Күздік арпаның морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Ауыл шаруашылығының, оның негізгі саласы егін шаруашылығының басты міндеті - халқымызды жеткілікті мөлшерде сапалы азық-түлікпен, мал шаруашылығына қажетті азықпен, өнеркәсіп орындарын шикізетпен қамтамасыз ету, мемлекетіміздің азық-түліктік қауіпсіздігін және экономикалық тәуелсіздігін күшейту үшін керекті сатылатын ауыл шаруашылығы өнімдерін тұрақты түрде көбейтіп, керісінше шеттен келетін өнімдерді азайта беру болады.

Қазақстанда арпа дақылы шаруашылық маңызы және егістік көлемі жөнінен бидайдан кейінгі екінші орынды алады. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында арпаның егістік көлемі 1, 8 млн. га. Оның 90 пайызы мал азығына жұмсалатын болса, 10 пайызы сыра өндірісіне қолданылады. Нарықтық экономикалық қатынасқа байланысты елімізде мал басының көбеюімен қатар, сыра өнеркәсібі жақсы дамуда. Осы себепті бұл өнеркәсіп салаларының негізгі шикізаты арпа дәні болғандықтан оған сұраныс артуда. Осыған байланысты селекционер-ғалымдардың негізгі мақсаты жемдік қасиеті мен сыралық сапасы жоғары арпаның жаңа сорттарын шығару болып табылады.

Күздік арпаны негізінен мал азықтық және дақыл ретінде өсіреді. Қазақстанның мал шаруашылығы саласын ойдағыдай дамытуда жем-азықтық дақылдар өндірісін арттырудың рөлі зор, өйткені жемазыққа бидай астығын пайдалану экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Қазақстандағы негізгі жемазықтық дақылдарға арпа мен сұлы жатады. Жемдік астықтар өндірісін арттыру міндеттеріне байланысты және күздік арпа жаздықтармен салысьырған өте өнімді болғандықтан, оның егісін қазіргі өсірілетін аймақтардан да әрі қарай кеңейте түсу көзделуде. Күздік арпа күздік жауыннан басқа, ерте көктемдік жаңбыр ылғалын әлдеқайда толық пайдалануынан, құрғақ оңтүстік-шығыс желдері болмай тұрып ерте пісуінен, сондай-ақ кештеу пісетін жаздық арпанікінен гөрі өте толық салмақты дән беруінен жаздықтарға қарағанда көп өнім береді. Сонымен қатар арпа үй жануарлары мен құстары үшін бағалы концентратталған жем. Дақыл сабаны мен топанының, әсіресе бұқтырып пайдаланатындарының азықтық құндылығы жоғары. Сондай-ақ, арпа қосылған құрама жем ірі қараның қысқы суыққа, ауруға төзімділінін жоғарылатады [1] .

Дәнінде ақуыздың аз болуы оны сыра қайнату өнекәсібінің құнды шикізаты қатарына жатқызады. Дәнінің құрамында 13, 4%-ақуыз, 2, 0%-май, 54, 0%-крахмал, 9, 0%-пентазондар, 5, 7%- клечатка және 3, 0% шамасында күл бар. арпаны сыра қайнату өндірісінде үлкен роль атқарады, әсіресе сыра ашытқысын (солод) дайындауға қосқатарлы арпа сорттары өте құнды деп есептелінеді, өйткені олардың дәндері біркелкі, ірі, ақуыздылығы төмен (9-12%), қабықтылығы аз мөлшерде (8-10%) және жоғары өну энергиясымен (95%-дан кем емес) ерекшеленеді. Арпа дәнінен ұн, жарма, кофе және спирт дайындайды. Нанның сапасы бидайдікіне қарағанда нашар болғанымен, асқазаны ауыратын адамдар үшін ол диеталық тағам.

Еліміздің оңтүстік - шығысындағы ылғалы жеткіліксіз тәлімі аймақта орналасқан егіншілік аудандарының астық өндірудегі мүмкіндіктері айтарлықтай жоғары. Әйтсе де агротехниканың жетімсіз зерттелуінен аймақтағы арпа өнімі бірталай тұрақсыздыққа ұшыраған және қазіргі талап деңгейіне сәйкес келмейді. Сөз етіп отырған дақылдың өнім құрылымын былай қойғанда, күздік арпаның, әсіресе аудандастырылған Береке 54 және сол тектес сорттардың өнімділігі мен оның жекелеген көрсеткіштеріне кешенді ықпал ететін агротехникалық әдістердің (алғы дақыл, қоректену аясы және тұқым себу мөлшері) жиынтық әсері жөнінде де ғылыми деректер жоқтың қасы [2] .

Сол себепті тәлімі аймақтың топырақ - климат жағдайлары мен аудандастырылған сорттардың биологиялық ерекшеліктерін естен шығармай дүниежүзілік генқорынан алынған күздік арпа сортүлгілерін өсірумен қатар Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағында зерттеулердің қажеттігі туындап, осы еңбектің негізгі мазмұнын сипаттайтын басты арқауға айналды.

Жемдік астықтар өндірісін арттыру міндеттеріне байланысты күздік арпа жаздықтармен салыстырғанда өте өнімді болғандыктан, оның егісін қазіргі өсірілетін аймақтардан да әрі қарай кеңейте түсу көзделуде. Күздік арпа күздік жауыннан басқа, ерте көктемдік жаңбыр ылғалын әлдеқайда толық пайдалануынан, құрғақ онтүстік-шығыс желдері болмай тұрып ерте пісуінен, сондай-ақ кештеу пісетін жаздық арпанікінен гөрі өте толық салмақты дән беруінен жаздықтарға қарағанда көп өнім береді.

Зерттеу нысаны. Дүниежүзілік генқорынан алынған күздік арпа сорттүлгілерінің өнім түзу ерекшеліктерін зерттеу.

Жұмыстың мақсаты. Тәлімі жерге орналастырылған арпа сортүлгілерінен селекция үдерісінде қолдануға бастапқы материал таңдау және Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағының топырақ-климаттық жағдайына бейімделген сортүлгілерін селекциялық-құнды белгілері бойынша таңдап алу.

Жұмыстың міндеті.

1. Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағының топырақ-климаттық жағдайына бейімделген сортүлгiні анықтау

2. Биометриялық өлшемдер және фенологиялық бақылаулар жүргізу нәтижесінде дүниежүзі генқорынан алынған күздік арпа сортүлгілеріне толық шаруашылық-биологиялық баға беру.

3. Күздік арпаның сортүлгілері Қазақстанның оңтүстік аймағының температуралық, ылғалдылық жағдайына бейім екендігін, жапырақтарының су ұстау қабылетін, фотосинтез өнімділігін анықтау арқылы дәлелдеу.

Жұмыс тәсілі. Далалық тәжірибе жүргізу және зертханалық жолмен арпа сорт үлгілерін бағалау.

Жұмыс нәтижелері. Тәлімі жердегі арпа сортүлгілерінен бастапқы материал ретінде қолдануға болатын үлгілер бағаланып алынды, А-445 сортүлгісі сортсынақ жүйесіне ұсынылды.

1 АНАЛИТИКАЛЫҚ БӨЛІМ

  1. Қазақстанда арпа селекциясының қалыптасуы

Арпа - кең таралған және кең ауқымды қолданысымен ерекшеленетін әмбебап мәдени дақыл. Арпаның әртүрлі салада жармалық, азық-түліктік мақсатта, сонымен қатар сыра өнеркәсібінде таптырмас шикізат көзі ретінде қолданылуы оның Қазақстан Республикасының астық өндірісінде маңызды рөл атқарады.

Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағындағы күздік арпа бойынша селекциялық жұмыстардың басталуы А. К. Гольбек және А. А. Орлова есімдерімен тығыз байланысты. 1923 жылдан тәлімі аймаққа арналған ауыл шаруашылық дақылдарының селекциясы Красноводопад тәжірибе егісінде басталды. Орта Азия мемлекеттері мен Қазақстанның оңтүстік аймағының табиғат жағдайымен «тәлімі» аймақтарды үш басты типке бөлді.

Біріншісі - ылғалмен қамтамасыз етілмеген тәлімі жер, ақшыл сұр топырағымен және орташа жылдық жауын-шашын мөлшері - 254 мм, оның ішінде күзде - 37 мм, қыста - 91 мм, көктемде - 108 мм және жаз мезгілінде -18 мм көрсеткіштерімен ерекшеленеді.

Тәлімі жердің екінші типі - ылғалмен жартылай қамтамасыз етілген, ақшыл-қоңыр әлсіз сілтілі топырағымен және орташа жылдық жауын-шашын мөлшері - 401мм, оның ішінде күзде - 68 мм, қыста - 154 мм, көктемде - 165 мм және жаз мезгілінде - 14 мм көрсеткіштерімен ерекшеленеді.

Тәлімі жердің үшінші типі -ылғалмен қамтамасыз етілген, ақшыл қызғылт топырағымен және орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 483 мм, оның ішінде күзде - 102 мм, қыста - 151 мм, көктемде - 178 мм және жаз мезгілінде - 52 мм көрсеткіштерімен ерекшеленеді.

Ылғалмен қамтамасыз етілмеген тәлімі жерлердің негізгі ерекшелігі жауын-шашынның жыл мезгілдеріне байланысты түсуімен ерекшеленеді. Мамыр айынан бастап қазан айының аяғы аралығында олардың 10, 5-14, 5% түседі, яғни өсімдіктердің вегетация кезеңінде тиімді жауын-шашын мөлшері түспейді.

Бұл аймақтарда тұрақты астық өнімін алу үшін ылғалдың жиналу және сақталу жолдарын тауып немесе бар ылғалды ұтымды пайдаланатын және ыстық желдің әсеріне төтеп бере алатын сорттарды шығару міндеті анықталды.

Селекциялық жұмысы бастаған уақытта жаңа сорт шығарудың 2 әдісі болды: қолданыстағы популяцияны сұрыптау - аналитикалық селекция және будандастыру - синтездік селекция. Селекциялық жұмысын арпаның коллекциясы негізінде жүргізді. Оларға бастапқы селекциялық материал ретінде Орта Азияда экспедиция жүргізген уақытында жинақтаған коллекциясынан және жергілікті сорт-популяцияларынан алынған үлгілер болатын. Оларды зерттеу барысында жергілікті тәлімі егістік жағдайларына жергілікті популяциялық сорттар бейім келетіндігі анықталды. Бірақ, олар селекциялық құнды белгілері бойынша біркелкі болмады. Екінші жағынан бұл жағдай сұрыптауға шексіз мүмкіндіктер жасады. Өз жұмысында аналитикалық селекция әдісін қолданған селекционердің жетістігі бастапқы материалды дұрыс таңдауымен, кейінгі жұмыстар үшін тұқым қуалайтын жақсы қасиеттерге ие өсімдіктерді ептілікпен таңдай алумен және олардың ұрпағына дұрыс және жан-жақты баға беруімен ерекшеленді.

Әрбір өсімдікті мұқият таңдап және талдап алды, және олардың ұрпақтары тәлімі жердің барлық аймақтарында сыналды. Бұл оған жаңа сорттарды бағалауды тездетуге, құнды үлгілерін сұрыптап алуға мүмкіндік берді. Осылайша жаңа тезпісетін, өнімділігі жоғары, ірі дәнді сорт - Прекоциус 143 сорты пайда болды, бұл сорттың егіс көлемі 1940- жылдары КСРО-да 1, 5 млн гектарға жетті.

1955 жылдан 1968 жылдар аралығында қалыптастырылған селекциялық материалды зерттеумен астық дақылдары селекциясы бөлімінің аға ғылыми қызметкері Красноводопад селекциялық тәжірибе станциясында айналысты.

Будандастыру әдісінің айтарлықтай нәтижиеге жетуі Красноводопад селекциялық тәжірибе станциясында 1969 жылдан басталды деуге болады. 1969 жылдан осы селекциялық тәжірибе станциясында күздік арпа селекция жұмыстары жүргізіле бастады. Қазақстанның оңтүстік аймағы жағдайында арпаның жылдам масақтануы және аналық гүлдің тозаңды ұрықтануға қабылдауға дайындығы аталықты тозаңдарынан айырғаннан кейін 2-3 күннен соң байқалады, оған қоса арпаның будан ұрықтарының түйнектенуі өте жоғары болады (84%) .

Сұрыптау мен өнімділіктің сандық көрсеткіштері негізінде зерттей отырып түрлі агроэкотипке сәйкес әртүрлі биологиялық типтегі арпаның Шолпан, Бәйшешек, Южно-Казахстанская 43, Береке 54 сорттары жасалып шығарылды және аудандастырылды.

1992 жылдан бастап сыра қайнататын арпамен селекциялық жұмыстар бастау алды. Қазіргі уақытта Красноводопад селекциялық тәжірибе станциясында күздік арпаның өнімділігі жоғары Бастау сорты шығарылып Мемлекеттік сортсынауға тапсырылды.

Қазақ Егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ-да арпа селекциясы 1935 жылдан басталды. Бүкілодақтық өсімдік шаруашылығы ҒЗИ-ның дүниежүзілік коллекциясынан және жергілікті үлгілерден көптеген арпаның сортүлгілері жинақталған. ҚазЕҒЗИ-дың арпа селекцисы бойынша алдағы уақыттағы жұмыстарында пайдаланатын бастапқы материалдың негізгі көзі. Арпаның селекциялық жұмыстарымен қатар ҚазЕӨШҒЗИ -да Алматы облысы жарғдайына сәйкес арпаның жаңа сорттарын шығару жұмыстары 1934 жылдан Бүкілодақтық өсімдік шаруашылығы ҒЗИ-да жүргізілді.

Арпа селекциясының әдістемелік және теориялық мәселелері әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінің аспиранттарының күшімен жасалынды. Осылайша, 1950-1955 жж. арпаның аталық ұрықсыздандырылған масақтарын еркін және жасанды тозандандыру арқылы будандастыруды қолданып дән байлануын 80%-ға дейін қамтамасыз ете алатын әдістеме жасап шығарылды. 1962-1965 жж. Алматы облысы жағдайы үшін арпаның анағұрлым бейімделген биологиялық типтерін анықталды. 1963-1967 жж. зертханалық жағдайда тозаңдарды өндіру әдістемесін жасап шығарды, аналық гаметоциттің өмір сүру ұзақтығын, қосымша жарықтандырудың өсімдіктің дамуына әсерін зерттелген.

Жаздық арпа селекциясы бойынша дербес топ Қазақ Егіншілік ҒЗИ-да алғаш 1965 жылы бидай селекциясы бөлімінің құрамында құрылды. 1965 жылдан 1980 жылдар аралығында жаздық арпаның түрлі жағдайларда буданды популяциясының және сұрыптарының бәсекелестік қабілеттіктерін және диалельді будандастыру әдісімен сандық белгілерінің тұқым қуалау ерекшеліктерін зерттелді. Осы жылдар аралығында топ Зилийский, Іле, Қараой, Жалаңаш дәнді 1278 жаңа сорттарын шығарып, Мемлекеттік сортсынаққа берді, бірақ олар өнімділігі бойынша аудандастырылған сорттармен салыстырғанда айқын басымдықтары байқалмағаннан кейін, кейінгі сынаудан алынып тасталды.

1982 жылдан бастап ҚазЕҒЗИ арпаны селекциясы тобы б. ғ. к Б. С. Сариевтің жетекшілігімен дербес бөлім болып қайта құрылды.

Штаттың ұлғаюымен, аспиранттар қабылдаудан кейін селекциялық жұмыстың көлемі үш есеге көбейген, экологиялық нүктелердің саны артқан, олар Семей, Орал тәжірибе стансалары және Красноводопад мемлекеттік селекция стансиялары. 1982-1993 жылдарды аралығында арпа селекциясын теориялық тұрғыдан негіздеу мақсатында Шығыс селекция орталығының аясында «Арпа» кешенді бағдарлама жасалынды. Бұл бағдарламада Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағына бейімделген арпа сорттарын шығару селекциясының мәселелерін шешудің теориялық және тәжірибелік жолдары анықталды. Арпаның өнімділігіне, ыстыққа, құрғақшылыққа төзімділігіне, сапасына әсер ететін сандық белгілері селекциялық-генетикалық зерттеуден өтті. Гордеин бойынша арпаның морфологиялық белгілерін маркерлеу үшін дақыл сорттарының биотиптік құрамы зерттелді. Өсімдікті күйзелістік жағдайларда өсіру кезіндегі дәннің ақуыздылығын бағалаудың тәсілі жасалды.

Арпаның құрғақшылыққа төзімділігіне селекция жүргізу мәселесі бұл бағыттағы зерттеулердің ең маңыздылардың бірі. Осыған байланысты жаздық арпаның түрлі генотиптерінің өскіндерінен күйзелістік жағдайда бос пролин және триптофан концентрациясының, изопероксидаздар белсенділігінің өзгергіштігін анықтауға бағытталған зерттеулер жүргізілді. Зерттеулер нәтижесінде температуралық фактордың өсімдікке әсер етуі бос пролиннің де, бос триптофанның да концентрациясының жоғарылауына алып келетіндігі және біріншісі екіншісінен 2 есе асып түсетіндігі анықталды, . Сондықтан арпа генотипінің ыстыққа және құрғақшылыққа төзімділігін бағалау үшін бұл бағыттағы зерттеулерде бос пролиннің мөлшеріне көңіл аудару қажет деген тұжырымға келді. Изопераксидаздардың белсенділігі бойынша арпаның ыстыққа және құрғақшылыққа төзімділігін анықтауға болатындығы туралы сенімді деңгейде деректер алынбады.

Осы жылдары селекцияға бастапқы материалдар алу үшін биотехнология әдістері кеңінен қолданылды. ҚазЕҒЗИ ғалымдары арпа сортүлгілерінің каллус құру, регенерациялық мүмкіндіктерін, келешегі бар арпа сортүлгілерінің сомаклондық линияларының селекциялық құндылықтары, генотип пен қоректік ортаның арпа андрогенезіне әсері зерттелді. Зертханалық жағдайда арпаның құрғақшылыққа төзімділігін диагностикалау тәсілі және арпаның құрғақшылыққа төзімділігін бағалаудың орамалық әдісі жасалды.

Жоғарыда айтылған зерттеулердің негізінде 1982-1993 жылдардың аралығында жемшөптік, сыра кайнату бағыттарындағы арпаның селекция үдерісі барысында қолдануға ұсынылған үлгілер топтары жасалды, бұл үлгілер топтарын қолданудың негізінде 1500-ден аса будандық формалар алынды, селекциялық үдерісте келешегі бар жеке дара өсімдіктер мен линиялардың үлкен көлемі зерттелді. Осындай кешенді жұмыстардың арқасында алты сорт (Гаухар, Шалқар, Сәуле, Жұлдыз, Әсем, Асыл) мемлекеттік сортсынаққа берілді. Олардың ішінен 1991 жылы шығарылған Сәуле және 1993 жылы шығарылған Жұлдыз сорттары Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетікстіктердің Мемлекеттік тізіліміне енгізілді. 1986-1989 жылдар аралығында арпаның сандық белгілерінің экологиялық жағдайларға байланысты тұқым қуалаушылығының өзгергіштігін зерттеп тәжірибелік селекцияның алға қойған мақсатын орындауға қажет келешегі бар будандық популяциялар алды.

ҚР АШМ «Өсімдік шаруашылығы және егіншілік ғылыми-өндірістік орталығы» мекемесінің малазықтық дақылдар селекциясы бөлімінде арпа селекциясы 1993-2003 жылдары селекциялық материалдарды ылғалмен тұрақсыз қамтамасыз етілетін аймақтар жағдайына бейімдеуге бағытталды. Арпаның әлемдік селекция нәтижелері бейімдеу селекциясы үдерісінде будандастыру бағдарламасының негізі ретінде жергілікті бастапқы материал алынатын болса нәтиже жоғары болатындығы дәлелденді [2] . Осы ұстанымды қолдана отырып Өсімдік және егіншілік ғылыми-өндірістік орталығы арпа селекциясы бойынша айтарлықтай жетістіктерге жетті. Өсімдік және егіншілік ғылыми-өндірістік орталығы селекциялық жұмыстардың барысында жаздық арпаның 8 сортын шығарып, Қазақстан Республикасында қолданысқа берді, ол үшін 3 мыңнан аса будандастыру жүргізілді. Будандастыруға экологиялық-географиялық биотиптердің мыңдаған бастапқы үлгілері пайдаланылды. ҚР қолдануға рұқсат етілген сегіз сортың бесеуінің гнеалогиясында жергілікті бастапқы материал бар. Бұл заңдылық селекционерге жаздық арпаның бейімделген сорттарын шығару мақсатымен будандастыру кезінде қажеті жоқ будандастыру нұсқаларна уақыт және қаражат жұмсамай селекциялық жұмыстардың нәтижелілігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Арпа селекциясында, басқа да өздігінен тозаңданатын дақылдардікіндей қолдан өзгертуге келмейтін үдеріс популяциядағы ыдырау кезеңінің ұзақтығы және будандық популяциялардың алғашқы ұрпақтарынан тұрақты формаларын сұрыптау алуға мүмкіндіктің болмауынан жаңа сорттардың шығару кезеңдерінің айтарлықтай ұзақтығы. F 2 -F 3 будандық популяциялардан гомозиготалық ұрпақтар алу селекция үшін теориялық және тәжірибелік маңызы зор үдеріс, жаңа сорттар шығару мерзімін қысқарту мүмкіндігін тудырады. Hordeum bulbosum гаплопродюссерін қолдану арқылы алынған екі еселенген гаплоидтардың негізінде арпа сорттарын шығару жұмыстары табиғи жағдайда жүргізілді (H. Disticum×H. bulbosum) . Бұл ретте табиғи күйзелістік жағдайда алынған эмбриондардың тіршілікке икемділігі жоғары болуының арқасында олардан алынатын екі еселенген гаплоидтардың қалыпты селекция жолымен алынған будандармен бәсекелікке түсу мүмкіншілігі жоғары болатындығы күтілді (кесте 1) .

1993 жылы екі еселенген гаплоидтар алу үшін будандастырудың 5 нұсқасы (Г1344/1355 × Одесский 100, 44/8-68 × Одесский 100, Одесский 100 × 93/80-3, Одесский 100 × 44/81-68) қолданылып арпаның F 1 буданары алынды.

Кесте 1 - Сорттардың, әдетті селекция сортүлгілерінің және екі еселенген гаплоидтар өнімділігі

Жылдар
Сорттар
Әдетті селекция сортүлгілері
Екі еселенген гаплоидтар
ЕЕА 095
Саны
өнім
саны
өнім
саны
өнім
Жылдар: 1997
Сорттар: 3
Әдетті селекция сортүлгілері: 51, 6
Екі еселенген гаплоидтар: 21
ЕЕА095: 54, 1
1
53, 6
4, 4
Жылдар: 1998
Сорттар: 3
Әдетті селекция сортүлгілері: 48, 6
Екі еселенген гаплоидтар: 14
ЕЕА095: 51, 1
3
52, 6
5, 4
Жылдар: 1999
Сорттар: 3
Әдетті селекция сортүлгілері: 53, 1
Екі еселенген гаплоидтар: 22
ЕЕА095: 52, 2
5
52, 4
3, 6
Жылдар: 2001
Сорттар: 3
Әдетті селекция сортүлгілері: 39, 6
Екі еселенген гаплоидтар: 33
ЕЕА095: 42, 5
1
43, 8
5, 0

Осы будандық популяциялар негізінде гаплоидтық технологияны қолданып 48 диплоидты өсімдіктер алды. Осы өсімдіктердің тұқымдарын, әрқайсысын жеке-жеке көбейткеннен кейін олар селекциялық үдерістің тәлімбағында зерттелді және екі еселенген гаплоидтар өнімділігі бойынша дәстүрлі сортүлгілерімен және стандартты сорттармен салыстырылған.

Арпаның дигаплоидтарын зерттеу нәтижесінде сортсынау байқауының құрамында селекциялық құнды белгілері бойынша бөлініп шыққан Ақжол атымен ДГ-29 (Одесский 100 х 93/803) сорты 2000 жылы мемлекеттік сортсынауға берілді .

1. 2 Сорттың бейімделу қабылетінің дәнді дақылдардың өнімділігі мен сапасын тұрақтандыруда атқаратын рөлі

Жердің интенсификациялану факторының артуына байланысты мәдени дақылдардың өнімділігі 20-ғасырдың 2-жартысында, 2-3 есеге артты. Оның негізі себептерінің бірі интенсификациялау факторының арқасында қолданысағы сорттардың зиянкестерге, дақылдың түрлі ауруларына төтеп беру қабылетінің жоғарлауы деп саналады. Егерде жаңа дамып келе жатқан мемлекеттерде өткен ғасырдың 60-70 жылдарында дәнді дақылдың өнімділігі біріншіден жердің құнарлығына, ал екіншіден сортына байланысты өсті дейтін болсақ Германияда 1952-1975 жылдар аралығында күздік бидайдың өнімі артуының негізін 62%-ға жаңа технологиялар құрады. Соның арқасында Германияда 1950-1978 жылдары қара бидайдың өнімділігі гектарына 22, 2 ц-ден 35, 2 центнерге дейін артты. Ал одан кейінгі жылдары гектарына небәрі 50 кг артты.

Ал арпа мен бидайдың өнімі атап көрсетілген уақыт аралығында гектарына 82 кг-ға асты. Бидай өнімділігі жаңа технологиялардың арқасында 68%-ға, жаңа сорттардың арқасында 32%-ға артса, арпа өнімділігіне жаңа технологиялар мен жаңа сорттардың әсерінен гектарына 59 кг-ға артып, сәйкес 49 және 51% құрады.

Англия зерттеушілерінің деректері бойынша өнімнің артуына негізгі әсер ететін факторлар: гербицидтер мен жердің құнарлығын арттыратын заттар, әсіресе микротыңайтқыштар мен азот.

1967 жылдан бері көптеген зерттеушілердің пікіріне сәйкес өнім артуының негізгі факторы «сорт» болып табылады. Англияның заманауи сорттары гектарына 140 ц-ге дейін өнім түзеді. R. Austinнің айтуынша жаңа сорттардың арқасында Англиялық бидайдың өнімдік әлеуеті ең жоғары сатыға көтерілді.

АҚШ ғалымдарының пікірінше өткен жүзжылдықтың 50-70 жылдарында астық дақылдарының өнімділік әлеуетінің артуына кең көлемде пестицидтер мен жердің құнарлығын арттыратын заттар және жаңа дамыған ауылшаруашылық техникасын қолдану арқасында екендігі атап көрсетіледі.

Кеңестер одағында мәдени дәнді дақылдардың өнімділігі өткен ғасырдың 60-80 жылдар аралығында гектарына 55-59 кг артты. Сол кездегі прогресс интенсификациямен және жер өңдеу мәдениетінің өсуімен байланысты [3] .

Елімізде жаңа интенсивті типті сорттардың пайда болуының арқасында, яғни күздік бидайдың Мироновская 808, Безостая 1, қара бидайдың Восход 1 және Восход 2, арпаның Московский 121 дәнді дақылдар өнімділігі жоғары қарқынмен дамыды. Бірақта кейінректе бұл тұрақтылық өзгерді. Сорттардың құрылымдық ерекшеліктері жаңа технологияларды қолдануға мүмкіндік бермеді. Мысалы: 1970 жылдардың аяғы мен 1980 жылдардың басында Ресейдің қаратопырақсыз аймағында арпаның жоғары сапалы Московский 121, Надя, Эльгина және т. б сорттары 80% алқаптан жоғары өнім бере алмады. Себебі бұл аймақтың экстремалдық, экологиялық және эдафикалық жағдайлары тура келмеді.

1980 жылдары дән өнімділігінің артуына кең көлемде техногендік факторларды қолданғандықтың арқасында екенін айтқан жөн. Жердің құнарлығын арттыру 1980 жылдардың бірінші жартысында астық өнімділігін айтарлықтай өзгерткен жоқ. Ал, сорттың генетикалық әлеуетін арттырудың арқасында астық өнімділігі орта есеппен гектарына 3 ц-ге артты, ал күздік бидайдікі 8 ц-ге артты. Бұл жетістіктер күздік бидайдың өнімділік әлеуеті гектарына 80-100 ц, қара бидайдың 60-70 ц, жаздық бидайдың 50-60 ц, сұлының 60-80 ц сорттарын Рессей федерациясының пайдалануға рұқсат етілген сорттар мен будандардың Мемлекеттік реестріне кіргізіп, өндіріске енгізудің арқасында мүмкін болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арпа дақылын өсіру
Арпа аурулары
Астық дақылдарының аурулары
Қазақстанда арпа селекциясының қалыптасуы
Жармалар. Дәнді бұршақ дақылдар
Дәнді дақылдардың түрлері
Шаруашылықтың сипаттамасы, топырақ-климат жағдайы
Арпа жармасының функционалдық қасиеттері
Арпаның түр тармақтары, топтары және түршелері
ОҚО арпаны өндіру жағдайлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz