Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру барысындағы грамматикалық өзгерістер


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Еуразия гуманитарлық институты

Шетел тілдері кафедрасы

Абенова Айымгуль Амангельдиевна

Ағылшын тілі сабақтарында оқушыларға төл сөз бен төлеу сөздің қолданылуын рөлдік ойын арқылы дамыту (орта буын негізінде)

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандық 5В011900 - «Шетел тілі: екі шетел тілі»

Нұр-Сұлтан 2019

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Ағылшын тіліндегі төл және төлеу сөздердің зерттелуі . . . 5

1. 1 Рөлдік ойын әдістемесін қолданудың теорялық негіздері . . . 5

1. 2 Төл және төлеу сөздің атқаратын қызметтері . . . 18

1. 3 Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру барысындағы грамматикалық өзгерістер. 25

2 Ағылшын тілі сабақтарында оқушыларға төл сөз бен төлеу сөздің қолданылуын рөлдік ойын арқылы дамыту (орта буын негізінде) . . . 33

2. 1 Ағылшын тілі сабақтарында төл сөз бен төлеу сөзді рөлдік ойын арқылы дамытуға әзірленген экперимент . . . 33

2. 2 7 сынып оқушыларына төл және төлеу сөздерді үйретуде қолданатын рөлдік ойын технологиясынын мазмұны . . . 37

2. 3 Ағылшын тілі сабақтарында төл сөз бен төлеу сөзді рөлдік ойын арқылы дамытудің әзірленген әдістемелерінің нәтижелерін талдау . . . 51

Қорытынды . . . 57

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 59

Кіріспе

Қазіргі уақытта ағылшын тілі бүкіл әлемде кеңінен қолданылады. Ол көбінесе «жаһандық тіл» деп аталып, халықаралық деңгейде іскерлік, саяси, мәдени қарым-қатынаста және білім беруде қолданылады.

Тіл біздің күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігі болып табылады. Ол хабар беру, идеялар, ойлар мен пікірлерді жеткізу үшін пайдаланылатын негізгі құрал. Тыңдаушыда сөйлеушінің ойын тіл арқылы түсінеді. Ойдың жарыққа шығып, іске асуы, өмір сүруші үшін тілдік материалға негізделуі, сөздер мен сөз тіркестері және сөйлемдер түрінде айтылады. “Тіл дегеніміз - ойдың тікелей шындығы”(К. Маркс) . Ой шындығы тіл арқылы, тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы көрінеді. Демек, тіл - пікір алысу құралы, ойлаудың қаруы, ойды білдіру құралы. Тіл мен ойлау өзара байланысты. Дыбыстық тіл де, абстракты ойлау да адамға тән құбылыстар. Біріншіден, тіл де, ойлау да - адам миының туындысы, соның жемісі; екіншіден, тіл де, ойлау да - қоғамдық құбылыстар. Адамның ойы арқылы тілдік бірліктер (сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер) болмыспен (объективті дүниемен) байланысқа түседі. Мұнсыз адамдар бір-бірімен сөйлесе алмаған болар еді. Өйткені тілдік бірліктер болмыстағы заттар мен құбылыстардың аттары. Сондықтан да, біз: тіл - ойлаудың құралы, - дейміз.

«Төл сөз және төлеу сөз» күнделікті ағылшын тілінде маңызды болып табылады. Сөйлеушінің сөзін жеткізудің екі жолы бар: төл сөз және төлеу сөз. Сөйлемнің осы екі түрі де өзіндік ерекшеліктері бар күрделі сөйлемнің түрі болып табылады. Төл сөзде біз айтушының сөзін өзгертпей, өз қалпында береміз. Ал, төлеу сөзде біз біреудің айтқанын өз күйінде емес, оны өз сөзімізбен өзгертіп, тек мағынасын ғана береміз.

Хабарламаны жібере ме, әлде біреудің айтқандарын сөздерін қайталай бересіз бе, біз сөйлейтін сөздерді пайдаланатын сансыз жағдайлар бар, сондықтан оқушылар оны меңгеріп, үйренулері керек. Төл және төлеу сөздерді контекстен үйрену керек екенін ұмытпауымыз керек, сондықтан оқушылар оны қалай және қашан қолдану керектігін үйрену керек.

Зерттеу жұмысының тақырыбы: ағылшын тілі сабақтарында оқушыларға төл сөз бен төлеу сөздің қолданылуын рөлдік ойын арқылы дамыту (орта буын негізінде) .

Зерттеу жұмысының нысаны: шет тілін оқыту процесі.

Зерттеу жұмысының пәні: төл және төлеу сөздерді зерттеу.

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Рөлдік ойындар оқыту кезінде оқушының тілдік материалдарды жеңіл меңгеріп алуына көмекеседі. Рөлдік ойын дұрыс таңдалып, дұрыс өткізілген сабақта оқушылардыңтілді үйренуге ынталанып, ағылшын тілін білуге қызығушылығы артады. Оқушының шаршағанын сейілтудің ең әсерлі әдістердің бірі - ойын элементтері болып табылады. Рөлдік ойын оқушылырғы бірігіп жұмыс істеуге бағыт бере отырып, іздендіру дағдысын дамытуына мүмкіндік туғызады. Төл және төлеу сөздер тақырыбын меңгерудің ең тиімді әдісі де - рөлдік ойын дар болып саналады.

Зерттеудің жұмысының мақсаты: ағылшын тілінде төл және төлеу сөздердің айырмашылықтарын, өзгерістерін рөлдік ойындар арқылы үйрету.

Зерттеу жұмысының міндеттемелер:

  • ағылшын тілі сабақтарында рөлдік ойындар әдістемесінің теориялық негіздерін зерделеу;
  • ағылшын тілі сабағында рөлдік ойындарды қолдану принциптерін ерекшелеу;
  • ағылшын тілі сабақтарында төл және төлеу сөздерді рөлдік ойындарды қолдану әдістемесін эксперимент барысында жетілдіру.

Зерттеу жұмысының дереккөздері: зерттеу жұмысы барысында Қоянбаев Р. М., Стронин М. Ф., Терский В. Н., Пучкова Ю. Я., Меңжанов Ә. сияқты авторлардың жұмыстарын зерттедік.

Зерттеу жұмысының теориялық маңыздылығы: осы дипломдық жұмыс нәтижелерін шет тілін оқыту әдісі мен курсында қолдануға болады. Және басқа да әдістемелік бағдарламаларды құрастыруда пайдалануға болады.

Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы: зерттеу барысында төл және төлеу сөздерді дамыту, рөлдік ойындарды сабақ процесінде қолдану. Зерттеу жұмысының нәтижелерін орта мектепте оқуға, арнайы семинар сабағында қолдануға болады. Жұмыстағы өзекті мәселелер әдістеме саласына өз септігін тигізеді. Зерттеу жұмысының нәтижелерін мектеп мұғалімдері мен әдіскерлер қолдана алады.

Зерттеу базасы: Қарағанды қаласының М. Жұмабаев атындағы №39 гимназиясы.

Зерттеу жұмысының әдістері: зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді теориялық талдау, жалпылау, баяндау, бақылау, тұжырымдау, талқылау, қорыту, сипаттау, эксперименттік әдістер пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының құрылымы : кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімін қамтиды. Кіріспеде зерттеудің өзектілігі, тақырыбы, нысаны, пәні, мақсаты, міндеттері, әдістері, дереккөздері, теориялық және практикалық маңыздылығы, базасы көрсетіледі. Бірінші тарауда төл және төлеу сөздердің анықтамасы туралы жалпы ақпарат келтіріледі. Екінші тарауда төл сөзді төлеу сөзге айналдыру барысындағы грамматикалық өзгерістер туралы ақпарат және төл сөз және төлеу сөздерді үйретудегі рөлдік ойындардың түрлері туралы айтылады. Қорытындыда деректердің орташа талдауын көрсететін зерттеу нәтижелері келтіріледі. Пайдаланылған әдебиеттердің сілтеме көздерінен тұрады.

1. Ағылшын тіліндегі төл және төлеу сөздердің зерттелуі

  1. Рөлдік ойын әдістемесін қолданудың теорялық негіздері

Оқытушы оқушыларға ағылшын тілін үйретпес бұрын келесі сұрақтарға жауап беруі қажет: Не үшін керек? Қандай мақсатта қолданамыз? Қандай пайдасы бар? Осы сұрақтарға жауап бергеннен кейін оқытушы оқушылардың тілге деген қызығушылықтарын арттыру жолдарын қарастыруы керек. Сабақтың қызықты, əрі əсерлі өтілуі мұғалімге, яғни, сабақтың тартымды жəне қызықты түсіндірілуіне байланысы зор. Сабақ барысында көрнекілік жəне техникалық құралдарды ұтымды жəне дұрыс пайдалану жоғарыда айтылған міндетті ойдағыдай шешуге үлкен үлес қосады. Оқушылар ағылшын тілін оқып, үйренумен қатар сол елдің тарихымен, əдебиетімен, мəдениет жəне əдет -ғұрпымен танысады. Оқушылардың жаңа тақырыпты жеңіл жəне түсіне меңгеруіне мүмкіндік туғызып, олардың тілге қызығушылығы пен ынтасын арттыру жолдарының бірі - ойын.

Ойын балалар үшін айналадағыны танып-білу тәсілі болып табылады. Оның негізгі ерекшелігі - балалар үн-түнсіз ойнамайды, тіпті, жалғыз болғанның өзінде де сөйлесіп жүреді. Ойын процесінде сөйлесу үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысады, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойын - бала үшін нағыз өмір. Ойын әрекетінде баланың психикалық қасиеттері мен жеке басының ерекшеліктері әлдеқайда тез қалыптасады, яғни ол арқылы бала білім алады. Бала зейінін қажет ететін, әдейілеп ұйымдастырылған ойындар бүлдіршіннің ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез-құлқын, ерік-жігерін сомдайды. Психологтардың айтуынша, бала ойын үстінде қандай болса, өскенде, еңбекте де сондай болады. Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Дидактикалық ойын - балалардың оқу әрекетін жандандырып, оқуға деген ынтасын арттыратын маңызды құрал. Оның нәтижесі - балалардың білімді игеруде, ақыл-ой қызметін дамытуда, өзара қарым-қатынас жасауда жеткен жетістіктерінің көрсеткіші. Әрбір сабақта тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалануға, түрлендіріп ұйымдастыруға тырысамын. Сөздік-қимылды ойындар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, санамақтар, тақпақтар, ертегілер және суретті кітапшалар қолдану балалардың қиялын шарықтатып, дамытады [1, 39 б. ] .

Қазіргі таңда қарым-қатынастың шынайы ситуациялық жағдайын моделдеу үшін шет тілі сабағында ойын түрлерін пайдалану үлкен қызығушылық туғызады. И. И. Петричук атап өткендей, «адам өмірінің ғажап көрінісінің бірі ретінде ойын барлық дәуірлердегі философтар мен ғалымдардыңназарын аударып келеді. Платонның өзі ойынды пайдалы іс -әрекеттің бірі деп есептесе, Аристотель ойыннан жан - дүниенің тепе - теңдігі мен жан мен дененің үндестігін көрген» [2, 38-40б. ] . Біздің мақсатымыз - сабақ барысын қызықты ету. Оқушылардың назары бірқалыпты емес, олар ең қызықты нәрсеге баса көңіл аударады.

Қазіргі Қазақстан мектебіндегі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, оқушының жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа технологияларды іздестіру және оларды қолдануға бағытталған.

Қазіргі кезеңде бұрынғы дәртүрлі болған қалыпты сабақ беру әдісін жаңа мазмұнда ұйымдастыру және жаңа технологияны пайдалана отырып түрлендіру-уақыт талабы. Өйткені бүгінгі қоғамдағы өзгерістермен бірге білім беру жүйесінде де, сабақтың жүргізілу барысындада, жаңа талап, жаңа міндет әкелді. Бұл талап оқушының ағылшын тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру болып отыр. Тіл үйрету үдерісіндегі ең белсенді заманауи әдістемелік тәсілдердің бірі ойын технологиясы. Осы технологияны тиімді қолдана білген ұстаз өз шәкірттеріне білім, тәрбие беруде табысқа жетеді, сол арқылы олардың бойында өзгеге өз бетінше жеткізу қабілеті мен дағдысын, екеуара қарым - қатынас негізіндегі сөйлеу дағдысын қалыптастыруға ықпал ете алады.

М. Ф. Стронин бойынша, ойын дегеніміз- эмоциялық және ақыл - ой күшін талап ететін, ерекше ұйымдастырылатын іс-әрекет [3, 70б. ] . Ойын әрқашан да қабылданатын шешімді болжайды - не істеу керек, не айтқан дұрыс, қалай ұта аламыз? Осы сауалдарды шешуге деген ынта ойыншының ойлау қабілетін арттырады. Сонысымен де ол оқытушыларды, оның ішінде ағылшын тілі оқытушыларын тартады. Ойында барлығы тең. Оған, тіпті, сабақ үлгерімі төмен оқушының да қабілеті де бар. Теңдік сезімі, қызығушылық пен қуаныш атмосферасы, берілген тапсырманы орындауға күш-жігерінің жететінін сезіну - мұның барлығы оқушыға сөйлеуде ағылшын тілін қолдануға кедергі жасайтын ұялшақтықты жеңуіне мүмкіндік беріп, оқу барысында нәтижелі болады. Тілдік материал білінбей оқушы бойында қалыптасып жатады.

Қазіргі кезде ойын мәселесі бірқатар ауқымды зерттеулерде қомақты орын алып, оның оқушыны дамытудағы мәні анықталды. Зерттеушілер ойын арқылы оқу міндеттерін тиімді шешуге болатынын дәлелдеді.

Ойын теориясы мен практикасын отандық және шетелдік педагогтар, психологтар, социологтар зерттеуде. Мысалы: Иохан Хейзингтің «Ойыншы адам», Д. Б. Элькониннің «Ойын психологиясы», Эрик Берннің «Адамдар ойнайтын ойындар» атты еңбектер жазды. Ұлы ойшылдар Ж. Ж. Руссо мен И. Г. Песталоццы ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірді. Ойынның теориясы мен маңыздылығы туралы К. Д. Ушинский мен П. Ф: Лесгафт, тәрбиеде және оқыту барысында ойынның алатын орны туралы В. А. Сухомлинский, С. П. Шацкий және Н. К. Крупская өз пікірлерін білдірген.

Оқытушы оқушыларға ағылшын тілін үйретпес бұрын келесі сұрақтарға жауап беруі қажет: Не үшін керек? Қандай мақсатта қолданамыз? Қандай пайдасы бар? Осы сұрақтарға жауап бергеннен кейін оқытушы оқушылардың тілге деген қызығушылықтарын арттыру жолдарын қарастыруы керек. Сабақтың қызықты, əрі əсерлі өтілуі мұғалімге, яғни, сабақтың тартымды жəне қызықты түсіндірілуіне байланысы зор. Сабақ барысында көрнекілік жəне техникалық құралдарды ұтымды жəне дұрыс пайдалану жоғарыда айтылған міндетті ойдағыдай шешуге үлкен үлес қосады. Оқушылар ағылшын тілін оқып, үйренумен қатар сол елдің тарихымен, əдебиетімен, мəдениет жəне əдет -ғұрпымен танысады. Оқушылардың жаңа тақырыпты жеңіл жəне түсіне меңгеруіне мүмкіндік туғызып, олардың тілге қызығушылығы пен ынтасын арттыру жолдарының бірі - ойын.

«Бір сарынды және бір бағытта ұзақ жүргізілген іс әрекет бала өміріне шексіз зиянын келтіреді. Сондықтан оқыту барысында әр түрлі оқыту әдістері мен формаларын алмастыра отырып қолдану керек» - дейді К. Д. Ушинский. Оқушылардың білуге деген ынтасы мен мүмкіндігін толық пайдалану және оларды оқу үрдісінде үздіксіз дамытып отыру сабақ барысында алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін ойын түрлерін пайдалану ерекше.

К. Д. Ушинский: « . . . өз сабағында барлық оқушыларды тарта білу, танымдық белсенділігін оята білу мұғалімнің көрсеткіші» - дейді. Сондықтан сабақтарда ойын элементтерін қолдану арқылы оқушылар үйренеді, білім алады және жеке тұлғаның мүмкіндіктерін тәрбиелеуге, ерекшелеуге көмектеседі [4, 63-64б. ] .

К. Ушинский сабаққа ойын элементтерін енгізу оқушылардың білім алу үрдісін жеңілдететінін атап көрсетсе, Н. Крупская «бала жас болғандықтан ғана ойнамайды, балалықтың өзі оған ойнау үшін, яғни жаттығу арқылы өмірде қажетті дағдыларды игеру үшін берілген» деген пікір айтады. Өзінің көптеген еңбектерінде ойынның бала өміріндегі маңызына үлкен мән берген. Қандай ойын болсын, әйтеуір бір нәрсеге үйретеді, ең бастысы, оқушыны мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақта болуға баулиды.

Ойын - күрделі әрекет, ол білімді, ақылды ұйымдастыруды қажет етеді. Ойынның өз мақсаты, жоспары, шарты, жауабы, арнайы заттары т. б. көптеген сипаттары бар. Ойын арқылы оқушы өмірден көптеген мәліметтер алады, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Оқушы зейінін қажет ететін әдейілеп ұйымдастырылған ойындар, оның ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез-құлқын, ерік - жігерін қалыптастырады. Аса ірі психологтардың айтуы бойынша оқушы ойын үстінде қандай болса, еңбекте де сондай болады, демек ойын адамның өміртанымының алғашқы қадамы.

Педагогикалық үрдісті жетілдіруде ойынның алар орнын қазақстандық ғалым Н. Құлжанова да зерттеген. Ойын оқушы үшін еліктеу, инстинг, күнделікті негізгі әрекет және оның жеке өмірі, - деп дәлелдеген.

Н. Құлжанованың айтуы бойынша ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатта пайдалану-оқушының болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеуі және өмірдің талаптарына сай бейімделуі басты педагогикалық мақсаттар. Ғалым «Бала ойында ғана тынығып», «жұмыс жасап», өсіп жетіледі. «Оның ойлау қабілеті жетіліп, қарым-қатынас жасау мүмкіндігі артады», - деп атап көрсеткен [5, 132 б. ] .

«Ойын - бала үшін өмірлік тәжірибе», - деп М. Жұмабаев атап көрсетсе, «Ойын-баланың рухани дамуының негізі», - деп Ж. Плаже, К. Левин, Л. С. Выгоский, Д. Б. Эльконин өз еңбектерінде атап көрсеткен.

Л. С. Выготскидің зерттеуінде балалар арасындағы жағымды қарым - қатынасты қалыптастыруда ойынды пайдалану мүмкіндіктеріне тоқталды. Шетелдік педагогикада оқушы ойынының дамуында және өзара қарым - қатынас үрдісінде педагогтың пассивті рөлі туралы пікірлер басым болғаны белгілі. Қарым - қатынас үрдісінде ойынның маңызын талқылау үшін балалар арасындағы қарым - қатынас проблемасын қалыптастыру қажет [6, 17б. ] .

М. Б. Теплицкая «жалған жағдаят» терминологиясы бойынша, ойын шыңы сюжетті немесе рөлдік ойындар болып есептеледі.

Ойын - ойлау қабілетін жақсарту мен сабақты қызықты өткізу мақсатында қолданылатын оқытушының құралы. Ойын арқылы оқыту - тіл үйренуде ең ұтымды тәсілдердің бірі.

Кез келген сөйлеу әрекетіне қатысты ойындар оқушыны сұрақ қою, жауап беру арқылы өз ойын сол тілде еркін жеткізуге мүмкіндік туғызады. Бүгінгі таңда ойын технологиялары мектептің оқу -тәрбие процесінде оқушылардың жалпы оқу интеллектуалдық біліктері мен дағдыларын қалыптастыруда ерекше мәнге ие болады.

Ойын дегеніміз - жaс ерекшеліктеріне қaрaмaйтын, aдaмның көңіл-күйін көтеретін, ойлaндырaтын үрдіс. Ойын - төзімділікті, aлғырттықты, тaпқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпaздықты, іскерлікті, дүниетaным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондaй-aқ, бaсқa да толып жaтқaн сaпaлылық қaсиеттердің қaлыптaстыруғa үлкен мүмкіндігі бaр педaгогикaлық тиімді әдістердің бірі.

Рөлдік ойын көмегімен оқушылардың таным процестерінің барлығы да іске қосылады: байқау, есте сақтау, ойлау және шығармашылық қабілеттері дамиды. Рөлдік ойын технологиясын қолдану - әр қашан жақсы нәтижелер береді, пәнге деген қызығушылықты арттырады. Сабақтың мақсаты мен міндетіне қарай сол сабақты пысықтауда, оқушылардың сөйлеу әрекетін іске қосуда әр түрлі рөлдік ойындар қолданылады.

Рөлдік ойындардың оқыту процесінде пайдасы маңызды. Көптеген атақты педагог ғалымдар ойынның оқыту барысындағы тиімділігіне аса мән берген. Ойын - эмоционалдық және ақыл-ой сезімдерінің күшеюіне негіз болатын, алдын-ала ұйымдастырылған іс -әрекет.

Оқу үрдісінде ойынды не үшін қолданамыз? Өйткені ойын түрінде өткізілген сабақ қатысымдықты айқындайтын негізгі факторларды, сөздер мен сөз тіркестерін еске сақтауға, қарым - қатынас жасауда өзінің әлеуметтік рөлін айқындауға көмектеседі.

Ойын арқылы бір мезгілде көптеген мақсаттарға қол жеткізуге болады. Ойын тілдік дағдылар мен білімді қайта қалпына келтіреді, тереңдетеді, өзектілендіреді және бекітеді. Ойын сөздік қорды байытады, есте сақтауға көмектеседі және сөйлеуді дамытуда септігі тиеді.

Ойынның қандай да бір түрін қолданбас бұрын оқытушы ойынның технологиясын жақсы меңгеріп, ойынның мақсатын дұрыс таңдап алуы қажет. Жалпы қарайтын болсақ, жай ойындарға қарағанда педагогикалық ойындардың маңызы көбірек. Педагогикалық ойындар білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мақсат қоя отырып, үнемі оқыту, үйрету қызметін атқарады. Ойын әрекетінің неғұрлым нәтижелі болуы, ойыншылардың оқытушы ұсынған ережеге сай жұмыс істеуіне, яғни ойнауына байланысты. Оны ойын біткен соң оқытушы қорытындылағаны дұрыс.

Кеңестік педагог А. С. Макаренконың пікірінше: "Ойында баланың психологиялық қасиеттерінің сапалары да өзгеріп отырады. Ойын баланың сабаққа ынтасын аудартуға, көңіл қойғызуға, сондай - ақ қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруіне көмектеседі". Сондықтан да ұстаздың басты міндеті сабақта ойын элементтерін дұрыс таңдап, қолдана білу.

Бұл туралы орыс педагогы А. Макаренконың айтылған тағы бір сөздері орынды: «Оқушы өмірінде ойының маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Жеке адам ойында қандай болса, өскесін жұмыста да көп жағынан сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойында басталады [7, 16б. ] .

Ойындар - белгілі бір білімді, іс - әрекетті үйрету құралы. Мәселен, бұрынырақта шахмат ойыны арқылы соғыс өнерінің тактикасы мен стратегиясы үйретілген. Кейінгі кезеңде ол жұртшылыққа кең тарап, спорттық ойын түріне жатқызылды.

С. А. Шмаковтың пікірінше, ойын - бұл тәртібіне өзіндік басқаруды жинақтайтын, қоғамдық тәжірибені меңгеруге бағытталған белгілі бір жағдайдағы іс - әрекет түрі.

Тіл үйренушінің психикасы, барлық қабілеті өзінің іс - әрекеті арқылы беріледі. Тіл үйренушінің ішкі сезім - санасы қалыптасады, ойлауы мен іс-қимылы қатар жүреді. Үйренуші ойлап отырып іс-қимыл жасайды да, тілді дұрыс қолдануға тырысады. Осының бір артықшылығы - тіл үйренуші оқу материалдарын жүйелі түрде қайталап, жаттығып отыратынында. Олардың лексикалық дағдысы да, грамматикалық дағдысы да қалыптасады. Сөйлемнің мазмұн мағынасы ғана емес, формасына да назар аударады. Білім деңгейі көтеріледі және әрі қарай тереңдетілуіне көп септігін тигізеді. Ойынның қызметі мен ерекшеліктері мыналар:

- алған білімі еске түсіріледі;

- теориядан алған білімі бекітіледі;

- көру қабілеті нығаяды;

- есту қабілеті артады;

- қабылдау мүмкіндіктері молаяды;

- пайымдау қабілеті артады;

- сенімділік қабілеті күшейеді;

- байқай қабілеті дамиды [8, 37б. ] .

Ойындарды оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу ісінде пайдалану проблемасын көптеген педагогтар мен психологтар қарастырған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы лингвистикадағы төл сөз бен төлеу сөздің негізгі функцияларын айқындай отырып, ағылшын тіліндегі олардың ерекшеліктерін айқындау, олардың ағылшын тіліндегі көркем шығармаларда қолданылу өзгешеліктеріне зерттеу жүргізіп, төл сөздің төлеу сөзге айналу жолдарына зерттеу жүргізу
Төл және төлеу сөздер тыныс белгілері
Ғалымның Қазақ тілі методикасы
Газет стилі ұғымын, жалпы сипаттамасын және оның функциясын қарастыру
Коммуникативтік акт шеңберіндегі төл сөздің семантика - интонациялық сипаты
Төл сөздің тыныс белгілері
Қазақ тіл білімінде үйірлі мүшенің зерттелуі
Шартты бағыңқы сабақтас құрмалас
«Екінші шет тілінің тәжірибелік курсы» пәнінен практикалық сабақтың әдістемелік нұсқауы
Қазақ тіліндегі қосымшалардың жіктелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz