Көлік техникасының сенімділігі пәні бойынша лекциялық кешен



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Көлік техникасының сенімділігі пәні
бойынша

Лекциялық кешен

Тақырыбы 1 Көлік техникасының (КТ) сапасын қамтамасыз ету проблемалары,
техника саласындағы мағынасы және орны. КТ-нің сапасын және сенімділігін
регламенттейтін нормалық құжаттар.

Машиналардың, құрал-жабдықтар мен приборлардың сенімділігі мен сапасы
көп жағдайларда қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму жетістіктерін
анықтайды. Сенімділік пен сапаны арттыруға байланысты сұрақтарды іс-жүзінде
ғылыми-техникалық дамудың шын мәніндегі бастамашысы болатын, машиналар
сенімділігі саласында теориялық білімі бар инженер шешуі қажет.
Әртүрлі техниканың сенімділігі – сол нысанның жұмыс жасауінің барлық
кезеңін қамтитын көп салалы төтенше мәселе болып табылады. Ол адамның
білімі мен дағдысының жетілуімен бірге әрқашан даму сатысында болады.
Алғашқы дәуірден қазіргі заманға дейін, алғашқы еңбек құралдарынан (тас
пышақ пен балта) қазіргі заманғы космос корабльдер мен роботтарға дейін,
яғни адам қолынан шыққан барлық бұйымды өз шамасы мен мүмкіндігінше сенімді
етуге тырысты. Алайда, тоқтаусыз және шексіз ұзақмерзімді жұмыс істейтін
машинаны жасау мүмкін емес, себебі, уақыт ішінде әртүрлі факторлар
үзіліссіз әсер етуіне байланысты бөлшектердің қасиеттері өзгеріп,
сенімділік көрсеткіштері белгіленген мөлшерден ауытқиды. Экономикалық
есептеулер мұндай машинаны жасау тиімсіз екендігін көрсетеді, себебі, уақыт
өтуімен бірге өндіріс технологиясы өзгеріп, оны жүзеге асыратын машиналарды
да жаңартуды қажет етеді.
Машиналар мен олардың жұмыс жасау жағдайларының әртүрлі болғанына
қарамастан, сенімділік көрсеткіштерінің қалыптасуы жалпы заңдылық бойынша
жүріп, бірыңғай логикалық жағдайларға бағынады және бұл байланыстарды ашу
сенімділікті бағалаудың, есептеудің және болжаудың, сондай-ақ машиналарды
өндірудің, сынаудың және пайдаланудың тұрақты жүйесін жасаудың негізі болып
табылады.
Қазіргі уақытқа дейінгі сенімділік туралы ойлауда негізгі ақпарат көзі
болып табылатын тоқтаулардың статистикасы – бұл тек машина құрылымынан,
технологиясынан және пайдалану жағдайларынан күтілген сенімділік
көрсеткіштерін қаншалықты қамтамасыз етілгені туралы көрініс беретін кері
байланыс белгісі. Сондықтан, статистикалық мәліметтер емес, тек берілген
жұмыс жағдайларында машинаның жұмыс жасау мүмкіндігін есептеу мен болжау,
берілген сапа көрсеткіштерін технологиялық қамтамасыз ету, арнайы сынақтар
өткізу және машинаны пайдалану жағдайларын шектеу ғана сенімділікті
басқару мен оның қажетті деңгейін қамтамасыз ету үшін негіз бола алады.
Жоғарыдағы сұрақтарды шешу мен сенімділікті есептеудің инженерлік
әдістерін жасау осы мәселенің келесі ерекшеліктерімен күрделенеді:
- барлық заңдылықтарда уақыт факторы қатысады;
- машиналардың сипаттамаларының өзгеруін анықтайтын физикалық
заңдылықтар күрделі және әртүрлі;
- бұйым парамтерлерінің өзгеруі кездейсоқ жағдай болып табылады;
- машинаны жасау мен пайдаланудың барлық сатысы сенімділік
көрсеткішінің қалыптасуына өз үлесін қосады.
Сенімділік мәселелері экономикалық мәселелермен тығыз байланысты. Ұзақ
мерзімді жұмыс жасауға есептелген машинаны пайдалану шығындары оны жасауға
кеткен шығыннан да әлдеқайда асып түседі. Машинаның техникалық мүмкіндігін
толық көлемде пайдалану үшін көрсетілетін техникалық қызмет пен жөндеуге
байланысты негізгі шығындар оның сенімділігін қамтамасыз етуге жұмсалады.
Сенімділік туралы ғылым нысандардың техникалық жағдайының өзгеру
заңдылығын, оның ішінде, тоқтаулардың пайда болу заңдылығын зерттейді. Осы
негізде уақыт пен нысандардың аз шығынымен сенімді жұмыс жасауын
қамтамасыз ететін тоқтауды ескерту мен жою бойынша әдістер жасалады.
Қазіргі кезде көліктік техникада микропроцессорлық техника
құралдарын қолдану, олардың жұмыс параметрлерін жоғарылату
(жүктемені, жылдамдықтарды және т.б.), жұмыс істеу дәлдігіне,
олардың тиімділігіне (өнімділік, ПӘК) қойылатын талаптарды
жоғарылату, техниканы бірыңғай басқару жүйесіне келтіру негізінде
автоматтандыру дәрежесін жоғарылату тәрізді даму бағыттары тән.
Осының бәрі сенімділік мәселелерін шешудің бастапқы қажетті
шарттарына жатады.
Сенімділік – уақыт өткен сайын байқалатын техниканың сапасын
сипаттайтын және жұмыс циклінің барлық сатыларында болатын
өзгерістерді бейнелейтін негізгі қасиеттерінің бірі.
Сенімділік туралы ғылым - техникалық құралдар мен жүйелер

сапасының көрсеткіштерінің өзгеру заңдылықтарын зерттейді және
осының негізінде аз уақыт және құрал шығындарын, жұмыстың қажет
мерзімі мен тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін әдістерін
қарастырады.
Сенімділік туралы ғылым маңызды математикалық және жаратылыс тану
ғылымдарына, олардың тиісті проблемаларды шешу үшін қолданылатын
тарауларына негізделеді.
Пәннің мақсаты – ол көліктік техникалар сенімділігінің қажет деңгейін
қамтамасыз ету мәселелерін шешуге әдістемелік ыңғайларды зерттеу және
қолдану.
Осы ғылыми пәнді зерттеп, оқып игеру нәтижесінде студенттер:
Көлік техникасының барлық кезеңдерінде (жобалау, жасау, пайдалану)
сенімділікті қамтамасыз ету проблемалары туралы түсініктерді тереңнен білуі
керек;
Техникалық жүйелердің сенімділігіне қойылатын талаптарды негіздеу және
қамтамасыз ету арқылы тиісті есептерді шешу әдістерін білуі керек;

Тақырыбы 2 Техникалық жүйе (ТЖ) – зерттеу обьектісі. Үйкеліс, оның
түрлері, жіктелуі. Трибология: негізгі ұғымдары, көрсеткіштері,
сипаттамалары.

Беттердің үйкелісі және оларды майлау
Үйкеліс – бұл бір беттің екінші бетке қарағандағы қарама-қарсы
қозғалысқа кедергісі. Қозғалыс кезінде бөлшектердің сырғанау немесе айналу
үйкелісі болуы мүмкін. Көлік құралдарындағы үйкелетін бөлшектердің тозуы
көптеген факторларға байланысты болады, оларды үш топқа біріктіріге болады:
- үйкелетін жұптардың материалы мен жасалу технологиясы (металлдар мен
басқа материалдардың физикалық-химиялық қасиеттері, өңдеу дәлдігі,
геометриялық пішіні, саңылаулардың мөлшері, т.б.);
- үйкелетін беттердің пайдалану жағдайлары: температура, қысым,
жылдамдық, қоршаған ортаның агрессивтілігі немесе шаң болуы, т.б.;
- қолданылатын майлау материалдарының сәйкестігі және сапасы.
Алғашқы екі фактор бөлшектерді жобалау және жасау кезінде маңызды
болса, ал оларды пайдалану кезінде майлау материалдарын дұрыс таңдау мен
сапасының жоғары болуының маңызы жоғарырақ.
Үйкелетін бөлшектер арасындағы майлану мөлшері мен май қасиеттеріне
байланысты қатты, шекаралық, жартылай сұйықты және сұйықты майлану арқылы
үйкелістер деп ажыратады.
Майлау материалынсыз үйкеліс кезінде беттердің өте кіші кедір-
бұдырлығының механикалық ілінісуі мен түйісу аймағында беттердің
молекулярлық өзара әсерлесуі болады. Бұл жағдайда үйкеліс күші Амонтон-
Кулон заңы бойынша өрнектеледі:

(1)
мұндағы N –нормаль күш;
f - үйкеліс коэффициенті.
Үйкеліс коэффициенті беттердің микро- және макро-кедір-бұдырлығына,
түйісетін материалдардың физикалық қасиеттеріне байланысты болады. Ол
қысымның артуына, пластикалық деформациялану нәтижесінде салыстырмалы орын
ауыстыру жылдамдығының және температураның төмендеуіне байланысты артады.
Оның мәнінің шегі үлкен, металл жұптар үшін – 0,06-дан 0,20 дейін өзгереді.

Тақырыбы 3 ТЖ-дің тозуы. Тозу түрлерінің жіктелуі, тозудың
көрсеткіштері, заңдылықтары және сипаттамалары.

Тозу түрлері мен олардың кезеңдері
Тозу – бұл бөлшек бетінен материалдың бөлінуі мен бұзылу үрдісі және
(немесе) бөлшек өлшемі мен пішінінің біртіндеп өзгеруімен білінетін үйкеліс
кезіндегі қалдық деформацияның жинағы. Белгіленген бірлікпен анықталатын
тозу нәтижесі тозық деп аталады. Бөлшек немесе қосылыс тозығының уақытқа
тәуелділігі 1-суретте көрсетілген.

1-сурет. Тозықтың (J) жұмыс өтіліне (t) тәуелділігі
ОА - өңделу кезеңі; АВ – қалыпты пайдалану кезеңі; ВС – тозудың арту
кезеңі; - тозуды сипаттайтын бұрыш

Іс-жүзінде тозу үрдісін келесі көрсеткіштермен бағалайды:
- тозу жылдамдығы, мсағ

, (3)
мұндағы И – тозу мәні, м;
t – тозу уақыты, сағ.
- тозудың меншікті қарқындылығы

, (4)
мұндағы VД - іс-жүзіндегі түйісу алаңына сәйкес келетін металлдың
деформацияланған көлемі, м3;
п – цикл саны;
dop – іс-жүзіндегі түйісудің элементар аймағының
орташа диаметрі, м;
Ar – іс-жүзіндегі түйісу алаңы, м2.
- сызықтық тозу қарқындылығы

, (5)
мұндағы L - үйкелу жолы, м.
Тозуға төзімділік – бұл материалдың тозуға қарсылық көрсету қасиеті.
Бұл шама - тозу жылдамдығына кері шама болып табылады.
Тозу түрлерінің жіктелуі 2-суретте келтірілген.

Эрозиялық тозу сұйықтың немесе газ ағынының әсері нәтижесінде болатын
механикалық тозу болып табылады. Ол дене бетінен ұсақ бөлшектердің бөлінуі
арқылы байқалады. Эрозиялық тозуға поршень бастарының мүжіліп сынуын,
шығару клапандары мен олардың ершіктеріндегі мүжіліп сынуларды жатқызуға
болады.
Электроэрозиялық тозуға электр тогы өткенде разряд әсерінен беттердің
эрозиялық тозуға ұшырауын жатқызамыз. Бұл тозу түрі тұтандыру оттықтарының
электродтарында болады.
Кавитациялық тозу – бұл температурасы мен қысымы жергілікті өзгеруімен
қозғалатын сұйықпен қатты денені жуған кезде болатын гидроэрозиялық тозу.
Мұндай тозу түрлері қозғалтқыш цилиндрлерінің сыртқы бөлігінде, су
сорабының бөлшектерінде кездеседі.
Жоғарыдағы келтірілген тозу түрлері көлік құралдарында жеке түрінде
кездеспейді. Мысалы, қозғалтқыш цилиндрлерінің жұмыс беті абразивті тозуға,
молекулярлық-механикалық тозуға және коррозиялық-механикалық тозу түрлеріне
ұшырауы мүмкін. Бұл тозу түрлерінің әрқайсысы жетекші немесе қозғалтқыштың
жұмыс істеген режиміне және жағдайларына байланысты қосымша болып келеді.
3-суретте тозудың уақытқа тәуелділігін келтірілген. Осы тәуелділікке
сәйкес тозу кезеңдерін толық түрде қарастырайық. Машиналардың тозу кезеңін
шартты түрде үшке бөлуге болады (3-сурет). Бірінші кезеңді бастапқы тозу
немесе толық өңделу кезеңі деп атайды, бұл кезде бөлшектердің үйкелетін
беттерінің микро- және макрогеометриялық өңделуі жүзеге асырылады және
айтарлықтай дәрежеде техникалық жағдайының көрсеткіштері тұрақталады. Көлік
құралдарының агрегаттарының көп бөлігі үшін бұл кезең барлық жұмыс өтілінің
1,5-2,5 % құрайды. Толық өңделу кезеңі бастаушы және аяқтаушы өңдеу
кезеңдеріне бөлінеді.

Тақырыбы 4 Жұмыс жасау қабілеттілігінің бұзылуы

Техникалық қызмет көрсету және сенімділік
Көлік техникасын пайдалану үрдісі кезінде жұмысқа қабілеттілігін бірте-
бірте жоғалтады. Осы үрдістің жүру ұзақтығы әрбір бөлшек үшін әртүрлі
болады.
Жылжымалы құрамдардың техникалық жағдайы мен сенімділік деңгейін
жоғарылатуды Жылжымалы құрамдарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу
туралы Ережелермен тағайындалған ТҚК мен жөндеу түрлерін өз уақытында және
сапалы орындаумен қамтамасыз етіледі.
ТҚК мерзімділігі және көлемі тиімді еңбек және қаржы шығындарында
тоқтаулардың санын минимумға келтіріп, көлік техникасының және оның
агрегаттарының күрделі жөндеуге дейінгі ресурсын қамтамасыз етуі тиіс.
Жылжымалы құрамдарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу туралы
Ережелерде көлік техникасының әртүрлі модельдері үшін, завод нұсқаулары
негізінде, олардың құрылысының ерекшелігі ескерілген техникалық қызмет
көрсетулердің технологиялық процестері жобаланған.
Ірі көлік техникасының кәсіпорындарында, ереже бойынша, техникалық
қызмет көрсету мен ағымдағы жөндеуді орындауға арналған маманданған
бекеттері және желілері болады, сондай-ақ олардың орындалу мерзімділігін
жоспар-лауды және сапасын бақылауды ұйымдастырады. Бірақ, осыған қарамай
осы кәсіпорындарда ТҚК мерзімділігі мен көлемдерінің нормадан ауытқуы әбден
мүмкін. Шағын көлік техникасының кәсіпорындарында жоғарыда айтылған
ауытқулар жиі кездеседі. Сонымен қатар, жалпы көлік техникасына тән ең
қарапайым талаптардың орындалуы олардың сенімділігін жоғарылатуға жағдай
жасар еді.
Техникалық қызмет көрсету көлік техникасының пайдалану үрдісі кезінде
сенімділігін және техникалық дайындығын жоғарылататын ұйымдастыру-
техникалық іс-шаралар кешенінен тұрады.
Көлік техникасының агрегаттары мен механизмдеріндегі елеусіз ақаудың
өзі егер өз уақытында түзетілмесе өзімен бірге бөлшектердің қарқынды
тозуын немесе үлкен жөндеуді қажет ететін тоқтауды тудыруы мүмкін.
Сондықтан техникалық қызмет көрсету көлік техникасының желіге қандай да бір
ақаумен шығуын болдырмайтындай етіп ұйымдастырылу керек. Осы шартты орындау
үшін көліктерге техникалық қызмет көрсетуін алдын ала жоспарланған кестеге
сәйкес бақылау, бекіту, реттеу және майлау жұмыстарының белгілі кешенінің
жүргізілуімен жүйелі түрде өткізілуі тиіс.
Көлік техникасын пайдалануда ең үлкен тиімділікке және шығындарды
азайтуға қол жеткізу үшін техникалық қызмет көрсетудің режимі жылжымалы
құрамның түріне, оның техникалық күйіне, пайдалану жағдайларына, пайдалану
материалдарының сапасына, жүргізу шеберлігіне және т.с.с. барынша сәйкес
келуі керек. Демек, әртүрлі пайдалану жағдайлары үшін бірыңғай ТҚК
режимінің қабылдануы орынды емес.
ТҚК түрлерінің көптігі және олардың арасындағы мерзімділіктің аз болуы
олардың орындалуын ұйымдастыруды қиындатып, парктің техникалық дайындық
коэффициентін төмендетеді де көлік техникасының қызмет көрсетуде тұруын
және қаржы шығындарын арттырады. ТҚК-нің үлкен мерзімділігі көлік
техникасының желідегі тоқтауларын және жөндеу көлемін көбейтеді.
Демек, эталондық пайдалану жағдайлары үшін қабылданған ТҚК режимі әрбір
нақты жағдайда әрбір автокөлік кәсіпорнының ерекше жағдайлары ескеріліп,
түзетілуі тиіс.

Жұмыс жасау қабілеттілігінің бұзылуы себептері.
Машиналардың жұмыс жасау қабілеттілігінің бұзылуына жеткізетін
тоқтаулар мен ақаулардың пайда болу себептеріне - металдардың шаршауын,
ескіруін, қалдық деформацияны, коррозияны және негізгі себебіне -
бөлшектердің үйкелетін беттерінің тозуын жатқызуға болады.

Тақырыбы 5 Көлік техникасындағы сенімділік. Сенімділік теориясындағы
терминдер, ұғымдар және анықтамалар.

Жөндеу және сенімділік
Жөндеу сапасына, демек, жөнделген көлік техникасының сенімділігіне
өндірістік үрдіске қатысатын барлық қызметтер әсерін тигізеді (20-сурет).
Мысалы, автомобильге амортизациялық жүріс кезеңінде ағымдағы және
күрделі жөндеулер орындалады. Автокөлік кәсіпорындарының тәжірибесі жаңа
автомобильдердің жүрісі, күрделі жөндеуден кейінгі автомобиль жүрісінен
2,5-3 есе артық болатынын көрсетті. Күрделі жөндеуден кейінгі автомобиль
жүрісінің елеулі қысқаруы жөндеудің төмен сапасымен байланысты. Жөндеуден
кейін автомобиль жарамды бөлшектерден (жөндеусіз орнатылатын), қалпына
келтірілген және жаңа бөлшектерден жиналады. Егер, жөндеуде қолданылатын
жаңа бөлшектердің сапасы автомобиль заводында қолданылатын бөлшектердің
сапасынан төмен болмаса, онда автомобиль жөндеуінің сапасы жарамды және
жөнделген бөлшектердің сапасынан және жинау, реттеу жұмыстарының сапасына
байланысты болады.
Бөлшектердің жарамдылығы жөндеу кезіндегі техникалық шарттармен
анықталады. Сондықтан кейде жарамды бөлшектерден жиналған қосылыстарда
саңылаулар жаңа бөлшектерден жиналған осындай саңылаулардан 2,5-3 есе
артық етіп орнатады. Кейбір жарамды бөлшектердің өлшемдері мен формасынан
басқа, олардың материалының құрылымы да өзгереді. Демек, жарамды
бөлшектерден жиналған қосылыстар мен тораптардың тозуға төзімділігі, жаңа
бөлшектерден жиналған осындай қосылыстардың тозу төзімділігінен төмен
болады.
Жөндеу кезінде үйкелісетін бөлшектердің беттерін өңдеу сапасын
төмендету, олардың қарқынды тозуына себепші болады (3-сурет). Сондықтан
жөндеу кезіндегі беттердің өңделуі көлік техникасы заводында қабылданған
тазалықтан төмен болмауы керек.

Автомобильдің жөндеуден кейінгі сенімділігіне және ұзақмерзімдігіне
жинау технологиясы ерекше үлкен әсерін тигізеді. Бірсыпыра жағдайларда
қозғалтқыштарды, беріліс қорабын және жетекші белдіктерді жинау кезінде
қосылысқан бөлшектер арасындағы саңылаулардың және керіп отырғызулардың
ауытқуы, бөлшектердің дұрыс орнатылмауы, статикалық және динамикалық
теңгерілмеуі, бөлшектердің деформацияға ұшырауы, сондай-ақ қуыстар мен
каналдардың қоқыстануы және т.с.с. сияқты ақауларға жол беріледі. Мысалы,
цилиндрлер блогы қақпасының бекітпелерін бірқалыпсыз, ретсіз тарту кезінде
цилиндрлердің геометриялық формасы, яғни эллипстігі өзгереді. Цилиндрлердің
жұмыс жасауі кезінде олардың қызуынан аталған ауытқу 1,5-2 есе артып,
поршеньдердің қарысуын, цилиндрлердің ішкі беттерінің тырналуын және т.с.с.
ақауларды тудырады. Сондықтан автомобильдің агрегаттары мен механизмдерін
жинау кезінде бекіту бөлшектерінің тарту нормаларын қатаң сақтау керек, ол
үшін динамометрлік кілттерді пайдаланады. Бөлшектердің дұрыс орналасуын
сақтау үшін әртүрлі бақылау аспаптарын, шаблондарды қолдану, сондай-ақ
маховиктердің, іліністердің, гидромуфталардың, кардан біліктерінің заводтық
теңгерілуін сақтау талап етіледі. Жинауға түсетін барлық агрегаттар мен
механизмдер алдын ала сынаудан, тексеруден және тиісті реттеулерден өтуі
тиіс.
Өндірістік үрдістің әрбір сатысында автомобильді жөндеу
тазалығына ерекше назар аудару керек. Ол үшін әртүрлі жуу ерітінділерін,
сығылған ауамен бөлшектерді үрлеуді, сондай-ақ бөлшектер мен механизмдерді
тазалаудың вибрациялық, ультрадыбыстық және т.с.с. әдістерін қолданады.
Өнім сапасы деп оның қолданылатын мақсатына сәйкес белгілі бір
қажеттіліктерді қанағаттандыруға жарамдылығын анықтайтын қасиеттерінің
жиынтығын айтады. Өнім сапасының қасиеттерінің жиынтығын сапа
көрсеткіштерімен бағалайды. Сапа көрсеткіштерін мақсаттық, сенімділік,
технологиялық, тасымалдау, стандарттау және бірыңғайлау, қауіпсіздік,
экологиялық, эстетикалық, патенттік-құқықтық көрстекіштер деп бөледі. Соның
ішінде сенімділік - өнім сапасының негізгі көрсеткіштерінің бірі, яғни,
сенімділік жоғары болмаса, өнім сапасы да жоғары болмайды.
Сенімділік – пайдалану, техникалық қызмет көрсету, жөндеу, сақтау мен
тасымалдау барысында нысанның берілген режимдерде міндетті функцияларын
орындау бейімділігін сипаттайтын және оның барлық параметрлік мәндерін
белгіленген шектеулерде сақтау қасиеті.

Тақырыбы 6 Сенімділіктің қасиеттері және негізгі көрсеткіштері.
Сенімділіктің қасиеті – тоқтаусыздық. Тоқтаусыздықтың көрсеткіштері
және сипаттамалары, математикалық байланыстары.

Сенiмдiлiк күрделi көрсеткіш болып табылады, ол өзiне тоқтаусыздық,
ұзақмерзiмділiк, жөндеуге жарамдылық және сақталыну сияқты қасиеттердi
кiргiзедi. Сенiмдiлiк қасиет ретiнде, бiрiншiден, көліктердi пайдалану
жағдайларында оның сапалық көрсеткiштерiнiң ағымдағы күйiн сандық бағалауға
мүмкiндiк бередi, екiншiден, осы көрсеткiштердiң қаншалықты тез өзгергенiн
анықтайды.
Тоқтаусыздық - бұл автомобильдiң белгiлi уақыт немесе жүрiс iшiнде
жұмыс жасау қабілеттілігін үздiксiз сақтау қасиетi. Тоқтаусыздықты бағалау
үшiн келесi негiзгi көрсеткiштердi қолданады: тоқтаусыз жұмыс iстеу
ықтималдылығы; тоқтауға дейiн және тоқтауға орташа жұмыс өтілі; қалпына
келтiрiлмейтiн бұйымдар үшiн тоқтаулардың қарқындылығы; қалпына
келтiрiлетiн бұйымдар үшiн тоқтаулар ағынының параметрi.
Ұзақмерзiмділiк – бұл автомобильдiң жұмыс жасау қабiлеттiлiгiн ТҚК
мен жөндеу жұмыстарын өткiзудiң тағайындалған жүйесiнде шектiк жағдайға
жеткенге дейін сақтау қасиетi. Ұзақ мерзiмдiлiктiң негiзгi көрсеткiштерi:
орташа ресурс және орташа жұмыс жасау мерзiмi; гамма-пайыздық ресурс және
гамма-пайыздық жұмыс жасау мерзiмi. Сенiмдiлiктi анықтау кезiнде бұл
көрсеткiштер, әдетте, жеке бөлшектер үшiн де, сондай-ақ бүтiндей агрегат
және автомобиль үшiн де қарастырылады.
Жөндеуге жарамдылық - бұл автомобильдiң ТҚК мен жөндеудi орындау
арқылы жұмыс жасау қабiлеттiлiгiнiң сақталуына және қалпына келтiрiлуiне,
сондай-ақ тоқтауларды ескертуге және анықтауға бейiмділiк қасиетi. Жөндеуге
жарамдылықтың негiзгi көрсеткiштерiне ТҚК мен жөндеу операцияларын
орындаудың орташа ұзақтығы мен еңбек мөлшерi жатады. Бұл көрсеткiштер
әртүрлi автомобильдердi нормалау және салыстыру кезiнде қолданылады.
Сақталыну - бұл бұйымның берілген функцияларын орындау қабілеттілігін
сипаттайтын көрсеткiштерiнiң мәндерiн оны сақтау және тасымалдау кезiнде
және одан кейiн де берілген шектерінде сақталу қасиетi.
Сақталыну бұйымдардың орташа және гамма-пайыздық сақтау мерзiмдерiмен
сипатталады. Автомобиль көлігінде бұл көрсеткiштер келесі жағдайларда
қолданылады: автомобильдер үшiн оларды ұзақ мерзiмдi сақтау кезiнде және
тасымалдауда; материалдар (майлар, сұйықтықтар, бояулар) және бұйымдардың
басқа түрлерi (шиналар, аккумулятор батареялары және т.б) үшiн оларды қысқа
мерзiмдi және ұзақ мерзімді сақтау кезiнде.
Бұйымдарға (бөлшектерге, агрегаттарға, автомобильдерге) бақылау
жүргiзе отырып немесе олар туралы есеп берiлген мәлiметтердi пайдаланып,
олардың сенiмдiлiк қасиеттерiне ықтималды сипаттама беруге, сондай-ақ
техникалық күйдiң өзгеру заңдылықтарын бағалауға болады. Бұл сипаттамалар
автомобильдердiң ТҚК мен жөндеуiн ұйымдастырудың практикалық мәселелерiн
шешу үшiн, сондай-ақ техникалық пайдалану нормативтерiн анықтау үшiн керек.
Сенімділік көрсеткіші – бұл нысан сенімділігін құрайтын бір немесе
бірнеше қасиеттерінің (тоқтаусыздық, ұзақмерзімділік, жөндеуге жарамдылық,
сақталыну) сандық сипаттамасы.

Тақырыбы 7 Сенімділіктің қасиеті – ұзақмерзімділік. Ұзақмерзімділіктің
көрсеткіштері және сипаттамалары. Ұзақмерзімділікті мөлшерлеп бағалайтын
математикалық байланыстар.

Ұзақмерзiмділiк – бұл көліктердің жұмыс жасау қабiлеттiлiгiн ТҚК мен
жөндеу жұмыстарын өткiзудiң тағайындалған жүйесiнде шектiк жағдайға
жеткенге дейін сақтау қасиетi. Ұзақ мерзiмдiлiктiң негiзгi көрсеткiштерi:
орташа ресурс және орташа жұмыс жасау мерзiмi; гамма-пайыздық ресурс және
гамма-пайыздық жұмыс жасау мерзiмi. Сенiмдiлiктi анықтау кезiнде бұл
көрсеткiштер, әдетте, жеке бөлшектер үшiн де, сондай-ақ бүтiндей агрегат
және автомобиль үшiн де қарастырылады.

Ұзақмерзімділік көрсеткіштері
Нысан ұзақмерзімділігі ресурс және жұмыс жасау мерзімімен бағаланады.
Ресурс – бұл нысанның оны пайдалану басынан немесе күрделі жөндеуден
кейін оны қалпына келтірген соң шектік жағдайға жеткенге дейінгі жұмыс
өтілі.
Жұмыс жасау мерзімі - бұл нысанды алғашқы пайдалану кезеңінен бастап
немесе күрделі жөндеуден кейін шектік жағдайға жеткенге дейінгі жұмыс
жасауының күнтізбектік ұзақтылығы.
Жалпы, ресурс бірінші күрделі жөндеуге дейінгі (жөндеуге дейінгі
ресурс), күрделі жөндеулер арасындағы (жөндеулер арасындағы ресурс) және
есептен шығаруға дейінгі (толық ресурс) ресурс деп ажыратылады.
Ұзақмерзімділік көрсеткіштері тізіміне төрт топтық көрсеткіштер кіреді:
орташа ресурс, орташа жұмыс жасау мерзімі, гамма-пайыздық ресурс және гамма-
пайыздық жұмыс жасау мерзімі.
Орташа ресурс және орташа жұмыс жасау мерзімі келесі теңдеулермен
анықталады:
, (1)
, (2)

мұндағы N - берілген түрдегі бақыланатын нысандар саны;
tpi және tслі – і-ші нысанның ресурсы мен жұмыс
жасау мерзімі;

Гамма-пайыздық ресурс – нысан шектік жағдайға пайызбен берілген
ықтималдылықпен жетпейтін қосынды жұмыс өтілі.
Гамма-пайыздық жұмыс жасау мерзімі - нысан шектік жағдайға пайызбен
берілген ықтималдылықпен жетпейтін пайдаланудың күнтізбектік
ұзақтылығы.
Автомобильдер мен тракторлар үшін мөлшерленген =0,9 қабылданған.
Гамма-пайыздық ресурс пен жұмыс жасау мерзімі келесі теңдеумен
анықталады:
- қалыпты үлестірілу заңы кезінде
-
, (3)
, (4)
мұндағы - қалыпты үлестірілу заңының квантилі;
- орташа квадраттық ауытқу.

- Вейбуллдың үлестіру заңы кезінде

, (5)
, (6)

мұндағы - Вейбуллдың үлестіру заңының квантилі;
а - Вейбуллдың үлестіру заңының параметрі;
С – барлық нысандардың тоқтауға дейінгі жұмыс өтілінің
таралуының басталу аймағының ығысуы (орын ауыстыруы).

Тақырыбы 8 Сенімділіктің қасиеті – сақталымы. Сақталымның көрсеткіштері,
сипаттамалары, оны қамтамасыз ететін әдістері. Сақталымды бағалауда
қолданылатын математикалық байланыстар.

Сақталыну - бұл бұйымның берілген функцияларын орындау қабілеттілігін
сипаттайтын көрсеткiштерiнiң мәндерiн оны сақтау және тасымалдау кезiнде
және одан кейiн де берілген шектерінде сақталу қасиетi.
Сақталыну бұйымдардың орташа және гамма-пайыздық сақтау мерзiмдерiмен
сипатталады. Автомобиль көлігінде бұл көрсеткiштер келесі жағдайларда
қолданылады: автомобильдер үшiн оларды ұзақ мерзiмдi сақтау кезiнде және
тасымалдауда; материалдар (майлар, сұйықтықтар, бояулар) және бұйымдардың
басқа түрлерi (шиналар, аккумулятор батареялары және т.б) үшiн оларды қысқа
мерзiмдi және ұзақ мерзімді сақтау кезiнде.
Бұйымдарға (бөлшектерге, агрегаттарға, автомобильдерге) бақылау
жүргiзе отырып немесе олар туралы есеп берiлген мәлiметтердi пайдаланып,
олардың сенiмдiлiк қасиеттерiне ықтималды сипаттама беруге, сондай-ақ
техникалық күйдiң өзгеру заңдылықтарын бағалауға болады. Бұл сипаттамалар
автомобильдердiң ТҚК мен жөндеуiн ұйымдастырудың практикалық мәселелерiн
шешу үшiн, сондай-ақ техникалық пайдалану нормативтерiн анықтау үшiн керек.
Сенімділіктің сақталыну қасиетін сақталыну мерзімімен бағалайды.
Сақталыну мерзімі – тоқтаусыздық, ұзақмерзімділік және жөндеуге жарамдылық
көрсеткіштерінің мәні белгіленген шектерінде сақталынатын нысанды сақтау
және (немесе) тасымалдаудың күнтізбектік ұзақтылығы.
Сақталыну көрсеткіштері тізіміне екі топтық көрсеткіштер кіреді:
сақталынудың орташа мерзімі және гамма-пайыздық сақталыну мерзімі.
Сақталынудың орташа мерзімі – бұл нысанды сақтау мерзімінің
математикалық күтімі.
, (1)

мұндағы tci – i-ші нысанның сақталыну мерзімі.

Сақталынудың гамма-пайыздық мерзімі – пайызбен берілген
ықтималдылықпен нысанның сақталыну мерзімі.
- қалыпты үлестірілу заңы кезіндегі гамма-пайыздық сақталыну мерзімі:
, (2)

- - Вейбуллдың үлестірілу заңы кезіндегі гамма-пайыздық сақталыну
мерзімі:

, (3)

Сенімділікті болжау
Көлік техникасының және оның элементтерінің сенімділігіне болжам жасау-
бұл автомобильдің және оның бөлшектерінің техникалық күйінің өзгеруіне
алдын-ала болжам жасауды және олардың тоқтаусыз жұмыс жасау ұзақтығын
анықтауды зерттейтін ғылыми бағыт. Болжам жасау көлік техникасының және
оның бөлшектерінің қалдық ресурсын, техникалық күйінің өзгеруін, жөндеу
және ТҚК санын, қосалқы бөлшектер шығынын анықтау үшін және т.б. сенімділік
саласындағы есептерді шешу үшін қолданылады. Сенімділік көрсеткіштеріне
болжам жасау алуан түрлі критерийлер бойынша (мысалы, қажуға беріктік, тозу
динамикасының үрдісі, виброакустикалық көрсеткіштер, майдағы тозу
өнімдерінің құрамы, еңбек және қаржы шығындарының көрсеткіштері бойынша)
жүргізілуі мүмкін.
Болжам жасаудың қазіргі тәсілдерін үш негізгі топқа
бөледі:
1. Сараптық бағалау тәсілдері- мамандар пікірлерін қорытындылауға,
статистикалық өңдеуге және талдауға негізделген;
2. Модельдеу тәсілдері, ұқсастық теориясының негізгі ережелеріне
негізделген және зерттеу нысанының моделін қалыптастырудан,
тәжірибелік зерттеулерді жүргізуден және модельден алынған мәндерді
нақты нысан үшін қайта есептеуден тұрады;
3. Статистикалық тәсілдер, оның негізіне болжам жасалатын параметрлердің
уақыт бойынша өзгеру заңдылығы жатады. Осы заңдылықтарды суреттеу үшін
мүмкіндігінше айнымалылары аз болатын қарапайым аналитикалық
функцияны таңдап алады.
Цилиндр гильзасы мысалында қозғалтқыш бөлшектерінің ұзақмерзімділік
көрсеткіштеріне болжам жасаудың әдістемесін қарастырайық.
Цилиндр гильзасының тоқтау моделін тұрғызу кезінде келесі факторлар
ескеріледі: цилиндрлер гильзасының көпшілігінде бірінші поршень сақинасының
жоғарғы шеткі нүктесіндегі орнына сәйкес келетін ең үлкен тозу болатын
учаскелер кездеседі; бір қозғалтқыштың цилиндрлер гильзасы үшін орташа
максимал тозулардың елеулі бірқалыпсыздығы байқалады.
Сериялы шығарылатын қозғалтқыштар үшін гильзалардың тозуы жөнінде
мәліметтер тозу қарқындылығы түрінде жинақталғандықтан тозу моделі келесі
өрнекпен анықталады:

(1)

мұндағы mu- тозу қарқындылығының кездейсоқ шамасы, мкммың км;
R- автомобиль жүрісі, мың км.
Линеаризацияның өте дәл тәсілін пайдаланып, орташа ресурс пен
ресурстың орташа квадраттық ауытқуы σR үшін формуланы жазайық:

, (2)
, (3)

мұндағы In- тозудың шектік мәні, мкм;
σu- тозу қарқындылығының орташа квадраттық ауытқуы,
мкм1000 км.

Гильзалардың алмастырылуы немесе цилиндрлердің жонылуы біреуінің шектік
мәнге жеткеннен кейін орындалады деп есептейік. Олай болса, бөлшек
тоқтауының моделіне сәйкес ресурсты есептеу үшін ең кіші мәндердің
таралуына арналған формулаларды қолдану керек. Соның ішінде, параметрлері
, σR болатын қалыпты заң үшін:

Тақырыбы 9 КТ – ның сенімділігін жүйелік талдау. Сенімділік
көрсеткіштерін жинақтау әдістері. Сенімділік туралы ақпараттарды жинау
жүйесі

Сенімділік туралы ақпараттар жинау мен өңдеу жүйесі бұйым сенiмдiлiгi
туралы қажеттi және дұрыс мәлiметтер жинау мен өңдеу бойынша ұйымдастыру-
техникалық iс-шараларының орындалуын қарастырады.
Бұйымдардың сенiмдiлiгi туралы ақпараттар жинау мен өңдеу сенiмдiлiктi
арттыруды қамтамасыз ететiн бұйымның жасалу технологиясын, құрылымын, оны
сынауды жетiлдiру мақсатында, диагностикалауды, техникалық қызмет көрсету
мен жөндеудi жетiлдiру бойынша iс-шаралар жасау, күрделi жөндеу өткiзу
сапасын арттыру мен олардың шығынын азайту, қосалқы бөлшектер шығынын
оңтайландыру мақсатында жүргiзiледi.
Көлік құралдарын сенімділікке сынау
Сынау мақсаты – көлік техникасының (бұйымды) сенімділік көрсеткіштерін
анықтау және нормативті көрсеткіштермен салыстыру болып табылады.
Бұйымды функционалдық қасиеттерге және сенімділікке сынайды.
Функционалдық қасиеттерді сынау сенімділікке сынаумен салыстырғанда
анағұрлым қысқа мерзімде жүреді.
Сенімділікке сынауды бұйымның сенімділік көрсеткіштерін берілген
жағдайларда анықтау немесе бағалау үшін жүргізіледі.
Сенімділіктің нормаланатын көрсеткіштерін бақылау келесі жұмыстардан
тұрады: бастапқы мәліметтерді алу және математикалық өңдеу; бұйымның
тағайындалған талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім
қабылдау; бұйымдардың сенімділігін жоғарылату бойынша іс-шараларды дайындау
мақсатымен тоқтаулардың себептерін және салдарларын талдау.
Бастапқы мәліметтерді алу тәсіліне байланысты сенімділік көрсеткіштерін
бақылау тәсілдері МЕСТ 27.410-87 сәйкес есептік, тәжірибелік және есептік-
тәжірибелік болып бөлінеді.
Есептік тәсілдер бұйымның сенімділік көрсеткіштерін бұйымның құрамды
бөліктерінің сенімділігі туралы анықтамалық мәліметтер бойынша, ұқсас
бұйымдардың сенімділігі туралы мәліметтер бойынша, бұйым материалдары мен
элементтерінің қасиеттері және оларға түсетін күштер, тоқтау механизмі және
т.б. ақпарат туралы мәліметтер бойынша есептеуге негізделген.
Тәжірибелік тәсілдер бұйымдарды сенімділікке сынау кезінде алынатын
статистикалық мәліметтерді немесе тәжірибелік пайдалану мәліметтерін
қолдануға негізделген.
Сенімділік көрсеткіштерін бақылау жоспарында келесі мәліметтер болу
керек: сыналатын үлгілердің саны; сынауды жүргізу стратегиясы (тоқтаған
бұйымдарды қалпына келтіру немесе алмастыру, тоқтаған бұйымдарды қалпына
келтірмеу немесе алмастырмау); сынақтарты тоқтату ережелері; тәуелсіз
бақылаулар саны және бұйымның сенімділік бойынша тағайындалған талаптарға
сәйкестігі немесе сәйкес еместігі жөнінде шешім қабылдауға мүмкіндік
беретін осы бақылаулардың теріс нәтижелерінің саны; шешім қабылдау ережесі.
Есептік-тәжірибелік тәсілдер сенімділік көрсеткіштерін тәжірибелік
тәсілдермен анықталатын бастапқы мәліметтер бойынша есептеуге негізделген.
Бастапқы мәліметтер ретінде келесі ақпараттарды қолданады: сынақ немесе
пайдалану барысында алынған бұйым сенімділігі туралы ақпарат; сенімділіктің
бақыланатын кешенді көрсеткішін анықтайтын сенімділіктің жекелеген
көрсеткіштерінің тәжірибелік мәндері; бұйымдардың құрамды бөліктерінің
автономды сынақ кезінде алынған сенімділік көрсеткіштерінің тәжірибелік
мәндері.
Сенімділік көрсеткіштерін бақылау тәсілін сенімділік көрсеткіштерінің
берілген номенклатурасына және нормаларына; сенімділік көрсеткіштерін
бақылау дұрыстығы талаптарына; бұйымның құрылымдық және жұмыс жасау
ерекшеліктеріне; пайдалану жағдайларының сипаттамаларына және режиміне;
тоқтауға немесе шекті күйге дейінгі жұмыс ұзақтығының таралу заңының
түріне; сенімділікке сынау үшін берілетін үлгілердің қажетті санына; сынақ
базасының техникалық мүмкіндігіне және жабдықталуына; сенімділікке сынау
ұзақтығына және құнына қойылатын шектеулерге байланысты таңдайды.
Сынақ түрлері алдын ала, қабылдау, білікті, қабылдау-өткізу, мерзімді,
типті, өз бетінше жүргізілетін және пайдаланулық және т.б. болуы мүмкін.
Барлық осы сынақтар қалыпты немесе жеделдетілген жағдайларда өткізілуі
мүмкін.
Ақпараттар жинау мен өңдеу жүйесiнiң негiзгi мiндеттерi:
- бұйым сенiмдiлiгiнiң көрсеткiштерiн анықтау; бұйым сенiмдiлiгiн
төмендететiн ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көлік техникасына ТҚК және жөндеуді басқару
ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІ
Әскери өнеркәсіптік өндіріс
Өзін өзі тануда» интерактивті әдіс - тәсілдерді оқыту
Мектепішілік бейіндік оқыту
Пәннің оқу - әдістемелік кешені негізінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдіснамалық негізі
Саяси режим түсініктері
Аймақтағы ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік реттеудің теориялық жақтарын ғылыми негіздеу
Практикалық және лекциялық дәрістерді өткізу және оған дайындық
Сенімділіктің кешендік көрсеткіштері
Пәндер