Қырыққабат - құнарлы мал азығы


КІРІСПЕ
Қырыққабат - қырыққабат (Brassica) туысына жататын екі жылдық бақша өсімдігі. Құнды дәрумендерімен, дәрілік қасиетімен және айрықша дәмімен ерекшеленетін қырыққабат жер шарының барлық аймақтарында кездеседі. Қырыққабаттың 8 түрі ең танымал болып саналады: кәдімгі қырыққабат, савой қырыққабаты, түсті қырыққабат (цветная капуста), кольраби, қытай қырыққабаты, жапырақты қырыққабат, брюссель қырыққабаты және пекин қырыққабаты. Қырыққабаттың жапырақтары бір сабақтың түбінен шығып, кезектесіп орналасады. Астыңғы бөлігіндегі жапырақтары үлкен, біршама қалың, етті, жиі орналасқан, ал сабақты бойлай шыққан жапырақтарының пішіні сопақтау болып келеді. Қырыққабаттың отаны анықталмаған.
Дегенмен, А. Декандольдің айтуынша, Ұлыбритания, Ирландия, Дания және Францияныңсолтүстік-батысында бұл өсімдіктің табиғи түрлері кездесуі мүмкін [1] .
Қырыққабаттың құрамында қант, минералды тұздар (кальций, калий, фосфор), майлар, лактоза, липаза, протеаза, А, В1, С, P, К, В6 және тағы басқа дәрумендер бар. Қырыққабат жеуге жарамды, оны пісіріп, қуырып, ашытып, тағамдарға қосып және табиғи күйінде жейді. Қырыққабаттың шырыны асқазан, бауыр ауруларына жылдам әсер ететін дәрі ретінде қолданылады. Табиғи қалпында (қуырылмаған, қайнатылмаған) жиі қабылданған жағдайда қырыққабат ағзаның зат алмасуын реттеп, денеде май жиналуын болдырмайды. Бұған қоса дем алу жүйесі, анемия, демікпе ауруларын емдейді [2] .
Капуста туысына шалқам, тарна, қызылша сияқты өсімдік түрлері жатады. Еуразия және Cолтүстік Америкада, көбінесе Жерорта теңізі маңында кездесетін 35-ке жуық түрі белгілі. Капустаның дақылдық түрлері қолдан өсіру, өзара будандастыружәне сұрыптау нәтижесінде алуан түрлі өзгеріске ұшыраған. Капустаның бірнеше сорттары бар. Олардың ішінде түсті және Пекин Капусталарынан басқалары түгелдей дерлік екі жылдық өсімдіктер. Капуста бірінші жылы қаудан түзеді, ал екінші жылы гүлсидамдары өсіп, тұқым береді. Жапырақтары ірі, кезектесіп орналасады, түсі көк, қанықтылығы әр түрлі. Барлығына ортақ сипат - Капусталар жарық сүйгіш және суыққа төзімді. Өсуіне қолайлы температура 15 - 18°С. Температураның төмендеуіне (-10°С-қа дейінгі суыққа) төзімді сорттары - жапырақты және брюссельдік Капусталар, ыстыққа төзімділері - жапырақты Капуста және кольраби Капустасы. Вегетациялық кезеңінің ұзақтығы бойынша Капуста сорттары: өте ерте пісетін (65 - 100 күнде, «Куузику вараяне»), ерте пісетін (100 - 115 күнде, «Грибовский 147»), ертелеу пісетін (115 - 130 күнде, «Алтын гектар»), орташа мерзімде пісетін (130 - 145 күнде, «Даңқ 1305», «Надежда»), кештеу пісетін (145 - 160 күнде, «Сыйлық») және кеш пісетін (160 күннен артық, «Амагер 611», «Завадская») болып бөлінеді. Қауданды Капуста Қазақстандағы негізгі дақылдық көкөністердің бірі.
1 АНАЛИТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
Болжаулар бойынша, қырыққабатты Ежелгі Европалықтар б. з. б. 50-100 жылы кроманьондықтар және неандертальдықтар тағам ретінде пайдаланған. Қырыққабаттың отаны ретінде Жерорта теңізі және Батыс Европа саналады. Ең бірінші қырыққабат туралы мәліметтерді грек жазушысы Теофраст (б. з. б. 300 жылдары) жазған. Оның айтуы бойынша египеттіктерге қырыққабат шамамен б. з. б. ІV ғасырда танымал болған.
Археологиялық қазбалар нәтижесінде, қырыққабатты адамдар тас дәуірінің соңында өсіргенін зерттеген. Б. з. б. көне Ибериде 5000 жыл бұрын қырыққабатты өсіріп, оны «ащи» деп атаған. Содан бастап Египетте, Греция, Римде таралған. Ол (капуста - Brassica) - капуста тұқымдасына жататын бір, екі және көп жылдық өсімдік туысы болып саналады. Негізінен, капуста туысына жататындар: шалқам, тарна, қызылша т. б. өсімдіктер. Оның дақылдық түрлері қолдан өсіріледі, олар өзара будандастыру, сұрыптау нәтижесінде алуан түрлі өзгерістерге ұшырап, көбейіп отыр. Барлық жерде өсіріліп, өнімі жинап алынады. Жабайы қырыққабат Атлант мұхиты мен Жерорта теңізі жағалауларында кездеседі. Қырыққабаттың мынандай түрлері бар: қауданды, савойя, брюссельдік, кольраби, жапырақты, Қытай, Пекин, түсті капусталар. Бұлардың ішінде түсті және Пекин капусталарынан басқалары түгелдей дерлік екі жылдық өсімдіктер, қырыққабаттың барлық түрлері де жарық сүйгіш, суыққа төзімді. Ал енді ыстыққа төзімділері: жапырақты және кольраби деп аталатын сорттары.
Ежелгі Греция мен Римде қырыққабатты қасиетті тағам деп санаған. Оны әр түрлі ауруларды және жараларды емдетуге қолданған. Қырыққабаттың қауданы Батыс Еуропада 12-16 ғасырларда табылған. ТМД елдерінде қырыққабат 10-12 ғасырлар бұрын пайда болған. Оны бірінші етіп Кавказдықтар қолдана бастаған [3] .
Тағам табиғатын, дәрумендер пайдасын зерттеушілер Қытай қорғанын салушылардың негізгі тағамы қырыққабат болғанын, оның жұмысшыларға ерекше күш-қуат бергенін айтады. Яғни, біздің заманымыздан 200 жыл бұрын - ақ адамдар қырыққабаттың қоректік құндылығын жақсы білген. Ежелгі гректер мен римдіктер де қоректік құндылығы мен емдік қасиеті үшін қырыққабатты ас мәзірінде кеңінен қолданған. Қырыққабат бірінші жылда қауданды түзесе, екінші жылы жаңа жапырақтар пайда болып, қауданы баяу өседі және тұқымы пайда болады. Бүкіл көкөністің ішінде қырыққабат қана сан алуан түрлі. Бұл оның басты ерекшеліктерінің бірі. Бұл өсімдіктердің ішінде савой қырыққабаты өз атауын Италияның Савой аралында таралғандығымен өзіне алып, елге кеңінен танылған. Оны ас әзірлеуге қосқанымен, ашытуға, қалбырлауға, балғын күйінде ұзақ сақтауға болмайтындықтан, ол біздің елімізде көп кездеспейді. Мамандар жасы ұлғайған адамдарға қырыққабаттың осы түрін жеуге ақыл-кеңес береді. Себебі, оның құрамында фосфор, кальций тәрізді маңызды элементтер бар. Барлық көкөністен де қырыққабат адам ағзасына өте пайдалы. Бұл мамандардың ғылыми қорытындысы [4] .
Дәрігер-ғалымдардың пікірінше, күн сайын қырыққабатты ас мәзірінде тұтыну қатерлі ісіктің алдын алады, адамның тәбетін ашады. Қырыққабат өте құнды тағам болып келеді. Ол құндылық оның құрамындағы қанттың, ақуыздың, дәрумендердің және тағы басқа элементтер мен қосылыстардың болуымен ерекшеленеді. Қырыққабаттың құрамында қант, минералды тұздар (кальций, калий, фосфор), майлар, лактоза, липаза, протеаза, А, В1, С, P, К, В6 және тағы басқа дәрумендер бар. Қырыққабат жеуге жарамды, оны пісіріп, қуырып, ашытып, тағамдарға қосып және табиғи күйінде жейді. Қырыққабаттың шырыны асқазан, бауыр ауруларына жылдам әсер ететін дәрі ретінде қолданылады. Табиғи қалпында (қуырылмаған, қайнатылмаған) жиі қабылданған жағдайда қырыққабат ағзаның зат алмасуын реттеп, денеде май жиналуын болдырмайды. Бұған қоса дем алу жүйесі, анемия, демікпе ауруларын емдейді [5] .
Крестгүлділер тұқымдасына жататын бұл өсімдіктердің жапырағында қант, гемицеллюлоза, С, Р, В1, В2, В6, К, Д дәрумендері, каротин, ферменттер, минералды тұздар, көмірсу, белок т. б. пайдалы заттар көп. Оның құрамындағы тартронды қышқыл семіріп кетуден сақтайды. Қырыққабат - С дәруменінің негізгі көзі болып табылады. Оның 100 гр шикі затында күз және қыс айларында 20-дан 70 мг-ға дейін аскорбин қышқылы болады. Кеш пісетін қырыққабатта 41, 4-тен 74 мг-ға дейін кездеседі. С дәруменінің адамға тәуліктік қажеттілігі 70мг-нан 10мг-ға дейін құрайды. Қырыққабат, құрамындағы С дәруменінің мөлшері жағынан картоп, апельсин, лимон және мандаринмен бәсекеге түседі. Әсіресе, қауданның сыртқы қабатындағы жапырақтарында, қауданға қарағанда көп мөлшерде кездеседі [6] .
Қырыққабаттың тағамдық құндылығы өте жоғары. Оның құрамында 50-ге жуық химиялық элементтер кіреді. Олар тағамға арнайы дәм береді. Табиғи қалпында (қуырылмаған, қайнатылмаған) жиі қабылданған жағдайда қырыққабат ағзаның зат алмасуын реттеп, денеде май жиналуын болдырмайды. Бұған қоса дем алу жүйесі, анемия, демікпе ауруларын емдейді [7] .
Қырыққабаттың құрамындағы С дәруменінің мөлшері 41 мг/кг болады. Ол басқа да дәрумендер мен қосылыстарға бай болып келеді. Мәселен: Р (300 мг/кг), тиамин, рибофлавин, ниоцин, пантотен қышқылы, фоли қышқылы (0, 9-1, 9 мг/кг), каротин (0, 3 мг/кг), биотин (0, 024 мг/кг), К дәрумені, токоферол (15-25 мг/кг), пиродоксин (1, 2 мг/кг) инозит сияқты заттар кездеседі [8] .
Қырыққабаттың құрамы азот тектес заттардың болуымен ерекшелінеді. Оның мөлшері шикі салмақта 1, 9-2, 7 % құрайды. Кеш пісетін қырыққабаттың шикі затында қанттың орташа мөлшері 4, 3% құрайды [2] .
Соңғы кездегі мәлімет бойынша Қазақстандағы қырыққабат егісінің көлемі 180 мың га. шамасында, бірақ өнімділігі төмен күйінде қалуда. Картоп басқа дақылдарға қарағанда агрономиялық тұрғыдан өте тиімді дақыл. Біріншіден, ауыспалы егіс жүйесіндегі көптеген дақылдарды картоптан кейін орналастырған қолайлы, қырыққабат еккен жер арамшөптерден таза болады және қолданған тыңайтқыштарға, берілген суға, қайырымы мол дақыл.
Қырыққабатты Қазақстанның барлық облыстарында өсіруге болады, өскен ортасына өте көп талғам қоймайды, сондықтан кейбір қуаңшылық жылдары немесе басқа да табиғат апаттарына байланысты халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету жолында маңызы зор.
Адамзатты азық-түлікпен қамтамасыз ету оның ішінде: мал өнімдері (ет, сүт, жұмыртқа және т. б. ) және өсімдік өнімдері (дәнді дақылдар мен майлы да-қылдар және дәнді бұршақ дақылдар және т. б. ) өз бағалылығын жоғалтқан емес, сонымен қатар қырыққабатта та ауылшаруашылығында кеңінен тараған дақыл-дардың бірі болып табылады.
Негізінен қырыққабат дақылының 70%-ы жеке шаруашылықтар мен саяжайларда өсірілуде, яғни ауылшаруашылық машиналары мен құралдары пайдаланбастан өсіріледі.
Дүниежүзіндегі халқының саны бойынша алдыңғы қатарда тұрған Қытай Халық Республикасы мен Үнді мемелекеттері қырыққабат пайдасының көп екендігін ескеріп, оның өндірісін басты назарда ұстауда.
Қырыққабаттың егіс көлемі әр жыл сайын артып отыр. Дүниежүзіндегі адамзаттың күнделікті пайдаланатын және аса қажетті, қолжетімді, қымбат емес дақылдардың бірі болып табылады. Қазірі кезде дүние жүзінде картоп 19, 3 млн. га жерге отырғызылып, одан 21, 7 млн. тонна өнім жиналады (орташа өнімділігі 160, 6 т/га) . Халықтың қажеттілігін өтеу үшін картоп өнімдерінің мөлшері жеткілікті болуы керек.
Қауданды Капуста Қазақстандағы негізгі дақылдық көкөністердің бірі. Оның диам. 10 - 45 см, салм. 16 кг-ға дейін жетеді. Ақ қауданды Капустаны жыл бойы жаңа піскен және қайта өңделген күйінде тағамға пайдалануға болады. Қауданын ашытады, бұқтырады немесе бұрыш, қияр, қызанақ, сәбіз, қызылша, алма, жас бұршақ, пияз және сарымсақ қосып тұздайды. Сонымен қатар диеталық тағамретінде, ас қорыту бұзылғанға, т. б. ауруларды емдеуге қолданылады. Капуста - құнарлы мал азығы. Оның түсімі мол, әр га-нан 200 - 900 ц. өнім түседі. Капуста зиянкестері: капуста шыбыны, капуста қоңыр көбелегі, капуста ақ көбелегі, капуста бітесі, т. б. жиі кездеседі; аурулары: фомоз, түкті және шырышты бактериоз.
Қырыққабат ауруларының белгілері - өсімдіктің тұқымы мен жас жапырақтарында сарғыш қоңыр, сарғыш сұр түсті дақтар пайда болады. Қаудандары дамымай қалады немесе қаудандары өзегінен түсіп қалады. Мезгілінен бұрын сарғайып, қурап, солып қалады. Ауру тұқымдықты егістікке отырғызғында бірден солып, дамымай қалады.
Қырыққабат ауруларының қоздырғышы- кила- plasmodiophora brassicae Wor, қара сирақ - Rhizoctonia solani Kuehn, Olpidiumbrassiae Wor, Pythium debaryanum Hesse, Alternaria, Fusarum туыстарының саңырау құлақтары, фомоз немесе құрғақ шірік - Phoma lingam Desm , жалған ақ ұнтағы- Peronospora brassicae Gaeum, фузариозы - Fusarum oxysporum, альтернариоз- Alternaria brassicae Sacc , түтікті бактериоз- Xanthomonas compestris Dowson бактериясы, шырышты бактериоз- Erwinia corotovora Holland [ 9-15] .
Қырыққабаттын бактериозына тән белгілер - А) Залалданған өскіндердің, тұқым жарнағы ашық түске боялады, F) Жапырақ шетінен бастап ортасына қарай сарғайып, жүйкелері қоңырайады, В) Өзек пен жапырақтың көлденең кесіндісінде түтіктердің қоңырайғаны айқын көрінеді [16-19] .
Қырыққабаттың альтернариоз ауруы - Alternaria brassicae ылғылы мол ауада жиі кездеседі. Өсімдік пісіп жетілу кезеңінде таралады. Өсімдіктің тұқым жарнағы мен сабағында және жас жапырақтарында қара некрозды сызықтар мен нүктелер пайда болады. Залалданған өсімдік қурауы мүмкін. Өсіп-өркендеген өсімдіктердің жоғарғы жапырақтарында түсі қоңыр, ірі, центрлі дақтар түзіледі, олардың бетінде күйе тәрізді өңез пайда болады. Тұқымдық қырыққабаттың бұршаққабы мен сабағы қатты залалданады. Бұршаққап бетінде қара түсті, жылтыр, шашыраңқы орналасқан дақтар түзіледі. Бұршаққаптың ұшы залалданған жағдайда саңырауқулақ диффузды таралып, ауруға шалдыққан бліктің түсі қоңырланып, жарылады. Ылғалы мол кезеңдерде дақ қара түсті, мақпалды өңезбен жабылады. Залалданған бұршаққапта түзілген тұқымдар қыртыстанып, жетілмейді [20-23] .
Қырыққабаттың ауруларының қоздырғышының таралуы - насекомдар әсерінен зақымданған өсімдіктер залалданады, жел, су, жаңбыр тамшылары алқылы таралады, механикалық жарақаттар арқылы таралады. Қоймада сақтағанда залалсыздандырылмаған жағдайда, ауа алмастырылмаған жағдайда, бір қалыпты температура сақталмаған жағдайда пайда болады [24-26] .
Қырыққабаттың барлық даму фазасында залалданатын аурулары - альтернариоз, түкті бактериоз, фомоз.
Қырыққабаттың қара мойнақ ауруының дамуына қолайлы жағдай-жоғарғы ылғалдылық, егістікте өсімдіктің жиілігі, азот тыңайт-ң артықшылығы, ауа температурасы-ң күрт жоғарылауы және т. б. [27-28] .
Қырыққабаттың қара мойнақ ауруының қоздырғышы- Rhizoctonia solani Kuehn, Olpidium brassicae, Pythium debaryanum Hesse, Alternaria, Fusarium саңырауқұлағының туыстары.
Қырыққабаттың переноспороз ауруының ерекше сипаттамасы - аурудың белгісі жапырақтың жоғарғы бетінде ашық-сары, жайылған дақ, ал оың төменгі бетінде ақшыл-сұр, селдір өңез түзілуімен білінеді. Залалданған жапырақтар сарғайып, жансызданып, өсімдік қурайды [29-35] .
Қырыққабаттың саңырауқулақ ауруларының қоздырғышы - кила- plasmodiophora brassicae Wor, қара сирақ-Rhizoctonia solani Kuehn, Olpidiumbrassiae Wor, Pythium debaryanum Hesse, Alternaria, Fusarum туыстарының саңырау құлақтары, фомоз немесе құрғақ шірік- Phoma lingam Desm , жалған ақ ұнтағы- Peronospora brassicae Gaeum, фузариозы- Fusarum oxysporum, альтернариоз- Alternaria brassicae Sacc [36-40] .
Қырыққабаттың бактериалдық ауруының негізгі қоздырғышы-С) Erwinia corotovora Holland, D) Erwinia aroideae Holland, F) Pseudoraonas fluoresens Mid, Xanthomonas compestris Dowson. Қырыққабаттың түкті бактериозы - Xanthomonas compestris Dowson . Барлық даму кезеңінде залалданады. Залалданған өскіндердің тұқым жарнағы ашық түске боялады. Егістікке отырғызылған көшеттерде ауру белгісі 2-3 аптадан соң білінеді. Жапырақтың шетінен бастап ортасына қарай сарғайып, жүйкелер қоңырланады. Өзек пен жапырақтың көлденең кесіндісінде түтіктердің қоңырланғаны айқын көрінеді. Ерте залалданған өсімдікте қаудан байланбай, кейде ол қурайды. Кесел қауданды жинаған кездежиі кездеседі. Бактериоз тұқымдыққа аса зиян келтіреді. Тұқымдық өсімдік ауру сәл дамығанда да қурауы мүмкін. Егістікке отырғыған тұқымдықтың өсуі саябырлап, жапырағы қарайып, сабақтарында қара сызықтар пайда болады. Бұршаққапта қара жылтыр, пішіні мен көлемі әр түрлі дақтар түзіліп, тұқым жетілмейді [41-49] .
Қырыққабаттың шырышты бактериозға тән белгілері - Кесел сулы шрік түрнде білініп, шырыштанып, жағымсыз иісі болады. Қауданның сыртқы жапырақтары шіріп, шырыштанып қоңырланады, ал құрғақ ауарайында залалданған бөліктер кеуіп, жұқарады. Қауданның ішкі бөлігі көбінесе шіріп, өзегінде қуыс пайда болады. Мұндай қаудандар жетілмей, мезгілінен бұрын өзегінен ажырап, түсіп, жағымсыз иістенеді. Бұл аурумен көбінесе насекомдар әсерінен зақымданған өсімдіктер залалданады. Егіске отырғызылған ауру тұқымдық өсімдіктер бірден солып, қурап, шіріп, жағымсыз иісті болады. Қырыққабаттың шырышты бактериозының таралуы - Бұл аурумен көбінесе насекомдар әсерінен зақымданған өсімдіктер залалданады, қоздырғаш егісте қырыққабат шыбыны, қандаласы және т. б. насекомдар арқылы таралады. Қырыққабаттың шырышты бактериозының дамуына қолайлы жағдай және инфекцияның таралуы - қоздырғаш егісте қырыққабат шыбыны, қандаласы және т. б. насекомдар арқылы таралады. Инфекция қоры-өсімдік қалдықтары, ауру қаудандар мен өзектер, арамшөптер және тұқым. Кеселдің дамуына 20-25 0 С температура және 50% ауа ылғалдығы қолайлы жағдай туғызады [50-55] .
Қырыққабаттың фомозға тән белгілері - залалданған тұқым жарнағында ашық-қоңыр түсті дақтар пайда болады. Сабақтың төменгі бөлігінде, тамырда дақтар сарғыш-сұр түсті, сәл басылған. Дақтар кейін қоңырлынып, үстінде қара пикнидалар түзіледі. Ауруға шалдыққан ұлпалар үгіліп, өсімдік қурайды. Залалданған көшетті егістікке отырғызғанда аурудың дамуы жалғасып, өсуі саябырлап, ақшыл-жасыл түске еніп, төменгі жапырақтары қызғылт-күлгін болып немесе көкшілденеді. Дақтарда түзілген пикндалардан споралар шығып, басқа өсімдіктерді залалдайды. Өсіп-өркендеген ересек өсімдіктердің барлық органдарында дөңгелек немесе сопақша, түсі сұрғылт, қоңыр жиекті дақтар пайда болады да, үстіне қара пикнидалар түзіледі. Сабақ залалданған бөліктен сынады. Қоймада сақталу кезінде залалданған тұқымдықтарда ауру өршіп, қауданның өзегі шіріп, үгітіледі. Ондай тұқымдар кейін егістікке отырғызғында өспей, солып қурайды [56-59] .
Қырыққабаттың тамырын залалдайтын ауру түрі - кила, қара сирақ, фомоз. Қырыққабаттың кила белгілері - өсімдік тамырында жеке ісіктер мен буылтықтар пайда болып, бір-бірімен қосылып, кейде тамыр жүйесін түгел қамтыйды. Көшеттерде буылтықтар мұқият тексергенде көрінеді, ал өсіп өркендеген ауру өсімдіктердің жапырақтары ашық-жасыл немесе сарғыш жасыл болып, кейін салбырап, қауданы жетілмейді. Егер қарқынды дамыса өсімдік қауданы мүлдем байланбайды. Қырыққабаттың қара сирақ ауруының ерекше сипаттамасы - ауру алғаш көшеттерде білініп, сабағының түбі және тамыр мойны қарайып, жіңішкеріп, шіріп, өсімдік жапырылып қурайды. Ауру өсімдіктің тамыры нашар даму себебінен олар топырақтан оңай суырылады [60-66] .
Қырыққабат киласы, фомоз, переноспориоз қоздырғыштарының қыстайтын түрі - Переноспориоз ауруының қоздырғышының конидия тасушылары дихотомиялы тармақталып, сәл иілген соңғы тармақтың ұшында бір клеткалы, пішіні сопақша конидиялары пайда болады. Ұлпа ішінде түзілген дияметрі 25-30 мкм ооспоралар өсімдік қалдықтарында қыстап шығып, көктемде өсімдікті алғаш залалдайды, ал қайта залалдану конидиялармен жүреді [67-69] .
Қырыққабат зиянкестері. Ақ көбелектер (қырыққабаттың және шалқанның) . Оңтүстік аймақта көбелектердің ұшуының басталуы наурыз айының басында тіркелді. Жаппай ұшуы, шағылысуы және жұмыртқа салуы наурыз айының бірінші онкүндігінен бастап байқалды. Қырыққабатта жұлдызқұрттарының тууы 25 сәуірден бастап 21 мамыр аралығында анықталды, 1 өсімдікке тығыздығы 0, 1 жұлдызқұртты құрады. Мамыр айының аяғында және шілде айының басында жаңа ұрпақ көбелектерінің ұшуы байқалды. Үшінші ұрпақ көбелектерінің ұшуы шілде айының аяғында - тамыз айының ортасында тіркелді, саны 0, 05-2 дана/өсімдікке болды. төртінші ұрпақ көбелектерінің ұшуы қыркүйек айының басында анықталды. Өсімдікті зақымдау 2, 5%-ға жетті. Қыркүйек айының екінші онкүндігінің соңында және үшінші онкүндікте зиянкес тегіс қыстауға кетті [70-72] .
Солтүстік аймақта бірінші ұрпақ көбелегінің ұшуы созылмалы болды. көбелектер маусым айының бірінші онкүндігінде де кездесті. Қырыққабатта жұмыртқа салуы 6-12 маусымда, жұлдызқұрттарының тууы 12-15 маусым күндері тіркелді. Жұлдызқұрттарының саны 0, 1-2, 4 дана/өсімдікке құрады. Өсімдікті зақымдауы 0, 8-2, 0%-ды құрады. Қуыршақтануының басталуы 29 маусымнан бастап 10 шілде аралығында тіркелді. Үшінші ұрпақ көбелектерінің ұшуы 8-13 тамызда анықталды. Үшінші ұрпақ жұлдызқұрттарының тууы 13-23 тамыз күндері тіркелді. Қырыққабатта жұлдызқұрттарының саны 0, 3-тен 5, 0 дана/өсімдікке ауытқып отырды. Қуыршақтары 1-2 дана/м 2 санымен өсімдік қалдықтарында қыстауға кетті [73] .
Қырыққабат көбелегі. Көкөніс егілген егістіктерде қыстап шыққан қуыршақтарының саны 0, 1-0, 3-тен 2-3 дана/м 2 аралығында болды. қырыққабатта көбелектерінің ұшуының басталуы 12-15 маусымда тіркелді. Жұмыртқа салуы 12-25 маусымда анықталды, 1 жұмыртқа салған орында 20-50 жұмыртқа саналды. Жұлдызқұрттарының тууының басталуы оңтүстік аймақта 10 маусымда, солтүстік аймақта 2-3 шілдеде тіркелді. Өсімдікте 0, 1-3, 0% қоныстанғанда жұлдызқұрттарының саны 0, 1-0, 2 дана/1 өсімдікке құрады. Тамыз айының екінші онкүндігінің ортасында жұлдызқұрттар топыраққа қуыршақтануға кете бастады. Олардың салмағы 240-395 мг жетті. Күзгі тексеру барысында қуыршақтарының саны 0, 5-1, 5 шт. /м 2 құрады [74] .
Қырыққабат күйесі. Оңтүстік аймақта қырыққабат күйесінің бірінші ұрпағы ерте көктемде арамшөптерде дамуын бастады. Жұлдызқұрттарының тууы маусым айының аяғында тіркелді, олардың 1 өсімдікке саны 0, 05 дананы құрады. Бірінші ұрпақ көбелектерінің ұшуының созылмалы болуынан зиянкес барлық даму сатысында кездесті, орташа саны 1 өсімдікке 0, 3 дананы құрады [75-77] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz