Қызметкерді жұмыстан шығару


Жоспары:
- Кіріспе . 3
- Негізгі бөлім . . . 4«ASM TENDER» ЖШС . . . 4Ақпараттық технология мамандарының кәсіпорындағы мақсаттары мен міндеттері . . . 5
- Практикалық бөлім . . . 6Кәсіпорында орнатылған ақпараттық технологиялар . . . 6Кәсіпорындағы локальдық жүйелерді орналастыруды қарастыру . . . 7Кәсіпорында жұмыс істейтін программаларға сипаттама . . . 10
- Қорытынды. 22
- Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 23
1. КІРІСПЕ
Дипломалды практика студентке алған теориялық білімін іс-жүзінде орындап, тәжірибелік түрде қарастыруға мүмкіндік береді. Студенттің білікті маман болу жолында дпломалды практиканың берері мол.
Дипломалды практика мақсаты: Кәсіпорын құрылымымен таныса отыра, ұжыммен бірлесе жұмыс істеуді, теориялық оқыған білімді практикада сынап көру.
Дипломалдыпрактика міндеттері:
- Кәсіпорын құрылымымен танысып, ұжыммен бірлесе қызмет ету;
- кәсіпорын программистерінің жұмысын жетік меңгеру;
- ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
- этикалық нормаларға сай жұмыскерге қойылатын талаптарды игеру;
- кәсіпорын қызметкері ретінде қоғамдық жұмыстарға қатысу.
2. Негізгі бөлім
- «ASM TENDER» ЖШС
«ASM TENDER» ЖШС - Мемлекеттік ұйымдар мен ірі компаниялар, өздерінің қажеттіліктеріне керекті тауарлар мен қызметтерді сатып алу үшін, тауарлар мен қызметтерді өндіруші компаниялар арасында арнайы конкурсті өткізеді.
Мақсаты - өзге де жеке қызметтерді ұсыну.
Осы тендерлік құжаттама төмендегіден тұрады:
1) тендерлік құжаттама;
2) 1-қосымша - сатып алынатын тауарлардың сипаттамасы, техникалық өзіндік ерешеліктерді қоса алғанда, олардың қажетті техникалық және сапалық сипаттамалары;
3) 2-қосымша - сатып алынатын тауарлардың саны (көлемі), әрбір лот бойынша сатып алуға бөлінген сома, төлем шарты, жеткізуде талап етілетін орны;
4) 3-қосымша - тендерге қатысуға өтінімнің нысаны;
5) 4-қосымша - әлеуетті өнім берушінің өтініміне қоса берілетін құжаттардың тізімін толтыру нысаны;
6) 5-қосымша - берешектің жоқтығы туралы анықтаманың нысаны;
7) 6-қосымша - бағасы кестесінің нысаны;
8) 7-қосымша - банктік кепілдіктің нысаны;
9) 8-қосымша - мамандардың болуы және саны туралы мәлімет;
10) 9-қосымша - сатып алу туралы типтік шарт.
Тендерлік өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар
- Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін тендерлік құжаттама ережелеріне сәйкес жасалған тендерлік өтінімді мөрленген түрде тапсырыс берушіге немесе сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынады.
- Тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін түскен тендерлік өтінім ашылмайды және әлеуетті өнім берушіге қайтарылады.
- Тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімі тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы күнінен бастап есептелетін кемінде күнтізбелік қырық бес күнді құрайды. Қолданылуы мерзімі ең қысқа тендерлік өтінім қабылданбауы тиіс.
- Тендерлік өтінім негізгі бөліктен, техникалық бөліктен және кепілдікті қамтамасыз етуден тұрады. Бірлесіп орындаушы тартылған жағдайда әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімге рұқсат беру органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы жүзеге асыратын қызметті немесе әрекетті (операцияны) жүзеге асыруға бірлесіп орындаушының құқығын растайтын рұқсатты да, әлеуетті өнім беруші мен ол тартып отырған бірлесіп орындаушы арасында жасалған шартты да ұсынады.
2. 2 Ақпараттық технология мамандарының кәсіпорындағы мақсаттары мен міндеттері
«ASM TENDER» ЖШС бойынша ақпараттық технология бөлімі қызметкерлерінің мақсаты: кәсіпорынды ақпараттық технологиямен қамтамсыз ету, соның ішінде локальды жүйе, интернет желісіне шығуды қамтамасыз ету, кәсіпорын жұмыс жасайтын барлық программалық жабдықтармен қамтасыз етіп, олардың дұрыс жұмыс істеуін қадағалау, кәсіпорында орнатылған видеобақылауды жүргізу, нәтижелерін сақтау.
Міндеттері:
- Кәсіпорын қызметкерлерін ақпараттық технология жабыдықтарымен қамтамасыздандырып, барлық қажетті программалық жабдықтаманы орнату;
- Кәсіпорындағы өндірістік есептерді шешуде қолданылатын программалық жабыдықтардың дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз ету;
- Видеобақылау жүргізіп, нәтижелерін сақтау, резервті көшірмесін алу;
- Тиеу жұмыстары жүретін орын арқылы жүргізілетін кабельдердің сызбасын құжаттама түрінде сақтау.
«Қазақстандық мемлекеттік сатып алулар» порталымен қалай жұмыс істеуге болады?
Мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін алдымен ХҚКО-да электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу қажет, екіншіден, порталда тіркелу қажет. Осыдан кейін, өз тауарларын немесе қызметтерін ұсынуға дайын кәсіпкер осы сайтта мемлекеттік органдардан шыққан жарнамалармен таныса алады. Сіз ағымдағы сатып алу туралы ақпаратты «Хабарландырулар», «Көп учаскелер», «Нәтижелер», «Сатып алу жоспары», «Келісімдер» бөлімдерінде немесе тауарлардың немесе қызметтердің түрін табу үшін сайттың іздеу жүйесін пайдалана аласыз, мысалы, «құрылыс жұмыстары». Жарнамада тұтынушылар жеткізушілерге қойылатын талаптарды көрсетеді: материалдық-техникалық базадан бастап оны қолдайтын құжаттарға дейін. Бұдан басқа, хабарландырулар конкурстың нақты күнін және уақытын көрсетуі керек, сондықтан барлық әлеуетті қатысушылар тең шарттарда мемлекеттік сатып алу конкурсына дайындалуы мүмкін.
Тендерге қатысуға өтінім - құжаттардың көптігі. Ол комиссияның қарауына қажетті бірнеше ақпаратты қамтиды: компанияны тіркеу туралы; оның төлем қабілеттілігі мен сенімділігі туралы; тапсырыс берушінің критерийлерін қанағаттандыру туралы; жеткізілетін тауарлардың немесе қызметтердің сапасын растау; кепілдіктің болуы туралы. Сондай-ақ, құжаттарды тапсыру мерзімдері туралы біле аласыз, өтінім толтыру үлгісін және осы жағдайда қажет тендерге арналған үлгі құжаттарды көре аласыз.
3. Практикалық бөлім
3. 1 Кәсіпорында орнатылған ақпараттық технологиялар
«ASM TENDER» ЖШС дипломалды практика өту жоспары кафедрадан берілген тапсырма негізінде, практика жетекшісіӘмірханов С. М. бірге құрылды. Практика жоспар бойынша өткізілді. Әрі кәсіпорындағы ақаулардың туындауына байланысты қосымша жұмыстарда енгізілді, сол ақауларды жөндеу жұмыстары практика өтушілердің қатысуымен іске асырылды.
«ASM TENDER» ЖШС - кәсіпорын толығымен ақпараттық технологиялармен қамтамасыз етілген. Кәсіпорындағы әр бөлімдегі қызметкерлер жұмыскерлер барлық программалармен, желілік байланыспен, Интернетке шығу мүмкіндігмен, өз қызметтік дәрежесіне сай рұқсат етулермен қамтамасыз етілген. Яғни, қызметкерде:
- монитор,
- процессор,
- тінтуыр,
- пернетақта,
- басып шығару құрылғысы,
- желілік телефонмен қамтамасыз етілген.
Сурет-1. Кәсіпорын қызметкерінің жұмыс орны
Кәсіпорында негізінен hp компаниясының құрылғылары: монитор, процессор, басып шығару құрылғысы, сервер құрылғысы қамтылған. Филиал Avaya телефон құрылғылары орнатылған. Локальды жүйемен қамтамасмыз ететін құрылғылар тізімі, сипаттамасы келесі бөлімде беріледі.
3. 2 Кәсіпорындағы локальдық жүйелерді орналастыруды қарастыру
Кәсіпорын қызметкерлердің жұмыс барысындағы ақпараттық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету үшін локальды жүйе орнатылған. Локальды жүйе әртүрлі компания құрылғылармен құрастырылып, жұмыс жасауда. IT - бөлімде 2 локальды жүйені басқару шкафы орналастырылған (Сурет 2) .
Сурет-2. Кәсіпорында орнатылған локальды жүйені басқару шкафтары
Кәсіпорындағы барлық ДК-ларды басқару үшін арнайы байланыспен қамтамасыз етілген коммутатор орналастырылған. Телефон байланысының үздіксіз жұмыс жасауы үшін Planet компаниясының коммутаторлары орнатылған (Сурет 3-4 ) .
Сурет-3. GS-4210-24P4C коммутаторы
Сурет-4. Коммутатордың жұмыс істеу схемасы
Программист пен жүйелік админстратор міндетіне видеобақылау жүргізуде кіретіндіктен локальды жүйеге видеобақылау аппараттары да қосылып, локальды жүйені басқару шкафына видеобақылаудың нәтижесін жазып отыратын сервер орнатылған. Сервер сурет 2 де көрсетілген. Видеобақылау іске асу үшін камерлар орнатылған жерге байланыс жіберілу үшін Planet компаниясының ISW-514PT маркалы оптикасы бар коммутаторлар қолданылады (Сурет-5) .
Сурет- 5. ISW-514PT коммутаторы
Локальды жүйені басқару шкафы ішінде жалпы кәсіпорын қызметкерлеріне қажетті бағдарламалары бар сервер орнатылған. Локальды жүйені басқару шкафында серверлерді басқару құрылғысы Altuscn қосылған(Сурет-6) .
Сурет-6. Серверлерді басқару құрылғысы Altuscn
3. 3 Кәсіпорында жұмыс істейтін программаларға сипаттама
«Кедентранссервис» АҚ Қазақстандағы бірден-бір экспедциялық-логистикалық орталық болып табылады. Өндірістік есептерді шешу үшін 1С программасын қолданады. Алғашқы кездері әр бөлімде өз программалары болған, қазіргі уақытта қызметкерлерге жұмыс жасауға ыңғайлы болу үшін барлық программалардың функциясын 1С-ке енгізіп, кадрлар бөлімі үшін 1С-кадровый учет, бухгалтерия бөлімінде 1С-бухгалтерия программалары бір серверден жұмыс жасауға рұқсат етілген.
1С-кадровый учет программасын қолдану құрылымы, іске асырылатын жұмыстар:
- Жаңа қызметкерді енгізу;
- Қызметкерді жұмысқа қабылдау;
- Қызметкерді ауыстыру;
- Қызметкерді жұмыстан шығару;
- Еңбек демалысына шығару;
- Әлеуметтік демалысқа шығару;
- Демалыстан шақырып алу.
Басқа филиалдар мен Орталық аппарат арасында құжат алмасу үшін Lotus Notes программасы қолданылады.
Lotus Notes базасында құжат алмасу жүйесі барлық әлем бойынша қолданылады. Lotus Notes құжат алмасуды автоматтандыратын платформа ретінде қолданатын себептері:
- Lotus Domino сервері өзіне қолданбалар серверін және почталық серведі қосады, осылайша Lotus Notes құжат алмасу жүйесі басқа почталық қызметтерді қажет етпейді.
- Lotus Notes-та қолжетімділік құқығын шектеу жүйесі бар. Ол Lotus Notes-та құжат алмассу кезінде автоматтандыру бағасы мен уақытты мағыналы түрде қысқартады.
- Қолданушы қолданбамен жойылған түрде, серверге қосылмай жұмыс істей алады. Қолданушының ДК қосымша БҚ орнатуды қажет етпейді - тек Lotus Notes клиентінің қондырғысын жасау керек. Жұмыстан кейін қолданушы репликацияны іске қосады және мәліметтер автоматты түрде клиент пен сервер арасында синхрондалады.
- Lotus Domino сервері өзіне web-сервер қосады, солайша web-браузер арқылы Lotus Notes-те жұмыс істеуге болады.
- Lotus Notes қолданбасын толықтыру кезінде клиенттік орындарды жаңарту қажет емес. Өзгерісті қолданушы жұмысын үзбей жұмыс базасына енгізуге болады.
Кәсіпорындағы Lotus Notes қолданбасы арқылы өндіріс жұмыстарын автоматтандыру үшін классикалық құжаталмасуды қолданады. Бұл жүйе клесі құжат түрлерімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
- Кірс және шығыс құжаттары;
- Өкімдер мен Бұйрықтар;
- Қызметтік хаттар;
- Арыз;
- Хаттама;
- Хаттар;
Жүйеде орындау тәртібін қадағалау механизмі іске асырылған. Барлық құжатарға қолжетімділк құқығын шектеу қойылады, осылайша құжатты тек қолжетімді адам көре алады. Онымен қоса құжатты қайта құруға, өзгертуге, жоюға шектеу қойылған.
Құжат алмасуды автоматтандыру құжатты келісім уақытын келесі себептерге байланысты едәуір уақытқа қысқартады:
- Электронды құжат парралельді түрде келісіледі, бір құжат бірнеше жетекшіге бір уақытта берілгендей;
- Басып шығарылған құжатты бір жетекшіден екіншісіне беріп жіберу қажет етілмейді, яғни құжат жіберілу уақытын үнемдейді.
- Барлық құжаттарды басып шығаруды қажет етпейді, олар электронды түрде сақталады.
Филиал ішінде ақпарат алмасу үшін Inbit Messenger қолданылады.
Inbit Messenger - хабарлама және файлдарды локальды желіде алмасу үшін қолданылатын программа.
Кілттік ерекшеліктері: белгіленген серверді қолданады, жеке электрондық почта жүйесі бар және өшіп тұрған қолданушыларға да хабарлама жіберіле алады. Программа қолданушыларға бір-бірімен шынайы уақытта сөйлесуге, электронды почтамен жұмыс істеуге, файлды жеке қолданушыға немесе барлық локпльды жүйе қолданушыларна жіберуге мүмкіндік береді.
Потенциалды админстратор үшін:
- Программа пайдаланушы аттарын, почта, жалпыға қолжетімді файлдарды сақтайтын белгіленген сервер қолданылады;
- Сервер қызмет режимінде жұмыс істей алады, әкімдеу үшін арнайы клиент бар;
- Таңдау бойынша қолжетімді әңгімелерінің сервер журналдарын туралы техникалық қызмет көрсету, пошта туралы ескертулер мен басқа да іс-шаралар жүйесі.
- Қолданушылардың жазбалары локальды түрде сақталады, бірақ клиенттік программалар қондырғыларынан ттәуелсіз серверде жүргізіле алады.
- Қолданушы экранының скриншотын алу фунциясы бар. Оны графикалық ақпарат алмасу құралы ретінде қолдана алады.
- Қолданушыларды қызметіне қарай артықшылықтар бөлу қарастырылған.
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жалпы серверге Kerio control бағдарламасы орнатылған.
Kerio Control (Kerio WinRoute Firewall және WinRoute Pro) - бұлKerio Technologies және Tiny Software компанияларымен әзірленген программалық желіарлық экран. Программаның негізгі функцияларына; қауіпсіз Интернетке қолжетімділік, Локальды-виртуалды желіде желілік қорғаныс, трафикті үнемдеу және қолданушылардың жұмыс уақытында веб-контенттің әртүрлі категорияларына қосылуын шектеу болып табылады.
Программа ерекшеліктері:
- Көптілді интерфейс
- Өзінде орнатылған прокси-сервер
- Sophos тан біріктірілген антивирус
- Канал өткізу жолағын бақылау
- Басқа қосымша антивирустық модульдерді қосу мүмкіндігі
- Каналдарға жүктеуді баланстау
- Өзіндік VPN іске асырылған
- Қолданушының Интернеттегі белсенділігін мониторинг жасау және хаттамалау
- Active Directory мен біріктіру.
Бағдарламаны орнатып болғаннан кейн кафедрада Microsoft Excel-де оқушылар тізімін жасадым. Microsoft Еxcel -1979 жылы екі экономист студент Дэн Бриклин және Боб Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін әдіс ойлап табуды шешті. олар тарихта бірінші рет электронды кесте бағдарламасын жазып, оны Visible Calculator сөзінен қысқартылған VisiCalc (Көрсеткіш калькулятор) деп атады. сондықтан барлық электрондық кестелер бағдарламасы, оның ішінде Excel программасы Дэн мен Бобтың арқасында жүзеге асты. IBM және Macintosh компьютерлерінде жұмыс істейтін, ең озық үлгілерді ала отырып, бүгінгі заман талабына сай жасалған, электрондық кесте құрастыратын қолданбалы программа. Excel-дің соңғы нұсқаларында график тұрғызу, күрделі функциялар арқылы есеп-қисап жүргізу және бірнеше жұмыс кітаптарымен қатар жұмыс атқару сияқты мүмкіндіктер кеңінен қолданылады. Кестелік құрылымды құжаттармен жұмыс істеуге арналған кең таралған құралдардың бірі Microsoft Excel. Ол сандық мәліметтермен жұмыс істеу үшін негізделген.
Excel жай ғана бағдарлама емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептерді жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде түрлі-түсті диаграмммалар тұрғызып, жүргізуді қамтамасыз ете алады. Excel мүмкіндігінің көпжақтылығы тек экономика саласында ғана емес, ғылыми зерттеу, әкімшілік жұмыстарында да кеңінен қолданылады.
Excel даярлайтын құжат Жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы жұмыс парағынан тұрады. Жұмыс парағының құрылымы кестенің құрылымындай және ол бір немесе бірнеше кестені қамтиды. Әрбір парақтың аты төменгі жағында орналасқан таңбашада көрініп тұрады. Осы таңбашаның көмегімен кітапты парақтауға болады. Таңбашаны тышқанның батырмасын екі рет басу арқылы өзгертуге болады. Әрбір жұмыс парағы жолар мен бағандардан тұрады. Бағандардың аты латын алфавитінің бас әріптерімен жазылады. Бір жұмыс парағы 256-ға дейін баған санын қамти алады. Бағандар А-дан ZZ әріптерінің комбинацияларымен белгіленеді, ал жолдар 1-ден бастап 65536-ға дейін нөмірленеді. Бағандар мен жолдардың қиылысуы ұяшықтар деп аталады. Ол электрондық кестенің мәлімет енгізетін ең кіші элементі болып табылады. Әрбір ұяшықтың жол мен бағандардың белгіленуінен тұратын адресі болады. Мысалы: А9, D21, F5, G7, L16. Әрқашанда ұяшықтардың біреуі ағымдық ұяшық болып есептеледі және жақтаумен ерекшеленіп тұрады. Осы жақтау кестелік меңзердің рөлін атқарады және тышқанның немесе басқару пернелердің көмегімен экранда жылжыта аламыз. Мәліметтерді енгізу, пішіндеу және басқада іс-әрекеттер осы ағымдағы осы ұяшықта жүзеге асырылады. Бірнеше ұяшықтар тобын ұяшықтар ауқымы деп атаймыз. Ауқымдар тік төртбұрыш қалыпты болады. Оларды былай белгілейді: A7: E25. Мұндағы А7 - тік төртбұрыштың сол жақ жоғарағы, ал Е25 - оң жақ төменгі бұрыштары. Мәліметтер типі. Кестенің ұяшықтарына мәліметтердің келесі үш типінің біреуін ғана енгізе аламыз. Ол мынадай типтер:
- Сан
- Формула
- Мәтін
Сурет-7. MS Access терезесі
Microsoft Acces- MS Access ең кең тараған деректер басқару жүйелерінің (ДҚБЖ) бірі болып табылады. Оның шежіресіне көз жүгіртетін болсақ төмендегідей мәліметтерді айтуымызға болады:
- 1995 Access 7 (Windows 95 үшін MS Office 95 пакеті)
- 1997 Access 97 (MS Office 97 пакеті)
- 1999 Access 2000 (MS Office 2000 пакеті)
- 2001 Access 2002 (Office XP пакеті)
- 2003 Access 2003 (MS Office 2003)
- 2007 Microsoft Office Access 2007 (MS Office 2007)
- 2010 Microsoft Office Access 2010 (MS Office 2010)
Microsoft Access бағдарламасы ол - кез-келген фирма, мекеме, шағын кәсіпкерлік шаруа-шылықтар бір-бірі турла мағлұмат алу үшін, немесе келісу үшін, арнайы қағаздар толты-рып, құжаттар дайыднап, қағаздардың санын көбейтіп әуре болмайды. Мұның бәрін осы бағдарлама жасайды. Бұл бағдарламада кесте түрінде, сызба түрінде, кез-келген фирманың толық мағлұматтары болады. Оны алып қарап, онымен тікелей жұмыс жасай беруге болады.
Microsoft Access бағдарламасы қазіргі кезде компьютерлік технологиялардың құрал ретінде кеңірек пайдаланылуы. Бұл бағдарлама қазіргі таңда компьютерді осы бағытта пайдаланудың нақты мысалдары көп емес. Бұл бағдарламаны оқушыларға оқыту жүйесіндегі көптеген сатылардан біртіндеп меңгеру арқылы жүргізіледі. Microsoft Access бағдарламасы кеңінен қолданылатын бағдарлама. Ол өнідіріс орындарында, баспа-кітап шығару салаларында, оқулықтар жасауда, сауда-саттық айналымында есептік жүйелерді орындауда ерекше рөлді атқарады. Microsoft Access бағдарламасы жоғарғы оқу орындарындағы оқушылар үшін кеңінен пайдалану да бірнеше ұтымды жақтары бар. Оқу процесінде білімін жетілдіру, ақпарат құралдарын енгізу, есте сақтау операциялары бойын-ша барлық мағлұматтарды енгізіп отыру, есептеу, сараптау, т. б. жүйелер үшін тиімді.
Сурет-8. MS Accessбағдарламасы іске қосу
Microsoft Access бағдарламасы көбінесе, баспа қызметерінде, жоба жасау, типография-лық және топографиялық, жалпы инженерлік саланың бәрінде де қызмет етеді. Сонымен қоса конструктілік тәсілдердерді орындау, кестелермен жұмыс жасау салаларын да қамтиды. MS Access ақпаратты көрсету және сақтау үшін пайдаланылатын жеке компонеттерден тұрады. Олар: кесте, форма, есеп беру, сұраныстар, деректерге мүмкіндік беретін беттер, макростар және модульдер. Формалар мен есептерді құру үшін конструкторлар қолданыла-ды, осндықтан бұл компонеттер конструкторлық объектілер деп аталады. Конструкторлық объектілер басқару элементтері деп аталатын едәуір кіші объектілерден тұрады (олар: өріс, батырмалар, диаграммалар, жақтаулар, және т. б. ) . MS Access кіру жолы: пуск - все программы - MS Office - MS Access.
Деректер базасының даталогиялық моделі (ДМ) . Даталогиялық модель логикалық деңгейдің моделі болып табылады және ол деректер элементтерінің логикалық арасындағы байланысты бейнелеп, олардың сақтау сыртқы ортаға да мазмұнына тәуельді болмайды. Осы модель информациялық бірліктер терминдеріне құрылады, нақты МББЖ рұқсат етілген, біздер деректер базасын жобалайтын ортада. ДЛМ құру кезеңі даталогиялық жобалау болып аталады. МББЖ тілімен деректер базасының логикалық құрылымын суреттеуді сызбанұсқа д. а. ДБ физикалық моделі . Даталогиялық модельдің сақталатын орнына байланыстыру үшін физикалық деңгейдің деректер моделі қолданылады(көп жағдайда физикалық моделі д. а. ) . Осы модель есте сақтау құралғыларды аңықтайды және деректерді сақтайтын жерде физикалық түрін ұйымдастырады. Физикалық деңгейдегі модель мүмкіндік нәтижелілігін есептеп құрылады, МББЖ суреттеуі бойынша. Деректер базасының физикалық құрылымын суреттеуді сақтау сызбанұсқасы д. а. Соған сәйкес ДБ жобалау деңгейі физикалық жобалау д. а.
Кесте деректер қорының негізі болып табылады. MS Access-те бүкіл ақпарат кестелерде беріледі. Формалар-форма терезесінде кестелерді енгізу мен көру үшін қолданылады. Олар экран-да бейнеленген ақпараттың көлемін шектеуге мүмкіндік береді және оны тиісті түрде көрсе-теді. Шебердің көмегімен форманы, оған алдын-ала құрылған шоблонның біріне сәйкес ор-наластырып берілген кестенің өрістерін енгізе отырып, құруға, яғни форманың конструкто-ры көмегімен кез-келген күрделі дәрежедегі формаларды құруға болады. Есесп берулер деректер қорында бар ақпаратты бейнелеу үшін қолданылады. Есеп беру-лер конструкторының көмегімен деректер тобын, өрістер тобын және есептелінетін өрістер-ді, оларды сәйкес жасайтын өз есеп берулерімізді дайындай аламыз. Сұраныс деректер қорынан ақпаратты алады, әрі мұнда деректер бірнеше кесте арасында бөлінген болуы мүмкін. MS Access-те сұранысты пішімдеу үшін үлгі бойынша сұрату деген әдіс қолданылады. Визуалды ақпарат негізінде бұл әдісті қолдана отырып бір немесе бірне-ше кестелерден қажетті деректерді алуға болады. Деректерге қатынау беті MS Access немесе Mocrosoft SQL Server деректер қорында сақталған интернет немесе интернет арқылы жұмыс істеуге және оларды көруге арналған Web парақтың арнайы түрін ұсынады. Макростар жиі орындалатын операцияларды автоматтандыруға арналған. Әрбір макрос бір немесе бірнеше макрокомандалардан тұрады, олардың әрқайсысының белгілі бір қызметі бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz