ТМД елдерімен қарым-қатынасы



ЖОСПАР

Ⅰ. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2

ІІ. Негізгі бөлім: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
2.1 ТМД елдерімен қарым.қатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
2.2 Қытаймен қарым.қатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2.3 Иранмен қарым.қатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
2.4 Түркиямен қарым.қатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.5 Еуропалық мемлекеттермен қарым.қатынасы ... ... ... ... ... ... 11
2.6 АҚШ.пен қарым.қатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.7 Өзге мемлекеттермен қарым.қатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ...15

ІІІ. Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17

Ⅳ. Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
Кіріспе
Түркіменстан – Орта Азияның оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан құрлықтағы мемелекет. Солтүстігі және солтүстік-шығыс жағы Қазақстанмен, Өзбекстанмен шекаралас.Батысында – Каспий теңізі. Ал оңтүстігі Иранмен, оңтүстік-шығысы Ауғанстанмен шекаралас болып табылады. Жалпы территориясы — 491,2 мың км2 . Қазба байлықтары өте мол, әсіресе “қара алтын”атанатын мұнайға және табиғи газға өте бай.
Халықының саны 2001 жылғы статистикалық мәлімет бойынша 5,37 млн.-ға жеткен.Түркімендер жалпы халықтың 77% алса, 9,2% өзбектер,3% орыстар , 2% қазақтар және 0,8% армяндар алып отыр.Мемлекет тілі —түркімен тілі, орыс тілі ресми тіл статусына ие. Халықтың көпшілігі мұсылмандар.
Тәуелсіздік жариялаған күні: 1991 жылы 27 қазан
Түркіменстанның астанасы – Ашқабад.
Түркіменстанның президенті: Қазіргі президент Құрбанғұлы Бердімұхамедов 2007 жылы ақпанда сайланды. Алғашқы президенті Сапармұрат Ниязов 1990 жылы қазанда сайланады. 1994 жылғы Бүкіл азаматтық референдум бойынша президенттік мерзімі 2002 жылға дейін созылады. 1999 жылы желтоқсанда, Түркіменстанның парламентінің шешіміне сәйкес С.Ниязов мәңгілік президенттік құқыққа ие болды.2006 жылы 21 желтоқсанда С.Ниязов 66 жасында қайтыс болады.
Түркіменстан 1992 жылы БҰҰ-ға мүше болады. 1995 жылы 12 желтоқсанда БҰҰ-ның 50 сьезінде Түркіменстанды мәңгілік бейтараптық мемлекет ретінде таниды.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Шэн Руй “Евразия мемлекеттерінің сыртқы саясаты” Пекин-2002
2. Ван Жинку “Түркіменстанның жалпы жағдайы және екі жақты қарым-қатынастар” Пекин-2001
3. Ли Байшы “ТМД елдерінің сыртқы саясатының қысқаша мәліметі” Шанхай -1999

Интернет ресрустар:
1. http://www.sina.com.cn/ policy/CIS
2.http://www.news.qq.com/foreign/tfpft
3. http://www.chinaren.com/policy/CA

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Ⅰ. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2

ІІ. Негізгі
бөлім: ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..3
1. ТМД елдерімен қарым-
қатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
2. Қытаймен қарым-
қатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
3. Иранмен қарым-
қатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
4. Түркиямен қарым-
қатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
5. Еуропалық мемлекеттермен қарым-қатынасы ... ... ... ... ... . ...11
6. АҚШ-пен қарым-
қатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
7. Өзге мемлекеттермен қарым-
қатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

ІІІ.
Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...17

Ⅳ. Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .19

Кіріспе
Түркіменстан – Орта Азияның оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан
құрлықтағы мемелекет. Солтүстігі және солтүстік-шығыс жағы Қазақстанмен,
Өзбекстанмен шекаралас.Батысында – Каспий теңізі. Ал оңтүстігі Иранмен,
оңтүстік-шығысы Ауғанстанмен шекаралас болып табылады. Жалпы территориясы —
491,2 мың км2 . Қазба байлықтары өте мол, әсіресе “қара алтын”атанатын
мұнайға және табиғи газға өте бай.
Халықының саны 2001 жылғы статистикалық мәлімет бойынша 5,37 млн.-ға
жеткен.Түркімендер жалпы халықтың 77% алса, 9,2% өзбектер,3% орыстар , 2%
қазақтар және 0,8% армяндар алып отыр.Мемлекет тілі —түркімен тілі, орыс
тілі ресми тіл статусына ие. Халықтың көпшілігі мұсылмандар.
Тәуелсіздік жариялаған күні: 1991 жылы 27 қазан
Түркіменстанның астанасы – Ашқабад.
Түркіменстанның президенті: Қазіргі президент Құрбанғұлы Бердімұхамедов
2007 жылы ақпанда сайланды. Алғашқы президенті Сапармұрат Ниязов 1990 жылы
қазанда сайланады. 1994 жылғы Бүкіл азаматтық референдум бойынша
президенттік мерзімі 2002 жылға дейін созылады. 1999 жылы желтоқсанда,
Түркіменстанның парламентінің шешіміне сәйкес С.Ниязов мәңгілік
президенттік құқыққа ие болды.2006 жылы 21 желтоқсанда С.Ниязов 66 жасында
қайтыс болады.
Түркіменстан 1992 жылы БҰҰ-ға мүше болады. 1995 жылы 12 желтоқсанда БҰҰ-
ның 50 сьезінде Түркіменстанды мәңгілік бейтараптық мемлекет ретінде
таниды.

Негізгі бөлім

2.1 ТМД елдерімен қарым-қатынасы:
Түркіменстан ТМД елдерімен қарым-қатынасына ерекше мән береді. 2000 жылы
президент С.Ниязов екі рет Мәскеуге барып ТМД елдерінің мемлекет басшылар
жиналысына қатысады.ТМД-ның атқарушы хатшысы 2 рет Түркіменстанға ресми
сапармен барып, ТМД-ның ішкі ынтымақтастығы жайында және ТМД-ның даму
мәселесі жөнінде президент С.Ниязовпен өзара пікір алмастырады.
Түркіменстан өз тарапынан ТМД-ны реттеуші орган ретінде қарайды. Өзара
теңдік және өзара тиімділік принципі негізінде мемлекетаралық қарым-
қатынасты дамытуды дәріптейді, әсіресе екі жақты қатынасты дамытуды жөн
көреді. Алайда ЕвразЭС, ГУУАМ және ТМД-ның терроризмге қарсы орталығы
тәрізді ТМД-ның ішкі ынтымақтастық ұйымдарына қатысудан бас тартып отыр.
2000 жылы мамыр айында Ресей президенті В.Путин ресми сапармен
Түркіменстанға барады. Бұл Путинның Түркіменстан тәуелсіздік алғанан
кейінгі екінші ресми сапары болып саналады. Екі жақ та қарсы жақпен қарым-
қатынасты дамытуды өз мемлекетінің сыртықы саясатындағы негізгі бағыттардың
бірі деп ерекше атап өтеді. Екі мемлекет “Түркіменстан мен Ресей арасындағы
ғылым, білм және мәдени ынтымақтастықты нығайту жөніндегі декларацияға ”қол
қояды. Сонымен қатар С. Ниязов Мәскеуде өткен ТМД елдерінің басшылар
жиналысы кезінде В.Путинмен жеке келіссөздер жүргізеді. Екі жақтың өзара
келісуімен Түркіменстан 2000 жылы Ресейге табиғи газ экспорттауды қалпына
келтірді.2001 жылы Түркіменстан мен Ресей арасындағы қатынас өз жалғысын
тапты. Екі ел президенттері ынтымақтастық және ортақ қызығушылық танытқан
халықаралық мәселелер жөнінде 3 рет телефон арқылы пікір алмастырды.
Халықаралық терроризмге қарсы мәселе жөнінде екі жақ тығыз ынтымақтастықта
болатынына уәде берді.2002 жылы қаңтарда С.Ниязовресми сапармен Ресейге
барды.Сәуір айында президент В. Путин Каспий мәселесі жөнінідегі алғашқы
жиналысқа қатысады. Екі жақ жаңа он жылдық достық және ынтымақтастық
келісімшартқа қол қояды. Қыркүйек айында, Түркіменстан мен Ресейдің
арасындағы экономикалық ынтымақтастық комитетінің алғашқы жиыналысы
Түркіменстан территориясында өтеді. 25-Қараша оқиғасынан кейін, В. Путин
Түркіменстанның позициясы мен іс-шараларын қолдайтынын ашық түрде
жариялайды. Түркіменстан президенті Қ. Бердімұхамедов Ашқабадта ашылған
экономикалық форумда Тркіменстан мен Ресей арасындағы сауда экономикалық
ынтымақтастық болашақта қарқынды дамиды дей отырып, тек мұнай және табиғи
газ саласындағы ынтымақтастық ғана емес, Түркіменстан Ресеймен барлық сала
бойынша ынтымақтасуды қалайтынын атап көрсетеді.
2000 жылы Қазан айында Украина президенті Кучма Түркіменстанға ресми
сапармен келеді. Екі елдің президенттері 2000 жылы Украинаға 5 млрд. см3
табиғи газ, 2001-2002 жылдары 30 млрд. см3 табиғи газ экспорттауға
келісті. Сонымен бірге Украина премьер-министр Ю.Тимошенко және Украина
мұнай табиғи газ компаниясының басшылары Түркіменстанға ресми сапармен
келген болатын.2000 жылы қараша айына қарай Түркіменстанда тіркеуден өткен
12 Украина компаниясы болды.Украина Түркіменстандағы мүнай саласына салған
инвестиция көлемі 400 млн.-нан асты. 2001 жылы Ниязов ресми сапармен
Украинада болған кезде екі ел президенті ынтымақтастық келсімге және 2002-
2006 жылдары Түркіменстан Украинаға табиғи газ тасымалдау туралы келсімге
қол қояды. 2002 жылы сәуір айында Украина президенті Кучма Түркіменстанға
ресми сапармен болып, екі жақ мұай және газ саласы бойынша ынтымақтастықты
жалғасты дамыта түсетініне кепіл берді.
Түркіменстан ТМД-нің өзге елдерімен тату қатынаста болуды ерекше маңызды
деп санайды. С.Ниязов Украина, Белоруссия, Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан
сияқты мемлекеттердің жоғары басшыларымен өзрара пікір алмастырып отырды.
2000 жылы маусым айында С.Ниязов Беларустің вице примьер-министрмен
кездессе, қыркүйек айында Өзбекстан президенті И.Кәрімов ресми сапармен
Түркіменстанға келеді. Екі елдің президенті өзра қарым-қатынас, аймақтық
қауіпсіздік және ТМД-ның ішкі ынтымақтастығын дамыту жөнінде пікір
алмастырады. Және екі мемлекетің ортақ шекарасы жөнінде бірқатар құжаттарға
қол қояды. Сонымен қатар Түркіменстан мен Әзірбайжан көп жылдары талас-
тартыста болған Каспий мәселесі бойынша өзара пікір алмастырады.Осы жылы
қараша айында Армения президенті Түркіменстанға ресми сапармен келеді. Екі
ел басшылары екі жақтық қарым-қатынас мәселесі туралы және ортақ ерекше
көңіл бөліп отырған аймақтық, халықаралық мәселелер туралы өзара пікір
алмастырады.
ТМД әлі де Түркіменстанның негізгі сауда әріптестігі болып саналады.Соның
ішінде Украина Түркіменстан үшін бірінші экспорттік әріптестігі болып
саналса, ең ірі импорттаушы әріптесі Ресей болып саналады.

2.2 Қытаймен қарым-қатынасы
1992ж.6-7 қаңтарда Қытай делегациясы Түркіменстанға ресми сапармен
келеді. Екі жақ өзара диплматиялық қатынастар орнату жөніндегі коммюникеге
және екі ел арасындағы сауда-экономикалық келсімшартқа қол қояды. 1992ж. 19-
23 қарашада Түркіменстан президенті Ниязов Қытайға ресми сапармен
барады.Сапар барысында Қытай президенті Чжан Зымин және премьер-министр Ли
Пэнның қабылдауында болып өзара келіссөздер жүргізеді. Нәтижесінде екі жақ
Түркіменстан-Қытай арасындағы Бірлескен мәлімдемеге, консулдық келсімдерге,
виза туралы келсімшартқа, инвестиция жөніндегі келсімге, мәдени
ынтымақтастық туралы келсім сияқты сегіз құжатқа қол қояды.
1994ж.20-25 ақпанда болған Қытай премьер-министрі Ли Пэнның
Түркіменстанға ресми сапарында екі ел Қытайдың Түркіменстанға кредит беру
туралы келсімге, мұнай және табиғи газ компаниялардың өзара ынтымақтастығы
жөніндегі келсімге қол қояды.
1995 жылы 25-28 қазанда Ху Цзинтао реми сапармен Түркіменстанға барады.
1998 жылы 31 тамыз-4 қыркүйек аралығында С. Ниязов Қытайға ресми сапар
шегеді.
2000 жылы 5-7 шілдеде С. Ниязовтың шақыруымен ҚХР мемлекет басшысы Чжан
Цзымин Түркіменстанға келеді. Екі ел мемлекет басшысы “ҚХР мен Түркіменстан
арасындағы декларацияға”қол қояды. 11-13 сәуір аралығында Қытай сыртқы
сауда экономикалық ынтымақтастық министрі Джан Шянлуй ресми сапармен
Түркіменстанға барып Түркіменстанның вице премьер-минстрімен екі елдің
сауда экономикалық ынтымақтастығын нығайту мәселесі бойынша келіссөз
жүргізіп, Қытай үкіметі Түркіменстанға ақысыз көмек көрсету туралы
келісімшартқа қол қояды.
2001 жылы ақпанда Түркіменстан президенті “Азия форумына”қатысады. 2002
жылы Қытай делегациясы ресми сапармен Түркіменстанға келіп, Қытай
Түркіменстан дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 10 жылдық мерей тойына
қатысады. Сәуірдің 14-20 аралығында Түркіменстан парламенттік делегациясы
Қытайда ұйымдастырылған Азия парламенттер бейбіт қауымдастығының жиналысына
қатысады. 2002 жылы Түркіменстан Қытай арасындағы сауда экономикалық қарым-
қатынас жаңа бастамаға қол жеткізді. Екі елдің сауда айналымы 100 млн
доллардан асты. Алдыңғы жылдармен салыстырғанда 76,3 % өсті.

2.3 Иранмен қарым-қатынасы.
Иран Түркіменстанның маңызды көршілес мемлекеттерінің бірі.
Түркіменстан үшін 2 елдің ара қатынасы маңызды болып келеді. 2000 ж.,
Түркіменстан мен Иранның қатынасы бірқалыпты дамып келген. Наурызда
Түркіменстан мен Иран президенттері телефонмен сұқпаттасты. Екі жақ Иранға
Түркіменстан аумағына тиесілі Каспий теңіз аймағынан мұнай және табиғи газ
тасымалдауға келіседі. Маусым айында, президент С. Ниязов Тегерандағы
Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының 6-ші мемлекет басшылар жиналысна
қатысты. Екі ел Иранға Түркіменстаннан табиғи газды экспорттау көлемін
ұлғайту, энергетика, транспорттық тасымалдау сияқты салаларда
ынтымақтастықты күшейту жөнінде пікір алмастырды. Қараша айында,
Түркіменстан және Иран үкімет арасындағы консулдық, шекара,кеден істер
бойынша үшінші конференция Ашқабадта өткізілді. Конференцияның басты
мәселесі екі елдің шекарасы және кедендік келсімдер болды. Қараша айының
аяғына қарай, президент С. Ниязов Иран вице сыртқы істер министрі, Каспий
мәселесінің арнайы өкілі А. Аханимен кездеседі. Кездесу барысында екі елдің
сауда экономикалық ынтымақтастық жағдайы, және Ауғанстан мәселесі мен
аймақтық қауіпсіздік мәселесі қызу талқыланады. Желтоқсан айында, Иран
Түркіменстан астанасында тауар көрмесін ұйымдастырады.
2001 жылы Түркіменстан мен Иран арсындағы қатынаст ұрақты дамып, екі
жақ жоғары деңгейдегі тығыз байланыстықты жалғасты дамытты. Президент
С.Ниязов Иран президенті Хаттамимен екі рет телефон арқылы сұқпаттасып,
Каспий кедесу екі жақтық внтымақтастық және аймақтық мәселе бойынша пікір
алмастырады.Иран сыртқы істер министрі бір жылдың ішінде екі рет
Түркіменстанға ресми сапармен барады, Иранның Каспий мәселесінің арнайы
өкілі үш рет ресми сапармен Түркіменстанға барады. Сапар барысында Касийдің
заңды орны, мұнй және табиғи газ саласындағы ынтымақтастығы және ауған
мәселесі жөнінде талқылау өткізеді. Сонымен бірге, Иран Түркіменстан
астанасы Ашқабадта Иран мәдени аптасын ұйымдастырады.
2002 жылы Түріменстан мен Иран жоғары деңгейдегі кездесулерді
ұйымдастырады. Сәуір айында Иран президенті Хаттами Түркіменстанға ресми
сапармен келіп, екі мемлекеттің он жылдық мерзімге арналған ынтымақтастық
туралы келсімге қол қояды. Осы жылы Иранның Каспий мәселесінің арнайы өкілі
бінеше рет Түркіменстаға ресми сапар шегеді.Иран екі елді жалғастыратын
темір жолды Парсы шығанағына және Араб теңізіне дейін созуды,
Түркіменстанның су ресрусының тапшылығын шеуге көмектесу үшін екі елдің
шекарасында “достық су қоймасын”салуды ұсынады.

2.4 Түркиямен қарым-қатынасы:
2000 жылы Түркіменстан мен түркия қатынасының дамуы сәтті болды деуге
болады.Түркияның алдыңғы президенті Демир мен сол кездегі президенті Сезер
наурыз және қазан айында Түркіменстанға ресми сапармен келеді. С.Ниязовтың
үгіттеуі бойынша,әр жылдың 21 қаңтары Түркіменстан мен Түркия арасындағы
достық күні болып бекітілді, және 2000 жылы алғаш рет салтанатты құттықтау
церемониясын өткізді. Түріменстан БАҚ-тың мәлімдеуінше Түркіменстан мен
Түркия арасындағы сауда айналымы Түркіменстанның жалпы сыртқы сауда
айналымының 17% алып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы стратегиясы
ҚАЗАҚСТАН МЕН ТМД ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАСТАР
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
АЗАҚСТАН МЕН ТМД ЕЛДЕРІ ҚАЗАҚСТАН МЕН ТМД ЕЛДЕРІ ИНТЕГРАЦИЯСЫ
Беларуссия Республикасының геосаяси жағдайы. ТМД саяси картасындағы орны мен маңызы
Қазақстан Республикасының шет мемлекеттерімен экономикалық қарым–қатынастар орнатуы
Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастық
Египет пен Орталык Азия елдері ынтымақтастыгы: бүгіні мен болашағы
Қазақстан республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы
Дүние жүзі елдерінің қазіргі көлік жүйесі
Пәндер