Картоп дақылының агротехнологиясы


КІРІСПЕ
Қазақстанның халық шаруашылығының ең негізгі маңызды саласы - ауыл шаруашылығы болып табылады. Оның маңыздылығы - ең алдымен халықты азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету. ал өңдеуші өнеркәсіпті қажетті ауыл шаруашылық шикізатымен. Ауыл шаруашылығының еліміздің экономикалық, әлеуметтік өмірінде айрықша орын алатын баршамызға белгілі. Ауыл шаруашылығы дамуының деңгейі көбінесе елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайды. Қазақстанның ауыл шаруашылығына қолайлы жерлері көп болғандықтан, әлем нарығында бәсекелестікке қабілетті агроөнеркәсіп секторын дамытуға барлық мүмкіндіктері бар. Оған қоса, ел халқының жартысына жуығының әлеуметтік жағдайы ауыл аймақтарымен тығыз байланыста. Ауыл республика экономикасы дамуындағы маңызды фактор болса, ауыл халқы еліміздің қоғамдық - саяси тұрақтылығының да шешуші факторы болып есептеледі. Республика халқының 44 пайызы бүгінде ауылдық жерлерде тұрады [1] .
Бүгінгі таңда адамзат үшін ең маңызды азық-түліктің бірі болып табылатын картоп дақылы.
Картоп - ауылшаруашылығында кеңінен тараған дақылдардың бірі. Дүние жүзіндегі тағамдық дақылдар ішінде күріш пен бидайдан кейінгі орында тұрады. Картоп құрамындағы сапалы белоктың, әртүрлі витаминдердің және тағы басқа заттардың, адам денсаулығына өте қажетті қоректік қасиеті бар. Картоп мал азығы ретінде де маңызы зор.
Мал азықтылық құндылығы жөнінен көптеген дақылдардан соның ішінде қант қызылшасынан да асып түседі. Картоп сабағы мен жапырағын мал онша сүйсініп жемейтіндіктен оны басқа дақылдарға қосып сүрлем жасайды. Картоптың 100 кг түйнегінде 30 кг, сабағы мен жапырағында 12 кг мал азық өлшемі және 2 кг белок бар. Картоп түйнегінде әсіресе қабығында соланин улы заты кездеседі. Таммаққа пайдаланылатын картоп құрамында ол 0, 02% ауыспауы қажет, ал түйнек өсіп, жарықта көгерсе оның мөлшері өте көп болады. ондай түйнектерді тек мал азығы ретінде қайнатып беру арқылы пайдаланады
Картоп - аса маңызды, екінші нан атанған адам тағамы, мал азығы және өнеркәсіптік шикізат ретінде кеңінен қолданылатын екпе дақыл. Оның түйнегінде 14-22% крахмал, 2% шамасындай ақуыз С1, В1, В2 және басқада витаминдер бар. Крахмал, спирт, декстирин және басқада заттар алуға пайдаланылады.
Картоп басқа дақылдарға қарағанда агрономиялық тұрғыдан өте тиімді дақыл. Біріншіден, ауыспалы егіс жүйесіндегі көптеген дақылдарды картоптан кейін орналастырған қолайлы, картоп еккен жер арам шөптерден таза болады және қолданған тыңайтқыштарға, берілген суға, қайырымы мол дақыл.
Картоп қоректік құндылығы өте маңызды тағам түрі және қайта өңдеуге қажетті шикізат ретінде жоғары бағаланады. Медициналық нормаға сәйкес, еліміздің әрбір тұрғыны жылына 100 кг мөлшерінде картоп өнімдерін асқа пайдалануы тиіс.
Қазақстанда картоптың 30 отандық сорт аудандастырылған. Картоп өндіретін шаруашылықтардың біркелкі заманауй, озық техникалар және технологиялармен жабдықталмағандығына байланысты, осы құнды әрі маңызды дақылдың өнімділік деңгейі төмен күйінде қалып отыр. Оның негізгі себептері - топырақ құнарлылығының құлдырап күрт төмендеуі және аудандастырылған сорттарды пайдаланбауы, өсіріп-өндіру технологиясын толық жүргізбеуі ж. б
Қазіргі кезде Қазақстан бойынша картоп егісі көлемі 200 мың га көлемінде, оның үштен бірі соңғы жылдары жеке меншік үлесіне келсе қазіргі кезде жеке шаруашылық иелері үлесіне барлық картоп егісінің 80 пайызы келеді. Есеп беретін мекемелердің мәліметтеріне қарағанда Қазақстан бойынша картоп өнімі - соңғы 10-15 жылда әр гектарға шаққанда 100 ц айналасында. бұл көрсеткіш төменгі деңгейді көрсетеді. Сондықтан картоп өнімділігін арттыру картоп өсіруші шаруашылықтың басты міндеттерінің бірі болып есептеледі.
Ғылыми деректерге сүйенсек, картоп өнімін әр гектарынан 1000 ц дейін көтеруге болатыны мәлім [2] .
Жалпы картоп өндірісін ойдағыдай дамыту үшін шаруашылық пен ғылыми табыстарға сүйеніп айналысудың маңызы зор.
Осы салада Казақстанның әр түрлі табиғат ерекшеліктеріне байланысты аймақтарында жүргізілген жұмыстары үшін ғылыми зерттеу институты еңбегін айрықша айтуға болады.
Соңғы жылдары (1990-1996ж. ж. ) картоптың жаңа сорттарын шығаруда үлкен еңбектер жасалды. Институт құрамында картоптың жаңа сорттарын бір-біріне жанаспайтын екі тұрлі бағытта шығаратын мамандар істейді. Біріншісі, ескі бағыт - колдан будандастырып барып, көп жылғы сұрыптау /8-10 жыл/ аркылы, ал екіншісі жаңа бағыт клеткалык сұрыптау аркылы алынатын жаңа сорттар.
Осындай жұмыстар арқасында кейінгі жылдары, атақты Голлавдиялык сорттардан өнімділігі, өскен ортаға төзімділігі, дәмділігі және т. б.
Ғылыми жаңалық. Оңтүстік Қазақстан облысы жағдайында картоп дақылын жаңбырлатып суғару арқылы мол өнім алуға болатындығы анықталды.
Практикалық маңызы. Картоп дақылын өсіру барысында суды үнемдеп пайдаланудың шаруашылықтар үшін практикалық маңызы зор болып табылады.
Жұмыстың мақсаты: Картоп дақылын өсіруде өнімділкті арттыруда тиімді суғару тәсілін анықтау.
Жұмыстың міндеттері:
- Суғару тәсілдерінің егістіктердің фитосанитарлық жағдайларын жақсартуын зерттеу;
- Картоп алқабындағы арамшөптердің саны азайту жолдарын анықтау;
1 АНАЛИТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
1. 1 Картоп дақылының ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері
Ботаникалық сипаттамасы. Картоп алқа тұқымдасына жатады және егістіктегі негізгі түрі Solanum tuberosum . Табиғи тегі бойынша картоп сабағы жыл сайын өліп отыратын көпжылдық шөптесін өсімдік, бірақ жер шарының көптеген елдерінде бір жылдық өсімдік түрінде өсіріледі.
Оны вегетативті түрде (түйнек, көзше, бүршіктерімен) және тұқымымен көбейтуге болады. Өндіріс жағдайында картоп негізінен түйнегімен - қысқарған жер асты өркенінің өзгерген түрі - көбейтіледі. Тұқыммен көбейтілгенде картопта күндік тамыр мен жалғыз сабақ, ал түйнегімен көбей-тілгенде шашақ тамырлар жүйесі мен бұта пайда болады. Картоп бұтасы бірнеше сабақтардан құралады. Өсімдігі қосжарнақты, әлсіз дамыған тамыр жүйесін қалыптастырады (бүкіл картоп өсімдігі массасының 6 - 7%, ал астық дақылдарында ол көрсеткіш - 20 - 25%) және топырақтың 60 см қабатында орналасқан [3] .
Картоп жуандаған столон қалыптастырады, ол түр өзгерісіне ұшырған жер асты сабағы болып табылады, ұштары жуандап түйнекке айналады. Түйнектерде көзшелер бұранда тәртібімен орналасқан. Картоп түйнегі маңызды биологиялық қасиеті - тыныштық күйі кезеңімен сипатталады, мұның өзі тұқымдық материалды келесі өніміне зиян келтірмей күзгі-қысқы кезеңде сақтауға мүмкін береді. Тыныштық күйінің ұзақтығы картоптың сорты мен сақтау жағдайларына байланысты. Ортадан кеш пісетін және кеш пісетін сорттарының тыныштық күйі ерте және орташа мерзімде пісетіндерге қараған-да ұзағырақ. Қысқы сақтау ережесін (тәртібін) дұрыс қолданғанда картоп түйнегі 6 - 7 ай бойы көктемей жақсы сақталады [2] .
Түйнектер өне бастағанда тыныштық күйдегі өркен - көзшелерден өскіндер түзіледі, олар жарықта қысқа және жасыл, ал қараңғыда - ұзын және түссіз болады. Өскіндерден картоп бұтасы пайда болады, ол бірнеше сабақтарды біріктіреді.
Картоп басқа танаптық дақылдар сияқты өзінің тіршілік үрдісінде үнемі қоршаған ортамен байланыста болады. Қалыпты өсіп - дамуына, мол өнім алуда өсімдіктерді барлық тіршілік факторларымен (су, жылу, жарық, ауа, қоректік заттармен) бір мезгілде, үздіксіз және қажетті мөлшерде қамтамасыз ету қажет.
Картоп өсімдігінің қоршаған орта факторларына талабы тіршілігінің әр кезеңінде бірдей емес. Оның үстіне, әр фактор басқа жағдай қалыптасқанда басқаша әсер етеді, міне сондықтан өсу жағдайларына қоятын талаптарын тереңірек оқып - үйреніп және өсімдіктердің оларға қажетсінуін ескеру абзал.
Биологиялық ерекшеліктері. Картоп айтарлықтай жылусүйгіш өсімдік. Тыныштық күйден өткен және температурасы 3 - 5 0 С - дан төмен емес топыраққа отырғызғаннан кейін өне бастайды. Бірақ бұл температурада оның өнуі баяу жүреді, тамырлары нашар дамиды, ал түйнектер саңырауқұлақ ауруларымен жеңіл залалданады. Температура +7 - 8°С дейін көтерілгенде түйнектердің қалыпты өнуі байқалады. Әрі қарай температура жоғарылағанда түйнектердің өну белсенділігі, әсіресе ылғалды топырақта кенеттен арта бастайды. Түйнектердің белсенді өнуіне ең қолайлы тсмпература + 16 - 18°С деп есептеледі [1] .
Картоптың сабағы мен жапырағының өсуіне қолайлы температура +5 - 6 °С. Олардың максимум өсуі орташа ылғалды топырақта +17 - 22°С температурада байқалады. +25°С - тан жоғары температура есімдіктерді әлсірстеді, ассимиляңия процесі баяулайды, ал 42°С - тан жоғары температура жер бетіндегі өсімдік массасының өсуін тоқтатады. Картоптың сабағы мен жапырағы төмен температураға да өте сезімтал. - 1 - 1, 5°С суықтықта және ауаның жоғары салыстырмалы ылғалдылығында өсімдік карайып кетеді және өліп қалады. Картоп түйнектері гүл қауыздары пайда болған кезде түзіле бастайды және бұл кезеңдегі топырақ температурасы +16 - 18°С немесе +22 - 25°С ауа температурасына сәйкес келеді де ең қолайлы болып табылады. Топырақ температурасы +6°С - тан төмен және +23°С - тан жоғары болғанда түйнектердің өсуі тежеледі, ал +26 - 29°С-та түйнектің тузілуі мүлде тоқтайды.
Өсімдіктің толық дамуына қажетті биологиялық белсенді температура жиынтығы (+10°-тан жоғары) пісу мерзімі ерте және ортадан ерте пісетін сорт үшін 1400 - 1600°, орташа мерзімде пісетін сорт үшін 1600-1800° ортадан кештеу және кеш пісетін сорт үшін - 1800-2000°. Бұл көрсеткіш Солтүстік Қазақстанда 1800 - 2200° аралығында, ал негізінен 1600°-ден 2600°-қа дейін езгереді. Сондықтан ортадан кештеу, әсіресе кеш пісетін сорттар қажетті оптимум температураны алып үлгермейді, нәтижесінде ерте және орташа мерзімде пісетін сорттардың өнімінен анағұрлым төмен өнім қалыптастырады.
Картоп топырақ ылғалдылығына талғампаз. Бүршіктердің өнуі мен өркендердің пайда болуына қажетті ылғал аналық түйнек есебінен қанағаттандырылады. Өсімдік көгінің пайда болуы мен сабақ-жапырактар қалыптасуының алғашқы кезеңінде өсімдіктің ылғалға кажетсінуі шамалы, өйткені жапырақтардың буландыру беті үлкен емес және осы кезеңде олар қуаңшылыққа айтарлықтай төзімді. Өсімдік өсе келе ылғалға қажетсінуі арта түседі де барынша қажетсіну жаппай қауыздану - гүлдену кезеңіне сәйкес келеді, бұл кезде олардың жер бетіндегі массасы жақсы дамыған және тіршілік қызметі жоғары. Бұл кезеңде түйнектер пайда бола бастайды, сондықтан ылғалмен үздіксіз түрде қамтамасыз ету - жоғары өнім алудың басты шарттарының бірі. Бұл кезеңдегі судың жетімсіздігі тургордың тәмендеуі мен жапырақтың солып калуына әкеліп соғады, ал мүның өзі фотосинтезге теріс әсерін тигізеді, өнімнің мөлшері мен сапасы төмендейді [1, 3] .
Өсіп - өну соңында, сабақ пен жапырақтың солып, түйнектің өсуі төмендегенде алғашқы кезеңдерге қарағанда картоптың ылғалға қажетсінуі кемиді. Өсіп - өну кезеңінің соңына карай қалыптасқан жылы әрі қүрғақ ауа-райы түйнектердің түзілуін тездетеді, оларда мықты әрі қалың қабықтың пайда болуына мүмкіндік жасайды, соның нәтижесінде өнімді жинаған кезде түйнектер аз жарақаттанады да қыста жаксы сақталады. Керісінше, жауын-шашынды ауа райы түйнектердің пісуін кешеуілдетеді, оларда жүқа, әлсіз кабық түзіледі, жинаған кезде олар жеңіл жарақаттанады және нашар сақталады.
Топырактағы ылғалдың тым артық мөлшері, оның жөтімсіздігі сияқты картоп өніміне теріс әсерін тигізеді: түйнектер сылбыр өседі, олардағы крахмал мөлшері азаяды, бактериялык және саңырауқүлак ауруларымен залалдану артады [2] .
Метеорология жағдайларына, сорттың ерекшеліктеріне және өсіру әдістеріне байланысты картоптың транспирациялык коэффициенті 330 - 700 өлшем бірлігінде өзгереді. Орта есеппен 1 кг картоп түйнегін алу ушін 150 л су қажет. Алайда бұл көрсеткіш топырақ қүнарлығы мен механикалық құрамына байланысты өзгереді: кұнарлы саздақ топырақ 85 - 100 л, құнарсыз құмдак топырақта 160 - 200 л дейін көтеріледі.
Солтүстік Қазақстан жағдайында аудандастырылған картоп сорттарының көпшілігінде интенсивті өсу мен түйнек түзу шілденің аяғы, тамыздың бас кезінде болады, бұл жазғы ылғалдың мол түсетін кезіне сәйкес келеді де өнімнің қалыптасуына мүмкіндік жасалады. Алайда, осы кезеңде қолайсыз ауа - райы қалыптасса (қуаңшылық, жоғары температура), өсімдіктер қысылып өседі әрі жекелеген жағдайларда вирусты аурулар да етек алып кетеді. Климаттың мұндай теріс құбылыстары аймақтың оңтустік бөлігінде суарылмайтын жерлерде өсірілетін картопқа қатты әсер етеді [4] .
Картоп - жарық сүйгіш өсімдік. Жарық жетімсіз болғанда сабақ созылып кетеді, жапырақтар сарғаяды, буршіктену мен гүлдену әлсізденеді, өнім қатты төмендейді. Сондыктан алқапқа өсімдікті дұрыс орналастыру арқылы бұтаның жан - жақты жарықталуын қамтамсыз ету кажет, ал бұл фотосинтездің қолайлы жағдайда өтуіне мумкіндік береді. Оптималды отырғызу жиілігін таңдап алу сортқа, отырғызылатын материалдың көлеміне, ылғалмен камтамсыз етілуі мен топырақ құнарлығына байланысты.
Нақты жағдайда бір гектарда 40 - 50 мың м 2 жапырак беті ауданын түзетін картоп жиілігі ең колайлы деп еселтеледі. Картоптың көптеген сорттары сабақ - жапырақтарының дамуы мен гүлдеуіне қарай ұзақ күнді өсімдіктер қатарына жатады.
Биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес картоп топырақтың борпылдағына, оның ауа, ылғал өткізгіштігіне жоғары талап қояды, органикалық және минералдық заттарға бай орташа саздақ қышқылдау реакциялы топырақта жақсы өнім береді. Картоптың тамыр жүйесі мен столондарының жақсы дамуына қолайлы ауа режімі тығыздығы 0, 9 - 1, 1 г/см 3 қара және коңыр топырақта жасалды [5] .
Қатты тығыздалған, әсіресе сортандау - сазды топырақта өсімдік көгі кешігіп (5 - 7 күн) шығады, өсімдіктердің өсуі тежеледі, тамыр жүйесі нашар дамиды, топырақтың беткі кабатында шоғырланады да тез өліп қалады. Ауыр сазды топырақтардың тығыздығы 1, 3 - 1, 4 г/см 3 жеткенде түйнектер киқы-жиқы пішінде түзіледі, азықтық және тұкымдық сапасын жоғалтады әрі нашар сақталады.
Мұның бәрін Солтүстік Қазақстан жағдайында кең тараған механикалық құрамы ауыр топырақта және суармалы жерлерде қатты ескерген жөн, себебі олар жаздың екінші жартысына карай өте тығыздалып калады.
Картопты колайлы мерзімде отырғызғанда оның гүлденуі маусымның соңы және шілденің басында, ал ортадан кеш пісетін сорттарында тіпті шілденің аяғында байқалады. Қалыпты өсіп - өну кезеңінде түйнектің пайда болуы әсіресе аймақтың солтүстік бөлігінде, айтарлықтай агрометеорологиялық қолайлы жағдайларда өтеді [2] .
Солтүстік Қазақстан аймағында көптеген картоп сорттары түйнектерінің ең қарқынды өсуі тамыз айына сәйкес келеді де барлық түйнек өнімінің 60 - 80%, ал кейбір жылдары 93 - 95 пайызға дейін жетеді. Ортадан кештеу пісетін сорттарда тіпті қыркүйек айында да, егер ерте күзгі үсік өніп-өсуді тоқтатып тастамаса, өнімге айтарлықтай салмақ қосылады.
Картоптың құрғақ заттарының құрамында 26 әртүрлі химиялық элементтердің барлығы анықталған. Алайда еліміздің көптеген топырақ-климат аймақтарында, оның ішінде Солтүстік Қазақстанда, картоп үш негізгі элементті - азот, фосфор, калий - қажетсінеді.
Топырақтан қоректік заттарды шығындауы бойынша картоп көптеген ауыл шаруашылығы дақылдарынан асып түседі. Оның әрбір 100 ц түйнек өнімі орта есеппен топырақтан 50 кг азот, 20 кг фосфор, 70 кг калий қоректік заттарын шығындайды, бұл көрсеткіштер астық дақылдарынан анағұрлым көп. Өсімдіктердің қоректік заттарға қажетсінуі жапырақ-сабағының өсуімен арта түседі де ең жоғарғы деңгейі (максимум) бүрлену-гүлдену кезеңіне, басқаша айтқанда түйнектердің түзілуі мен пәрменді қорлану кезіне сәйкес келеді [5] .
Өсімдіктермен топырақтан қоректік заттарды сіңіру мөлшеріне ауа-райы жағдайлары, топырақ ертіндісінің реакциясы, тыңайтқыш түрлері ж. б. көп әсер етеді. Ылғалды жылдары және суармалы жағдайда картоп құрғақ және суарылмайтын жағдайға қарағанда азот, фосфор, калий қоректік заттарын айтарлықтай көп мөлшерде пайдаланады. Бұл ылғалды топырақта қоректік заттардың жылжымалы түрде болуымен және картоптың жерүсті массасының қарқынды дамуымен түсіндіріледі. Картоп қышқыл ортаның өсімдігі, оған топырақтың су сығындысының (рН) 5, 5 - 6, 5 көрсеткіші қоректік заттарды сіңіруге барынша қолайлы деп есептеледі.
Картоптың биологиялық ерекшеліктері мен тіршілік факторларына қажетсінуін және топырақ - климат, метеорологиялық жағдайларды ескере отырып ғылыми негізделген агротехниканы қолдану - бұл маңызды дақылдан мол өнім алудың кепілі [6] .
1. 2 Картоп дақылының агротехнологиясы
Картоп - адам ағзасына өте қажетті тағам ретінде, ауыл шаруашылығында кеңінен тараған дақылдың бірі. Дүние жүзіндегі тағамдық дақылдар ішінде дәнді дақылдардан кейінгі екінші орында тұр. Картоп түйнегінің құрамы 25% құрғақ заттар, 80 - 85% крахмал және 3% белоктық заттардан тұрады. Картоп басқа дақылдармен салыстырғанда агрономиялық тұрғыдан қарағанда өте тиімді дақыл. Ауыспалы егіс жүйесіндегі көптеген дақылдарды картоптан кейін орналастырған қолайлы, картоп еккен жер арамшөптерден таза болады және қолданған тыңайтқыштарға, берілген суға қайырымы мол дақыл. Жарық сүйгіш, топырақ 3 - 5 градус жылынғанда өсе бастайды, ылғал сүйгіш, суыққа төзімді дақыл. Картоп - алқа (Solanum) туысына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Сабағы жуан, тікенексіз. Сабағының көп бөлігі топырақ астында болады. Ұзын мұртшалар шығарады. Жапырағы қою жасыл, сабақта кезектесіп орналасады. Гүлі ақ, күлгін түсті, сабақ басында шоғырланған болады, гүлі 5 күлтелі. Биіктігі 40 - 80 см, кейде 150 см-ге дейін жетеді. Бір түпте 3 - 6 сабақ болады. Жемісі екі ұялы, көп тұқымды. Жер астындағы өркен сабағының ұшы түйнекке айналады. Топырақ температурасы 5 - 8°С-та түйнек бүршік жара бастайды, түйнектің түзілуіне ең қолайлы температура 10 - 13°С, 20°С-та түйнек түзілу процесі тоқтайды. Ал -1 - 2°С суықта жас өскіндері үсіп кетеді. Вегетациялық кезеңі 70 - 120 тәулік. Тұқымынан және түйнектен көбейеді. Кортоп түйнегінде 23, 7% құрғақ зат болады, оның ішінде: 17, 5% крахмал, 0, 5% қант, 1 - 2% ақуыз, 1%-ке жуық минералды тұздар, С, В1, В2, В6, РР, К витаминдері бар [5] .
Қазақстанда картоптың 20 - дан астам сорттары аудандастырылған, 1 га-дан орта есеппен 100 - 200 ц өнім түседі. Картоп тағам, мал азығы және өнеркәсіпте шикізат ретінде пайдаланылады. Зиянкестері: картоп түн көбелегі, колорадо қоңызы, тағы басқа. Картопты вегетативтік тәсілмен, картоптың түйіндері арқылы көбейтеді. Картопты бірнеше бөліктерге бөліп, 5 - 10 см тереңдікке егеді. Егілген түйіндер өну үшін, 15 - 20 °C температурада ұстау қажет. Ал сабағының өсуіне, жапырақтардың өсіп шығуы мен гүлдеуі үшін 16 - 22 °C температура жеткілікті. Картоп гүлдеу кезінде және түйін салу кезінде суды көп мөлшерде қажет етеді. Дегенмен, судың шамадан артық болуы да картопқа зиян. Картоптан көп өнім алу үшін, сабағын топыраққа көміп 2 - 3 рет түптеу қажет. Картоптың жер бетіне өсіп шығуы үшін және гүлдеу, түйін салу уақытында өте көп тыңайтқыш пайдаланылады. Мысалы, 1 гектар жерден өсіп шыққан 200 - 250 ц картопқа 100 - 175 кг азот, 40 - 50 кг фосфор және 140 - 230 кг калий жұмсалады. Сонымен қатар қопсыту жұмыстарын жиі жүргізу керек. Картоптан көп мөлшерде крахмал алынады. Картопты жаңбырлатып суару бойынша «Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС-нің тәжірибе жүргізетін егістік алқаптарында жүргізілді. Картоптың тәжірибе мөлдегінің көлемі 84 м2 (5, 6 м х 15 м) құрады, есептеу мөлдектері - 50, 4 м2 (4, 2 м х 12 м) . Тәжірибе қайталынымы - 4 - рет [7] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz