Отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың түрлері


Жоспар
Кіріспе . . . 3
I Отбасы және кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстың жалпы сипаттамасы
1. 1. Отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы . . . 6
1. 2. Отбасы және балалардың азаматтық және саяси-әлеуметтік құқықтарын конституциялық қорғау ерекшіліктері . . . 10
1. 3. Отбасы және кәмелетке толмағандардың бірқалыпты дамуы және оларға дұрыс тәрбие беру шарттары . . . 13
II Отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың түрлері
2. 1. Отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жеке құрамдары . . . 16
2. 2. Отбасы және кәмелетке толмаған адамдардың қылмыстарын тергеу ерекшеліктері . . . 20
2. 3. Кәмелет жасына толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан босату ерекшеліктері . . . 23
Қорытынды . 30
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . 32
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы үшінші 1000-жылдықтың табалдырығын тәуелсіз ел ретінде аттап, құқықтық-демократиялық мемлекет негізін қалыптастыруға кірісті. Қазақстан қоғамын сипаттайтын саяси, әлеуметтік және әкономиқалық өзгерістер мен қайта құрулардың шапшаңдығы Қазақстан жастарының қал-жағдайына және дамуына кейде теріс ықпал етуде. Тұтас алғанда қазіргі қоғамда және экономиқалық байланыстар мен қатынастар жүйесінде бейімделген, тұрақсыз статусқа ие әлеуметтік топ ретінде тани аламыз.
Бұл жағдайлар отбасында қалыптасатын өз ара қарым-қатынастарын сәттілігімен ұштасады. Міне сондықтан да кәмелетке толмағандардың қорғау жалпы отбасылық қатынастарды қорғау мен бір тұтас.
Жаңа қоғамдық қатынастарға көшу және осыған байланысты туындаған күрделі өзгерістер қарапайым халықтың өмір сүруден кейін күрт төмендетіп кедейлікке ұшыраған отбасылар санының күннен күнге өсуіне алып келеді. Ал мұндай отбасыларында олардың балаларының үйінен кетіп қалуына, тіпті ата-ана некесінің бұзылуына ықпал ететін күрделі психологиялық жағдайлар орын алатыны белгілі ерлі-зайыптылардың ажырасу фактілері жиілеп, ал некесіз туылған балалардың саны өсе түсуде. Елде келе жатқан «Әлеуметтік жетімдік» яғни ата аналары бар, бірақ көшеде қалған немесе мемлекеттік тәрбиелену мекемелерінде балалар үйінде тәрбиеленіп балалар санының өсуіне әкеледі. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық қол сұғуышылықтан қорғауға бағытталған нормалардың Қазақстан Республикасының қылмыстық заңында орын алуы 1989 жылы дүние жүзілік «балалардың құқықтар туралы» Конвенциясының ережелеріне сәйкес келеді. Мұндай нормалардың қылмыстық заңға енгізілуі жас тұлғаның дене құрылысының толық жетілмеуімен сондай-ақ ересек адамға қарағанда Кәмелетке толмағандардың қылмыстық қол сұғушылыққа төтеп беру.
1959 жылы 22 шілдедегі ҚазақССР-ның Қылмыстық Кодексімен салыстырғанда 1998 жылы 1 қантарда күшіне енген қазіргі қолданыста жүрген Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде кәмелетке толмағандар мен отбасына қарсы жасалатын қылмыстар үшін жауаптылық қарастырған бапатардың саны едәуір өскен Мысалы: 1959 жылғы заңда тек жасы кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың небәрі алты түрі ғана көрсетілген еді. Олар жасы он алтыға толмаған қыз бен жыныстық қатынас жасау 102 бап, жас баларды аздыру 103 бап, неке жасына жетпеген қызбен іс жүзінде некелі жағдайда тұру 105 бап, балаларды асыраудан немесе тәрбиелеуден бұлтару 112 бап, опекундық праволарын, қиянат жасау 113 бап, біреудің баласын ұрлау 116 бап.
Ең бастысы, жаңа заманда отбасымен кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар үшін жауаптылықты қарастыратын нормаларға, өз алдына бір тарау арналған. Бұл біздің жаңа қылмыстық заңымыздың отбасымен кәмелетке тлмағандардың құқықтарымен заңды мүдделерін жоғары деңгейге көтеріп отырғанын дәлелдейді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабында:
Неке мен отбасы, ана мен әке жене бала мемлекеттің қорғауында болады (1) ; Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи кұкығы әрi парызы (2) ; Кәмелетке толған еңбекке қабiлеттi балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға мiндеттi (З) - дслiнген. Бұл көрсетiлген қағидалар халықаралық құқықтын осы мәселелер жөнiндегi негiзгi ережелерiне сәйкестендiрiлген. Адам кұкығы жөнiндегi 1948 жылғы жалпыға бiрдей декларацияда, Азаматтық жене саяси құқықтар туралы 1966 жылғы Халықаралық фактiде отбасы қоғамның табиғи негiзгi ұясы және ол мемлекет пен қоғам тарапынан қорғау құқығына ис деп белгiленгсн. 1989 жылы 20 қарашада қабылданған “Бала құқықтары жөнiндегi” Конвенцияда да балалардың азаматтық және саяси-әлеуметтiк құқықтарының қорғалуына ерекше мән берiлген. Қазақстан Республикасы да отбасы жене кәмелетке толмағандар жөнiндегi халықаралық құқық нормаларын қастерлей отырып, осы мәселелерге байланысты пайда болатын қоғамдык қатынастарды қылмыстық-құықтық жолмен қорғауға ерекше мән бередi.
1997 жылы қабылданған жаңа Қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң 2-тарауы отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар үшін жауаптылық белгiлеген. Бұл тарауда осы тұрғыдағы қылмыстарға арналған нақты қылмыстардың мынадай түрлерi көрсетiлген: кәмелетке толмаған адамды қылмыстық iске тарту (131-бап) ; кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы iс-әрекеттер жасауға тарту (132-бап) ; кәмелетке толмағандарды саудаға салу (133-бап) ; баланы ауыстыру (134-бап) ; бала асырап алу құпыясын жария ету (135-бап) ; балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын асырауға арналған қаражатты төлеуден әдейi жалтару (136-бап) ; кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөнiндегi мiндттердi орындамау (137-бап) ; балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиiсiнше орындамау (138-бап) ; қамқоршы немесе қорғаншы құқықтарын терiс пайдалану (139-бап) ; еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын) асыраудан әдейi жалтару (140-бап) . Осы топқа жататын қылмыстардың объектiсi ата-аналар мен балалардың арасындағы отбасылық қатынастар, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың дене бiтiмi, интеллектуалдық, рухани, адамгершілiк тұрғысынан дұрыс дамып, қалыптасу жағдайлары болып табылады. Ендi осы топқа енген қылмыс құрамдарының әрқайсысына жеке-жеке талдау жасап өтейiк.
I . Отбасы және кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстың жалпы
сипаттамасы
- Отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың
жалпы сипаттамасы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-тармағыңда «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандық тары» деп көрсетілсе, 3-бабының 1-тармағында «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық» деп бекітілген. Құқықтық мемлекет құрудың бірден-бір шарты - халықтың құқықтық білімін көтеру мақсатында 1995 жылдың 21 маусымында Елбасының «Жалпыға бірдей құқықтық білім мен тәрбие беру туралы» № 2347 қаулысы қабылданған болатын. Аталмыш заңдық құжат азаматтардың құқықтық мәдениетін, білімін жетілдіре отырып, заңдылықты күшейту қажеттілігін негізгі меже етіп қойды. Мұның мәнісі қазіргі кездегі түрлі қылмыстық, әрекеттердің ушығып кеткенімен байланысты. Ертеректе «кәрші ақысы - тәңір ақысы» деп ынтымақпен өмір кешкен халықтың кейбір өкілдері бүгінде кәрші кемпірдің талғажау еткен жалғыз сиырын шімірікпестен қорасынан жетектеп әкететінді шығарған. 1
Қазақ елінің заңды құрметтеуі, адам құқығын ардақтауы сонау ықылым заманнан-ақ қалыптасқан. Ғасырлар қойнауынан жол тартып келе жатқан әдет-ғұрып, салт-сана, мәдениетті сөйлеуге құрылған қарым-қатынасқа айрықша баға берген. Ел басқару ісіне жіті мән бергендіктен, ақ сақалды қариялардың түйінді бір ауыз сөзінің өзі тасқын тоқтатарлық күшке ие болған. Ал дуалы ауыздан шыққан қасиетті сөздер ел арасына кеңінен тарап, Ата Заң баптарындай бағыт беріп отырған .
Қазақ халқы жазусызуды білмеген кездің өзінде тәрбиеге ерекше көңіл бөліп, адам құқын қорғауды назарда берік ұстаған. Мысалы, сол заманда ел тоқтаған «Қасым ханның қасқа жолы» (1511-1518 ж. ж. ), «Есім ханның ескі жолы» (1598-1628 ж. ж. ), Әз Тәукенің «Жеті жарғысы» (1680-1718 ж. ж. ) сияқты кәрнекті заңдар жұртшылық, ты ынтымақ пен бірлікке жұмылдырып, адамдарды әділеттілікке, яғни біреудің алажібін аттамауға тәрбиелей отырып, зорлық пен зомбылықтың барлық түріне қатаң жаза қолданған. Ал елі менжерін сатқан екіжүзділерді, жауыздықпен күн көрген қаныпезерлерді, Ата заңын аттаған азғындарды «етегін кесіп, елден қу» деген қағидамен аяусыз жазалаған. Ерте кезде адам және азамат құқықтарын теңестіретін демократиялық көзқарастың деңгейі төмен болғаны рас. Нағыз демократия өз жемісін екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, дәлірек айтқанда 1948 жылы берді. Өйткені, дәл осыжылы БҰҰ өзінің «Жалпыға бірдей адам құқығының декларациясын» қабылдаған еді. Бұл құжат дамушы елдер үшін адам құқын қорғау саласында бағыт беретін негізгі заң актілерінің бірі болды.
Енді құқықтық мемлекет құруға бет алған елімізде қылмыс неге көп, оның себебі неде деген мәселеге келейік. Кеңес одағы ыдырағаннан кейін басқа одақтас республикалар сияқты Қазақстанда да жұмыссыздар саны көбейді. Бұған зауыт, фабриқалардың жоқтығы, бұрыннан қалыптасқан әкономиқалық байланыстардың үзілуі себеп болды. Әсіресе, республика заңдарын орындамау жауапсыздық пен құқықтық сауатсыздықты тудырды.
Қазір жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың ішімдік ішу, нашақорлық, әйел зорлау, жезөкшелік сияқты түрлері көп ұшырасады. Бұған, әлбетте, сағат сайын теледидардан соғыс пен кісі өлтіруге, жалаңаш ерлер мен әйелдерді жарнамалауға құрылған бейнефильмдердің шексіз көрсетілуі себеп. Міне, осындай жүйесіз, жүгенсіз бейнефильмдерге бой алдырып, санасы уланған жасөспірімдердің ертеңгі күні сол жаман әдетке еліктемеуіне кім кепіл?! Сондықтан, республика Президентінің жоғарыдағы қаулысының әкономиқалық-әлеуметтік жағдайларды қамти отырып, Құқықтық мемлекетті жеделдете құруға мұрындық болатын заңдық құжат екендігі шындық. Жалпыға бірдей құқықтық білім мен тәрбие беру жас урпақ үшін халықтық іс бояуы шарт. Бул отбасындағы ата-анадан бастап, мемлекетке дейінгі аралықта атқарылатын маңызды жумыстардың бірі болып есептелуі тиіс.
Бүгінгі таңда мектеп алдыңда тұрған міндеттердің бірі - оқұ-тәрбие жұмысының барлық саласына құқықтық шараларды енгізу. Мұның мәнісі әрбір оқұшының құқықтық санасын қалыптастыру мен жауапкершілігін нығайтудың тйімді жолдары мен тәсілдерін қолдануда. Оқұшыларға құқықтық тәрбие беру үшін, ең алдымен оларға Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституциясының мазмұнымен жыл бойына түбегейлі таныстыру қажет. Құқықтық сана - қоғамдық сананың құрамдас бөлггі, ал құқық қоғамдық қатынастарды реттейтін, қоғамның бірыңғай ұйымдасып, өмір сүруін қамтамасыз ететін күшті құрал.
Заңның рөлі, әсіресе әкономикасы дамыған елдерде терең байқалады. Елімізде жүргізіліп жатқан әкономикалық реформалар «Жекешелендіру туралы», «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» және т. б. заңдарды басшылыққа алған. Ал құқықтық тәрбие берудегі мемлекеттің рөлі айрықша. Бүгінге дейін біз құқықтық тәрбиені «Қазақстан мемлекетінің құқық негіздері» деген пәнді оқыту арқылы беріп келдік. Десекте, бұл құқықтық мемлекет құру үшін аздық етеді. Аталмыш пәнді оқұшыға 1-сыныптан бастап соңғы сыныпқа дейінгі аралықта оқытып, құқықтық тәрбиемен ұштастырған жөн. Оларға Конституция және жалпы заң туралы ұғымдарды терең қамти алатындай жағдай тудыру шарт. Қазіргі кезде оқұшыға қылмыс пен жаза туралы толық дәріс беріп, оқұшылардың өздеріне тиісті құқықтары мен міндеттерін, бұған қоса ата-ананың құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп, өзін-өзі қорғай білуге баулу керек-ақ. Оларға заңды білген адам әділетті, парасатты, турашыл да батыл болса, заңды білмеген адам жағымпаз, жасқаншақ, екіжүзді, қорқақ болатының үнемі айтып, түсіндіру де артық етпейді. Қысқа қайырғанда, әрбір азамат заңгер болуы керек. 2
Жоғарыда құқықтық тәрбие беруді отбасынан бастаған дұрыс дедік. Ал, ол кейін мектепте жалғасса, мектептен қоғамдық ортаға бағыт алса, сонда ғана біз көздеген мақсатқа жетпекпіз. Мектеп мемлекеттік оқұ-тәрбие мекемесі болғандықтан, онда жүргізілетін құқықтық білім мен тәрбие жұмысы да алдың ала жоспарлануы тиіс. Әр ұстаз өз пәндеріне байланысты заңдық құжаттарды пайдалана отырып, ашық сабақ өткізсе, әр сынып жетекшісі ертеңгілік, апталық сабақтарды, іскерлік ойын, сөзжұмбақ, ребус, анкета, тест жұмыстарын, сұрақ-жауап, пікір сайыстарды құқықтық тақырыппен байланыстырып жүргізуді қадағалап отырса, нұр үстіне нұр болмақ.
Кезінде нарық заманыңың нар белін қайыстырған қиыншылықтарына кезіктік, уақыт өзгеріп, ұрпақ ауысты дедік, қойшы, әйтеуір еліміздің ертеңгі болашағынан саналынатын жастар тәрбиесін уыстан шығарып алғанымызды күні бүгіндері кеш аңғарып отырмыз. Қазір сол одақ тұсындағы құатты жастар қозғалысын қанша жерден қалпына келтіреміз деп талпынғанымызбен ісіміз ілгерілемей шатқаяқтап келеді. Жастар мен жасөспірімдердің құқығын қорғау, оларға тәлім тәрбие беру жөнінде бірнеше заң қабылданғанымен күнделікті тәжірибеде олардың да тетіктері толық іске қосылмай, бір кездері өзара сабақтасып жатқан мектеп пен отбасы және қоғамдық ұйымдар арасындағы байланыстың әлсіреп, аққудың көкке, шортанның көлге тартқаныңдай берекесіздіктің үстемдік құрып тұрған жағдайы бар. Сонымен соңғы жылдары патриотизм мен отан сүйгіштік рухынан айырылып қалған жастар қауымы арасында қылмыстың қаулап өсуі үлкен алаңдаушылық туғызып отыр. Әрине оның түпкі себебін бір ауыз сөзбен түсіндіріп беру қиын мәселе. 3
- Отбасы және балалардың азаматтық және саяси-әлеуметтік құқықтарын конституциялық қорғау ерекшіліктері
Сөз жоқ, жаңа жобаның бұл бағыттағы қордаланып қалған көптеген проблемалардың түйінін шешіп, құқық қорғау органдарының қысым, қиянатына ұшырайтын жасөспірімдердің құқығын қорғау ісіне тигізетін ықпал, әсері зор болмақ. Жаңа жоба қазірдің өзінде кейбір аудандарында сынақ ретінде қолданылып, сотқа дейінгі созылып жатқан тергеу процесі барысында жасөспірімдер құқығын бұзуға жол бермейтін тиімділігін көрсетіп отыр. Тек оның қисапсыз қаражатты қажет ететіндігі ғана аяқты түсайды. Екіншіден ол жастарымыздың бойындағы отаншылдық сезімін оятудан аулақ жатқан, бар болғаны төртіп бұзып, қылмыс жасаған жасөспірімдер құқығын қысым, қиянаттан қорғайтын жоба ғана. Ал жас ұрпақты жақсылыққа ұмтылдырып, жамандықтан жирендіру жауапкершілігі сол баяғыдағыдай әлі де өз мойнымызда. Халқымыздың дархан жазушысы Ғабит Мүсіреповтің "Ел боламын десең, ең алдымен бесігінді түзе" деген қасиетті аманатын қалай орындап, қисая бастаған көш-керуенімізді қайтсек түзете аламыз? Бәлкім кейбіреулердің айтып жүргеніндей орны ойсырай кәрініп тұрған мұндай олқылықтың орның республика парламентінде қаралып, өмірге жаңа толықтыру, өзгертулерімен жол тартатын Қазақстан жастарының саяси концепциясы толықтырар. Ол жастар қауымын еліміздің ертеңгі келешегіне жетелейтіндей құатты идеологиямен қамтамасыз ете ала ма? Әлде жалаң ұрандатудан аса алмай, жарға тіреле ме? Айту қиын. Алайда жылдан жылға қаулап өсіп, баршамызды алаңдатып отырған жастар қылмысының алдың алып, жолын кесудің осындай мемлекет деңгейіндегі жаңа саясатты қажет ететіндігі дау тудырмайтын шындық. Онсыз жастар қауымын ізгілік пен инабаттылыққа үйрете алмаймыз. Жасөспірімдер жасайтын жантүршігерлік қылмыстардың қаулап өсіп, нашақорлықтың дендеген дертке айналуы қалай десек те тәлімді тәрбиенің жоқтығы мен қамқорлықтың аздығынан. Әйтпесе түнгі клубтарда есірткі таратылып, ақылы компьютер орталықтары жан дүниесі жақсылық деп соққан жасөспірімнің санасын жақсылықтан ада жат қасиеттермен улар ма еді. Бір өкінетінің бұған жаны ауырып, жүрегі сыздап жатқан ешкім жоқ. 4
2002 жылдың 1 қантарынан бастап «Қазақстан Республикасындағы балалардың құқығы туралы» жаңа заң өз күшіне енді. Осы заңның 6-бабыңда балалардың құқығы мен мүддесін қорғауды қамтамасыз ету, оларды қорлауға жол бермеу мемлекеттік саясаттың басты мақсаты екендігі ашып көрсетілген. Десек те заң талабының тұрмыс пен күн көрістің ауырлығы үстемдік құрып тұрған тіршілікте толық жүзеге аса коятыныңа күмән көп. Өйткені, жас сәбилерді қорлау мен аяусыз ұрып, соғу, тіпті өлім жағдайына душар ету деректері әлі де көптеген жерлерде сол баяғысынша жалғасып келеді. Қаршадай баланы қатыгездікке үйрететін де қоғам мен отбасындағы осындай көлеңкелі жағдайлар болып отыр.
Елімізде 23 тамыз 2002 жылы Қазақстан Республикасы балаларды қоғамдағы толымды өмірге даярлау, олардың қоғамдық мәні бар және шығармашылық белсенділігін дамыту, әлемдік өркениеттің жалпы адамзатқа тән құндылықтары негізінде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезімді қалыптастыру принциптерінің басымдығына сүйеніп, баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген негізгі құқықтары мен мұдделерін іске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейтің заң қабылдады.
Қазақстан Республиқасының балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саясатының мақсаттары:
- балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, оларды кемсітушілікке жол бермеу;
- құқықтары мен заңды мудделерінің негізгі кепілдіктерін нығайту, сондай-ақ құқықтары бұзылған жағдайларда оларды қалпына келтіру;
- бала құқықтары кепілдіктерінің құқықтық негіздерін қалыптастыру, баланың құқықтары мен заңды мудделерін қорғау жөніндегі тиісті органдар мен ұйымаар құру;
- балалардың дене бітімі, интеллектуалдық, рухани және имандылық тұрғысынан дамуына, олардың бойында елжандылық азаматтық және бейбітшіл сезімдерді тәрбиелеуге, сондай-ақ баланың жеке адами тұлғасының Қоғам мүддесі, мемлекет халықтарының достүрлері, ұлттық және әлемлік мәдениет жетістіктеріне қол жеікізуі үшін мүмкіндіктерін ашуға жәрдемдесу;
- кәмелетке толмағандардын құқықтық санасы мен құқықтық мәдениет қалыптастыру жөніндегі нысаналы жұмысты қамтамасыз ету болып табылады.
Балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саясат мемлекеттік органдар қызметінің басым саласы болып табылады және:
- баланың құқықтарын заң тұрғысынан қамтамасыз етуге:
- балаларға толымды тәрбие беруді, олардың құқықтарын қорғауды оларды қоғамда толымды өмір сүруге дайындауды қамтамасыз ету мақсатында отбасын мемлекеттік қолдауға;
- аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, балалардың өмірін жаксартуға бағытталған мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттарды белгілеуге және сақтауға;
- баланың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзғаны, оған зиян келтіргені үшін лауазымды тұлғалардың, азаматтардың жауаптылығына;
- баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдары мемлекеттік қолдауға негізделген. 5
1. 3. Отбасы және кәмелетке толмағандардың бірқалыпты дамуы
және оларға дұрыс тәрбие беру шарттары
Біздің елімізде балаларды тәрбиелеу мен оқыту - тек құқық қана емес, сонымен бірге белгілі бір деңгейде. Қазақстан Республикасы заңдары бойынша балалардың орта білім алуы міндетті болғанлықтан, олардың білім алуын қамтамасыз ету, қажетті жағдай туғызу ата-аналардың міндеті болып табылады. Бұрын мектептер тек мемлекет қарауында болды, ал енді білім беру деңгейі мемлекеттік мектептердегіден төмен болмауы тиіс жеке мектептер құрылуда. Тек осындай жағдайда ғана жеке мектептерде берілетін куәлік мемлекеттік мектептерде берілетін куәлікке теңестірілелі. Ата-аналар балаларык мемлекеттік мектептермен бірге жеке мектептерде де оқытуға құқылы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz