Тараз автобус парк ЖШС кәсіпорынның бас жоспары


АННОТАЦИЯ
Дүйсенов Момбек Садыбакасович. Тараз қаласындағы «№1 Тараз автобус паркі» ЖШС-нің автоқозғалтқыштар цехындағы жұмыстарды ұйымдастыруды жетілдіру. Дипломдық жоба. -М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, 2010. - ___ бет.
Жобада «№1 Тараз автобус паркі» ЖШС-нің автобустарына техникалық қызмет пен ағымдық жөндеуді ұйымдастыру жұмыстары жетілдірілген. Компрессорды шашып-жинауға арналған бейімдеме жобаланып, оны өндіріске енгізуге ұсынылған. Кәсіпорындағы еңбекті қорғау және өнеркәсіптік экология мәселелері қарастырылған.
Жобада ұсынылған іс-шаралардың экономикалық тиімділігі есептеулер негізінде дәлелденген.
Суреттер , кесте , графикалық бөлімінің сызбасы бет.
АННОТАЦИЯ
Дуйсенов Момбек Садыбакасович. Совершенствование организации работы моторного цеха ТОО «Таразский автобусный парк №1» г. Тараз. Дипломный проект. -Таразский государственный университет им. М. Х. Дулати, 2010. - ___ с.
В проекте совершенствовано организация работ по техническому обслуживанию и текущего ремонта автобусов ТОО «Таразский автобусный парк №1». Разработано и предложено к внедрению приспособление для разборки и сборки турбокомпрессора. Рассмотрены вопросы по охране труда и промышленной экологии на предприятии.
На основе расчетов подтверждена экономическая эффективность разработанных в проекте мероприятий.
Иллюстраций , таблиц , графическая часть листов.
ANNOTATІON
Duisenov Mombek Sadybakasovich. Perfection of the organisation of work of motor shop of Open Company «the Taraz bus fleet №1» in Taraz. Degree proekt. -Tarazsky the state university of M. H. Dulati, 2010. − ___ with.
In the project совершенствовано the organisation of works on maintenance service and operating repair of buses of Open Company «the Tarazsky bus fleet №1». It is developed and is offered to introduction the device for the rod control. Questions on a labour safety and industrial ecology at the enterprise are considered.
On the basis of calculations economic efficiency of the actions developed in the project is confirmed.
Illustrations , tables , a graphic part sheets.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 7
1. 1. ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА ТАҚЫРЫБЫН НЕГІЗДЕУ . . . 9
1. 1. Кәсіпорынның қысқаша тарихы
1. 2. Кәсіпорынның шаруашылық қызметі
1. 3. Автопарктың құрамы мен техникалық жағдайы
1. 4. Автопарктың жұмыстарының қысқаша талдауы
1. 5. Қорытынды
2. ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ПЕН ЖӨНДЕУДІ ЖОСПАРЛАУ . . .
2. 1. Пайдалану жағдайларының сипаттамасы
2. 2. Түзету коэффициенттерін таңдау
2. 3. ТҚ пен жөндеу бойынша өндірістік бағдарламаны есептеу
2. 4. ТҚ пен КЖ-дің жылдық бағдарламасын есептеу
2. 5. Өндірістік жұмысшылар санын есептеу
3. ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ПЕН ЖӨНДЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ . . .
3. 1. Техникалық қызметтің тәуліктік бағдарламасын есептеу
3. 2. ТҚ пен АЖ посттарының есебі.
3. 3. Құрал-жабдықтарды таңдау
3. 4. Өндірістік ғимараттардңың ауданын есептеу
3. 5. Өндірісті басқару және ұйымдастыру.
4. КОНСТРУКТОРЛЫҚ БӨЛІМ
4. 1. Жасалатын стендтің қажеттігін негіздеу
4. 2. Бейімдеменің құрылысы мен жұмыс принципі
4. 3. Бейімдеме серіппесінің есебі
4. 4. Стендтің экономикалық тиімділігін есептеу
5. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
5. 1. Бөлшектің қысқаша сипаттамасы және пайдалану жағдайы
5. 2. Бөлшекті қалпына келтіру тәсіліне негіздеме жасау
5. 3. Операция тағайындауы және жабдықтарды таңдау
5. 4. Технологиялық режимдерді есептеу . . .
5. 5. Технологиялық процестерді техникалық нормалау
5. 6. Бөлшекті қалпына келтірудің техникалық-экономикалық негіздеуі
6. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ЭКОЛОГИЯ
6. 1. Қауіпті және зиянды өндірістік факторларды сараптау
6. 2. Ауа желдету жүйесін есептеу.
6. 3. Жұмыс орындарының жарықтандырылуын есептеу
6. 4. Қоршаған ортаны қорғау
7. ЖОБАНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕУІ
7. 1. Бастапқы деректер
7. 2. ТҚ пен АЖ аймағын реконструкциялауға кететін
негізгі және қосымша күрделі салымдарды анықтау
7. 3. Күрделі салымдар
7. 4. Пайдалану шығындарын анықтау
5. 5. Ғимаратты реконструкциялаудан болатын жылдық
экономикалық тиімділік
7. 6. Жобаның техникалық-экономикалық көрсеткіштері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Автомобиль көлігі қалалардағы, сондай-ақ ауылдық жерлердегі тұрғындар үшін де зор маңызға ие болуда. Ол халықтың экономикалық және мәдени тұрмыстық өмірін көтеруі, қала мен ауыл арасындағы әлеуметтік-техникалық, экономикалық және мәдени дамуындағы қарама-қайшылықтарды жоюға, орталық облыстар, еліміздің шалғай жатқан аудандарындағы тұрғындардың өміріндегі жағдайларды теңестіруге ықпал етеді. Автомобиль көлігінің басты міндеті халық шаруашылығы мен тұрғындардың жүктерді материалдық және еңбек қорларының мүмкін боларлық ең төменгі шығындарын пайдалана отырып, тасымалдаудағы қажеттілігін сапалы, дәл өз уақытында қамтамасыз ету болып табылады. Бұл мәселені шешу жалпы пайдаланудағы автомобиль көлігін қолдануды, жүк және товар айналымын айналымдарын арттыруды, материалдық-техникалық негізді нығайтуды, жеке көлік құралдарын ірі автокөлік кәсіпорындарда шоғырландыруды, жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету мен жөндеуін жақсартуды талап етеді.
Техникалық пайдалану автомобиль көлігі жүйесінің бірыңғай түрі болып есептеледі. Автомобиль көлігінің алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі − автомобильдердің пайдалану өнімділігін арттыру және оларды сақтауға кететін шығындарды төмендету болып табылады.
Дегенмен, автобус паркінің техникалық күйін жақсарту өте баяу жүргізіледі. Бұл мәселені шешу, бір жағынан, сыйымдылығы жоғары автобустарды техникалық пайдалану әдістерін жетілдіру, еңбек өнімділігін арттыру, техникалық қызмет пен жөндеу жұмыстарының еңбек сыйымдылығын төмендету, автобустардың жөндеуден жөндеуге дейінгі аралық жүрісін арттыру есебінен жүзеге асырылады. Аталған шарттарға қосымша, жылжымалы құрамның ақаусыз күйде жұмыс атқаруына қажетті өндірістік негізді құру, өндірістік үрдістерде механикаландыру және автоматтандыру құралдарын кеңінен енгізу жұмыстарын орындау да тлап етіледі. Қазіргі уақытта «№1 Тараз автобус паркі» ЖШС-ндегі өндірістік процестерді мехникаландыру деңгейі, салыстырмалы түрде алатын болсақ, өте төмен деңгейде, ал ауқымы болса мардымсыз.
Тарихи тұрғыдан алғанда, еліміздің аумағы арқылы шығыстан батысқа және батыстан шығысқа қарай көлік легі тоқтаусыз өтіп жатты, ал олардың жылжу жиілігі саябырласқан емес. Бұл − Қазақстанның міндетті отандық көлік-коммуникация кешенінің бәсекелестік қабілетін және аумағымыз арқылы өтетеін сауда легінің ұлғаюын қамтамасыз етуде.
Белгілі бір дәрежеде бұл сала біршама дамыған, ұзақ мерзімдік келешекте жан-жақты даму стратегиясына ілесуге тиіс, мұның өзі ұлттық рынокты жан-жақты жетілдіруге, біздің көлік және коммуникациялық қызметімізге ден қоятын жаңа рыноктар іздеу қажеттігін туғызады. Бұл статегия автомобиль жасау, туризм, қызмет жүйесі, жол және күрделі құрылыс салаларын барған сайын дамытуға және отандық өнімнің құнындағы көлік шығынын кемітуге жәрдемдесетін болады.
Автокөлік жолдарын және автокөлік жұмысының сапасын арттыруға байланысты «Қазақстан-2030» стратегиясының бағдарламасында төмендегі мәселелер алға қойылған:
− автомобиль жолдарын қысқа уақыт ішінде құру арқылы халықаралық тасымалдауды қамтамасыз ететін бағыттарды дамыту;
− жекеменшік автомагистральдар салу, қазіргі барларын жекешелендіру мен коцессияларға беру жөніндегі жұмыстарды бастау, оларға замауи талаптар деңгейінде қызмет көрсетілуін қамтамасыз ету;
− ауылдық жерлердегі автомобиль жолдарының желісін басымдық тәртібімен дамыту және ұзақ мерзімді келешекте олардың тығыз табанды жолға көшірілуіне қол жеткізу, олардың қабілетін жақсарту.
1. ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА ТАҚЫРЫБЫН НЕГІЗДЕУ
1. 1. Кәсіпорынның қысқаша тарихы
Біз қарастырмақ болып отырған ААҚ «№1 Тараз автобус паркі» құрылу тарихы өткен ғасырдың ортасынан, атап айтқанда 1950 ж. басталды. Сол кездегі Қазақ ССР-і үкіметінің меншігімен №1 автобаза құрылады. Ол соңғы кездерге дейін Жамбыл қаласы Сүлейменова 21 мекен-жайы бойынша орналасқан еді. №1 автобаза құрылуының басында онда келесі көрсеткіштер болған:
1) Жүргізушілер - 60 адам
2) Жөндеу жұмысшылары - 30 адам
3) Автобустар саны - 30 дана
4) Инженер-техникалық қызметкерлер саны - 12 адам
5) Қызметкерлер саны - 8 адам
1964 жылы 20 сәуіріндегі Қазақ ССР автомобиль көлігі министрінің №54 бұйрығы бойынша №1 Жамбыл автобазасы №1 Жамбыл автобус паркі болып аталды.
Қазақстан Республикасы экономикасының әртүрлі салаларының нарықтық экономикаға көшуіне байланысты 1994 жылы 12 сәуірінде Жамбылдық №1 автобус паркі негізінде «№1 Автобус паркі» ашық акционерлік қоғамы құрылды.
1. 1-кесте. Мекеменің даму тарихы
1. 2. Кәсіпорынның шаруашылық қызметі
«№1 Тараз автобус паркі» ЖШС Тараз қаласы 22 қала маршруты және үш арнайы маршруты бойынша жолаушыларды тасымалдайды сонымен қатар «Темір жол вокзалы - Құмшағал» бағыты бойынша жолаушыларды саябаққа (дачаларға) тасымалдаумен айналысады. Соңғы жылдарда автомобиль паркін жаңарту нашар жүргізілуіне байланысты ААҚ «№1 автобус паркі» жылжымалы құраманың техникалық жағдайы ауыр болып тұр. Нарықтық экономика заманы талаптары бойынша еңбекте арендалық қатынастардың өмірде батыл орын ала бастағанына байланысты автобустар жүргізушілергі арендалық төлемге берілген. Жүргізушілер салық комитетінде жолаушыларды тасымалдауға патент сатып алып күнделікті тасымалдау жұмыстарын жасап, автобустардың техникалық жағдайына қарап жүр. Жүргізушілер автобустарға 1-ТҚ, 2-ТҚ және жөндеу жұмыстарын жасағанда қосалқы бөлшектерді сатып алуға қажетті ақшаны өз қалталарынан төлеп жүр. Қазіргі кезде «№1 Тараз автобус паркі» ЖШС жұмыс жасайтын жұмыскерлердің жалпы саны 167 және олар қызметкерлердің категориясы бойынша былай бөлінеді:
1) жүргізушілер саны - 30 адам
2) жөндеу-көмекші жұмысшылар саны - 18 адам
3) басшы мамандар мен қызметкерлер саны - 6 адам
4) басқалар - 5 адам
«№1 Тараз автобус паркі» ЖШС Тараз қаласы солтүстік-батыс жағында 3-ші автомобиль бұрылысында орналасқан. Кәсіпорын тегіс жерде орналасқан. Автобус паркіндегі автобустар мен жеңіл автомобиль жолаушыларды тасымалдауды қала аумағында және қала маңындағы қатты жабынды жолдармен, ал жүк автомобильдері қала сыртындағы қатты жабынды жолдармен жасайды. Автомобиль паркінің техникалық қызмет және қозғалмалы құрамды жөндеу ережесімен (Положение о техническом обслуживаний и ремонте подвижного состава автомобильного парка) АҚҚ «№1 автобус паркінің» жүк автомобильдері пайдалану жағдайының І категориясы бойынша, ал автобустар мен жеңіл автомобильдері ІІІ категория бойынша пайдаланылады. Мекеме Тараз қ. ыстық-құрғақты ауа райы болатын аймақта орналасқан.
Кәсіпорынның бас жоспары 1. 1-суретте және басқару структурасы 1. 2-суретте көрсетілген.
Кәсіпорынның басшысы - президент болып табылады. Президентке үлкен құқық берілген. Ол бұйрықтар шығара алады. Онда кәсіпорының жұмыс істеу тәртібі мен ережелері көрсетілген. Президент өз жұмысында кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымына сүйене отырып барлық қазіргі және болашақ жоспарын орындайды.
Президенттің үш орынбасары бар: вице-президент, кадрлар бөлімінің басшысы және бас бухгалтер. Орынбасарлардың әрқайсысына бекітілген салалары бар. Олар сол салалардың тиімді жұмыс істеуіне жауап береді.
Вице-президент кәсіпорының ең негізгі, яғни жол-көпір құру жұмыстарының орындалуына жауапты. Вице-президентке ПТО басшысы, бас инженер және бас прорабы қарайды.
ПТО басшысы барлық жылжымалы құрамдардың техникалық жағдайына жауапты. Ал бас инженері мен қызмет көрсету жұмыстарын сапасына қарай ұйымдастырып орындайды.
1- өндірістік, ТҚ-1, ТҚ-2 және жөндеу жұмыстарын атқаруға арналған аймақ; 2- автобустарды жуу станциясы; 3, 4- ашық тұрақ алаңы; 5- Жанар-май станциясы; 6- администрация ғимараты; 7- бақлау бөлімі (КТП) ; 8- Жылыту аймағы (котельная) ; 9- асхана; 10- сауна; 11- элекростанция; 12- жұмысшылардың және жүргізушілердің демалыс орны
1. 1-сурет. «№1 Тараз автобус парк» ЖШС кәсіпорынның бас жоспары
1. 2-сурет. Басқару структурасы
Кадрлар бөлімінің басшысы кадрлар бөлімінің жұмыстарын бақылайды. Кадрлар бөлімі қызметкерлер мен жұмысшылардың біліктілігін арттыруға, жаңадан жұмысшыларды дайындауға, қызметкерлердің құжаттарына, түрлі кадрларға байланысты бұйрықтар шығаруға жауапты.
Бас бухгалтер - бухгалтерияның және қойма орталығының жұмысын ұйымдастырады.
1. 3. Автопарктың құрамы мен техникалық жағдайы
«№1 Тараз автобус паркі» ЖШС Тараз қаласы бойынша жолаушылар тасиды және саяжай бағытында тасымалдайтын автобустар, оған қоса арнайы автомобильдер мен т. б. автокөліктері бар.
1. 3-кесте. Кәсіпорынның автокөлік құрамы
Кәсіпорында жоғарыда қарастырылып кеткендей Тараз қаласы бойынша 23 қалалық бағытты жолаушыларды тасымалдау қамтамасыз етіледі. Бұл маршруттарда 110 автобус жүреді және оның үшеуі арнайы маршрутта сағаттық төлем ақымен 6 автобус жұмыс атқарады. Сонымен қатар кәсіпорын арнайы «Темір жол бекеті - Құмшағал» маршрутта байбақша қоғамдарының мүшелерін дачалар орналасқан участкілерге тасымалдайды.
Өндіріс ашық акционерлік қоғам болғаннан кейін, қоғамның жағдайының жақсаруына өзін-өзі ақтауға өту туралы бизнес-планы орындалуы да және еңбектің арендалық қатынасқа көшуі де ықпал етті. Ол дегеніміз автобустарды жүргізушілерге өз кезегінде өндіріске арендалық ақы төлеп отырады.
Басында осындай жағдайға алғаш рет көшкен кезде өндіріске қиынға соқты, бір-ақ осы кәсіпорын бюджет қорына, жылда ақша түсіп отырғандықтан өндіріс жағдайы жақсарды. Ол дегеніміз кәсіпорын құрамына 4 жылдан бері жаңа автобустар саны 25-ке көтерілді.
Кәсіпорынның техника-экономикалық көрсеткіші келесі 1. 4-кестеде көрсетілген.
1. 4-кесте. Кәсіпорынның техникалық-экономикалық көрсеткіштері
Белгі
ленуі
1. 4. Автопарктың жұмыстарының қысқаша талдауы
Кәсіпорындағы жұмысшылардың жалпы саны 192 адам, соның ішінде персонал категориясымен:
Жүргізушілер - 115 адам; Жөндеуші-қалпына келтіруші жұмысшылар -38 адам; Қызметкерлер мен басқарушы специалистер-24 адам; басқалар-15.
Техникалық қызмет және жөндеу жұмыстарын атқаратын жұмысшылардың кәсіпорындағы автотранспорттардың бір қалыпты жұмыс істеуін тұрақты ұстауға әрекетін жасайды.
Жөндеуші-қалпына келтіруші жұмысшылардың цехтар мен аймақтарға бөлінуі 1. 4-кестеде көрсетілген.
1. 3-сурет. Өндірістік корпус
1. 5-кесте. Жөндеу цехтары, аймақтар және арнайы посттардың ауданы
1. 5. Қорытынды
Біздің жүргізген талдау нәтижесінде Тараз қаласы «№1 Тараз автобус паркі» ЖШС кәсіпорынның өндірістік шаруашылығына келесі қорытынды тұжырым жасауға болады.
1. Кәсіпорында жылжымалы құрамға ТҚ және жөндеуде жоспарлы ескерту жүйелерінің ережелері сақталмаған.
2. Автобустарға ТҚ және өткізу алдын-ала жоспарлау жұмысы жүргізілмеген.
3. Өндіріс участіктері, соның ішінде қозғалтқыштарды жөндеу бөлмесі қажетті жөндеу-технологиялық жабдықтармен жабдықталмаған.
4. Автобустарға ТҚ-1, ТҚ-2 және ағымды жөндеу технологиялық процесі жүргізілмейді.
5. Кәсіпорында автобустарды ТҚ-1, ТҚ-2 және ағымды жөндеуді ұйымдастырудың жұмыстары жақсы жолға қойылмаған.
Осы дипломдық жобада жоғары көрсетілген кемшіліктерді түзету мен автобустарға технологиялық ТҚ және жөндеу мен ұйымдастыруды жетілдіру мақсаты қойылып, қозғалтқыштарды жөндеу бөлмесі қайта жаңарту жолы қарастырылған.
Қойылған мақсаттарға жету үшін келесі мәселелерді шешу қажет:
1. Автобустарды ТҚ және жөндеуден өткізуге алдын-ала келер жылға есептеу және жоспарлау жұмысын жүргізу.
2. Күнделікті қызмет, ТҚ-1, ТҚ-2 және ағымды жөндеу аймақтарына технологиялық есептеулер жүргізу.
3. Қозғалтқыштарды жөндеу өндірістік бөлмесіне жаңарту жұмыстарын жүргізу.
4. Жұмысшы слесарлардың жұмысын жеңілдететін және өнімділікті ұлғайтуды қамтамасыз ететін конструктивтік құрылымды жобалап, оны өндіріске ұсыну.
5. Технологиялық картаны дайындау.
6. Екбекті қорғау және өнеркәсіптік экология мәселелерін қарастыру.
7. Орындалған жобаның техникалық-экономикалық тиімділігін негіздеу.
2. ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ПЕН ЖӨНДЕУДІ ЖОСПАРЛАУ
2. 1. Пайдалану жағдайларының сипаттамасы
«№1 Тараз автобус паркі» ЖШС Жамыл облысының орталығы Тараз қаласында орналасқан. Кәсіпорынның орналасқан жерінің ауа райы облыстағы климаты ыстық және құрғақ болып есептеледі. Қаңтардағы ауаның орташа айлық температурасы «−15»-дан «+5» градус целцияға дейінгі аралықта жатса, шілдеде «+25»-тен «+40» градус целция аралығында жатады.
«№1 Тараз автобус паркі» ЖШС автобус паркінің автобустары Тараз қаласының тұрғындарына жолаушыларды тасымалдау бойынша қызмет көрсетеді және қалааралық маршруттарда да жолаушылар тасымалдаумен айналысады. Жол төсемінің түрін D 2 − битумдық минеральдық қоспа деп қабылдаймыз.
Пайдалану жағдайларының категориясы жол төсемінің түрімен, жергілікті рельефпен және қозғалыс жағдайларымен сипатталады.
Жоғарыда атап өтілген сипаттамаларды ескере отырып, пайдалану жағдайларының II категориясын қабылдаймыз.
2. 2. Түзету коэффициенттерін таңдау
Түзету коэффициенттерін таңдауды жылжымалы құрамның негізгі бірліктерін ЛиАЗ, ЛАЗ және ПАЗ маркалы автобустар тобы құрайтынын ескере отырып жүргіземіз.
Түзету коэффициенттерінің қабылданған мәндері 2. 1-кестеде келтірілген.
2. 1-кесте. Түзету коэффициенттерінің қабылданған мәндері
Автомобильдер бойынша осыған барлық қалыпты мәндер пайдалану жағдайларының I категориясы анықтамалық жазбаларында келтірілген.
Пайдалану жағдайларының I категориясын пайдаланудың нақты жағдайларына келтіру үшін К 1 , К 2 , К 3 , К 4 және К 5 коэффициенттерін пайдаланамыз. Мұндағы:
К 1 − пайдалану жағдайларын ескеретін коэффициент;
К 2 − жылжымалы құрамның модифкациясын ескеретін коэффициент;
К 3 − табиғи-климаттық жағдайларды ескеретін коэффициент;
К 4 − автокөлік паркінің техникалық күйін ескеретін коэффициент;
К 5 − автокөлік паркінің көлемін, яғни парктегі автобустар санын
ескеретін коэффициент.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz