Қатысып қылмыс жасау түсінігі, нысаны, түрлері және тарихи даму аспектілері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып саналады [1] . Осы Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын басшылыққа ала отырып, 2002 жылы 20 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасында көрсетілгендей, қылмыстық заңмен қорғалатын әлеуметтік жоғары құндылықтар ретінде адам құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы мен ажырамастығын тану негізге алынуы тиіс. Бұл тұжырымдамада көзделген шараларды орындау Қазақстанда демократиялық, зайырлы, әлеуметтік, құқықтық мемлекет құруға ықпал етеді.
2007 жылдың ақпан айының 28 жұлдызындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында [2] елдің қоғамдық және экономикалық қауіпсіздігіне елеулі қатер төндіретін сыбайлас жемқорлыққа және ұйымдасқан қылмыстылыққа қарсы күресті күшейту талап етілетінін атап өтті. Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күреске арналған түбегейлі бағдарламасында әлеуметтік-экономикалық реформаларды және қоғамды демократияландыруды одан әрі тереңдете түсу, құқықтық саланы реформалауды, қалыптасқан құқықты қолдану іс-тәжрибесінің өзгеруіне, жаңа құқықтық институттардың құрылуына, құқық қорғау органдары қызметтерінің жетілдіруіне байланысты туындайтын қоғамдық қатынастардың заңнамалық реттелуін қалайды. Осыған байланысты қылмыстық заңның басты міндеттерінің бірі ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі болып табылады.
Соған байланысты мамандар назарын қылмысқа қатысумен жасалған қылмыстар мәселесіне көбірек аударуда. Мәселен қазіргі кезде ұйымдасқан қылмыстық топқа байланысты жарық көрген оқу құралдары, оқулықтар және монографиялар да, осы салада өз еңбектерімен танымал болған ғалым-крими-налистер де жеткілікті болса да, қоғамның мұндай жат көрінісімен күрес жолдары әлі де болса тергеу тәжірибесін толық қанағаттандырар емес. Оның себептері ретінде қылмыскерлердің тұрақты топтарға бірігуді, бүгінгі күн талабына сай техникалық құралдармен жабдықталуын (кейде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қолданысында жоқ құралдармен), сондай-ақ қылмыстық қауымдастық мүшелерінің саясат және бизнес салаларына ену арқылы сыбайлас жемқорлыққа ұштастыруын атап өтуге болады.
Қазіргі кезеңде қасақана ниетпен жасалатын қылмыстардың елеулі бөлігі қылмысқа қатысушылықпен жасалатындығы баршаға аян. Сонымен қатар, адамдар тобымен жасалатын қылмыстардың қоғамға қауіптілігінің дәрежесі жоғары екендігі және қылмыс нәтижесінде туындайтын зиянның мөлшері де жеке дара қылмысқа қарағанда едәуір артық болатындығы айқын. Ғылыми тұрғыда бұл мәселенің саяз өңделуі және қылмысқа қатысушылармен күрес жүргізудің, олардың жазасын даралау мәселелерінің
саяз өңделуі және қылмысқа қатысушылармен күрес жүргізудің, олардың жазасын даралау мәселелерінің қатысушылармен күрес жүргізудің, олардың жазасын даралау мәселелерінің құқықтық жағынан жеткіліксіз қамтамасыз етілу аталған дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігіне айналып отыр. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп жүргізу Комитетінің мәліметі бойынша Қазақстан аумағында қылмысқа қатысушылықпен 2002 ж. -22356; 2003ж. -21993; 2004 ж. -19342; 2005 ж. -16491; 2006 ж. -14360; 2007 ж. -16573; 2008 ж. -15310 қылмыс тіркелген [3] . Осы сандардан қылмысқа қатысу арқылы жасалған қылмыстардың жалпы қылмыстылықтың үлес салмағын салыстырып қарасақ, онда 2002 жылы тіркелген қылмыстарда қатысушылықпен жасалған қылмыстар 13, 6%; 2003 ж. -13, 8%; 2004 ж. -13, 8%; 2005 ж. -13, 3%; 2006 ж. -9, 6%; 2007 ж. -10, 2%; 2008 ж. -9, 2% болып отыр. Көрсетілген мәліметтерге қарағанда, қылмыс жасау төмендеп келе жатқандай көрінеді, алайда бұл - қылмысқа қатысушылықпен жасалған қылмыстылық пен қылмысқа қатысушылар жауаптылығының мән-мағынасына әлі де толық көңіл бөлінбей отырғандығының куәсі деп атап өтуге болады.
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын қарастыра келіп: «Жоғарғы заңды қорғауды қамтамасыз ете отырып, заңды сыйлайтын азаматтарды қылмыстан қорғауға жете мән берілсін және заңға қарама-қайшы іс-әрекет жасайтындарға заңның қатаң түрі қолданылсын» -деп атап өткен болатын [4] . Осы орайдан келгенде, қазіргі кезеңде республикамыздың мемлекеттік және қоғамдық өмірінің құқықтық негізі жағынан нығаюына, қылмыс пен заң бұзушылыққа қарсы күресті күшейтуге, қоғамымыздың әр азаматының құқықтары мен бостандықтарына қол сұғушылықтың алдын алуға басты назар аударылуда. Бұл - қазақстандық құқық ғылымының алдында тұрған үлкен міндеттердің бірі.
Осы орайда профессор Жекебаев Ү. С «Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығының негізгі қағидалары» деп аталатын еңбегінде «әлеуметтік-құқықтық реформа заң шығарушының өз елінің дәстүрін, ұлттық ерекшеліктерін ғана ескеріп қоймай, сонымен бірге салыстырмалы-құқықтық тәсілге сүйенгенде тиімділігі артады. Біздің пікірімізше, мұнсыз өтпелі экономикалық елдерде түпкілікті құқықтық реформа жүргізу мүмкін емес» деп атап көрсетті. [5, 45-б]
Қылмыстық құқықтық реформа көріністерінен қатысушылықпен жасалатын қылмыстар мәселесі де қалыс қалған жоқ. Мұның дәлелі ретінде қазіргі қылмыстық заңда адамдар тобының қоғамға қауіпті кез-келген әрекетін әлеуметтік-құқықтық талдаудан өткізіп, қауіптілігі жоғары болғанда қылмыс деп жариялауын кездестіруге болады. Мұны 1998 жылға дейінгі қолданылған қылмыстық заң мен одан кейін қолданылып келе жатқан заң мазмұнын салыстырғанда анық байқалады, сондай-ақ бірлескен түрдегі әрекеттердің орын алу мүмкіндігі практика материалдарымен негізделіп, әлі де заңға өзгерістер мен толықтырулар түрінде енгізілуде. Мысалы, террорлық әрекеттердің халықаралық сипат алуына байланысты және оның ұйымдасқан түрдегі әрекеттеріне қатал жауаптылық қарастыратын 233-1, 233-2, 233-3 баптардың дүниеге келуін айтуға болады. Бұл айтылғандар тақырыптың практикалық тұрғыдан өзектілігін білдіреді. Ал теориялық тұрғыдан өзектілігі ретінде қылмысқа қатысушылықтың әр жақты мәселелері қылмыстық құқық ғылымында біркелкі шешімін таппай, көбінесе даулылыққа соқтырып келеді. Өйткені, екі немесе одан да көп адамдардың қылмыстық әрекеттері бір қылмысты ғана жасаумен шектелмей, ол кейде бірнеше қылмыстарды жасаумен де көрінуі мүмкін. Әрине, осы тәріздес жағдайларда қылмысқа қатысқан әр адамның жауаптылығын белгілеуде қиындыққа соқтыратын жағдайлар көптеп кездеседі. Осыдан болар, қылмысқа қатысушылықтың мәселелері қылмыстық құқық ғылымындағы аса көрнекті ғалымдардың зерттеу обьектісі болған және осы зерттеушілердің қылмысқа қатысушылыққа қатысты даулы пікірлері де аз емес. Атап көрсетілген жағдайлар осы зерттеудің айрықша өзектілігін танытады.
Сондықтан да менің дипломдық жұмысымның мақсаты: қылмысқа қатысушылардың, қылмысты ұйымдастырушылардың әрекеттерін саралау және оларға жауаптылық белгілеуге байланысты қылмыстық-құқықтық ережелерді жетілдіру және оны қолдану тәжірибесін көтеру үшін осы тақырыпқа байланысты пайда болған даулы мәселелерді зерттей отырып, ұтымды әрі дұрыс бағыттағы шешім көрсету болып табылады. Зерттеудің мақсаттары мынадай міндеттерді өз алдына қояды:
- қылмыстық құқық теориясында қылмысқа қатысушылардың түрлерінің, нысандарының түсінігін беру;
- қылмысқа қатысушылардың тарихи даму аспектілеріне тоқталу;
-қылмысты ұйымдастырушылардың объективтік және субъективтік белгілеріне тоқталу;
- қылмысты ұйымдастырушыға жаза тағайындау ерекшеліктеріне тоқталу ;
- қылмысты ұйымдастырушы тұлғаның криминологиялық сипаттамасына тоқталу;
- ұйымдасқан қылмыстың алдын алу шараларын ұйымдастырудың маңызына тоқталу және тиісті ұсыныстар жасау.
Осы міндеттерді іске асыру үшін қылмысқа қатысушылардың және қылмысты ұйымдастырушының жауаптылығын даралау бойынша қылмыстық құқық теориясында орын алған даулы пікірлер қайта қаралды және сот-тергеу тәжірибесі қызметкерлерінің қылмысқа қатысушылық істері бойынша қылмыстық әрекеттерді саралаулары талдауға алынды, сонымен қатар қылмыстық құқықта теориясындағы пікірлер ескерілді.
1 ҚАТЫСЫП ҚЫЛМЫС ЖАСАУ ТҮСІНІГІ, НЫСАНЫ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ТАРИХИ ДАМУ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 ҚАТЫСЫП ҚЫЛМЫС ЖАСАУ ТҮСІНІГІ, НЫСАНЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
Қылмысқа қатысудың екі немесе одан да көп адамның қасақана қылмыс істеуге қасақана бірлесіп катысуы деп танылатын анықтамасы республика кылмыстық заңнамасына ҚР Президентінің 1995 жылғы 17-наурыздағы «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарғысымен енгізілген болатын [6] . Қатысудың заңнамалық анықтамасында оның объективті және субъективті белгілері қамтылған. Бұл жерде объективті белгілер қатысудың объективті шындықта болғанын сипаттаса, субъективті белгілер оның ішкі мазмұнын, яғни, бірлесіп істелген қоғамдық қауіпті құқыққа қайшы әрекетке қатысушылардың арасындағы психикалық өзара байланысты сипаттайды. Қатысуды анықтауда төрт объективті және екі субъективті белгі айырып көрсетіледі.
Қатысудың бірінші объективті белгісі - сандық, яғни екі немесе одан
да көп адамның қатысуы. Жекелеп істеген қылмыс ешқашанда қатысумен жасалды деп танылмайды. Қылмысқа екі немесе одан да көп адам қатысқанда ғана кылмысқа қатысу туралы сөз қозғауға болады. Қылмысқа қатысудың анықтамада көрсетілген екі немесе одан да көп деген сандық мазмұны қылмыс субъектісінің қасиетіне ие болуы тиіс, яғни олар іс жүзіне жауап беруге қабілетті есі дұрыс, істеген қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықа тартуға болатын жасқа толуы керек.
Мәселен, ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1993 жылғы 23-сәуірдсгі «Соттардың зорлау үшін жауаптылықты реттейтін заңнамаларды қолдану тәжірибесі туралы» қаулысында зорлауды орындаушылардың біреуі есі дұрыс емес немесе заңмен белгіленген қылмыстық жауаптылыққа тартуға жасы жетпеген жағдайда зорлауға қатысқан басқа қатысушының әрәкеті топпен істелген деп саналмайды. ҚР Жоғарғы сотының 2003 жылғы 11-шілдегі (19. 12. 2003 ж. өзгертулермен) «Ұрлық істеу туралы істер бойынша сот тәжірибесі туралы нормативтік қаулысының 10-тармағында «заңда қарастырылған қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толмаған немесе екі адамның күні бұрын сөз байласып қасақана істеген қылмысы адамдардың топтасып істеген қылмысы ретінде саналмайтындығы» жөнінде түсінік берген. Арнайы субъектісі бар қылмыс егер ол екі немесе одан да көп адам қатысып істелгенде, арнайы субъекті белгілеріне ие болғанда ғана қатысумен істелген қылмыс деп танылады. Мысалы ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1995 жылғы 22-желтоқсандағы (20. 12. 1999 ж. өзгертулерімен) «Соттардың парақорлық үшін жауаптылығы туралы заңнамаларды қолдану тәжірибесі туралы» қауылысының 6-тармағында алдын ала сөз байласқан адамдар тобының пара алуы кезінде бұл қылмысқа қатысушылар кемінде лауазымды екі адам болуы керек, ал осы қылмысты ұйымдастыруды, не көмектесуді, не арандатуды жүзеге асырушы қылмыстың жалпы субъектісі (қылмыстық жауаптылыққа тартуға жасы толған, есі-дені сау) болуы мүмкін.
ҚР Жоғары Сотының 2001 жылғы 21-маусымындағы «Соттардың бандитизм және қатысумен істелген басқа да қылмыстар үшін жауаптылық туралы заңнамаларды қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысынының 3-тармағында ҚР ҚК 31-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмысқа қатысушыларға қатысты «адамдар тобы істеген қылмыс» деген жіктеуші белгісін оны орындауға екі немесе одан да көп адам қатысып істеген жағдайда ғана тағылатындығы жөнінде түсінік берілген [7] .
Қылмысқа қатысудың екінші объективті белгісі ол тек қана қатысуды көрсетпейді, бірлесіп қатысуды көрсетеді. Сондықтан, бір уақытта, бір орында екі немесе одан да көп адамның қылмыстық мақсат үшін күшін біріктірмей, әрқайсысы өз беттерімен кұқыққа қайшы келетін қоғамдық қауіпті істеген әрекеті қылмысқа қатысу деп танылмайды. Мысалы, бөлімдегі сатушының жоқтығын пайдаланған екі тұтынушы А. мен С. бір-бірімен келіспестен, әрқайсысы өз алдына бөлек әрекет жасап, тауарлар ұрлайды. Ал-дын-ала тергеу органдарымен және Қарағанды қаласындағы Қазыбек би атындағы ауданның сотымен А. мен С. -ның әрекеттерінде осы қылмысты істеуде бірігушіліктері болмағандықтан олардың әрқайсының әрекеті ҚР ҚК 175-бабының 1-бөлігі «Ұрлық» бойынша сараланады.
Сонымен бірге, басталған қылмыстық әрекетте күш біріктірудің өзі қатысуды қалыптастырады. Мәселен, егер адам бөлімдегі сатушының жоқтығын пайдаланып, тауарларды ұрлап алып, алып шыққан соң бөлісеміз деп оны алып шығуға басқа біреуден көмек сұраса, онда мұндай жағдайда бұл адамдардың әрекеті қылмысқа қатысуды қалыптастырады. Сөйтіп, бірігіп қатысу қатысушылардың бірлесіп әрекет істеуін білдіреді, мұндайда әркім бір қылмыстың соңғы нәтижеге жетуі үшін белгілі бір ұмтылыс жасап, күш жұмсайды.
Қатысудың үшінші объективті белгісі - бұл қатысушылар үшін бәріне бірдей, жалпы болып саналатын қылмыстың нәтижесі. Белгілі бір зиян келтіру түріндегі зардап екі немесе одан да көп адамдардың бірлесіп істеген қылмыстық әрекетінің нәтижесі болуы тиіс. Олардың (қатысушылардың) әрқайсысы бәріне бірдей жалпы нәтижеге жету үшін өз үлестерін қосады.
Ең соңында, қатысудың төртінші объективті белгісі қатысушылардың әрқайсының әрекеті мен жалпы, қатысушылардың бәріне бірдей қылмыс нәтижесінің арасындағы қажетті тікелей себепті байланыстармен көрінеді. Бұл белгі ұйымдастырушының, айдап салушының, көмектесушінің әрекеттері уақыт кеңістігінде орындаушының қылмыстық әрекетінің бұрын болатынын және занды түрде бәріне бірдей жалпы нәтиженің болуына жетелейтін өздерінің арасындағы да, орындаушының әрекетімен өзара шарттастықта, өзара тәуелді байланыста болатынын көрсетеді. Заң әдебиеттерінде қатысудың аталған объективті белгілерінің соңғы үшеуі қылмыстың сапалы белгісі деген бір белгіге шоғырланады.
Қатысудың сапалық белгісі бірігіп қатысу ұғымымен ұштасады. «Бірлескен әрекет белгісі, - деп атап өтеді М. А. Шнейдер, - біріншіден, қатысушылардың жалпы, бірлескен, бірін бірі толықтыратын күшімен, екіншіден, сол бірлесіп істелген әрекеттері құқықпен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру түрі арқылы бәріне бірдей нәтижеге жеткенде, үшіншіден, әрбір қатысушы істеген әрекет нақты бір жағдайда басқа қатысушылардың (ең болмағанды біреуінің) әрекет істеуінің қажетті шартына айналғанда, төртін-
шіден, қатысушылардың қол жеткізген ортақ нәтижелері әрбір қатысушының әрекетімен себепті байланыста болғанда ғана көрінеді»[8, 12-б] .
Объективті белгілер қатысушылардың ниетінің мазмұны туралы мәселелерді шешу кезінде айқын көрінетін субъективті белгілермен тығыз байланысты. Қатысушылардың әрқайсысы мұндай нақты жағдайда орындаушы мен ісіне қатысушы басқа да адамдардың қызметі үшін қажетті жағдай туғызуымен көрінетін өзінің қоғамдық қауіпті әрекетінің сипатын түсіне білуі керек және қалаған бірлесіп жасайтын әрекетінің нәтижесіне келетін және келуі мүмкін зардаптарды болдырмау жолдарын болжай білуі тиіс. Мұнан басқа қатысушылардың әрқайсысы өзінің әрекеті орындаушының қылмыс істеуінің қажетті шарттарының бір болып табылатынын және соған себепті байланыста болатынын жақсы біледі.
Қатысудың субъективті белгілеріне мыналарды жатқызуға болады:
1) мәселе екі немесе одан да көп адамның бірлесіп қатысуы жайында
болып тұрған соң, барлық қатысушылар ниетінің бірлігі;2) қатысудың қасақана қылмыс кезінде ғана болу мүмкіндігі.
Қатысушылар ниетінің мазмұнына мыналар кіруі тиіс:
1) әрекетті өзі жалғыз емес, басқалармен бірігіп жасайтынын сезінуі;
2) өзінің және басқа катысушылардың әрекетінің қоғамдық кауіптілік сипатын сезінуі. Қатысушы орындаушы істеген әрекетте қылмыс құрамының элементтерінің бар екендігін сезіне білуі тиіс;
3) жалпы қылмыстық нәтижеге жетуді қалауы.
Қатысу анықтамасында заң шығарушы, бірнеше адамның біріккен күшімен тек қасақана әрекет істеу мүмкіндігіне басты назарды әдейі аудартады.
Қатысудың заңнамалық анықтамасына қарай (ҚР ҚК 27-бабы) абайсыздықпен қатысу қылмыстық заңда осы әрекетті сипаттайтын белгіленген белгілердің жиынтығына сәйкес келмейтін болғандықтан қабылданбайды [9] . Өйткені, қылмысты қатысумен жасалды деп тану үшін оның барлық объективті және субъективті белгілерін анықтау керек. Ал оның кері шешімі бұл мәселенің дұрыс шешімін бермейді.
Мысалға, келесідей айтылған жағдайдағы бөтеннің затын жасарын алып қою қатысумен істелген ұрлық деп танылмайды. Пәтерге ұрланып кірген ұры ұрланатын көп затты саты алаңы мен подьезде ешкім жоқта шығара бастайды. Мұны сыртынан байқап қалған жәбірленушінің көршісі осы мезетті пайдаланып, ұры келесі дүниені сыртқа шығару үшін пәтерге кіріп кеткенде ұрының дайындап қойған қапшықтарын, кейін ондағы заттарды сатып, пайда табу үшін өзінің пәтеріне кіргізіп ала қояды. Міне бұл мысалда қылмысқа қатысу жоқ деп айтуға болады, өйткені бұл әрекетте бірігіп қылмыс істеу мен жалпы бірігу ниеті жоқ, әркім өз бетінше әрекет жасады. Сөйтіп, көптеген жағдайда бір мезгілде екі немесе бірнеше адамның істеген әрекетінде қатысушылық болды деп қорытындылауға болмайды. Қатысу үшін себепті байланыстар, бір ниетке топтасқан бірнеше адамның біріккен әрекеті болуы керек.
Топтасып істелген қылмыстың жоғары қоғамдық қауіптілігі қоғамға қауіпті қол сұғушылықтың туындау мүмкіндігінің артуымен, сондай-ақ бір адам жасаған қылмысқа қарағанда едәуір зиян (шығын) келтіруімен сипатталады. Сондықтан заң шығарушының ҚР ҚК 31 -бабының 1 -4-баптарында қарастырылған адамдар тобы, күні бұрын сөз байласқан адамдар тобы, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық (қылмыстық) ұйым істеген қылмысты қылмыс құрамына саралаушы мән-жайлар ретінде енгізуі әбден орынды. Осыған байланысты адамдар тобы, күні бұрын сөз байласқан адамдар тобы, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық (қылмыстық) ұйым құрамында қылмыс істеу, сондай-ақ ҚР ҚК 54-бабына сәйкес қылмыс істеуде белсенді рөл атқаруы қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлатушы мән-жайлар болып танылады.
Қылмыстың жекелеген құрамдары үшін, заңшығарушы саралаушы белгі ретінде қатысу түрлерін қарастырады. Сөйтіп, қылмыстық заң нормаларына сәйкес қатысу не саралуға әсер етеді, не жаза тағайындау кезінде ауырлататын мән-жай ретінде ескеріледі. 1997 жылғы Қылмыстық кодекстің 27-31-баптарында бекітілген қатысу институты қатысудың объективті, сол сияқты субъективті белгілері тән жекелеп алынған қылмысқа қатысты екі немесе одан да көп адамның бірлескен қатысуын қарастыруға мүмкіндік береді.
Қылмыстық заң құқықгық тәртіпті қорғауда мемлекеттік органдардың әсіресе бәрінен бұрын ұйымдасқан, яғни кәсіби негіздегі қылмыстылықтың, өсуіне қарсы тұруға шақыратын негізгі қаруына айналған, қазіргі жағдайдағы қылмыстылықпен күрес аса өзекті мәселеге ие болып барады.
Ұйымдасқан қылмыстылықтағы бірнеше топтың болуы, ұйымдасқандығы, тұрақтылығы сияқты белгілерін толық мәнде топтық қылмыстылыққа жатқызуға болады. Мысалы, тұрақты топтың болуын, атап айтқанда: бандитизм - ҚР ҚК 237-бабы, теңіз қарақшылығы - ҚР ҚК 240-бабы, жаппай тәртіпсіздік - ҚР ҚК 237-бабы сияқты жекелеген қылмыс құрамдарының тән деп айтуға болады [9] . Сөйтіп, жоғарыда айтылғандар, қоғамның экономикасы мен адамгершілік қалпына теріс ықпал жасайтын, қалыпты мемлекет құрылысы мен қоғамның игілігіне кері әсерін тигізетін қылмыстылықпен әсерлі күрес жүргізу үшін, заңшығарушымен 1997 жылғы ҚР Қылмыстық кодексінің 31-бабымен көзделген топтасқан қылмыстық қызметке тән катысу нысандарының белгілерін әбден ұғынып алу қажет, деген қорытынды жасаған мүмкіндік береді.
Қылмыстық құқық ғылымында қатысу нысандары туралы мәселе, оны зерттеуді қолға алудың жарты ғасырлық тарихына қарамастан шешімі әлі толығымен табыла қоймаған мәселелер қатарына жатады.
40-жылдардың басында А. Н. Трайнин қатысу нысандарының төмендегідей төрт мүшелі жүйесін ойлап шығарды:
1) жәй қатысу;
2) қатысушылар күні бүрын сөз байласқан, сараланған қатысу;
3) ерекше текті, яғни қылмыстық бірлестікке қатысу;
4) ұйымдаскан топпен қатысу [10, 32-б] .
Осы жүйелерді талдау барысы бұл топтарды бөліп қарау негізіне субъективті өлшемдік негіздер, атап айтқанда қатысушылардың субъективті байланыстарының сипаты мен дәрежесі алынғандығын айғақтады.
Осы өлшемдік негіздер П. И. Гришаев пен Г. А. Кригердің бөліп қараған қатысу нысандары үшін де анықтаушы болып табылады. Расында, олар қатысудың нысандарымен бірге түрлерге бөлуді қарастырды, бірақ бұл бағытты дамыту олардың зерттеулерінде көрініс таппай қалды. П. И. Гришаев пен Г. А. Кригер қатысу нысандары ретінде мыналарды қарастыруды ұсынды:
1) күні бұрын сөз байласпаған қатысу;
2) күні бұрын сөз байласқан қатысу;
3) ұйымдасқан топ;
4) қатысудың ерекше тегі - қылмыстық ұйым [11, 48-53-бб] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz