Қазақ және Орта Азия түркілері тілдеріне ортақ мақал - мәтелдерде кездесетін кейбір сөздердің этимологиясы


Ж О С П А Р Ы :
- ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРТА АЗИЯ ТҮРКІЛЕРІ ТІЛДЕРІНЕ ОРТАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ ФОНЕТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
- ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРТА АЗИЯ ТҮРКІЛЕРІ ТІЛДЕРІНЕ ОРТАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ СӨЗДІК ҚҰРАМЫ
2. 1. Мақал-мәтелдердің құрамындағы кейбір лексикалық айырмашылықтар
2. 2. Қазақ және Орта Азия түркілері тілдеріне ортақ мақал-мәтелдерде кездесетін синонимдер
2. 3. Қазақ және Орта Азия түркілері тілдеріне ортақ мақал-мәтелдерде кездесетін антонимдер
2. 4. Қазақ және Орта Азия түркілері тілдеріне ортақ мақал- мәтелдерде кездесетін омонимдер
2. 5. Қазақ және Орта Азия түркілері тілдеріне ортақ мақал-мәтелдерде кездесетін кейбір сөздердің этимологиясы
3. ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРТА АЗИЯ ТҮРКІЛЕРІ ТІЛДЕРІНЕ ОРТАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ
3. 1. МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ АЙТЫЛУ МАҚСАТЫНА ҚАРАЙ ТҮРЛЕРІ
4. ҚОРЫТЫНДЫ
КІРІСПЕ
Қазақстан мен Орта Азияны мекендейтін түркі халықтарының тілінде кездесетін мақал-мәтелдерге тән ортақ ерекшеліктер этнолингвистикалық құбылыс ретінде түрколог ғалымдардың назарын өзіне ертеден-ақ аударып келген. Туыстас тілдердегі мақал-мәтелдердің шығуын, таралуы мен оларға тән фонетикалық, лексика-грамматикалық ерекшеліктерді этимологиялық тұрғыдан бүкіл әлем деңгейінде зерттеушілердің бірі В. В. Радлов болғандығын бәріміз де білеміз. Ғалымның өз еңбектерін түркі халықтары мәдениетіндегі тұрақты сөз тіркестері, мақал-мәтелдер, нақыл сөздердің ұқсастығына арнағандығы - белгілі жайт. Сондай-ақ З. Ализаденің “Азербайджанские пословицы и поговорки и их лексико-семантический анализ”, А. Аннануровтың “Синтаксические особенности туркменских пословиц”, Г. Ахунзяновтың “О стилистических особенностях образных фразеологических выражений(на материале татарского языка) ”, В. Гордлевскийдің “Из истории осмонской пословицы и поговорки” деп аталатын еңбектерінде де түркі мақал-мәтелдерінің этимологиясы кең тұрғыда қарастырылған. Бұл еңбектерде ғалымдар мақал-мәтелдердің туыстас халықтар арасында ертеректен өте кең таралғандығын жан-жақты дәлелдеумен қатар, сол тұрақты тіркестердің негізінде қалыптасқан түркі халықтарының басым көпшілігіне тән мақал-мәтелдердің сан-алуан түрлеріне тоқталады. Ол мақал-мәтелдердің ішінде түркі тектес халықтарға да қатысты құнды деректер кездеседі.
Қазақ және қырғыз халықтары тілінде кездесетін фразеологизмдер мен мақал-мәтелдерді байланыстыра қарастырған ғалым Д. Медербекованың қаламынан шыққан “Сравнительное изучение фразеологизмов в современном киргизском и казахском языках”деп аталатын жұмыс бар екендігі белгілі. Бұл құнды еңбекте негізінен қазақ және қырғыз халықтарына тән фразалық тіркестердің түрлері жан-жақты сөз болады.
Түркі тілдеріндегі тұрақты сөз тіркестеріне қатысты шыққан ғылыми еңбектердің ішінде ерекше орны бар қазақ тілінде шыққан зерттеулердің бірі - А. Нұрмахановтың “Түркі фразеологиясы” атты кітабы. Ғалым бұл еңбегінде жоғарыда аталған В. Радлов, А. Аннануров, В. Гордлевскийдің тұрақты сөз тіркестері мен мақал-мәтелдер жөнінде жазылған зерттеулеріне шолу жасай отырып, түркі фразеологизмдері мен мақал-мәтелдер жайындағы өз ойын ортаға салды.
Мақал-мәтелдер туралы еңбектердің ішінде жеке бір халықтың ғана мәдениетінде кездесетін мақал-мәтелдерді суреттейтін еңбектер де жоқ емес. Солардың бірі - қырғыз халқының мақал-мәтелдері жайлы жазылған С. Закировтың “Кыргыз элинин макал, лакаптары” деп аталатын кітап. Осындай еңбектердің қатарына Қырым татарларының мәдениеті мен салт-дәстүрлерінде кездесетін мақал-мәтелдер жайлы жазылған П. Фалевтің “Пословицы, поговорки и приметы крымских татар” мен башқұрт ғалымы З. Ураксиннің “Фразеология башкирского языка”, қазақ ғалымдары Ә. Қайдардың “Особенности стилисгического употребления синонимичных и вариантных фразеологизмов в уйгурском литературном языке”, “Принципы классификации фразеологизмов и их классификационные группы в современном казахском языке»(Р. Жайсаковамен бірге жазған) атты ғылыми мақалалары мен қазақ фразеологиясының негізін қалаушы І. Кеңесбаевтың «К вопросу об экспрессивно-стилистических функциях фразеологизмов», «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» деп аталатын еңбектері де жатады.
Мақал-мәтелдерге орыс ғалымдары да назар аударып отырған. Мұның дәлелі ретінде бірнеше еңбектерді атап өтуге болады. Мәселен, В. Виноградов “Об основных типах фразеологических единиц в русском языке”, В. Даль “Пословицы русского народа”, М. Копыленко “Исследования в области славянской фразеологии древнейшей поры”.
Сондай-ақ түркі халықтарына тән мақал-мәтелдер жайлы мәліметтер алғашқы түркі лингвисі Махмуд Қашқари мен Жүсіп Баласағұн, сол сияқты 1247-1318 жылдар арасында өмір сүрген Шынғысханға дейінгі түркі халықтарының тарихын алғаш рет қағазға түсірген, бүкіл әлемге танымал, ғұлама ғалым Рашид-ад-Диннің “Жами-ат тауарих” (“Жылнамалар жинағы”) туындысында да кездеседі. .
Түркі халықтарының мақал-мәтелдеріне байланысты құнды деректерді сонымен қатар С. П. Толстов, Д. Е. Хайтун, Н. А. Алексеев, Л. Расони, Г. Н. Потанин, А. Золотарев сияқты ғалымдардың еңбектерінен де кездестіруге болады. Бұлармен қатар оңтүстік Сібірді мекен ететін тувалықтар, алтайлықтар, т. с. с. түркі халықтарының тотемдік нанымдарына тікелей қатысы бар материалдар “Традиционное мировоззрение тюрков Южной Сибири. Человек. Общество. ” деп аталатын еңбектен де табылады.
Түркі тектес қазақ, қырғыз т. б. халықтардың осындай мақал-мәтелдері жөнінде кезінде Г. Н. Потанин, В. В. Радлов, Шоқан Уәлиханов, Ә. Диваев, Н. И. Ильминский, И. И. Ибрагимов сынды ғалымдар да азды-көпті мөлшерде өте кұнды мәліметтер қалдырған. Қазақ халқының тұрақты тіркестері мен мақал-мәтелдеріне байланысты кейбір бағалы деректерді академиктер Ә. X. Марғұлан, Ә. Т. Қайдаров, Ә. Құрышжанов және белгілі этнограф X. А. Арғынбаевтың, лингвисттер Ә. Ахметов, Х. Қожахметовалардың зерттеулерінен де таба аламыз.
Қазіргі Түркия халқының салт-дәстүрінен, наным-сенімдерінен орын алған мақал-мәтелдердің де біз зерттеп отырған тақырыпқа тікелей қатысы бар. Олар туралы бағалы мәліметтер “Мифы, культы, обряды, пословицы и поговорки народов зарубежной Азии”, “Символика культов и ритуалов народов зарубежной Азии” деп аталатын жинақтардан табылады.
Қазақстан мен Орта Азияны мекендейтін түркі халықтарының тілінде кездесетін мақал-мәтелдер біршама толық зерттелгенімен басы ашылмаған, ізденушілер үшін қызық тудырар тақырыптың бірі екендігі белгілі. Осымен байланысты диплом жұмысн жазу барысында түркімен, өзбек, ұйғыр, қырғыз және қазақ тілдеріндегі мақал-мәтелдер жөнінде жазылған диссертацияларды пайдаланумен қатар, қазақ, қырғыз, өзбек және түрікмен, ұйғыр тілдеріндегі осы тақырыпқа арналған немесе оған тікелей қатысты бар жекелеген мақалалар мен ғылыми жұмыстарды да мүмкіндігінше қарастырып, шолу жасап өтуге тырыстық. Өйткені арнайы зерттеу жұмысының негізгі нысаны ретінде алынып отырылған тақырып қазақ және Орта Азия түркілері тілінде кездесетін мақал-мәтелдерді салыстырмалы тұрғыдан қарастыруға арналған. Мақал-мәтелдерді тудыратын түрлі әлеуметтік себептер негізінен ұқсас келгендігімен, олардың әрбір халықтың өзіне тән мәдениеті мен жеке тілдеріндегі өзіндік көріністері, соған ғана тән ерекшеліктері, атқаратын қызметтері арасында ерекшеліктері бар екендігі оларды саралап қарастыру барысында ғана анықталатындығы о бастан белгілі. Осыларды негізге алып жазылған диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды, сөздік және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I ТАРАУ. ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРТА АЗИЯ ТҮРКІЛЕРІ ТІЛДЕРІНЕ ОРТАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ ФОНЕТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
Түркі тілдерінің дыбыс жүйесін диахронды түрде зерттеу әлі толық өз шешімін тапқан емес. Бұл салада атақты тілші білімпаз Махмуд Қашғаридың қосқан үлесі мол. Ол түркі тілдернің дыбыс жүйесін салыстырмалы-тарихи әдіспен зерттеудің негізгі жолдарын көрсетіп берді. Арадан сегіз ғасыр еткеннен кейін, XIX ғасырдың екінші жартысында О. Бётлинг, В. В. Радлов және В. Томсендер түркі вокализмі мен дауыстыларының үндесуі жөнінде үлкен жаңалықтар ашқан болатын. Бұлардан кейін түркі тілдерін сапыстырмалы-тарихи әдіспен зерттеу кең өріс алды. Бұл, әсіресе, В. Грёнбек, Ф. Е. Корш, П. М. Мелиоранский, В. Банг, В. А. Богородицкий, Е. Д. Поливанов, Г. Рамстедт, Ю. Немет : М. Рясянен, К. Г. Менгес т. б. түркологтардың еңбектеріңде айқын көрініс тапты.
Салыстырмалы-тарихи әдісті түркі тілдеріне қолдану нәтижесінде түркі тілдерінің фонетикалық жүйесін жинақтап, талдап қорытқан үш еңбекті айрықша атауға болады. Бұларға - В. В. Радлов, А. Дж. Эмре және М. Рясянен зерттеулері жатады. Біз бұл жерде В. В. Радловтың еңбегін ерекше атауымыз керек, өйткені ғалым өзінің «Түркі тілдері сөздігін жасау тәжірибесінде» барлық түркі тілдерінің фонетикалық жүйесін өте толық, мейлінше терең тапдап берген. Сол арқылы түркі тілдерінің классификациясын жасағанда фонетикалық принципті негізге алған. Бір айта кететін жәйт - В. В. Радлов түркі тілдерінің дауыстыларының құрамын анықтауда, телеуіт диалектіне сүйенеді. В. В. Радловтың пікірі бойынша, бұл диалект басқа түркі тілдеріне қарағанда, ескі түркілік қасиетін толық сақтаған деп есептейді. Аталған еңбектермен таныса келіп, әрі қазіргі түркі тілдерімен салыстырсақ бұл пікірмен келісуге де, келіспеуге де болады. Шындығына келсек, Орта Азия, тағы сол сияқты араб графикасымен жазылған ескерткіштер арқылы Сібір түркі тілдернен алыстап кеткенге ұқсаймыз. Бірақ, тілдің аты - тіл, киелі қазына. Ол бәрібір езінің тегі бір түркілік тектестігін жалғастырумен келеді. Біз бұған көптеген тарихи деректердің, жазба ескерткіштердің материалдарын зерттеу арқылы көзіміз жетті.
Академик В. В. Радлов - түркі тілдерінің дыбыс жүйесін жете зерттеген білгір фонетист. Ол дыбысты сөз жасайтын құрылыс материалы деп қарап қоймастан, бір тілді екінші тілден ажыратуда ерекше рөл атқаратындығын тіл материалдарының негізінде дәлелдейді. Василий Васильевич бір ғана алтай тілінің диалектілік өзгешелігін көрсету үшін бір мысалдың екі фонетикалық вариантын береді:
1. Тамірді ползо кыска кас,
Акачты ползо узун кас (АІt I, 2, 1768) .
Тамірді ползо кыска кас,
Ақашты ползо узун кас (Tel. ІІ, І, 808)
2. Куру калбак уска jарамас (Tel. І, ІІ, 926) .
Куру калбак уска jарамас (АІt ІІI, І, 105) .
Бірінші мақал қазақша айтқанда «Темірді болса, қысқа кес, ағашты болса, ұзын кес» деген мағынада берілген. Зер салып қарағанда, алтай-телеуіт диалектілерінің (В. В. Радловтың бұл екеуін «диалект» деп көрсетуі кейбір дыбыс ерекшеліктерін байқауға болады: ақачты - ақашты; бұл сөзде ч-ш болып дыбысталуы алтай жоне телеуіт диалектілерін бір-бірінен ажыратып көрсетіп тұр. Келгірілген екінші мақал да алтай-телеуіт диалектілерінің дыбыстық ерекшеліктерін анықтау үшін берілген. Бұл мақалды қазақ тіліне аударғанда «Құрғақ қасық ауызға жарамас» деген мағынаны білдіреді де, қазіргі қазақ тіліндегі . . құрғақ қасық ауыз жыртар" вариантының баламасы болып тұр. Ал, осы мақалдың негізінде алтай-телеуіт диалектілерінің арасындағы jарабас - j арамас с-з деріндегі б-м дыбыстарының өзгеше болуы бұл екі диалектіні ажыратуға негізгі себеп болған. «Түркі сөздігінде» осындай алтай-телеуіт диалектілерін салыстыра зерттеген мысалдар көптеп табылады. В. В. Радлов алтай-телеуіт диалектілері ме, немесе басқа түркі тілдер ме, әйтеуір қандай жағдайда да туыстас тілдердің фонетикалық заңдылықтарын сақтап қалатындығын қатты ойлаған. Қазір ғана келтірілген мысалымыздың өзінде бір мақал екі диалектіде берілсе де, дыбыстар жасалу орнына қарап, бірінші жағдайда - тіл дыбыстары (ұшы - ч, апды - ш), екінші жағдайда - ерін (б, м) дыбыстары арқылы бір-бірінен қашықтап тұрған жоқ, қайта өте жақын туыстығын көрсетіп тұр.
Жалпы туыстас тілдер үшін фонетикалық зандылықтардың маңызы өте күшті. Фонетикалық заңдылықтар тілдің лексикалық құрамы мен грамматикалық құрылысына қарағанда, тез өзгеріске ұшырағыш болғандығы үшін шешуші қызмет атқарып келді. Енді алтай тілінің телеуіт диалектісін басқа түркі тілдерімен салыстырып қарайық:
Т е л е у і т ш е: Jобош п а ш кылыш каспас (Tel. II, 2, 1155)
Қазақшасы: Жуас басты қылыш кеспес.
Өзбекте: Эгилган бошни қилич кесмес (УРС, 551)
Қырғызда: Ийилген башты кылыч кеспейт (КРС, 296)
Татарда : Иелгән башны кылыч кисмәс (ТаРС, 162)
Қазақшасы: Иілген басты қылыш кеспес.
Келтірілген мақалдың мазмұны да, жасалу тәсілі бір-бірінен айтарпықтай алыстап кетпеген. Телеуіт диалектісіндегі «}обош-жуас», ал, қалған тілдердегі «э гилган», «ийилген», иелгән» сөздер де сол диалектімен сабақтас, мазмұндас бопып келеді.
Қазіргі көңіл бөліп отырған мәселеміз - олардың дыбыстық жүйесі: бас пен қылыш - осы мақалдың күретамыры. Оларды салыстырып көрейік: « паш-бош-бәш-бас», «кылыш-қилич-кылыч-қылыш».
Демек, қайсы тілді салыстырып қарасақ та, мақалдың құрамындағы барлық сөз дерлік фонетикалық өзгеріске түскендігі көрніп тұр. Бірақ лексика-грамматикалық құрылысы, мағына бірлестігі толық сақталған. Бұл да фунетиканың ең өзгергіштігін, сонымен қатар бір тектес тілдердің өздерін бір-бірінен ажырататындығын көрсетеді.
Орта Азия халықтарының мақал-мәтелдері негізгі мазмұны мен лексика-грамматикалық құрылысын сақтайды да, тек қана кейбір дыбыстық өзгерістерге түскендігі байқалады.
Қ а з а қт а: Жақсы атқа бір қамшы,
Жаман атқа мың камшы.
Қ ы р ғ ы зда: Жакшы атка бир камчы,
Жаман атка миң камчы (336) .
Өзбекте: Яхши отга бир қамчи,
Ёмон отга минг қамчи (143) .
Ұ й ғ ы р д а: Яхши атқа бир камча,
Яман атқа миң қамча (231)
Түрікменде: Ягшы ата бир гамчы,
Яман ата мүң гамчы (55) .
Қ а з а қ т а: Әркімдікі өзіне, ай көрінер көзіне.
Ө з б е к т е: Хар кимники узига, ой куринар кузига (298) .
Ұ й ғ ы р д а: Һәркимниң өзигә, ай көрүнәр көзигә (13) .
Түрікменде: Хор киминки өзүне. ай гөрнер гөзуне (32)
Қазақта: Керек тастың ауырлығы жоқ.
Қ ы р ғ ы з д а: Керектүү таштын оордугу жок (309)
Ө з б е к т е: Керакли тошнинг оғирлиги йук (209)
Түрікменде: Герекли дашың аграмы ёк (174) .
Қ а з а қ т а: Түйеге жантақ керек болса, мойнын созар .
К, ы рғ ы з д а: Төөгө жантак керек болсо, мойнун созот (229)
Ө з б е к т е: Туяга янток керак булса, буйнини чузади (94) Түрікменде: Дүйә яндак герек болса, Бойнуны узадар (657) .
Қа з а қт а: Көсе қартайғанын білмес.
Ө з б е к т е : Куса қариганини билмас (235) .
Түрікменде: Көсе гарраныны билмез (416) .
Түркі тілдерінің туыстығын білдіретін фонетикалық заңдылықтарды анықтауда, дауыссыз дыбыстардың атқаратын қызметі ерекше. Олардың ең басты ұқсастығы - жасалу жолына байланысты.
- J - ж: Jакшы - жақсы, J аман - жаман, Jакын - жақын; д - т: одук - етік, душкан - түскен, дери - тері,
дүшек - төсек, дабан - табан. дөзүм - төзім, дырнак - тырнақ;
- с - з: ас - аз, тас - таз, қыс- қыз, кийис - киіз; ч - ш: ач - әш, кеч - кеш, чанг -- шаң,
чанггал - шенгел, чоп - шеп, ач-аш, чын-шын, чама - шама;
- п - 6: полды - балды, порук - бөрік, пер - бер, пір - бір;
- б - м; корбоічі - көрмейше, J ібас - жемес,
алба - алма, жаңылбас - жаңылмас, самын - сабын;
- ж - с; паж - бас, кіжі - кісі, ажік - есік; ч - ж: чок - жоқ, чол - жол, чақсы - жақсы; в - у: кавышмаз - қауышпас, вазір - уәзір; з - с: Jарылза - жарылса, оімәз - оймас, болмаз - болмас; к - у: дақ - тау, ақыз - ауыз; г - к: гыз - қыз, гара - қара, гулак - құлак„
гар - қар, гарга - қарға;
- д - ж: дьыл - жыл, дьер - жер, дьок - жоқ,
дьымырта - жұмыртка, дьаш - жас, дьылан - жылан, дьаткан - жатқан;
- г - к: гоз - көз, горур - көрер.
Фонетикалық процестер бұл айтылғандармен шектелмейді. Бір жағдайда қатаң-ұяң дауыссыздар көптеген тілдерде қолда-нылса, басқа жағдайда жеке-жарым тілдердің аясында ғана сақталып қалады. Мәселен, башқұрт тілін алайық.
Бұл тілде басқа түркі тілдерінде „с" болып айтылатын дыбыс, , һ" арқылы берледі: „Ер сокорһоз булмас, урман кейекьез булмас" (ГБЯ, 273), „Балалы өй базар, балаһыз өй мазар" (272) .
Түркі тілдерінің дыбыс жүйесінде дауысты дыбыстардың алатын орны ерекше. Үндесу заңы, ерін үндестігі, созылыңқылық, мағына ажыратушылық қызметі тағы басқа толып жатқан про-цестер осы дауыстылардың үлесіне тиеді. Бұл жерде дауыс-тылардың басқа түркі тілдеріне қарағанда, кейбір өзг ешеліктерін сақтап қалғандығы байқалады.
Орта Азия тілдерінің ішінде қырғыз тілі Сібір түркі тілдерімен тікелей байланысын үзбеген, фонетикалық жүйесі мен грамматикалық құрылысын да сақтаған тіл болып есептеледі.
Қырғыз және алтай тілдеріндегі созылыңқы айтылатын дауысты дыбыстар әа, зэ, оо, өө, уу, үү, ыы, ии,, т. б.
аа : Қырғызда: Санаа саргайтат, убайым картайтат.
Аттын баары тулпар болбойт,
Куштун баары шумкарболбойт
(КТТС, 640, 735) .
Хакаста: Ағырчатхан кізее алтын даа
Орған туза полбас.
Арғаас ардатча, кулук азырапча (ХРС, 129, 30) .
Тувада: Кырны мурнаан, ады соңнаан.
Демниг саасқан теве тудуп чиир.
Соңгу тевенин чүгү аар (ТувРС, 366, 143) .
ээ : Қ ы р ғ ы з д а: Аттын сыры ээсмне маалым,
Кыздын сыры төркүнүнө маалым.
Келгенче конок уялат
Келгенден кийин үй ээси уялат (КРС, 507, 655) .
Хакаста: Сухсаан кізее суғ тадылығ.
Тербенні дее суғ талапча (ХРС, 203, 214) .
Т у в а д а: Эки кижээ эш хей,
Эки аьтка ээ хөй.
Чалгааның мурнунда - кочу,
Кежээнин мурнунда - хүндү
(ТувРС, 578, 493) .
оо: Қ ы р ғ ы з д а: Биринчи байлык - ден соолук,
Экинчи байлык - ак жоолук.
Жыландын териси кооз, тиши уу.
Кообун кайдан болсо, катарың ошондон
(КРС, 261, 404, 405) .
X а к а с т а: Адазы чохта оол пастых,
Ічезі чохта хыс пастых.
Пілбес кізее - мунь чоох,
Пілер кізее - пір чоох (ХРС, 146, 110) .
Т у в а д а: Ооң көрбээн чүвези чок,
Кедүрбээн хөнээ чок.
Ооржу кижи коданчы ыттан коргар,
Тоолчу кижи уйгужу эштен коргар
(ТувРС, 243, 308) .
өө: Қ ы р ғ ы з д а: Алтооң ала болсоң ооздогуну алдырасың,
Төртөөң тел болсоң төбедөгүнү аласың.
Өөн бириксе тон болбойт,
Ынтымак болбой ол болбойт (ҚТТС, 48, 486) .
X а к а с т а: Соогі чох кізі чох полчань,
Улгузі чох одік чох полчань.
Кічіг сооктіг адай олгенче кучугес (ХРС, 255, 197) .
Т у в а д а: Сөс тыппаан - сөөскен пактаан,
Домак тыппаан - довурак пактаан (ТувРС, 326) .
уу: Қырғызда : Улуу сөздө уят жок.
Укпайт дел ушак айтпа,
Көрбөйт деп ууру кылба.
Уулуң өссө - урумга,
Кызың өссө - кырымга (ЮТС, 646, 652, 651) .
X а к а с т а : Суғни коріп албин одігінь суурба (ХРС, 202) .
Т у в а д а : Бак кижинин чоруу баарда кээрде дөрт.
Эви багай чарлыычал,
Эди багай орлуучал (ТувРС, 80, 584) .
Басқа түркі тілдерінен өзгеше Сібір тілдеріндегі дауыстылардың созылыңқылығы, ерін үндестігінің сақталуы, сол сияқты дауыссыз дыбыстардың да кейбір қолданылу ерекшеліктері өзгеріссіз қазіргі әдеби тілдерде пайдаланылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz