БТА банк АҚ мен оның кредит жүйесіндегі ролі
Жоспар
Кіріспе
І БӨЛІМ БТА БАНКТІҢ ҚАЛЫПТАСУ НЕГІЗІ МЕН АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ СИПАТЫ
1.1. БТА банк оның қалыптасу негізі
1.2. Банктің атқаратын қызметтері мен жүргізетін операциялары
ІІ БӨЛІМ БТА БАНК ЖҮЙЕСІНДЕГІ НЕСИЕЛІК ПРОЦЕСТІҢ КӨРІНІСТЕРІ
2.1. Банктегі несие түрлерінің ерекшеліктері
2.2. БТА банктің несиелік қызметін талдау
ІІІ БӨЛІМ БТА БАНК ОНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
3.1. Банктің қызметін жетілдіру бағыттары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша

Банк дегеніміз - бұл, ең, әуелі,оның клиенттері. БТА банкі өз тұтынушыларының ақшаларын тиімді орналастырып, банк қызметінен жеткілікті дәрежеде пайда алуларына бар жағдайды жасайды.
Қазақстанның экономикалық және қаржылық дамуы халықтың әл ауқатының жақсаруын және ертеңгі күнге сеніммен қарайтындығын көрсетеді, бұл жеке тұлғалардың несиелендіру қызметтеріне тікелей әсер етіп, қызығушылығын арттырады. Бұл тұрғыда БТА клиенттердің қажеттілігіне бейімделген және несиелендірудің жаңа түрлерін үзбей шығарып тұрады. Бұл қызметтің түрлеріне, ең бірінші, несиелік карталар, автонесиелеу, ипотекалық несиелеу, сонымен қатар, зәру мұқтаждыққа несие беру, шұғыл несиелендіру және т.б. көптеген несиелендірудің түрлері енгізілген.Сондай - ақ, банк барлық клиенттерінің ыңғайына қарай, жеке қызмет көрсетеді.
БТА Банкінің тұтынушылық несиелендіру бағдарламалары бұл проблемаларды шешудің ыңғайлы жолы және халықтың тұтыну тауарларын несиеге алу, әртүрлі қызметтердің ақысын төлеу, тұрғын үй өзге де құралдарды сатып алу үшін қажетті соманы оперативті түрде беру. Бұл үшін банкке көп құжатты өткізудің қажеті жоқ, берілген құжаттар мұқият қаралған соң әрбір клиенттің өтініші бойынша шешім қабылданады.
БТА Банкінің тұтынушылық несиелері бұл ұзақ уақыт бойы ақша жинамайақ, өзіңіздің қалаған затыңызға жылдам қол жеткізуге мүмкіндік беретін қолайлы ұсыныс. Қызмет көрсетудің артықшылықтары :
• Қаржыландыру құнының төмендігі. Банк кешенді несиелендірудің әртүрлі схемаларын пайдалана отырып, клиенттердің пайыздық шығындарын тиімді жасауға ықпал етеді.
• Пайыздық мөлшерлемелерді төмендету мүмкіндігі.
• Несиелендіру мерзімін ұзартуы. Несие желілері аясында жобаларды қаржыландыру тек төмен пайыздық мөлшемелерді қолдануға ғана емес, сондай ақ несиелендіру мерзімін 3 жылдан 5 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік береді.
Курстық жұмыстың мақсаты БТА банкі және экономикадағы ролін, несиелік процесстерді талдау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- БТА банк оның қалыптасу негізін ;
- БТА банк пен оның несиелік жүйесін;
- БТА банктің атқаратын қызмет функцияларын;
- Банктегі несие түрлерінің ерекшеліктерін;
- БТА банк арқылы экономика секторына тартылған несиелерін;

Ақша, несие, банктер.Ғ.С.Сейтқасымов. Алматы: Экономика, 2001 ж
2. Көшенова.Б.“Ақша, несие, банктер”.Алматы, 2001ж.
3. Мақыш.С.Б.“Коммерциялық банктер операциялары”.Алматы: 2004ж.
4. Мақыш.С.Б.“Ақша айналысы және несие” Алматы: 2004ж.
5. Ысқақова. З.Д.“Банк ісі”Қарағанды, 1999 ж.
6. Ысқақова. З.Д.“Бағалы қағаздар нарығы”Қарағанды, 1999ж.
7. Актенов.Н.Г., Пессель.М.А“Денежное обращение” кредит и банк, 1995.
8. Я. А. Дободиной “ Денежное обращение” финансы. ЮНИТИ, 1999
9. В. Колесинкова “ Банковское дело ”, “ финансы и статистика ”, 1996
10. И. И. Повлов “ Денги, кредит, банк”, Алматы, Казакхстан, 1998 ж
11. Г. С. Сейітқасымов “ Денги, кредит, банк ” Алматы, Экономика, 1996
12. Ілиясов Қ., Құлпыбаев “ Қаржы ” Алматы, 2005ж
13. В. Д. Мелинков “ Основа финансов ”, Алматы, 2005 ж
14. С. С. Сахариев “ финансы ” Алматы юредическая литература, 1999 ж
15. Романовский “ финансы ” учебник для ВУЗ 2000 ж
16. Әпсәлемов К.А Исабекова Қ.С Сұлтанов Ө.О. «Экономика теория негіздері» - А: Ғылым, 1999
17. «Финансы и инвестиции» журнал Инвестиции в Казахстане – А: №241, 2006
18. «Қаржы» журналы Инвестициялық саясат – А: №12, 2007
19. Андросов А.М Экономика предприятия –М: Финансы и статистика,
1996.
20. Ван Хорн Дж.К Основы управления финансами –М: Финансы и статистика, 2000.
21. Кеулімжаев К.К. «Кәсіпорын экономикасы» - А: Бико.1999
22. WWW .bta. kz
2. Көшенова.Б.“Ақша, несие, банктер”.Алматы, 2001ж.
3. Мақыш.С.Б.“Коммерциялық банктер операциялары”.Алматы: 2004ж.
4. Мақыш.С.Б.“Ақша айналысы және несие” Алматы: 2004ж.
5. Ысқақова. З.Д.“Банк ісі”Қарағанды, 1999 ж.
6. Ысқақова. З.Д.“Бағалы қағаздар нарығы”Қарағанды, 1999ж.
7. Актенов.Н.Г., Пессель.М.А“Денежное обращение” кредит и банк, 1995.
8. Я. А. Дободиной “ Денежное обращение” финансы. ЮНИТИ, 1999
9. В. Колесинкова “ Банковское дело ”, “ финансы и статистика ”, 1996
10. И. И. Повлов “ Денги, кредит, банк”, Алматы, Казакхстан, 1998 ж
11. Г. С. Сейітқасымов “ Денги, кредит, банк ” Алматы, Экономика, 1996
12. Ілиясов Қ., Құлпыбаев “ Қаржы ” Алматы, 2005ж
13. В. Д. Мелинков “ Основа финансов ”, Алматы, 2005 ж
14. С. С. Сахариев “ финансы ” Алматы юредическая литература, 1999 ж
15. Романовский “ финансы ” учебник для ВУЗ 2000 ж
16. Әпсәлемов К.А Исабекова Қ.С Сұлтанов Ө.О. «Экономика теория негіздері» - А: Ғылым, 1999
17. «Финансы и инвестиции» журнал Инвестиции в Казахстане – А: №241, 2006
18. «Қаржы» журналы Инвестициялық саясат – А: №12, 2007
19. Андросов А.М Экономика предприятия –М: Финансы и статистика,
1996.
20. Ван Хорн Дж.К Основы управления финансами –М: Финансы и статистика, 2000.
21. Кеулімжаев К.К. «Кәсіпорын экономикасы» - А: Бико.1999
22. WWW .bta. kz
Жоспар
Кіріспе
І БӨЛІМ БТА БАНКТІҢ ҚАЛЫПТАСУ НЕГІЗІ МЕН АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ СИПАТЫ
1.1. БТА банк оның қалыптасу негізі
1.2. Банктің атқаратын қызметтері мен жүргізетін операциялары
ІІ БӨЛІМ БТА БАНК ЖҮЙЕСІНДЕГІ НЕСИЕЛІК ПРОЦЕСТІҢ КӨРІНІСТЕРІ
2.1. Банктегі несие түрлерінің ерекшеліктері
2.2. БТА банктің несиелік қызметін талдау
ІІІ БӨЛІМ БТА БАНК ОНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
3.1. Банктің қызметін жетілдіру бағыттары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша
Кіріспе
Банк дегеніміз - бұл, ең, әуелі,оның клиенттері. БТА банкі өз
тұтынушыларының ақшаларын тиімді орналастырып, банк қызметінен жеткілікті
дәрежеде пайда алуларына бар жағдайды жасайды.
Қазақстанның экономикалық және қаржылық дамуы халықтың әл ауқатының
жақсаруын және ертеңгі күнге сеніммен қарайтындығын көрсетеді, бұл жеке
тұлғалардың несиелендіру қызметтеріне тікелей әсер етіп, қызығушылығын
арттырады. Бұл тұрғыда БТА клиенттердің қажеттілігіне бейімделген және
несиелендірудің жаңа түрлерін үзбей шығарып тұрады. Бұл қызметтің
түрлеріне, ең бірінші, несиелік карталар, автонесиелеу, ипотекалық
несиелеу, сонымен қатар, зәру мұқтаждыққа несие беру, шұғыл несиелендіру
және т.б. көптеген несиелендірудің түрлері енгізілген.Сондай - ақ, банк
барлық клиенттерінің ыңғайына қарай, жеке қызмет көрсетеді.
БТА Банкінің тұтынушылық несиелендіру бағдарламалары бұл проблемаларды
шешудің ыңғайлы жолы және халықтың тұтыну тауарларын несиеге алу, әртүрлі
қызметтердің ақысын төлеу, тұрғын үй өзге де құралдарды сатып алу үшін
қажетті соманы оперативті түрде беру. Бұл үшін банкке көп құжатты өткізудің
қажеті жоқ, берілген құжаттар мұқият қаралған соң әрбір клиенттің өтініші
бойынша шешім қабылданады.
БТА Банкінің тұтынушылық несиелері бұл ұзақ уақыт бойы ақша жинамайақ,
өзіңіздің қалаған затыңызға жылдам қол жеткізуге мүмкіндік беретін қолайлы
ұсыныс. Қызмет көрсетудің артықшылықтары :
• Қаржыландыру құнының төмендігі. Банк кешенді несиелендірудің әртүрлі
схемаларын пайдалана отырып, клиенттердің пайыздық шығындарын тиімді
жасауға ықпал етеді.
• Пайыздық мөлшерлемелерді төмендету мүмкіндігі.
• Несиелендіру мерзімін ұзартуы. Несие желілері аясында жобаларды
қаржыландыру тек төмен пайыздық мөлшемелерді қолдануға ғана емес,
сондай ақ несиелендіру мерзімін 3 жылдан 5 жылға дейін ұзартуға
мүмкіндік береді.
Курстық жұмыстың мақсаты БТА банкі және экономикадағы ролін, несиелік
процесстерді талдау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- БТА банк оның қалыптасу негізін ;
- БТА банк пен оның несиелік жүйесін;
- БТА банктің атқаратын қызмет функцияларын;
- Банктегі несие түрлерінің ерекшеліктерін;
- БТА банк арқылы экономика секторына тартылған несиелерін;
- БТА банктің несиелік қызметін талдау және жетілдіру жолдарын анықтау
болып табылады.
Қазақстан Республикасының БТА Банкі басқа елдердің орталық банктері,
халқаралық банктер мен қаржы – несие ұйымдарымен қарым – қатынастарда
Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.
Қазақстан Республикасының БТА Банкі іс әрекетін жүргізу барысында
Конституция, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Жарлығы, Заң
күшіне ие Қазақстан Республикасындағы банктер мен банк әрекеті туралы
Жарлығы, Қазақстан Республикасының басқа да заңнама актілері мен
халқаралық келісімдермен қабылданған актілерді басшылыққа алады.
Қазақстан Республикасының БТА Банкі Қазақстан Республикасының
президентіне есеп береді.
Курстық жұмыстың құрылымы - кіріспеден, 3 тараудан, қортыныдыдан,
қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Бірінші тарауда, БТА банктің қалыптасу негізі, оның несиелік жүйесі
мен банктің атқаратын қызметі және функциялары қарастырылды.
Екінші тарауда, банктегі несие түрлерінің ерекшеліктері, банк арқылы
экономика секторына тартылған несиелер және банктің несиелік қызметі
талданды.
Үшінші тарауда, банктің қызметтерін жетілдіру шаралары сипатталды.
І БӨЛІМ Банктердің экономикалық жүйедегі сипаты
1.1. БТА банк оның қалыптасу негізі
БТА Банкі акционерлік қоғамының қалыптасу тарихы 1925 жылғы қазанның
15-інен басталады. Ол кездегі Қазақстан халық шаруашылығы Орталық Кеңесі
Президиумының шешімімен республика аумағында Өндірістік банк (Өндірісбанк)
бөлімшесі ашылды. Өндіріс Банкі туралы. Уақыт өте келе Өндірістік банктің
бөлімшелерінде әртүрлі қайта ұйымдастырулар болды.
1932 жылдың 7 маусымында Республикалық Халық комиссарлары Кеңесінің
Қазақстан аумағында арнайы ұзақ мерзімді салымдар банктерін ұйымдастыру
туралы Қаулысына сәйкес, Алматы қаласында Өнеркәсіпбанкінің базасында КСРО
электр шаруашылығын және құрылысты қаржыландыру мақсатында банктің Қазақ
өлкелік конторасы құрылды.
1949 жылдың 11 шілдесінде Министрлер Кеңесінің қаулысымен Алматы
облысаралық конторасы КСРО Өндірісбанкінің Қазақ республикалық конторасы
болып қайта құрылды. Кейіннен КСРО Құрылысбанкінің Қазақ республикалық
конторасы болып өзгертілді. 1987 жылдың 17 шілдесінде СОКП ОК мен КСРО
Министрлер Кеңесінің Еліміздегі банктер жүйесін жетілдіру және олардың
экономикасының тиімділігін арттыруға жасайтын ықпалын күшейту туралы №821
бірлескен Қаулысына сәйкес, үш мемлекеттік банктің (КСРО Құрылысбанкі, КСРО
Мемлекеттік банкі, Сыртқы сауда банкі) негізінде 6 банк құрылды:
• КСРО Мемлекеттік банкі;
• КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банкі;
• КСРО Сыртқы экономика банкі;
• КСРО Агроөнеркәсіп банкі;
• КСРО Тұрғын құрылыс банкі;
• КСРО Жинақ банкі.
1991 жылдың 4 наурызында КСРО Мемлекеттік коммерциялық өнеркәсіп-
құрылыс банкінің № 126 Қаулысы бойынша Қазақ республикалық КСРО Өнеркәсіп-
құрылыс банкі - Тұранбанк Қазақ республикалық Мемлекеттік коммерциялық
өндірістік-құрылыс банкі болып өзгертілді.
1991 жылдың 24 шілдесінде ҚазКСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 24
шілдедегі №444 Қаулысына сәйкес Тұранбанк Қазақ акционерлік банкі болып
құрылды. Акционерлер жиналысында Тұранбанк ҚАБ-нің Басқарма Төрағасы
болып Бейсенов Ораз Мақайұлы тағайындалады. Тұранбанк ҚАБ филиалдар
желісі 66 филиалдан құралды.
1990 жылдың 23 қаңтарында Қазақ КСР Министрлер Кеңесі мен КСРО Сыртқы
экономикалық банкінің арасында жасалған 1989 жылғы 11 желтоқсандағы келісім
негізінде, КСРО Сыртқы экономикалық қызмет банкінің бұйрығымен Алматы
қаласында КСРО Сыртқы экономикалық банкінің Қазақ республикалық банкі
ашылды.
1992 жылдың 14 ақпанында құрылтайшылар жиналысының №3 шешімімен,
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылы 28 тамыз айындағы №
710 Қаулысы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық қызмет
банкі ALEM BANK KAZAKHSTAN Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық
қызмет банкі деп атауын өзгертті. Басқарма Төрағасы болып Ырысов Берлин
Кенжетайұлы тағайындалды. "Alem Bank Kazakhstan" Акционерлік банкі бірнеше
жылдар қатарынан мемлекеттің кепілдендіруі бойынша шетел несиелерін тартуда
Қазақстан Республикасы Үкіметінің агенті болды. "Alem Bank Kazakhstan" АБ-
нің филиалдық желісі 20 филиалды қамтыды.
1997 жылдың 15 қаңтарында Қазақстан Республикасы Үкіметінің ТұранБанк
Қазақ акционерлік банкін және ӘлемБанкҚазақстан акционерлік банкін қайта
ұйымдастыру туралы 15.01.97 №73 қаулысына сәйкес ТұранӘлем Банкі Жабық
Акционерлік Қоғамы құрылады. Осы Қаулының негізінде Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлігіне ТұранӘлем Банкінің акциясын қолдануға
және иеленуге рұқсат беріледі. Сондай-ақ, банктің жарғыларын және банк
басқарма мүшелерін қалыптастыруға мүмкіндік берілді. Акционерлердің жалпы
отырысында ТұранӘлем Банкі ЖАҚ-ның Басқарма Төрағасы қызметіне Тәтішев
Ержан Нұрілдәйімұлы тағайындалды.
1998 жылдың 1 қазанында ТұранӘлем Банкі Жабық Акционерлік Қоғамы
ТұранӘлем Банкі Ашық Акционерлік Қоғамы болып өзгертілді.
2003 жылдың 26 қыркүйегінде ТұранӘлем Банкі ААҚ қайта тіркелуіне
байланысты ТұранӘлем Банкі Акционерлік Қоғамы болып өзгертілді.
2008 жылғы 7 қараша күні ТұранӘлем Банкі АҚ ребрендинг үдерісі
басталғаны туралы хабарлады. 2008 жылдың қаңтар айында қайта тіркеу үдерісі
аяқталғаннан кейін ТұранӘлем Банкі АҚ БТА Банкі АҚ деген жаңа ресми
атауға ие болды. Қазір банктің өзінде, сонымен қатар банк конгломератына
кіретін еншілес компанияларда ренейминг пен ревизуализация жүргізілуде.
ТұранӘлем Банкінің ТМД-дағы жетекші қаржы институты болып және
халықаралық нарыққа шығу жаңа стратегиясын қабылдағаннан кейін Банк пен
банк конгломератының жаңа бейнесінің қажеттілігі туындады.
10 жыл ішінде ТұранӘлем бренді Қазақстан нарығындағы айтарлықтай
әйгілі және беделді брендке айналды. Бұған әйгілі әлемдік қаржы
басылымдарының көптеген марапаттары дәлел. Солардың кейбіріне тоқтала
кетейік. Әйгілі Итоги журналы жүргізген ТМД-ның беделді қаржы
сарапшыларының сауалдама нәтижесі бойынша ТұранӘлем Банкі 2006 және 2007
жылдардағы ТМД-дағы жыл банкі атанды. Ықпалы зор The Banker журналы
ТұранӘлем Банкін 2007 жылғы әлемнің 300 үздік банктері рейтингісіне
енгізді, ал Euromoney басылымы Орта Азиядағы үздік банк атағына лайықты
деп тапты.
ТұранӘлем атауы посткеңестік банктер арасында бұрыннан танымал. БТА
қаржы компаниясы тобы Украинада, Беларусьте, Грузияда, Арменияда,
Қырғызстанда жұмыс істейді. 2007 жыл банк үшін халықаралық деңгейге
шығумен: ТұранӘлем Банкінің Түркияда стратегиялық серіктестігінің пайда
болуымен есте қалды.
Алайда, жалпыұлттықтан халықаралық брендке өзгеру үшін банкке
халықаралық кеңістіктегі нарық үлесін қамти алатын әмбебап, түсінікті,
сонымен қатар жылы шырайлы және инновациялы бренд қажет болды. Осылайша
банк конгломератына кіретін барлық банктерді БТА бірыңғай брендіне
біріктіру жөнінде шешім қабылданды. Банктің өзі БТА Банкі деп аталады. Бұл
атау тез жатталады, айтуға жеңіл және қысқарма жан-жақты болғандықтан
мейлінше тиімді.
БТА-ның жаңа логотипі банктің заманға сай және инновациялы екенін
бейнелейді. Ашық жасыл түс – бұл адалдық, сәттілік, сенімділік. Алқызыл түс
– бұл күштілік пен қуаттылық. Логотиптің пішіні де тегіннен тегін
таңдалмаған. Бір ізбен орналасқан төртбұрыштар сенімділік пен тұрақтылықты,
олардың қиылысуы қазіргі заманғы банк жұмысының негізгі сапасының бірі -
мөлдірлікті білдіреді. Бұл жағдайда да ТұранӘлем Банкімен сабақтастық
сақталады.
Жаңа брендті құрайтындар – бұл инновациялылық, технологиялылық және
сарапшылық. Инновациялылық озық өнімдерді енгізуді білдіреді. Сарапшылық
жоғары халықаралық рейтингтер мен марапаттарда бейнеленген тұрақтылық пен
сенімділік нышаны, банкке деген сенімділік, қызметкерлердің кәсіби
шеберлігі мен басшылықтың беделі. Ал бейімділік әрбір нәрсеге
мұқияттылықты, нарық өзгерістеріне тез бейімделу қабілетін, оның барлық
сұраныстарына икемделе білуін, банктің әлеуметтік жауапкершілігін
білдіреді. Бұл компания менеджменті құралатын басты үш қағида.
2008 жылдың 24 қаңтарында ТұранӘлем Банкі АҚ ребрендинг жүргізуге
байланысты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі
комитетінде қайта тіркеуден өтіп, № 3903-1900-АҚ куәлігін алды және БТА
Банкі АҚ деп аталатын болды. 2007 жылдың қараша айында банк қолға алған
Ребрендингті жүргізудің басты алғышарты табысты банк конгломератын құруға
бағытталған жаңа стратегияның қабылдануы болды.

БТА банк АҚ - Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк
желісін құруда лидер болып табылады. БТА банк АҚ активтерімен меншікті
капиталы бойынша Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында
көшбасшылар қатарына бекем орнықты.
БТА банк АҚ – бүгінде нарықтың барлық саласына қатысушы, жетекші
қаржылық топқа айналды: корпоративтік және жеке тұлғалар бизнесі, сауданы
қаржыландыру, қор рыногы, несиелендіру, шағын және орта бизнесті дамыту,
лизинг, ипотека, зейнетақы қоры және т.б көптеген қызмет түрлерін қамтиды.
БТА банкінде бүгінгі күні:
• 1,2 млн-ға жуық жеке және 132 мың корпоративті клиенттер;
• Қазақстан бойынша 22 филиалдар мен 218 бөлімшелер;
• Ресейде, БАӘ, Ұлыбритания және Қытайда халықаралық өкілдіктері бар;
• БТА-ның банк желісі Ресейге, Украинаға, Беларусь еліне, Қырғызстанға,
Арменияға, Грузияға, Қазақстанға және Түркияға тарайды.
Стратегия БТА банк АҚ даму стратегиясы - географиялық
әртараптандыру және ТМД мен алыс шетел экономикасының әртүрлі саласында
аясын кеңейту. Сондай-ақ, банк өнімдерін көбейтіп, несиелік және саудалық
қаржыны ұсыну арқылы тұрақты қарқынмен дамуды көздейді. БТА банкі
экономикалық шекараны алуды ұсынады. Банктың ұраны: “бір шот-бір-банк-бүкіл
ТМД”. Аталмыш стратегия Қазақстан аумағында, сондай-ақ шет елдерде БТА
банкі имиджіне, оған деген сенімге және жоғары қаржылық көрсеткіштерінің
мүмкіндігіне негізделеді. БТА банкінің ұзақ мерзімді стратегиясы 2015
жылға дейін бүкіл ТМД аумағының қаржы нарығын қамтуды көздеуде. Банк
географиялық әртараптандыруды және банк өнімдерінің ұлғаюын, сондай-ақ,
тұрақты қарқынмен дамуды көздейді. Осының негізінде экономикалық өсім
арқылы, жоспарларды мерзімінен бұрын жедел қарқынмен орындаймыз. БТА банкі
өзге елдің банк секторында басты ұстанымды иеленуге мүмкіндігі мол. Сондай-
ақ, БТА банкі халықаралық инвестицияларды тартуда және қаржы қызметінде
экспортер болу арқылы орталық банкке айналуға барлық мүмкіндіктері бар.
Стратегиялық серіктестер, өкілдіктер ТМД елдеріндегі стратегиялық
әртараптандыруда БТА банкі тобы Ресей, Беларусь, Армения, Грузия
елдеріндегі коммерциялық банктерге - стратегиялық серіктес ретінде
ұсынылды.
Осының негізі БТА банкі ТМД аумағында банктік жүйені құрып және сауда
қаржыландыруындағы ұстанымын мықтауға мүмкіндік жасады.
БТА банк АҚ акционерлері "БТА Банкі" АҚ-ның ең ірі акционері
Қазақстан Үкіметінің "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат Қоры" АҚ – 81.48 %
"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ – 15.58 % Басқа, 5 % жуық қатысу
үлесі бар акционерлер - 2.94 % (2011 жылдың 01 желтоқсан жағдайы бойынша)
БТА банкі негізі қаланған уақыттан бері бірнеше марапаттарға ие болды.
2007 жылы аса беделді Евромани журналының мәлімдеуі бойынша ТМД-дағы
үздік банк және Орта Азиядағы үздік банк деген жоғары мәртебені иеленді.
Британдық "The Banker" журналының Шығыс Еуропадағы шағын банктер
арасындағы ең үздігі мәртебесіне ие болды. БТА банкінің ұзақ мерзімді
ағымдағы рейтінгіне беделді халықаралық Moody’s және Standard & Poor’s,
агенттігінің берген болжамы – оң және ТМД-дағы ең жоғарғылардың бірі.
Қызмет жасап келе жатқан кезеңнен бері банк алғаш рет Тұтынушылар
Лигасының марапатына ие болды. Жыл бойы зерттеулер жүргізілді,
тұтынушылардан сауалнамалар алынды, банк қызметі рыногындағы жалпы
жағдайлар зерделенді. Зерттеудің қорытындысы бойынша тұтынушылардың көп
бөлігі нақты сенім білдіретін, қызметтері мен өнімдері қолайлы, қызмет
көрсету сапасы жоғары деңгейде және кәсібилігі жөнінен Қазақстандағы
банктердің арасындағы үздігі болып табылды.
Қазақстан Тұтынушылар Ұлттық лигасының он екі жылдық жұмыс тәжірибесі
марапаттың аясында жатыр, сондай-ақ, оның атағы, мемлекетпен, баспасөзбен
байланысы, қол ұшын сұраған халықтың үндеуі, тиімді жұмыспен қамтамассыз
ету және кез-келген келіспеушілік пен таластарға жедел назар аударып,
шешімін табу секілді абыройлы істері бар.
БТА банкінің жұмысының басты бағыты - Қазақстандағы әртүрлі саладағы
заңды тұлғаларға (шаруашылық субъектілерге) қызмет көрсету. Банк
клиенттеріне қызметтің бірнеше түрлерін ұсынады.
Банк әрбір клиенттің қызметін ерекше бағалай отырып, әрқайсысына жеке
тұрғыда банктің негізгі қызметтерін ұсынып, стандартты емес қаржылық
шешімдерді де шешеді. Банк икемді тарифті саясатты қолданады. Біз банк
өнімдері жиынтығын үнемі сапалы кеңейтіп отырамыз.
БТА банкі заңды тұлғалар үшін қолайлы бірыңғай тариф және жоғары сапалы
бірнеше қызмет түрлерін ұсынады. Банк заңды тұлғаларға жан-жақты қызмет
көрсетуі арқылы Қазақстан экономикасының әртүрлі өндіріс салаларында
бизнестің сапалы дамуына мүмкіндік туғызады.
"ТұранӘлем Банкі" АҚ қызметінің басты бағыттарының бірі заңды
тұлғаларды қаржыландыру (несиелендіру) болып табылады. Біз өз
қаражаттарымызбен, сондай-ақ шетелдік несие желілерін тартумен қысқа
мерзімді қаржыландыруды, орта және ұзақ мерзімді қаржыландыруды жүзеге
асырамыз. Қандай да бір жобаны уақтылы қаржыландыру оның іске асуына себеп
болады, ал егер қаражат қарастырылмаған жағдайда тамаша жобалар тек қағаз
бетінде ғана қалып қояды.
Қаржыландыруларды төмендету. Банк кешендік несиелендірудің әртүрлі
сұлбаларын пайдалана отырып, клиенттердің пайыздық шығындарын тиімді
жұмсауға ықпал етеді.
Пайыздық мөлшерлемелерді төмендету мүмкіндігі. Несие операциялары
бойынша мөлшерлемелер рыноктық конъюнктурадағы өзгерістерге сәйкес
белгіленеді және түзетіледі, сондай-ақ мөлшерлемелер банк пен клиенттер
арасындағы ынтымақтастықтың ұлғаюына қарай төмендетілуі мүмкін.
Несиелік өтініштер жедел түрде қаралады. Банк қызмет көрсету сапасын
жақсарту үшін барлық мүмкіндіктерді қарастырады, осының нәтижесінде жобаны
сараптау жұмыстары тез арада жүзеге асырылады.
Біздің банктің қызмет түрлерін Республиканың барлық облыс
орталықтарында пайдалануға болады. Банктің бүкіл Қазақстан бойынша
тармақталған аймақтық филиалдары мен есеп-айырысу кассалық бөлімдері (ЕКБ),
сондай-ақ шет елдерде де бірқатар өкілдіктері бар.
Жеке тұлғаларға берілетін несиелер
БТА банкінің тұтынушылық несиелендіру бағдарламалары – бұл сіздің
проблемаларыңызды шешудің ыңғайлы жолы және халықтың тұтыну тауарларын
несиеге алу, әртүрлі қызметтердің ақысын төлеу, тұрғын үй, автокөлік және –
өзге де құралдарды сатып алу үшін қажетті соманы оперативті түрде беру. Бұл
үшін банкке көп құжат өткізудің қажеті жоқ, берілген құжаттар мұқият
қаралған соң әрбір клиенттің өтініші бойынша шешім қабылданады.
БТА банкінің тұтынушылық несиелері – бұл ұзақ уақыт бойы ақша жинамай-
ақ, өзіңіздің қалаған затыңызға жылдам қол жеткізуге мүмкіндік беретін
қолайлы ұсыныс.
Қызмет көрсетудің артықшылықтары
Қаржыландыру құнының төмендігі. Банк кешенді несиелендірудің әртүрлі

бойынша мөлшерлемелер рынок жағдайындағы өзгерістерге сәйкес белгіленеді
және түзетіледі, сондай-ақ банк пен клиенттер арасындағы ынтымақтастықтың
берік орнауына қарай төмендетілуі мүмкін.
Несиелендіру мерзімін ұзарту мүмкіндігі. Несие желілері аясында
жобаларды қаржыландыру тек төмен пайыздық мөлшерлемелерді қолдануға ғана
емес, сондай-ақ несиелендіру мерзімін 3 жылдан 5 жылға дейін ұзартуға
мүмкіндік береді. Несие алуға берілген өтініштер жедел түрде қаралады. Банк
қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін бар күшін салады, осының нәтижесінде
жобаны сараптау жұмыстары тез арада жүзеге асырылады.
Несие алуға берілген өтініштер жедел түрде қаралады. Банк қызмет
көрсету сапасын жақсарту үшін бар күшін салады, осының нәтижесінде жобаны

БТА Қазақстанда сенімді рентабельді жобаларды инвестициялау мен
корпоративті және бөлшектік клиенттерге сапалы қызмет көрсету сапасын
көтере отырып, шетелдік жобаларды кредиттеуді тоқтатты. Бұдан өзге, БТА
Банкі экономиканы қолдайтын мемлекеттік бағдарламалардың белсенді
қатысушысы болып табылады. 2009 жылы банк шағын және орта бизнес
субъектілерін қаржыландыруға, агроөнеркәсіп кешенінің субъектілерін
қаржыландыруға, ипотекалық займдарды қайта қаржыландыруға және тұрғын үй
құрылысын аяқтауды қаржыландыруға қатысты.
ІІ БӨЛІМ БТА банк жүйесіндегі несиелік процестің көріністері

БТА банктің қызмет көрсетуінің негізгі артықшылықтары:
- Қаржыландырудың жоғары емес құны. Кешенді кредиттеудің әр алуан
сұлбаларын пайдалана отырып, банк клиенттердің пайыздық шығындарын
оңтайландыруға ықпал етеді.
- Пайыздық ставкаларды төмендету мүмкіндігі. Кредиттік операциялар бойынша
ставкалары нарықтық коньюнктураның өзгерістеріне сәйкес белгіленеді және
түзетіледі және банктің клиентпен ынтымақтастығы масштабтарын ұлғайту
шамасына қарай төмендетілуі мүмкін.
- Кредиттеу мерзімін ұлғайту мүмкіндігі. Кредиттік желі аясында жобаларды
қаржыландыру төмен пайыздық ставкаларды қолданып қана қоймай, сонымен
бірге кредиттеу мерзімін 3 жылдан 5 жылға дейін ұлғайтуға мүмкіндік
береді.
- Кредиттік өтінімді жедел түрде қарастыру. Банк қызмет көрсету сапасын
жақсартуға арналған барлық күш-жігерді жұмсайды, соның нәтижесінде жоба
сараптамасы жедел түрде жүзеге асырылады.
- Аймақтардағы қаржыландыру. Сіз біздің банктің қызметтерін Республиканың
барлық облыс орталықтарында пайдалана аласыз. Банктің Қазақстан бойынша
аймақтық филиалдары мен бөлімшелерінің тармақталған желісі және
шетелдерде бірқатар өкілдіктері бар.
БТА банкі несие түрлерінің жеке тұлғаларға, шағын және орта кәсіпкерлік пен
корпоративті клиенттерге несие түрлерінің кең таңдауын ұсынады.
БТА кредиттеудің төмендегі түрлерін ұсынады:
1) Ипотекалық кредиттеу– бұл – элиталық түрғын үйді, екінші нарықта
жылжымайтын мүлікті сатып алу, тұрғын үйдің үлестік құрылысына қатысу,
сондай-ақ коммерциялық жылжымайтын мүлікті сатып алу, табысты растаусыз
кредит алу, талаптардың кең спектрін ұсыну мүмкіндігі.
Ипотекалық кредиттеу негізінен 2 түрлі кредиттеуді ұсынады: біріншісі ол
тұрғын үйді сатып алу болса, екіншісі тұрғын үйді жөндеуге бағытталған
болып табылады. Егер тұрғын үйді сатып алатын болса онда заемнің максималды
мөлшері тұрғын үйдің бағаланған құнының 85%-на дейін беріледі, ал заем АҚШ
долларда немесе клиеннтің ниеті бойынша тенгемен бе,ріледі.Кредиттеу
мерзімі 20 жылға дейін және кредитті мерзімнен бұрын өтеу шектеулерсіз және
айыппұлдарсыз жүзеге асырылуы мүмкін. Заемды қамтамасыз ету сатып алынатын
тұрғын үй есебінен немесе қолда бар мүлік есебінен қамтамасыз етіледі.
Заемшының төлем қабілеттілігін растау толықжанама формада жүзеге
асырылады және осы ипотекалық кредиттеудің негізгі артықшылығы ретінде
тұратын жеріне тәуелсіз, ҚР-ның кез келген қаласында тұрғын үйді сатып алу
мүмкіндігі болып табылады. Осы кредиттеудің номиналды ставкасы 12,5% және
одан жоғары болатын болса, ал тиімді ставка 12,69% және одан жоғары болу
мүмкін.
Егер ипотекалық кредиттеу тұрғын үйді жөндеуге берілетін болса онда,
заемнің максималды мөлшері тұрғын үйдің бағаланған құнының 75%-на дейін
беріледі және осында да заем АҚШ немесе теңге валютасында беріледі.
Кредиттеу 20 жылға дейін беріледі және заемді қамтамасыз ету
заемшығаортақ заемшыға, немесе үшінші тұлғаға (зат кепілгеріне) тиесілі
тұрғын үй есебінен жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл кридеттің негізгі
артықшылығы банктегі ипотекалық кредит бойынша кепілде тұрған тұрғын үйді
жөндеу үшін кредит алу мүмкіндігі болып табылады. Осы кредиттеу бойынша
номиналды ставка 13,5% және одан жоғары болатын болса, тиімді ставка
13,69% жоғары және одан жоғары бола алады.
2) Любимая кредиттік желісі жылжымайтын мүлік кепіліне кез келген
мақсаттарға тұтынушылық кредиттеудің сан түрлілігі. Бірақ та бір рет қана
алынып, өтелетін қарапайым тұтынушылық кредитпен салыстырғанда, Любимая
кредиттік желісі револьверлі қағида бойынша жұмыс істейді: заёмшыға ұзақ
мерзімге кредиттік лимит белгіленеді, оның аясында кез келген соманы шексіз
рет алуға және өтеуге болады.
Любимая кредиттік желісінің артықшылықтары:
Ресімдеудің қолайлылығы - кредиттік желіні ашуға арналған құжаттарды бір
рет қана ұсыну керек. Белгіленген лимит аясындағы барлық келесі транштар
бірнеше күн ішінде қарапайым сұлба бойынша беріледі. Бұл ақшаны кез келген
қолайлы уақытта алуға болады, бірақ та кредиттік желіге қол жеткізу кезеңі
аяқталмаған болуы тиіс.
Жаңғыртылуы - заемшының өз тілегі бойынша таңдай алатын опцияларының
бірі.Жаңғыртылатын кредиттік желі мынаны түсіндіреді, яғни заемшының банкке
төлеуі тиіс кредит бойынша сомалары бастапқы лимитті қалпына келтіреді,
және оларды қайта-қайта пайдалануға болады.
Жаңғыртылмайтын кредиттік желі бойынша бастапқы лимит әрбір жаңа транш
сомасына азаяды.
Кредиттеудің ұзақ мерзімі -Кредиттік желі заемшы зейнеткерлік жасқа
жеткенге дейін 12 айдан басталатын мерзімге белгіленуі мүмкін. Бұл
кредиттік ресурстарды сізге қаншалықты ұзақ қолайлы уақытқа пайдалануға
мүмкіндік береді.
Кредит мөлшері кепілдің бағаланған құнымен ғана шектелген - Любимая
кредиттік желісі аясында сіз ҚР аймағына, кредитті қамтамасыз ету түріне
және заемшының санатына байланысты, кепілзаттың бағаланған құнының 75%-на
дейінгі сомаға кредит ала аласыз. Бұл кредиттеу бойынша негізгі талаптарды
атап өтетін болсақ, Тиімді ставка мөлшері 15%-дан (жеке-жеке есептеледі),
кредиттеу мерзімі 12 ай, траншжелі мөлшері 75 000 теңге500 АҚШ доллары
немесе кепіл құнының 75%-ы (ҚР аймағына, қамтамасыз ету түріне және заемшы
санатына байланысты), Қамтамасыз ету - жылжымайтын мүлік – тұрғын үй
(пәтер, үй) және коммерциялық (дүкендер, дәріханалар және т.б.) , бастапқы
жарна талап етілмейді, табысты растау толықжанама растау формасында
жүргізіледі, өтінімді қарастыру мерзімі 3 күннен бастап, Сақтандыру егер
заемшының жасы 50 жастан асса немесе 1-ші немесе2-ші тәуекел топтарына
жататын болса, өтеу тәртібі ай сайын, аннуитет немесе тең үлестермен
мерзімінен бұрын өтеу айыппұлсыз жүзеге асырылады.
3) Автокредиттеу БТА Банкінен жаңа, жеңілдетілген ережелер бойынша
автокредит алуға мүмкіндік бар. 15%-дан басталатын бастапқы жарна,
құжаттардың шағын топтамасы, кредит бойынша үздік ставка, кредит мерзімі –
5 жылға дейін, айыппұлсыз кредитті мерзімінен бұрын өтеу, филиалдардың кең
желісі және Сіздің жүргізушілік өтіліңізге ешқандай талаптарсыз – мұның
барлығы БТА-ның автокредиттері. Біз өз клиенттерімізге үздік жағдайларды
ұсынамыз, келіңіздер!
5) Әмбебап факультет Өзіңіз армандаған білімді алғыңыз келеді ме? БТА Банкі
Сіздің тілектеріңізді жүзеге асыруға мүмкіндік береді! Сіз Әмбебап
факультет бағдарламасы арқылы Бакалавр, Маман және Магистр
бағдарламалары бойынша Қазақстанның және алыс шетелдің кез келген
аттестацияланған ЖОО-да білім ала аласыз.
Жедел желі БТА Банкі жедел кредиттеудің әр алуан бағдарламаларын ұсынады,
олар жаңа жиһазды немесе тұрмыстық техниканы сатып алуға, ЖОО-дағы оқу
ақысын төлеуге, шетелде демалуға, салтанатты жиындарды және тағы басқаларды
жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Ұлттық банктің мәліметіне сүйене отырып, 2010 жылы Қазақстанда екінші
деңгейдегі банктердің несие портфелі біршама тарылды деп айтуға болады.
Мәселен, 2010 жылы банк жүйесінің несие портфелі 6,0%-ға жуық немесе
572,9 млрд. теңгеге қысқарып, абсолюттік мөлшерде 9065,9 млрд. теңгені
құраған. Сонымен қатар, егер баланстан есептен шығарылған кредиттерді
есептемегенде біріктірілген несие портфелін қарастыратын болсақ, ол 2,5%
немесе 247,58 млрд. теңгеге өскен.
Бұл ретте, егер несие портфелінің серпінін қарастыратын болсақ, онда
2010 жылы несие портфелі 4,3% немесе 306,7 млрд. теңгеге өсті. Банктер
бойынша несие портфелінің өсуіне айтарлықтай үлес Сбербанк АҚ ЕБ -
83,12%, HSBC Қазақстан АҚ ЕБ - 28,98%, Еуразия банкі АҚ - 20,68%,
Цеснабанк АҚ - 15,04%, KaspiБанк
АҚ - 15,0%, Альянс Банк АҚ және ЦентрКредит Банкі АҚ - тиісінше
8,03% және 7,6% көлемінде байқалды.
Қарқынды экономикалық өсу және кредиттік экспансия кезеңдерінде
жинақталған тәуекелдерді іске асыру бүкіл 2010 жыл бойы жалғасты, бұл, өз
кезегінде қазақстандық екінші деңгейдегі банктердің несие портфелінің
сапасында көрініс тапты. Мәселен, 2010 жылы ақы төлеу мерзімі 90 күннен
астам кешіктірілген кредиттер 113,0 млрд. теңгеге өсіп, 2153,3 млрд. теңге
болды, бұл банктердің жиынтық несие портфелінің 23,7%-ын құрайды. Мәселен,
егер өткен жылдар банктердің көбінесе кредиттік тәуекелді толық емес
материалдандыруына шығындарды тануға деген өте төмен ниетімен сипатталса,
2010 жыл бойы банктер несие портфелі төмен сапасының олардың қызметінің
негізгі өлшемдеріне күшейген қысымы салдарынан шығындарды тануға мәжбүр
болды. Бұл ретте, талдау көрсетіп отырғандай, қайта құрылымдау үдерісіндегі
банктер басым түрде кредиттерді баланстан тыс айтарлықтай есептен шығарды.
БТА Банк АҚ бойынша ақы төлеу мерзімі 90 күннен астам кредиттер талданып
отырған кезеңде айтарлықтай немесе 94,0 млрд. теңгеге баланстан есептен
шығарылған кредиттердің бір мезгілде 10,5 есеге жуық едәуір ұлғаюы кезінде
төмендеді, олар 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша абсолюттік көрсетуде
788,7 млрд. теңге немесе оның жиынтық несие портфелінен 48,0% құрады.
БТАБанк АҚ-мен қатар баланстан есептен шығарылған кредиттердің
айтарлықтай өсуі АльянсБанк АҚ, Темірбанк АҚ және Нұрбанк АҚ
бойынша тіркелді.
Соған қарамастан, мемлекеттің жалпы жүйелік тұрақтандыру шаралары
банктік кредиттеудің ұлғаюына ықпал етуін жалғастыруда. Мәселен, ағымдағы
жылдың басынан бастап екінші деңгейдегі банктердің жиынтық несие портфелі
61,3 млрд. теңгеге өсіп, 2011 жылғы 1 сәуірде 9 127,2 млрд. теңге болды.
Сонымен қатар, банктер жеке тұлғаларға қарағанда корпоративтік
секторға кредиттер беруге (59,7 млрд. теңге) барынша белсенді екендігін
атап өткен жөн. Экономика салаларын кредиттеу құрылымында көлік - 8,1%,
құрылыс - 4,3%, жеке қызмет - 2,2%, сондай-ақ өнеркәсіп - 2,1% сияқты
салалар бойынша айтарлықтай өсу тіркелді. Бұл ретте, экономика салаларын
кредиттеу серпініне қарай ең көп кредиттік тәуекел ауыл шаруашылығы (7,4%)
және өндірістік емес (-3,3%) салаларда сақталуда.
Осылайша, тұтастай алғанда кредиттік портфельдің төмен сапасына және
ағымдағы банк шығындарының ұлғаюына қарамастан банктердің экономикада
қалыптасқан жағдайларға барабар кредиттік белсенділікті тоқтатпағанын және
оны қолдағандарын және, тұтастай алғанда, банк жүйесі несие портфелінің
серпіні тұрақты оң сипатта болғандығын талдау көрсетіп отыр. Сонымен бірге,
банк активтерінің сапасын жақсарту бойынша бұдан кейінгі шараларды жүзеге
асыру және экономиканы индустрияландыру жөніндегі міндеттерді тиімді іске
асыру экономиканы кредиттік ресурстармен жан-жақты қамтамасыз етуді қалпына
келтіруге ықпал етуі тиіс.
2009 жылдың құркүйек айына дейін БТА Банктің несие портфелінің 87%-ын
бірлескен кәсіпкерлік, 21%-ын ШОК, 17%-ын бөлшек кәсіпкерлік иеленіп келді.
Негізгі несие көлемі бірлескен кәсіпкерлік үлесінде болды. Осы кезден
бастап банктің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz