Құрылыс материалдары



Тақырыбы:Құрылыс материалдары
Жопар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1)Құрылыс материалдар дегеніміз не?
2)Линолеум туралы жалпы түсінік
3)Пенопласт дегеніміз не?
4)Битум
5)бетон дегеніміз не?
Қорытынды
Қолданылған Әдебиеттер тізімі
Құрылыс материалдары – үйлерді, ғимараттарды салу мен жөндеуде пайдаланылатын табиғи және жасанды материалдар мен бұйымдар. Негізгі құрылыс материалдарының түрлері:
 табиғи тау жыныстарынан жасалған құрылыс материалдары (дара тастар, қиыршық тастар, т.б.);
 органикалық (битум, қарамай, синтетикалық шайыр, т.б.) және бейорганикалық (цемент, әктас, гипс, т.б.) байланыстырғыш материалдар;
 жасанды құрылыс материалдары және құрастырмалы құралымдар мен бұйымдар (құрылыстық керамика, бетон, темір-бетон,асбест-цемент, темір, шыны және силикаттан жасалған бұйымдар);
 ағаш материалдары және олардан жасалған бұйымдар (есік және терезе блоктары, ағаш талшықты және ағаш үгінділерінен жасалған тақталар, т.б.);
 металдан жасалған бұйымдар (көтергіш және қоршау құралымдары, құбырлар, рельстер, т.б.);
 синтетикалық шайырлар мен пластмассалар (линолеум, пенопласт, т.б.).
Әр түрлі табиғи тау жыныстарынан іргетастар, қабырғалық әшекейлік, т.б. құрылыс материалдары жасалынады. Органикалық байланыстырғыш заттардан жол құрылысына қажетті жабын, ылғал өткізбейтін заттар дайындалады. Ағаш жаңқасынан жұқа әшекейлік тақталар жасау үшін байланыстырғыш заттар ретінде синтетикалық шайырлар пайдаланылады. Бейорганикалық заттардың ішіндегі ең негізгісі – цемент. Одан бетон, темір-бетон, асбест-цемент, құрылыс қоспалары сияқты құрылыс материалдары жасалады. Әктастан бу қысымымен алынатын силикаттық бетон, кірпіш әрі құрылыстық қоспалар дайындалады. Жасанды құрылыс материалдары жасалу технологиясына қарай байланыстырғыш заттар көмегімен жасалатын бетон, темір-бетон, асбест-бетон, асбест-цемент, силикаттық бетондар мен кірпіш, құрылыс қоспалары; саз топырақтан (балшықтан) күйдіру арқылы алынатын керамикалық құрылыс материалдары; құмды түрлі қоспалар қосып балқыту арқылы алынатын кеуек материалдар, ситалдар, минералдық мақталар болып бөлінеді. Жасанды құрылыс материалдарының негізгі бір түрі – металдар. Олар құрылыста әр түрлі құралымдар (көпірлер, өндірістік құрылыстар, жер сілкінісіне шыдамды құрылыстық қаңқалар және темір-бетон арматуралар,
Қолданылған әдебиеттер:
1)Қазақ ұлттық энцеклопедиясы 4 том
2) Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Аныктамалық басылым.- Алматы: 2003.
3) Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Сәулет және құрылыс / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар:
4) Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред.,
5) “Қазақ Энциклопедиясы”, V-том
6) “Қазақ Энциклопедиясы”, VII-том
7) Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар : «ЭКО»ҒӨФ. 2007.-29 1 б. I
8) Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі
9) “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚарМТУ жанындағы тезнологиялық колледжі

Тақырыбы:Құрылыс материалдары
Орындаған:Мұхамедия Г.М
Тексерген:Жумкина А.Т

Қарағанды 2012
Тақырыбы:Құрылыс материалдары
Жопар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1)Құрылыс материалдар дегеніміз не?
2)Линолеум туралы жалпы түсінік
3)Пенопласт дегеніміз не?
4)Битум
5)бетон дегеніміз не?
Қорытынды
Қолданылған Әдебиеттер тізімі

Құрылыс материалдары - үйлерді, ғимараттарды салу мен жөндеуде пайдаланылатын табиғи және жасанды материалдар мен бұйымдар. Негізгі құрылыс материалдарының түрлері:
# табиғи тау жыныстарынан жасалған құрылыс материалдары (дара тастар, қиыршық тастар, т.б.);
# органикалық (битум, қарамай, синтетикалық шайыр, т.б.) және бейорганикалық (цемент, әктас, гипс, т.б.) байланыстырғыш материалдар;
# жасанды құрылыс материалдары және құрастырмалы құралымдар мен бұйымдар (құрылыстық керамика, бетон, темір-бетон,асбест-цемент, темір, шыны және силикаттан жасалған бұйымдар);
# ағаш материалдары және олардан жасалған бұйымдар (есік және терезе блоктары, ағаш талшықты және ағаш үгінділерінен жасалған тақталар, т.б.);
# металдан жасалған бұйымдар (көтергіш және қоршау құралымдары, құбырлар, рельстер, т.б.);
# синтетикалық шайырлар мен пластмассалар (линолеум, пенопласт, т.б.).
Әр түрлі табиғи тау жыныстарынан іргетастар, қабырғалық әшекейлік, т.б. құрылыс материалдары жасалынады. Органикалық байланыстырғыш заттардан жол құрылысына қажетті жабын, ылғал өткізбейтін заттар дайындалады. Ағаш жаңқасынан жұқа әшекейлік тақталар жасау үшін байланыстырғыш заттар ретінде синтетикалық шайырлар пайдаланылады. Бейорганикалық заттардың ішіндегі ең негізгісі - цемент. Одан бетон, темір-бетон, асбест-цемент, құрылыс қоспалары сияқты құрылыс материалдары жасалады. Әктастан бу қысымымен алынатын силикаттық бетон, кірпіш әрі құрылыстық қоспалар дайындалады. Жасанды құрылыс материалдары жасалу технологиясына қарай байланыстырғыш заттар көмегімен жасалатын бетон, темір-бетон, асбест-бетон, асбест-цемент, силикаттық бетондар мен кірпіш, құрылыс қоспалары; саз топырақтан (балшықтан) күйдіру арқылы алынатын керамикалық құрылыс материалдары; құмды түрлі қоспалар қосып балқыту арқылы алынатын кеуек материалдар, ситалдар, минералдық мақталар болып бөлінеді. Жасанды құрылыс материалдарының негізгі бір түрі - металдар. Олар құрылыста әр түрлі құралымдар (көпірлер, өндірістік құрылыстар, жер сілкінісіне шыдамды құрылыстық қаңқалар және темір-бетон арматуралар, т.б.) жасауға пайдаланылады. Ағаш материалдары және олардан жасалған бұйымдарға ағашты механикалық өңдеу барысында алынатын материалдар (бөренелер, кесілмелі материалдар, паркет, фанера, т.б.) кіреді. Металдардан, негізінен, болат илемі құрылыста кеңінен қолданылады. Олардан темір-бетондарға қажетті арматуралар, ғимараттың каркастары, көпірдің құрылыстық өткіндері, жылыту жүйелері, жабын материалдары, т.б. жасалады. Әлемдік практикада ең алғаш Қазақстанда жаңа керамикикалық "золокерам" материалдары жасалып, өндіріске енгізілді.
Линолеум -- еденге төсейтін материалдардың бірі. Ол тазалық сақтауға қолайлы, берік, оңай жуылады, түрі есем. Негізгі бастапқы шикізатына (ұштастырғыш шикізатына) қарай поливинил-хлоридті (тұрғын үй бөлмелерінде еденге төсеу үшін коп қолданылады), алкидті (глифталды, вальтонды), коллоксилинді (нитролинолеум), резеңкелі (релин) және басқа линолеумдерге бөлінеді. Арқаусыз (бір және көп қатпарлы) және бөріктеуші (маталы, пергаминді) немесе жылу шығармайтын, дыбыс өткізбейтін арқауы бар линолеум де болады. Бір түсті және түрлі түсті (оның ішінде өрнекті) болуы да мүмкін. Линолеумді әдетте, ені 0,5 м- ден 2 м-ге дейін, қалыңдығы 1,6 мм-ден 5 мм-ге дейін болатын рулон түрінде шығарады (тұрғын бөлмелерде еденге төсеу үшін көбінесе қалыңдығы 2,5 мм-лік линолеум қолданылады). Рулон екі немесе одан да коп бөлек линолеумнен тұрады, бірақ олардың әрқайсысының ұзындығы кем дегенде 3 м болуға тиіс. Поливинилхлоридті линолеум полимер материалдан -- поливинилхлоридтен жасалады, әдетте, матадан астары болады. Бір тегіс бояулы және түрлі түсті етіліп жалпы ұзындығы кем дегенде 12 м рулон түрінде шығарылады. Алкидті линолеумдер өсімдік майы (мақта, зығыр, күнбағыс майы және т.б.) негізінде жасалады; астары тек матадан тұрады. Бүл -- линолеумның үйкеліске неғұрлым төзімді түрі, жылу мен дыбыс өткізбейтін жақсы қасиеті бар. Клейстерді дайындау үшін картоп ұны немесе басқа үн -- 85%, скипидар -- 15% керек. Ұнға аз мөлшерде су құйып, сұйық қамырға айналғанша араластырады, сосын оны қайнап тұрған суға сыздықтатып құйып (суды ұнның салмағынан шамамен үш еседей коп етіп алады), қоймалжың массаға айналғанша араластырып, сонан соң скипидар (бұлғай отырып) қосу қажет. Клейстер дайындаудың бұдан басқа да тәсілін ұсынуға болады.Ұнға салмасынан үш есе коп мөлшерде су қосып, 70° С-қа дейін жылытып, осы температурада 30 минуттан 1 сағатқа дейін араластырады, сонан соң алынған масса салмағының 3 пайызындай күйдіргіш натрдың 20%-дық ерітіндісін қосады да, біркелкі мөлдір массаға айналғанша араластырады. Казеинді-эмульсиялы мастиканы мата астарлы линолеумді желімдеу үшін қолданады. Мастиканы ОБ (кәдімгі) маркалы казеинді желімнен, зәйтүн майынан (кез келгені), әктас ұнтағынан (тартылған әктас), судан дайындауға болады. Казеинді желімге аз мөлшерде жылы су қосып, біркелкі массаға айналғанша араластырады, сонан соң қалған судың бәрін үстеп құяды, осыдан кейін массаның бөртуіне мүмкіндік беру керек (шамамен 30 минут), сонан соң зәйтүн майы мен әктас ұнтағын қосып, мұқият араластырады. Мастиканы 4 -- 5 сағатқа дейін пайдалануға болады.
Пенопласт, көбікті пласт -- газбен толтырылған пластмасса. Пенопласт көбікті (пенопласт) және кеуекті (поропласт) деп бөлінеді. Пенопласттың жеңіл (тығызд. 5,0 гсм3), өте жеңіл (тығызд. 5,0 -- 8,0 гсм3) және эластиктік, қатаң, жартылай қатаң түрлері де алынады. Пенопластты алу технологиясы композицияны дайындау процесінен, полимер жүйесіне газ фазасын енгізуден, көбіктенген массаға қажетті қалыпты беруден тұрады. Пенопласттың жанғыштығы, жылу және химия төзімділігі оны құрайтын полимердің табиғатына, ал су, ылғал сіңіргіштік, электрлік қасиеттері макроқұрылымның морфологиясына байланысты. Пенопласт -- жеңіл жабдықтауда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикадағы құрылыс материалдары нарығының теоретикалық негіздері
Кәсіпoрындағы мaркетингтік қызметті ұйымдастыру
Құрылыс материалдарына шолу
АБК - зертхана ЖШС құрылыс материалдары зертханасының аккредиттеу саласы
Полимерлік байланыстырғыш материалдар
Құрылыс салуға жасалған шарт бойынша түсім мен шығындар
Сот тауартану сараптамасы
ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ туралы ақпарат
Құрылыс материалдар қасиеттері
Қазақстандағы құрылыс салаларына шолу
Пәндер