Мемлекеттік қызмет және лауазымдар ұғымы


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
4
КІРІСПЕ . . .:
4:
КІРІСПЕ . . .: 1 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ЛАУАЗЫМДАР ҰҒЫМЫ
4: 7
КІРІСПЕ . . .: 1. 1Мемлекеттік қызмет ұғымы және заңнамалық негіздері.
4: 7
КІРІСПЕ . . .: 1. 2 Мемлекеттік лауазымдар ұғымы және оларды топтастыру
4: 14
КІРІСПЕ . . .:
4:
КІРІСПЕ . . .: 2. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МҮДДЕЛЕРІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
4: 18
КІРІСПЕ . . .: 2. 1Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері
4: 18
КІРІСПЕ . . .: 2. 2Қызметтік жалғандық жасау қылмысының объектісі және объективтік жағы
4: 34
КІРІСПЕ . . .: 2. 3 Қызметтік жалғандық жасау қылмысының суъектісі және субъективтік жағы
4: 45
КІРІСПЕ . . .:
4:
КІРІСПЕ . . .: 3 ҚЫЗМЕТТІК ЖАЛҒАНДЫҚ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ҚОҒАМҒА ҚАУІПТІЛІГІ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҢ ОСЫ ТҮРІМЕН КҮРЕС ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
4: 60
КІРІСПЕ . . .:
4:
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
4: 63
КІРІСПЕ . . .:
4:
КІРІСПЕ . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
4: 65

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасында мемлекеттік құқықтық реформаның талаптарына сай кәсіпқойлық негіздегі мемлекеттік қызмет институты дүниеге келіп, оның нормативтік құқықтық реттелуі базасы жасалып, жетілдіріліп келе жатыр.

Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына жолдауында «Заңдар бір орында тұрып қалмауы тиіс, ол қоғамның даму ырғағына сәйкес келуі, тез өзгеріп тұратын әлеуметтік-экономикалық ахуалға ілесіп отыру керек» [1] деп қойған міндеті де өмір талабынан туып отыр.

«Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды: оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп Қазақстан Республикасы Конституцияның 1-бабында бекітілген. Осының айғағы ретінде еліміздің мызғымас іргетасы қаланып, әлемдік деңгейде Біріккен Ұлттар Ұйымының толық мүшесі болып, басқа да белгілі өркениетті халықтар қатарындағы терезесі тең елге айнала бастадық.

Егемен елімізді осындай жоғары деңгейге жеткізу жолындағы әлеуметтік, экономикалық, құқықтық және саяси реформалар табысқа жетуде. Осы тұрғыдан да Конституцияда бекітілен негізгі қағидаларды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау үшін қылмыстық-құқықтық заңдылықтар да айтарлықтай өзгерістерге ие болуда. Атап айтқанда, бұрынғы Кеңес Одағы кезінде қабылданған Қылмыстық кодексі орнына, тәуелсіз мемлекетіміздің Қылмыстық кодексі дүниеге келді.

Қазақстан Республикасы Президентінің өткен жылдарда жасаған баяндамалары мен Қазақстан халқына жолдауларында «Егер сапалы заңдар қабылданбаса оларға үнемі түзетулер мен өзгертулер енгізуге тура келеді» 21, «Заң шығару жүйесінде заңдарды көбейте бермей, олардағы қайшылықтарды жою проблемасы көкейкесті күйінде қалып отыр, заңдар үйлесімді, әрі Конституцияға сай болуға тиіс. Бұл проблемаларды шешу құқықтың барлық салалары қамтитын барлық заң жүйесін жетілдіре отырып, кешенді, әрі жүйелі тұрғыдан келуді керек етеді» .

Осы тұрғыдан егеменді еліміздің қылмыстық-құқықтық нормативтік актілерін қабылдауымен қатар, қазіргі кездегі қоғамымыздың дамуына қарай мемлекеттік органдардың жұмысына, оның лауазымды адамдарының азаматтар мен адам құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қамтамасыз етудегі және олардың мемлекеттік қызмет субъектілері бола отырып көптеген құқық бұзушылықтың алдын алу, оның жасалу себептері мен ерекшеліктерін анықтау, қылмыстық жауапкершіліктерін жетілдіру мәселелеріне байланысты осы Курстық жұмыста, қызметтік жалғандық жасау қылмысының қылмыстық-құқықтық және криминологиялық аспектілерін қарастыру қажеттілігі туындап отыр.

Егеменді еліміздің өркендеп-гүлденуіне және жоғары дамыған мемлекеттер қатарына қосылуға кедергі жасайтын мемлекеттік қызметшілердің заңсыз әрекеттері мен жеке басының мүддесі «мемлекет» мүддесінен жоғары қоятын мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның, лауазымды адамдар және жауапты мемлекеттiк лауазым атқаратын адамдар, яғни мемлекеттік қызметшілер жоқ емес. Олар тек қана тікелей материалдық зиян келтіріп қоймай, сонымен бірге азаматтардың билік пен басқарудың мемлекеттік институттарына деген сенімсіздікті туғызады.

Мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар жүйесіндегі, қызметтік жалғандық жасау қылмысының субъектісі болып мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адам, не оған теңестiрiлген адамның, лауазымды адамдар және жауапты мемлекеттiк лауазым атқаратын адамдар жасайтын қылмысымен күресудің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық мәселелерін қарастыру және мақсаты қызметтік жалғандық жасау қылмысының субъектілерінің қылмыстық іс-әрекеттерімен күресудің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық мәселелері, қылмыстық-құқықтық және криминологиялық шараларын жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды жасау.

Дипломдық жұмыстың міндеттері. Қарастырылып отырған проблеманың өзектілігін ескере отырып, алға қойылған мақсатқа сүйеніп, дипломант зерттеудің алдына мынадай негізгі міндеттерді қоюды жөн деп санады:

қызметтік жалғандық жасау қылмысының субъектілерінің қылмыстық іс-әрекеттерімен күресудің криминологиялық және қылмыстық-құқықтық мәселелері мен қылмыстық-құқықтық күрестің тәжірибесін талдау;

қызметтік жалғандық жасау қылмысының субъектілерінің қылмыс жасауға мүмкіндік жасайтын факторларды анықтау және механизмін зерттеу.

Зерттеудің объектісі болып қызметтік жалғандық жасау қылмысына байланысты қоғамға қауіпті, заңға қайшы іс-әрекеттер табылады. Сондай-ақ, зерттеудің объектісіне олармен күрестің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық шаралары кіреді.

Зерттеудің затын қызметтік жалғандық жасау қылмысын субъектілердің қылмыстық әрекеттермен күрес жүргізуі бойынша құқық қорғау органдарының қазіргі қолданыстағы қылмыстық заңды іс жүзінде қолдануын бір мақсатқа, яғни мемлекеттік қызмет мүдделерін қорғауға бағытталған іс-қимылы құрайды.

Дипломдық жұмыстың эмпирикалық және теориялық негіздерін шындықты түсінудің жалпы философиялық әдістері құрайды. Оларды қолдану мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы жасалатын қылмыстардың анағұрлым кең етек жаю жолдарын зерттеуге мүмкіндік береді. Дипломдық жұмысты зерттеуде осы әдістерді негізге алу бір жағынан мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы жасалатын сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстардың нақты фактілерін зерттеуге мүмкіндік берсе, ал екінші жағынан оны нақты бір тарихи (мемлекеттік билік, басқару) жағдайдағы құбылыс ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Зерттеудің жалпы әдістемелік негізін жалпыға бірдей диалектикалық әдіс, таным құрайды. Зерттеу барысында формальдық қисынды әдісті (талдау, синтез) түрлі тәсілдерін қолдану ескерілді.

Дипломдық жұмыстың негізгі тұжырымдамалары мемлекет және құқық теориясы, қылмыстық құқық, әкімшілік құқық, азаматтық құқық, қылмыстық және азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымдарының жетістіктеріне негізделеді.

Дипломдық жұмыстың нормативтік-теориялық базасын Қазақстан Республикасының Конституциясы; қылмыстық, қылмыстық-атқарушы, қылмыстық іс жүргізу және әкімшілік заңдары; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары; мемлекеттік қызмет мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының Заңдары, сонымен қатар мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстық-құқықтық күрестің проблемаларын реттейтін Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтары мен Парламентінің нормативтік құқықтық актілері; мемлекеттік қызмет мүделеріне қарсы қылмыспен қылмыстық-құқықтық күрес мәселелері жөніндегі үкімет қаулылары және құқық қорғау органдарының ведомствалық нормативтік құқықтық актілері; мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар туралы мәліметтік есеп шолулары, жинақтары, құжаттары; сонымен қатар басқа да заңдар және заңнан туындаған актілер құрады.

Дипломдық жұмыс тақырыбының теориялық және практикалық маңыздылығы, оның тұжырымдары мен ұсыныстары қызметтік жалғандық қылмысын жасаушы субъектілер мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген адамның, лауазымды адамдар және жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адамдардың қылмыстық іс-әрекеттеріне сәйкес және тиімді шараларын өңдеу үшін қажетті алғышарттарды құрады. Дипломдық жұмыстың тұжырымдары мен ұсыныстары:

қызметтік жалғандық жасау қылмысын жасаушы субъектілер мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген адамның, лауазымды адамдар және жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адамдар қылмыстармен қылмыстық-құқықтық күрес саласында қылмыстық заңды одан әрі дұрыс түсінуге мүмкіндік береді;

қызметтік жалғандық жасау қылмысын жасаушы субъектілер лауазымды адам мен мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген адамның, лауазымды адамдар және жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адамдар қылмыстармен қылмыстық-құқықтық күрес жүргізетін құқық қорғау органдары, ұқсас, бәсекелес құқықтық нормалдарды дұрыс айыра білуі және оларды дұрыс қолдану үшін теориялық білімді толықтырады.

1 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ЛАУАЗЫМДАР ҰҒЫМЫ,

  1. Мемлекет қызмет ұғымы және заңнамалық негіздері

Мемлекеттік қызметшілер әкімшілік құқықтың субъектілері ретінде демократия мен құқық негізінде экономика, әлеуметтік-мәдениет және әкімшілік-саяси аяларын басқару, қазақстан мемлекеттілігін нығайту және қоғамды реформалау сияқты міндеттерді шешуде аса маңызды рөл атқарады. Елімізде қоғам мен мемлекет өмірінің барлық аяларында жүргізіліп жатқан қайта құруға байланысты түбегейлі өзгерістер мемлекеттік қызметшілерге қойылатын жаңа талаптар туғызды. Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында мемлекеттік аппараттың қызметі нарықтық реформаларды жүзеге асырудың міндеттеріне толығынан сай келмейтін болғандықтан мемлекеттік қызметті реформалаудың қажеттігі пайда болды. Реформалаудың мақсаты қазіргі және келешектегі саяси және экономикалық жағдайларда жұмыс істей алатын қабілетті жаңа үлгідегі мемлекеттік аппарат, жоғары кәсіби білікті, құзыретті, тиімді жене тәртіпті аппарат құру. Бұл міндетті шешу мемлекеттік қызметшілердің тиісті әкімшілік-құқықтық мәртебесін белгілеуді де қамтиды. Соңғы кезге дейін заңнамаларда «мемлекеттік қызмет» ұғымының түсінігі болмады. Заң әдебиеттерінде бұл ұғымға мемлекеттік ұйымдардың (органдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің және т. б. ) қызметшілерінің қызметтік лауазымдарына сәйкес мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталған және мемлекет ақы төлейтін еңбек қызметін орындауы жатқызылды. Сонымен кез келген мемлекеттік ұйымдағы барлық қызметшілер мемлекеттік қызметшілер болып саналды.

1995ж. желтоқсанда ҚР-сы Президентінің «Мемлекеттік қызмет туралы» заң күші бар жарлығы шықты-бұл, шындығында, мемлекеттік қызметке арнайы арналған бірінші нормативтік-құқықтық акт еді.

«Мемлекеттік қызмет туралы» заңмен және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдармен одан әрі дамытылып, ауыстырылды. Аталған заңда «мемлекеттік қызметші» мен «мемлекеттік қызмет» ұғымдарына жаңа мән-мағына берілген. Мемлекеттік қызметшілерге тек мемлекеттік органдарда, кез келген мемлекеттік ұйымдарда емес (мысалы, мемлекеттік жоғары оқу орындарының қызметшілері мемлекеттік қызметшілер болып саналмайды), мемлекеттік лауазымдық қызмет атқаратын адамдар жатады [2] .

Мемлекеттік қызметшілер лауазымдары оларды жасақтау мақсаттарына қарай саяси және әкімшілік лауазымдарға бөлінеді. Мемлекеттік саяси қызметші-тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметі саяси-айқындаушы сипатта болатын жене саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші.

Саяси лауазымдарға:

-ҚР-ның Президенті тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары;

-ҚР-сы Парламентінің Палаталары және Парламент Палаталарының төрағаларьг тағайындайтын және сайлайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары;

-ҚР-сы Жоғарғы Сот аппаратының басшысы, оның орынбасарлары;

-Конституцияға сәйкес Президент пен Үкіметтің өкілдері болып табылатын мемлекеттік саяси қызметшілер;

-Орталық атқарушы органдар мен ведомстволарды басқаратын мемлекеттік саяси қызметшілер (басшылар), олардың орынбасарлары атқаратын лауазымдар жатады. Саяси лауазымдарға Президент белгілейтін өзге лауазымдар да жатқызылуы мүмкін. Мемлекеттік окімшілік қызметші-мемлекеттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші. Сонымен мемлекеттік қызметшілерді жоғарыдағыдай екі топқа бөлудің негізгі мақсаты мемлекеттік қызмет аясында демократияландыруды қамтамасыз ету, саяси қызметке тағайындалатындардың шегін белгілеу, оларға байланысты кәсіби қызметшілердің ауысуларын болдырмау, сөйтіп мемлекеттік аппараттың қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу және оның тиімділігін арттыру. Мемлекеттік лауазымдарды осылай бөлудің негізінде аталған заңда «мемлекеттік қызмет» ұғымының анықтамасы берілген. Мемлекеттік қызмет - мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардагы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі.

Мемлекеттік қызметттің маңыздылығы, мемлекеттің шешетін барлық мәселелерінің ішінде кадрлар, ең алдымен басшылар туралы мәселе негізгі болып табылатындығымен айқындалады. Тек мемлекеттік аппарат реформаларды, жаңа идеялар мен заңдық ережелерді жүзеге асыруға міндетті, бірақ басқару қызметінде болатын кемшіліктердің көпшілігі аппаратшылардың кейбір бөлігінің қабілетсіздігімен, кей кезде тіпті реформалық бағдарламаларды қабыл алмауымен, одан бетер-олардың сыбайлас жемқорлығымен байланысты екендігі белгілі. Мемлекеттің мықты кадр потенциалын тиімді етіп пайдалану-алғы шепте тұратын жалпыұлттық міндет. Әр түрлі саясаткерлер келеді, кетеді, ал мемлекеттік басқару машинасы барлық жағдайларда да қалтқысыз жұмыс істеуге тиіс. Мемлекеттік қызметті реформалау жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар мемлекеттік аппараттың дәл, ұтымды және үнемді қызметін қамтамасыз етуге, оны партиялық немесе топтық мүдделерге пайдалану мүмкіндігін болдырмауға бағытталған.

Мемлекеттік қызметтің принциптері мемлекеттік қызметті ұйымдастыру мен қызмет атқару жүйесіндегі аса маңызды заңдылықтарды белгілейді. Олар мемлекеттік қызметтің жүйесінде пайда болатын қатынастардың маңыздылығын, заңдылығын және әлеуметтік құндылығын қамтиды. Мемлекеттік қызметтің құқықтық принциптерінің болмауы зорлық-зомбылыққа, ең жаман мағынадағы төрешілдікке, бытыраңқылыққа, заңсыздыққа, әділетсіздікке әкеп соғады.

«Мемлекеттік қызмет туралы» заңның 3-бабында мемлекеттік қызметтің төмендегідей принциптері белгіленген. .

-Зандылық принципі мемлекеттік қызметшілер лауазымдық міндеттерін атқарған және олардың құқықтарын қамтамасыз еткен кезде ҚР-сы Конституциясы мен заңдарының өзге нормативтік құқықтық актілерден жоғары күші болатындығын білдіреді. Бұл Конституцияның 4-бабының 2 тармағы ел Конституциясының ең жоғары заңдық күші бар және ол Республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылады деген қағидаға негізделеді. Конституция мемлекеттің Ата заңының -оның Конституциясының ең жоғары заң күші болатын жүйе құруды болжайды, ал барлық өзге нормативтік құқықтық актілер соған сәйкес болуға тиіс .

Мемлекеттік қызметші құқықтық актілерді, азаматтардың құқықтарын қатал сақтауға, оларды жүзеге асыру мен қорғау үшін барлық қажетті мүмкіндіктерді жасауға міндетті. Заңдылық идеясын іске асырудың мынадай бағыттарын атап айтуға болады: қызметші азаматтар мен ұйымдардың заңдарды орындауына қол жеткізуге тиіс, оның өзі заңдарды сақтауға тиіс, оның құқықтары қорғалатын болуға тиіс.

-Қазақстандық патриотизм принципі-мемлекеттік қызметшінің өз Отанын, халқын сүйетіндігін, оларға деген терең сезімін, берілгендігін, Республиканың тәуелсіздігін нығайтуға, онда өркениетті демократиялық қоғам құруға, елдің экономикасы мен мәдениетін, ең алдымен өз халқының тілі мен дінін дамытуға бар білімі мен күш-жігерін аянбай жүмсайтындығын білдіреді.

-Мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастық принципі. Бұл Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол аталған тармақтардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады деген Конституцияның 3-бабының 4-тармағына негізделген.

Сонымен бірге бұл биліктің әрбір тармағының атқаратын қызметінің ара жігін ажыратуды, нақтылап белгілеуді көздейді. Олардың әрқайсысының белгілі бір шамада дербес болатынын, өз функцияларын орындағанда белгіленген шекте теуелсіз екендігін білдіреді. Солай бола тұра бұл принциптің мәнінен мемлекеттік қызметшінің заң шығарушы (өкілді) органның депутаты болуға құқы болмайтындығы туындайды. Немесе керісінше: депутаттар мемлекеттік қызметте бола алмайды.

-Азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдық принципі. Бұл Қазақстанның заңнамаларындағы жаңа ереже мемлекеттік қызметшілердің адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын білуге, сақтауға және қорғауға міндеттейді. Қазақстанда құрылып жатқан құқықтық мемлекет үшін адамнын ең қымбат қазына екендігін тану және азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзуға әкеліп соқтыратын іс-әрекетгері үшін «Мемлекеттік қызмет туралы» заңда қаралған барлық мемлекеттік кызметшілердін жауапкершіліктері болмай қалмайтындығы міндетті болуға тиіс.

-Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы бар принципі Конституцияның 33-бабының 4-тармағында бекітілген. Оның мәні мынада, мемлекеттік қызметке қабылдаған кезде нәсіліне, жынысына, ұлтына, тіліне, әлеуметгік тегіне, мүліктік және лауазымдық жағдайына, тұрақты тұратын жеріне, дініне, иланымына, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына байланысты қандай да болсын тікелей немесе жанама шектеулер қоюға болмайды. Мемлекеттік қызметке кіру мүмкіндігі Қазақстанның азаматы болуына, жасына және мемлекеттік қызметшілер үшін қойылатын басқа талаптармен ғана байланысты.

-Азаматтардың мемлекеттік_қызметке кіруінің еріктілігі принципі ҚР- сы Конституциясының 24-бабының 1-тармағында бекітілген әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдау құқығы барлығына негізделеді [3] .

-Мемлекеттік қызметшілердің кәсібилік және жоғары біліктілік принципі мемлекеттік лауазымның бос орнына (вакансияға) кандидатты іріктеген кезде пайдаланылатын негізгі белгілер. Басымдық ең лайықтыға, жақсы дайындығы барға, мамандығы бойынша жұмысының көп өтілі барға, іс-жүзінде өзінің ұйымдастырушылық қабілеттігін көрсеткенге беріледі.

-Мәні бірдей жұмыстарды орындағаны үшін еңбекке ақыны тең төлеу принципі ҚР-сы Конституциясының 24-бабының 2-тармағында бекітілген әркімнің өз еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына құқығы бар деген ережеге негізделеді.

-Жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз өкілеттігі шегінде қабылдаған шешімдерді орындаудың бағынысты мемлекеттік қызметшілер үшін міндеттілік принципі Қазақстан мемлекеттілігінің негізгі бастауларының бірі болып табылады. Ол мемлекеттік биліктің біртұтастығына және заңның жоғары күші болатынына, төменгі органдардың жоғарғы органдарға бағыныстылығына негізделеді. Осының арқасында мемлекеттік механизмнің барлық буындарында атқарушылық төртіп үшін шынайы жағдайлар жасалынады.

-Мемлекеттік қызметшілердің бақылауда болу және есептілік принципі мемлекеттік қызметгегі тәртіпті нығайтудың, мемлекеттік қызметшілердің өздерінің міндеттерін ойдағыдай орындауын қамтамасыз етудің, олардың сол үшін жауапкершіктерін арттырудың аса қажетті және тәжірибеде сыналған пайдалы тәсілдері.

-Қоғамдық пікір мен жариялылықты ескеру принципі мемлекеттік қызмет туралы заңнамалардың ашық болуын, мемлекеттік органдарға қол жетерлік болуын және олардың мемлекеттік қызметшінің тағдыры, құқықтық жағдайы туралы мәселелерді оның ырзашылығымен және келістілігімен шешулерін болжайды. Жарияльшықты кеңейтпейінше, қоғамдық пікірді ескермейінше, бақылау үшін ашық жене қолжетушілік болмайынша мемлекеттік қызметшілердін шынайы бақылауда болуы мүмкін емес. Мемлекеттік органдардың бірде-бір қызметкері бақылаудан, сыннан тысқары қалуға тиіс емес.

-Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалу принципі олардың қалыпты қызмет атқаруы үшін қажетті жағдайлар туғызуды, қызметтік міндеттерін орындауға тосқауыл болатын кедергілерді жоюға тиісті шаралар қолдануды көздейді. Қызметшілердің әлеуметтік жене құқықтық қорғалуы: олардың еңбегінің беделін көтеруді, айтарлықтай жоғары еңбек ақы төлеуді, еңбек етуге, демалысына қалыпты жағдайлар туғызуды, мемлекеттік сақтандыруды, қызмет жөнінен өсуді болжайды.

-Мемлекеттік қызметшілерді қызметтік міндеттерін адал, ынталы атқарғаны, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін көтермелеу принципін жүзеге асыру шаралары «Мемлекеттік қызмет туралы» заңның 23-бабында қаралған [2] .

-Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және өздерінің өкілеттігін асыра пайдаланганы үшін жеке жауаптылық принципі мемлекеттік тәртіпті күшейтуге, мемлекеттік қызметшілердің тапсырылған жұмыс үшін жеке жауаптылық сезімін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

-Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды үздіксіз жүргізу. принципі қызметшілердің тиісті бюджет қаражаты есебінен қайта даярлануын, кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруларын, арнайы оқу орындарын ұйымдастыруды, т. б. болжайды.

Мемлекеттік органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол берілмейді. Мемлекеттік қызметшілер лауазымдық міндеттерін атқарған кезде заңдардың талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктер мен олардың органдарының шешімдеріне байланысты болмайды. Мемлекеттік қызметшілсрдің атқаратын міндеттері мен функциялары, олардан саяси және діни алаламаулықты талап етеді.

Мемлекеттік қызметтің мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің аумағы мен мазмұны мемлекеттік-қызметтік қатынастардың пайда болуының және іске асырылуының мүмкіндіктерімен алдын ала анықталады. Бұл жерде ең алдымен лауазымға орналасуға және мемлекеттік қызметшілер өздерінің өкілеттіктерін жүзеге асыруға байланысты мәселелерді шешкенге дейін, мемлекеттік билік органдарының жүйесі мен олардың ішкі (ұйымдық-штат) құрылымын анықтау, мемлекеттік лауазымдардың тізбесін бекіту және оларды санаттар мен топтар бойынша жіктеу, әрбір лауазым бойынша өкілеттіктер мен функциялардың көлемін, сондай-ақ осы лауазымдарға орналасатын мемлекеттік қызметшілерге қойылатын біліктілік талаптарды (білімі, мамандығы бойынша жұмыс өтілі мен тәжірибесі жөнінен) белгілеу қажет екендігі еске алынып отыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік қызметтің мақсаттары мен міндеттері
Мемлекеттік қызметкерлердің қызметін бағалау және олардың әкімшілік-құқтық мәртебесі
Мемлекеттің қызметі. Ұғымы
Мемлекеттік қызметтің ұғымы, принциптері
Құқықтық қатынастың қалыптасу
Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік – құқықтық мәртебесі
Мемлекетік қызметкерлердің түсінігі мен түрлері
Мемлекеттік әкімшілік лауазымдардың санаттары
Мемлекеттік қызметтің ұғымы
Мемлекеттік қызмет туралы жалпы ұғым. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz