Сот әділдігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және жүйесі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

СОТ ӘДІЛДІГІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ЖҮЙЕСІ

1.1 Сот әділдігіне қарсы қылмыстардың түсінігі және жалпы сипаттамасы ... ... 6
1.2 Сот әділдігіне қарсы қылмыстардың жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3 Шетелдердің қылмыстық заңнамасындағы сот әділдігіне қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14

СУБЬЕКТІСІ ҚҰҚЫҚҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАР БОЛАТЫН СОТ ӘДІЛДІГІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ

2.1 Субъектісі құқыққорғау органдарының лауазымды тұлғалары тарапынан жасалатын сот әділдігіне қарсы қылмыстардың объектісі ... ... ... ... ... ... ... ... ...20

2.2 Субъектісі құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғалары тарапынан жасалатын сот әділдігіне қарсы қылмыстардың объективтік жағы ... ... ... ... ... .23

2.3 Құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғалары тарапынан жасалатын сот әділдігіне қарсы қылмыстардың субъектісі және субъективтік жағы ... ... ...33

2.4 Сот әділдігіне қарсы қылмыстардың сараланған түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... .37

ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАР ТАРАПЫНАН СОТ ӘДІЛДІГІНЕ ЖАСАЛАТЫН ҚЫЛМЫСТАРҒА ҚАРСЫ ШАРАЛАР СИПАТТАМАСЫ

3.1 Лауызымды тұлғалар тарапынан жасалатын қылмыстарға қарсы шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...40
3.2 Лауазымды тұлғалар тарапынан сот әділдігіне жасалатын қылмыстарды сот жүйесінде қадағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...60

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Бүгінгі таңда сот әділдігін жүзеге асыру аса өзекті мәселе болып табылады, себебі еліміздегі қылмыспен күрестің тиімділігі көп жағдайда сот әділдігіне тәуелді.
Сот әділдігіне қарсы қылмыстар бірқатар себептерге байланысты белгілі бір қауіптілікті тудырады. Біріншіден, мұндай қылмыстар жоғарғы латентті дәрежелі болғандықтан, айтарлықтай таралған сипатына қарамастан, сирек тіркеледі. Осыған байланысты олармен күресу шараларына жеткілікті көңіл бөлінбейді. Екіншіден, мұндай қылмыстардың салдары ауыр болу мүмкіндігінен қоғамға қауіпті.
Қылмыстың өсуімен, қылмыстардың ашылуының төмендеуімен, қоғамға қауіпті қол сұғушылықтардың сапалы жаңа түрлерінің пайда болуымен, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жүктемесінің жоғарлауымен, халықтың құқықтық мәдениетінің төмендігімен сипатталатын еліміздегі күрделі криминогенді жағдай сот әділдігіне қарсы қылмыстардың жасалуына жол ашады, ал бұл өз кезегінде біздің елімізде құқықтық демократиялық мемлекетті құруға кедергі келтіреді.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытынды бөлімнен тұрады. Дипломдық жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы қылмыстық заңдарының негізінде құқық қолдану тәжірибесіне қатысты статистикалық мәліметтерді қолдана отырып жазылды. Отандық (Д.Б.Бектибаев, В.Д.Иванов, С.М.Рахметов, С.С.Молдабаев) және шетелдік (А.В.Галахова, А.С.Горелик, Б.В.Здравомыслов, Л.В.Лобанова, И.М.Тяжкова, Ш.С.Рашковская,) ғалымдардың зерттеу тақырыбы бойынша жазылған белді туындаларына жүгініп, құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғалары тарапынан жасалатын сот әділдігіне қарсы қылмыстар үшін жауаптылықты реттеу деңгейін және сәйкес нормаларды қолдану тәжірибесін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар тұжырымдалған.
Дипломдық зерттеудің бірінші тарауында сот әділдігіне қарсы қылмыстардың түсінігі беріліп, олардың жүйесі сипатталды. Сот әділдігін жүзеге асыру саласында жасалатын қылмыстардың ерекше бір тобын арнайы субъектісі құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғалары болып табылатын қылмыстар құрайды. Бұл қылмыстарды бөліп қарастыруға негіз беретін белгі - әрі қылмыстың арнайы субъектісі, әрі қылмыстан зиян шегетін қоғамдық қатынастардың өзіндік ерекшелігі (яғни, қылмыстардың ортақ тікелей объектісі).
Шетелдердің қылмыстық заңдарында сот әділдігіне қарсы қылмыстар үшін жауаптылық орнатудың түрлі амалдары кездеседі. Бұрын кеңестер одағының құрамына кірген мемлекеттер бұл қылмыстармен арнайы жауаптылық орнату жолымен күрессе, алыс шетелдерде құқық қорғау органдарының өз өкілеттіліктерін теріс пайдаланған қызметкерлері лауазымдық қылмыстар үшін жауаптылық көздейтін жалпы нормалар бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылады.
Дипломдық зерттеудің екінші тарауы құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғалары тарапынан жасалатын қылмыстардың нақты түрлеріне арналған. Бұл топқа кіретін қылмыстардың негізгі құрамдары бірқатар белгілері бойынша бір-біріне ұқсас болғандықтан, қылмыстардың объектісі, субъектісі және субъективтік жағын бірге қарастырылған. Ал әр қылмыстың объективтік жағының белгілерін бөлек-бөлек талдаған.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тарапынан жасалатын сот әділдігіне қарсы қылмыстардың сараланған түрлеріне дипломдық жұмыстың жеке бір құрылымдық бөлімі арналған.
Дипломдық жұмыстың зерттеу мақсаты - сот әділдігіне қарсы қылмыстармен күрестің қылмыстық-құқықтық мәселелерін, әрекет ететін қылмыстық заңнаманы талдай отырып, зерделеу.
Қалыптастырылған мақсат келесідей міндеттермен нақтыланады:
- Сот әділдігіне қарсы қылмыстар үшін қылмыстық заңнаманың даму жолдарын зерделеу;
- Еліміздің әрекет ететін заңнамасын зерделеу;
- Сот әділдігіне қарсы қылмыстар үшін жауаптылық туралы қылмыстық заңнаманың қолдану тәжірибесін зерделеу;
Ғылыми әдебиеттер:
1 Культелев Т.М. Понятие казахского обычного права // Қазақтың ата заңдары: Құжаттар, деректер және зерттеулер - Древний мир права казахов: в 10 томах. - Алматы, 2003. Том 2 - 229 с.
2 Сборник документов по истории уголовного законодательства СССР и РСФСР (1917-1952 годы). Москва. 1953. - 116-143 с.
3 Курс советского уголовного права. Часть особенная. Ленинград: 1978. - 331 с.
4 Уголовное право России. Часть особенная. Учебник / Под ред. Б.В.Здравомыслова - М.: Юрист, 1993 - 560 с.
5 Гаранина М.А. Системы преступлений против правосудия. Москва. 1995 - 23 с.
6 Рашковская Ш.С. Преступления против социалистического правосудия. Москва. 1957. - 9 с.
7Уголовное право. Особенная часть. Учебник для вузов. / Под ред. И.Я.Козаченко, З.Незнамовой, Г.П.Новоселова. Москва. 1998. - 619 с.
8 Уголовное право Кыргызской Республики. Особенная часть. / Под ред. К.Ш.Курманова. Бишкек. 2001. - 516 с.
9 Хлопцева Е.Ю. Уголовно-правовая охрана правосудия. Автореферат . Екатеринбург, 1995. - 16 с.
10 Голоднюк М. Вопросы развития законодательства о преступлениях против правосудия // Вестник Московского университета. Серия 11. Право. 1996. №6. - 18 с.
11 Бажанов М.И. Уголовно-правовая охрана советского правосудия. Учебное пособие. Харьков. 1986. - 19 с.
12Лобанова Л.В. Преступления против правосудия: проблемы классификации посягательств, регламентации и дифференциации ответственности. Автореферат. Казань. 2000. - 31 с.
13 Чучаев А.И. Преступления против правосудия. Научно-практический комементарий. Ульяновск. 1997. - с.
14 Власов И.С., Тяжкова И.М. Ответственность за преступления против правосудия. Москва. 1968. - 53 с.
15 Рахметов С.М. Уголовно-правовая охрана интересов правосудия. Монография. - Алматы: ТОО «Норма-К», - 2005. - 36 с.
16 Рахметов С.М. Уголовно-правовая охрана интересов правосудия. Монография. - Алматы: ТОО «Норма-К», - 2005. - 36 с
17 Уголовный кодекс США. Перевод с английского. Москва. 2000. - 327 с.
18Уголовный кодекс ФРГ. Перевод с немецкого. Москва. 2000. - 214 с
19 Уголовный кодекс Швейцарии. Перевод с немецкого. Москва. 2000. - 229 с.
20 Уголовный кодекс Нидерландов. Перевод с голландского. Москва. 2000. - 234 с.
21 Уголовный кодекс Испании. Перевод с испанского. Москва. 1998. - 364 с.
22Уголовный кодекс Болгарии. Перевод с болгарского. Москва. 1999. - 256 с.
23 Ахметшин Х.М., Ахметшин Н.Х., Петухов А.А. Современное уголовное законодательство КНР. Москва. 2000. - 422 с.
24Рахметов С.М. Уголовно-правовая охрана интересов правосудия. Монография. - Алматы: ТОО «Норма-К», - 2005. - 36 с.
25 Уголовный кодекс Республики Таджикистан. Душанбе. 1998. - 228 с
26Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім:-Алматы: Жеті жарғы, 2000. - 520 б.
27 Коржанский Н.И. Объект и предмет уголовно-правовой охраны. - Волгоград, 1980. - 258 с.
28 Большой юридический словарь. Под ред. А.Я.Сухарева, В.Д.Зорькина, В.Е.Крутских. М. 1999. - 528 с.
29Тихомирова Л.В., Тихомиров М.Ю. Юридическая энциклопедия. М., 2001. - 680с
30 Мотовиловер Е.А. Об институте «привлечения к уголовной ответственности» и содержание уголовно-процессуальной деятельности. Куйбышев. 1979. - 76 с.
31Рахметов С.М. Уголовно-правовая охрана интересов правосудия. Монография. - Алматы: ТОО «Норма-К», - 2005. - 36 с.
32 Фойницкий И.Я. О вознаграждении невинно к суду привлекаемых. Москва. 1989. - 169 с.
33 Рахметов С.М. Уголовно-правовая охрана интересов правосудия. Монография. - Алматы: ТОО «Норма-К», - 2005. - 111 с.
34 Сборник статистических данных о судимости и работе судов в Республике Казахстан за 12 месяцев 2000 года.
35 Сборник статистических данных о состоянии прокурорского надзора в Республике Казахстан за 12 месяцев 2001 года.
36 Сборник статистических данных о судимости и работе судов в Республике Казахстан за 12 месяцев 2002 года.
37 Сборник статистических данных о состоянии прокурорского надзора в Республике Казахстан за 12 месяцев 2004 года.
38 Сборник статистических данных о судимости и работе судов в Республике Казахстан за 12 месяцев 2005 года.
39 Сборник статистических данных о судимости и работе судов в Республике Казахстан за 12 месяцев 2001 года.
40 Сборник статистических данных о судимости и работе судов в Республике Казахстан за 12 месяцев 2002 года.
41 Сборник статистических данных о судимости и работе судов в Республике Казахстан за 12 месяцев 2004 года.
42 Сборник статистических данных о судимости и работе судов в Республике Казахстан за 1999-2005 годы.
43 Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. - Алматы: ЮРИСТ, 2004. - 207 б.
44 Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. - Алматы: ЮРИСТ, 2004. - 207 б.
45 Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексіне түсінік. С.М.Рахметов, Т.Ә.Бапанов. Алматы: Норма, 2004. - 648 б.
46 Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексіне түсінік. С.М.Рахметов, Т.Ә.Бапанов. Алматы: Норма, 2004. - 648 б.
47 //Казахстанская полиция «Расследование пыток и других жестоких, бесчеловечных или унижающих достоинство видов обращения и наказания», №4 (81). 2004 - 16, 33-35 с.
48 Трайнин А.Н. Учение о составе преступления. Москва. 1946. - 82 с.
49 Сейтхожин Б.У. Национальная система борьба с коррупцией 2008. -4б.

Нормативтік-құқықтық актілер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 ж. 30 тамызында республикалық референдумда қабылданып, 2007 ж. 21 мамырдағы №254-ІІІ Заңымен өзгертулер енгізілген.
2. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы «Прокуратура туралы» Заңы;
3. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы «Ішкі істер органдары туралы» Заңы;
4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. - Алматы: ЖШС «Норма-К», 2004. - 160 б.
5. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. - Алматы: ЮРИСТ, 2004. - 207 б.
6. Уголовный кодекс Болгарии. Перевод с болгарского языка. Москва. 1999. - 256 с.
7. Уголовный кодекс Испании. Перевод с испанского языка. Москва. 1998. - 364 с.
8. Уголовный кодекс Нидерландов. Перевод с голландского языка. Москва. 2000. - 234 с.
9. Уголовный кодекс США. Перевод с английского языка. Москва. 2000. - 327 с.
10. Уголовный кодекс Республики Таджикистан. Душанбе. 1998. - 228 с.
11. Уголовный кодекс ФРГ. Перевод с немецкого языка. Москва. 2000. - 214 с.
12. Уголовный кодекс Швецарии. Перевод с немецкого языка. Москва. 2000. - 229 с.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

СОТ ӘДІЛДІГІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ЖҮЙЕСІ

1.1 Сот әділдігіне қарсы қылмыстардың түсінігі және жалпы
сипаттамасы ... ... 6
1.2 Сот әділдігіне қарсы қылмыстардың
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .9
1.3 Шетелдердің қылмыстық заңнамасындағы сот әділдігіне қарсы қылмыстар
үшін
жауапкершілік ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

СУБЬЕКТІСІ ҚҰҚЫҚҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАР БОЛАТЫН СОТ
ӘДІЛДІГІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ

2.1 Субъектісі құқыққорғау органдарының лауазымды тұлғалары тарапынан
жасалатын сот әділдігіне қарсы қылмыстардың объектісі
... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

2.2 Субъектісі құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғалары тарапынан
жасалатын сот әділдігіне қарсы қылмыстардың объективтік
жағы ... ... ... ... ... .23

2.3 Құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғалары тарапынан жасалатын сот
әділдігіне қарсы қылмыстардың субъектісі және субъективтік
жағы ... ... ...33

2.4 Сот әділдігіне қарсы қылмыстардың сараланған
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... .37

ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАР ТАРАПЫНАН СОТ ӘДІЛДІГІНЕ ЖАСАЛАТЫН ҚЫЛМЫСТАРҒА ҚАРСЫ
ШАРАЛАР СИПАТТАМАСЫ

3.1 Лауызымды тұлғалар тарапынан жасалатын қылмыстарға қарсы
шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...40
3.2 Лауазымды тұлғалар тарапынан сот әділдігіне жасалатын қылмыстарды сот
жүйесінде
қадағалау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .60

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда сот әділдігін жүзеге асыру аса өзекті мәселе болып
табылады, себебі еліміздегі қылмыспен күрестің тиімділігі көп жағдайда сот
әділдігіне тәуелді.
Сот әділдігіне қарсы қылмыстар бірқатар себептерге байланысты белгілі
бір қауіптілікті тудырады. Біріншіден, мұндай қылмыстар жоғарғы латентті
дәрежелі болғандықтан, айтарлықтай таралған сипатына қарамастан, сирек
тіркеледі. Осыған байланысты олармен күресу шараларына жеткілікті көңіл
бөлінбейді. Екіншіден, мұндай қылмыстардың салдары ауыр болу мүмкіндігінен
қоғамға қауіпті.
Қылмыстың өсуімен, қылмыстардың ашылуының төмендеуімен, қоғамға қауіпті
қол сұғушылықтардың сапалы жаңа түрлерінің пайда болуымен, құқық қорғау
органдары қызметкерлерінің жүктемесінің жоғарлауымен, халықтың құқықтық
мәдениетінің төмендігімен сипатталатын еліміздегі күрделі криминогенді
жағдай сот әділдігіне қарсы қылмыстардың жасалуына жол ашады, ал бұл өз
кезегінде біздің елімізде құқықтық демократиялық мемлекетті құруға кедергі
келтіреді.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытынды бөлімнен
тұрады. Дипломдық жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы қылмыстық
заңдарының негізінде құқық қолдану тәжірибесіне қатысты статистикалық
мәліметтерді қолдана отырып жазылды. Отандық (Д.Б.Бектибаев, В.Д.Иванов,
С.М.Рахметов, С.С.Молдабаев) және шетелдік (А.В.Галахова, А.С.Горелик,
Б.В.Здравомыслов, Л.В.Лобанова, И.М.Тяжкова, Ш.С.Рашковская,) ғалымдардың
зерттеу тақырыбы бойынша жазылған белді туындаларына жүгініп, құқық қорғау
органдарының лауазымды тұлғалары тарапынан жасалатын сот әділдігіне қарсы
қылмыстар үшін жауаптылықты реттеу деңгейін және сәйкес нормаларды қолдану
тәжірибесін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар тұжырымдалған.
Дипломдық зерттеудің бірінші тарауында сот әділдігіне қарсы
қылмыстардың түсінігі беріліп, олардың жүйесі сипатталды. Сот әділдігін
жүзеге асыру саласында жасалатын қылмыстардың ерекше бір тобын арнайы
субъектісі құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғалары болып табылатын
қылмыстар құрайды. Бұл қылмыстарды бөліп қарастыруға негіз беретін белгі -
әрі қылмыстың арнайы субъектісі, әрі қылмыстан зиян шегетін қоғамдық
қатынастардың өзіндік ерекшелігі (яғни, қылмыстардың ортақ тікелей
объектісі).
Шетелдердің қылмыстық заңдарында сот әділдігіне қарсы қылмыстар үшін
жауаптылық орнатудың түрлі амалдары кездеседі. Бұрын кеңестер одағының
құрамына кірген мемлекеттер бұл қылмыстармен арнайы жауаптылық орнату
жолымен күрессе, алыс шетелдерде құқық қорғау органдарының өз
өкілеттіліктерін теріс пайдаланған қызметкерлері лауазымдық қылмыстар үшін
жауаптылық көздейтін жалпы нормалар бойынша қылмыстық жауаптылыққа
тартылады.
Дипломдық зерттеудің екінші тарауы құқық қорғау органдарының лауазымды
тұлғалары тарапынан жасалатын қылмыстардың нақты түрлеріне арналған. Бұл
топқа кіретін қылмыстардың негізгі құрамдары бірқатар белгілері бойынша бір-
біріне ұқсас болғандықтан, қылмыстардың объектісі, субъектісі және
субъективтік жағын бірге қарастырылған. Ал әр қылмыстың объективтік жағының
белгілерін бөлек-бөлек талдаған.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тарапынан жасалатын сот
әділдігіне қарсы қылмыстардың сараланған түрлеріне дипломдық жұмыстың жеке
бір құрылымдық бөлімі арналған.
Дипломдық жұмыстың зерттеу мақсаты - сот әділдігіне қарсы
қылмыстармен күрестің қылмыстық-құқықтық мәселелерін, әрекет ететін
қылмыстық заңнаманы талдай отырып, зерделеу.
Қалыптастырылған мақсат келесідей міндеттермен нақтыланады:
- Сот әділдігіне қарсы қылмыстар үшін қылмыстық заңнаманың даму
жолдарын зерделеу;
- Еліміздің әрекет ететін заңнамасын зерделеу;
- Сот әділдігіне қарсы қылмыстар үшін жауаптылық туралы қылмыстық
заңнаманың қолдану тәжірибесін зерделеу;

І СОТ ӘДІЛДІГІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ЖҮЙЕСІ
1.1 СОТ ӘДІЛДІГІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін Қазақстан аумағында қылмыстық
істерді қарау барысында әдет-ғұрып құқықты басшылыққа алған билер соты
болған. Қазақтардың әдет-ғұрып құқығы үш қайнар көзден тұратын; әдеп-
ғұрыптар, билер сотының тәжірибесі және билер соты қабылдаған ережелер
[1,12-б].
Қазақтардың әдет-ғұрып құқығында сот әділдігіне қарсы қылмыстар үшін
жауаптылық мәселелерін реттейтін бірқатар құқықтық нормалар орын алған.
Оның ішінде 1885 жылдың мамыр айындағы Шар шұғыл съезінде құрастырылған №9
Ереженің 34 тармағында биге немесе билер сотына тіл тигізгені үшін
қылмыстық жауаптылық қарастырылған. 1894 жылдың Шар руаралық съезінде
қабылданған №16 Ереженің 36 тармағында жалған жауап бергені үшін қылмыстық
жауаптылық белгіленген.
1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін Соттар туралы №1 Декретпен
көтеріліске дейін әрекет еткен сот аппараты таратылды да, Қазақстанда Кеңес
үкіметі орнағаннан кейін билер соты сайланбалы жергілікті соттармен
алмастырылды. Олармен қатар аса қауіпті қылмыстармен күрес үшін Көтеріліс
трибуналдары пайда болды.
Кеңес үкіметі құрылған алғашқы жылдарда кодификацияланған заңдардың
болмауынан сот әділдігіне қарсы қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылықты
қарастыратын нормалар декреттермен, халық комиссариатының қаулыларымен және
басқа да құжаттармен реттелді. Мысалы, 1917 жылдың 18 желтоқсанындағы халық
комиссариатының декретінде Жалған жауап бергендер қылмыстық жауаптылыққа
тартылады делінген.
Қазақстан аумағында қолданылған алғашқы РКФСР Қылмыстық
кодексі 1922 жылдың бірінші маусымында күшіне енді. Сот әділдігіне қарсы
қылмыстар үшін жауаптылықты қарастыратын арнайы бөлімнің болмауына
байланысты бұл қылмыстар кодекстің әр түрлі тарауларында орналастырылды.
1922 жылғы РКФСР Қылмыстық кодексінің Мемлекеттік қылмыстар деп
аталатын тарауының 68 бабында қылмыстарды жасырғаны үшін қылмыстық
жауаптылық қарастырылған.
Қылмыстық Кодекстің осы тарауында басқару тәртібіне қарсы қылмыстар
үшін де жауаптылық көзделген: қылмыс туралы хабарламау (89-бап),
сотталғанды бас бостандығынан айыру орнынан босату немесе қашуға көмектесу
(94-бап), бас бостандығынан айыру орнынан немесе тұтқындаудан қашу (95-
бап).
Әділетсіз сот үкімін шығару (111-бап) және заңсыз ұстау, заңсыз күштеп
әкелу немесе жауап беруге мәжбүр ету (112-бап) 1922 жылғы РКФСР ҚК-де
лауазымдық қылмыстарға жатқызылды, ал осы кодекстің 177-ші және 179-
баптарымен жауаптылық қарастырылған жалған сөз жеткізгені және жалған жауап
бергені үшін қылмыстар тұлғаның өміріне, денсаулығына, бостандығына және
қадір-қасиетіне қарсы қылмыстарға жатқызылды [2,46-б].
1923 жылы бұл кодекс сот әділдігіне қарсы қылмыстар үшін жауаптылықты
қарастыратын екі баппен толықтырылды. 104-а бабы куәнің, сарапшының,
аудармашының немесе куәгердің тергеу немесе сот органдарының шақыруы
бойынша келуден не болмаса жүктелген міндеттерін орындаудан бас тартқаны
үшін жауаптылықты белгілесе, 104-б бабы бойынша прокурордың, тергеушінің
немесе анықтау өндірісі немесе тексерісі үшін жауапты лауазымды тұлғаның
сәйкес рұқсатынсыз алдын ала тергеу немесе анықтау, жұмысшы-шаруа
инспекциясының тексеріс іс-жүргізулері туралы мәліметтерді жария еткені
үшін жауаптылық анықталған.
Сот әділдігіне қарсы қылмыстар үшін жауаптылықты реттейтін кейбір
баптар Лауазымдық қылмыстар тарауында орын алған. Мысалы, 114-бап
(әділетсіз сот үкімін шығару), 115-бап (заңсыз ұстау және заңсыз күштеп
әкелу), 115 баптың 2 бөл. (жауап беруге мәжбүр ету).
Қазақстанның бірінші Қылмыстық кодексінде, яғни Қазақ ССР-нің 1959
жылғы ҚК-де Сот әділдігіне қарсы қылмыстар деп аталатын арнайы тоғызыншы
тарау пайда болды. Бұл тарауда келесідей қылмыстар үшін жауаптылық
қарастырылды: жалған сөз жеткізу (186 бап); жалған жауап беру (187 бап);
заңсыз қамауға алу немесе ұстау (188 бап); қылмыстық жауаптылыққа заңсыз
тарту (189 бап); алдын ала анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізуші
адамның жауап беруге мәжбүр етуі (190 бап); әділетсіз сот үкімін, шешімін
немесе анықтамасын шығаруы (191 бап); сот үкімін немесе шешімін орындаудан
жалтару (192 бап); анықтау, тергеу органдарына келуден немесе жауап
беруден жалтару (193 бап); алдын ала трегеу немесе анықтаудың деректерін
жария ету (194 бап); жасырушылық (195 бап); қылмыс туралы хабарламау (196
бап); тізімдемеге немесе тұтқындауға алынған мүлікті ысырап ету немесе
жасыру (197 бап); жер аударылған орнынан қашу (198 бап); қамаудағы адамның
қашуы (199 бап).
Кейін ҚК-тің бұл тарауы жауаптылық туралы мынадай жаңа баптармен
толықтырылды: жәбірленушіні, сарапшыны немесе аудармашыны жалған жауап
беруге сатып алу немесе мәжбүр ету (187-1 бап), тергеуге немесе істі
қарауға заңсыз араласу (191-1 бап), анықтау жүргізуші адамға, тергеушіге,
прокурорға, судьяға немесе халық заседателіне қатысты қорқыту (191-2 бап),
анықтау жүргізуші адамға, тергеушіге, прокурорға, судьяға немесе халық
заседателіне тіл тигізу (191-3 бап), бас бостандығынан айыру түріндегі
жазасын өтеуден жалтару (199-1 бап), қылмыстық-атқару мекемесі
әкімшілігінің талаптарына қасақана бағынбау (199-2 бап). Қазақ ССР
Қылмыстық кодексінің еңбекпен түзеу мекемелерінің қалыпты қызмет тәртібін
бұзатын әрекеттер үшін жауаптылықты белгілейтін 63-1 бабы Мемлекеттік
қылмыстар тарауында орналастырылған болатын.
Осылайша, 1959 жылғы Қазақ ССР Қылмыстық кодексі Сот әділдігіне қарсы
қылмыстар деп аталатын тарауы қабылданғанда 14 баптан құралған, ал 1997
жылдың аяғына қарай, яғни күшін жоғалтқанға дейін көрсетілген тараудағы
баптардың саны 22-ге жетті. Ал бұл, Қазақстанның заң шығарушы органының
сот әділдігіне қарсы қылмыстар үшін жауаптылық туралы нормаларын жетілдіру
мәселелеріне айтарлықтай назар аударғанын көрсетеді.
Сот әділдігіне қарсы қылмыстар жүйесін жетілдірудегі айтарлықтай алға
басушылықтарға қарамастан, Қазақстан Республикасының 1959 жылғы ҚК
келесідей кемшіліктерді атап өткен жөн:
1) Сот әділдігіне қарсы қылмыстар тарауында ауыр қылмыстардан бастап
ауырлығы төмен қылмыстар үшін жауаптылық көздейтін нормаларының орналасу
реті сақталмаған;
2) мұнда айтарлықтай қоғамдық қауіптілік тудырмайтын әрекеттер үшін
қылмыстық жауаптылық қарастырылған;
3) кейбір нормалар жетілдіруді қажет етеді;
4) тарау сот әділдігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы
қылмыстар саласындағы қоғамға қауіпті әрекеттер үшін жауаптылықты
қарастыратын қосымша нормалармен толықтырылуды қажет етті;
Мысалы, тараудың басында жалған сөз жеткізу (186-бап), жалған жауап
беру (187-бап) сияқты нормалар қарастырылған. Дегенмен, бұл нормаларда
көзделген қылмыстарды қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тарту (189-бап) немесе
алдын ала анықтау немесе тергеу жүргізуші адамның жауап беруге мәжбүр етуі
сияқты қол сұғушылықтардан қауіптірек деу аса қиын.
КСРО ыдырағаннан кейін және бұрынғы КСРО аумағында дербес
мемлекеттердің пайда болуымен құқықтық нормаларды алмастыру қажеттілігі
туды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасында 1998 жылдың 1 қаңтарында
күшіне енген 1997 жылдың 16 шілдесінде жаңа Қылмыстық кодекс қабылданды.
Жаңа Қылмыстық кодекстің қабылдануына байланысты бұрынғы кодекс бойынша
қылмыс болып келген кейбір қылмыс құрамдары: жер аударылған орыннан,
еңбекпен емдеу немесе еңбекпен тәрбиелеу профилакторийінен қашып кету
(бұрынғы Кодекстің 198-бабы), еңбекпен түзеу мекемелерінде, тергеу
изоляторларында, тәрбие-еңбек профилакторийлерінде отырған адамдарға тыйым
салынған заттарды заңсыз беру (ескі Кодекстің 199- бабының 3 бөл.) қылмыс
қатарынан мүлдем шығарылды.
Бұрынғы Қазақ ССР Қылмыстық кодексінің 191-бабының 1-тармағы тергеуге
немесе істі қарауға заңсыз араласқаны үшін жауаптылық белгіленген қылмыс
құрамы енді жаңа Қылмыстық кодекстің 339-бабында сот әділдігін жүзеге
асыруға және алдын ала тергеу жүргізуге кедергі жасау құрамымен қамтылатын
болды. Анықтама жүргізуші адамды, тергеушіні, прокурорды, судьяны немесе
халық заседателін қорлау (Қазақ ССР ҚК-тің 191 бабының 3 тармағы) құрамы
ішінара жаңа Кодекстегі сотты құрметтемеу (342-бап) және Өкімет өкілін
қорлау (320-бап) құрамдарына қосылды.
Қолданыстағы Қылмыстық кодекстің Сот әділдігіне және жазалардың
орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар тарауында қылмыстардың қауіптілігіне
байланысты орналастыруда бірізділік негізінен сақталған десек те, бұл
қағидадағы жүйелілікті толық деуге болмас. Себебі, жауап беруге мәжбүр ету
(347-бап) сот әділдігін жүзеге асыруға және алдын ала тергеу жүргізуге
кедергі жасаудан (339-бап), ал қинау (347-1 бап) көрінеу кінәсіз адамды
қылмыстық жауаптылыққа тартудан (344-бап) анағұрлым қауіпті.
Қылмыстық кодекстің қарастырылып отырған тарауы жаңа нормалармен
толықтырылды. Мысалы, сот әділдігін немесе алдын ала тергеуді жүзеге
асырушы адамның өміріне қол сұғу (340-бап), сот талқылауына қатысушыларды
қорлаудан көрінген сотты құрметтемеу (342 б. 1 б.), судьяға, алқабиге,
прокурорға, тергеушіге, алдын ала анықтауды жүргізуші адамға, сарапшыға,
сот приставына, соттың атқарушысына қарсы жала жабу (343-бап),
қылмыстық жауаптылықтан көрінеу заңсыз босату (345-бап), айғақтарды
бұрмалау (348-бап), коммерциялық сатып алуға не сыбайлас жемқорлық қылмысқа
арандату (349-бап), судьяға және қылмыстық процеске қатысушыларға қатысты
қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралымәліметтерді жария ету (356-бап),
адвокаттар мен өзге де адамдардың азаматтарды қорғау және оларға заңгерлік
көмек көрсету жөніндегі заңды қызметіне кедергі жасау (365-бап).
Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекемелердің қалыпты қызметінің
тәртібін бұзу үшін жауаптылық Қазақ ССР-і Қылмыстық кодексінің Мемлекеттік
қылмыстар тарауында болса, Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық
кодексінде - қарастырып отырған тарауда.
Осылайша еліміздің жаңа Қылмыстық кодексінің жобасын дайындау барысында
сот әділдігіне қарсы қылмыстар жүйесіндегі көрсетілген кемшіліктердің
көпшілігі жойылды.

1.2 Сот әділдігіне қарсы қылмыстардың жүйесі

Сот әділдігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар 28
баппен жүйеленіп біріктірілген. Басқа да қылмыстардың жүйесі сияқты сот
әділдігіне қарсы қылмыстар жүйесі ерікті жіктер бойынша құрылмайды. Ол бір
жікке негізделіп, топтар бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық
кодексінің 15 тарауында жүйеленген.
Қылмыстық құқық теориясында сот әділдігіне қарсы қылмыстардың жүйесі
туралы түрлі пікірлердің қалыптасқандығын айта кеткен жөн. Ғалымдардың
көпшілігі сот әділдігіне қарсы қылмыстар жүйесін қылмыс субъектісінің
белгілері бойынша құру керек деп есептейді, олардың пікірінше бұл жік
қарастырып отырған қылмыстардың жекелеген түрлерінің ерекшеліктерін аса
нақты бөлуге және олардың қоғамға қауіптілік дәрежесін дұрыс анықтауға
мүмкіндік береді.
Бұл ғалымдар сот әділдігіне қарсы қылмыстарды жіктеуде бір жік - қылмыс
субъектісінің белгісін алғанымен, көрсетілген қылмыстарды жіктеу бойынша
ортақ пікірге келе алмады.
В.К. Глистин көрсетілген критерий бойынша сот әділдігіне қарсы
қылмыстарды 3 топқа бөледі [3,56-б].
1) анықтау, тергеу, прокуратура және соттың лауазымды тұлғалары
жасайтын қылмыстар;
2) сот төрелігін іске асыруға тартылған жеке тұлғалар жасайтын сот
әділдігіне қарсы қылмыстар;
3) басқа да тұлғалар жасайтын қылмыстар.
Б.В. Здравомыслов та сот әділдігіне қарсы қылмыстарды субъектісіне
байланысты 3 топқа бөлуді ұсынады [4,9-б]:
1) әділ сотты жүзеге асыратын ортада лауазымды тұлғалар - әділ сот
органдарының қызметкерлері жасайтын қылмыстар;
2) құқықтық күштеу шаралары қолданылған тұлғалар жасайтын қылмыстар;
3) әділ соттылықтың жүзеге асырылуына көмектесетін жалпы қоғамдық
міндеттерді бұзатын тұлғалар жасайтын қылмыстар.
М.А. Гаранина сот әділдігіне қарсы қылмыстарды субъектісіне қарай 4
топқа бөледі [5,23-б]:
1) процеске қатысушылар жасайтын қылмыстар;
2) лауазымды тұлғалар жасайтын қылмыстар;
3) алдын ала қамауда немесе жазасын өтеп жүрген тұлғалар жасайтын
қылмыстар;
4) басқа да тұлғалар жасайтын қылмыстар.
Ш.С.Рашковская ұсынған сот әділдігіне қарсы қылмыстардың жіктелуі аса
күрделі болып табылады. Оның жіктеуінің күрделілігі - ол алдымен
көрсетілген қылмыстарды 2 топқа бөледі де, 2 топты жасалу әдісіне орай 3
топшаға жіктейді [6,8-б]:
1) сот, прокуратура, тергеу және анықтау органдарының лауазымды
тұлғалары жасайтын сот әділдігіне қарсы қылмыстар;
2) жеке тұлғалар жасайтын сот әділдігіне қарсы қылмыстар:
а) ақиқатты бұрмалау немесе ол туралы үндемеу жолымен әділсот
органдарының дұрыс қызметін бұзатын қылмыстар;
ә) қарсы әрекеттіліктің басқа да түрлерімен әділсот органдарының дұрыс
қызметін бұзатын қылмыстар;
б) анық жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстар туралы хабарламау
жолымен әділсот органдарының дұрыс қызметін бұзатын қылмыстар.
Т.В.Кондрашова бойынша сот әділдігіне қарсы қылмыстар субъектісіне
байланысты былайша жіктеледі:
1) лауазымды тұлғалар және құқыққорғау органдарының қызметкерлері
тарапынан жасалатын сот әділдігіне қарсы қылмыстар;
2) сот әділдігін жүзеге асыруға тартылған немесе жүзеге асыруға
байланысы бар жеке тұлғалар не болмаса лауазымды тұлғалар тарапынан
жасалатын сот әділдігіне қарсы қылмыстар;
3) сот актісін орындауға міндетті адамдар тарапынан жасалатын сот
әділдігіне қарсы қылмыстар[7,7-б].
Қырғызстан Республикасының қылмыстық заңнамасына сәйкес, Л.Ч.Сыздықова
да бұл қылмыстарды субъектісіне орай осылайша бөледі [8,30-б]
Е.Ю.Хлопцева басқаша жіктеуді ұсынады. Оның пікірінше, көрсетілген
қылмыстар 3 топқа бөлінед [9,4-б].

Сот әділдігіне қарсы қылмыстарды субъектісі бойынша жіктеу белгілі бір
артықшылықтарға ие, себебі тарауда қылмыстық-құқықтық нормаларды топтар
бойынша орналастырғанда қиындықтар тумайды. Алайда бұлайша жіктеуде
кемшіліктерде де жоқ емес, ҚР қылмыстық кодексінің қарастырып отырған
қылмыстардың бірқатар баптарының субъектілері әр бөлімде әр түрлі
белгілерге ие. Мысалы, ҚР ҚК 348-бабы (айғақтарды бұрмалау), 358-бабы (бас
бостандығынан айыру орнынан, тұтқындаудан немесе қамаудан қашу), 362-бабы
(сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау). Ал, ҚР ҚК
қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекемелердің қалыпты қызметінің
тәртібін бұзу үшін жауаптылықты реттейтін 361-бапты субъект белгісі бойынша
қандай да бір топқа жатқызу
қиын, себебі ол бас бостандығынан айрылған адам немесе алдын ала тергеу
кезінде қамауда отырған адам немесе басқа адам болуы мүмкін.
Қалай десек те бірқатар ғалымдар сот әділдігіне қарсы қылмыстарды
жіктеуде осы қылмыстардың объектісін алуды ұсынады. Оның ішінде М.Голоднюк
сот әділдігіне қарсы қылмыстарды тікелей объектісіне байланысты былайша
жіктейді:
1) құқық қорғау органдары қызметкерлерінің сот әділдігінің мақсаттары
мен міндеттерін жүзеге асыруына кедергі келтіретін қылмыстар;
2) сот әділдігін жүзеге асыру барысында лауазымды тұлғалар (сот,
прокурор, анықтау және алдын ала тергеу жүргізуші адам) тарапынан жасалатын
қылмыстар;
3) сот үкімінде, шешімінде немесе басқа да сот актілерінде көрсетілген
мемлекеттік мәжбүрлеу шараларының жүзеге асырылуына кедергі келтіретін
қылмыстар [10,18-б].
М.И. Бажанов та сот әділдігіне қарсы қылмыстарды тікелей объектісіне
орай 4 топқа бөледі. Бірінші топты тергеу, прокуратура және сот
органдарының қызметінде конституциялық принциптерді жүзеге асыруды
қамтамасыз ететін қатынастарға қол сұғатын қылмыстар құрайды. Екінші топқа
іс бойынша нақты дәлелдер мен шынайы қорытындыларды алуды қамтамасыз ететін
қатынастарға қол сұғатын қылмыстар кіреді. Қылмыстарды дер кезінде
бұлтартпау және ашуды қатынастарға қол сұғатын қылмыстар үшінші топқа
біріктірілген. М.И.Бажанов төртінші топқа үкімнің (шешімнің) және
тағайындалған жазаның өтелуін орындауды қамтамасыз ететін қатынастарға қол
сұғатын қылмыстарды жатқызады [11,19-б].
Сот әділдігіне қарсы қылмыстардың объектісінің белгілері бойынша
қызықты, алайда айтарлықтай күрделі жіктелуін Л.В. Лобанова ұсынады.
Алдымен ол бұл қылмыстарды 2 топқа, әр топты 3 топшаға бөледі.
1) Сот әділдігінің міндеттеріне сай іс жүргізу іс-әрекетінің дамуын
қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарға қол сұғушылықтар:
а) сот әділдігіне құқық қолданушылық іс-әрекеті ретінде қол сұғу;
ә) сот әділдігіне қорғау іс-әрекеті ретінде қол сұғу;
б) сот әділдігіне заңмен қатаң реттелетін іс-әрекет ретінде қол сұғу;
2) Сот әділдігінің міндеттеріне сай іс жүргізу актілерінің орындалуын
қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарға қол сұғушылықтар (іс жүргізу
актілерінің міндеттілігін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарды бұзатын
қол сұғушылықтар):
а) іс жүргізу шешімдерінің орындалуына қатысты жалпы құрамдар;
ә) қылмыстық жазалау заңына немесе басқа да мәжбүрлеу шараларына сәйкес
тағайындалған үкімнің міндеттілігін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарға
қол сұғатын қылмыстардың құрамы;
б) атқарушылық іс жүргізудің қалпына келтіру міндеттерінің шешіміне
кепілдік беретін қоғамдық қатынастарға қол сұғатын қылмыстардың құрамы
[12,50-б].
А.И. Чучаев та сот әділдігіне қарсы қылмыстардың тікелей объектісіне
байланысты 5 топқа бөледі:
а) әділ соттың конституциялық принциптерін жүзеге асыратын қатынастарға
қол сұғатын қылмыстар;
ә) әділ сот органдарының мақсаттары мен міндеттеріне сай іс-
әрекеттеріне қол сұғатын қылмыстар;
б) іс бойынша айғақтарды алудың іс жүргізу тәртібін бұзатын қылмыстар;
в) әділ сот органдарының қылмыстарды уақытылы алдын алу мен ашу іс-
әрекетіне қол сұғатын қылмыстар;
г) сот актілерін жүзеге асыруға байланысты қатынастарға қол сұғатын
қылмыстар [13,5-б].
Заң әдебиеттерінде бас бостандығынан айыру орнынан қашу және бас
бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден жалтару сияқты қылмыс
құрамдарының ҚК-тің Сот әділдігіне қарсы қылмыстар тарауында орналуы
жөнінде екі түрлі көзқарас бар.
Бірінші көзқарас бойынша, бұл қылмыстар Қылмыстық Кодекстің осы
тарауында орналасуы әбден дұрыс, себебі, бұл қылмыстардың құрамын сот
әділдігін жүзеге асырудағы қатынастар ретінде тікелей объектісі
біріктіреді. И.С.Власов пен И.М.Тяжкованың пікірінше, сот әділдігінің өзі
құқық бұзған адамды сотпен бас бостандығынан айыру немесе жекелеген
адамдарға жер аударту түріндегі мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану.
Мемлекеттік мәжбүрлеу азаматтардың, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың
заңды құқықтары мен мүдделеріне қол сұғушылықтан қорғаудың құралы болып
табылады [14,53-56].
Ш.С.Рашковская бұл мәселеге басқаша пікір білдіреді. Ол заңды күшіне
енген үкімдер мен шешімдерді орындау сот әділдігін жүзеге асыруда маңызды
болғанымен, сот әділдігін жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың
құзыретіне жатпайды деп тұжырымдайды. Екінші көзқарас бойынша, аталмыш
қылмыстар басқару тәртібіне қол сұғады, олар сотталғандардың түзелуі және
тәрбиеленуі бойынша тікелей сот әділдігін қорғайтын және жүзеге асыратын
мемлекеттік басқару саласының қызметін бұзады. Сондықтан, осы позицияны
ұстанатын ғалымдар аталмыш қылмыстар үшін жауаптылық көздейтін баптарды
Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар тарауына орналастыруды ұсынады.
Қазақстан Республикасы ҚК-нің 15-тарауына біріктірілген нормалар сот
әділдігін жүзеге асыратын органдардың дұрыс қызметін қамтамасыз етуге,
сондай-ақ жазалардың орындалу тәртібіне бағытталған. Сот әділдігі ұғымы
заңды күшіне енген үкімдер бойынша қылмыстық жазаларды орындауды қамтамасыз
етудегі қоғамдық қатынастарды да қамтиды. Осыған байланысты С.М.Рахметов
Қылмыстық Кодекстің осы тарауынындағы және жазалардың орындалу тәртібіне
деген сөздерді алып тастап, Сот әділдігіне қарсы қылмыстар деп атауды
ұсынады [15,36-б].
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 15-тарауын осылайша
өзгертудің қажеттілігін С.М.Рахметов осы тараудағы кейбір нормалардың
қылмыстық істер бойынша тағайындалған қылмыстық жазалаулардың орындалуын
ғана емес, басқа да сот актілерінің орындалуына бағытталуын түсіндіреді.
Оларға мыналарды жатқызуға болады: ҚК-тің 357-бабының 1 б. (Хатталған
немесе иелік етуге тыйым салынған не тәркілеуге жататын мүлікке қатысты
заңсыз әрекеттер), ҚК-тің 362-бабының 2, 3 б. (Сот үкімін, сот шешімін
немесе өзге де сот актісін орындамау). Көрсетілген нормаларда қылмыстық
жаза тағайындалған үкімді орындаудан жалтару үшін ғана емес, азаматтық,
әкімшілік істер және басқа да материалдар бойынша сот шешімдерін орындаудан
бас тарту бойынша жауаптылық көзделген. Сол себепті де, бұл қылмыстар жаза
тағайындалған үкімдердің орындалуына ғана емес, басқа да сот актілерінің
орындалу тәртібіне қол сұғады. Қоғамдық қатынастар тобы ретінде, жазалардың
орындалу тәртібі басқа да сот актілерінің орындалу тәртібі сияқты қоғамдық
қатынастарды қамтымайды. Сондықтан, Қылмыстық Кодекстің 15-тарауының атауы
мазмұнындағы құқықтық нормаларға сәйкес келмейді.
Келтірілген сот әділдігіне қарсы қылмыстардың жіктері негізінен Ресей
Федерациясының қылмыстық заңнамасына негізделген. Еліміздің
сот әділдігіне қарсы қылмыстар үшін жауаптылықты реттейтін қылмыстық
заңнамасы Ресей Федерациясының қылмыстық кодексінен айтарлықтай
ерекшеленеді десек те, сот әділдігіне қарсы қылмыстарды тікелей объектісіне
байланысты жіктеу бойынша ресейлік ғалымдардың ұсынысын Қылмыстық Кодекстің
сәйкес тарауындағы қылмыстарды жіктеуде негізге алуға болады, себебі нақ
осы жікті ұстанған жағдайда Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексіндегі
Сот әділдігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар деп
аталатын 15-тарауы мазмұнындағы барлық баптарды қамтиды[16,38-б].

1.3 Шетелдердің қылмыстық заңнамасындағы сот әділдігін қарсы
қылмыстарға жауапкершілік туралы

Шетелдердің сот әділдігіне қарсы қылмыстар үшін жауаптылық туралы
қылмыстық заңнамалары алуан түрлілігімен ерекшеленеді. АҚШ-тың қылмыстық
заңнамасы зерделеу үшін белгілі бір қызығушылықты тудырады. Бұл елдің
құқықтық жүйесі көне өркениет тәжірбиесінің өте қолайлысын пайдалана отырып
аса тиімді құрылған.
АҚШ-тың федералдық заңнамасы 1909 жылы қайта жүйеленіп, 1948 жылы
реформаланған 1873-1877 жылдардың қылмыстар туралы АҚШ заңдары жинағынан
тұрады. АҚШ заңдар жинағының 19 тарауының 1 бөлімі АҚШ-тың қолданыстағы
федералды қылмыстық кодексі болып табылады. Бұл заңға қосымша, 1984 жылы
жазалардың тағайындалу және орындалу мәселелері, қауіпті қылмыскерлермен
және рецидивистермен күресу шаралары реттелетін қылмыстарды бақылау туралы
заң қабылданды.
Дегенмен, АҚШ федералдық қылмыстық заңнамасының реттеу аясы айтарлықтай
шектеулі. Бұл заңмен федералды қызметкерлердің қылмыстары[17,34-б]
үшін немесе қылмыс бірнеше штаттың аумағында жасалғанда жауаптылық
тағайындалады. Мысалы, есірткі тарату, ұрланған автокөліктерді сату.
Сондықтан АҚШ-тағы қылмыстық жауаптылыққа тартылатындардың көпшілігі
федералды заңды бұзғандығы үшін емес, жекелеген штаттардың қылмыстық кодекс
нормаларының және басқадай заңдарын бұзғандығы үшін айыпталады.
Штаттардың қылмыстық заңнамаларының негізін едәуір айырмашылықтары бар
қылмыстық кодекстер құрайды. Мұндай жағдай және көптеген штаттардағы
бірқатар кодекстер ережелерінің ескірген сипаты қылмыспен, әсіресе
ұйымдасқан қылмыспен күресте күрделі кедергі болатын.
1962 жылы штаттардың қылмыстық заңнамасын үйлестіру және кейбір
кемшіліктерді жою мақсатында америкалық құқық интитутымен АҚШ-тың Үлгілі
қылмыстық кодексі дайындалды. Бұл құжат штаттардың қылмыстық заңнамасында
реформалар жүргізуде бағдар, үлгі болды. Оның негізінде штаттарда жаңа
қылмыстық кодекстер қабылданды.
Американдық қылмыстық заңнама бойынша сот әділдігіне қарсы қылмыстар
ішінен сотты құрметтемеу мәселесі назар аудартады.
АҚШ-та көрсетілген құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауаптылық
мәселесіне едәуір көңіл бөлінеді, өйткені американдық әділсот сот билігінің
толық тәуелсіздігіне байланысты. Соттарға заңдарды талқылауға кең
уәкілеттіліктер берілген. АҚШ-тың сот жүйесін басқаратын жоғарғы соты
конституциялық бақылау функциясын да жүзеге асырады. Кеәбір жағдайларда ол
заңдардың конституцияға сәйкес келу мәселесін шешеді.
АҚШ-тың қылмыстық заңнамасы мен ағылшын құқығының кейбір ұқсастықтары
бар. Бұл XVII-XVIII ғасырлардағы АҚШ аумағына ағылшын
отарлаушыларының ағылшын құқығы нормаларының әкелуіне байланысты.
Сондықтан, сотты құрметтемеу үшін жауаптылық туралы норманың негізін
ағылшын құқығы құрайды.
Американдық қылмыстық-құқықтық доктрина сотты құрметтемеу соттың
әділдігіне зиян немесе оның жүзеге асырылуына кедергі келтірілетін әрекет
ретінде анықталады.
Сот өндірісінің түріне байланысты азаматтық сот ісін жүргізу барысында
сотты сыйламау және қылмыстық сот ісін жүргізу барысында сотты сыйламау
болып айрықшаланады.
ГФР-дің қылмыстық заңнамасын да сот әділдігіне қарсы қылмыстар үшін
жауаптылық қарастырылған [18,85-б].
ГФР Қылмыстық кодексінің 120 параграфы қамаудағы адамды заңсыз босату,
оны қашуға итермелегені немесе көмектескені үшін үш жылға дейінгі мерзімде
бас бостандығынан айыру немесе айыппұл түріндегі жауаптылықты қарастырады.
Егер қылмысты лауазымды адам немесе жаза өтеу мекемесінің қызметкері
жасаса, қосымша екі жыл қосылады.
ГФР ҚК-нің 145 параграфы билік органына не болмаса дайындалып жатқан
немесе жасалған қылмыс туралы арыз қабылдауға құзыретті органға көрінеу
жалған сөз жеткізу үшін жауаптылықты реттейді.
Сонымен қатар, ГФР Қылмыстық кодексінде жауап беруге мәжбүр ету (343
параграф), қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын кінәсіздің немесе адамның ізіне
түсу (344 параграф), кінәсізге қатысты үкімді орындау (345
параграф), жабық сот процестері туралы мәліметтерді заңсыз жария ету (353-а
параграф) үшін жауаптылықтар қарастырылған.
ГФР ҚК-нің сот әділдігіне қарсы қылмыстар үшін жауаптылық туралы
жекелеген нормаларын қарасытра отырып, жалпы қорытынды шығаруға болады. ГФР
Қылмыстық кодексінде сот әділдігіне қарсы қылмыстар үшін
жауаптылықты реттейтін арнайы тарау жоқ. Сондықтан да олар әр түрлі
тарауларда орналастырылған. Оның ішінде, Мемлекеттік билікке қарсылық
көрсету деп аталатын алтыншы тарауда - 2 параграф, Жеке бостандыққа қарсы
қылмыстар деген жетінші тарауда - 1 параграф, жиырма бірінші Қылмыскерді
жасыру және қылмыстық жолмен табылған мүлікті жасыру тарауында - 4
параграф, Лауазымдық қылмыстар деп аталатын отызыншы тарауда - 8
параграф.
Швейцария конфедерациясының қылмыстық құқығының негізгі қайнар көзі -
1937 жылы қабылданып, 1942 жылы күшіне енген Қылмыстық кодексі болып
табылады. Бұл заңға сәйкес мынадай жауаптылықтар қарастырылған: көрінеу
заңсыз жолмен табылған мүлікті иелену, кепілге алу, сыйға алу, жасыру
немесе иеліктен шығаруға көмектесу (160-бап); шенеуніктерді, оның ішінде
соттарды параға сатып алу (288-бап); жалған айыптау (303-бап); өзін өзі
жалған айыптау (304-бап); қылмысты немесе оны жасаған адамды жасыру.
Қамаудағы немесе бас бостандығынан айрылған адамға қашуға көмек көрсету
не болмаса ұйымдастыру (310-бап); қамауда ұстау немесе жаза өтеу
мекемесінің қызметкерлеріне топтық жабылу (311-бап) үшін де жауаптылық
қарастырылған.
Швейцария конфедерациясының федералды қылмыстық заңнамасының сот
әділдігіне қарсы қылмыстар үшін жауаптылықты қысқаша талдаудан кейін
мынадай қорытындыға келуге болатын сияқты[19,85-б]:
Швейцарияның Қылмыстық кодексінде Сот әділдігіне қарсы қылмыстар деп
аталатын 17-ші тарау бар. Алайда, сот әділдігінің мүддесіне қол сұғатын
қылмыстар негізінен Мүліктік қылмыстар туралы тарауда орналасқан.
Қарастырылып отырған қылмыстар үшін жауаптылықты реттейтін кейбір баптар
Мемлекеттік билікке қарсы қылмыстар,
Қызметтік немесе кәсіби міндеттерге қарсы қылмыстар деп аталатын
тарауларда жинақталған. Швейцарияның Қылмыстық кодексінде басқа елдердің
қылмыстық заңнамасында жоқ сот әділдігіне қарсы қылмыстар үшін жауаптылық
нормалары назар аудартады. Мысалы, өзін өзі айыптау, шетелдерде жасалған
қылмыстарды жасыру және қылмыскерді басқа шетел мемлекетінің аумағында
жасыру.
Голландияның қазіргі күнге дейінгі қолданыста жүрген 1886 жылы
қабылданған Қылмыстық кодексі сот әділдігіне қарсы қылмыстардың келесідей
түрлеріне жауаптылық қарастырады: жалған сөз жеткізу - 188-бап; жасырушылық
- 189 бап; бас бостандығынан айрылған адамды заңсыз босату немесе оған
қашуға көмек көрсету-191 бап; куәгердің жауап беруден, сарапшының қорытынды
жасаудан, аудармашының аударудан бас тартуы - 192 бап; соттан жалтару -
194. Көрсетілген заң бойынша тәркілеуге жататын мүлікті ұстап қалу, жасыру,
жою немесе зиян келтіру - 198 бап; мөрленген мүліктің пломбасына зақым
келтіру - 199 бап; заттай айғақтарды қасақана жою - 200 бап; жалған сөз
жеткізу - 207 бап; сияқты қылмыстар үшін жауаптылықты реттейді.
Голландияның қылмыстық заңнамасын жалпы сипаттай отыра, қарастырылып
отырған қылмыстарды жүйелейтін Сот әділдігіне қарсы қылмыстар деп
аталатын тараудың жоқтығын айта кету керек. Сондықтан бұл қылмыстар үшін
жауаптылық Қылмыстық кодекстің бірнеше тарауында орналасқан. Олардың
бірқатары Мемлекеттік билікке қарсы қылмыстар деп аталатын сегізінші
тарауда шоғырланған [20,48-б].
Ал, Испанияның 1995 жылы қабылданған Қылмыстық кодексінің сот
әділдігіне қарсы қылмыстар үшін жауаптылықты көздейтін нормаларының аясы
аса кең. Оның ішінде қинап жауап беруге мәжбүр еткені үшін Испания ҚК-нің
174-бабымен жауаптылық көзделген. Әкімшілік іс бойынша әділетсіз шешім
қабылдағаны үшін ҚК-тің 404-бабымен, қылмысты жасауға жол
бергені үшін 407-бабы бойынша жауаптылыққа тартылады. Сонымен қатар,
Испанияның Қылмыстық кодексі сот әділдігіне қарсы келесідей қылмыстар үшін
жауаптылықты қарастырады: құқыққорғау органдарының қызметкерлерінің
қылмысты ашуда немесе қылмысты жасаған адамға қатысты қылмыстық ізге түсуде
белсенді әрекет қолданбауы (408-бап); лауазымды адамның сот шешімін
орындаудан бас тартуы (410-бап); полиция қызметкерлерінің жеке тұлғалардың
шақыруы бойынша қылмыс орнында әрекет етпеуі (412-бап); әділетсіз сот
үкімін, шешімін шығару (446-бап); заңды себепсіз не болмаса негізсіз соттың
шешім қабылдаудан бас тартуы (447-бап); сот хатшысының, сот органдарының
басқа да қызметкерлерінің сот әділдігін жүзеге асыруда әуре-сарсаңды
ұйымдастыруы (449-бап); көрінеу жалған сөз жеткізу (456-бап); екі рет
шақырылғаннан кейін сотқа келмеу (463-бап) [21,18-б].
Болгарияның 1968 жылдың 15 наурызында қабылданған Қылмыстық кодексі сот
әділдігіне қарсы қылмыстар үшін жауаптылықтың қылмыстық заңнамада теңдесі
жоқ нормаларды қарастырады. Мысалы, Болгария Қылмыстық кодексінің 288-бабы
бойынша, билік өкіліне қылмыстық ізге түсуде өзінің қызметтік міндеттерін
уақытылы орындамағаны немесе қылмыс жасаған адамды заңда белгіленген
жазасын өтеуден босату мақсатында қылмыстық ізге түсуді тоқтатқаны үшін үш
жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылады
[22,13-б].
Қытай Халық Республикасының 1997 жылғы 14 наурызындағы Заңымен
өзгерістер енгізілген 1979 жылғы Қылмыстық кодексі сот әділдігіне қарсы
қылмыстар үшін жауаптылықты келесідей реттейді [23,6-б].
Қытайлық қылмыстық заңнамада түрмелердің қадағалау, алдын ала қамау
орындарының, тергеу изоляторлары қызметкерлерінің қамаудағы адамдарға
қатысты денеге зақым келтіру жазаларын қолдану, ұрып-соғу сияқты
әрекеттерді жасағаны үшін (ҚК-248 бабы), қылмысты жасаған адамды қорғау
мақсатында жалған жауап бергені үшін (ҚК-тің 310-бабы), бас бостандығынан
айыру орындарының қалыпты қызметінің тәртібін бұзғаны үшін (ҚК-тің 315-
бабы), бас бостандығынан айыру орындарында топтық қашуды ұйымдастыру үшін
(ҚК-тің 317-бабы), жазадан заңсыз шартты босатқаны үшін (ҚК-401 бабы),
құқық қорғау органы қызметкерлерінің қылмыскерге ақпаратты ұсынғаны және
жауаптылықтан жалтаруға көмектескені үшін (ҚК-тің 417-бабы) жауаптылық
нормалары көзделген.
Қылмыстық кодекстің 306-бабы айғақтарды жою, бұрмалау, куәні айғақтарын
өзгертуге көндіргені үшін жауаптылықты қарастырады.
Түрмеден қашу бүлігіне басшылық жасағаны не болмаса белсенді қатысқаны
үшін (ҚК-тің 317-бабының 2 бөл.) жазалау шарасы ретінде бас бостандығынан
айыру немесе өлім жазасы қолданылады.
ТМД елдерінің қылмыстық кодекстері қарастырылып отырған қылмыстар үшін
жауаптылық мәселелерін шамамен бірдей реттейді, алайда бірқатар
ерекшеліктер де бар.
Егер осы мәселе бойынша Қазақстанның қылмыстық заңнамасын Ресей
Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Түркменстан, Өзбекстан Республикасы
және Беларусь Республикасы сияқты ТМД-ның кейбір елдерінің қылмыстық
кодекстерімен салыстырсақ - сот әділдігіне қарсы қылмыстар үшін жауаптылық
туралы мәселелерді реттейтін баптардың жалпы санынан айтарлықтай
айырмашылықты көруге болады: Қазақстан Республикасыныңы ҚК - 28, Ресей
Федерациясының ҚК - 24, Беларусь Республикасының ҚК - 39, Тәжікстан
Республикасының ҚК - 25, Түркменстанның ҚК - 23, Өзбекстан Республикасының
ҚК – 15[24,36-б].
Ресей Федерациясының ҚК-нің 31 тарауы Сот әділдігіне қарсы қылмыстар
деп аталады. Біздің еліміздің Қылмыстық кодексімен салыстырсақ, Ресей
Федерациясының ҚК-і бойынша қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің
талаптарына қасақана бағынбау, адвокаттар мен өзге де адамдардың
азаматтарды қорғау және оларға заңгерлік көмек көрсету жөніндегі заңды
қызметіне кедергі жасау, сондай-ақ қинау үшін жауаптылық қарастырылмаған.
Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекемелердің қалыпты қызметінің
тәртібін бұзғандығы үшін қылмыстық жауаптылық Басқару тәртібіне қарсы
қылмыстар деп аталатын 32 тараумен реттеледі.
Ал, Тәжікстан Республикасының ҚК-імен салыстырсақ, онда судьяға,
алқабиге, прокурорға, тергеушіге, алдын ала анықтауды жүргізуші адамға,
сарапшыға, сот приставына, соттың атқарушысына қатысты жала жабу,
коммерциялық сатып алуға не сыбайлас жемқорлық қылмысқа арандату, судьяға
және қылмыстық процеске қатысушыларға қатысты қолданылатын қауіпсіздік
шаралары туралы мәліметтерді жария ету, қылмыстық-атқару мекемесі
әкімшілігінің талаптарына қасақана бағынбау үшін жауаптылық көзделмеген.
Адвокаттар мен өзге де адамдардың азаматтарды қорғау және оларға
заңгерлік көмек көрсету жөніндегі заңды қызметіне кедергі жасау үшін
жауаптылықтың Тәжікстан Республикасының Қылмыстық кодексінде ғана емес, ТМД-
нің басқа да елдерінің қылмыстық заңнамаларында қарастырылмағанын айта
кеткен жөн [25,51-б].
Түркменстан Қылмыстық кодексінің ерекшеліктері мынадай: мұнда сот
әділдігін немесе алдын ала тергеуді жүзеге асырушы адамның өміріне қол
сұғу, айғақтарды бұрмалау, судьяға және қылмыстық процеске қатысушыларға
қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету,
қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің талаптарына қасақана бағынбау үшін
жауаптылық қарастырылмаған. .
Сот әділдігін жүзеге асыруға немесе алдын ала тергеу жүргізуге
байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері (490-бап) үшін
жауаптылықтан басқа, Түркменстанның Қылмыстық кодексінде Басқару тәртібіне
қарсы қылмыстар деп аталатын 25-ші тарауында құқық қорғау органдарының
қызметкерлеріне және әскери қызметкерлерге қатысты өліммен немесе күш
көрсету әрекеттерімен қорқыту (211-бап) үшін жауаптылық анықталған.
Шетелдердің қылмыстық заңнамасында сот әділдігін жүзеге асыруда
қалыптасатын қатынастарға қол сұғушылықтар үшін алуан түрлі назар
аударарлық жауаптылық нормалары бар. Әйткенмен, оларды бейғам көшіріп алу
дұрыс емес. Себебі, біздің еліміз экономикалық, саяси, әлеуметтік дамуында
ешбір мемлекетке ұқсамайды. Сонымен қатар, сот әділдігін жүзеге асыруда
қалыптасатын қоғамдық қатынастарды қорғау шараларын анықтауда аса маңызды
болып табылатын құқықтық мәдениет деңгейлері мүлдем басқаша.
Қалай десек те, басқа елдердің тәжірибесін толығымен елемеуге болмас.
Шетел заңнамасының нормаларын, олардың қолданылу жағдайлары мен тәжірибесін
зерделеу, қазіргі заманғы қажеттіліктерге толығымен жауап беретін қылмыстық
заңнама нормаларын құруға мүмкіндік береді.

СУБЬЕКТІСІ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАР БОЛАТЫН СОТ
ӘДІЛДІГІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИАПАТТАМАСЫ

2.1 Субъектісі құқыққорғау органдарының лауазымды тұлғалары болып табылатын
сот әділдігіне қарсы қылмыстардың объектісі

Кез келген қылмысты іс-әрекеттің мәнін ашу үшін қылмыстың объектісін
анықтаудың маңызы ерекше.
Қылмыстық құқық бойынша қылмыстың объектісі деп қылмысты қол
сұғушылықтан қылмыстық заң бойынша қорғалатын қоғамдық қатынастарды
айтамыз. Әрбір істелген қылмыс белгілі бір жағдайларда қоғамдық
қатынастарға зиян келтіреді не болмаса зиян келтіру қаупін туғызады[26,34].
Бөліп қарастырылып отырған қылмыстар тобының объектісін зерделегенде
кейбір ғалымдар осы қылмыстардың объектісі ретінде әділет органдарының
дұрыс қызметі мен жеке адамдардың мүддесін қарастырса, енді басқалары
соттар мен сот әділдігін жүзеге асыратын басқа да органдардың іс-әрекетін
аталмыш қылмыстардың тікелей объектісі деп таниды. Алайда, Н.И.Коржанский
қылмыс объектісін дұрыс анықтамау жекелеген қылмыстарды саралауда теріс
қорытынды шығаруға әкеледі, - дейді[27,23-б].
Ең кең тараған пікір бойынша ҚР ҚК-нің 15-тарауында көзделген
қылмыстардың топтық объектісі ретінде сот әділдігі немесе сот әділдігінің
мүдделері аталады.
Заң әдебиеттерінде сот әділдігі ұғымына түсінік беруде бір пікір
қалыптаспаған. Кеңес кезеңінің құқық теориясында КСРО-ның 1936 жылғы
Конституциясының қабылдануына дейін сот әділдігі термині қолданылмады,
тіпті оған анықтама беруге де әрекет жасалмады, бұған басты себеп Қазан
төңкерісінен кейінгі патшаның сот әділдігіне деген кері көзқарас болатын.
Әдебиеттерде сот әділдігіне келесідей анықтамалар берілген, мысалы
А.Я.Сухарев бойынша: Сот әділдігі дегеніміз - соттың құзыретіне кіретін
қылмыстық істер, азаматтық даулар және т.б. қарау мен шешуден тұратын
мемлекеттік іс-әрекет нысаны[28,42-б].
Л.В.Тихомиров пен М.Ю.Тихомирова: Сот әділдігі деп азаматтық және
қылмыстық істерді, сондай-ақ азаматтардың, ұйымдардың және мемлекеттің
құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында экономикалық дауларды қарау мен
шешуде іс жүргізу құқығымен анықталатын соттың іс-әрекетін айтады[29,29-б].
Қарастырылып отырған сот әділдігіне қарсы қылмыстар негізінен қос
объектілі, көрінеу кінәсіз адамды жауаптылыққа тартқаны (344-бап), қылмысты
жауаптылықтан көрінеу заңсыз босатқаны (345-бап) үшін қылмыстардың тікелей
объектісі - прокуратура, сот, тергеу, анықтама және басқа да осыларға
теңестірілген органдардың дұрыс қызметі.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Прокуратура
туралы Заңында прокуратура органына мынадай анықтама берілген: Қазақстан
Республикасының прокуратурасы - Республика аумағында заңдардың, Қазақстан
Республикасы Президентi Жарлықтарының және өзге нормативтiк құқықтық
актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуына, жедел-iздестiру қызметiнiң,
анықтама мен тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iстер жүргiзудiң
заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының
Президентiне есеп беретiн мемлекеттiк орган. Прокуратура кез келген
заңдылық бұзушылықты анықтау және жою жөнiнде шаралар қолданады,
Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен өзге де
құқықтық актiлерге наразылық жасайды, сотта мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi,
сондай-ақ заңда белгiленген жағдайларда тәртiп пен шекте қылмыстық
қудалауды жүзеге асырады.
Жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтама мен тергеудiң, әкiмшiлiк және
атқарушылық iстер жүргiзудiң заңдылығына жоғары қадағалау жасап,
прокуратура органдары сот әділдігінің жүзеге асырылуына тікелей қатысады.
Қылмыстық Кодексте прокурордың қызметіне кедергі жасау және оның заңды
талаптарын орындамау сияқты 321-1-баптың болуы прокурорлық қадағалаудың
тиімділігін қамтамасыз ететін шаралардың бірі болып табылады.
Көрінеу заңсыз ұстау, қамауға алу немесе қамауда ұстау (346-бап)
қылмысының да тікелей объектісі - прокуратура, алдын ала анықтау, алдын ала
тергеу органдарының қалыпты қызметі.
Сонымен бірге, сот, сот жүйелерінің бірқалыпты қызметі, әділсоттылық
мүддесі, оның беделі айғақтарды бұрмалау (348-бап), коммерциялық сатып
алуға не сыбайлас жемқорлық қылмысқа арандату (349-бап), көрінеу әділетсіз
сот үкімін, шешімін немесе өзгедей сот актісін шығару (350-бап) сияқты
қылмыстардың да тікелей объектісі болып табылады.
Айғақтарды бұрмалаудың қосымша объектісі - жеке адам мүддесі. Яғни,
айғақтарды немесе дәлелдемелерді бұрмалау іс жағдайларын бұрмалайды, іске
қатысушылардың (мысалы, талапкердің, жауапкердің, сотталушының,
жәбірленушінің және т.б.) мүдделерін қозғайды. Бұл әр түрлі нысанды
білдіреді: тергеу, беттестіру, тану, оқиға болған жердегі көрсетулерді
тексеру, оқиға болған жерді тексеру, тінту, заттай айғақтарды тексеру
хаттамаларындағы қасақана жазылған қате жазулар, іске тігілетін жалған
процессуалдық немесе өзге құжаттарды жасау, шындығында болмаған оқиғаның
инценировкасын жасау, есірткі, қаруды және т.б. жалған дәлелдерді тастап
кету, істегі бар құжаттарды жойып жіберу, алып алу немесе ауыстыру,
сараптама актілерін қайта жасау, іске жалған айғақ заттарды өтірік және
т.б. осыған ұқсас әрекеттер болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде берілген
анықтама бойынша сот дегеніміз - сот билігі органы, Қазақстан
Республикасының сот жүйесіне кіретін, істі алқалық немесе жеке қарайтын кез
келген заңды түрде құрылған сот.
Алдын ала тергеу, анықтама және басқа да осыларға теңестірілген
органдардың дұрыс қызметі - жауап беруге мәжбүр ету (347-бап), қинау (347-
1 бап) сияқты қылмыстардың объектісі.
ҚР ҚІЖК бойынша, алдын ала тергеу органдары дегеніміз - осы Кодекспен
белгіленген өкілеттік шегінде істің мән-жайының жиынтығын анықтау,
белгілеу, бекіту және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту
сотқа дейінгі қызметінің іс жүргізу нысаны болып табылатын уәкілетті
органдар.
Осы Кодекспен белгіленген өкілеттік шегінде, сотқа дейінгі қызметінің
іс жүргізу нысаны істің мән-жайының жиынтығын анықтау, белгілеу бекіту және
және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту болып табылатын
уәкілетті органдарды анықтау органдары деп атаймыз.
Алдын ала тергеу кезеңнің тiкелей мақсаты - қылмыстық сот өндiрістің
негiзгi, түпкi мақсатына сай жалпы мiндеттердi орындау үшін жасалған
қылмыстық барлық жағдайын бөге-шiгесiне дейiн анықтау. Осы мақсатқа сай
алдын ала тексеру кезеңінiң тiкелей мiндетi - іс-жүргізу және тергеу
жұмыстарын жүргізу жолымен дәлел айғақтарды жинау, тексеру және бастапқы
баға беру.
Алдын ала тергеу барысындағы қылмыстық-процесстің мiндеттер:
1. істің жағдаяттарын жан-жақты, толық және объективтi төрде зерттеу.
2. бұрмалау, жауапкерлiк және жазалау принципiн жүзеге асыру.
3. қылмысты тез әрi толық ашу.
4. айыптыны әшкерлеу және заңнық дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету.
5. айыпсызды жауапқа тартуға жол бермеу.
6. кейiнгi басты соттық талқылауда пайдалану үшін дәлелдердi тауып, бекiту.
7. қылмыстық iс өндiрiсiне айыптаушынық қатысуын қамтамасыз ету және онық
тарапынан бұдан да қылмыстық әрекет жасатпау.
8. қылмыстын келген шығымнық мөлшерiн анықтап, онық орнын толтыру жөнiнде
шаралар қабылдау.
9. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқық Ерекше бөлімінің жалпы ұғымы
Қылмыстық кодекстің 346 - бабында екі бірдей қылмыс
Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар туралы
Балалардың құқықтық қағидалары
Құқыққа қарсы банкроттық үшін қылмыстық жауаптылықтың қылмыстық құқықтық және криминологиялық аспектілері
Қылмыс жасаған адамды ұстау негіздеріне тоқталу
Қылмыс жасаған адамды ұстау негіздері
Қылмыс жасаған адамдарды ұстаудың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
Заңға сәйкес кылмыстық ізге түсу
Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден мерзімінен бұрын- шартты түрде босату
Пәндер