қолданылады.

Бұл топтағы әдіс- айласында біздің ұлттық күрестегі көп қолданылатын жасбастан тастау, қырқа шалу т.б әдіс элементтері көптеп кездеседі. Содықтан бұл әдіс - айлалары біздің қазақ балаларының физологиясына жақын келеді.
Қорғаныс: қарсыластың екі қолмен бірдей белдіктен ұстауына мүмкіндік бермеу.
Қарсы әдіс: тіреп тұрған аяқты сырттан шалу.
Жіберілетін қателер: палуан белдіктен көтере тартып үйрген кезде денені босатып, салмақты төмен түсірмеу;
Қолмен шалу әдісі: әдісті жасаудың үш түрі беріліп отыр.

Жіберілетін қателер: қолды дұрыс тартпау. Қолмен шалған кезде екінші қолмен қарсыласты дұрыс тартпау т.б.
Қорғану: қолмен аяқтан шалуға мүмкіндік бермей аттап кету.
Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Әдіс түрлеріне талдау жасау
Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
1. А.А. Харлампиев. Борьба Самбо. -М.: ФИС,- 1957. 460 с.
2. Ж. Бөжиг. Самбо және қол сайысты үйрету негіздері. -Қарағанды: ҚарМУ баспасы, -2007.-160 б.
3. Е. Алимханов. Самбо күресін үйрету негіздері. - Алматы: ҚазМСТА, 1999.-50 б.
4. Есмағамбетов З.Е. Дене тәрбиесін өткізу және басқару. - Қарағанды: Арко, 2004.-325 б.
5. Қуанышов Т. Ш. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі.- Алматы: Санат, -2002.- 290 б.

№ 14 тақырып Тұрып лақтыру Шалып лақтыру: жанынан, алдынаң,ішінең

Бұл әдісті самбо күресінде ең бір тиімді, қарсыласыңды қапысыз жеңудің ең қолайлы әдісі деуге болады.
Жағадан және жеңнен ұстап, арқалап тастау. Әдісті жасағанда қарсылас палуаның бір қолмен жағасынан, келесі қолмен жеңнен ұстап, өзіне қарай жұлқи тартып тепе-теңдіктен айырады да, өзіне оңтайлы келген жаққа кілт бұрылып арқалап тастайды. Самбо күресінің ережесі бойынша бұл әдісті табанда жасауға және екі тізеде жасауға болады.
Жіберілетін қателер: Қарсыласын тепе - теңдік қалпынан шығара алмау; қолын жақсылап тарта білмеу; тізе буынын жаза білмеу.
Қорғану: Қарсыласының бұрылуына кедергі жасау. Қарсыласын аяғын алдынан шалып етбетінен құлату.
Қарсы әдіс: Екі аяқтың сыртынан шалу.
Қолтықтан құшақтап жамбас арқылы тастау
Бұл әдісті орындағанда оң немесе сол қолды қолтықтың астынан өткізіп белбеудің тұсынан немесе белдіктен ұстап, келесі қолмен шынтақ тұсынан немесе жағадан ұстап, жамбасты ішке кіргізе айналып тізені сәл бүгіп, аяқтың серпінімен қарсыласты кілемге құлатады.
Жіберілетін қателер: Тепе-теңдіктен шығармау, Жамбасты дұрыс қоя білмеу. Аяқ пен қолдың қозғлысын үйлестіре алмау.
Қорғаныс: Қарсыласыңның ұстасын бұзып, әдіс жасауға мүмкіндік бермеу.
Қарсы әдіс: Қарсыласыңның алдыңа қойған аяғынан аттап, қарсы жамбас жасау.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
1. А.А. Харлампиев. Борьба Самбо. -М.: ФИС,- 1957. 460 с.
2. Ж. Бөжиг. Самбо және қол сайысты үйрету негіздері. -Қарағанды: ҚарМУ баспасы, -2007.-160 б.
3. Е. Алимханов. Самбо күресін үйрету негіздері. - Алматы: ҚазМСТА, 1999.-50 б.
4. Есмағамбетов З.Е. Дене тәрбиесін өткізу және басқару. - Қарағанды: Арко, 2004.-325 б.
5. Қуанышов Т. Ш. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі.- Алматы: Санат, -2002.- 290 б.

Бұл әдіс күрестің байырғы әдістерінің бірі. Шабуыл жасаушы палуан қарсыласының жеңіне не білегінен ұсап, екінші қолымен белдіктен немесе арқасынан ұстап өзіне қарай жұлқи тартады да, тепе-теңдіктен айырады. Сөйтіп оңтайлы келген жаққа бірден бұрылып жамбасын ішке кіргізе қарсыласын кілемге құлатады.
Жіберілетін қателер: Қарсыласын тепе-теңдіктен шығара алмауы. Жамбасты ішке сүңгітте енгізе білмеуі. Тізесінің буынын жаза білмеуі.
Қорғану: Қарсыласына бұрылуға мүмкіндік бермеу.
Қарсы әдіс: Белдіктен ұстап кеудеден асыра лақтыру. Аяқты сырттан шалу. Қарсы жамбас әдісін жасау.

Жамбас арқылы бөктеріп тастау Бұл әдіс самбо күресіндегі классикалық әдістің тек көп қолданылатын түрі, сонымен бірге шапшаң дұрыс жасалса таза жеңіс немесе жоғары әдіс - айлалық ұпай алуға болатындықтан самбошылар арасында өте көп қолданылады.
Бұл әдісті жасамас бұрын жасанды қозғалыстарды үйірету шартты. Сол үшін палуанның арқасын, шаттын, қолтығын созу \ иілгіштік\ қасиетін жетілдіріп тепе - теңдігін сақтай білуге үйрету жөн. Шабуылдаушы қарсыластың оң \сол\ қолымен қолтықтан немесе жағадан, арқа тұсынан ұстап, сол \оң\ қолымен білек тұсынан ұстап, оң \сол\ аяғын ішке қадам жасап, жамбаспен кіру арқылы қолдың көмегімен жұлқа тартып, сол \оң\ аяқпен қарсыласты бөктеру керек.
Жіберілетін қателер: Жамбасты дұрыс қоя білмеу, аяқ пен қолдың қозғалысын үйлестіре білмеу.
Қорғаныс: Ұстасты бұзу, әдіс жасауға ынғайлы мүмкіндік бермеу, мықынды алыс қою.
Қарсы әдіс: Белден құшақтап кеудеден асыра лақтыру. Аяқтың өкшесінен қағу т.б. Жалпы қарсы әдіс қолданылуды сол мезеттегі шабуылдаушының жағдайына байланысты мүмкіндікті пайдаланып әдіс жасаған абзал.
а). Жеңнен және жағаның арқа тұсынан алып жамбас арқылы бөктеріп тастау әдісі.

ә). Жеңнен және басын қолтыққа қыса жамбастан бөктеріп тастау әдісі.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
1. А.А. Харлампиев. Борьба Самбо. -М.: ФИС,- 1957. 460 с.
2. Ж. Бөжиг. Самбо және қол сайысты үйрету негіздері. -Қарағанды: ҚарМУ баспасы, -2007.-160 б.
3. Е. Алимханов. Самбо күресін үйрету негіздері. - Алматы: ҚазМСТА, 1999.-50 б.
4. Есмағамбетов З.Е. Дене тәрбиесін өткізу және басқару. - Қарағанды: Арко, 2004.-325 б.
5. Қуанышов Т. Ш. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі.- Алматы: Санат, -2002.- 290 б.

№ 15 тақырып: Жекпе-жек түрінен шығатын спортшылардың дене-күш қабілетін тәрбиелеу. Психологиялық процестің даму ерекшеліктері (ойлау, қабылдау, түсіну). Самбо түрінен шығатын спортшылардың жоғары жүйке жүйесінің қызметінің ерекшеліктері.

Сабақ мақсаты: палуанның дене дайындығының маңыздылығын түсіндіру
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Дене дайындығы
2. Жаттығу түрлері
3. Дене сапалары

Дәріс:
Дене дайындығы - дегеніміз белгілі бір іс -әрекетке байланысты мақсатты орындауға бағытталған дене тәрбиесінің мамандандырылған процесі. Ол жалпы және арнайы дайындығын танып білуге көмектеседі. Сонымен бірге еңбекке әзірлеудің, қажет кезде әскери қызмет етуге даярлаудың бөлінбес құралы.
Спорттық даярлық- дегеніміз палуанның дамуына ықпалын тигізу мен спорттық жетістіктерге жету жолдарындағы даярлық дәрежесін қамтамасыз ететін құралдарды, әдістері мен әдістемелерді мақсатты түрде пайдаланатын көп факторлы процес.
Спорттық әрекет - дегеніміз қоғамның мақсаттарымен мұқтаждарына сәйкес белсенді адам әрекетінің көп факторлы процесі ретінде дене тәрбиесі ұйымдарының толысып жетілуі. Осы салада қозғалыс әрекетінің жоғарғы түрі.
Спорттық жаттығу - дегеніміз палуан даярлығының негізгі түрі яғни жаттығушылар әдістерінің көмегімен жүйелі құрылған және сазбаздың дамуын басқарудағы педагогикалық ұйымдасқан процесті танытатын даярлық.
Спорттық даярлықтың жүйесі- дегеніміз палуанның спорттағы жетістіктерге жетудегі үйлесімді даярлығын қамтамасыз ету, сондай -ақ палуандарды даярлаудағы іс жүзіндегі әрекет білімдері мен құралдар, әдістерінің жиынтығы.
Спорттық нәтиже - дегеніміз спорттағы сандық немесе сапалық көрсеткіштердің деңгейі.
Палуанның жан - жақты дайындығы самбо күресі - спорттың күрделі түрлерінің бірі. Мұнда жан - жақты дайындығы мол күшті, төзімді, епті, иілгіш, жылдам (шапшаң) спортшы болмай жеңіске жету қиын. Белдесу кезінде адам бойындағы сан алуан қасиеттер сынға түседі [11].
Күш дегеніміз - сазбаздың сыртқы қарсылықтарды жеңуі немесе оған бұлшық ет қуатымен қарсы тұру қабілеттілігі. Күш болу үшін адам ағзасында қажетті бұлшық ет көлемі болуы қажет, ұзаруы және статистикалық, қалпын өзгертпеген жағдайда пайда болады. Күш барлық қимыл-қозғалыс сапаларының, яғни жылдамдық төзімділік, ептілік, иілгіштік сапаларының пайда болуында және оны дамытуда, қажетті қозғалыс қасиетінің көзі болып табылады. Күштің бірнеше түрі бар, олар меншікті күш, абсолютті күш және жылдамдық күші. Сазбаздың зорланбай 1-2 рет көтерген салмаққа жұмсалған күшін меншікті күш дейміз. Зорланып бір рет қана көтере алған салмаққа жұмсалған күшті абсолюттік күш дейміз. Адамдардың нақты күшін анықтағанда салыстырмалы күш көрсеткіші қолданылады. Ол сазбаздың меншікті салмағының абсолютті көтерген салмағына қатынасы бойынша есептеледі. Мысалы, бірінші сазбаздың меншікті салмағы 50 кг болып, абсолютті көтерген салмағы 100 кг болса, онда салыстырмалы күш кофициенті екі болады100.50. Екінші бір ауыр салмақтағы сазбаздың меншікті салмағы 120 кг болып, 150 салмақ көтерсе, салыстырмалы күш көрсеткіші кофициенті 1,25 - ке тең.
Меншікті күштің өзін дене мүшелерінің дамуына байланысты қолдың, аяқтың, дененің күші, қол саусақтарының күші т.б. бөліктерге бөлініп айтылады. Аталған күштерді арнайы жаттығулар арқылы дамытуға болады.
Жоғарыда айтқандай, күш әртүрлі жағдайда пайда болады, оның бірінші түрі бұлшық ет өзінің қалпын өзгертпей пайда болуы мысалы, қолды алға түзу ұстап екі кг салмақ түсірсек, онда екі кг күш пайда болады, ал ол салмақты өсіретін болсақ күште өседі. Бұл статикалық жағдайда пайда болғанкүш деп аталады. Күштің пайда болуының екінші түрі бұлшық еттің созылуы кезінде пайда болса, ал үшінші түрібұлшық еттің қысқару жағдайында өседі. Күш қабылетін өсіру бұлшық етке қызу жұмыс істету арқылы іске асырылады.
Егер адам қимыл-қозғалыстар жасап әртүрлі салмақтағы денені бір жерден екінші жерге таситын болса, онда жұмсалатын күштің мөлшері де өзгеріп отырады. Тасылатын салм ақтың үздіксіз өсуі, жұмсалатын күштің де мөлшерсіз өсуіне жол бермейді. Салмақ өте көп қосылған жағдайда, күш оны орнынан қозғалта алмайтын жағдайға душар болады. Бұл жағдайда күштің салмаққа тәуелді екені көрінеді. Егер дененің салмағы үлкен болса, оған жұмсалатын күштің мөлшері өзгеруші салмаққа байланысты болмай, тек адамның білек күшіне байланысты болады. Мысалы, сазбаздың ядроны итеруге жұмсалатын күші штанганы көтеруге кететін күшпен салыстырғанда әжептәуір кем болады. Тәжірибе жүзінде орындалатын жаттығуларды алатын болсақ күшпен жылдамдықтың арасында кері қатынасты байланыс болатындығы белгілі. Мысалы, штанга көтеруде салмақ аз болса онда көп күшпен әсер етумен қатар көтерілу жылдамдығы да өте төмен болады.
Күшті дамытудың үш түрлі жолы бар. Біріншісі абсолютті салмақтан 5-10 пайыз аз көтеру, яғни берілген салмақты еркін 1-2 рет көтеруге бағытталған, ал 3 рет көтеретін қалге жеткенде көтерілетін салмаққа 5 кг салмақ қосылып көтеріледі, бұл әдістемемен 6-7 рет келіп көтереді. Мысалы абсолютті көтерген салмағы 100 кг болса жаттығуды 90 немесе 95 кг салмақты 6-7 рет дем алып келіп көтереді.95 кг салмақты еркін үш рет көтерсе, келесі жаттығуда бұған 5 кг қосылады. Көтерген салмақ былай жазылады: 90*2,95*1, 95*1, 95*1, 95*1, 95*1
Яғни алтыншы рет келіп көтергенде салмақты көтере алмаған белгі күнделікте осылай жазылады.
Екінші жолы абсолютті салмақтың 50-60 пайызын бір көтергенде қуаты бітіп көтере алмайтын халге жеткенше көтереді. Көтеру саны жоғарыдай. Бұл екі жол изотонды тәсіл деп аталады динамикалық қозғалыста. Осы жағдай бұлшық еттердің қысқаруы немесе ұзаруында олардың зорлану күші өзгермейді.
Үшінші жолды изометриялық статикалық жағдайда тәсіл деп атаймыз. Изометриялық жағдайда бұлшық еттердің зорлануы өседі. Мысалы: штанганы гантель т.б. қол созылған күйде ұстап тұру, гимнастикада бұрыш немесе крест жаттығуларын жасап қозғалмай тұру немесе салмағы өте ауыр затты, қабырғаны барлық күш қуатын сала игеру. Жаттығуды орындау бірнеше секундтан - 20 секунд аралығында болуы шарт. Жаттығуды 10-15 минут орындап арасында денеге керегінше дем алдырып отырады. Бұл жаттығулар жалпы дененің күшін арттырады.
Изометриялық жаттығуларды орындау алдында денені қыздыру, яғни сабақтың дайындық бөлімі толық орындалып жаттығуды күніне шама келсе екі реттен жасап жетісінде бір күн дем алып отырады. Алғашқы жаттығуды орындағанда денеге түсетін ауыртпалық күші ортадан жоғары болып, бұлшық еттермен буындардың сезінуі күннен күнге артады. Бұл жерде ауыртпалық күші деген ұғымды пайдаландық, ол денеге жаттығулардың түсірген тигізген әсері. Мысалы, отыру тұру жаттығуларын шамасы келгенше 500 ге дейін орындағанда бұлшық еттерге түсірілген қозғалыс жаттығуларының әсерін сезінуге болады.
Дайындықтың изометриялық жағдайындағы жаттығуында бұлшық еттердің зорлануы өседі. Мысалы, штанганы қол созылған күйде ұстап тұру, гимнастикада бұрыш немесе крест жасап қозғалмай тұру т.с.с. Осы жаттығуды орындайтын сазбаздың салыстырмалы күш көрсеткіші бірден жоғары болу керек, тек сол жағдайда ғана спортшы аталған жаттығуларды дұрыс орындай алады.
Жоғарыда айтылған күш көріністерінің бір түрі оқыс күш взрывная сила. Бұл спортшылардың жаттығуларды орындау барысында аз уақыт ішінде өте үлкен көлемде күш көрсетуі. Бұл күш биіктікке секіргенде, т.б. жаттығуларды орындағанда көрінеді.
Күш сапасын тәрбиелеу жолындағы негізгі мақсат адамның жан-жақты және жоғарғы көрсеткішті қозғалыс қабылетін арттыуменқатар дененің басқа да сапаларына пәрменді түрде әсер етіп дамыту. Күш сапасын тәрбиелеуде қолданылатын құралдар негізінен үдемелі қарсыласу мен күшпен орындалатын жаттығулар жатады. Ол жаттығулар әсер ету бағытына қарай екі топқа бөлінеді.
Сырттан түсетін күш әсері. Оған заттардың салмағы, қарсыласының қарсылық әрекеті серіппелі заттардың көрсеткен күші және сыртқы ортаның кедергісі қармен жүгіру, суда, құмда жүгіру т.с.с. жатады.
Адамның меншікті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ күресінің әдістері
Каратэ
Дене дайындығының ерекшеліктері
Қазақ күресінің техникасы
Аяқпен көтермелеп лақтыру
Орындалған жаттығуларды талдау әдіс
КҮШТЕР САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ КӘСІПТІК ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ ДАЯРЛАУДЫ ЖЕТІЛДІРУ КҮРЕСТІҢ РӨЛІ
Аяқтың күшін арттыруға арналған жаттығулар
ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Күрес тәсілдерін оқыту әдістемесі
Пәндер