Фольклордың шағын жанрлары
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
Кузбаева Іңкәр Мұхитқызы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Қазақ және ағылшын балалар фольклоры: жанрлық-тақрыптық ерекшелігі
Шетел филологиясы кафедрасы мамандық 5В021000 - Шетел филологиясы
Астана 2018ж.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қорғауға жіберілді:
Кафедра меңгерушісі
- _____________Біжкенова А.Е.
______ _______20___ жыл
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Қазақ және ағылшын балалар фольклоры: жанрлық-тақрыптық ерекшелігі
мамандық 5В021000 - Шетел филологиясы
Орындаған ______________________ Кузбаева І.М.
(қолы)
Ғылыми жетекшісі ______________________ Сабитова Л.С.
PhD докторы (қолы)
Астана 2018ж.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Филология факультеті
Мамандық:5В021000 - Шетел филологиясы
Шетел филология кафедрасы
Бекітемін
Кафедра жетекшісі
Ф.ғ.д., профессор Біжкенова А.Е.
__ ________ 20__ж.
ТАПСЫРМА
Студент: Кузбаева Іңкәр Мұхитқызы
4 курс, ШФА-41, мамандық 5В021000 - Шетел филологиясы, күндізгі оқу бөлімі.
1. Дипломдық жұмыстың тақырыбы: Қазақ және ағылшын балалар фольклоры: жанрлық-тақрыптық ерекшелігі ректордың бұйрығы бойынша бекітілді 23 қараша 2017 ж. № 1340П
2. Толығымен аяқталған дипломдық жұмысты өткізу уақыты 17 мамыр 2018 жыл.
3. Бастапқы деректер (электрондық, әдебидеректер): тақырып бойынша әдеби деректер.
4. Дипломдық жұмысты жазу және рәсімдеуге арналған сұрақтар тізімі: фольклор туралы теориялық мәліметтер жинау және оның жанрларының түсінігі мен анықтамасын зерттеу. Халық шығармашылығы және фольклор туралы әртүрлі дереккөздермен кітаптар жинағынан, ғаламтордан материалдар жинау. Қазақ және ағылшын тілінде жиналған мәліметтерді жанрлары бойынша бөлу, салыстыру және қорытындылау.
5. Негізгі дереккөздер тізімі: Турсунов Е.Д., Парахина А.В., Базилевич В.Г., Қадір Мырза Әли, Қастек Баянбай, Коулман К.И., Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбай, Өтебай Тұрманжанов.
6. Диплом жұмысты орындауға үшін өткізілетін консультациялар кестесі:
Бөлім, тараулар аты және саны
Ғылыми жетекші, консультант
Тапсырма алу уақыты
Тапсырманы беруші (қолы)
Тапсырманы орындаушы (қолы)
Бірінші бөлім
Фольклор, балалар фольклоры, жанрлары бойынша салыстыру
Сабитова Л.С.
Екінші бөлім
Жанрлық ерекшеліктерін тауу және салыстыру
Сабитова Л.С.
Қорытынды
Сабитова Л.С.
Норма бақылаушы
Исыпова Н.В.
7. Диплом жұмысын жазу және рәсімдеу бойынша күнтізбелік жоспар-кесте:
с№
Жұмыс кезеңі
Орындау мерзімі
Ескертпе
11
Дипломдық жұмыс тақырыбының бекітілуі
02
Дипломдық жұмысты дайындау үшін ақпарат жинау
Кітапханада жұмыс
53
Дипломдық жұмыстыңтеориялық бөлімін жазу (1 бөлім)
Кітапханада жұмыс
4
Дипломдық жұмыстың практикалық бөлімін жазу (2 бөлім)
Кітапханада жұмыс
5
Дипломддық жұмыстың алғашқы жазылған нұсқасын бітіру
Кітапханада жұмыс
6
Дипломдық жұмысты алдын ала қорғауға ұсыну
Консультациялар кезінде
7
Дипломдық жұмысты рецензияға ұсыну
Рецензент - Бейсенова Ж.С., ф.ғ.к.
8
Дипломдық жұмыстың рецензия және ғылыми жетекшінің пікірі бар соңғы нұсқаны ұсыну
9
Дипломдық жұмысты қорғау
Тапсырма берілген уақыт 11 қыркүйек 2017 ж.
Ғылыми жетекші:_______________ Сабитова Л.С.
PhD докторы (қолы)
Тапсырманы қабылдады: _______________ Кузбаева І.М.
студент (қолы)
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1. Қазақ және ағылшын халықтарының жалпылама сипаттамасы ... ... ... ... ... ...1 0
1.1 Фольклор түсінігі және зерттеген ғалымдар мен ақын-жазушылар ... ... ... ...10
1.2 Орыс ғалымдарының қазақ халқының фольклоры жайындағы ғылыми зерттеу жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
1.3 Балалар фольклорының жалпылама сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2. Қазақ және ағылшын халқы балалар фольклорының салыстырмалы түрдегі ұқсастықтары мен ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
2.1 Фольклорлық шағын жанрларының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
2.2 Қазақ және ағылшын халқындағы балалар фольклорының жалпылама қарастырғандағы айырықшылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..40
2.3 Балалар жанрындағы шығармаларды салыстырғандағы ұқсастықтарымен өзгешеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..53
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .60
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...62
Кіріспе
Балалар фольклоры- ол ең алдымен фольклордың ауқымды жанры. Бұл термин әрине дәстүрдің типологиялық мұрагері және типологиялық тұрғыдан қайталануы болып табылады. Балалар фольклоры әлбетте фольклордың жалпы теориясынан, жанрлар теориясынан, генезистен және мифологиядан, тариха поезиядан бөлек қарастырылмайды.
Егер балалар фольклорын ұлттық дәстүрдің контекстінде айтатын болсақ, ондай жағдайда балалар фольклорының да өзіне тән қасиеттері мен ерекшеліктері бар. Балалар фольклоры жалпыға бірдей фольклортану сөзінің мағынасында аңыз жыр айтушыны білмейді. Фольклорға тән білім тек мәтіннің орындалуын ғана емес, сондай ақ оның шығарылуы мен баланың ойынға деген қабілетін де анықтайды. Бұл деп отырғанымыз фольклорлық шығармалардың баланың жадында қалай және қаншалықты сақталып қалатынын анықтап қана қоймай, оның ойынға қаншалықты белсенді екенін айқындайды. Сол ойынға деген іс әрекетінің формасының арқасында алдыңғы өткен үрім бұтақтардың белгілі бір баланың өнерінің тәжірибесінен көрініс табады.
Ең алдымен фольклор дегеннің не екеніне анықтама берейік. Фольклор- (ағыл.folklore халық білімі, халық даналығы), халық поэзиясы, халықтың поэтикалық шығармашылығы, халық ауыз әдебиеті секілді бір немесе бірнеше халық шығармашылық жиыны. Фольклор терминін 1846 жылы ағылшын археологы У.Дж. Томпсон енгізген. Фольклорға халық шығармашылығы, яғни аңыздар, қиссалар, ертектер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар және т.б. жатады.
Зерттеудің өзектілігі: Зерттеп отырған тақырыбымыздың өзектілігі екі халықтың салыстырмалы түрдегі ұқсастығы мен ерекшелігі, еліміздің Рухани жаңғыру саяси бағдарламасы, балалар тәрбиесі (ана тіліне деген сүйіспеншілік, патриотизм), және халық өлеңдері мен тақпақтары секілді басқада балаларға арналған ауызша жанрлар болып табылады.
Зерттеудің мақсаты: Қазақ және ағылшын тіліндегі балалар фольклорын зерттеу, айқындау, анализдік талдау жасап, олардың ерекшелігін анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
1. Фольклор туралы теориялық мәліметтер жинау және оның жанрларының түсінігі мен анықтамасын зерттеу.
2. Халық шығармашылығы және фольклор туралы әртүрлі дереккөздермен кітаптар жинағынан, ғаламтордан материалдар жинау.
3. Қазақ және ағылшын тілінде жиналған мәліметтерді жанрлары бойынша бөлу, салыстыру және қорытындылау.
Зерттеп жатқан жұмыстың жаңалығы: Алғашқы рет қазақ және ағылшын халықтарының балалар фольклоры мен олардың халық шығармашылығы жайында мәліметтер жиналып, талдау жасалып отыр. Қазақ және ағылшын халықтарының балалар фольклорын зерттегендегі анықтағанымыз, екі халықтың да фольклорының балалар жанрындағы екен.
Ұқсастықтарын алатын болсақ ағылшын және қазақ халқы да баланы бесіктен демекші туылған кезінен бастап дұрыс тәрбие беруге талпынған. Бұл белгілер бесік жырлардың шумақ жолдарынан анық көрініс табады. Кішкентай бала келесі жасқа толғанда оны сан, ойын түрлерін үйрету мақсатында санамақтар мен саусақ санау ойындарын қолданған. Санамақтар мен саусақ санау ойындарында да өте ұқсас жерлері көп екенін аңғаруға болады, мысалы Бір дегенім - бесік, Шықтым содан өсіп. Екі дегенім - елім, Далам, тауым, көлім... және ағылшын тіліндегі санамақтарда one for death and two for birth... немесе тағы бір one for sorrow, two for joy... деген секілді ұқсастықтарды байқауға болады. Қазақ халқында "он саусақ, он башпай" саусақ санау ойыны болса, ал ағылшындарды "The family fingers" санамағы бәрімізге де танымал.
Ал балаларға арналған өлең-тақпақтарда ұқсастықтары мен айырмашылықтары да жетіп артылады. Қазақ және ағылшын балалар фольклорындағы өлең тақпақтардың ұқсастықтарының бірі ол балаға тәрбие беру және баланы қоршаған ортамен, жан-жануарлармен, табиғатпен, елімен, туған жерімен, отанымен, аң-құстармен таныстыру болып табылады екен. ал айырмашылығы мен ерекшеліктері өлеңнің мазмұнында. Мысалы қазақ халқының балаларға арналған өлең-тақпақтарының негізгі мақсаты ол баланы ең алдымен дұрыс бағытта, ешкімнің ала жібін аттамайтындай етіп тәрбиелейтін болса, ағылшын халқының балаларға арналған өлең-тақпақтарында ең маңызды назар баланың өз өзіне сенімді, еш қиындықтан қорықпай, сол қиындықты жеңе алатындай күшті болуында, сондай-ақ оларда да баланы қоршаған ортасымен, жан-жануар, құс атауларымен таныстыру ең бірінші мақсат болып келеді.
Және де бір айта кететін жайт, ол ағылшын халқы баланы діннің негізінде тәрбие беруге тырысқан. Оны біз өлең-жолдарынан немесе кез келген бесік жырынан көре аламыз. Себебі ол жерде "Jesus", "Solomon", "Abraham", "Adam and Eve" секілді діни есімдер мен "God bless you", "angels" секілді сөздерден біле алады екенбіз.
Ал қазақ халқының балалар фольклорының шығармаларында керісінше мүлде діни есімдер болсын немесе дінге байланысты сөздердің ешбірі кездеспейді. Сондықтан тоқтала кететініміз, қазақ халқы баланы салт- дәстүрмен, күнделікті тұрмыстағы жағдайлар мен құбылыстарды ескере отырып тәрбие беруге тырысқан. Ол өлең-шығармалардан анық білінеді.
Қазақ және ағылшын халқында да балалар шығармашылығының орны ерекше бөлек. Әрине оны біз зерттеліп отырған халықтардың өлең тақпақтарынан, бесік жырларынан, санамақ, мақал-мәтел және жаңылтпаштарынан білуімізге болады. Ешбірінде біз балаларға деген теріс пиғылды, жаман ниетті көрмейміз. Себебі ешкім өз баласына, оның өміріне немесе тағдырына жаманшылық тілемейді, бәрі де барлығының жақсы болғанын қалайды. Сондықтан да әрбір халықтың бесік жырларында ата ананың балаға деген ыстық ықыласы мен тілегін көруге болады.сондағы мақсат баланы жастайынан тек жақсылыққа баулу және тәрбиелеу. Бірақта ол әрбір
баланы жастайынан тек жақсылыққа баулу және тәрбиелеу. Бірақта ол әрбір халықта әртүрлі жолмен және әртүрлі сөз түрлерімен бейнеленеді.
Жоғарыда айтып өткеніміздей біреулер діннің негізінде тәрбие беруге тырысса, ал кейбір халықтар немесе отбасылар салт-дәстүрге ден қойып, баланы тәрбиелеуге тырысады.
Жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен (әрқайсысы үш бөлімшелерден), қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Қазақ және ағылшын халықтары фольклорының жалпылама сипаттамасы
3.1 Фольклор түсінігі және зерттеген ғалымдар мен ақын-жазушылар
Фольклор- (ағыл.folklore халық білімі, халық даналығы), халық поэзиясы, халықтың поэтикалық шығармашылығы, халық ауыз әдебиеті секілді бір немесе бірнеше халықтың әртүрлі халық ауыз әдебиетінің бірнеше түрдегі жиыны. Фольклор терминін 1846 жылы ағылшын археологы У.Дж. Томпсон енгізген. Ал 1878 жылы ағылшындардың арасында ресми түрде термин болып қалыптасты. Алғашқыда фольклор ұғымы ғылымға сәйкес зерттеу тақырыбы болған. Заманауи тарихнамада Фольклордың теориясы мен тарихын, түрлерін және де басқада ғылымдармен байланысын зерттеушілерді фольклорист деп атайды [4-5].
Фольклор анықтамасы барлық тарихи сатыда бірдей болуы мүмкін емес, себебі оның қоғамдық және эстетикалық функциялары, түсінігі мен поэтикасы тікелей бір халықтың мәдени жүйесіне қатысы бар жоғына байланысты [3: 71].
Фольклор ұғымы адамның тілінің дамуы барысындағы бүкіл рухани мәдениеттілігін қамтыған ежелгі дәуірлерде пайда болған. Фольклорға бәрін қамтитын синкретизм тән. Ол функционалды және идеологиялық болып екіге бөлінеді. Функциалдыққа халық шығармашылығы, тарихи ғылымдар, діни сенімдер т.б. жатады. Фольклор қауымның барлық қабатын қамтиды. Мысалы жанрлыққа эпостар, ертегілер, аңыз әңгімелер және т.б түрі жатады [4: 7-8].
Жалпылама мағынасынан қарағанда фольклорға халықтың әдеби сөз жанрынан басқа ол жерге халықтың барлық дерлік шығармашылығы, рухани танымы (кейде материалдық), халықтың мәдениеті- тілі, діні, салт дәстүрі, қол өнері жатады.
Кейбір уақыт аралығында әртүрлі елдерде фольклор сөзінің астарында халықтың шығармашылығы мағынасында танылып келді. Сондықтан фольклор ол тек ауыз ауыздан ауызға тараған біржақты әдебиет қана емес.
Ауыз әдебиеті дегеніміз ол халық шығармашылығының көркем жинақталған түрі [1: 19]. Сол шығармаларға қарап біз халықтың поезиясы, өлеңдері, ән жиақтары, дәстүрлі күйлерінің немен байланысты екенін біле аламыз. Фольклордың әдебиеттен және қазіргі заманауи әдебиеттен маңызды айырмашылығы ол оның дәстүрлілігі және мағлұматты ауыздан ауызға тарату жолы.
Ертеректе пайда болған халық шығармашылығы бүкіл халықтың көркем мәдениетінің тарихи негізі, ұлттық көркем дәстүрдің түп төркіні, жәнеде халықтың сауаттылығын көрсететін тағы бір жол [9: 54].
Әндер, билер, аңыздар фольклордың жалпы системасы ретіндегі тәсілі емес, олар ұлт өнерінің бөлек бір шығармашылығы емес, сондай ақ жалпы фольклорлық актылар, фольклорлық әрекеттер (ритуалдар, сөздің жалпы мағынасындағы әдет рәсімдер). Мысалы, кез келген ән өз алдына жәй ғана ән болып қарастырылмайды, ол өз жиегіндегі алдын ала бағалау , мысалы бірдеңеге арналған функционалдық құрылым болып табылады. Сол халықтың биі, музыкасы, киіміне ұқсас.
Фольклордың бірінші кезеңдердегі жазбаша емес қарым қатынас секілді аңыздармен діни наным сенімдерге негізделген. Одағы ең маңызды рөлдердің бірі салтанатты формасы.
Фольклордың тәсіліндегі эволюция қоғамдаеы фольклорлық функционалануын әдебиеттанушының көзқарасымен ғана емес, сондай ақ антропология мен социологиның көзқарасымен қарауға әкелді [23: 69].
Фольклордың шағын жанрлары.
Фольклордың шағын жанры дегеніміз- көлемі жағынан шағын ғана фольклорлық шығармалар. Мұндай халықтың шығармалары адам өміріне өте ерте, тіпті кейде баланың тілі шықпай тұрып енеді [17:33-34].
Бесік жыры- фольклордың ертеден келе жатқан жанры, олай дейтін
себебіміз бұл жанрда ертеден келе жатқан баланы тәрбиелейтін, жаман тіл көзден сақтайтын элементтер сақталған. Адамдар сол кезде баланы құпия бір жаман, тылсым күштер қоршайды, егерде бала ұйықтап жатып жаман түс көрсе, бесік жыры арқылы бұл құбылыс өңінде қайталанбайды деп сенген. Бірақ та кейіннен өлең өзінің сиқырлы элементтерін жағалтыпғ оның орнына болашаққа деген жақсы ниеттер мен тілектер қабылдана бастады. Сонымен, бесік жыры әннің көмегімен баланы уату, жұбатып ұйықтату. Баланы тербетім жұбататын болғандықтан әннің ритмі де өте маңызды.
Санамақ - дегеніміз шағын өлең тақпақтар. Санамақтың көмегімен бала санауды, қолдың саусақтарын және кейде түстерді үйренеді.
Жаңылтпаштар. Жаңылтпаш- дегеніміз ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады.
Жұмбақтар. Жұмбақ - адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Ертегілер. Ертегілер- халық әдебиетінің баяндау түрі, халық ақиқатының формасының бір эстетикалық бейнелеу. Ертегілер халықтың әртүрлі даму стадияларындағы іс-қимылдарын өзіне үйлестіреді.
Кеңес фольклортанушыларының топшылауынша қазақ ертегілерінің методологиясы негізінен алғанда үш негізгі бөліктен тұрады: олар тұрмыс-салт ертегілері, қиял-ғажайып ертегілері, жан-жануарлар туралы ертегілер. Ерте кездерде адамдард табиғаттың және өзге де қоршаған ортаның тылсым құпияларын өздерінше білуге тырысқан. Соның арқасында қиялдан туған қиял ғажайып ертегілер пайда болған [23: 156-157]. Қиял-ғажайып ертегілердің мазмұны көбінесе табиғаттың тылсым күштерінің бар екеніне сену, сиыну және сол тылсым дүниелердің өздерінін қорғайтынына сену. Әділдік пен әділетсіздіктің күресі, ақ пен қара, жақсылық пен жамандық, мейірімділік пен залымдық, адамгершілік пен сұмпайылық және тағы басқа да қарама-қарсы нәрселердің өзара күрсі, бірақта әрқашан да жақсылықтың жеңіп отыруы, міне бұлардың барлығы қиял-ғажайып ертегілерінің мазмұны. Жан-жануарлар ертегілері де өте ертеректе пайда болып, әлі күнге дейін келе жатқан ертектің ежелгі түрі. Жан-жануарлардың өмір сүрулері мен тұрмыс тіршілігін зерттей отырып, адамдарда олардың арасынан өздеріне дос пен дұшпанды тауып отырған. Жан-жануарлар ертегісінде де әділідік пен зұлымдық жайында. Мысалы, қасқыр, мысық секілді күші көп жыртқыштар мен жануарлар өздерінен күші аз қоян, тышқан, құстарға әлімжіттік қылатыны, алайда ертектің соңында өздерінің ашкөздіктерінің арқасында ойлағандары іске аспай, опық жеп қалатындығы жайында баяндалады. Бұл ертектердің кішкентай балаларға болсын, үлкен адамдарға болсын берер тәрбиесі мен өнегесі мол. Себебі сол ертектердің арқасында балалар өмірдің қандай екенін біліп қана қоймай сол қиыншылықтармен күресе білуді де үйретеді.
Ал тұрмыс-салт ертегілерін алатын болсақ, ендігіде оларда қиял-ғажайып құбылыстар ертектердің басқа түрлеріне қарағанда аздау кездеседі. Ертегілердің бұл түрі көбінесе адамдардың тұрмыс-тіршілігі мен өміріне ұқсас болып келеді. Мысалы, залым хандар мен би-басшылардың қарапайым қара халықты қанауы, солардың жауыздығынан қалай құтылғандары жайында баяндалады. Әрбір ертек адамдарға бірнәрсені үгіттеп тұрады. Тұрмыс-салт ертегілеріде балалар мен ересек адамдарға әділеттілік қалай да болсын жеңіп, шындық мәлім болып, жер бетіне бейбіт, тыныш өмір орнайды, ал жамандық ойлап, жалғандық пен жамандақты жар қылған адамдар түбінде бір масқаралықпен жеңіліс тауып, өздерінің керекті жазаларын тартады деп баяндалады [2: 18-19]. Қазақ халқының ертектері ескерту деп айтсақта болады. Олай айтатын себебіміз осы ертектерді оқыған, көңіліне түйе білген жас қауым ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін біліп, өмірдегі дұрыс жолды таңдауға көмектеседі. Ертек болғанымен олардың астарында өте үлкен үлгі алатындай тәрбие мен мағына жатыр. Метафоралық жолмен айтқанда өмірдің өзі үлкен күрестер мен белестер, ал ертегілер болса соларға дайындық.
Қазақ халқының өлеңдерінде балаларды жастайынан ата- анасын, туған жері мен отанын сүюге, құрметтеуге, өз елінің патриоты болуға, тіпті жануарларға қамқор болуға шақырады Ал ағылшын халқының өлеңдерінде баланы тәртіпке, немесе жастайынан берілмей мықты болуға, еңбектен қашпауға үгіттейді.
Қазақ және ағылшын тілінің шығармашылықтарында енді тілі шығып келе жатқан немесе кішкентай балалардың есте сақтау мен ой қабілетін дамыту үшін көптеген тақпақтарды кездестіруге болады. Сонымен бала қабілетін дамытатын ең тиімді жол ол балаға тақпақ жаттату [12: 9].
Тақпақтың өлеңге қарағанда айырмашылығы көлемінің шағындығы, үндестігі бар ұйқасқа құралатындығы, сөздердің және дыбыстардың жиі қайталанатындығы, айшықты оралымдары. Осының барлығы тақпақты жаттап алып, мәнерлеп айтуға жеңілдік жасайды, және де ерекшелігімен балаларды өзіне баурап алады.Тақпақ балалардың дыбыстық есту қабілетін дамытады, сонымен қатар қызықты тақпақтар арқылы тілді қабылдауға көмектеседі.
Қазақ халқының ауыз әдебиеті талай ғасырлар бойы тарихи оқиғаларға байланысты қалыптасқан батырлар жыры, лиро эпостық поэмалар мен аңыздардан құрылған , жан жақты бай әдебиет. Олардың түп тамыры сол кездегі өмір сүрген адамдардың жауынгерлік өмірі жайлы қысқа повесть үзінділерінен, қос ғашықтардың әділет іздеп, бақытсыздықпен аяқталған ғұмыры жайындағы әңгімелер, адамдардың қоршаған ортамен байланысы жайындағы керемет қиял ғажайып өлең шумақтарынан бастау алады. Халық ауыз әдебиетінің ерекшеліктері сол кездегі адамдардың алға қойған мақсаттарына жету жолындағы туындыларында отанға деген ыстық махаббаты, халықты тату бірлікке шақыраын әдемі мазмұндамалардың ыстық лебізі сезіліп тұрады [2: 71-72].
Біздің әдебиетімізде халқымыздың тағдыры және олардың қоршаған ортаға деген даналық қатынасы айқын көрінеді. Қазақ халқының фольклоры жан жақты және өте бай. Оған халық ауыз әдебиетіне тән қырықтан астам әр-
түрлі жанрлар жатады. Қазақ әдебиетін сарқылмайтын байлық деуге болады. Себебі қазақ халқының ауыз әдебиеті батырлар жырына, лиро эпостық поэмаларға, салт дәстүрлі әндерге , баланы тәрбиелейтін ертегі және бесік жырларына және де қоштасу, сыңсу атты ән жырларға өте бай [13: 27]. Тек олармен шектеліп қана қоймай, сонымен қатар сарқылмас ақыл көзіне айналған мақал мәтел, жұмбақтар, афоризмдер, жаңылтпаштар және тағы басқаларды жатқызамыз. Бұл байлықтың барлығы сол кездегі халықтың тұрмысы және түсінігі жайындағы көріністер.
Бұның барлығы дерлік ғасырлар бойы ауыздан ауыға, ұрпақтан ұрпаққа таралған қазақ фольклорының жемісі. Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа таралуына байланысты олар кейде толықтырылып, кейде өзгеріп отырған.
Халықтың бірлігі батырлар жырындағы батырдың ең басты да негізгі мақсаты болған. Олардың жан жарлары да жырда өте маңызды рөл атқарған, және олардың өте көп көмегі тиіп отырған. Мысалға Қобыландының Құртқасын, Ер Тарғынның Ақжүнісін, Алпамыс батырдың Гүлбаршынын айтуға болады. Олар батыр күйеулеріме өмірдің барлық ащы тұщысын, қиындықтарымен бөлісіп, жерінің бейбітшілігі үшін күресе білген. Батырлар жырында басы кейіпкер қаһарман батыр өте қиын сынақтарды басынан кешіп, бірақ соңында жеңіске жетіп отырған.
Лиро эпостық жырларды алатын болсақ, Қыз Жібекпен Қозы Көрпеш Баян сұлу мазмұндары жағынан өзара ұқсас болып келеді. Қыз Жібек эпосының сипаттауында сол кездегі халықтың қоғамдық тұрмысы көркем иллюстрациямен сипатталғанын аңғаруға болады.Ал Айман Шолпан поэмасында сол кездегі сипатталған халық тұрмысы ешқадай әсірелеусіз шындық болып табылады [7: 92].
Ақын жыршылар лиро эпостық поэмаларда қыздың сұлулығын асқан шеберлікпен және сүйіспеншілікпен жырға қосып отырған. Жас бойжеткенді қоршаған ортаның бр әсем бейнесімен салыстыра отырып жырлаған. Мысалға алатын болсақ Қыз Жібектің құрметі,Жиһаннан асқан сәулеті, Ләйлі, Мәжнүн болмаса, Өзгеден артық келбеті.., дей отырып әдемі өлең жолдармен жырлай білген.
Қазақ ертегілерінің тематикасы , әсіресе таңғажайып ертегілері өзінің синкретикалық құрылымын көрсете білуі арқасында ерекшеленеді. Қазақ халқының ертегілерінде әртүрлі кейіпкерлерді кездестіруге болады. Мысалы, белгілі Алдар Көсе, Жиренше Шешен сияқты кейіпкерлер өзінің асқан ақылдылығымен, тапқыр әзілдерімен қарсыластарын сан соқтырып кете алған. Бұл кейіпкерлердің түпкі мақсаты әділдік арқылы қарапайым халыққа жәрдем беру [7: 93].
Мақал мәтелдер, жұмбақтар, афоризмдер халықты тәрбиеге, шыншылдыққа, адалдыққа жетелеген. Мысалы: `'Бір адамға қадірің жүрмесе, Екі адамға күлкі боласың. `';`'Балаға байқап сөйлесең,Ақылыңа көнер,Байқамай шайқап сөйлесең,Көрсетер бір өнер.'';Балапан ұяда не көрсе,Ұшқанда соны алады. Міне осы мақал мәтелдерден ең бірінші біздің дана халқымыз тәрбиені, адамгершілік пен адалдықты, ұлтқа деген сүйіспеншілікті бірінші орынға қоятынын білдіріп отыр [32: 75].
Қазақ халқының керемет, таптырмас туындыларының бірі Қырық өтірік. Бұл туынды осы уақытқа дейін ешбір халықта болмаған, тіпті әлі ешбір тілде дөп басып айтар ондай термин жоқ екенін ғалымдар алға тартуда. Бұл керемет туындыда ашкөз де қатыгез ханның іші пысып, қол астындағы қарапайым халықтан өзінің көңілін көтеруін талап етеді. Егер көңілін көтеретін адам ханды риза қылалса көп мөлшерде алтын алған немесе ханның қызына уйленген немесе ханның бас уәзірі болып тағайынлалған. Ал егер ханды риза қылалмаса онда басы алынған. Көбісі хан қызына үйленеміз немесе көп мөлшерде алтын аламыз деп дәметіп бастарынан айырылған. Алайда тек жұрт арасынан жүрек жұтқан қойшы бала ғана өзінің қулығы мен ақылдылығының арқасында Қырық өтірік ойлап тауып, басын аман алып қалған деседі [3: 16].
Өткен ғасырларда халық шығармашылығын дамытушы және елден елге таратушы жыршылар, ақындар, серілер болған.
Жыршы қазақ халқының әнші жырау, ақыннан айырмашылығы жәй ғана ән орындаушы, бірақ фольклорлық шығармаларды ойдан құрап шығарушы емес. Олардың репертуарларында көбінесе батырлар жырлары мен тұрмыс салт жырлары мен эпос дастандарын кездестіруге болады.
Және де ел жұрттың аса ықыласы мен құрметіне бөленген жанрдың бірі Айтыс. Айтыс ол ақындардың әнмен жарысы. Айтыста әрбір айтыскер ақын өзінің қарсыласының алдында, өзінің суырып салма қабілетімен өзінің халққын, шыққан тегін маөтап отырған. Қарсыласы да өзінің халқының жомарттығын, мейірімділігін әнге қосқан. Соңында жеңген айтыскерге сый сияпат берілген [2: 12-13].
Халық арасында айтыста аты шыққан Жабыл ақын, халықтың ыстық ықыласына бөленген.
Ал қазақ халқының біртуар фольклортанушылары деп немесе балалар фольклорын зерттеп, соның дамуына ат салысқан ғалым, жазушылардың ішінен
біз Ыбырай Алтынсаринді, Абай Құнанбайұлын, Ахмет Байтұрсыновты және көрнекті ғалым, саяхатшы Шоқан Уалихановты айта аламыз. Қазақ халқының ауыз әдебиеті талай ғасырлар бойы тарихи оқиғаларға байланысты қалыптасқан батырлар жыры, лиро эпостық поэмалар мен аңыздардан құрылған , жан жақты бай әдебиет. Олардың түп тамыры сол кездегі өмір сүрген адамдардың жауынгерлік өмірі жайлы қысқа повесть үзінділерінен, қос ғашықтардың әділет іздеп, бақытсыздықпен аяқталған ғұмыры жайындағы әңгімелер, адамдардың қоршаған ортамен байланысы жайындағы керемет қиял ғажайып өлең шумақтарынан бастау алады. Халық ауыз әдебиетінің ерекшеліктері сол кездегі адамдардың алға қойған мақсаттарына жету жолындағы туындыларында отанға деген ыстық махаббаты, халықты тату бірлікке шақыраын әдемі мазмұндамалардың ыстық лебізі сезіліп тұрады [ 12: 14].
Біздің әдебиетімізде халқымыздың тағдыры және олардың қоршаған ортаға деген даналық қатынасы айқын көрінеді.
Сол кезеңдердегі заман талабына сай өз өнерлерімен жауап бере алатын қазақтың біртума, ағартушы ғалымдар деп біз Шоқан Уәлихановты, Абай Құнанбайұлын, Ыбырай Алтынсаринді айта аламыз.
Олардың барлығын ортақтастырған бір нәрсе ол: сол кезеңдердегі қазақ қауымының көз алдарында тұрған өткір де, өзекті мәселелерді шешуге деген талпыныс. Сол мәселелерге жауапты іздеп жүрген қазақ ағартушылары, жазушы-демократтары нағыз шындыққа көңіл бөліп, өмірдің бар қиындықтарымен, өмірдің әртүрлі тұспалдарын, қарама-қайшылықтарын шынайы мінездемелермен тереңдетіп тұрып, бейнелеген және көптеген шығармашылықтар мен еңбектер жазған. Олардың бұл еңбектері әлі күнге дейін өз құндылықтарын еш жоғалтпаған, жоғалтпақ та емес. Сол еңбектерден кейінгі көптеген ұрпақ өзіне тәлім-тәрбие, өзіне керекті бағытын алып отырған [1: 47].
Ыбырай Алтынсаринді алатын болсақ, оның қазақ халқының балалары үшін мектеп ашып, балаларды оқытқытқаны біздер үшін баға жетпес асыл еңбек деуге болады. Ал Ыбырай Алтынсариннің шығармаларына көз жүгіртетін болсақ балаларға арналған өте көп өлең жинақтарын табуға болады. Ыбырай Алтынсарин өлеңдері дегенде ең бірінші еске түсетіні Кел, балалар, оқылық!, Өнер, білім бар жұрттар және де тағы басқа керемет шығармаларын айтуға болады. Байқап отырсақ Ыбырай Алтынсарин өзінің шығармаларында жас қауымды оқу білімге, еңбекке баулыған. Ыбырай Алтынсарин жаһанмен тең болу үшін ең күшті қару ол білім деп санаған. Бірақта ол кезде қарапайым халық оны салмақты қабыл көрмесе де, қазіргі таңда көз жеткізіп отырған жағдайымыз бар [1: 37].
Ал Алтынсариннің әңгімелерінде де адамдарды, соның ішінде әсіресе балаларды әрқашанда адамгершілікке, ақылға, еңбек етуге, оқу білімге, достыққа, өнерге, талаптылыққа, әділдікке және кісілікке шақырған. Оның Бай баласы мен жарлы баласы атты әгімесінде Асан мен Үсеннің бастан өткен оқиғаларын баяндайды. Бұл әңгімеде жарлы баласы Үсеннің көп қиыншылықты бастан өткеріп, кез келген қиыншылықтан ақылдылығы мен еңбекқорлығының арқасында оңай құтылып кететіндігі туралы жазылған. Дүние қалай етсең табылады, Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш, Әке мен бала және Сәтемір хан әңгімелерінде еңбектің артықшылығы, пайдасы түрлі мазмұн, алуан оқиғалармен дәлелденеді.
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы да балаларға арнап өте көп шығармалар жазған. Соның ішінде Ғылым таппай баптанба, Өлең сөздің патшасы, Жасымда ғылым бар деп ескермедім деген өлеңдері бар. Байқасаңыздар бұл өлең жолдарында Абай да жас буынды білімге, еңбекке, адамгершілікке, әдепке және өз халқын сүюге баулыған. Себебі сол кездің өзінде данышпан Абай оқу білімсіз өмірдің қор екенін баяндап кеткен. Және де ол өзінің өлең шумақтары арқылы Хақ тәңірдіде таныта білген. Сонымен қоса ұлы ақын Абай шығармаларды аударумен де айналысқан. Ол А.С. Пушкиннің, Лермонтовтың, Крыловтың өлеңдерін қазақ тіліне ұйқастыра отырып аударған [1: 57-58].
Ахмет Байтұрсыновта баларға арнап көптеген өлең шумақтарын жазған. Әдебиет зерттеушісі, фольклортанушы, ғалым, ақын, тілші, аудармашы Ахмет Байтұрсынов балаларға арнап көптеген өлеңдер жузумен және аударумен айналысқан. И.А. Крыловтың өлеңдерін қазақ тіліне аударған, 1909 жылы Қырық мысал деген атпен аударған өледері Петербор қаласында басылып шықты. Аққу, шортан, һәм шаян өлеңінде адамдарды бірлікке шақырады. Бірліксіз тірліктің болмайтынын осы шығармасы арқылы көрсетеді [4: 67].
Ахмет Байтұрсыновтың әңгімелерінің арасынан Қасқыр мен қозы, Қайырымды түлкі, Қартайған арыстан, Өгіз бен Бақа, Қайыршы мен Қыдыр және де Ат пен Есек атты мысалдары балаларға терең тәлім- тәрбие бере алады [4: 68].
Ал өлеңдерін алатын болсақ, 1911 жылы Маса атты жинағы Орынборда жарық көрді. Бұл шығармашылық жинағында көпке танымал Адамдық диханшысы, Досыма хат, Анама хат, Жауға түскен жан сөзі атты өлеңдері адамды ынтымаққа, бірлікке, оқуға, еңбекке үндейді. Ақынның бұл өлеңдер жинағын шығарудағы алдына қойған басты мақсаты мен міндеті өз халқының қараңғылықтан көзін ашуға тырысуы, көкірегін оятуы және де оларды оқу білімге шақырғандығын аңғаруға болады.
Ал бәріміз мектептің әліппесінен оқып, жаттаған алғашқы өлеңіміз Оқуға шақыру болатын. Бұл тамаша туындыданда ақынның балаларды жастайынан оқу-білімге, еңбексүйгіштікке, ешбір тірі жан босқа жүрмейтінін мысал ете отырып, шақырғанын бәрімізде білеміз. Бұл тамаша туындыны әлі күнге дейін балалар әліппесінен кездестіруге болады. Бұл теңдессіз өлеңнің ешқашанда шетке ысырылып қалмайтыны да белгілі [4: 70].
Ағылшынның белгілі жазушысы, фольклортанушысы және фольклор терминін алғаш рет ағылшын тіліне енгізген Уильям Джон Томс болатын. Томстың фольклорды және мифтерді зерттеуі, оны ұзақ демографиялық мифтерді бұзудың тағы бір мансабына әкелді. Сол кезден бастап ол демографтың алғаш ізашары болды. Томс редактор, копилятор, автор секілді көптеген публикациялармен байланыстырылады [6: 17]. Ол кейде өзінің бірнеше жұмыстарында Амброуз Мертон деген лақап атты пайдаланған [6: 19]. Ол 1846 жылы Folk-lore in Charles Wentworth Dike's Athenaeum атты бағананы бастаған. Оның бұрынғыдан келе жатқан ''Folk-lore of England'' атты халық ертегілерін жинақтау талпынысы жарыққа шықпады, бірақта кейіннен оның антиквариялық басылымдары оның мақалаларын және материалдарын жазушыларынан басып шығарып отырды. Уильям Томс ''The Book of the Court'', `' Anecdotes and Traditions illustrative of Early English History and Literature from Manuscript Sources'', `' Stow's Survey of London'' және де басқа да еңбектер жазған [ 6: 21].
Гертруда М. Годден фольклор және антропологияға байланысты жұмыстардың авторы ретінде танылған. Гертруда Мария Годден Суррей графствосы, Сурбитонда, католиктер отбасында дүниеге келген. Оның тілшілерінің бірі, әкесі Ледит Годден антропологиялық институттың адамы болып танылған. Гертруда Годденның Наге және басқа да солтүстік үнді халықтары жайындағы жазба, сонымен қатар Генри Филдинг мемуары атты шығармалары Фольклор атты журналда жарық көрген. Сонымен қатар ол Муссолини және Ресей империясының дамуы жайындада еңбектер жазған [7: 73].
Тағы бір ағылшынның атақты фольклортанушысы Элвис Клодд Элисон.
Элвис Клодд 1840 жылы Маргейтте ( Кент) туылып, бала кезін Саффолкте өткізген. Ол кейіннен Лондонға көшіп барып, сонда клерк ретінде жұмысқа орналасады. Кейіннен ол Лондондағы банктердің біреуінде банкир сосын акционер болып қызмет етеді. Лондонда болған бірінші күнінен бастап олБирбек институтына қатынаған, және тегін библиотекаға жиі барып отырған. Кейінірек ол әдеби банкир деген атпен танылады. Кейіннен ол Балалық өмір кітабын эволюциялық антропологиялық кітапша ретінде жазған. Екі жыл өткеннен кейін Діннің балалық шағы атты шығармасы жарыққа шығады. Бұл оның фольлордағы алғашқы қадамы еді [ 7:70].
Клодд фольклордың міндеті заманауи халықтың салт дәстүрлеріндегі, әдет ғұрыптарындағы, көзқарастарындағы варварлық, жабайы элементтердің болуын түсіндіру болған. Сондай ақ Элвис Клодд Тейлор Джеймс Фрейзермен, Эндрю Лангпен және де Лоуренс Гоммен достасқан және бір клубта бас қосқан [ 8: 84].
Элвис Клодд көптеген клубтардың мүшесі болған. Ол Ғасыр және Фольклорлық қоғам атты клубтарының сыйлы мүшесі болған. Ол тек қана Ғасыр және Фольклорлық қоғам атты клубтарында ғана емес, сондай ақ Савиль клубында, Джонсон клубында жәнеде Омар Хаям атты клубтарында да мүшелік еткен [ 8: 87].
1.2 Орыс ғалымдарының Қазақ халқының фольклоры жайындағы ғылыми зерттеу жұмыстары.
Халық ауыз әдебиеті Қазақ халқының ежелгі тарихи пайымдауында ерекше орын алады. Қазақ халқының шығармаларында сол замандағы өмір сүрген адамдар өздерінің тұрмыс-тіршілігінің көрінісін, қоршаған ортамен байланысын жәнеде өздерінің көңіл-күйлерін, махабаттын, тіпті қуанышын әннің сөздерімен, мақал-мәтел, жаңылтпаш арқылы жеткізіп отырған. Мынадай шығармалар ауызша айтылып, ауыздан-ауызға, ұрпақтан-ұрпаққа тарап отырған.
Ақын, жыршы-жыраулар өздерінің таң қалдырарлық талантының арқасында тыңдаушының тікелей сана=сезіміне, көңіл-күйіне әсер етіп отырған. Сонымен қатар олар көптеген дәстүрлі фольклордың композициялық құрылымын өзгертіп және олардың хикаясының қарама=қайшылық ерекшелігін жасай отырып қолданған, және оларға жаңаша түсінік берген. Осылайша жырлардың және олардың талдауының жаңа версиялары шығып отырған [13: 67].
XVIII ғасырдың отызыншы жылдарынан бастап XXI ғасырдың алпысыншы жылдар аралығында Орыс патшалығының самодержавиясы Қазақстан территориясында Еділ=Жайықтан Алтайға дейінгі, Оңтүстік Сібірден Алатауға дейінгі өзінің түпкі саясатын жүргізіп отырған [48: 75].
XVIII ғасырдың орталығынан бастап Қазақ даласының ғылыми зерттеу жұмысының систематикалық зерттеу процессі және фольклорлық экспедициясы жүргізіледі. Бұл экспедицияның мақсаты қазақтардың психологиясын, мінез ерекшеліктерін және де салт=дәстүрі мен тұрмыс- тіршілігін зерттеу болатын. Демократиялық көз қарасты ұстанған, бетке тұтар орыс ғалымдары халқымыздың фольклоры және этнографиясы жайындағы мағлұматтар жинай бастады [48: 78].
XVIII ғасырдың екінші жартысында қазақ халқы әдебиетінің мәселелері жайлы орыс ғалымдарының еңбектері жарыққа шыға бастайды: 1779 жылы П.С. Палластың `'Ресей мемлекетінің түрлі провинцияларынасаяхат'', 1779 жылыН.Г. Георгиян`'Ресей мемлекетінде тұратынбарлық халықтардыңсипаттамасы'' жарыққа шықты. Көрсетілген ғылыми еңбектерде қазақ халқының әдет-ғұрпы және салт-дәстүрінің үзіктеріберілген. Осы сынды және де Қырғыз-қайсақ атты фольклорлық шығармалары `'Сибирский вестник'' журналында жарияланып отырған. Н.П. Рычков, Г. Спасский, Г. Говердовский сияқты саясаткер, географтар өздерінің саяхат жазбахаттарында қазақ халық әдебиетіне өте жоғарғы баға берген [16: 98].
XVIII ғасырдың ұлы ғалымдарының бірі В.Н. Татищев болған. Ол Орынборда ресми қызметкер болған кезіндегі жұмыс барысында қазақ халқының әдет- ғұрпымен, тұрмыс-тіршілігімен жақын танысқан. Татищев 1738-1739 жылдары қазақ ауылдарына көп барып, сондағы Орта және Кіші жүз хан, сұлтандарымен белсенді түрде елшілік ісөқимылдар жүргізген .
Сол кездерде Корольдің құпия түрдегі, арнайы указы болған: егерде кімде кім қазақ жеріне маңызды бұйрықпен келген болса, сол адам ұлтаралық дау дамайды жандандыруға тиіс болған. Бірақ бұл саясатты Татищев қолданбадыда, ұстанбадыда. Сонымен қатар, ол барлық орыс офицерлерінің алдына,Орынбор заңына бекітілген тапсырма қойды. Тапсырмада жылдам түрде Қазақ тілін үйрену және де Қазақ тіліне, әдебиетіне, тарихына, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріне деген құрмет көрсету қатаң түрде талап етілді [5: 57].
1768ші жылдан бастап 1769шы жылға дейінгі аралықта В.Н. Татищевтың `'Ресей тарихы'' атты еңбегінің алғашқы екі тарауы жарыққа шықты. Ол өзінің бұл жұмысында қазақтардың, түркімендердің, татарлардың пайда болыу жайындағы тарихын жарықтандырады. 1756-1758 жылдары француз зертеушісі Дегиннің `'Ғұн, түркі, моңғол, және басқа дабатыс татарлардыңжалпы тарихы'' атты кітабы жарық көрді. Дегин өзінің еңбегінде:`'Моңғол және түркі халқының түбі бір. Қазіргі заманауи тарих бойынша және түрлі саяси жағдайлардың арқасында батыс татарлар (моңғолдар) шығыс татарлары деп аталып кеткен'' [5: 24].
Ал В.Н. Татищев болса Дегинь сияқты сауатсыз, шалабілімді тарихшының бұл пікіріне қарсы болған. Ол өзінің позициясын нақты анықтай түсіп: ''Жоқ, қазақтар - өзара жеке ұлт. Олардың моңғолдармен ешқандайда генетикалық байланысы жоқ: олардың тілдері де, наным-сенімдері де және де саяси құрылымы да олардан мүлде басқаша деп айтқан.
В.Н. Татищев қазақтардың үш жүзге бөліну мәселесіне аса мән берген. Мысалы, неліктен олар Ұлы, Орта Кіші деп бөлінген, және қазақ, қыпшақ, қырғыз этнонимдерінің этимологиясы қандай деген сияқты. Ол ''қыз ұзатқанда, құда түсу, сырға салу , жар салу, жоқтау'' сынды айтылатын дәстүрлі Қазақ әндерінің әдеби талдауын жасаған. Бұл адам қазақ халқы мен орыс халқы арасындағы қарым-қатынасқа байланысты шынайы демократиялық көзқарасты ұстанған [5: 40].
XIX ғасырда Қазақ халқының әдебиетінің зерттелуі, таралуы жаңа, жоғарғы деңгейге көтерілген. Осы жолға орыстың көрнекі ғалымы В.И. Дальді айтпай кетпей болмас. 1833шы жылмен 1841ші жыл аралығын ол Оралда және Орынборда өткізді. Қазақ ауылдарында көп болып, қазақ халқының тұрмыс -тіршілігін зерттеп, қазақтар жайындағы бірнеше ғылыми статьялармен көркем шығармалар жазған. Оның `'На затопленной улице'', ''Свободное времяСолдата'', `'Маина'', `'Бекей и Мауляна'' атты әңгімелерімен повесттерін И.С. Тургенев жоғары бағалаған [35: 32].
В.И. Даль Орынборда өлкетану мұражайын ашып, ол қазақтың қатыгез шонжарларына, хан әкімдерінің озбырлық саясатына, көпәйелдікке, әмеңгерлік салтына қарсы болған [35:35].
XIXшы ғасырдың 30 жылдарында тарихшы, фольклорист А.И. Левшин өзінің `'Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ өлкесі мен ордасының сипаттамасы'' атты еңбегінде қазақтардың даласындағы өзен-көлдердің, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің, көшпенділердің өмір сүру салты мен тірліктерінің, сыртқы керуен жолдарының, Қозы Көрпеш-Баян Сұлу мавзолейінің сипаттамсына аса мән берген. Қазақ фольклористика саласындағы өзінің зерттеу жұмысында бірінші болып қазақша шығармашылық әндерінің классификациясын жүргізіп, оны үш группаға бөлген. Олар: салт-дәстүрлі әндер, лирикалық-әндер, тарихи-эпостық жырлар.
Қазақ фольклористикасының тағыда бір көрнекті орны біртуар ғалым В.В.Радловқа тиесілі. Ол өзінің бүкіл өмірін Орта Азия халықтарының этнографиясы мен фольклорын, Қазақстан және Сібір өңірін зерттеуге арнаған. XIX ғасырдың ортасында ол қазақ даласын, Алтай өңірін, Батыс Сібір және қазақ мекендерін аралап шыққан. Он жыл шамасында ол осы өңірдің көшпенді халықының ауызша шығармашылығының үлгілерін жинап, жазып отырған. 1886-1910 шы жылдарда `'Образцы народной литературытюркского этноса'' атты жинағының 11 томы шығарылған. Радловтың `'Образцы народной литературы тюркских племен'' атты еңбегінің 3ші томықазақтарға, ал 5ші томы қырғыздарға арналған. Жинақтың 3ші томында `'Едіге батыр'', `'Шора батыр'', `'Орақ-Мамай батыр'', `'Ер Сайын'', `'Ер Көкше'', `'Ер Тарғын'', `'Қобыланды'';Доспамбет, Шалкиіз ақындардың`'Бата сөз'', `'Атастырылған қызға'', `'Жоқтау әні'', `'Бақсының сөзі''және т.б секілді қазақ әдебиетінің эпикалық бейнесі жарияланған [ 19: 189].
Жүздеген жылдар бойы өзге халықтардыкі секілді қазақтарда да ең алдымен фольклордың поэзиялық түрі дамыды. Шығармашылықтың бұл түріне тән қасиет ұрпақтан ұрпаққа ауызша түрде таралу, жинақылық, халықтыққа тән қасиеттілік, нұсқалылық, синкретизм ( сөздің бейнелі элементтерінің өнердің басқа түрімен бірыңғайлығы), айтушы мен тыңдаушының өзінділік қарым- қатынасы. Қазақ фольклорын осылайша сипаттауға болады [19: 24].
1.3 Балалар фольклорының жалпылама характеристикасы.
Ғылыми тұрғыда балалар фольклорының анықтамасы жайында көптеген көзқарастар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz