ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 251 бет
Таңдаулыға:   

ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ

АЛҒЫ СӨЗ

Табиғат байлықтарының бірі - жануарлар әлемі, ал жануарларды зерттейтін ғылым - зоология. Зоология қарқынды дамып келе жатқан және биологияның негізін қалайтын ғылым, себебі жануарлар биологиялық ғылыми зерттеулердің әрқашанда қажетті объектісі болып келеді. Жануарлар әлемінің алуан түрлілігін, олардың құрылысы мен тіршілік әрекетін, дамуын, өзінің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, шығу тегін зерттей отырып, органикалық дүниенің жеке және тарихи даму заңдылықтарын да тануға болады. Жануарлар әлемінің табиғаттағы, адам өміріндегі, халық шаруашылығындағы маңызы зор екені жалпыға мәлім.

Жануарлар дүниесін, олардың құрылымы және даму ерекшеліктеріне, әр түрлі зерттеу әдістеріне қарай үлкен екі топқа - омыртқалылар мен омыртқасыздарға бөлу ертеден қалыптасқан. Омыртқалылар зоологиясын - хордалылар зоологиясы деп те атайды. Бұл пән жануарлар әлеміндегі 23 типтің, ішіндегі бір ғана типін - хордалыларды (Chordata) қарастырады. Ал, қалған 22 типті қамтитын - омыртқасыздар зоологиясы. Осы 22 типтердің ортақ біркелкі құрылысы болмағандықтан омыртқасыздар зоологиясының өзіндік қиындықтары да аз емес.

Еліміздің егемендік алуы және қазақ тілінің мемлекеттік тілге айналуы жалғыз тіл мамандығына ғана емес, басқа да барлық ғылым мен техника саласындағы қызметкерлеріне үлкен міндет артып отыр. Бұл міндет, ең алдымен, өмірдің әр саласына сай жоғары дәрежелі мамандар даярлау жолындағы қиыншылықтармен байланысты. Қазақ тілін іс жүзінде мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеру, білікті мамандарды даярлау үшін ана тілімізде жазылған оқулықтардың қажеттілігі күннен күнге өсіп келеді. Алайда, өкінішке орай, омыртқасыздар зоологиясы пәнінен әлі күнге дейін қазақ тілінде жарық көрген оқулықтар өте аз, жоқ десе де болады.

Осы жағдайларды ескере отырып орыс тілінде жазылған "Руководство по зоологии" 1937, 1940, 1951, В. А. Догельдің "Зоология беспозвоночных" 1981, Д. М. Федотовтың "Эволюция и филогения беспозвоночных животных" 1966 кітаптарын және басқа да Ресей, Қазақстан ғалымдарының еңбектері мен ғылымның соңғы жетістіктерін басшылыққа алып, автор ұзақ жылдар бойы (1961-2002) омыртқасыздар зоологиясы курсы бойынша оқыған лекцияларын жинақтап, іріктеп, сабақ өткізу тәжірибелерін сыннан өткізіп, тиімді формаларын пайдаланып оқулығын оқырмандарға ұсынып отыр.

Оқулықта омыртқасыз жануарлар әлеміндегі 22 типтің әрқайсысына систематикасымен қатар құрылым ерекшеліктері, биологиясы, көбеюі мен дамуы, экологиясы, таралуы, тсориялық және практикалық маңызы сипатталып жазылған. Сонымен бірге ғалымдардың зоология ғылымына арналған еңбектері де қамтылып, жануарлар типтерінің палеонтологиясы мен филогениясы да баяндалған. Қазақстанда кездесетін омыртқасыз жануарлар түрлеріне, өсімдік зиянкестеріне, паразиттік тіршілік ететін түрлеріне талдау жасалынды. Жануарлардың систематикасы негізінен жоғарыда аталған В. А. Догельдің "Зоология беспозвоночных" кітабынан, ал суреттер В. А. Догельдің және басқа да авторлардың оқулықтарынан алынған. Қарапайымдылардың систематикасын жасауда (Levine et. al., 1980) Халықаралық комитеті Protozoa патшалық тармағын 5, 7 немесе 9 типтерге жіктейді. Мысалы, бұрынғы Sporozoa типі қазір 4 типке бөлінген. Asthetosporidia мен Labyrinthomorpha жаңа типтері қосылды. Жеке типтер шеңберінде де қатты өзгерістер болып жатыр. Қарапайымдылар жүйесі орнығып болмағандықтан біз В. А. Догельдін. "Зоология беспозвоночных" (1981) атты оқулығында берілген жүйені пайдаландық. Қарапайымдылар жүйесімен тереңірек танысқысы келетіндерге К. Хаусманның "Протозоология" (1988) атты оқулығын ұсынамыз.

Ұсынылып отырған оқулық университеттер мен педагогикалық, ауыл шаруашылық, медициналық, мал дәрігерлік, агрономиялық, зоотехникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, ғылыми қызметкерлеріне, магистранттарына және биология саласының мамандарына арналған.

Омыртқасыздар зоологиясы оқулықтарға қойылатын талаптарға және мемлекеттік университеттерге арналған қазіргі типтік бағдарламасына сай жазылды. Оның үстіне бұл оқулыққа бұрынғы орыс тілінде шыққан оқулықтарға кірмеген жаңа мәліметтер енді. Оқулықты жазу барысында мүмкіндігінше жүйелік, үйлесімділік, нақтылық принциптерін сақтай отырып дәйекті түрде баяндалуына және студенттерге үғынықты болуына үлкен мән берілді.

Оқулық кіріспеден, 2 бөлімнен, 4 тараудан құралған, омыртқасыз жануарлардың 22 типі деңгейлік жүйемен орналасқан.

Оқулық екі кітаптан тұрады.

Бірінші кітапта омыртқасыз жануарлардың 15 типі қарастырылған: саркомастигофора - Sarcomastigophora, споралылар - Sporozoa, книдоспоридиялар - Cnidosporidia, микроспоридиялар - Microsporidia, кірпікшелілер - Сіііорһога, тақталылар - Placozoa, губкалар - Spongia, ішекқуыстылар - Coelenterata, ескектілер - Ctenophora, жалпақ құрттар - Plathelminthes, немертиндер - Nemertini, жұмыр құрттар - Nemathelminthes, скребнилер - Acanthocephales, буылтық құрттар - Annelida, буынаяқтылар - Arthropoda (кластары: шаянтәрізділер, трилобиттер, семсерқұйрықтылар, алып калқаншалылар, өрмекшітәрізділер, көпаяқтылар) .

Екінші кітапта омыртқасыз жануарлардың 8 типі қарастырылған: буынаяқтылар -Arthropoda (насекомдар немесе алтыаяқтылар класы), онихофоралар - ОІтусһорһога, моллюскалар - Mollusca, қармалауыштылар - Tentaculata, тікентерілілер - Echinodermata, погонофоралар - Pogonophora, қылтанжақтылар - Chaetognatha, жартылай хордалылар - Hemichordata және жануарлар әлемінің филогенетикалық дамуының негізгі сатылары көрсетілгсн.

Кітаптың соңында омыртқасыздар зоологиясында кездесетін ғылыми терминдердің қысқаша түсіндірме сөздігі және термин аталымдарының алфавиттік көрсеткіші беріліп отыр.

Ұсынылып отырған еңбектің кемшіліктері жоқ деуден аулақпыз, сондықтан да оқырмандар тарапынан ұсыныс-пікір білдіреміз деушілерге, автор ризалық білдіріп, ілтипатпен қарсы алады.

КІРІСПЕ

Органикалық дүниені ұзақ жылдар бойы жануарлар мен өсімдіктер әлеміне бөліп келді. Биология ғылымының қарқынды дамуына байланысты органикалық дүниенің құрылымы хақындағы көзқарастарды қайта қарауға тура келді. Қазіргі уақытта ғалымдар органикалық дүниені екі (өсімдіктер мен жануарлар) емес, төртке бөліп отыр: олар прокариоттар немесе монера - бір клеткалы ядросыздар (мысалы, бактериялар, көк-жасыл балдырлар) : есімдіктер, саңырауқұлақтар және жануарлар.

Жануарлар әлемі - Zoa немесе Animalia. "Zoon" - грек тілінде жануар деген сөз. Қазіргі кезде жануарлардың белгілі түрлерінің жалпы саны 2, 5 миллионнан асады, олар тірі организмдердің тіршілік ететін аймағының ерекше қабаты - биосферада кең тараған.

Биосфера - грек тілінде "bios" - өмір және тіршілік, "sphaira" (сфера) - шар, қоршаған орта деген сөздерінен алынған. Биосфераға литосфераның жоғарғы қабаты, бүкіл гидросфера және атмосфераның төменгі қабаты жатады, мұнда жануарлар, өсімдіктер және басқа да тірі организмдер тіршілік етеді.

Палеонтологиялық зерттеулер нәтижесінде, яғни қазбалардан табылған өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарын тануға сүйене отырып, ғалымдар биосфераның негізгі пайда болу жолдарын анықтады. Ғалымдар, жердің және сондағы тіршіліктің даму тарихын басты-басты бес эраларға (архей, протерозой, палеозой, мезозой, кайнозой), ал эраларды дәуірлерге, кезеңдерге бөлді.

Архей - биосфераның ең бірінші эрасы. Болжаумен айтқанда, мұнда алғашқы қарапайым тіршіліктің түрі пайда болған. Ал тіршіліктің ең тұңғыш іздері протерозой эрасында болған.

Протерозой эрасында өмір сүрген тіршілік иелерінің қалдықтарынан радиоляриялардың, фораминифералардың іздері, губкалардың қаңқалары, буылтық, құрттардың түтікшелері, моллюскалардың бақалшақтары, тіпті буынаяқтылардың да қалдықтары табылған. Осындай қазбалардың қалдықтарын анықтай отырып, протерозой эрасында жануарлардың біраз типтерінің өмір сүргенін дәлелдеуге болады.

Палеозой эрасы - ертедегі тіршілік эрасы. Бұл эра 6 дәуірге бөлінеді: кембрий, ордовик, силур, девон, тас көмір, пермь.

Мезозой ортаңғы тіршілік эрасы 3 дәуірге бөлінеді: триас, юра, бор. Жануарлар тарихында мезозойды жорғалаушылар эрасы деп атайды.

Кайнозой эрасы - жаңа тіршілік уақыты. Бұл эра 3 дәуірге бөлінеді: палеоген, неоген, антропоген. Антропоген қазіргі біздің заманымызбен жалғасып отыр.

Биосфераның даму кезеңдері геохронологиялық кестеде (1-кесте) келтірілген. Мұнда органикалық дүниенің қандай болғанын және оның қарапайым күйден күрделіге қарай бағытталғаны көрсетілген.

/ -кесте

Геохронологиялық кесте *

Эралар және олардың ұзақтығы (млн. жыл): Эралар және олардың ұзақтығы (млн. жыл)
Дәуірлер, кезеңдер, олардың ұзақтығы (млн. жыл): Дәуірлер, кезеңдер, олардың ұзақтығы (млн. жыл)
Қанша млн. ж бұрын пайда болған: Қанша млн. ж бұрын пайда болған
Орган измдердің дамуы: Орган измдердің дамуы
Эралар және олардың ұзақтығы (млн. жыл): 1
Дәуірлер, кезеңдер, олардың ұзақтығы (млн. жыл): 2
Қанша млн. ж бұрын пайда болған: 3
Орган измдердің дамуы: 4
Эралар және олардың ұзақтығы (млн. жыл): Кайнозой (жаңа тіршілік)
Дәуірлер, кезеңдер, олардың ұзақтығы (млн. жыл): Антропоген (1 - 1, 5)
Қанша млн. ж бұрын пайда болған:
Орган измдердің дамуы: Адамның пайда болуы және дамуы. Қазіргі кездегі жануарлар мен өсімдіктердің басым болуы.
Эралар және олардың ұзақтығы (млн. жыл): 60 - 70
Дәуірлер, кезеңдер, олардың ұзақтығы (млн. жыл):

Неоген

25 - 30

Қанша млн. ж бұрын пайда болған:
Орган измдердің дамуы: Сүтқоректілер мен құстардың басым болуы. Мамонт, қанжар тісті жолбарыстардың жойылуы.
Эралар және олардың ұзақтығы (млн. жыл):
Дәуірлер, кезеңдер, олардың ұзақтығы (млн. жыл):

Палеоген

42

Қанша млн. ж бұрын пайда болған:
Орган измдердің дамуы: Сүтқоректілердің барлық отрядтарының пайда болуы. Насекомдардың өркендеуі. Басаяқты моллюскалардың көптеген түрлерінің жойылып кетуі. Жабық тұқымды өсімдіктердің басым болуы.
Эралар және олардың ұзақтығы (млн. жыл): Мезозой (ортаңғы тіршілік) 163 - 173
Дәуірлер, кезеңдер, олардың ұзақтығы (млн. жыл):

Бор

40 -70

Қанша млн. ж бұрын пайда болған: 120
Орган измдердің дамуы: Нағыз құстардың, сүтқоректілердің пайда болуы. Ірі бауырымен жорғалаушылардың, аммониттердің, белемниттердің жойылуы. Жабық тұқымды өсімдіктердің пайда болып, таралуы.
Эралар және олардың ұзақтығы (млн. жыл):
Дәуірлер, кезеңдер, олардың ұзақтығы (млн. жыл):

Юра

40 - 58

Қанша млн. ж бұрын пайда болған: 155
Орган измдердің дамуы: Алғашқы құстардың (археоптерикстың) пайда болуы. Бауырымен жорғалаушылардың, аммониттердің, белемниттердің басым болуы.
Эралар және олардың ұзақтығы (млн. жыл):
Дәуірлер, кезеңдер, олардың ұзақтығы (млн. жыл):

Триас

35 -45

Қанша млн. ж бұрын пайда болған: 190
Орган измдердің дамуы: Бауырымен жорғалаушылардың өркендеуі. Алғашқы сүтқоректілердің, сүйекті балықтардың, белемниттердің пайда болуы. Наутилидтер, стегоцефалдардың құрып бітуі.
Эралар және олардың ұзақтығы (млн. жыл): Палеозой (ежелгі тіршілік) 310-340
Дәуірлер, кезеңдер, олардың ұзақтығы (млн. жыл):

Пермь

40- 55

Қанша млн. ж бұрын пайда болған: 215
Орган измдердің дамуы: Бауырымен жорғалаушылардың тез дамуы, аң тісті жорғалаушылардың, аммониттердің пайда болуы. Трилобиттердің құрып бітуі.
Эралар және олардың ұзақтығы (млн. жыл):
Дәуірлер, кезеңдер, олардың ұзақтығы (млн. жыл):

Тас көмір

50- 75

Қанша млн. ж бұрын пайда болған: 300
Орган измдердің дамуы: Алғашқы бауырымен жорғалаушылардың, насекомдардың, өкпелі ұлулардың, өрмекшілердің, құршаяндардың пайда болуы, сауытты және шеміршекті балықтардың, қосмекенділердің гүлденуі. Трилобиттердің азаюы, папоротник тәрізділердің өр-кендеуі.
Эралар және олардың ұзақтығы (млн. жыл):
Дәуірлер, кезеңдер, олардың ұзақтығы (млн. жыл): Девон 50 - 70
Қанша млн. ж бұрын пайда болған: 350
Орган измдердің дамуы: Қос тынысты, сауытты балықтардың, стегоцефалдардың, ізбесті губкалардың пайда болуы. Моллюскалардың, иінаяқтылардың таралуы. Цистоидтердің кұрып бітуі. Споралы өсімдіктердің құрлықта таралуы.
Эралар және олардың ұзақтығы (млн. жыл):
Дәуірлер, кезеңдер, олардың ұзақтығы (млн. жыл): Силур 30-40
Қанша млн. ж бұрын пайда болған: 420
Орган измдердің дамуы: Жақсүйексіз омыртқалылардың, шеміршекті балықтардың, мшанкалардың пайда болуы. Псилофиттердің құрлыққа шығуы. Цистоидтердің (ті-кентерілілер) гүлденіп өсуі.
Эралар және олардың ұзақтығы (млн. жыл):
Дәуірлер, кезеңдер, олардың ұзақтығы (млн. жыл): Ордовик 60
Қанша млн. ж бұрын пайда болған: 480
Орган измдердің дамуы: Теңіз омыртқасыздарының өркендей түсуі.
Эралар және олардың ұзақтығы (млн. жыл):
Дәуірлер, кезеңдер, олардың ұзақтығы (млн. жыл):

Кембрий

70

Қанша млн. ж бұрын пайда болған: 570
Орган измдердің дамуы: Төменгі сатыдағы шаяндардың, моллюскалардың, теңіз лалагүлдерінің пайда болуы. Фораминифералардың, маржан полиптердің, трилобиттердің, наутилидтердің, иінаяқтылардың кең таралуы. Балдырлардың гүлденіп өсуі.
Эралар және олардың ұзақтығы (млн. жыл):

Протерозой

2000-астам

Дәуірлер, кезеңдер, олардың ұзақтығы (млн. жыл):
Қанша млн. ж бұрын пайда болған:
Орган измдердің дамуы: Бактериялар, көк-жасыл балдырлар, радиоляриялар, фораминифералар, губкалар, моллюскалар, буынаяқтылар, т. б. омыртқасыз жануарлардың дамуы.
Эралар және олардың ұзақтығы (млн. жыл): Архей
Дәуірлер, кезеңдер, олардың ұзақтығы (млн. жыл):
Қанша млн. ж бұрын пайда болған:
Орган измдердің дамуы: Көне замандағы мұхиттарда бір клеткалы қарапайым организмдердің пайда болуы (жорамал) .

Биосфераның пайда болуымен бірге, жер бетіндегі тірі организмдердің дамуы сыртқы қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасады. Эволюциялық өзгерістер әрқашанда сыртқы ортаның өзгерісіне организмдердің бейімделуімен ұштасады. Бейімделушілік организмнің әр түрлі орта жағдайларында өмір сүруіне мүмкіндік бере отырып, сонымен қатар дене құрылысының өзгермелілігін қамтамасыз етіп отырады. Мұндай өзгермелілік А. Н. Северцевтің айтқанындай ароморфоз, яғни организмнің негізгі мүшелерінің құрылысын жаппай күрделілендіруге апаратын, тіршілік әрекетін жеделдете түсетін эволюциялық процесс, организмдердің тіршілік қабілетін арттырады.

Ортаның үлкен өзгерістері ароморфоз сипатында организмдерде ірі өзгерістерді туғызып, көбіне морфологиялық-физиологиялық жағынан едәуір күрделі жаңа формалар шығуына соқтырады. Мысалы, жануарлар дүниесінде болған белгілі бір ірі ароморфоздардың салдарынан - бір клеткалы эукариотты қарапайым жәндіктер, көп клеткалы, екі қабатты, сәулелі симметриялы, үш қабатты және екі жақты симметриялы жануарлар пайда болған. Типтер, кластар сияқты ірі систематикалық топтар ароморфоз жолымен шыққан.

Организмдердің ортаға бейімделу жолдары сан алуан. Болмашы өзгерістер организмнің құрылым деңгейін және тіршілік қарқынын арттырмайды. Мұндай өзгерістер "жеке бейімделушіліктер - идиоадаптация" деп аталады. Мысалы, жаңа жағдайға бейімделуіне байланысты су түбінде тіршілік ететін скат тұқымдастарының денесі жалпайған, арқасы құрсағына қабысқан, құйрық қанаттары жойылған және реңі су түбіндегі топырақ түстес болып келеді. Осы өзгерістердің бәрі су түбіндегі тіршілік қалпына сәйкес "жеке бейімделушіліктер" болып табылады. Мұнда скаттардың құрылысында ешқандай күрделілену болған жок. Түрлер, туыстар, тұқымдастар сияқты ұсақ систематикалық топтар идиоадаптация жолымен шыққан.

Әрбір тірі организм біртұтас, оның жүйелері, бөліктері мен мүшелері бір-бірімен тығыз байланысты. "Корреляция" немесе мүшелердің бір-біріне қатысты даму заңдылығын Ж. Кювье (1812) ашты. Жануарлардың эволюциялық дамуында белгілі бір мүшенің қызметі (функциясы) және құрылысы өзгерсе, соған сәйкес коррелятивті өзгерістер басқа мүшелерде де байқалады. Мысалы, буынаяқтыларда эволюциялық дамуының нәтижесіндегі прогрессивті өзгерістерінің бірі - хитинді кутикулярлы сыртқы қаңқасының пайда болуы. Хитинді қатты кутикуланың пайда болуы басқа мүшелерге әсер етпей қоймады. Тұтас жатқан тері - бұлшықет қапшықтары қатты кутикула астында қызметін атқара алмай, жеке-жеке орналасқан бұлшықеттерге бөлінді; екінші реттік қуыс (целом) тірек қызметін жойып, аралас қуысқа (миксоцель), негізінен тасымалдаушы (трофикалық) қызметін атқаруға айналды. Дененің өсуі тек түлеу арқылы жүретін болды, т. б. Міне, кутикуланың пайда болуы, басқа мүшелердің функциясы мен құрылысының өзгерісіне себеп болды. Палеонтологтар осы "корреляция" әдісін қолдана отырып, жойылып кеткен жануарлардың қалдықтарына қарап, олардың бейнесін анықтай алады.

Жануарлар топтары арасындағы туыстық байланыстарды анықтауға биогенетикалық заң маңызды қызмет атқарады (Мюллер, 1864, Геккель, 1866, Северцев, 1939) . Биогенетикалық заң бойынша әрбір жеке организм өзінің оқшау дамуында (онтогенезде) ертедегі арғы тектерінің тарихи даму процесіндегі (филогенездің) өте маңызды өзгерістерін қайталап отырады, немесе онтогенез филогенездің қысқаша қайталануы. Ұрықтың және личинканың дамуын зерттей отырып, тіпті, бір-бірінен алшақ тұрған жануарлардан ортақ туыстық белгілерді табуға болады. Бұл онтогенез бен филогенездің арасындағы терең байланыстылықты көрсетеді.

Органикалық дүниенің тарихи дамуының заңдылықтарын, эволюциялық процестің жолдарын, бағыттарын және қозғаушы күштерін, ағылшын ғалымы Чарльз Дарвин "Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің шығуы немесе тіршілік үшін күресте қолайлы өскен тұқымдардың сақталып қалуы" (1859) деген классикалық еңбегінде дәлелдеп берді.

Органикалық дүниенің тарихи даму (эволюция) заңдарына, палеонтологиямен бірге салыстырмалы анатомияға, эмбриологияға сүйене отырып, жануарлардың эволюциялық дамуын, шығу тегін анықтауға болады. Кейінгі кезде тіршіліктің тарихи дамуы туралы мәліметтердің қатарын бағалы мәліметтермен толықтыруда экспериментальды зоология мен биохимияның маңызы артып келеді.

Жануарларды зерттейтін ғылым - зоология (Zoon - грек тілінде жануар, logos - ғылым, ілім) . Зоология - жануарлар әлемінің алуан түрлілігін, олардың сыртқы және ішкі құрылысын, зат алмасу процесін, тіршілік ету ортасы мен өзара қарым-қатынасын, таралуын, дамуын, шығу тегін, тарихи даму зандылықтарын, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын зерттейтін ғылым.

Зоология басқа да биологиялық ғылымдармен тығыз байланысты: морфологиямен және анатомиямен (организмдердің сыртқы және ішкі құрылысын зерттейтін ғылым) ; гистологиямен (тканьдердің микроскопиялық құрылысын зерттейтін ғылым) ; физиология және биохимиямен (организмдердің және олардың мүшелерінің функциональдық қасиеттерін, құрамының химиялық өзгеріске ұшырау процестерін зерттейтін ғылым) ; цитологиямен (клеткалардың құрылысын, атқаратын қызметін, дамуын зерттейтін ғылым) ; эмбриологиямен (адамның, жануарлардың, өсімдіктердің ұрықтық даму зандылықтарын зерттейтін ғылым) ; генетикамен (организмдердің тұқым қуалауы және өзгергіштігі туралы ғылым) ; экологиямен (организмдердің қоршаған ортасымен қарым-қатынастық заңдылықтарын зерттейтін ғылым) ; палеонтологиямен (құрып кеткен қазба организмдерді зерттейтін ғылым) ; систематикамен (организмдерді туыстық топтарға жіктеу және олардың эволюциялық, дамуының тарихи тізбегін анықтау туралы ғылым) .

Жануарлардың алуан түрлерін зерттей отырып, олардың ерекшеліктеріне және әр түрлі зерттеу мақсаттарына, әдістеріне қарай зоология - бірнеше салаларға бөлінеді: протистология немесе протозоология - қарапайымдыларды зерттейтін ғылым; гельминтология - құрттарды (паразиттік тіршілік ететін) ; карцинология - шаянтәрізділерді; арахнология - өрмекшітәрізділерді; акарология - кенелерді; энтомология - насекомдарды (бунақ денелілерді) ; малакология - моллюскаларды (жұмсақ денелілерді) ; ихтиология - балықтарды; герпетология - қос мекенділер мен бауырымен жорғалаушыларды; орнитология - құстарды; териология (мамма-логия) - сүт қоректілерді зерттейтін ғылым.

Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы өте зор және алуан түрлі. Олардың бірқатары пайдалы жануарлар болып табылады. Азық-түлік , әр түрлі өнеркәсіп шикізат өнімдерін: ет, май, cyt, тері, жүн, бал, балауыз, жібек, мүйіз, бақалшақ және т. б. береді. Жануарлардың пайдасы мұнымен бітпейді. Олардың көпшілігі ауыл шаруашылық дақылдарын тозаңдатушылар, топырақ түзушілер, басқа жануарларға азықтық қорлары мен органикалық заттардың ыдыратушылары болып келеді.

Жануарлардың осындай пайдасымен қатар ауыл шаруашылығына көптеген зиян келтіретін түрлері де бар: шегірткелер, кейбір көбелектер, қоңыздар, кенелер, бауыраяқты моллюскалар, кемірушілер отрядына жататын тышқандар. Сонымен қатар жануарлардың кейбір түрлері адамға және басқа жануарларға ауруларды таратушылар, ауруларды қоздырушылар және тікелей паразиттері болып табылады (масалар, соналар, кенелер, дизентериялық амебалар, лейшманиялар, бауыр сорғыштар, аскаридалар) .

Адамның шаруашылық әрекеті мен табиғатқа жасаған ықпалынан көптеген жануар түрлерінің саны едәуір азайып кетті, ал кейбіреулері мүлдем жойылып кетті. Қазіргі уақытта табиғатты қорғау проблемалары, сонымен қатар фауналық ресурстарды үнемдеу бірінші орынға шықты. Табиғатты қорғау және оны бірқалыпты сақтау туралы көптеген мемлекеттік құжаттарда айтылған. Арнаулы "Қызыл кітапқа" дүние жүзіндегі құрып бара жатқан және саны күрт азайып кеткен жануарлар мен өсімдіктер туралы бірнеше құнды мағлұматтар енгізілген.

Жануарларды зерттеу, олардың өнімділігін арттыру, тиімді пайдалану және олардың табиғаттағы қорын сақтау зоология ғылымының басты міндеті.

ЗООЛОГИЯНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ

Жануарлардың құрылысы мен тіршілік етуі туралы мәліметтер адамзат баласына бұдан бірнеше ғасыр бұрын белгілі болған. Олар өздері аулаған жануарлардың сырт пішінін паналайтын үңгірлер кабырғасындағы тастарға және күркелерінде калдырған сүйектерге ойып салып отырған. Мысалы: Австрия үңгірлерінің бірінде жүрегі айқын көрсетілген піл суреті бар. Сонымен катар аралар балын жинап жүрген әйел бейнесі де салынған. Бұлар бізге қазба қалдықтарын зерттеу нәтижесінде белгілі болып отыр.

Ал жануарларды ғылыми негізде зерттеп, зоологияның дамуына ең алғаш жол ашкан гректің ұлы ғалымы және философы Аристотель (384-322, IV ғасыр біздің заманымызға дейінгі) болды. Аристотель жануарлар классификациясын жасап, зоология систематикасынының негізін салған. Ол жануарлардың 500-ден аса түрлерін зерттеп, оларды 2 топқа бөлген:

1) "энойма" - қаны бар жануарлар; 2) "анойма" - қаны жоқ жануарлар.

Бірінші топқа, қанды жануарларға: 1) тірі туатындарды (аңдарды) ; 2)

құстарды; 3) бауырымен жорғалаушыларды; қосмекенділерді; 4) балықтарды жатқызды.

Екінші топка, қансыздарға: 1) басаяқты моллюскаларды; 2) шаянтәрізділерді; 3) моллюскаларды (басаяқтылардан басқа) ; 4) насекомдарды, өрмекшілерді және құрттарды жатқызды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ересек құрттың дене ұзындығы
Дененің сегменттелуі
Виртуалды зертханалық жұмыстар
Жалпақ құрттар
Аталық өрмекшінін
Буынаяқтылар
Зоология пәні және міндеттері. зоологияның дамуының негізгі этаптары. зоологияның басқа да ғылымдарымен байланысы
Омыртқасыз жануарлардың түрлерінің таралуы, шығу тегі
Жалпақ құрттар типі. Таспа құрттар класы, сипаттамасы, жіктелуі, практикалық маңызы
Жалпақ құрттар типі. Сорғыштар класы. Жалпы сипаттамасы, жіктелуі және практикалық маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz