ЭСПАРЦЕТ ТҮРЛЕРІН ӨСІРУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

мазмұны

Аннотация

КІРІСПЕ 6

ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ 8 1 Негізгі бөлім

  1. Эспарцеттің жіктелуі және ареалы 8
  1. Эспарцетті егіншілікке енгізу тарихы, оның экологиялық-биологиялық ерекшеліктері және шаруашыльқ қасиеттері 9 ТӘЖІРИБЕ ЖҮРГІЗУ ЖАҒДАЙЛАРЫ, ЗЕРТТЕУ ЗЕРЗАТТАРЫ

МЕН ӘДІСТЕМЕЛЕРІ 12

  1. Орналасуы 12
  2. Климаты 14

2. 3 Топырағы 15

  1. Өсімдігі 20
  2. Зерзат және зерттеу әдістемелері 22

3 Зерттеу жұмыстарының нәтижелері . . . 25

3. 1 Тұқымының өнгіштігі . . . 25

3. 2 Фенологиясы . . . 30

3. 3 Өсу қарқындылығы . . . 33

3. 4 Тамыр жүйесінің дамуы . . . 39

3. 5 Азығының химиялық құрамы . . . 42

3. 6 Эспарцет түрлерінің зиянкестер және аурулармен зақымдануы . . . 45

4 ферғана Эспарцетін өсірудің агротехникалык тәсілдері 47

4. 1 Алқаптар таңдау және топырақты дайындау . . . 47

4. 2 Себу мерзімі . . . 49

4. 3 Тұқым себу тереңдігі . . . 51

4. 4 Тұқым себу мөлшері . . . 52

5 ЭСПАРЦЕТ ТҮРЛЕРІН ӨСІРУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ

ТИІМДІЛІГІ 55

ҚОРЫТЫНДЫ 57

Өндіріске ұсыныстар 58

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІ3ІМІ 59

нормативтерге сілтемелер

Дипломдық жұмысты дайындау кезінде төмендегі үлгі-талаптарға сілтемелер жасалды:

1. МҰТ 7. 32 - 2001 мемлекетаралық үлгі-талап. Құрылымы мен рәсімдеу ережелері.

2. МҰТ 7. 1 - 84. Ақпарат, кітапхана және баспа істері жөніндегі үлгі-талаптар жүйесі. Құжаттың әдеби көрсеткіштер сипаттамасы. Құжат жасаудың жалпы талаптары мен ережелері.

Белгілер мен қысқартылған сөздер

Дипломдық жұмыста келесі белгілер мен қысқартылған сөздер пайдаланылды:

т. б. - тағы басқа

ц/га - 1 гектар жерден центнер есебімен алынған өнім мөлшері

ц - центнер

кг - килограмм

г - грамм

мг - миллиграмм

см - сантиметр

мм - миллиметр

% - пайыз

аз. ө. - азықтық өлшем

км - километр

м - метр

С 0 - Цельсий бойынша градус

рН - топырақ ортасының реакциясы

АШЗ - азотсыз шырсөлді заттар

НСО 3 - көмірқышқыл қалдығы

СО 3 - карбонат қалдығы

Сl - хлор

SO 4 - күкірт тотығы

Са - кальций

Mg - магний

Аннотация

Оңтүстік Қазақстанның қуаңшылық аймағында эспарцет түрлерін өсіру мәселесі әлі шешілмеген. Өйткені, оның биологиялық-экологиялық ерекшеліктері жете зерттелінбеген, егіп-өсіру тәсілдері анықталмаған.

Зерттеу жұмысына қамтылған эспарцеттің хорасан түрі Оңтүстік Қазақстанның шөл аймағы үшін жаңа мал азықтық өсімдіктер болып табылады. Олардың биологиялық ерекшеліктерін және шаруашылық құндылығын зерттеу нәтижелері бұл түрді өндіріске енгізуге және селекция іс-жұмыстарына пайдалануға болатындығын анықтап отыр. Тез өсіп-дамуы, құнарлы мал азығы өнімін ерте қалыптастыруы, жақсы тұқым байлауы, топырақты азотпен байытуға және өздігінен көбею қасиетінің жоғары болуы олардың маңыздылы-ғын арттыра түседі.

Бүгінгі шөл аймақта қалыптасқан жағдайға байланысты бүл түрдің маңыздылығы ерекше болып отыр. Бұған себеп табиғи жайылым шұрайлылығын арттырумен қатар жемшөптің сақтық қорын жасау қиыншылығы. Өйткені, көп шаруа қожалықтары суармалы жерлерден әр түрлі қашықтықта орналасқан. Ол жерлерде шөп дайындау, оны отарға жеткізу көп қиындыққа, орынсыз шығынға әкеліп соқтырады, сөйтіп өнімнің өзіндік құнын жоғарылатады. Табиғи жайылымдарды жылма-жыл шабындыққа пайдалану жайылым жерін тоздырып, шұрайлылығын төмендететіні белгілі. Бүгінде әр шаруа қожалықтары жанынан екпе шабындық жасау анағұрлым тиімді болып есептелінеді. Осыған байланысты олардың өсіп-дамуына бірінші кезекте септігін тигізетін агротехникалық тәсілдерді анықтау жұмыстарын жүргізуді дұрыс көрдік.

Ферғана түрін өсірудің түқымын дайындау, топырақты өңдеу, тұқым себу мезгілі мен терендігі және мал азықтық құндылығы анықталды.

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Соңғы жылдары Республикамыздың ауыл шаруашылығы саласында оң өзгерістер жүріп жатыр. Саланың жалпы өнімінің көлемі жылдан-жылға артып келеді.

Мұның бәрі еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік-экономикалық саясаттың нәтижесі. Әрине бұл саясатты жүзеге асыруда мал шаруашылығының маңызды орын алып отырғаны белгілі. Халқымыздың, өнеркәсіптің мал өнімдеріне деген өскелең талабына сай мал шаруашылығын тұрақты өркендету қажеттілігі туындап отыр. Осыған орай оның жемшөп шаруашылығын жандандыру және дамыту бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің біріне жатады.

Мал азығының негізгі қорын 182, 4 миллион гектар жерді алып жатқан табиғи жайылым құрайды [1] . Оңтүстік пен батыс аймақтардың жайылым шығымдылығы мал шаруашылығының жемшөпке деген қажетінің 80-90 % дейін қамтамасыз етеді. Дегенмен көп жылдар бойы жүйесіз пайдалану салдарынан көптеген жайылымдық алқаптардың өнімділігі төмендеп, өсімдік жамылғысындағы бағалы мал азықтық түрлердің жойылып кету қаупі төніп отыр. Бүгінгі таңда шөп бітімі азайған табиғи жайылымдар мен шабындық-тардың көлемі Республика бойынша 25, 6 млн га, соның ішінде Оңтүстік Қазақстанда 1, 5 млн га жеткен [2] .

Бұл жайылымдық жерлердің пайдалы мал азықтық өсімдіктер қатары сиреп, көлемі азаюда [3, 4], есесіне улы және зиянды арамшөптер басуда, топырақ құрамы-ның нашарлап, қарашірік мөлшерінің төмендеуіне әкеліп соғуда [5] .

Мұның өзі қазіргі дамып келе жатқан нарықтық экономика жағдайында мал өнімділігін арттыру және сапасын жақсартуда көптеген қиындықтар туғызып отыр.

Сондықтан, бүгінгі заман талабына сәйкес мал шаруашылығында қалыптасып отырған меншік түрлері үшін табиғи жайылымды сақтау мен пайдалану арасындағы қатынасты сақтай отырып, мал басын көбейту мен сапасын жақсарту талабы кезек күттірмейтін міндеттердің бірі болып қала бермек. Әрине, бұл мәселені шешудің төте жолы жайылымдарды тиімді пайдалану мен жақсарту шараларын іске асырған жағдайда ғана болатындығын озық тәжірибе мен ғылыми зерттеулер нәтижесі көрсетіп отыр. Соның ішінде табиғи мал азықтық өсімдіктер байлығын пайдалана отырып екпе жайылымдар жасау орны ерекше.

Соңғы жылдары Ресейдің оңтүстігінде, Орта Азия мен Қазақстанның қуаңшылық аймағында екпе жайылымдар жасау үшін пайдалануға болатын мал азықтық өсімдік түрлерінің саны 40-тан асып жығылады [6, 7, 8, 9] . Соның ішінде жерсіндіру жұмысы мен мәдени дақыл ретінде сынау үшін ұсынылған өсімдіктер қатарында Onobrychis Adans туысының түрлері бар. Дегенмен Оңтүстік Қазақстанның қуаңшылық аймағында, көптеген пайдалы шаруашы-лық және агротехникалық маңыздылығына қарамастан, эспарцетті екпе жайылым жасау ісіне пайдалануға бағытталған ғылыми ізденістер жеткіліксіз деңгейде жүргізіліп келеді. Сонымен қатар оның жергілікті шөл аймақтағы экологиялық-биологиялық ерекшеліктері және шаруашылық-пайдалы қасиет-тері туралы мәліметтер жоқтың қасы.

Диплом жұмысы 2007-2008 жылдары бұрынғы Қазақ қаракөл шаруашылығы ғылыми-зертеу институтында және қазіргі Оңтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында жүргізілген.

Зерттеулердің мақсаты. Оңтүстік Қазақстанның қуаңшылық аймағында эспарцетті өсіру мүмкіншілігін анықтау үшін, оның ферғана (Onobrychis ferganica (Sirj. ) Grossh) түрінің биологиялық ерекшеліктері және өнімінің қалыптасу заңдылықтарын анықтап, өсіру тәсілдерін зерттеу осы жұмыстың негізгі мақсаты болды.

Зерттеулердің міндеттері:

  • Эспарцеттің ферғана түрі тұқымының морфологиясы мен өнгіштігін анықтау;
  • қуаңшылық аймақтың түрлі экологиялық жағдайында эспарцет түрлерінің шаруашылық-биологиялық қасиеттерін айқындау;
  • тіршілік жылына қарай эспарцет түрінің өсіп-дамуын зерттеу;
  • ферғана эспарцетін өсірудің негізгі агротехникалық тәсілдерін зерттеп дайындау;
  • эспарцет түрлерін пайдаланудың экономикалық тиімділігін бағалау.

Зерттеулердің ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы - Оңтүстік Қазақстанның қуаңшылық аймағының түрлі экологиялық жағдайында эспарцеттің фергана түрінің биологиялық-экологиялық ерекшеліктерінің анықталуында, өсіп-даму және өнімінің қалыптасу заңдылықтарының, сонымен қатар егіп-өсірудің негізгі агротехникалық тәсілдерінің алғаш рет зерттеліп, негізделуінде.

Зерттеу нәтижелерінің практикалық құндылығы. Оңтүстік Қазақстан-ның қуаңшылық аймағының түрлі экологиялық жағдайында екпе жайылым және шабындық жасау үшін жазық шөлде және тау бөктеріндегі шөлде ферғана эспарцеттерін өсіруге болатыны анықталды. Оларды егіп өсірудің негізгі агротехникалық тәсілдері ұсынылды.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

- Оңтүстік Қазақстанның қуаңшылық аймағының түрлі экологиялық жағдайында Onobrychis ferganica түрлерінің биологиялық ерекшелігі, негізгі агротехникалық тәсілдері және экономикалық тиімділігі.

Жұмыстың көлемі және құрылымы. Диплом көлемі 63 бет, 19 кесте, 11 суреттен, кіріспеден, 5 тараудан, қорытынды, өндіріске берілетін ұсыныстар, 68 пайдаланылған әдебиет тізімі және қосымшадан тұрады.

Әдебиетке шолу

1. 1 Эспарцеттің жіктелуі және ареалы

Эспарцет Fabaceae тұқымдасының Onobrychis Mill (Adans) туысына жатады. Жалпы эспарцеттің туыс болып қалыптасу тарихын В. М. Кузнецов [10] жан-жақты келтірген. Ол Г. В. Ширяев еңбектеріне сүйене отырып, Onobrychis атауының бірінші рет біздің эрамыздан бір ғасыр бұрын өмір сүрген Диоскорида шығармасында аталғанын, алғашқы дұрыс сипаттамасы 1576 жылы жарық көрген Lobel еңбегінде келтірілгенін, содан кейін көптеген өзгерістерге ұшыраған бұл туыc 1763 жылы M. Adanson еңбегі арқылы Onobrychis туысы болып тыңғылықты аталып қалғанын айтады.

Onobrychis туысы 164 түрден тұрады, оның 62 түрі бұрынғы СССР территориясы аумағында, 8-і Қазақстанда кездеседі.

Мәдени дақыл ретінде таралғаны кәдімгі эспарцет - Onobrychis viciafolia Scop., кавказдық - O. transcaucasica Grosch, құмдық немесе дондық эспарцет - O. arenaria (Kit. ) Д. С

Біздің жұмысымызға қамтылған ферғана - O. ferganica (Sir. ) Grossh. түрлері мал азықтық өсімдік ретінде соңғы 20-30 жыл көлемінде зерттеліне бастады Осы жерде айта кету керек, O. ferganica түрі алғашқы кездері құмдық эспарцеттің бір тармағы ретінде O. arenaria var. ferganica Sir. деп аталған. А. А. Гроссгейн [11] оны түр деңгейіне көтерген. Жалпы бұл түр Қазақстан флорасында дондық - O. tanaitica деген атпен берілген В. М. Кузнецов [10] келтірген П. П. Сергиевская пікірі бойынша O. tanaitica Spreng. пен O. arenaria (Kit. ) Д. С. атаулары бір түрдікі. Соңғы кезде С. А. Абдуллина [12] O. tanaitica орнына O. arenaria атауын қолданған. Н. С. Камелин [13] Сырдария Қаратауында кездесетін ферғана экспарцетін құмдық экспарцеттің бір тармағы деп көрсеткен.

Дегенде, біздің бақылауларымыз да ферғана эспарцетінің Алматы және Ақтөбе облыстарынан алынған құмдық эспарцетке ұқсайтынын көрсетті. Осылайша ферғана эспарцетін құмдық эспарцеттің оңтүстік таулы аудандарда таралған бір тармағы деп қарауға болады.

. О. Е. Aгаханянц [14] соңғы түрдің Памир тауларында теңіз деңгейінен 1950-3900 м биіктікте өсетінін және ксерофит екенін атап өткен.

В. М. Кузнецов [10] эспарцеттің кейбір түрлерінің ареалын келтірген. Олардың негізгі таралған аудандары Кіші Азия, Орталық Еуропа, Батыс Еуропа, Сібір, Қазақстан, Орта Азияда жатыр. Оны Н. И. Дзюбенко, Е. А. Дзюбенко, А. Н. Дзюбенко [15] жасаған Onobrychis arenaria (Kit) Д. С. түрінің ареал картасынан да көруге болады (1-сурет) . Суретте көрінгендей бұл түр Сырдария Қаратауында, Жоңғар-Тарбағатай тауларында, Памирдің бөктерінде кездеседі.

Дегенде, Өзбекістан ғалымдары құмдық эспарцетке жататын ферғана түршесін түр ретінде зерттеп келген. Мысалы, Т. Байкабылов [17] O. ferganica түрінің Өзбекстанда кездеспейтінін айтқан. Ол оның кариологиясын анықтау үшін Қырғызстанның Шатқал жоталарының бөктерінде теңіз деңгейінен 1500-1800 м биіктікте жатқан Актассай және Пашаата қойнауларында өсетін үлгісін жинаған.

Н. Қ. Аралбаев және басқалардың [2] мәліметі бойынша O. tanaitica Spreng. Қазақстанның Шу-Іле, Ембі, Торғай, Зайсан, Мойынқұм, Оңтүстік Үстірт флоралық аудандарынан басқа аудандардың бәрінде кездеседі. Табиғи өсетін алқаптары қиыршықты, боры мен әгі шығып жатқан жерлер, далалы және шалғынды аймақтар. Оңтүстік Қазақстан облысының барлық аудандарына кездеседі делінген. Ескерілетін бір жағдай: Т. Е. Дарбаева [17] Солтүстік-Батыс Қазақстанның борлы ландшафттарындағы сирек кездесетін өсімдіктерді зерттей отырып, O. arenaria түрін жоғалу қаупі бар түрлерден кейінгі осалдау түрлерге жатқызған. Демек, оның жабайы популяциясының қазіргі табиғи жайылымды ретсіз пайдалану жағдайы белең алып жатқанда, жоғалып кетуі әбден мүмкін. Бүгіннің өзінде оның тұқым салып тұрған алқаптарын кездестіру неғайбыл. Оңтүстік Қазақстанның шөлді-таулы аймақтарына жүргізілген экспедициялар кезінде O. arenaria ұрығы жиналмағаны белгілі.

Сонымен O. ferganica түрінің таралу аймағын салыстыру негізінен табиғат-климаты жұмсақтау далалы аймақтарға жақындау келетіні байқалады. Ю. С. Григорьев, Л. М. Разумова [18] эспарцеттің біржылдықтар - эфемерлер түрлерінің қалыптасуының экологиялық-генетикалық қатарын былай көрсеткен: тікенді ксероморфты бұталар (O. echidna) → көпжылдық шөптесін (O. chorassanica, O. schugnanica және басқалар) → біржылдықтар - эфемерлер (O. micrantha, O. pulchella) .

1. 2 Эспарцетті егіншілікке енгізу тарихы, оның экологиялық-биологиялық ерекшеліктері және шаруашылық қасиеттері

Табиғи жайылымдардың шұрайлылығын көтеру, екпе жайылымдар жасау мәселесі қандай-да топырақ-климат аймағы болмасын, әуелде жабайы мал азықтық өсімдіктерді пайдалану арқылы жүргізілгені белгілі. Әрине бірінші кезекте жергілікті өсімдік байлығы, уақыт өте басқа аймақтардың өсімдік түрлері қамтылған.

Құрғақшылық аймақта жабайы мал азықтық өсімдіктерді пайдалану жұмысы алғашқы рет Ресейдің оңтүстігінде басталған. 19 ғасырдың 90 жылдарында В. С. Богдан жергілікті еркекшөп түрлерін зерттеп, екпе шабындықтар жасауға пайдаланған 20 ғасырдың отызыншы жылдарынан бастап осы өңірде өсетін изен түрлерін анықтап, олардың экологиялық-биологиялық ерекшелік-терін ескере отырып өсіру үшін П. П. Бегучев [19], А. Д. Дударь [20] және басқалар көптеген ғылыми жұмыстар жүргізді. Басқа аймақтардан алынған теріскен, сексеуіл түрлерін жерсіндіріп, өсіру мүмкіндігін Н. А. Матвеев [21], А. Г. Гаель [22] еңбектері дәлелдеді. Сортаң жерлерді игеруде қараматау өсімдігінің пайдалы екендігін О. А. Лачко және басқалар [23] жүргізген зерттеулер көрсетті.

Орта Азия мен Қазақстанның құрғақшылық аймағында жабайы мал азықтық өсімдіктерді зерттеу жұмыстары 20 ғасырдың 30 жылдарынан басталды Орталық Қазақстанның сазды шөлінде А. М. Ғаббасов [24] жүргізген тәжірибе нәтижелері жергілікті тастақты жерде өсетін изен үлгісінің бейімделгіштік қасиетінің жоғары екенін көрсетті. Ұлы Отан соғысынан кейін басталған зерттеулер көптеген нәтижелер әкелді. Өзбекстанның түрлі экологиялық жағдайында, В. А. Парамонов [25], Т. Рахимова [26] және басқалар жүргізген тәжірибе нәтижесінде сексеуіл, изен, кейреуік, шоған, жүзгін түрлерін өсіру мүмкіндігі анықталды. Тәжікстанда Л. П. Синьковский жетекшілігімен жусан, шытыршық, изен түрлерін шабындықтар жасау мақсатында да пайдаланды [27] . Қырғызстанның құрғақшылық аймағында негізінен жергілікті изен, теріскен, жусан ] түрлерінің жақсы өсіп-дамитыны анықталды. Кейінгі жылдары басқа туыстас өсімдіктерді де өсіруге көп назар аударылып отыр Түркменстанда С. Я. Приходько және басқалар [28], ] жүргізген зерттеулер елдің түрлі топырақ-климат аймағында қарабарқын, жүзгін, сексеуіл, шоған, изен, күйреук, агамет таспашөбін екпе жайылым жасауға пайдалану тиімді екенін көрсетті.

О. Нұрбаев [29] эспарцетті өсірудің қысқаша тарихын келтіре отырып, оның кең тараған үш түрінің сипаттамасын келтірген. Олардың биологиялық ерекшеліктерін және шаруашылық маңыздылығына тоқталған. Сонымен қатар эспарцетті мал азықтық, топырақ қорғайтын ауыспалы егісте, өнімі төмен жерлерді жақсарту мақсатында өсіру агротехникасына, зиянкестері мен ауруларына және олармен күресу шараларына тоқталған.

Е. Л. Бекмухамедов [30] Павлодар облысының Есентай жазығында эспарцеттің 5-6 жылдан кейін өліп қалатынын көрсетсе, Ш. Ш. Скаков [31] бұрынғы Жезқазған облысының қуаңдалалық аймағында құмдық эспарцетті бағалы мал азықтық өсімдіктер қатарына жатқызған.

Солтүстік Қазақстан жағдайында эспарцеттің жаңа сорттарын шығару мақсатында оның үлгілерін жинау жұмысы да жүргізілуде. Оның Батыс Сібірде өсетін құмдық түрінің 2 үлгісі терілген.

А. М. Голубев [32] эспарцеттің Қазақстанда 50 жылдардан бастап қана өсіріле бастағанын, оның топырақ талғамайтынын, құнарсыз топырақтың өзінде жақсы өнім беретінін, суыққа, ыстыққа төзімді, азықтық құндылығы жоғары дей келіп, балаусасынан пішендеме, сүрлем, ұнтақталған ұн жасау үшін пайдалануға болатынын, сондай-ақ көк балаусасы малдың ішін кептірмейтінін, басқа дақылдарға жақсы алғы дақыл болып есептелетінін және бал шаруашылығы үшін маңызды екенін атап өткен. Дегенмен бұрыннан аудандастырылған 4 сорттың Қазақстанның әр алуан топырақ-климат жағдайына бірдей бейімделмегенін, сондықтан жаңа сорттар шығару мәселесін қозғай отырып Алматылық 1 және 2 сорттарының мемлекеттік сынақта гектарына 70-85 ц дейін пішен бергенін келтірген.

Г. Т. Мейірманов, А. Н. Голубев, С. Садуақасов [33] зерттеулерінде эспарцеттің сыналған 1500 үлгісінің арасынан жоғарыда аталған сорттардың ерекшеленгенін атап көрсеткен. Осы сорттардың жоғары өнімділігі А. Н. Голубев, Н. М. Шарипбаев [34] еңбектерінде де аталады. Ал, Алматы облысының таулы аймағында сыналған эспарцет түрлері мен сорттарының ішінде Ыстықкөл сорты жоғары өнім берген Жоңғар Алатауының таулы аймағында эспарцеттің Алматылық-2 сортының агротехникалық тәсілдері зерттелген

Жоғарыда келтіргеніміздей Европа елдерінде эспарцет түрлері ертеден өсіріліп келеді. М. А. Потресова [35] деректері бойынша Батыс Европада қазіргі кезде эспарцет бағалы мал азықтық өсімдіктердің қатарына жатқызылып отыр. Мұнда кеңінен тарағаны бір және екі орымды егістік эспарцеті.

Сонымен эспарцетті өсіру тарихын талдай келе мынандай қорытынды жасауға болады:

- эспарцетті зерттеу жұмыстарының басым бөлігі далалық, қуаңдалалық және таулы аймақтарда жүргізілген;

- ғылыми жұмысқа негізінен егістік, кавказдық және құмдық түрлері қамтылған;

- мал азықтық қасиеті жоғары басқа түрлер аз зерттелген.

Бүгінде ауыл шаруашылығын экологизациялау және биологизациялау бағыты дамып келе жатқаны белгілі. Сондықтан экологиялық жағынан күрделі шөл аймақтың жайылым өнімділігін көтерумен қатар топырақ құрамын және құрылымына пайдалы әсер ететін бұршақ тұқымдас өсімдіктердің маңыздылығы жылдан-жылға арта түспек. Осыған байланысты біз өз жұмысымызда Оңтүстік Қазақстанның құрғақшылық аймағында, далалы аймақта кең тараған O. arenaria түріне жататын var. ferganica эспарцетін өсіру мүмкіншілігін анықтауды мақсат етіп қойдық.

2 ТӘжірибе жүргізу жағдайлары, зерттеу зерзаттары мен Әдістемелері

2. 1 Тәжірибе жайларының орналасуы

Біздің зерттеулеріміз Оңтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының жазықтағы шөлде орналасқан «Бақтыөлең» тәжірибе жайында жылдары және тау бөктеріндегі жауын-шашынмен жартылай қамтамасыз етілген тәлімі аймақтағы Физиологиялық кешенде 2006-2008 жылдары жүргізілді.

«Бақтыөлең» тәжірибе жайы (1-сурет) Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданына қарасты «Қожатоғай» ауыл аймағынан солтүстікке қарай 5 километрдей қашықтықта орналасқан. Жер бедері жазықтау келеді, солтүстіктен оңтүстікке қарай созылған құм төбешіктері кездеседі.

1-сурет - «Бақтыөлең» тәжірибе жайы

Облыс орталығы Шымкент қаласының батыс жағында Бадам өзенінің оң бет аңғарында орналасқан Физиологиялық кешеннің (2-сурет) жер бедері тегіс келген және солтүстікке қарай бірте-бірте көтеріліп ойлы-қырлы жазықтарға ұласқан.

2-сурет - Физиологиялық кешен

Физикалық-географиялық аудандастыру бойынша «Бақтыөлең» тәжірибе жайы шөл ландшафттық аймақтың Сырдариямаңы провинциясына қарасты Шардара-Мырзашөл ауданы, ал Физиологиялық кешен Арыс ауданы аймағында жатыр (3-сурет) .

32 б - Шардара-Мырзашөл ауданы 32 в - Арыс ауданы

3-сурет - Тәжірибе жайлары орналасқан физикалық-географиялық аудандар

2. 2 Климаты

Оңтүстік Қазақстанның құрғақ аймағы климатының айрықша ерекшеліктері - инсоляция мен жылу қорының молшылығы. Жалпы мұндағы жыл маусымдары климатының сипаттамасы туралы деректер жетерлік Сондықтан бұл жұмыста зерттеу жүргізген жылдардың ауа райының ерекшеліктерін «Бақтыөлең» тәжірибе жайынан 7 км батыс жақта теңіз деңгейінен 217 м биіктікте орналасқан «Байырқұм» және Шымкент қаласындағы теңіз деңгейінен 552 м биіктікте жатқан «Шымкент» ауа райын бақылау бекеттерінің мәліметтеріне, сондай-ақ өз бақылауымызға сүйене отырып келтірдік. Айта кету керек, екі бекеттің теңіз деңгейінен әр түрлі биіктікте жатқанына қарамастан 10 0 С жоғары жылу жиынтығының көп жылдық орташа көрсеткіші «Байырқұмда» 4214 0 , Шымкентте 4049 0 , яғни айырмашылығы айтарлықтай емес. Жауын-шашын мөлшері бірінші бекетте 206 мм, ал екіншісінде 448 мм. Демек соңғы бекетте бұл көрсеткіш 2 еседен жоғары. Бірақ жауын-шашынның мол түсетін кезеңі екі бекетте бірдей: қараша-мамыр айлары. Маусым айында жаңбыр күрт азайып, шілде-қыркүйек айларында мүлдем болмайды десек те болады.

Зерттеу жылдары алынған мәліметтерден жоғарыда аталып өткен ерекшеліктер жалпы сақталғанын байқаймыз. Дегенмен ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшері кейбір жылдары көп жылдық орташа көрсеткіштерден ауытқып отырғанын атап өткен жөн

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Райымбек ауданының егіншілік саласы
Эспарцет жарыққа мұқтаж
Мәдени жайылымға күтім жасау
Топырақты зерттеу
Күздік бидай өсіру
Тұқымның өну энергиясы мен лабораториялық өнгіштігін анықтау
Қазақстан Республикасы бойынша жайылым мен шабындық жерлердің жағдайы,көлемі,өнімділігі.
Мал азығының сапасы – мал шаруашылығын дамытудың басты шарты
Қазақстанның тұзды топырақтарының генезисі
Малазықтық бақша дақылдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz