Қызанақтың жерсіндірілген сорттары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . .
Кіріспе . . .: 1 Өндірістік іс-тәжірибе өткізілген орнының сипаты . . .
:
Кіріспе . . .: 2 Шаруашылықтың егістік құрлымы мен дақылдар өнімділігі . . .
:
Кіріспе . . .: 3 Шаруашылықтың топырағы, климаттық жағдайлары . . .
:
Кіріспе . . .: 4 Жеке тапсырма. Қазанақтың биологиялық ерекшеліктері және оның Оңтүстік Қазақстан өңірінде өсірілетін сорттары . . .
:
Кіріспе . . .: 4. 1 Дақылдың ботаникалық қасиеттері . . .
:
Кіріспе . . .: 4. 2 Қызанатың жерсіндірілген сорттары . . .
:
Кіріспе . . .: 4. 3 Қызанақ өсімдігінің осуіне қажетті элементтер
:
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
:
Кіріспе . . .: Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . .
:

Кіріспе

Қызанақ-томат алқа тұқымдасына жататын бір жылдық көкөніс. Сабағының биіктігі 30-40 см-ден 5 м-ге дейін болады. Гүлінің түсі сары, жемісі екі не көп ұялы жидек, пішіні әр түрлі, салмағы 25-500 г, кейде 800-900г. Жемістің түсі қызыл, сарғыш. Құрамында 5-12 пайыз құрғақ зат, 3-7 пайыз қант, 0, 2-0, 9 пайыз органикалық қышқылдар, 15-40 мг пайыз С дәрумені және РР, ВА дәрумендері бар. Жемісін жас күйінде тағамға пайдаланады, тұздайды, консервілейді, шырын алады. Қызанақ 25-28 0 С-да жақсы көктейді, суыққа төзімсіз. Қызанақ Америкада, Еуропада алғаш Испания, Португалия, Италияда таралған. Ресейде алғаш 1780 ж. өсірілген. Румыния, Венгрия, Чехославакия, Польша, Болгария Совет Одағының Еуропа бөлігінде егістікте, ал Англия, Франция, Голландия, Батыс Еуропаның басқа елдерінде қызанақ негізінен жылыжайда өсіріледі. Совет Одағының барлық аймақтарында жылдың әр мезгілінде пісетін бірнеше сорттары бар.

Қазақстанда ерте пісетін сорттары «Белый налив 241», «Талахан 186» ; «Тамбов егістік алқабында 340»; «Молдавский раний», (бұлардың жемісінің орташа салмағы 80-100г), «Превосходный 176», «Ранний 83», «Перемога 165», «Колхозный 34», »Ақтөбелік 85» (бұлардың жемісінің орташа салмағы

100-110г) . Орал, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Қызылорда, Алматы, Жамбыл облыстарында аудандастырылған. Орта мерзімде пісетін сорттары: «Советский 679», »Волгоградский 5/95», «Майкорский егістік алқабында 2090», «Новинка преднестровьянный жемісі» ұсақ, көбіне консервілеуге пайдаланылады.

Бұл сорттар Алматы, Талдықорған, Жамбыл, Шымкент облыстарында өсіріледі. Кеш пісетін «жергілікті Молиновка» жемісінің сорты үлкен, түсі ашық-қызыл, өте дәмді. Семей және Павлодар облыстарында аудандастырылған. Қызанақтың көшетінің қатар аралығын 60 х 60 см-ден 100 х 100 см етіп отырғызылады. Бұрынғы Совет Одағының оңтүстік аймақтарында қызанақтың тұқымынан өсіреді. Тұқымды дәнді-дақыл, көкөніс сеялкалармен себеді. Қызанақтың қатар аралығын қопсытып, арамшөбін отайды.

Қызанақтың ең көп таралған аурулары-бактериалды рак, селтория микроспориоз, фитофтора т. б. Бұларға қарсы күрес шаралары өсімдік қалдықтарын құрту, жылыжайда жұмыс құралдарын залалсыздандыру.

Дәрумендердің көптігіне қарай қызанақты жеңіл(диеталық) тағам ретінде пайдаланылады. 1 стакан шырыны А және С дәруменіне тәуліктік қажеттіліктің жартысын қамтамасыз етеді. Жас қызанақ шырынында ішектегі ашу, шірудің өрістеуін басатын күшті фитонциттер сақталады және асқазан сөлінің секрециясына әсерін тигізеді, жүрек қызметін жақсартады. Арықтау қажет болғанда алма, асқабақ, лимон ( арақатынасы 2:4:2 ) шырындарын қызанақ шырынына араластырып пайдаланады. Езілген мәуенің күшті бактерициттік әсері бар болғандықтан іріңді, жарақаттарды емдеуге қолданылады. Қызанақтан әртүрлі 100-ден астам дәмдеуіш қоспалар жасалады.

Оқу іс-тәжірибе Оңтүстік -Қазақстан облысы Сайрам ауданында орналасқан Қ. А. Яссауи атындағы өндірістік кооперативінде жүргізілді. Оқу іс-тәжірибенің басталуы наурыз айының 31 жұлдызы мен сәуір айының 11 жұлдызы аралығында болды.

1 Өндірістік іс-тәжірибе өткізілген орнының сипаты

Қ. А. Яссауи атындағы өндірістік кооператив Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының территориясында 1343 га жерді алып жатыр. Өндірістік кооператив 1948 жылы Калинин атындағы колхоз болып құрылған. Ол 1976 жылы КСРО-ның 25 партиялық сьезді атындағы совхоз болып болып қайта құрылған, 1995 жылдан бастап Қ. А. Яссауи атындағы өндірістік кооператив болып жеке дара жұмыс атқаруда. Қ. А. Яссауи атындағы өндірістік кооперативтің ауылшаруашылық мақсатында пайдаланатын жалпы жер ауданы 926 га құрайды (1-кесте) .

Кесте 1

Қ. А. Яссауи атындағы өндірістік кооперативінің жер пайдалануы, 2013 жыл

Жер құрылымы: Жер құрылымы
га: га
Жер құрылымы: Жалпы жер ауданы
га: 1343
Жер құрылымы: Ауыл шаруашылық мақсатына пайдаланатын жерлер, оның ішінде
га: 926
Жер құрылымы: Аударылатын
га: 655
Жер құрылымы: Шабындық
га: 53
Жер құрылымы: Жайылымдық
га: 178
Жер құрылымы: Орман алқаптары
га: -
Жер құрылымы: Тоғандар мен көлдер, өзен, каналдар
га: 28
Жер құрылымы: Жеке тұрғын үйлерге бөлінген жерлер
га: 389
Жер құрылымы: Ұжымдық бақтар мен бақшалар
га: 40
Жер құрылымы: Қысқа мерзімге пайдаланылатын жерлер
га: 365
Жер құрылымы: Суармалы жерлер
га: 161
Жер құрылымы: Құрғатылған жерлер
га: -

2013 жылғы жер пайдалану жағдайы бойынша Қ. А. Яссауи атындағы өндірістік кооперативінің жер пайдалану жағдайлары бойынша негізгі жер көлемінің басым бөлігін ауылшаруашылығы мақсатына жатпайтын жерлер кіреді. Ауылшаруашылығы мақсатына пайдаланылмайтын жерлер үлесі 31 пайыз құрайды. Ауылшаруашылық масаттарына жатпайтын жерлерге 417 га жер кіреді.

Кооператив территориясынан Сайрамсу өзені ағып өтеді. Суармалы танаптарға су жеткізу мақсатында салынған арық-атыздар және каналдар 28 га жерді алады. Жеке тұрғын үйлерге бөлінген жерлер 389 га көлемді алады.

Қысқа мерзімге пайдаланылатын жерлер көлемі 365 га.

Қазіргі кезде кооператив қарамағында ауылшаруашылық мақсатында пайдалынатын 926 га жер бар. Оның ішінде 655 га аударылатын, 53 га шабындық, 278 га жайлымдық жерлер болып табылады. Ауыл шаруашылық мақсатына пайдаланатын жерлердің 161 га жері суармалы болып табылады.

Қ. А. Яссауи атындағы өндірістік кооперативінің 2013 жылғы ауылшаруашылық мақсатында жер пайдалану жағдайлар көрсеткіші көрсеткендей 2011 жылдан бері шаруашылықтың егістігі азайып келеді. Оның негізгі себебі, көптеген жеке шаруашылықтардың бөлініп шығуында болып отыр.

Тәлімі жерлерде орналасқан дақылдардың басым бөлігін астық дақылдары алып жатыр.

Астық дақылдарының жалпы егіс көлемі 456 га құрайды, негізінен бидай және арпа өсіріледі. Мал азықтық дақылдарға бөлінген жерлердің жалпы көлемі 78 га.

Кесте 2

Қ. А. Яссауи атындағы өндірістік кооперативінің 2013 жылғы ауылшаруашылық мақсатында жер пайдалануы

Атауы
Егістік көлемі, га
2001
2010
2013
Атауы: Аударылатын жерлер
Егістік көлемі, га: 2282
1776
655
Атауы: Сүрі танап
Егістік көлемі, га: 205
142
46
Атауы: Егісті жерлер
Егістік көлемі, га: 1571
1634
456
Атауы: Оның ішінде, астық
Егістік көлемі, га: 1056
239
Атауы: - бидай
Егістік көлемі, га: 842
896
178
Атауы: - арпа
Егістік көлемі, га: 214
215
61
Атауы: Мал азықтың дақылдар
Егістік көлемі, га: 433
523
70
Атауы: Көкөніс дақылдары
Егістік көлемі, га: 21
17
13
Атауы: Майлы дақылдар
Егістік көлемі, га: 42
35
31
Атауы: Көп жылдық шөптер, барлығы
Егістік көлемі, га: 399
511
31
Атауы: Сүрлемдік жүгері
Егістік көлемі, га: 34
12
8
Атауы: Жүзім
Егістік көлемі, га: 74
71
11
Атауы: Бау-бақша дақылдары
Егістік көлемі, га: 44
32
29
Атауы: Шабындықтар
Егістік көлемі, га: 421
308
178
Атауы: Жайлымдықтар
Егістік көлемі, га: 74
62
53

Жүзімдіктер мен бау бақша 40 га жерді алып жатыр. Майлы дақылдардан мақсары 31 га жерге себілді.

Суармалы жерлерде суару тек маусым айының екінші жартысына дейін ғана сумен толық қамтамасыз етіледі. Суарылатын жерлердің 65 пайызы ғана сумен толық қамтамасыз етілген.

Қ. А. Яссауи атындағы өндірістік кооперативі негізінен өсімдік шаруашылығымен айналысады. Шаруашылықтың мамандануы бойынша өсімдік шаруашылығынан түсетін өнім құрылымы 52, 05 пайыз алады. Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің ішінде шаруашылық негізінен астық өндірумен айналысады, оның соңғы үш жылдық көрсеткіші бойынша жыл сайынғы 1986 теңгенің өнімін өндіргендігін көруге болады. Шаруашылық өсімдік шаруашылығы өнімдерінің ішінде мақсары мен көпжылдық бұршақ тұқымдасы болып табылатын жоңышқа өсіреді және шаруашылықтағы мал азығын қамтамасыз ете отырып артық көлемін басқа шаруашылықтарға сатады.

Кесте 3

Шаруашылықтың мамандануы (орташа 3 жылдық, 2010-2012ж. ж. )

Өнім түрі: Өнім түрі
Сатылғаны, ц: Сатылғаны, ц
Түскен пайда, мың теңге: Түскен пайда, мың теңге
Тауарлы өнім құрылымы,: Тауарлы өнім құрылымы,
Өнім түрі: Астық
Сатылғаны, ц: 4965
Түскен пайда, мың теңге: 19 860 000
Тауарлы өнім құрылымы,: 42, 03
Өнім түрі: Картоп
Сатылғаны, ц: -
Түскен пайда, мың теңге: -
Тауарлы өнім құрылымы,: -
Өнім түрі: Көкөніс
Сатылғаны, ц: -
Түскен пайда, мың теңге: -
Тауарлы өнім құрылымы,: -
Өнім түрі: Тағы басқалар, майлы дақылдар
Сатылғаны, ц: 38, 3
Түскен пайда, мың теңге: 229 800
Тауарлы өнім құрылымы,: 0, 5
Өнім түрі: Мал азықтық дақылдар
Сатылғаны, ц: 225
Түскен пайда, мың теңге: 4 500 000
Тауарлы өнім құрылымы,: 9, 52
Өнім түрі: Өсімдік шаруашылығы бойынша
Сатылғаны, ц: 5228, 3
Түскен пайда, мың теңге: 24 589 800
Тауарлы өнім құрылымы,: 52, 05
Өнім түрі: Сүт
Сатылғаны, ц: 540
Түскен пайда, мың теңге: 4 050 000
Тауарлы өнім құрылымы,: 8, 57
Өнім түрі: Ет
Сатылғаны, ц: 232, 56
Түскен пайда, мың теңге: 18 604 800
Тауарлы өнім құрылымы,: 39, 38
Өнім түрі: Төл
Сатылғаны, ц: -
Түскен пайда, мың теңге: -
Тауарлы өнім құрылымы,: -
Өнім түрі: Тағы басқалар
Сатылғаны, ц: -
Түскен пайда, мың теңге: -
Тауарлы өнім құрылымы,: -
Өнім түрі: Мал шаруашылығы бойынша
Сатылғаны, ц: 772, 56
Түскен пайда, мың теңге: 22654800
Тауарлы өнім құрылымы,: 47, 95
Өнім түрі: Шаруашылық бойынша
Сатылғаны, ц: 6000, 86
Түскен пайда, мың теңге: 47244600
Тауарлы өнім құрылымы,: 100

Өсімдік шаруашылығы бойынша негізгі өндірілетін дақыл болып астық дақылдары саналады. . Басқа дақылдар шаруашылықтың ішкі мақсаттарына, шаруашылықта жұмыс жасайтын жұмысшылардың қажеттілігіне, сұранысына байланысты өсіріледі. .

Жүзімдіктер мен бау-бақша өнімділігі өте төмен себебі, олардың барлық егістіктері мен алқаптары ескірген., жаңалауды қажет етеді.

Шаруашылық бойынша өндірілетін өнімнің 47, 95 пайзын құрайтын малшаруашылығының өнімдері болып табылады. Оның ішінде ет және сүт өнімдеріне басымдылық берілген. Негізінен шаруашылықта мал өнімдерінің ішінде ет өндіру көп қолға алынған, оның жалпы өндірілген өнімге шаққандағы үлесі 39, 38 пайыз құрайды.

Қ. А. Яссауи атындағы өндірістік кооперативінде 2013 жылы 6 трактор, 2 машина, 3 комбайн, 12 ауылшаруашылық машиналары бар.

Шаруашылықтың техникалармен қамтамасыз етілуі деңгейі көрсетілген 2-кесте нәтижелері бойынша оларға берілетін жүктеме 70 пайыз құрайтындығын көруге болады. Жүктеменің аз болуының басты себебі, техникалардың ескіруімен түсіндіруге болады. Маусымдық жұмыстардың көп болуы кезінде техникаларды жалдау кезеңдеріде болады.

Кесте 4

Шаруашылық техникалармен қамтамасыз етілуі (2010-2012 ж. ж. )

Ауылшаруашылық машиналары, тракторлары: Ауылшаруашылық машиналары, тракторлары
Дана: Дана
Нақты жүктеме: Нақты жүктеме
Ауылшаруашылық машиналары, тракторлары: Трактор, барлығы
Дана: 6
Нақты жүктеме: 70
Ауылшаруашылық машиналары, тракторлары: Оның ішінде, машиналары бойынша
Дана: 2
Нақты жүктеме: 50
Ауылшаруашылық машиналары, тракторлары: Комбайндар, барлығы
Дана: 3
Нақты жүктеме: 100
Ауылшаруашылық машиналары, тракторлары: Оның ішінде, машиналары
Дана: -
Нақты жүктеме: -
Ауылшаруашылық машиналары, тракторлары: ауылшаруашылық машиналары
Дана: 12
Нақты жүктеме: 60

Қ. А. Яссауи атындағы өндірістік кооперативінде жалпы мал басы 137 құрайды, оның ішінде 72 бас ірі қара және 65 жылқы. Барлық мал қолда ұсталады. Шаруашылықтағы барлық ірі қара негізінен сүт өндіруге бағытталған, негізінен 36 бас сауын сиыры, 30 бұзау және 6 құнажын ұсталады.

Кесте 5

Мал басының жағдайы және өнімділігі (2010-2013 ж. ж. )

Түрі және тобы: Түрі және тобы
Мал басы: Мал басы
Өнімділігі: Өнімділігі
Түрі және тобы: Сүт өнімі, кг
Мал басы: Күнделікті салмақ қосуы, кг
Түрі және тобы: Ірі қала мал
Мал басы: 137
Өнімділігі: 54000
0, 237
Түрі және тобы: Оның ішінде сиыр
Мал басы: 72
Өнімділігі: 1500
-
Түрі және тобы: Қой, барлығы
Мал басы: -
Өнімділігі: -
-
Түрі және тобы: Оның ішіндегі, саулық
Мал басы: -
Өнімділігі: -
-
Түрі және тобы: Жылқы
Мал басы: 65
Өнімділігі: -
0, 476

Шаруашылықта ұсталатын жылқылар негізінен ет үшін бағылады, етке өткізілген жылқылардың барлығының орны толықтырылып отырылады.

2 Шаруашылықтың егістік құрлымы мен дақылдар өнімділігі

Шаруашылықта өсірілетін дақылдар өнімділігі алғы дақылға, өсімдік түріне және ауа- райы жағдайларына байланысты әр түрлі болып келеді.

Қ. А. Яссауи атындағы өндірістік кооперативінде 2013 жылы ауылшаруашылық дақылдарынан төмендегідей өнім алынған; бидай- 17, 6 ц/га, арпа - 12, 5, мақсары - 8, 1 ц/га, жоңышқа 68, 4 ц/га (екі орым жүргізілген) .

Көрсетілген өнім деңгейі 2013 жылғы ауа -райының қолайлы болуына байланысты 2010 жылға қарағанда ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігі біршама жақсы болып бидай өнімділігі 3, 9 ц/га, арпа өнімділігі 5, 7 ц/га, мақсары өнімділігі 1, 5 ц/га және жоңышқа өнімділігі 17, 2 ц/га артық болған.

Кесте 6

Аударылатын жерлер, егістіктер және негізгі ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігі, 2013 жыл

Атауы: Атауы
га: га
Өнімділік, ц/га: Өнімділік, ц/га
Жалпы өндірілуі, т: Жалпы өндірілуі, т
Атауы: Аударылатын жерлер
га: 655
Өнімділік, ц/га: 12, 6
Жалпы өндірілуі, т: 825, 3
Атауы: Сүрі танап
га: 46
Өнімділік, ц/га: -
Жалпы өндірілуі, т: -
Атауы: Егісті жерлер
га: 456
Өнімділік, ц/га: 12, 6
Жалпы өндірілуі, т: 547, 5
Атауы: Оның ішінде, астық
га: 239
Өнімділік, ц/га: 16, 05
Жалпы өндірілуі, т: 385, 6
Атауы: - бидай
га: 178
Өнімділік, ц/га: 17, 6
Жалпы өндірілуі, т: 313, 3
Атауы: - арпа
га: 61
Өнімділік, ц/га: 12, 5
Жалпы өндірілуі, т: 76, 3
Атауы: Майлы дақылдар, барлығы
га: 31
Өнімділік, ц/га: 8, 1
Жалпы өндірілуі, т: 25, 1
Атауы: Оның ішінде, мақсары
га: 31
Өнімділік, ц/га: 9, 1
Жалпы өндірілуі, т: 25, 1
Атауы: Мал азықтың дақылдар
га: 78
Өнімділік, ц/га: 88, 7
Жалпы өндірілуі, т: 691, 8
Атауы: Оның ішінде, жоңышқа
га: 70
Өнімділік, ц/га: 68, 4
Жалпы өндірілуі, т: 478, 8
Атауы: Шабындықтар
га: 178
Өнімділік, ц/га: 7, 3
Жалпы өндірілуі, т: 129, 9
Атауы: Жайлымдықтар
га: 53
Өнімділік, ц/га: 5, 3
Жалпы өндірілуі, т: 28, 1

Ауылшаруашылық дақылдарынан алынатын жалпы өнім мөлшері астық дақылдарынан 2013 жылы ең жоғары 385, 6 тонна өндірілсе, майлы дақылдардан 25, 1 тонна және жоңышқадан 478, 9 тонна пішендеме алынды.

Мал азық дақылдардан жүгері өсіріліп өнімділігі 93, 5 ц/га құрады. Айта кетерлік жайт, шабындық және жайылымдық жерлердің өнімділігі анықталғанымен, өнімі жинап алынбады. Шаруашылықтағы техникалардың жетіспеушілігі салдарынан шабындық жиналмай, жайлымдық есебінде пайдаланылды.

3 Шаруашылықтың топырағы, климаттық жағдайлары

Қ. А. Яссауи атындағы өндірістік кооперативі Батыс Тянь-Шань тау жүйесінің эфемероидты, қысқа шөпті, жартылай саваналы тау маңында, теңіз деңгейінен 500-550 м биіктікте жатыр.

Аймақтың жер бедері Батыс Тянь-Шань тауының маңындағы адырлы бұйратты жазық болып келеді. Еңкіс жазыққа ұласатын жерлердің салыстырмалы биіктігі 10-20 м аралығында ауытқиды.

Жалпы климат өте көп өзгергіштігімен, көп мөлшердегі жылуымен, мол жарығымен, ұзаққа созылатын суықсыз кезеңімен, ерте көкиемдегі көп түсетін жауын-шашынымен ерекшеленеді. Жылдық жауын шашын мөлшері 450-500мм. Климатқа тән ерекшелік - бұл жылдық жауын- шашын мөлшерінің 80-90 пайызы күзгі- қысқы көктемгі мезгілдерде (қыркүйек-мамыр) түсуі.

Аймақта жаз ыстық және ұзақ, ауаның орташа температурасы 26 0 С. Ауаның ең жоғары температурасы шілде айында 42 0 С-қа жетеді. Қыс - қысқа, аз қарлы, қаңтар айының орташа температурасы -2, 6 0 С, ал ең төменгісі - 30 0 С. Тұрақты қар жамылғысының ерте түсетін мерзімі қараша айының соңғы онкүндігі, ал еруінің соңғы күндері 30 наурыз. Қар қалыңдығының ең жоғары биіктігі 28см. Қыс мерзіміндегі тұрақсыз қар жамылғысы 56 пайызды құрайды.

Көпжылдық мәләметтер бойынша орташа есеппен қарағанда жыл бойына шамамен тәуліктік температура 11, 9 0 С құрайды. Аязсыз кезеңнің ұзақтығы орташа 205 тәулік. Соңғы суықтар сәуір айының басында тоқтайды және қазан айының соңында қайта басталады. 10 0 С- ден жоғары температура 4100-4400 0 С-ді құрайды. Орташа жылдық салыстырмалы ауа ылғалдылығы 57%.

Қыс кезеңінде түсетін (жаңбыр, қар түрінде) ылғал жылдық жауын-шашынның 30-40, көктемгі- 28-36, жазғы - 6-10, күзгі - 20-25 пайызын құрайды. Шілде, тамыз, қыркүйек айларында түсетін жауын- шашынның аз болуы топырақ ылғалына айтарлықтай әсер етпейді.

Жаз кезеңіндегі ауаның шамадан тыс құрғақшылығы мен жауын- шашынның өте аз болуы топырақтың көп құрғауына және оның ылғалының ең төменгі шегіне жетуіне себепші болады. Сондықтан да ылғалды көп талап ететін ауылшаруашылық дақылдарын суармалы жерлерде орналастырған дұрыс.

Шаруашылық танаптарының топырағы - кәдімгі сұр топырақ. Морфологиялық құрылысы топырақтың қарашірік қабатында орташа қалыңдығымен сипатталады (А+В=50-60см оның ішінде А=20см) . Қара шірік қабатының түсі қуаң ашық сұрғылт.

Құрылымы бойынша көбіне кесекті қабатты. Қарашірік қабаты төмендеген сайын дәнді немесе кесекті дәнді және тесік (жауын құрттар мен жәндіктер жүргендіктен) құрылысты болады.

Карбонатты- иллювиальді қабатының құрылымы бойынша жаңғақты. НСІ - да қайнауы жоғары. Өңделетін топырақ қабаты кесекті немесе сазды кесекті құрылымымен, ал жыртылмайтын қабат тығыз құрылымымен ерекшеленеді.

Топырақ кескінін жүйелеп баяндау төменде келтірілген:

А 1 - 0- 10см. Сұр, құрғақ, тығыз, түбіршекті, жоғары қабаты (5 сге дейін) қабатты-созымды, төмеірек-үйінділі, ауыр саздақты.

А- 10-20 см. Құба дақты ашық сұр, құрғақ, тығыз, әлсіз түбіршікті, кесекті, дәнді, ауыр саздақты.

В 1 - 20-40 см. Карбонатты көгерген құба ашық сұр, құрғақ, тығыз, әлсіз кесекті, дәнді, ауыр саздақты.

В - 40-65 см. Карбонатты дақтары бар ашық құба сұр, құрғақ, тығыз, дәнді, жаңғақты, ауыр саздақты.

С -65-120 см . Ашық сары карбонатты дақтары бар, құрғақ, тығыз, ұсақ дәнді, ауыр саздақты.

Құрылымы бойынша көбіне кесекті қабатты. Жыртылатын қабат орташа есеппен алғанда 30см-ге дейін жетеді. Карбонат мөлшері топырақ қабаты төмендеген сайын арта түседі. Сіңіру жиынтығы негізінен 10-14 мг/экв 100 г аралығында ауытқиды. Сіңіру жүйесі кальциидің мөлшері көп болуымен сипатталады. Жылжымалы қоректік заттармен қамтамасыз етілуі мынадай: азотпен- орташа, фосформен- әлсіз, калиймен - жақсы. Топырақтың механикалық құрамы бойынша орташа саздақты, көбіне ірі тозаңды және сазды фракциядан тұрады.

Танаптың жоғары қабатында су өткізгіш агрегаттар мөлшері топырақ салмағының 35-40 пайызын құрайды, суармалы танаптарда бұл көрсеткіш төменірек. Топырақтың жыртылатын қабатының көлемдік салмағы орташа 1, 3 г/см2.

Сіңірілген натрий мөлшері шамалы. Сондықтан топырақтың сілтілі реакциясына қарамастан (рН-8, 2-8, 5) топырақ тұзданбаған (6-кесте) .

Кесте 7

Шаруашылық танап топырағының химиялық-физикалық құрамы

Топырақ қабаты
Жалпы құрамы
Сулы суспен зиялық, рН
Жылжымалы форма мөлшері, мг/100г
Қара шірік, %
Азот, %
СО 2 , %
СаСО 3 , %
Гидро лизді азот
Р 2 О 5
К 2 О
Топырақ қабаты: 0-10
Жалпы құрамы: 1, 3
Сулы суспен зиялық, рН: 0, 08
Жылжымалы форма мөлшері, мг/100г: 4, 8
10, 8
8, 2
13, 3
2, 7
40, 6
Топырақ қабаты: 10-20
Жалпы құрамы: 1, 2
Сулы суспен зиялық, рН: 0, 07
Жылжымалы форма мөлшері, мг/100г: 4, 9
11, 0
8, 2
10, 8
2, 7
43, 9
Топырақ қабаты: 20-35
Жалпы құрамы: 0, 5
Сулы суспен зиялық, рН: 0, 05
Жылжымалы форма мөлшері, мг/100г: 6, 9
15, 8
8, 3
6, 5
1, 6
30, 8
Топырақ қабаты: 35-50
Жалпы құрамы: 0, 3
Сулы суспен зиялық, рН: 0, 05
Жылжымалы форма мөлшері, мг/100г: 8, 7
19, 7
8, 5
-
1, 4
32, 0
Топырақ қабаты: 50-100
Жалпы құрамы: -
Сулы суспен зиялық, рН: -
Жылжымалы форма мөлшері, мг/100г: 9, 0
20, 5
8, 5
-
-
-

Агрономиялық шама бойынша, бұл топырақ екінші топқа жатады, яғни жоғары бағаланады. Бірақ ауылшаруашылық дақылдарынан мол өнім алу үшін азот және фосфор немесе органо-минералды тыңайтқыштармен тыңайту керек. Бұл суармалы танаптар үшін өте маңызды болып табылады.

4 Жеке тапсырма. Қазанақтың биологиялық ерекшеліктері және оның Оңтүстік Қазақстан өңірінде өсірілетін сорттары

4. 1 Дақылдың ботаникалық қасиеттері

Қызанақ тіршілігі. Қызанақ-көп жылдық шөптектес өсімдік. Біздің елдегі құбылмалы ауа-райына қарай бір жылдық дақыл. Өсіп-өну дәуірінде әрбір жапырақтардың қойнында жанама жас сабақ бұталары қалыптасады, бұлар өсіп-жетіліп, ылғалды топыраққа иіліп жабысадыда, жаңадан тамырланып көп сабақты жанама бұталарымен ұзарып өсе береді. Одан әрі өркен жаюы үшін тіреуіштерді немесе шпалерді қажет етеді. орташа, кеш пісетінсорттары ұзақ мезгіл өсіп жетіледі. егер салқындық болмаған жағдайларда жапырақтары мен сабақтарында қолға жұққыш жабысқақ шырын бөлетін түктері болады. және бұлар ылғалды артық буландырудан қорғайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызанақ дақылы
Қызанақтың экологиялық – биологиялық ерекшеліктері
Сарыағаш ауданында қызанакты өсірудің интенсивті технологиясы
Жеміс жидектер және олардың пайдасы
Қызанақтың селекциясы
Қызанақ
Ұсақ жемісті қызанақтар
Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы қызанақ дақылы мен оның аурулары
Қызанақтың микрорганизмдік аурулары
Томат өнімдерінің сапасына өңделетін қызанақ сорттарының әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz