Автокөлік мекемесіндегі жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету мен оларды жөндеу өндірісі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
3

1.
ОРИОН ЖШС МЕКЕМЕСІНІҢ СИПАТТАМАСЫ _ _ _ _
5

2.
ӨНДІРІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМІ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
13

3.
ОРИОН ЖШС ҰСТАЛЫҚ-РЕССОРЛЫҚ БӨЛІМШЕСІН ЖОБАЛАУ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

20

4.
ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
24

5.
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
28

ҚОРЫТЫНДЫ_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
37

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ _ _ _ _ _ _ _ _ _
38

КІРІСПЕ

Қазақстанның көлік-коммуникация кешенінің басты мақсаты еуразиялық көлік жүйесіне кіріу болып қала береді және көліктің негiзгi мiндетi халық шаруашылығы мен тұрғындардың тасымалдауға деген сұраныстарын өз уақытында, сапалы әрi толық қанағаттандыру, оның жұмысының экономикалық тиiмдiлiгiн және бәсекелестiк мүмкiншiлiктерiн арттыру болып табылады. Кез-келген мемлекеттiң көлік жүйесiнде автомобиль көлігі ерекше орын алады. Себебi, мемлекеттiң барлық өндiрiстiк және экономикалық салаларындағы тасымалдануға тиiстi жүктер мен жолаушылардың төрттен үш бөлiгiне дейiнгi көлемi осы автомобиль көлігінің жылжымалы құралдары көмегiмен тасымалданады. Автомобиль көлігі, басқа көлік түрлерiмен салыстырғанда жақын маңға тасымалдау үшiн ең ыңғайлы және тиiмдi көлік түрi болып есептеледi.
Кез-келген мемлекеттің көлік жүйесінде автомобиль көлігі ерекше орын алады. Себебі, мемлекеттің барлық өндірістік және экономикалық салаларында тасымалдануға тиісті жүктер мен жолаушылардың төрттен үш бөлігіне дейін осы автомобиль көлігіның үлесіне тиеді. Ал өз кезегінде автомобиль көлігінің негізгі міндеті халық шаруашылығы мен мемлекет тұрғындарының тасымалдауға деген мұқтаждықтарын дер кезінде әрі сапалы, әрі тез және арзан қамтамасыз ету болып табылады. Автомобиль көлігі басқа көлік түрлерімен салыстырғанда жақын маңға тасымалдау үшін ең ыңғайлы және тиімді көлік түрі болып табылады. Автомобиль көлігінің тиімді және үнемді жұмысы жүк және жеңіл автомобильдерден, автобустардан тіркемелерден және жартылай тіркемелерден құралатын көп салалы автомобиль паркін дұрыс әрі оңтайлы пайдалану арқылы қамтамасыз етіледі.
Автомобиль көлігінің жылжымалы құрамын техникалық жарамды жағдайда ұстап тұру үшін жұмсалатын еңбек және материалдық шығындары автомобиль көлігіндағы жалпы шығындардың едәуір көп бөлігін құрайды. Техникалық ақаулар салдарынан көлік құралдарының бос тұруы мемлекеттің, халық шаруашылығының мақсаты үшін көптеген материалдық шығындар келтіреді. Осы шығындарды азайту автомобиль көлігі саласындағы қызметкерлердің маңызды міндеті болып табылады.
Бұл материалдық және еңбек шығындарды өз кезегінде өндірістік процесстерді кең көлемде механикаландыру және автоматтандыру, сонымен қатар өндірісті басқару мен ұйымдастыруды жетілдіру арқылы азайтуға болады. Бұл проблема бірінші жағынан, автомобиль жасау кәсіпорындарының сенімділігі жоғары және жаңа технологиямен автомобильдер шығару, ал екінші жағынан, автомобильдерді техникалық пайдаланудың тәсілдерін жетілдіру, еңбек өнімділігін арттыру, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарының еңбек көлемін азайту, автомобильдердің жөндеу аралықтарындағы жүретін жол көлемін ұлғайту арқылы шешуге болады.
Қазақстан Республикасының Қазақстан - 2030 экономикалық және әлеуметтік дамуының стратегилық бағыттарында Республикамыздың көліктық-коммуникациялық кешенін ары қарай дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Бұл бағыттарды орындауда осы саладағы жас мамандардың орны ерекше болмақ.

1. ОРИОН ЖШС МЕКЕМЕСІНІҢ СИПАТТАМАСЫ

1.1 Кәсіпорынның қысқаша сипаттамасы

Бүгінгі таңда кәсіпорында автокөліктердің ТҚК және жөндеудің өндірістік үрдістерін жетілдіруге үлкен көңіл бөлініп отыр. ТҚК және жөндеу өндірісі негізгі құжат- Автомобиль көлігі жылжымалы құрамына ТҚК және жөндеу бойынша Ережеге сүйенеді.
Кәсіпорын нарықтық экономика жағдайында жұмысын ұтымды ұйымдастырып, келесі бағыттар бойынша дамуы көзделіп отыр:
- жылжымалы құрам санын жаңа автокөліктерді сатып алу есебінен арттыру;
- тасымалданатын жүк көлемін көбейту;
- жаңа жұмыс орындарын ашу;
- автокөліктердің ТҚК және АЖ үрдістерін ұйымдастыру тәсілдерін жетілдіру.
Орион ЖШС автокөлік кәсіпорны Шымкент қаласында Әлімқұлов көшесінде орналасқан. Негізгі міндеті жолаушы тасымалдау болыртабылады.
Қазіргі кезде аталмыш кәсіпорын жолаушы тасымалдаудан бөлек жеке иеліктегі жүк автокөліктеріне ТҚК және жөндеу жұмыстарын орындаумен де айналысып келеді. Себебі кәсіпорында қажетті құрал-жабдықтар мен білікті мамандар мен жұмысшылар бар.
Орион ЖШС жылжымалы құрамының құрылымы 1.1-кестеде келтіріл-ген.

1.1 кесте
Орион ЖШС жылжымалы құрамының құрылымы
Жылжымалы құрам маркасы
Барлығы
дана
Соның ішінде

КЖ дейін
КЖ кейін
1. ПАЗ - 3205
2. ПАЗ - 672
3. Setra
4. ЛиАЗ
5. ГАЗ-3221[*]
6. ЗиЛ ММЗ-555
7. ГАЗ-2401
8.ГАЗ-53А
9.КрАЗ-256
10.Урал-НЗАС
11.УАЗ-452
12.Автокран
25
2
24
1
14
2
2
1
1
1
1
1
15
1
10
-
10
1
2
-
-
1
-
-
10
1
14
1
4
1
-
1
1
-
1
1
Жиыны:
75
40
35

1.2 кесте
Кәсіпорын ғимараттары мен құрылыстарының құрамы

Ғимараттар мен құрылыстардың атауы

Жоспардағы өлшемдері,м
1
Өндірістік ғимарат
4872
2
Әкімшіліктік-тұрмыстық ғимарат
2442
3
Бақылау-техникалық бекеті
1818
4
Автобустарды жуу учаскесі
1854
5
Тазалау құрылыстары
1224
6
Трансформатор подстанциясы
1218
7
Канализациялық насос станциясы
2
8
Орталық жылу тарату пункті
912
9
Өрт сөндіру насос станциясы
612
10
Өртке қарсы резервуарлар
96
11
Жанармай құю бекеті
96

Орион ЖШС-нің есеп берілген 2015 жылдағы техника-экономикалық көрсеткіштері 1.3-кестеде келтірілген.

1.3 кесте
Автокөлік кәсіпорнының техника-экономикалық көрсеткіштері

Көрсеткіштердің атауы
Өлшем бірлігі
Мәні
1. Техникалық дайындық коэффициенті
2. Тасымал көлемі
3. Жолаушылар айналымы
4. Нарядтағы орташа уақыт
5. Автомобильдердің тәуліктік орташа жүрісі
6. Парктің жылдық жалпы жүрісі
7. АТК-ның жыл ішіндегі жұмыс күндері
8. Бір жолаушының орташа жүрісі
-
мың жолаушы
мың жол . км
сағ
км
мың км
күн
км
0,71
2715,1
11403,2
10-11
200
2284
365
4,1

1.2 АТК техникалық қызметінің соңғы 3-5 жыл ішіндегі жұмысына талдау жасау

АТК техникалық қызметінің жұмысы келесі көрсеткіштермен бағаланады: техникалық дайындық коэффициенті, ТҚК мен жөндеуге жұмсалатын меншікті шығындар, өндірістік процестерді механикаландыру деңгейі, цехтар мен учаскелер бойынша жөндеуде тұру және т.с.с.
Орион ЖШС техникалық қызметі жұмысының талдауы төмендегі диаграммаларда келтірілген.
Кәсіпорынның соңғы 3-5 жыл ішіндегі жұмысының техника-экономикалық көрсеткіштерінің талдауы төмендегі диаграммаларда келтірілген.

1 Қызмет көрсетілетін автомобиль санының өзгеру динамикасы, дана.

2 Тасымалданған жолаушылар көлемі, мың жол.

3 Жолаушылар айналымының өзгеру динамикасы, мың жол.км.

4 Техникалық дайындық коэффициентінің өзгеру динамикасы, Т
Т

5 Болуы мүмкін және іс-жүзіндегі механикаландыру деңгейлері

УМ,%
ЕО
ТО-1
ТО-2
ТР

6 ТҚК-1 және ТҚК-2 операциялар тізімінің орындалу толықтығын талдау

Операция саны
Іс-жүзінде
Норматив бойынша
ТҚК-1
21
39
ТҚК-2
42
71

7 Іс жүзіндегі еңбек мөлшерді tф нормалықпен tн салыстыру

1 ТҚК еңбек мөлшері
Іс-жүзінде
Норматив бойынша
ТҚК-1
3,57
2,68
ТҚК-2
15,23
11,4

8. Тағайындалған ТҚК мерзімділігін іс жүзіндегімен салыстыру
ТҚК мерзімділігі
Іс-жүзінде
Норматив бойынша
ТҚК-1
4860
3600
ТҚК-2
14040
10800

Орион ЖШС техникалық қызметі жұмысының көрсеткіштерінің талдауы оның жеткілікті емес дәрежеде жұмыс істейтіндігін көрсетіп тұр, себебі автомобильдерді жұмысқа қабілетті күйде ұстап тұруға кететін шығындар нормалық мәндерден асып тұр. Бұл, негізінен, автомобильдерді ТҚК мен жөндеу бойынша өндірістік процестердің ұйымдастырылуының және механикаландырылуының төмен деңгейімен түсіндіріледі.

1.3. Қозғалтқыштарды сынау аймағының сипаттамасы

Қозғалтқыштарды сынау аймағы автомобильдер мен қозғалтқыштарды сынаудың күрделі жөндеуге дейінгі болатын бұзылуларды және тағайындалған нормативтермен қамтамасыз ету үшін жүрістерді болдырмауға негізделген. Ағымдағы жөндеудің сипаттамалық жұмыстары: ажырату, жинау, слесарлы, пісіру, ақау, бояу, бөлшектермен қозғалтқыштарды сынауды ауыстыру болып табылады.
Ағымдағы жөнделген қозғалтқыштарды сынау мен жүріс түйіндерінің келесі техникалық қызмет көрсетуге дейін жақсы жұмыс істеп тұруын қамтамасыз етуі тиіс. Ағымдағы жөндеу учаскесінде 5 күндік жұмыс уақытымен 8 сағат ұзақтылықпен жұмыс істейді. Ағымдағы жөндеу аймағында өртті сөндіруге қарсы жәшік және екі тақта орнатылған. Технологиялық жабдық негізінен ағымдағы жөндеу көлемі және техникалық қауіпсіздік жағынан істелген жұмыстарымен сипатталады.
Ағымдағы жөндеуді ұйымдастырудағы және жүргізу технологиясы жұмыстарындағы кемшіліктер.
Ағымдағы жөндеу бекеттері автомобильдің бнлгілі бір түрлеріне ағымдағы жөндеу жүргізуге мамандандырылған. Бекеттік технологиялық карталар әртүрлі автомобильдердің түрлеріне арналған, жұмыс орындауға қажет операциялар және техникалық шарттардан бөлек информациялардың еңбекқуаттары туралы қажетті мағлұматтар жоқ.
Берілген өндірістің үздіксіз жұмыстың көбінесе өнімділігіне, сапасына және ағымдағы жөндеу аймағының жұмыстарын ұйымдастыруға тәуелді болады. Бұл үшін жоғарыда айтылған кемшіліктерді болдырмауға тырысу қажет, осы аймақ жұмыстарының технологиясымен ұйымдастыруды жүзеге ауыстыру қажет, технологиялық және экономикалық жағынан тиімдірек автокөлік кәсіпорнының есеп-жоспарлы шешімдерін қолдану керек.
Берілген өндіріс сапалы және үздіксіз жұмыс істеуі үшін, техникалық қызмет көрсету бойынша бағдарлама дұрыс орындалу үшін және қозғалыстағы құрылымның ағымды жөндеуіне өндірістің дайындау комплексіне жаңартулар енгізу керек.
Бұл комплекстік ең негізгі бөлігі айнымалы қозғалтқыштарды сынаудың, тораптардың және бөлшектердің қосалқы түрлерінің болуы, олар жөндеу учаскелерінің және автокөлік кәсіпорны толығымен қалыпты жұмысын қамтамасыз ету қабілеттілігі. Бұл сұрақ учаскедегі жұмысты ұйымдастыру, олардың техникалық жарқырауы, қойма шаруашылығын ұйымдастыру, Қозғалтқыштарды сынау мен тораптардың ақауына байланысты сұрақтарды шешу сияқты факторлармен тығыз байланысты. Осы сұрақтардың қалай шешілуіне байланысты біз мынадай көрсеткіштердің өзгеруін аламыз, автомобильдің техникалық дайындық коэффициенті, желідегі автомобильдердің шығару коэффициенті сияқты. Осыған орай жалпы жүрістің, жүк айналымының немесе барлық автокөлік кәсіпорынының толығымен жұмыс өнімділігін айтуға болады.
Автокөлік мекемесіндегі кез-келген цехты ,бөлімді немесе учаскені жобалық жағынан дайындау кезінде атқарылатын жұмыстар технологиясына және еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру талаптарына сәйкес белгіленген обьектіде таңдап алынған технологиялық және көмекші жабдықтарды оңтайлы әрі тиімді орналастыру іске асырылу тиіс.
Қозғалтқыштар автомобильдердің ең ауыр, жөндеуі күрделі тораптарына жатады және де ағымдағы жөндеу аймағымен орнатылған байланыс Қозғалтқыштарды сынау цехын мүмкіндігінше ағымдағы жөндеу аймағы бекеттеріне жақын орналастыру мүмкіндігін тудырады.
Қозғалтқыштарды сынау аймағының жұмыс режимі ағымдағы жөндеу жұмыстарын ұтымды ұйымдастырудың негізгі факторларының бірі болып табылады.
Қозғалтқыштарды сынау аймағының жұмыс режимі

1.Бір жыл ішіндегі жұмыс күндері саны - Др.г. = 253 күн.
2.Тәулік ішіндегі ауысымдар саны - с = 1.
3.Жұмыс ауысымының ұзақтығы - Тсм = 8,2 сағ.
4. Қозғалтқыштарды сынау бөлімшесінің жұмыс уақыты - Т = 7 сағ.
ОРИОН ЖШС қозғалтқыштарды сынау аймағында 1 слесарь жұмыс істейді. Цехта атқарылатын тиісті жұмысты орындауға қажетті технологиялық жабдықтар мен құрал-саймандар бар , бірақ олар жеткіліксіз. Жалпы алғанда қозғалтқыштарды сынау аймағының жұмысымен танысу барысында мынадай кемшіліктер анықталды :
oo технологиялық операциялардың операциялардың механизациялау деңгейі төмен, қозғалтқыштарды жөндеуге, ажыратып-жинауға, жуып-тазалауға арналған арнайы жабдықтар өте аз ;
oo автомобильдердің қозғалтқыштарды жөндеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалатын шығындер көлемі нормативтік көрсеткіштерден жоғары.

2. ӨНДІРІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМІ

2.1. Жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету мен оларды жөндеу өндірісі
Автокөлік мекемесіндегі жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету мен оларды жөндеу өндірісі 2.1-суретте келтірілген схема бойынша жүзеге асырылады.

Желіден қабылдау
Күнделікті қызмет көрсету
Диагностикалау
Д
Д

АЖ
-ТҚК
-ТҚК
Жұмыстардың сапасын тексеру
Сақтау
Желіге жұмысқа шығару

2.1-сурет. Автокөлік мекемесіндегі жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету мен оларды жөндеу өндірісі схемасы

Автомобильдерді желіден қабылдау. Желідегі жұмыстан автокөлік мекемесіне қайтып келіп жатқан барлық автомобильдерге кезекші механик тарапынан тексеру жүргізіледі. Автомобильдерді желіден қабылдаудың және оларды жұмысқа шығарудың екі түрлі нұсқасы болуы мүмкін: І - барлық жұмыстар техникалық бақылау бөлімінің бақылаушы механигі тарапынан орындалады; ІІ- автомобильдерді қабылдау мен шығару жұмыстары колонналардың механиктері тарапынан жүргізіледі.
Кезекші механик желіден келіп жатқан автомобильдерді қабылдау барысында ақаусыз автомобильдерді күнделікті қызмет көрсету аймағы мен сақтау алаңына жібереді.
Кезекті техникалық қызмет көрсетуге баруы тиіс автомобильдерді және ақаулары анықталған автомобильдерді кезекші механик, өндірісті басқару бөлімінің диспетчерінің нұсқауларына сәйкес, тиісінше диагностикалау, қызмет көрсету және жөндеу бекеттеріне немесе бекеттер бос болмаған жағдайларда, күту аймағына жібереді. Бұл ретте, кезекші механик автомобильдерді қарап тексеру негізінде есепке алу парағын немесе жөндеу парағын толтырады да, оны өндірісті басқару бөліміне береді.
Күнделікті қызмет көрсету. Автомобильдерді бақылау-тексеру жұмыстарын бақылау-техникалық бекетінің механигі мен жүргізушілер орындайды, ал тазалау мен жуу жұмыстарын, құрамына жинаушылар, жуушылар мен сүртушілер кіретін арнайы бригада жүргізеді, ал кішігірім автокөлік мекемелерінде бұл жұмыстарды жүргізушілер орындайды. Жанар-жағармайлар құю жұмыстарын жүргізушілер атқарады. Автокөлік жүргізушілері тарапынан орындалатын күнделікті қызмет көрсету жұмыстары, оның жұмыс режимінде ажыратылып көрсетілген дайындау-аяқтау уақытында орындалады.
Күнделікті қызмет көрсету жұмыстары орындалғаннан соң, автомобильді жүргізуші қабылдап алады. Техникалық бақылау бөлімінің қызметкерлері автомобильдерді іріктеп, тексереді.
Бірінші техникалық қызмет көрсету автомобильдердің нақты жүрген жолдарына сәйкес жоспарланады және олар автомобильдің беттік парағында бейнеленеді. Бірінші техникалық қызмет көрсетуге ұсынылуы тиіс автомобильдер туралы мәліметтер ақпараттарды өңдеу мен талдау бөлімінің қызметкерлері тарапынан бақылау-техникалық бекетіне, жалпы диагностикалау бекетіне және бірінші техникалық қызмет көрсету аймағына, ең кемі бір тәулік бұрын беріледі. Бірінші техникалық қызмет көрсету алдынан автомобильдер, ақауларды анықтау мен қозғалыс қауіпсіздігіне әсер етуші агрегаттар мен жүйелердің техникалық жаңдайларын анықтау мақсатында, жалпы диагностикалаудан өтеді Д. Диагностикалау барысында ақаулар анықталған жағдайларда олар бірінші техникалық қызмет көрсетуге дейін ағымдағы жөндеу кешеніне жіберіледі.
Бірінші техникалық қызмет көрсету техникалық қызмет көрсету мен диагностикалау кешенінің, жүргізілетін жұмыстардың ерекшеліктеріне қарай әртүрлі мамандықтардағы жұмысшылардан құралған, мамандандырылған бригадалары тарапынан орындалады. Жасалынған жұмыстар сапасын бірінші техникалық қызмет көрсету аймағының бригадирі мен техникалық бақылау бөлімінің өкілі, жұмыстарды орындау барысында немесе жұмыстар аяқталған соң бақылайды. Бірінші техникалық қызмет көрсетудің орындалғаны жайлы мәліметтер техникалық қызмет көрсетудің жоспар-есебіне енгізіледі.
Екінші техникалық қызмет көрсету де автомобильдердің нақты жүрген жолдарына сәйкес орындалады. Екінші техникалық қызмет көрсетуден екі күн бұрын автомобильдер, түзетілуі үлкен көлемдегі жөндеу жұмыстарын қажет ететін ақауларын анықтау мақсатында, тереңдетілген диагностикалауға Д жіберіледі. Анықталған ақаулар екінші техникалық қызмет көрсетуге дейін ағымдағы жөндеу кешенінде жөнделеді. Автокөлік мекемесінде диагностикалау құралдары болмаған жағдайларда, жылжымалы құрам тереңдетілген қарау-бақылаудан өткізіледі.
Автомобильдерді тексеру мен диагностикалау нәтижелері есепке алу парағы мен диагностикалық картаға енгізіледі және олар басқару бөліміне, өндірісті дайындау үшін, беріледі.
Өндірісті басқару бөлімінің диспетчері, инженер мен аға инженер екінші техникалық қызмет көрсетуді дайындауды және орындауды қамтамасыз етеді. Екінші техникалық қызмет көрсету бойынша барлық жұмыстар кешені жұмыстардың бағдарламасына және нақты жергілікті жағдайларға байланысты, ағынды желіде немесе тұйық бекеттерде, мамандандырылған бригадалармен орындалады. Екінші техникалық қызмет көрсету жұмыстарын орындау үшін қажетті қосалқы бөлшектер мен материалдар жұмыс орындарына, өндірісті басқару бөлімінің диспетчерінің нұсқауымен өндірісті дайындау бөлімшесінің қызметкерлерімен жеткізіледі де, тікелей бригадирге, автомобильден шешіп алынғандарының орнына беріледі.
Екінші техникалық қызмет көрсету жұмыстарының орындалу сапасын тікелей екінші техникалық қызмет көрсету бригадирі және техникалық бақылау бөлімінің өкілдері, жұмыстарды орындау барысында немесе жұмыстар аяқталған соң тексереді.
Ағымдағы жөндеу жұмыстары жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету кешені мен бөлімшелерінің және жөндеу бөлімшелерінің мамандандырылған бригадаларымен, өндірісті басқару бөлімінің диспетчерінің нұсқауымен, жүргізіледі.
Ағымдағы жөндеу жұмыстарын орындау үшін қажетті қосалқы бөлшектер мен материалдар ағымдағы жөндеу кешеніндегі тікелей жұмыс орындарына, өндірісті басқару бөлімінің қызметкерлерімен жеткізіледі. Жұмыстарды бастау мерзімі, қосалқы бөлшектер мен материалдардың жоқтығынан немесе жұмыс бекеттерінің бос болмауы салдарынан кешігіп жатқан автомобильдер арнайы жасақталған күту аймағына жіберіледі.
Ағымдағы жөндеу жұмыстарының сапасы оны орындау барысында және жұмыстар аяқталғаннан соң, бригадир мен техникалық бақылау бөлімінің қызметкерлері тарапынан тексеріледі.
Автомобильдерді жұмыс орындарына беру, күту аймағынан жөндеуге беру жұмыстары арнайы жылжытушы жүргізушілермен орындалады.
Автомобильдердің жылжымалы құрамын желіге шығару. Ауысым басталар алдында автомобиль жүргізушісі автомобильді мұқият тексеруі, күнделікті қызмет көрсету жұмыстарын орындауы керек. Жол жүру парағын, автомобиль жүргізушісі, пайдалану қызметінің диспетчерлерінен алады. Автокөлік мекемесінің аумағынан шығар алдында жүргізуші жол жүру парағын ұсынады, ол желіге шығуға рұқсат беретін құжат болып табылады. Автомобильді желіге шығарар алдында ақаулар байқалған жағдайда, есепке алу парағында өтінім рәсімделеді де, ол құжат өндірісті басқару бөліміне берілгеннен соң, автомобиль жөндеу аймағына немесе күту алаңына жіберіледі.

1.2 Жылжымалы құрамның орталықтандырылған жөндеу өндірісін ұйымдастыру.

Жылжымалы құрамға жүргізілетін орталықтандырылған жөндеу жұмыстары базалық мекеменің ағымдағы жөндеу кешенінде немесе орталықтандырылған жөндеудің филиалдардың территорияларында орналасқан, жекелеген бөлімшелерінде орындалады. Орталықтандырылған өндіріс жағдайларында жылжымалы құрамды жөндеу, әдетте, автомобильдердің автобустардың екінші техникалық қызмет көрсетуге келген кезінде, сонымен қатар автобустар мен жеңіл автомобильдердің шанақтарын жөндетуге келген кездерінде жүргізіледі. Жөндеудің орталықтандырылған түрлеріне берілетін өтінімдер филиалдардың өндіріс диспетчерлері тарапынан, автокөлік бірлестігінің базалық мекемесінің орталықтандырылған өндірісті басқару бөліміне беріледі.
Диспетчер, атқарылуы тиіс жұмыстардың көлемі мен түріне, қосалқы бөлшектердің бар немесе жоқ екендігіне және өндірістің жүктелуіне байланысты, әрбір автомобильдің автобустың жеткізілу уақытын белгілеп, оны филиалдарға хабарлайды.
Сонымен қатар, автомобильдер орталықтандырылған жөндеу өндірісіне тікелей желідегі жұмыс барысынан да келіп түсуі мүмкін. Жылжымалы құрамға жүргізілетін орталықтандырылған жөндеу жұмыстарының схемасы 2.2-суретте көрсетілген.

Желідегі жұмыс
Жөндеу сапасын бақылау
Ағымдағы жөндеу
Автомобиль-ді қабылдау
Автомобиль-ді өткізу
Филиал
Жуу
Автомобильдерді сақтау
Д
Филиал

2.2-сурет. Жылжымалы құрамға жүргізілетін орталықтандырылған жөндеу жұмыстарының схемасы.

Жөндеу жұмыстарын орындау үшін келген автомобильдер автобустар оларды қабылдап алғаннан кейін, жуу орнына барады, сосын олар жөндеу аймағына келіп түседі. Автомобильдердің ақауларының сипатына байланысты, олар ақаулы агрегаттың, тораптың, жүйенің жағдайын анықтау мақсатында, элементік диагностикалауға Д немесе тікелей жөндеу аймағына жіберіледі.
Жөндеуге толтырылған өтінім мен диагностикалау нәтижелері негізінде өндірісті басқару бөлімінің диспетчері мыналарды белгілейді:
oo автомобильдің автобустың жөндеу аймағының бекеттері бойынша жүру бағыты;
oo бөлімшелер, бригадалар немесе жекелеген орындаушылар тарапынан орындалатын жұмыстардың басталу және аяқталу уақыттары.
Жөндеу бөлімшелері кешенінің негізгі мақсаты агрегаттарды, тораптар мен құралдарды жөндеу, сонымен қатар бірлестіктің құрамындағы барлық мекемелердің жылжымалы құрамдары үшін бөлшектерді жасау мен оларды қайта қалпына келтіру болып табылады. Жөндеу бөлімшелері кешенінің жұмыс бағдарламасына, автомобиль жөндеу зауыттарында немесе шеберханаларында сыртқы кооперация бойынша орындалатын жұмыстар, кірмейді. Бірлестіктің осы жұмыстарға деген сұраныстары сыртқы кооперация есебінен толық қанағаттандырылмаған жағдайларда, бұл жұмыстар жөндеу бөлімшелері кешені тарапынан орындалады.
Жөндеу бөлімшелері кешенінің жұмысының өндірістік бағдарламасы мен жұмыс көлемі жылдық және айлық жұмыс жоспарларымен анықталады. Жұмыстардың жоспарланған көлемі айлар бойынша, жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу өндірісіне қажетті әртүрлі қосалқы бөлшектерге деген қажеттіліктерге сәйкес, өзгеріп отыруы мүмкін.
3. ОРИОН ЖШС ҰСТАЛЫҚ-РЕССОРЛЫҚ БӨЛІМШЕСІН ЖОБАЛАУ

Автотранспорт мекемесіндегі кез-келген цехты ,бөлімді немесе учаскені жобалық жағынан дайындау кезінде атқарылатын жұмыстар технологиясына және еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру талаптарына сәйкес белгіленген обьектіде таңдап алынған технологиялық және көмекші жабдықтарды оңтайлы әрі тиімді орналастыру іске асырылу тиіс.
Цехтарды немесе бөлімдерді жобалау барысында цехтың есептелінген ауданы көп жағдайда түзетіледі. Себебі жобалау барысында ондірістік ғимараттың элементтерінің конструктивтік өлшемдерімен құрал-жабдықтардың өлшемдері, оларды орналастыру талаптары арасындағы байланыс бір-бірімен үйлестірілуі керек. Осы себептен есептелген цехтың ауданы жоба бойынша нақты жобада көрсетілген қажетті ауданнан 20 пайызға дейін ауытқуы мүмкін.
Агрегаттар автомобильдердің ең ауыр, жөндеуі күрделі тораптарына жатады және де ағымдағы жөндеу аймағымен орнатылған байланыс агрегаттар цехын мүмкіндігінше ағымдағы жөндеу аймағы бекеттеріне жақын орналастыру мүмкіндігін тудырады.
Ұсталық-рессорлық бөлімшесінің жобасы 3.1-суретте келтірілген.

3.1. Ұсталық-рессорлық бөлімшесінің жабдықталуы

3.1- кесте - Технологиялық жабдықтар


Жабдықтар атауы
Түрі,
маркасы
Өлшемдері
Саны
1
2
3
4
5
1
40 тонналық гидравликалық пресс
2135-М
1520х840
1
2
Кардан бііктері мен рульдік басқаруды жөндеуге арналған стенд
3067
936х600
1
3
Берілістер қорабын жөндеуге арналған стенд
2365
500х780
1
4
Артқы көпір редукторларын жөндеуге арналған стенд
3022
740х482
1
5
Электрлік қайрақ
И-138А
860х550
1
6
Іліністі шешуге және реттеуге арналған стенд
2506
526х863
1
7
Радиалды бұрғылау станогы
НРС-15
360х360
1
8
Алдыңғы және артқы көпірлерді жөндеуге арналған стенд
2450
1020х780
1
9
Тежеу барабандарын және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ОРИОН ЖШС МЕКЕМЕСІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
Өндірісті ұйымдастыру мен басқару тәсілдері
ЖШС Вега автокөлік кәсіпорнының тасымалдау және өндірістік жұмысына талда
Қозғалтқыштарды сынау бөлімшесі
Қозғалтқыштарды сынау аймағының сипаттамасы
ОҚ Қазавтосервис ЖШС жылжымалы құрамының агрегаттарды жөндеу учаскесінің технологиясын жетілдіру
Тасымалдаудың жүк айналымы
Кәсіпорынның мөрі
Жөндеу қызмет көрсету жұмыстарының нарықтық сиымдылығы
Автобус паркінің структуралық құрылымы
Пәндер