Ноқат дақылының биологиясы және морфологиялық сипаттамасы


Мазмұны
Аннотация
Ноқат, азот фиксациясы, тыңайтқыш енгізу, тары, сорт, өсіру технологиясы, шаруашылық, топырақ-климаттық жағдайы, өсімдіктің биологиясы, ауыспалы егістік, топырақ өңдеу жүйесі.
Елімізде өсімдіктерді өсіруге және өңдеуге жақсы табиғи климаттық мүмкіншіліктер мол. Қазір қарқынды дамып келе жатқан ел экономикасы оны өңдеу мәселесін де жеделдете шешуге мүмкіндік береді. Бірінші кезекте еліміздің азық-түлікпен қамтамасыз ету, мал шаруашылығын дамыту мен шикізатты терең өңдеу және экспортқа бағытталған секторларға қолдау жасау қажет. Республикамыздың астық қорын толықтыруда ноқат дақылының маңызы зор.
Диқандардың ноқатқа қызығуының себептерінің бірі оның қуаңшылыққа төзімділігі. Ноқат, әсіресе гүлдену және дәндеу кезеңдерінде бұршаққа қарағанда жылу сүйгіштігімен ерекшеленеді, бірақ жас өскіндері суыққа төзімді келеді.
Ноқат өзге бұршақ тұқымдастардан гөрі топырақ ылғалсыздығына және ауа қуаңшылығына шымдамды болады, әрі дән құрттарымен (зерновка) сирек жарақаттанады.
Курстық жұмыстың мақсаты - Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Төркүл ауылы жағдайында ноқат дақылынан жоғарғы өнім алудың технолгиясын жасау.
Бұл мақсатты орындау үшін мынандай міндеттер шешілді;
- Ноқаттың биологиялық қасиеттерін анықтау;
- Технологиялық элементтерді дұрыс құру үшін өсімдік өсіретін шаруашылықтың топырақ, ауа-райы жағдайларына сараптама жасау;
- Дақылдың биологиялық ерекшеліктері мен нақты топырақ-климаттық ерекшеліктері бойынша өнімді бағдарлау;
- Нақты топырақ-климаттық жағдайы ерекшеліктері бойынша ноқат өсіру технологиясын жасау.
Практикалық бағалылығы. Оңтүстік Қазақстанның тәлімі жерлерінде ноқат дақылынан мол өнім қалыптастыру үшін шаруашылықтың топырақ климаттық жағдайлары және өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері негізінде өсіру технологиясы жасалды. Бұл технология көптеген шаруашылық нысандарында пайдалануға болады.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Курстық жұмыс бес бөлімнен тұрады: әдебиетке шолу бөлімі, шаруашылықтың топырақ, ауа-райы жағдайлары бөлімі, нақты топырақ-климаттық жағдайында өнімді бағдарлау бөлімі, нақты топырақ-климаттық жағдайында ноқат өсіру технологиясын жасау бөлімі және дақылды өсірудің технологиялық кескінін жасау бөлімі.
Бет кесте сурет әдебиет .
Нормативтік сілтемелер
Осы курстық жұмыс келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:
ҚР СТ 1. 5-2004 Стандарттардың мазмұны, оны түзу, рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2. 102-68 КҚБЖ (ЕСКД) . Конструкторлық құжаттардың түрлері мен комплекстері.
МЖМБС 2. 104-2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2. 201-80 КҚБЖ (ЕСКД) . Бұйымдар мен конструкторлық құжаттарды белгілеу.
МЖМБС 2. 301-68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.
МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеулер.
МЖМБС 2. 601-2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойлатын жалпы талаптар.
МЖМБС 7. 1-2003. Библиографиялық жазу. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар мен орындау ережелері.
СТ ОҚМУ 4. 02-2008 Университет стандарты. Сапа менеджменті жүйесі құжаттарын түзу, мазмұндау мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар.
СТ ОҚМУ 7. 11-2010 Университет стандарттары. Оқу-әдістемелік процестерді басқару.
ҚҮ ОҚМУ 4. 03-2008 Құжаттамалы үрдіс. Құжаттарды басқару.
ӘН ОҚМУ 7. 14-2008 «Курстық жобалауды ұйымдастыру. Курстық жұмыс»
Анықтамалар
Аммонификация - табиғаттағы кұрамында азоты бар органикалық заттардың аммиакқа дейін ыдырауы. Оларға көптеген шіріту бактериялары, актино-мицеттер және зең сақырауқұлақтары жатады.
Гидротермиялық аномалия - жер асты суларының таралу аумағының шегінде, олардың температурасының берілген сулы горизонтқа, кешенге және т. б. тән жер асты сулары температурасынан айырмашылығы болатын бөлікшесі (телімі) .
Гумус - топырақтың беткі органикалық қосылыстары бар тыңайтқыштармен байытылған межелік аралығы.
Тыңайтқыш - топырақтың құнарлығын арттыруға қолдынылатын түрлі органикалық және минералды заттар.
Нитрификация дегеніміз - ол: A) Аммоний тұздарының нитрат және нитритке дейін тотығуы. B) Нитриттердің газ тәрізді азотқа дейін қалыптасуы.
Микроэлементтер - өсімдіктің қоректенуі мен өнімнің қалыптасуына және оның сапасының -жақсаруына бор, марганец, молибден, мырыш, мыс, кобольт өте маңызды рөл атқарады.
Атмосфера - аса қабаты бөліктері, оттекті жер шарының қабаты.
Климат - аймақтық ареалға байланысты байқалатын құбылыстар: күннің ысуы, құрғақшылық, жауын-шашын, қардың жауу және т. б.
Топырақтың ылғылдық қоры - топырақ құрамындағы сулы борпылдақ аймағы және дақылдардың ылғылды жоғарырақ пайдалана алатындығы байқалуы.
Белгілеулер мен қысқартулар
ҚР - Қазақстан Республикасы
БҰҰ - Біріккен ұлттар ұйымы
ҚазЗИ - Қазақстан зерттеу институты
см. - сантиметр
мм. -милиметр
мл. - милилитр
кг. - киллограм
г. - грамм
сек. - секунд
мин. - минут
сағ. - сағат
мкм. - микрометр
га. - гектар
ц. - центнер
КІРІСПЕ
Президентіміз Н. Ә. Назарбаев ауыл шаруашылығы шикізаттарын өндіру мен өңдеу саласында кластерлік бастамашылықты іске асыру арқылы аграрлық өндірісті индустрияландыруға айрықша назар аударып отыр. Ғылыми жетістіктерді, инновациялық технологияларды ендірудің арқасында ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігін көтеру арқылы еліміздің экономикалық-әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталуымен құнды. Елімізде өсімдіктерді өсіруге және өңдеуге жақсы табиғи климаттық мүмкіншіліктер мол. Қазір қарқынды дамып келе жатқан ел экономикасы оны өңдеу мәселесін де жеделдете шешуге мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталған бірқатар жаңа міндеттер жүктеді. Бұл бірінші кезекте еліміздің азық-түлікпен қамтамасыз ету, мал шаруашылығын дамыту мен шикізатты терең өңдеу және экспортқа бағытталған секторларға қолдау жасау туралы тапсырмасы. Республикамыздың астық қорын толықтыруда ноқат дақылының маңызы зор.
Ноқат (Cicer arie) дәні құрамында ақуыздың мол болуымен және айрықша дәмділілігімен ерекшеленетін тағамдық және мал азықтық дақыл.
Диқандардың ноқатқа қызығуының себептерінің бірі оның қуаңшылыққа төзімділігі. Ноқат, әсіресе гүлдену және дәндеу кезеңдерінде бұршаққа қарағанда жылу сүйгіштігімен ерекшеленеді, бірақ жас өскіндері суыққа төзімді келеді.
Ноқат өзге бұршақ тұқымдастардан гөрі топырақ ылғалсыздығына және ауа қуаңшылығына шымдамды болады, әрі дән құрттарымен (зерновка) сирек жарақаттанады.
Дән құрамында 25% ақуыз, 46% азотсыз экстрактілі заттар, 45% май, 4% жасуша және 3, 5% бейорганикалық заттар бар. Масақты дақылдардың дәнінен ноқаттың дәнінің айырмашылығы оның құрамында адам және жануарларға қажетті аминқышқылдардың бәрі бар және де бұршақ тұқымдастар дәнінде олардың тағамдық, әрі азықтық қасиетін арттыратын түрлі А, В 1 В 2 , С т. б. витаминдер анықталған.
Ноқаттың ауадағы азотты тамырларында жинақтау қасиеті топырақтың құнарлығын арттырады.
Әлемдік егіншілікте бұршақ тұқымдастар 90 млн. га егіліп, олардың үлесі масақты дақылдардың 11, 5% құрайды, ал Қазақстанда бұршақ тұқымдастар (соя, бүршақ, ноқат) 2004 жылы бар болғаны 71 мың га ауданға егіліп, олардың үлесі 0, 62% ғана құрайды.
Курстық жұмыстың мақсаты - Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Төркүл ауылы жағдайында ноқат дақылынан жоғарғы өнім алудың технолгиясын жасау.
Бұл мақсатты орындау үшін мынандай міндеттер шешілді;
- Ноқаттың биологиялық қасиеттерін анықтау;
- Технологиялық элементтерді дұрыс құру үшін өсімдік өсіретін шаруашылықтың топырақ, ауа-райы жағдайларына сараптама жасау;
- Дақылдың биологиялық ерекшеліктері мен нақты топырақ-климаттық ерекшеліктері бойынша өнімді бағдарлау;
- Нақты топырақ-климаттық жағдайы ерекшеліктері бойынша ноқат өсіру технологиясын жасау.
Практикалық бағалылығы. Оңтүстік Қазақстанның тәлімі жерлерінде ноқат дақылынан мол өнім қалыптастыру үшін шаруашылықтың топырақ климаттық жағдайлары және өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері негізінде өсіру технологиясы жасалды. Бұл технология көптеген шаруашылық нысандарында пайдалануға болады.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Курстық жұмыс бес бөлімнен тұрады: әдебиетке шолу бөлімі, шаруашылықтың топырақ, ауа-райы жағдайлары бөлімі, нақты топырақ-климаттық жағдайында өнімді бағдарлау бөлімі, нақты топырақ-климаттық жағдайында ноқат өсіру технологиясын жасау бөлімі және дақылды өсірудің технологиялық кескінін жасау бөлімі.
1 АНАЛИТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
1. 1 Шаруашылықтың топырақ, ауа-райы жағдайлары
Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Төркүл ауылы Батыс Тянь-Шань тау жүйесінің эфемероидты, қысқа шөпті, жартылай саваналы тау маңында, теңіз деңгейінен 450-500 м биіктікте жатыр.
Аймақтың жер бедері Батыс Тянь-Шань тауының маңындағы адырлы бұйратты жазық болып келеді. Еңкіс жазыққа ұласатын жерлердің салыстырмалы биіктігі 10-20 м аралығында ауытқиды. Жалпы климат өте көп өзгергіштігімен, көп мөлшердегі жылуымен, мол жарығымен, ұзаққа созылатын суықсыз кезеңімен, ерте көкиемдегі көп түсетін жауын-шашынымен ерекшеленеді. Жылдық жауын шашын мөлшері 450-500мм. Климатқа тән ерекшелік - бұл жылдық жауын- шашын мөлшерінің 80-90 пайызы күзгі- қысқы көктемгі мезгілдерде (қыркүйек-мамыр) түсуі. Жылы кезеңдерде жауын-шашын біркелкі түспейді, жаз топырақты тез құрғататын шығыс және солтүстік бағыттағы жылдамдығы 4-5 м/с болатын ыстық желмен, аз мөлшердегіжауын-шашынмен ерекшеленеді.
Аймақта жаз ыстық және ұзақ, ауаның орташа температурасы 26 0 С. Ауаның ең жоғары температурасы шілде айында 42 0 С-қа жетеді. Қыс - қысқа, аз қарлы, қаңтар айының орташа температурасы -2, 6 0 С, ал ең төменгісі - 30 0 С. Ең жоғары температурадан төменгі температураға дейін 72 0 С.
Тұрақты қар жамылғысының ерте түсетін мерзімі қараша айының соңғы онкүндігі, ал еруінің соңғы күндері 30 наурыз. Қар қалыңдығының ең жоғары биіктігі 28см. Қыс мерзіміндегі тұрақсыз қар жамылғысы 56 пайызды құрайды.
Көпжылдық мәләметтер бойынша орташа есеппен қарағанда жыл бойына шамамен тәуліктік температура 11, 9 0 С құрайды. Аязсыз кезеңнің ұзақтығы орташа 205 тәулік. Соңғы суықтар сәуір айының басында тоқтайды және қазан айының соңында қайта басталады. 10 0 С- ден жоғары температура 4100-4400 0 С-ді құрайды. Орташа жылдық салыстырмалы ауа ылғалдылығы 57%. Қыс кезеңінде түсетін (жаңбыр, қар түрінде) ылғал жылдық жауын-шашынның 30-40, көктемгі- 28-36, жазғы - 6-10, күзгі - 20-25 пайызын құрайды. Шілде, тамыз, қыркүйек айларында түсетін жауын- шашынның аз болуы топырақ ылғалына айтарлықтай әсер етпейді. Жаз кезеңіндегі ауаның шамадан тыс құрғақшылығы мен жауын- шашынның өте аз болуы топырақтың көп құрғауына және оның ылғалының ең төменгі шегіне жетуіне себепші болады. Сондықтан да ылғалды көп талап ететін ауылшаруашылық дақылдарын суармалы танаптарда орналастырған дұрыс. Шаруашылық танаптарының топырағы - кәдіигі оңтүстік сұр топырақ. Топырақ түзуші жыныстары көбіне леес тәрізді саздақ болып келеді. Топырақ қабаттары әлсізкөрінеді.
Морфологиялық құрылысы топырақтың қарашірік қабатында орташа қалыңдығымен сипатталады (А+В=50-60см оның ішінде А=20см) . Қара шірік қабатының түсі қуаң ашық сұрғылт. В қабаты А қабатына қарағанда ашықтау. Карбонаттар 25-65 см қабаттан кейін білінеді, ал 65 см-ден төмен қабатта гипс таралған. Топырақтың беткі қабаты ( А 1 =5-6 см) эфемерлі-эфемероидты өсімдік қауымдасты және борпылдақ шымға ұқсас болып келеді. Құрылымы бойынша көбіне кесекті қабатты.
Жыртылатын қабат орташа есеппен алғанда 30см-ге дейін жетеді. Кәдімгі оңтүстік сұр топырақтың жыртылатын қабатында қарашірік 1, 2-1, 3% және жалпы азот 0, 07-0, 08 %, бұл көрсеткіш топырақ қабаты төмендеген сайын азаятындығын көрсетеді. Карбонат мөлшері топырақ қабаты төмендеген сайын арта түседі. Сіңіру жиынтығы негізінен 10-14 мг/экв 100 г аралығында ауытқиды. Сіңіру жүйесі кальциидің мөлшері көп болуымен сипатталады.
Сіңірілген натрий мөлшері шамалы. Сондықтан топырақтың сілтілі реакциясына қарамастан (рН-8, 2-8, 5) топырақ тұзданбаған.
1 -кесте Шаруашылық танап топырағының химиялық-физикалық құрамы
Агрономиялық шама бойынша, бұл топырақ екінші топқа жатады, яғни жоғары бағаланады.
2 -кесте Орташа айлық және орташа жылдық жауын-шашын мөлшері мен ауа температурасы (Шымкентагро метеостанциясының мәліметтері бойынша)
I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
XI
XII
-2, 6
-0, 3
5, 4
12, 8
18, 7
23, 2
26, 1
24, 5
19, 1
11, 9
4, 8
0
11, 9
14, 3
16, 2
18, 3
23, 2
31, 9
40, 8
41, 3
42, 1
30, 5
26, 3
17, 4
15, 3
26, 5
-30, 6
-24, 1
-12, 4
-8, 2
-3, 5
11, 3
16, 2
18, 4
6, 3
-8, 2
-15, 3
-28,
-6, 5
60
63
87
68
42
17
7
3
7
37
42
64
497
1. 2 Ноқат дақылының биологиясы және морфологиялық сипаттамасы
Ноқат дәнді бұршақ дақылдарына кіреді. Ол бұршақ тұқымдасына (Ғавасеае) жатады. Қауырсын жапырақты.
Ноқат - Нут - Сicer. Ноқат Сіcer туыстығына жатады және 30-дан астам түрлерді біріктіреді. Олардың көпшілігі көпжылдық. Дақылда кең тарағаны жалғыз түр - мәдени ноқат (Сісеr аrietinum) .
Бұл бір жылдық өсімдік, сабақтары қырлы, тік өседі. Тамыр түбінен немесе бүкіл сабақ бойымен бұтақтанады. Дәнді бұршақ дақылдарының тамыр жүйесі кіндікті, 1-2 м топырақ қабатына бойлайды, көптеген бірінші, екінші, үшінші және одан кейінгі дәрежедегі бүйір тамыршалары болады, олар негізінен жыртылатын топырақ қабатында орналасқан.
Сабағы біреулерінде тік тұратын, бұтақты. Жапырақтары күрделі, құрылысы бойынша қауырсын жапырақты.
Гүл шоғыры - шоқгүл немесе гүлдері жапырақ қолтығындағы гүл бағанасында бір, екі немесе үштен орналасқан.
Сурет 1- Ноқат дақылы
Гүлдері - қосжынысты, бес күлтеше жапырақты, бұрыс пішінді, күлтеше жапырақтарының түсі ақ түстен қызғылт-қызыл немесе күлгін түске дейін. Жемісі - әртүрлі пішіндегі және мөлшердегі бұршақ. Піскенде екі ұзынша жармаға жарылады.
Тұқымдары әртүрлі көлемді, пішінді және әр түсті болып келеді.
Ноқат бойы 60 см дейін өсетін, тік сабақты және қауырсыны тақ жапырақты өсімдік. Гүлдері ақ түсті. Қауашағы қысқа, әрі жуандау болып, ішінде 1-3 дән болады. Дәні домалақ пішінді болып, бір қыры сүйірлеу болады. Дәннің сырты бұжыр болады. Ноқат өзара тозаңданатын өсімдік
1. 3 Өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері
Ноқат, әсіресе гүлдену және дәндеу кезеңдерінде бұршаққа қарағанда жылу сүйгіштігімен ерекшеленеді, бірақ жас өскіндері суыққа төзімді келеді.
Ноқат өзге бұршақ тұқымдастардан гөрі топырақ ылғалсыздығына және ауа қуаңшылығына шымдамды болады, әрі дән құрттарымен (зерновка) сирек жарақаттанады.
Ноқат - жылуды басқа бұршақ тұқымдас өсімдіктеріне қарағанда көп қажет етеді. Тұқымы 3-4°С температурада өне бастайды. Біркелкі көктеп шығуына ең қолайлы температура 7-8°С. Ноқат өскіндері 8°С дейінгі үсікті көтере алады. Гүлдеу-дән байлау кезеңдеріндегі жоғары температура оның өніміне кері әсер етеді. Ноқаттың дәні 3 . . . 4 С жылылықта көктей береді. Тәуліктік орташа жылылық 5-6 С болғанда ноқат 20-25 күнде көктеп шығады, жылылық 10-12 С болғанда бұл кезең 10-12 күнге, ал 15 С болғанда 7-8 күнге дейін азаяды. Көгі 8 С дейінгі суыққа шыдайды. Сонымен, ноқат үшін жылылықтың биологиялық минимумы 6-7 0 С. Ноқаттың өніп - өсуі үшін ең қолайлы жылылық 18-22 0 С деп саналады, жоғары жылылық 35 0 С. Бұдан жоғары температурада өсімдіктің өсуі тоқталады, ал ноқаттың сортына байланысты дәннің толық пісіп жетілуі үшін тәулікті орташа жылылығының жалпы жиынтық мөлшері 1100-1400 0 С болады.
Өсіп-жетілу кезеңнің орташа ұзақтығы 70-тен 140- күнге дейін.
Ноқат ылғалға шыдамды өсімдік, сондықтан оны Оңтүстік Қазақстан өңірінің тәлімі топырақтарында өсіруге болады. Оның дәні бөрткен кезде бойына өзінің салмағынан да көбірек ылғал сіңіреді. Бөртуі үшін өз салмағының 60% мөлшеріне дейін ылғал қажет ететін сорттары бар. Өсімдік әсіресе шашақтану-гүлдену кезеңдерінде ылғалды көбірек тілейді. Бұл кезеңде ноқат өнімді жеделдете құрады, бұл тұста ылғалдың тапшы болуы өсімдіктің дамуына кері әсер етеді, өнімін кемітеді. Транспирациялық коэффициенті 350-400.
Ноқат үшін бейтарап немесе әлсізсіл-тілі реакциялы (рН 6-7) қара және қоңыр топырақтар жақсы. Жоғары агротехникада ноқат шымды-күлгін топырақтарда да жақсы өнім береді. Құм, сортаңдау және қышқыл батпақтанған топырақтар ноқат өсіруге жарамсыз.
Өсімдіктің ауа азотын фиксациялаушы қасиетінің болуына байланысты азот элементін тек өсімдіктің алғашқы даму сатысында ғана енгізуді қажет етеді.
Фосфор (Р 2 О 5 ) тамыр жүйесінің дамуын тездетеді, жалпы өнімдері астық үлесін арттырады, қуаңшалыққа төзімділігін күшейтеді, су пайдалану коэффициентін төмендетеді.
Калий (К 2 О) фотосинтездің қалыпты жағдайда өтуіне мүмкіндік жасайды, өсімдіктің ылғал үстау және тамырдың ылғал сіқіру қабілеттерін арттырады, қуаңшылыққа төзімділігін арттырады.
Ноқаттың қоректену элементтерді пайдалануы топыраққа байланысты және орта есеппен (әрбір ц астық пен тиісті сабанға шақканда) азот (N) - 6, 5, фосфор (Р 2 О 5 ) -0, 14 және калий (К 2 О) - 0, 16 кг тең.
3-кесте Ноқаттың сыртқы орта жағдайларына қоятын талаптары
Тұқымның өнуі;
-ең төменгі жылулық, °С
Дақылдың даму сатыларындағы қауіпті ең төменгі жылулық, °С
1. Егін көгінің пайда болу кезеңі
6
6. 1
1 ц негізгі өнім қалыптастыру үшін қажетті
Азот
2 ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
2. 1 Нақты топырақ-климаттық жағдайында өнімді бағдарлау, ФБР кірісі бойынша бағдарламаланған өнімді анықтау
Өсімдіктің өсуі мен дамуына әсер ететін көптеген факторлардың ішінде күн радиациясы ең қиын реттелетін фактор.
Биологиялық массаның потенциалды өнімін ФБР мөлшеріне байланысты мына анықтамамен есептелінеді:
НМӨ(ФБР) = R Х K
100 х Қ ө
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz