Картоп дақылының ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
Анықтамалар

Агроөнеркәсіптік кешен – азық-түлік өнімдерін өндіруге және ауыл
шаруашылығы шикізаттарынан көпшілік тұтынатын өнеркәсіп тауарларын шығаруға
бағытталған сала.
Аңызақ – далалы-шөлейт аймақтарда жазғытұрым жиі кездесетін және өсімдік
тіршілігіне өте қолайсыз құрғақ та ыстық жел.
Ауыспалы егіс – екпе дақылдар мен жердің ғылыми негізде егіс
танаптарындағы белгілі уақыт аралығында алмасып отыруы.
Егістіктің ылғалмен қамтылуы – танаптағы екпе дақылдардың топырақ
ылғалына талабын қамтамасыз ету.
Жалпы өнім – белгілі бір уақыт аралығында өндірілген өнім көлемі.
Қарашірік – құнарлықты анықтайтын және топырақтың жоғарғы қабатындағы
қара қоңыр түсті органикалық зат.
Құрғақшылық – ауаның шамадан тыс температурасы мен аңызақ желдің
салдарынан туындайтын жайсыз құбылыс.
Өнімді ылғал қоры – өнімге тікелей әсері бар топырақтағы өсімдіктер
пайдаланатын ылғал мөлшері.
Өскін – себілген тұқымнан белгілі бір уақытта жер бетіне өсіп шыққан
өсімдік көгі.
Сүрі жер – ауыспалы егістегі ылғал жинайтын және арамшөптермен күрес
жүргізілетін танап.
Сыдыра жырту – топырақты қайырмасыз құралдармен жыртып өңдеу.
Сыртқы орта – тірі ағзаға әсер ететін қоршаған орта факторларының
жиынтығы.
Өсімдік аурулары – зиянды саңырауқұлақ қоздырғышының әсерінен дамитын
өсімдік кеселі.
Тәлімі егіншілік – ауа райының қолайсыз жағдайында өсірілетін дақылдар
өнімі көктемгі жауын-шашынға негізделген суарылмайтын егіншілік саласы.
Тыңайтқыштың әсерлі заты – тыңайтқыш құрамындағы өсімдік сіңіре алатын
элемент мөлшері
Белгі – өсімдік құрылымының шаруашылықта пайдалы және тиісті
құралдармен өлшенетін немесе көріп бағаланатын нақты сипаты.
Дақыл – белгілі бір мақсатта пайдалану үшін мәдени егісте өсірілетін
өсімдік түрі.
Сорт – белгілі бір дақылдың тиісті табиғи және өндірістік жағдайларда
өсіру үшін өнім мөлшері мен сапасын арттыру мақсатында селекциялық жолмен
сұрыпталған және тұқымы жүйелі көбейтілген, шығу тегі бойынша туыстас және
морфологиялық белгілері мен шаруашылық-биологиялық қасиеттері бойынша ұқсас
өсімдіктерінің тобы.
Технология – нақты топырақ-климат жағдайында тиімді мөлшерде және сапалы
өнім алу мақсатында арнайы ғылыми-зерттеу нәтижесінде әзірленген белгілі
бір дақылды өсіру тәсілдерінің жиынтығы.

Белгілеулер мен қысқартулар

ҚР - Қазақстан Республикасы
АШҒЗИ - Ауыл шаруашылығы ғылыми – зерттеу институты
ҒЗИ -ғылыми-зерттеу институты
ж.ж -жылдар
NРК -азот, фосфор, калий
ж.б -және басқалар
т.б - тағы басқалар
цга -1 гектар жерден центнер есебімен алынған өнім мөлшері
см - сантиметр
% - пайыз
м -метр
ц -центнер
гсм3 -1куб сантиметрдегі грамм есебі
-кіші
-үлкен
млрд. -миллиард
кгга -1 гектарда килограмм есебі
с.к. - сулы концентрат
э.к - эмульсиялы концентрат
с.д.т -суға дайындалған түйіршік
т.с.с. -тағы сол сияқты
э.з -әсерлі зат
°С - температура
м.қ.з. - мүлде құрғақ зат
а.қ.з -ауадағы құрғақ зат.

Кіріспе

Картоп – адам ағзасана өте қажетті тағам ретінде,ауыл шаруашылығында
кеңінен тараған дақылдардың бірі. Дүние жүзіндегі тағамдық дақылдар ішінде
дәнді дақылдардан кейнгі екінші орында тұр.Сондықтанда қалық арасында
екінші нан деген әділ бағасын алған дақыл.
Картоп түйнегінің құрамы 25% құрғақ заттардан тұрса, оның 80-85%
крахмалдың ұлесіне тиеді және 3% белоктық заттардан тұрады.Ғылыми тұрғыдан
негізделгендей, әр адам күніне 300-400г картопты тағам ретінде
қабылдаса,адам ағзасына керекті барлық шығынның 10% өтелетіні белгілі [1].
Картотың құрамындағы белок ,өзініің биологиялық құндылығы жағынан
басқа белоктардан анағұрлым жоғары тұрады. Мысалы, картоп түйнегінің
құрамындағы лизин, лейцин, триптофан сияқты белоктар адам ағсасында
жеткіліксіз болса, әр тұрлі ауруларға шалдықтыруы мүмкін.
Картоп түйнегі негізгі витаминдердің қоры ретінде де белгілі.Мысалы,
300г картопта,адам ағзасына керекті С витаминыңың тәуліктік нормасы
табылады.Онымен қатар картоп түйнегінде адам ағзасын қан тамыры
ауруларынан және жүйке ауруларынан сақтандыратын В витамины ,адамның дұрыс
өсіп-өніуін қалыптастыратын А(коротин) РР және К витаминдерінің жиынтығы
бар [2].
Картоп түйнегінің құрамында адам ағзасын қан қысымынан,әр түрлі
асқазан ауруларынан сақтайтын минералдық тұздар калций,темір,йод,күкірт
және басқа заттар бар.
Картоптың мал азығы ретінде де маңызы зор. Орташа өнім алған күннің
өзінде әр гектарға шаққандағы картоптан түсетін азықтық заттар дәнді
дақылдар немесе шөптен түсетін азықтық заттардан әлдеқайда көп және
қорытымдылығы жоғары, картоп өнімінің 83-97%-ға жуығы пайдаға асады.
Картоп түйнегі басқа да өндірістерде қажетті шикізат ретінде
қолданылады. Мысалы, 1 т картоптан 112 л спирт, 55 кг көмірқышқылы, 170 кг
крахмал, 80 кг глюкоза, тағы басқа заттар алуға болады.
Картоп басқа дақылдармен салыстырғанда агрономиялық тұрғыдан
қарағанда өте тиімді дақыл. Біріншіден, ауыспалы егіс жүйесіндегі көптеген
дақылдарды картоптан кейін орналастырған қолайлы, картоп еккен жер арам
шөптерден таза болады және қолданған тыңайтқыштарға, берілген суға қайырымы
мол дақыл.
Картопты Қазақстанның барлық облыстарында өсіруге болады, өскен
ортасына өте көп талғам қоймайды, сондықтан кейбір қуаңшылық жылдары немесе
басқа да табиғат апаттарына байланысты халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету
жолында маңызы бар.
Қазіргі кезде Қазақстан бойынша картоп егісі көлемі 180 мың га
көлемінде, оның үштен бірі 1990 жылға дейін жеке меншік үлесіне келсе,
қазіргі кезде жеке шаруашылық иелері үлесіне барлық картоп егісінің 90%-ы
келеді.
Есеп беретін мекемелердің мәліметтеріне қарағанда Қазақстан бойынша
картоп өнімі соңғы 10-15 жылда әр гектарға шаққанда 14-16 т аралығында.
Ғылыми деректерге сүйенсек картоп өнімін әр гектарынан 50-70 т
көтеруге болатыны мәлім.
Жалпы картоп өндірісін ойдағыдай дамыту үшін шаруашылық пен ғылыми
табыстарға сүйеніп айналысудың маңызы зор. Осы салада, Картоп және көкөніс-
бақша дақылдары ғылыми-зерттеу институты мамандарының Қазақстанның әр түрлі
табиғи аймақтарында жүргізілген жұмыстарын айрықша айтуға болады.
Соңғы жылдары картоптың жаңа сорттарын шығаруда үлкен еңбектер
жасалды. Картоп және көкөніс-бақша дақылдары ғылыми-зерттеу институт
құрамында картоптың жаңа сорттарын бірін-бірі толықтыратын екі түрлі
бағытта шығаратын мамандар істейді. Біріншісі, дәстүрлі бағыт – қолдан
будандастырып барып, көп жылғы сұрыптау (8-10 жыл) арқылы, ал екіншісі жаңа
бағыт – клеткалық сұрыптау арқылы алынатын жаңа сорттар. Осындай жұмыстар
арқасында кейінгі жылдары атақты голландиялық сорттардан өнімділігі, өскен
ортаға төзімділігі, дәмділігі және т. б. сорттық қасиеттері жоғары, отыз
шақты картоп сорттары. Мемлекеттік сынақ комиссиясына беріліп, оның жыирма
бесі аудандастырылды. Қазіргі кезде институттың тұқым мәселесімен
шұғылданатын мамандары осы сорттарды вирус ауруынан биотехнология ғылымының
соңғы жетістіктерін пайдаланып тазарту және көбейту жолында еңбек етуде.

I. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ.
1.1.Картоп дақылының ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері.
Ботаникалық сипаттамасы. Картоп алқа тұқымдасына жатады және
егістіктегі негізгі түрі Solanum tuberosum. Табиғи тегі бойынша картоп
сабағы жыл сайын өліп отыратын көпжылдық шөптесін өсімдік, бірақ жер
шарының көптеген елдерінде бір жылдық өсімдік түрінде өсіріледі.
Оны вегетативті түрде (түйнек, көзше, бүршіктерімен) және тұқымымен
көбейтуге болады. Өндіріс жағдайында картоп негізінен түйнегімен –
қысқарған жер асты өркенінің өзгерген түрі – көбейтіледі. Тұқыммен
көбейтілгенде картопта күндік тамыр мен жалғыз сабақ, ал түйнегімен көбей-
тілгенде шашақ тамырлар жүйесі мен бұта пайда болады. Картоп бұтасы бірнеше
сабақтардан құралады. Өсімдігі қосжарнақты, әлсіз дамыған тамыр жүйесін
қалыптастырады (бүкіл картоп өсімдігі массасының 6 – 7%, ал астық
дақылдарында ол көрсеткіш – 20 – 25%) және топырақтың 60 см қабатында
орналасқан.
Картоп жуандаған столон қалыптастырады, ол түр өзгерісіне ұшырған жер
асты сабағы болып табылады, ұштары жуандап түйнекке айналады. Түйнектерде
көзшелер бұранда тәртібімен орналасқан. Картоп түйнегі маңызды биологиялық
қасиеті – тыныштық күйі кезеңімен сипатталады, мұның өзі тұқымдық
материалды келесі өніміне зиян келтірмей күзгі-қысқы кезеңде сақтауға
мүмкін береді. Тыныштық күйінің ұзақтығы картоптың сорты мен сақтау
жағдайларына байланысты. Ортадан кеш пісетін және кеш пісетін сорттарының
тыныштық күйі ерте және орташа мерзімде пісетіндерге қараған-да ұзағырақ.
Қысқы сақтау ережесін (тәртібін) дұрыс қолданғанда картоп түйнегі 6 – 7 ай
бойы көктемей жақсы сақталады.
Түйнектер өне бастағанда тыныштық күйдегі өркен – көзшелерден өскіндер
түзіледі, олар жарықта қысқа және жасыл, ал қараңғыда – ұзын және түссіз
болады. Өскіндерден картоп бұтасы пайда болады, ол бірнеше сабақтарды
біріктіреді.
Картоп басқа танаптық дақылдар сияқты өзінің тіршілік үрдісінде
үнемі қоршаған ортамен байланыста болады. Қалыпты өсіп – дамуына, мол өнім
алуда өсімдіктерді барлық тіршілік факторларымен (су, жылу, жарық, ауа,
қоректік заттармен) бір мезгілде, үздіксіз және қажетті мөлшерде қамтамасыз
ету қажет.
Картоп өсімдігінің қоршаған орта факторларына талабы тіршілігінің әр
кезеңінде бірдей емес. Оның үстіне, әр фактор басқа жағдай қалыптасқанда
басқаша әсер етеді, міне сондықтан өсу жағдайларына қоятын талаптарын
тереңірек оқып – үйреніп және өсімдіктердің оларға қажетсінуін ескеру
абзал.
Биологиялық ерекшеліктері. Картоп айтарлықтай жылусүйгіш өсімдік.
Тыныштық күйден өткен және температурасы 3 – 50С – дан төмен емес топыраққа
отырғызғаннан кейін өне бастайды. Бірақ бұл температурада оның өнуі баяу
жүреді, тамырлары нашар дамиды, ал түйнектер саңырауқұлақ ауруларымен жеңіл
залалданады. Температура +7 – 8°С дейін көтерілгенде түйнектердің қалыпты
өнуі байқалады. Әрі қарай температура жоғарылағанда түйнектердің өну
белсенділігі, әсіресе ылғалды топырақта кенеттен арта бастайды.
Түйнектердің белсенді өнуіне ең қолайлы тсмпература + 16 – 18°С деп
есептеледі.
Картоптың сабағы мен жапырағының өсуіне қолайлы температура +5
– 6 °С. Олардың максимум өсуі орташа ылғалды топырақта +17 – 22°С
температурада байқалады. +25°С – тан жоғары температура есімдіктерді
әлсірстеді, ассимиляңия процесі баяулайды, ал 42°С – тан жоғары
температура жер бетіндегі өсімдік массасының өсуін тоқтатады. Картоптың
сабағы мен жапырағы төмен температураға да өте сезімтал. – 1 – 1,5°С
суықтықта және ауаның жоғары салыстырмалы ылғалдылығында өсімдік
карайып кетеді және өліп қалады. Картоп түйнектері гүл қауыздары пайда
болған кезде түзіле бастайды және бұл кезеңдегі топырақ температурасы +16
– 18°С немесе +22 – 25°С ауа температурасына сәйкес келеді де ең қолайлы
болып табылады. Топырақ температурасы +6°С – тан төмен және +23°С – тан
жоғары болғанда түйнектердің өсуі тежеледі, ал +26 – 29°С-та түйнектің
тузілуі мүлде тоқтайды.
Өсімдіктің толық дамуына қажетті биологиялық белсенді температура
жиынтығы (+10°-тан жоғары) пісу мерзімі ерте және ортадан ерте пісетін сорт
үшін 1400 – 1600°, орташа мерзімде пісетін сорт үшін 1600—1800° ортадан
кештеу және кеш пісетін сорт үшін — 1800-2000°. Бұл көрсеткіш Солтүстік
Қазақстанда 1800 – 2200° аралығында, ал негізінен 1600°-ден 2600°-қа
дейін езгереді. Сондықтан ортадан кештеу, әсіресе кеш пісетін сорттар
қажетті оптимум температураны алып үлгермейді, нәтижесінде ерте және орташа
мерзімде пісетін сорттардың өнімінен анағұрлым төмен өнім қалыптастырады.
Картоп топырақ ылғалдылығына талғампаз. Бүршіктердің өнуі мен
өркендердің пайда болуына қажетті ылғал аналық түйнек есебінен
қанағаттандырылады. Өсімдік көгінің пайда болуы мен сабақ-жапырактар
қалыптасуының алғашқы кезеңінде өсімдіктің ылғалға кажетсінуі шамалы,
өйткені жапырақтардың буландыру беті үлкен емес және осы кезеңде олар
қуаңшылыққа айтарлықтай төзімді. Өсімдік өсе келе ылғалға қажетсінуі арта
түседі де барынша қажетсіну жаппай қауыздану – гүлдену кезеңіне сәйкес
келеді, бұл кезде олардың жер бетіндегі массасы жақсы дамыған және тіршілік
қызметі жоғары. Бұл кезеңде түйнектер пайда бола бастайды, сондықтан
ылғалмен үздіксіз түрде қамтамасыз ету – жоғары өнім алудың басты
шарттарының бірі. Бұл кезеңдегі судың жетімсіздігі тургордың тәмендеуі мен
жапырақтың солып калуына әкеліп соғады, ал мүның өзі фотосинтезге теріс
әсерін тигізеді, өнімнің мөлшері мен сапасы төмендейді.
Өсіп – өну соңында, сабақ пен жапырақтың солып, түйнектің өсуі
төмендегенде алғашқы кезеңдерге қарағанда картоптың ылғалға қажетсінуі
кемиді. Өсіп – өну кезеңінің соңына карай қалыптасқан жылы әрі қүрғақ ауа-
райы түйнектердің түзілуін тездетеді, оларда мықты әрі қалың қабықтың пайда
болуына мүмкіндік жасайды, соның нәтижесінде өнімді жинаған кезде түйнектер
аз жарақаттанады да қыста жаксы сақталады. Керісінше, жауын-шашынды ауа
райы түйнектердің пісуін кешеуілдетеді, оларда жүқа, әлсіз кабық түзіледі,
жинаған кезде олар жеңіл жарақаттанады және нашар сақталады.
Топырактағы ылғалдың тым артық мөлшері, оның жөтімсіздігі сияқты
картоп өніміне теріс әсерін тигізеді: түйнектер сылбыр өседі, олардағы
крахмал мөлшері азаяды, бактериялык және саңырауқүлак ауруларымен залалдану
артады.
Метеорология жағдайларына, сорттың ерекшеліктеріне және өсіру
әдістеріне байланысты картоптың транспирациялык коэффициенті 330 – 700
өлшем бірлігінде өзгереді. Орта есеппен 1 кг картоп түйнегін алу ушін 150 л
су қажет. Алайда бұл көрсеткіш топырақ қүнарлығы мен механикалық құрамына
байланысты өзгереді: кұнарлы саздақ топырақ 85 – 100 л, құнарсыз құмдак
топырақта 160 – 200 л дейін көтеріледі.
Солтүстік Қазақстан жағдайында аудандастырылған картоп сорттарының
көпшілігінде интенсивті өсу мен түйнек түзу шілденің аяғы, тамыздың бас
кезінде болады, бұл жазғы ылғалдың мол түсетін кезіне сәйкес келеді де
өнімнің қалыптасуына мүмкіндік жасалады. Алайда, осы кезеңде қолайсыз ауа –
райы қалыптасса (қуаңшылық, жоғары температура), өсімдіктер қысылып өседі
әрі жекелеген жағдайларда вирусты аурулар да етек алып кетеді. Климаттың
мұндай теріс құбылыстары аймақтың оңтустік бөлігінде суарылмайтын жерлерде
өсірілетін картопқа қатты әсер етеді.
Картоп – жарық сүйгіш өсімдік. Жарық жетімсіз болғанда сабақ созылып
кетеді, жапырақтар сарғаяды, буршіктену мен гүлдену әлсізденеді, өнім қатты
төмендейді. Сондыктан алқапқа өсімдікті дұрыс орналастыру арқылы бұтаның
жан – жақты жарықталуын қамтамсыз ету кажет, ал бұл фотосинтездің қолайлы
жағдайда өтуіне мумкіндік береді. Оптималды отырғызу жиілігін таңдап алу
сортқа, отырғызылатын материалдың көлеміне, ылғалмен камтамсыз етілуі мен
топырақ құнарлығына байланысты.
Нақты жағдайда бір гектарда 40 – 50 мың м2 жапырак беті ауданын
түзетін картоп жиілігі ең колайлы деп еселтеледі. Картоптың көптеген
сорттары сабақ – жапырақтарының дамуы мен гүлдеуіне қарай ұзақ күнді
өсімдіктер қатарына жатады.
Биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес картоп топырақтың борпылдағына,
оның ауа, ылғал өткізгіштігіне жоғары талап қояды, органикалық және
минералдық заттарға бай орташа саздақ қышқылдау реакциялы топырақта жақсы
өнім береді. Картоптың тамыр жүйесі мен столондарының жақсы дамуына қолайлы
ауа режімі тығыздығы 0,9 – 1,1 гсм3 қара және коңыр топырақта жасалды.
Қатты тығыздалған, әсіресе сортандау — сазды топырақта өсімдік
көгі кешігіп (5 – 7 күн) шығады, өсімдіктердің өсуі тежеледі, тамыр жүйесі
нашар дамиды, топырақтың беткі кабатында шоғырланады да тез өліп қалады.
Ауыр сазды топырақтардың тығыздығы 1,3 – 1,4 гсм3 жеткенде түйнектер киқы-
жиқы пішінде түзіледі, азықтық және тұкымдық сапасын жоғалтады әрі нашар
сақталады.
Мұның бәрін Солтүстік Қазақстан жағдайында кең тараған механикалық
құрамы ауыр топырақта және суармалы жерлерде қатты ескерген жөн, себебі
олар жаздың екінші жартысына карай өте тығыздалып калады.
Картопты колайлы мерзімде отырғызғанда оның гүлденуі маусымның соңы
және шілденің басында, ал ортадан кеш пісетін сорттарында тіпті шілденің
аяғында байқалады. Қалыпты өсіп – өну кезеңінде түйнектің пайда болуы
әсіресе аймақтың солтүстік бөлігінде, айтарлықтай агрометеорологиялық
қолайлы жағдайларда өтеді.
Солтүстік Қазақстан аймағында көптеген картоп сорттары түйнектерінің
ең қарқынды өсуі тамыз айына сәйкес келеді де барлық түйнек өнімінің 60 –
80%, ал кейбір жылдары 93 – 95 пайызға дейін жетеді. Ортадан кештеу
пісетін сорттарда тіпті қыркүйек айында да, егер ерте күзгі үсік өніп-өсуді
тоқтатып тастамаса, өнімге айтарлықтай салмақ қосылады.
Картоптың құрғақ заттарының құрамында 26 әртүрлі химиялық
элементтердің барлығы анықталған. Алайда еліміздің көптеген топырақ-климат
аймақтарында, оның ішінде Солтүстік Қазақстанда, картоп үш негізгі
элементті – азот, фосфор, калий – қажетсінеді.
Топырақтан қоректік заттарды шығындауы бойынша картоп көптеген ауыл
шаруашылығы дақылдарынан асып түседі. Оның әрбір 100 ц түйнек өнімі орта
есеппен топырақтан 50 кг азот, 20 кг фосфор, 70 кг калий қоректік заттарын
шығындайды, бұл көрсеткіштер астық дақылдарынан анағұрлым көп.
Өсімдіктердің қоректік заттарға қажетсінуі жапырақ-сабағының өсуімен арта
түседі де ең жоғарғы деңгейі (максимум) бүрлену-гүлдену кезеңіне, басқаша
айтқанда түйнектердің түзілуі мен пәрменді қорлану кезіне сәйкес келеді.
Өсімдіктермен топырақтан қоректік заттарды сіңіру мөлшеріне ауа-райы
жағдайлары, топырақ ертіндісінің реакциясы, тыңайтқыш түрлері ж.б. көп әсер
етеді. Ылғалды жылдары және суармалы жағдайда картоп құрғақ және
суарылмайтын жағдайға қарағанда азот, фосфор, калий қоректік заттарын
айтарлықтай көп мөлшерде пайдаланады. Бұл ылғалды топырақта қоректік
заттардың жылжымалы түрде болуымен және картоптың жерүсті массасының
қарқынды дамуымен түсіндіріледі. Картоп қышқыл ортаның өсімдігі, оған
топырақтың су сығындысының (рН) 5,5 – 6,5 көрсеткіші қоректік заттарды
сіңіруге барынша қолайлы деп есептеледі.
Картоптың биологиялық ерекшеліктері мен тіршілік факторларына
қажетсінуін және топырақ – климат, метеорологиялық жағдайларды ескере
отырып ғылыми негізделген агротехниканы қолдану – бұл маңызды дақылдан мол
өнім алудың кепілі.

Тұқым шаруашылығы.
Институттың тектік қорында бүгінгі күні картоптың 30 елден алынған
1500 дана, көкөніс – бақша дақылдарының 94 елден алынған 9500 дана сорт
үлгілері сақталуда. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында пайдалануға
рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің Мемлекеттік тізбесіне институт
ғалымдары шығарған картоп және көкөніс дақылдарының 90 – ға жуық сорты мен
буданы енген.
Мемлекеттік сортсынақта институттың 30 – дан астам жаңа селекциялық
жетістіктері сыналуда. Институттың тұқымдық танаптарында жыл сайын барлық
аудандастырылған картоп сорттарының 750 – 90 т, көкөніс және бақша
дақылдары сорттарының 1700 – 2000 кг бастапқы, суперэлиталық және элиталық
тұқымы өсіріледі. Элиталық картоп өсірудің биотехнологиялық әдісі;
картопты генеративік тұқымдармен көбейту әдісі; көкөніс – бақша
дақылдарының бастапқы, элиталық және сорттық тұқымын өндіру технологиясы;
картоп және көкөніс дақылдарын өсірудің қарқынды технологиясы; топырақ
өндеудің, тыңайтқыштарды енгізудің және өсімдік қорғаудың жетілдірілген
технологиясы; дәстүрлі және қысқа ротациялы ауыспалы егістіктер; картоп
өнімін контейнерлік әдіспен жинау, сақтау және өнімнің сақталуын
биохимиялық көрсеткіштер негізінде болжау тәсілдері тағы басқа көптеген
жетілдірілген технологиялар институт ғалымдарының көп жылдық ғылыми
еңбектерінің нәтижелері болып табылады.

Жерді мелиорациялау.
ҚазККШҒЗИ – да тамшылатып суғару жүйесінің тиімділігін анықтау
үшін жеті мемлекеттің осы су қорын үнемдейтін озық технологиясы сарапталды.
Техникалық сипаттамалары және елімізге әкелудің мүмкіндік жағдайлары
бойынша ең тиімді болып Қытай Халық Республикасының Тянье мемлекеттік
су қорын үнемдеу және суғаруды зерттеу орталығының технологиясы
белгіленді. Картоп ылғал сүйгіш дақылдар қатарына жатады. Өнім түзу үшін
басқа дақылдарға қарағанда суды молырақ жұмсайды. Картоп өсімдігі өсіп –
дамыған сайын суға деген талабы арта түседі, әсіресе гүлдеген кезде сабағы
биіктеп, жапырақтары толық жетілген кезде, суды ең көп мөлшерде талап
етеді. Картопты суару керектігі, суару мөлшері және барлық судың көлемі,
сол картоп өскен ортаның ауа – райына, топырақтың түрінеи жер асты суы
деңгейіне, жоспарланған өнімге және тыңайтылуына байланысты болады.
Жүйектер арқылы бір жүйекке берілетін су мөлшері сол жер бетінің
тегістігіне және сіңгіштігіне байланысты. Өсімдіктердің тамырына тікелей су
беретін тамшылатып суғару жүйесі топырақтың құнарлылық көрсеткіштерінің
төмендеуіне жол бермейді. Картопты жаңбырлатып суару үшін арнайы машиналар
қолданылады. Жаңбырлатып суару кезінде әр түрлі механикалық машиналармен
су танаптарға шашылады. Олар: ДДН – 70, ДДН – 100 МА, “ Волжанка ” “Фрегат”
“Днепр”. Спринклерлік суғару жүйесі егістіктердің фитосанитарлық жағдайын
жақсартады: картоп алқабындағы арамшөптердің саны 56,8%-ға кеміді,
көкөністер алқаптарында 39,8 – 62,8% кеміді. Спринклерлік суғару
технологиясын қолданғанда картоп және көкөніс өсімдіктерінің қарқынды өсіп
– жетілуі байқалды.

2.2 Климат жағдайлары.
Қазақстанның оңтүстік шығысындағы тау етегі аймағының климаты
кенеттен континенталды, ауа температурасының көп тәуліктік және жылдық
ауытқуларымен өзгешеленеді, суық қыспен және ұзақ ыстық жазбен
сипатталады.Температура төменгі шамасына ең суық ай болып табылатын
қаңтарда жетеді. Климат жағдайы біршама жұмсақтығымен, жылу мен ылғалдың
жақсы үйлесушілігімен ерекшеленеді, мұның өзі тәлімі егіншілікті
өркендетуге қолайлы жағдай жасайды. Тауға көтерілген сайын жылы кезең мен
жылылықтың қосындысы шұғыл төмендей бастайды.
Тұрақты қар жамылғысы желтоқсанның басында түсіп, 3 ай және одан да
көп уақыт жатады. Қардың қалыңдығы батыс бөлігінде 60 – 70 сантиметрге
жетсе, шығыс бөлігінде 35 – 40 сантиметр. Кейбір жылдары жауын – шашынның
көп мөлшері түскенде, жаз айларында ауаның салыстырмалы ылғалдылығы аса
жоғары шамасына 60 – 65%-ға жетеді. Ол орташа жазғы кезеңде 50 – 60%
шамасында ауытқиды. Жазда күн сәулесінің қатты инсоляциясынан, аспанның
ашықтығынан және төменгі ылғалдылықтан күшті қызу жүреді, соның нәтижесінде
құрғақ ауа қалыптасады.
Күз салыстырмалы ұзақ, жылы. Көктем тұрақсыз, жауынды және суық немесе
ыстық және құрғақ болады. Кейбір жылдары көктем ерте келеді, ал басқа
жылдары көктемнің кешігуі байқалады. Ең ылғал ай сәуір болып табылады.
Мамыр жазға өтпелі ай.
Мамыр және маусым айларында ауаның орташа айлық температурасы 20,9 –
26,4ºС болды. Осы айларда жауын – шашын 48,0 – 73,5 мм түсті, орташа
көпжылдық көрсеткіштен 17,4 мм төмен, шілде тамыз айларында орташа айлық
ауа температурасы, орташа көпжылдық көрсеткішке қарағанда 7,8 – 6,6ºС
жоғары болды, ал жауын – шашын бұл екі айда 2,8 мм аз түсті. Қыркүйек айы
алдыңғы айларға қарағанда салқындау болды.
Вегетация кезеңі бойында 2013 жылы ауаның температурасы сәуір –
қыркүйек айларында орташа есеппен 23,4 ºС болғанын көрсетті, орташа
көпжылдық мәліметтен 6,3ºС жоғары болды (7 – кесте).

7 – Кесте. КазНИИКО метеоорталығы бойынша вегетациялық кезеңінің
көрсеткіші, 2013 ж.
Метеокөрсеткіш Вегетациялық кезен (айлық) Вегетаци
я -
лық
сумма
(орта-ша
)
Сәуір мамыр маусым шілде тамыз
0-10 3,09 0,19 іздері 20,3 7,2
20-30 2,97 0,16 іздері 20,3 7,3
30-40 2,0 0,13 1,6 19,2 7,7
50-60 1,35 0,10 3,6 18,1 7,7

Топырақ құнарлылығының негізгі көрсеткіштерінің бірі болып
табылатын қарашірік мөлшері жоғары болып, жоғарғы қабатта 3,0%-дан артықты
және жалпы терең жыртылатын қабатта 3,0% деңгейін құрады. Топырақта сонымен
қатар жалпы азот көп болды (0,19%). Кейінгі анықтауларға қарағанда 100 г
топыраққа 20,3 мг-экв жұтылған негіздердің жиынтығы немесе катионды ауысу
айтарлықтай жоғары болды. Атап өту керек, топырақ ортасы реакциясы
бейтараптыққа жақын болды (рН 7,2 – 7,3). Бірақ салыстырмалы көп емес өткен
кезеңде, топырақ қасиеттерінің айтарлықтай өзгеруі белгіленген. 2012 жылы
анықталған институт тәжірибе стационарының қара – күңгірт топырағының
агрохимиялық көрсеткіштері 10 кестеде берілген. Екі таблица мағлұматтарының
салыстырмалы талдауы, 20 жыл ішінде топырақ құнарлылығының айтарлықтай,
тіпті нашар жағына өзгергенін көрсетеді. Осылай, қарашірік мөлшері 2,97 –
3,09%-дан 2,07 – 2,15%-ға, жалпы азот – 0,16 – 0,19%-дан 0,098%-ға
төмендеп, қатты алаңдаушылық тудырады. Егер бұрында карбонаттар (СО2)
жыртылатын горизонттың астында табылатын болса, олар қазір топырақтың
жоғарғы қабаттарында кездеседі.

10 – кесте. Таулы күңгірт – қарақоңыр топырағының агрохимиялық сипаттамасы,
2012 ж.

Жұтыл-ған
Терең-дікҚара-шірЖалпы формалары, % Қозғалатын СО2,%рН негіз-дер
, см ік, % формалары, мгкг дің
жиынты-ғы
,
мг-экв10
0 г

3 – сурет. Аксор сорты.

Авторы - Ившин Е. И., Красавин В. Ф., Мошняков Н. А.,
Байжанов К. Б., Ашимов Т. А.
Оригинатор - Казахский научно-исследовательский институт
картофелеводства и овощеводства

Түйнек құрамындағы пайдалы және қоректендіретін заттарымен картоп
бидай тұқымдастары және майлы дақылдардың қатарында тұрады және барлық әлем
халықтарының басты тағамы болып есептеледі. Жер планетасында халық арасында
картоптың қажеттілігі жыл сайын көтерілуде.
Мысалы, салыстыру бойынша өткен жылы ТМД елдерінде 2011 жылы
картоп отырғызу алаңы өсті. Беларуссияда бұл өсу қарқыны 19,2% құрады. Ал
Таджикистанда картоп танабы – 16,7 %, Қазақстанда – 2,6 %, Украинада – 2,5
%, Арменияда – 1,1%, Қырғыстанда және Ресейде – 0,7 % - ға кеңейді. Әрине
картоп өсіруде әлемдік лидер көршілес Қытай елі жатады, жыл сайын шамамен
гектарына 73 – 75 млнт өнім жинайды.
Біздің елімізде картоп 170 – 180 мыңга жерден жиналады. Өнім
жинау жылына 2,3 – 2,5 млнт өнім жиналады. Еліміздің кең байтақ жеріне
және жақсы климаты, биологиялық ерекшелігіне сәйкес, бұл көрсеткіштерді өте
көп мөлшерде үлкейтуге мүмкіндік бар және елімізден экспортқа шығаруда
мүмкіндік бар.
Жоғары көрсеткіш бойынша біздің елімізде картоп егісін ұлғайтуға
көптеген мүмкіндіктер бар, бұл жағдайда басқа ауыл шаруашылығы дақылдары
сияқты картоп дақылына еліміздің барлық облыстарында әртүрлі суғару түрлері
қолданылып келеді.
Басты түрі әстүрлі қарықпен суғару болып табылады. Бірақ соңғы
жылдары суғару судың кейбір аудандарда тапшылығынан көптеген фермер
басшылары су үнемдеу технологиясы – тамшылатып және спринклерлік суғару
түрлерін қолдана бастады.
Бүкіл әлемде берілген технологиялардың жетістігі – суғару суының
үнемделуі, тамшылатып суғаруда су тек өсімдіктің өсіп тұрған жеріне,
белгілі тамшылатқыш құбырдың арқасында тамшылап тікелей тамырға барып
отырады, ал спринклерлік суғаруда белгілі бір қысыммен радиус бойынша
жоғарыдан жаңбыр тәрізді судың атқылауы, яғни майда серпінді жаңбырлар
арқылы суғару. Міндетті түрде берілген суғару түрлерінің оңтайлы
факторлары, бұл әртүрлі суғару жұмыстары және су мөлшері өсімдік суды
пайдалануының арқасында реттелетінін бақылау керек. Жұмыс күшін үнемдеу
топырақтың құрғап кетуін немесе булануын тоқтатады, сонымен қатар суғару
суын үнемдейді.

3.2. Картоп дақылының суғару режимі.
Қазақстан Республикасындағы су тапшылығын ескере отырып, картоп
дақылын өсіруде ылғалүнемдеу технологияларды зерттеп, олардың өндіріске
енгізуіміз керек.
Зерттеп отырған 2 суғару нұсқасы бойынша картоп дақылының суғару
режимін анықтадық. Ол үшін топырақ ылғалдылығын 5 – 6 күн аралығында
анықтап отырдық. Сол мәліметтерге сүйене отырып суғару мерзімін, нормасын
және санын анықтадық.
Суғару варианттарында топырақ ылғалдылығын оның еркін су
сиымдылығынан 70 – 72% төмен түсірілмеді. Әр түрлі суғару әдістерінде
негізгі суғару уақытысы, нормасы және саны 13 – кестеде берілген.
Қарықпен суғару нұсқасында 5 рет 600 – 680 м³га аралығында су
мөлшерімен суғарылды, маусымдық суғару нормасы 3250 м³га болды.
Спринклерлік суғару нұсқасында 160 – 163 м³га нормасымен 18 рет
суғардық. Маусымдық суғару нормасы 2916 м³га болды.

12 – кесте. Картоп дақылының суғару режимі, 2013 жыл.

№ Суғару Суғару саны және нормасы, м3га Маусым-д
әдістері ық
суғару
нормасы,
м3га
1 2 3
Топырақта-ғЖауын - Суғару
ы ылғал шашын
1 Қарықпен суғару 910 1580 3250 5740 335,6
(бақылау)
2 Спринклерлік 880 1580 2916 5376 263,5
(серпінді) суғару

Картоптың жалпы су пайдалануы әр түрлі суғару әдістерінде 4474 –
5740 м3га аралығын көрсетті. Қарықпен суғару нұсқасында – 5740 м3га, ал
спринклерлік суғару нұсқасында – 5376 м3га болғанын 14 – кестеден көруге
болады.
Жалпы су пайдалануда маусымдық суғарудағы су үлесі варианттар
бойынша пайызбен есептегенде бірінші нұсқада – 56,6 %, ал екінші нұсқада –
54,2 %-ды құрады.
Су пайдалануының коэффициентін анықтағанда оның көбеюі картоп
дақылының өнімділігінің төмендеуін көрсетті, ал өнімділік жоғарылаған сайын
су пайдалану коэффициенті төмендейді. Картоптың су пайдалану коэффициенті
әр түрлі суару әдістерінде 263,5 – 335,6 м³т аралығында болды.
Ең төменгі коэффициент спринклерік (серпінді) суғару ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Картоп дақылының сорттары
Картоп дақылының агротехнологиясы
Картоптың негізгі вирус аурулары
Орамжапырақтың сұрыптары
Оңтүстік Қазақстанның тау маңы аймағындағы картопты үздіксіз өсірілетін танабының фитосанитарлық жағдайын зерттеу
Сәбіз дақылы
Қызанақ дақылын өсіру
Үрмебұршақ дақылының өсіру технологиясы
Льговская жоңышқа сорты
Терең өзек ауданы жүгері дақылын зиянкестер мен арамшөптерінен қорғау шаралары
Пәндер